Критерии оценки определения скорости воздушной струи в воздуховоде. 20 страница Қосымша 19. Методика изучения производственного микроклимата и его влияния на организм работающих. Под.ред. к.м.н. Жакеновой С.Р. Учебно-методическое пособие.–Караганда, 2005. –б. 1-56. 20. Галаева А.И. Производственные аэрозоли, их гигиеническая оценка и нормирование. Методы исследования и профилактика пылевой профпатологии. Учебное пособие. –Караганда, 2008. – б. 1-80. 21. Предупредительный и текущий санитарный надзор за вентиляцией. Сраубаев Е.Н., Жакенова С.Р., Шинтаева Н.У.– Караганда, 2010. – б. 1-66. 7. Бақылау (сұрақтар, тесттер) Сұрақтар 22. Өндіріс орындарындағы шағынклимат көрсеткіштерін анықтау: температура, ылғалдылық (абсолютті, максималды, салыстырмалы), қанығудың жеткіліксіздігі, ауа қозғалғыштығы (қозғалыс жылдамдығы), жылулық сәулелену. 23. Өндіріс мекемелеріндегі ауаның температурасын өлшеуге арналған құралдар, олардың құрлысы, жұмыс істеудегі ұстанымдары ( термометрлер: сынаптық, спирттік; психометрлер, термографтар, электрометрлер). 24. Өндіріс мекемелеріндегі ауаның қозғалысын (қозғалыс жылдамдығын) өлшеуге арналған құралдар, олардың құрлысы, жұмыс істеудегі ұстанымдары (анемометрлер, кататермометрлер). 25. Өндіріс мекемелеріндегі ауаның жылулық сәулеленудің үдемелігін өлшеуге арналған құралдар (актинометрлер) 26. Ауаның температурасын өлшеу әдістері. 27. Ауаның қозғалу жылдамдығын өлшеу әдістері. 28. Жылулық сәулеленудің интенсивтілігін өлшеу әдістері 29. Өнеркәсіп ғимаратарының инсоляциясы. 30. Аралас жарықтану. 31. Өндіріс мекемелеріндегі ауаның шаңдануын өлшеуге арналған құралдар (шаңіріктегіштер, шаңөлшеуіштер, шаңкөлемін өлшегішқұралдар, радиоизотопты құралдар). 32. Жұмыс алаңындағы ауаның шаңдануын бақылау әдістері және құрамы (тура, жанама). 33. Өндірістік мекемелеріндегі шаңның мөлшерін анықтауға арналған ауа сынамасын алу нүктелері. 34. Өндірістік мекемелеріндегі шаңның мөлшерін анықтауға арналған ауа сынамасын алу әдісі және ережелері. 35. Жұмыс істеу алыңындағы ауадан кәсіптік уларды химиялық анадлиздеу жолмен алудың негізгі кезеңдері. 36. Жұмыс істеу алаңындағы ауа құрамындағы химиялық заттарды анализдеу үшін ауадан сынама алу әдістері. 37. Кәсіптік улардың құрамында болуына байланысты анализге ауадан сынама алу әдістері. Тесттік бақылау сұрақтары 1. Ғимараттағы ауаның қозғалысын анықтайды: А) анемометр Б) психрометр В) гигрограф Г) кататермометр Д) гигрометр 2. Атмасфералық ауаның қозғалыс жылдамдығын анықтайды: А) кататермометр Б) актинометр В) гигрометр Г) радиометр Д) анемометр 3. Ауаның ылғалдылығын анықтайды: F. Анемометрмен G. Психрометрмен H. Гигрографпен I. Кататермометрмен J. Гигрометрмен 4. Ауаның қозғалу жылдамдығын қандай құралмен анықтайды: а) Барограф б) Гигрограф в) Флюгер г) Анемометр д) Спектрограф 7. Ауаның қозғалу жылдамдығын қандай құралмен анықтайды: а)Барометр б)Термометр в)Анемометр г) гигрометр д) кататермометр 8.