Іскерлік ойындарды проектілеу 14 страница Қорытындыны өңдеу:Бланкіні толтырғаннан кейін барлық балл қосылып есептелінеді. Ең төменгі балл-30, ал, максимальді-90 балл. Жиналған мәлімет хаттамаға енгізіледі. Тәжірибе 2 Мақсат: Астеникалық жағдайдың мәнерлік деңгейін өлшеу. Тәжірибе құралдары:Астеникалық жағайдың шкаласы. (Л.Д.Малкова шығарған және Т.Г.Чертова бейімдеген). Шкала 30 пункт- бекітілімнен тұрады. Жұмыс тәртібі: Тәжірибе 1 шартымен өткізіледі. Зерттелушіге нұсқау: «Әрбір сөйлемді оқып және 4 графаның біреуіне қазіргі кезде сіздің көңіл күйіңізге байланысты «+» белгісін қойыңыз». Қорытындыны өңдеу:Тестті бланкіні толтырып болған соң жинаған балдар қосылады. Барлық шкала диапазоны 30 балдан 120 балға дейін. Сабақ хаттамасы Аты-жөні.................................................................................. Өзекті жағдай сипаттамасы ( экзаменге дейін, экзаменнен кейін, жауапкершілікті және қиын тапсырманы орындау алды және т.б.)............................................................................. Психикалық жағдай бағасы Көрсеткіш | Баға, балл | Әртүрлілік жағдайының көріну деңгейі | Жүйке- психикалық қысым Астеникалық жағдай Көңіл-күй | | | Қорытынды және ұсыныс........................................................... 1-ші диапазон -30-ден 50 балға дейін- «Астенияның жоқтығы көрінбеуі»,2-ші диапазон-51-ден 75 балға дейін- «әлсіз астения» 3-ші диапазон-76-дан 100 балға дейін- «Қалыпты астения», 4-ші диапазон- 101-ден 120 балға дейін «Жоғары астения». Тәжірибе 3 Мақсат: Субдепрессияның нақтылы деңгейін өлшеу. Тәжірибе құралдары: Субдепрессия шкаласы ( В.Зунг және Т.Н.Балашова) 20бекітілімнен тұрады. Жұмыс тәртібі: тәжірибе 1 және 2 шарттарына негізделген. Зерттелушіге нұсқау: «Қазіргі жағдайыңызды ескере отырып, әрбір сөйлемді оқып шығып «+» белгісін қойыңыз». Қорытындыны өңдеу: Зерттелуші жинаған балдарды қосып есептелінеді. Сауалнама 10 «тікелей»(1,3,4,7,8,9,10,13,15,19) және «кері» сұрақтарға (2,5,6,11,12,14,16,17,18,20) ие. Әрбір жауап 1-ден 4балға дейін бағаланады. Кейін зерттелуші жинаған балдар қосылып, мына формула бойынша есептелінеді О1=О/80·100 Барлық шкала баға диапазоны 4 зонаға бөлінеді. 50 балдан төмен- төменгі көңіл-күйдің көрінбеуі. 51-59 балл- мағынасыз, бірақ нақты көңіл-күйдің төменлдеуі көрінеді. 60-69 балл-көңіл-күйдің төмендеуі. 70-тен жоғары- субдепрессия және депрессия. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1.« Сөзді алып таста» әдістемесі арқылы ойлаудың бұзылуын анықтау әдістемесі қалай жүргізіледі? 2. Көңіл күйдің түсіңкілігін, астеникалық, жүйкелік –психикалық жағдайды бағалау қалай жүзеге асады? 3.Өзіне деген қатынасын анықтау қалай жүреді? №28 Дәріс. Тақырып: Әлеуметтік –психологиялық экспертиза. Қарастырылатын сұрақтар: 1.Топтың әлеуметтік –психологиялық ахуалын анықтау. 2. Іскерлік ойындарды проектілеу. 3. Заңдық – психологиялық экспертиза. Мақсаты: Топтың әлеуметтік –психологиялық ахуалын анықтау, іскерлік ойындарды проектілеу, заңдық – психологиялық экспертиза жөнінде ақпарат беру. Дәрістің мазмұны 1.