Ауаның қозғалу жылдамдығын анықтайды: а) Ассман психрометр б)Анемометр в) Барометр г) Люксметр д) Кротов аппарат 9. Психрометрмен анықтайды: а) сүттің тығыздығын б) ауаның қозғалу жылдамдығын в) судың мөлдірлігін г) атмосфералық қысым д) ауа ылғалдылығы 10. Ауаның ылғалдылығын Август псрихрометрімен анықтау үшін білу керек (2 жауап): а) барометрлік қысым б) ауаның қозғалу жылдамдығ в) құрғақ және ылғалды ауа температурасын г) ауаның бактериалық ластану д) өсу нүктесін 11. Август психрометрмен анықтайды: а) ауаның қозғалу бағытын б) ауаның қозғалу жылдамдығын в) атмосфералық қысым г) ауа ылғалдылығы д) ауаның бактериалық ластану 12. Жабық бөлмелердегі ауаның қозғалу жылдамдығын анықтайды: а)барометр б)анемометр в) кататеромометр г) Кротов аппараты д) Август психрометрі 13. Актинометрмен анықтайды: а) ауаның қозғалу бағытын б) ауаның қозғалу жылдамдығын в) атмосфералық қысым г) ауа ылғалдылығы д) жылу сәлесін 14. Ауаның ылғалдылығын анықтайды: f) Анемометрмен g) Психрометрмен h) Гигрографпен i) Кататермометрмен j) Гигрометрмен 15. Ауаның қозғалу жылдамдығын анықтайды: f) Кататермометрмен g) Актинометрмен h) Гигрометрмен i) Радиометрмен j) Анемометрмен 16. Жылдың суық кезеңдерінде шағын климаттың параметрлерін өлшеу: f) Куннің бірінші мезгілінде g) Куннің екінші мезгілінде h) Куннің бірінші және екінші мезгілінде i) Тәулік бойы j) Тунгі уақытта 1. Тақырып №8. Қазақстанның қазіргі агроөнеркәсіп кешендерінде улы химикаттарды пайдалану. 2. Мақсаты.Ауылшаруашылығындағы өндірістік процесстер мен қондырғыларға гигиеналық баға беру іскерлігін және білімін қалыптастыру, ауылшаруашылығы жұмысшыларының еңбек жағдайын сауықтыру кешенді жоспарларын дайындау. 3. Оқыту міндеттері а) ауылшаруашылық еңбек жағдайы спецификасын бағалауда білімді қалыптастыру б) ауылшаруашылық өнеркәсібіндегі еңбек жағдайының ерекшелігін бағалау білімін қалыптастыру в) ауылшаруашылық жұмысшыларының кәсіби және жалпы аурушылдық көрсеткіштерін бағалау дағдысын қалыптастыру г) ауылшаруашылық өнеркәсібі спецификасына байланысты кешенді сауықтыру шаралар жоспарын құрастыру дағдысын қалыптастыру д) улы химикаттарды пайдалану ережелері. 4. Тақырыптың негізгі сұрақтары 1. ҚР экономикасы үшін өсімдік және мал шаруашылығының маңызы. 2. Ауылшаруашылық өнеркәсібінің классификациясы. 3. Мал шаруашылығының классификациясы. 4. Ауылшаруашылық өнеркәсібінің еркшеліктері. 5. Дала жағдайындағы еңбектің ерекшелікетері. 6. Механизаторлардың еңбек гигиенасы. 7. Механизаторлардың аурушылдығы. 8. Механизаторлардың еңбек жағдайын сауықтыру. 9. Дәнді дақылдарды өңдеу технологиясы. 10.Дәнді дақылдарды өңдеу кезіндегі еңбек жағдайы. 11.Қант қызылшасын өңдеу кезіндегі еңбек жағдайы. 12.Мақта шаруашылығындағы еңбек гигиенасы. 13.Жылы жай шаруашылығындағы еңбек гигиенасы. 14.Пестицидтерді қолдану кезіндегі еңбек гигиенасы. Пестицидтердің классификациясы, сақтау және тасымалдау, ерітінділерді дайындау, пестицидтерді қолдану әдістері, пестицидтермен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік шаралары. 15.Мал шаруашылығының технологиясы. 16.Мал шаруашылығы жұмысшыларының еңбек жағдайы. 17.Мал шаруашылығы жұмысшыларының аурушылдық ерекшеліктері. 18.Мал шаруашылығы жұмысшыларының еңбек жағдайын сауықтыру. 19.Агроөнеркәсіп кешендерінде улы химикаттармен жұмыс істеу. 5. Оқыту әдісі және сабақ беру Тәжірибелік сабақты талқылау және орындау. Ситуациялық және тесттік есептерді шығару. Комбинированный (кішкене топпен жұмыс, ауызша сұрау, іскерлік ойындар). 6. Әдебиеттер. Негізгі 1. Еңбек гигиенасы бойынша тәжірибелік сабақтардың жетекші құралы: Оқу құралы. – Тоғызбаева Қ.Қ. Алматы. – 2010. – 201-234 б. 2. Измеров Н.Ф., Кириллов В.Ф. Гигиена труда. Оқулық. Москва, 2008.- 574-577 б. 3. Гигиена. Кенесариев У.И., Тоғызбаева Қ.Қ. және т.б., Оқулық. Алматы. 2010 г.- 550-557 б. Қосымша 4. Руководство к лабораторным занятиям по гигиене труда под ред. Кириллова В.Ф.), М, Медицина, 2001.-233-253 б. 5. Өндіріс кәсіпорындарының реконструкциясы мен жаңадан құрылыс салыну кезіндегі санитарлық сақтық қадағалау. Оқу әдістемелік құрал /Тоғызбаева Қ.Қ.- Алматы, 2010.- 23-28 б. 6. Санитарные правила и нормы по гигиене труда в промышленности (МЗ РК, 1994). – 1995, в 3х частях. 7. Таткеев Т.А., Мусин Е.М. – Гигиенические проблемы в современном сельском хозяйстве. – В кн: Гигиена труда и профессиональные заболевания в современных условиях. Раздел 1. – Алматы – Караганда, 1998, 254-257 беттер. 8. Гигиена труда животноводов. – Алматы, 1984, 360-375 беттер. 7. Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер және б.) Сұрақтар 1. Өсімдік шаруашылық түрлерінің классификациясы. 2. Ауылшаруашылығының еңбек жағдайының ерекшеліктерін атаңыз. 3. Дала жағдайындағы шаруашылық классификациясы. 4. Дала жағдайындағы өндірістік процесстерді атаңыз. 5. Дала жағдайын механизациялау негізін не құрайды. 6. Механизаторлардың жұмыс орнының микроклимат ерекшеліктері. 7. Өздігінен жүретін шаруашылық машиналар кабинасында жылу көзі болып не табылады. 8. Механизатолардың жұмыс зонасы ауасында шаңның пайда болуына қандай факторлар әсер етеді. 9. Топырақ шаңының құрамын және дисперстілігін атаңыз. 10. Шаруашылық шаңының әсерін және шақыратын патологияның түрлерін атаңыз. 11. Өздігінен жүретін шаруашылық машиналар кабинасында жылу көзі болып не табылады (ӨЖШМ). 12. ӨЖШМ мен тракторлар жұмысы кезінде шу көзі болып не табылады. 13. ӨЖШМ мен тракторлар жұмысы кезінде вибрация көзі болып не табылады. 14. ӨЖШМ мен тракторлар вибрациясына қандай мамандықтың жұмысшылары душар болады. 15. Механизаторлар организміне жалпы вибрацияның әсер ету ерекшеліктері. 16. Механизатор организміне вибрацияның зиянды әсерінің алдын алу шаралары. 17. Дала жұмыстарын орындау кезінде зиянды химиялық заттар. 18. Механизаторлардың жалпы және кәсіби аурушылдығының нозологиялық формалары. 19. Механизаторлардың еңбек жағдайын сауықтырудың негізгі жлдарын атаңыз. 20. Дәнді дақылдарды өңдеудің негізгі технологиялық этаптары. 21. Дақылдар шаруашылығындағы жұмысшыларға әсер ететін кәсіби зияндылықтарды атаңыз. 22. Қызылша өсіруші механизаторлардың еңбек жағдайының ерекшеліктері. 23. Мақта өсірушілердің еңбек жағдайының ерекшеліктері. 24. Жылы жайлардың технологиялық классификациясы. 25. Жылы жайдағы санитарлық гигиеналық еңбек жағдайы. 26. Жылы жайдың микроклиматын сипаттаңыз. 27. Жылы жайдың ауа ортасының құрамын сипаттаңыз. 28. Жылы жай жұмысшыларының еңбек физиологиясын бағалаңыз. 29. Жылы жай жұмысшыларының аурушылдық ерекшеліктері. 30. Жылы жайдағы еңбек жағдайын сауықтырудың негізгі шаралары. Ситуациялық есептер Есеп 1.Мал шаруашылық комплексін тексеру кезінде ( 110 бас шошқа) анықталды: жұмыскер жемді алу және салуды қолмен істейді. Жүктің жалпы массасы, жұмыс сменасында әрбір әйелге 7800 кг жетеді. Комплекстің қысқы температурасы +6-8 С. Салыстырмалы ылғалдығы 80 %. Қозғалу жылдамдығы 0,7 м/с. Ауаның шаңдануы 50 мг/м. Кейбір жұмыскерлерде тендовагинит ауруы табылған. Өте жиі салқын тию, қол экземасы, кейбіреуі созылмалы шаңды бронхитпен ауырады. Тапсырма: а) комплекс жұмыскерлерінің еңбек жағдайын бағалаңыз; б) аурушылдыққа баға беріңіз; в) еңбек жағдайын сауықтыру шаралары; г) мал шаруашылық комплекстеріне қажетті СҚЗ атаңыз. Есеп 2.ТОО Урожай механизаторлар бригадасын рейдтік тексеру барысында анықталды: трактористер қолайсыз жағдайда рычагтарды басқарып қайта қою себебінен аяқ қол бұлшықеттері ауыр жүктемеде болып жұмыс істейді. Трактористер жұмыс сменасының 80%-де жалпы және локальды дірілдің әсеріне ұшырайды. Вибрацияның келесі параметрлері анықталды: Өлшеу орны | Виброжылдамдықтың орта геометриялық өлшемі октава жолақтарында ( см/с) | Орындық Кабина едені Рычаг Тормаз педалі | 4 8 16 32 63 125 250 2,5 1,2 2,2 2,1 2,0 1,0 1,0 1,0 0,5 - 2,5 3,0 2,6 1,8 1,0 1,0 | Кабинадағы жалпы шу деңгейі 105 дБА. Ауаның шаңдануы 40-55 мг\м. Мед. Тексеру кезінде кейбір жұмысшыларда бел сегізкөз радикулиті, қолдың вегетополиневриті, кохлеарлы неврит анықталған. Тапсырма: а) трактористердің еңбек жағдайын бағалаңыз; б) анықталған патологияны сипаттаңыз; в) сауықтыру шаралары г) шу діріл өлшегіш аппаратураның блок схемасын талдаңыз; д) мед. тесеруде қандай мамандар қатысуы керек. Есеп 3.Қостанай облысындағы ТОО Жаңа жол дәнді дақыл шаруашылығын реидтік тексеру кезінде: ер адамдар дәнді араластырып, оларды бункерлерге жіберіп кептіріп, қаптарға салып машиналарға тиейтіні анықталды. Тиеушінің жұмысы 70 кг-ды қаптарды дәнге толтырып, оларды 30 м қашықтыққа және 1,3 м биіктікке көтеріп тиейді. Хронометрлік мәліметтер бойынша негізгі жұмыс 70 %-ке тең. Жұмыс зонасындағы шаңның деңгейі 50 мг/м. Ауа температурасы 27С, салыстырмалы ылғалдылық 65 %, ауаның қозғалу жылдамдылығы 0,9 м\с. ТАПСЫРМА: А. Еңбек жағдайына гигиеналық баға беріңіз. Б. Сауықтыру шараларын ұсыныңыз. Есеп 4. Механизаторлардың еңбек жағдайын тексеру кезінде тракторлық әдіспен пестицидтермен өңдеуге шлангтық гидравликалық шашыранды ОН-10 қолданған. Тракторда кабина жоқ. Трактористің тыныс алу зонасында 0,06 мг/м париж көгі, 2,5 мг/м бордосс сұйықтығы анықталған. Жеке қорғаныс киімдері жоқ. Желдің қозғалу жылдамдығы 5 м/с. ТАПСЫРМА: А. Трактористердің еңбек жағдайын бағалаңыз. Б. Мед. тексеруге қандай мамандар қатысуы қажет. В. Сауықтыру шаралары. Есеп 5.Шошқа комбинатын комплексті тексеру кезінде анықталды: жем беру үшін жем таратқыш, ал қиды тазалау үшін скрепкалық транспортерларды қолданады. Диспетчерлік пультпен басқару бөлмесінде ауаның температурасы 19 С, ылғалдығы 85-90%, ауаның қозғалу жылдамдығы 0,05 м/с, аммиак мөлшері 35 мг/м, күкірт сутегі 1,3 мг/м, көмірқышқылы 40 мг/м. ТАПСЫРМА: A. еңбек жағдайына гигиеналық баға беріңіз. Б. сауықтыру шараларын ұсыныңыз. Есеп 6.Ауыл шаруашылық кәсіпорнының механикалық шеберханасын тексеру кезінде санитарлық дәрігерге екі тракторист шағымданды: көзінде ауру сезімі, өте қатты кесу немесе құмды сезіну. Объективті қарап тексергенде анықталды: конъюнктивит, блефароспазм, жарықтан қорқу. Жақын арада трактористердің доғалық электродәнекерлеу жұмыстарын жай күннен қорғайтын екеу ара 1 дана көзілдірікті пайдалана отырып жүргізгені анықталды. ТАПСЫРМА: A. Көздің ауру себебін және диагнозын анықтап қойыңыз. Б. Сауықтыру шараларын ұсыныңыз. Есеп 7. «Дон» комбайны комбайыншысының жұмыс орнындағы ауаның шаңдануын тексеру кезінде анықталды.Бұру дөңгелегінің маңында шаң концентрациясы 50-115мг/м³ , дәнді түсіруде 70-115мг/м³ . Шаң бөлшектерінің 90% мөлшері 5мкм-ге жеткен. 80% органикалық шаң оның 10% бос кремний тотығы. ТАПСЫРМА: А. Шаңның гигиеналық сипаттамасын беріңіз; Б. Сауықтыру шараларын ұсыныңыз. Есеп 8. ТОО «Урожай» жөндеу шеберханаларын тексеру кезінде анықталды. Іштен жану двигательдердің жұмысын тексеру жеке бөлмеде жүргізілді. Бөлме іші механикалық ішкі алмасу желдеткішімен қамтамасыздалған. Ауа алмасу жиілігі 4. Лабораториялық жолмен көмір тотығының мөлшері 25-35 мг/м³ екені анықталды. Двигатель жұмысын істеген кезде 110 дБА-ға дейін шу бөледі. Механиктер әлсіздікке, басының айнауына, апатия, тәбетінің нашарлауы, есту қабілетінің төмендеуіне шағымданады. ТАПСЫРМА: А. Шеберханадағы еңбек жағдайына баға беріңіз; Б. Жұмысшылардың шағымдары немен байланысты? В. Сауықтыру шараларын ұсыныңыз. Есеп 9. Қостанай облысының дәнді- дақыл алаңдары пестицидтермен авиациялық жолмен өңделеді. Ұшақтың ұшу биіктігі 10-15 ж/е оның ұшуы тұрғын мекендер мен мал шаруашылық комплекстер мен су көздерінен 100-200 м қашықтықта болған. Ұшақ кабинасының герметикалығы бұзылған. ТАПСЫРМА: А.алаңдарды пестицидтермен өңдеу техникасына баға беріңіз; Б. Сауықтыру шараларын ұсыныңыз; В. Мед. тексеруде қандай мамандар қатысады. Тестік бақылау сұрақтары 1.Ауыл шаруашылық еңбектің негізі болып табылады: А. негізгі жұмыстың маусымдылығы Б. жұмыстың ашық ауада орындалуы В. жұмыс операцияларының салыстырмалы жиі алмасуы Г. шудың әсері Д. дірілдің әсері 2.Ауыл шаруашылық еңбектің ерекшелігі болып табылады: А. жұмыс орнының тұрғын аймақтан алыс орналасуы ж/е әр жерде болуы Б. химизацияның кеңдігі В. биологиялық қауіптің жоғарылығы Г. үлкен статикалық жүктемелер Д. жарақаттану қауіптілігі 3. Өздігінен жүретін шаруашылық машинадағы механизатордың жұмыс орнында мына көрсеткіштер ескеріледі: А. антропометрлік Б. физиологиялық В. психофизиологиялы Г. гигиеналық Д. әлеуметтік- экономикалық 4. Тракторист машинаны айдауда жұмыс уақытының неше %-ін жұмсайды? А. 85-90% Б. 50-60% В. 70-80% Г. 40-50% Д.60-70% 5. Трактор кабинасындағы негізгі жылу көзі болып табылады: А. күн радиациясы Б. тракторист денесінен бөлінетін жылу В. жарық көзінен жылу бөлу Г. прицептен бөлінетін жылу Д. барлық жауап дұрыс 6. Ауыл шаруашылық шаңның пайда болуына ж/е жұмыс зонасында жиналуына көбінесе ықпал етеді: А. топырақтың түрі мен ылғалдылығы Б. жұмыс түрі В. метеожағдайлар Г. кабинаның болуы мен герметизация дәрежесі Д. барлық жауап дұрыс 7. Топырақ шаңының құрамына кіреді: А. Органикалық заттар Б. минералды заттар В. минералды тыңайтқыштар Г. пестицидтер Д. микрофлора, саңырауқұлақтар, гельминт жұмыртқалары Е. Барлық жауап дұрыс 8. Талшықты өсімдік шаңы ұзақ уақыт әсер еткенде пайда болатын ауру: А. Биссиноз Б. аллергоз В. тромбоз Г. электроофтальмия Д. нейтрофиллез 9. Механизаторлар жұмысында негізгі кәсіби зияндылықтарға жатады: А. Шаң Б. қызатын микроклимат В. аралас шаң Г. шу, діріл Д. зиянды химиялық заттар Е. Барлық жауап дұрыс 10. Периодты түрде кейбір шаруашылық жұмыстарын өте шаңданған зонада орындау кезінде жұмысшыларда шақырылатын ауру: А. Риниттер, фарингит, трахеит, жедел бронхит Б. коньюктивиттер, блефарит, қасаң қабақтың ойық жарасы В. дерматиттер, эпидерматиттер Г. тендовагиниттер Д. остеопороз 11. ӨЖШМ мен трактордағы шу көзі болып табылады: А. Двигатель жұмысы Б. трансмиссия жұмысы В. қоршау дірілі Г. желдің лебі Д. барлық жауап дұрыс 12. ӨЖШМ мен трактордағы шумен күресу жолдары: А.шу өшіргіштер Б. дыбыс изоляция В. реверберация Д. интерференция 13. ӨЖШМ мен трактордағы діріл көзі болып табылады: А. Двигатель жұмысы Б. жүретін бөлімі В. тегіс емес беткеймен қозғалыс Г. газдың бөлінуі Д. барлық жауап дұрыс 14. Механизаторлар организміне діріл әсер етеді: А. жалпы Б. локальді В.комбинирленген Г.синтезделген Д. барлық жауап дұрыс 15. Шаруашылық машиналарына тән діріл: А.толқын тәрізді, төмен жиілікті Б. локальді, жоғары жиілікті В. жалпы, жоғары жиілікті Г. барлық жауап дұрыс 16. Механизатор қандай зиянды химиялық заттармен қатынаста болады? А. қалдық газдар Б. жанғыш-майлағыш материалдар В. пестицидтер, минералды тыңайтқыштар Г. майлағыш-суытатын сұйықтықтар (СОЖ) Д. барлық жауап дұрыс 17. Механизаторлар арасында кәсіби аурулар анықталады: А. шаңды бронхит Б. бел- сегізкөз радикулиті В. полирадикулоневропатия Г. кохлеарлы неврит Д. стоматит 18. Дақылдардың негізгі технологиялық өңделуі болып табылады: А. топырақты өңдеу Б. тыңайтқыштарды өңдеу В. астыққа қарау, оны жинау Г. дәнді және сабанды жинау Д. шаруашылық техниканы жөндеу 19. Дақылдарды себу кезінде қолайсыз жағдайда болады: А. тракторист Б.дақыл себуші В. жалғастырушы Г. заправкашы Д. агроном 20. Дақылдарды өңдеу кезінде негізгі кәсіби зияндылықтарды атаңыз: А. контрасттық метеорологиялық жағдайлар Б. пестицидтер мен минералды тыңайтқыштар В. дәнді шаң Г. саңырауқұлақты және бактериалды флора Д.барлық жауап дұрыс 21. Қызылша өсірушілердің қолайсыз кәсіби зияндылықтарын атаңыз: А. дененің қолайсыз жағдайы Б.ықпалды инсоляция В. ауаның шаңдануы Г. пестицидтер мен минералды тыңайтқыштар Д. барлық жауап дұрыс 22. Мақта өсірушілердің негізгі кәсіби зияндылықтарын атаңыз: А. контрасттық микроклиматтық жағдай Б. пестицидтер мен минералды тыңайтқыштар В. дененің қолайсыз жағдайы Г. микрожарақаттану Д. шаң түзілу Е. Барлық жауап дұрыс 23. Қорғалған грунт қондырғыларына жатады: А. парниктер Б. жылытылған грунт қондырғылары В. жылы жайлар Г. ангар Д. шатерлар 24. Тағайындалуы бойынша жылы жайлар бөлінеді: А. көкеністі Б. көшетті В. гүлді Г. оқшауланған Д. барлық жауап дұрыс |