Топтың психологиялық әлеуметтік ахуалын анықтау. Әлеуметтік-психологиялық ахуал – топтың жеке обьектілерінен көрініс табатын қасиеттерімен байланысты, топтың тұтас психологиялық сипаты. Белгілі обьектілердің қатарына «Тігінен» және «Көлденең» өзара қарым-қатынас, әрекеттің мазмұны, әрекеттің кейбір элементтері жатады. Бұл обьектілердің топ мүшелерінен көрініс табуы, психологиялық ахуалдың эмпирикалық көрсеткіштерін ретінде жүреді. Психологиялық ахуалды опитмизациялау топ әрекетінің тиімділігін көтеруде маңызды болып табылады. Оптимизация бойынша шараларды өңдеу үшін оның дамуы мен қасиеттерінің деңгейін диагностикалау қажет. Сонымен қатар, психологиялық ахуалды дамыту мен түзеу үшін қажетті факторларды табу керек. Жалпы алғанда психологиялық ахуалды қалыптастыру үшін келесідей негізгі факторларды бөліп көрсеткен жөн: 1) осы топтың негізгі бөлігі болып табылатын өндірістік қатынасты сипаттау; 2) еңбек әрекетінің мазмұны, ұйымдастырылуы мен жағдайы; 3) басқару мүшелерінің жұмыстарын бағалау ерекшеліктері; 4) жетекшілік ету мінез-құлқы; 5) топтың ресми және ресми емес құрылымының сәйкес келу деңгейі; 6) топ мүшелерінің әлеуметтік-демографиялық және психологиялық ерекшеліктері; 7) топтың саны және т.б. Сабақтың мақсаты. топтың әлеуемттік-психологиялдық ахуалын диагностикалап, үйрету. Бұл әдістеме топтың психологиялық ахуалының даму деңгейін анықтауға, психологиялық ахуалға жалпы баға мен оның дамуына қатысты факторларды анықтауға мүмкіндік береді. Құрал-жабдықтар: Топтың әлеуемттік-психологиялық ахуалын зерттеу үшін қажетті сауалнама. Сауалнама еңбек ұжымындағы психологиялық ахуалды зерттеу үшін өңделген. Бірқатар сұрақтарды өзгерткеннен кейін, оны оқу, спорт және басқа да топтарда қолдануға болады. Жұмыс тәртібі: Сауалнама әлеуемттік-психологиялдық ахуалын диагностикалауға қажетті топ қатысушылары толтыру үшін ұсынылады. Әрбір топ мүшелері сауалнаманы жеке толтырады. Алынған қорытындыны өңдеу және сараптамалау келесідей жүргізіледі. 17-23 сұрақтарға жауап беру ретінде зерттелуші топқа қысқа әлеуемттік-демографиялық сипаттама береді. Мұнда: топтың саны, жынысы, жас құрамы және топ мүшелерінің саны (пайызбен), бітірілмеген орташа, орташа арнайы, бітірілмеген жоғары және жоғары білімі көрсетіледі. Сонымен қатар, топ мүшелерінің профессионалды құрамы, жұмыс тәжірибелеріне байланысты орналасуы, олардың орташа айлық еңбекуақылары мен жанұялық жағдайы анықталады. 6-13 сұрақтары ұжымның өзара жеке тұлғалық қарым-қатынасы мен ұжымдағы эмоционалды, когнитивті және мінез-құлық компоненттеріне бағытталған. Әрбір компонент 3 сұрақпен тестіленеді: эмоционалды:6-8,12, когнитивті: 9А, 9Б, 11; мінез-құлық: 7,10,13. Бұл сұрақтардың әрбір жауабы 1,0 немесе -1 тәрізді бағаланады. Топтан алынған ақпарат хаттамада бекітіледі. Жеке компоненнттерді біртұтас сипаттау үшін әрбір қатысушының жауабы келесідей қорытындыланады: жағымды баға мынадай сәйкестілік кезінде алынады: 1+1,1+0,++-; жағымсыз баға - - - , - - +, --0; 000, 00-, 00+ болса, қарама-қайшы баға. әрі қарай әрбір компонент үшін топтың орташа бағасы саналады. Мыс; эмоционалды компонент үшін мұнда Σ+, «эмоционалды компонент» қатарындағы жағымды жауап саны; Σ- - осы қатардағы жағымсыз жауап саны, п – сауалнамаға барлық қатысушылар саны. Алынған орташа бағалар -1ден +1-ге дейінгі интервалда орналасады. Бұл континиум 3 бөлікке бөлінеді: 1-ден -0,33-ке дейін – жағымсыз бағалар, -0,33-тен +0,33-ке дейін қарама-қайшылық баға, +0,33-тен +1-ге дейін жағымды баға. 3 компонент бағаларының сәйкес келуі – эмоционалды, когнитивті және мінез-құлықтық – психологиялық ахуалды жағымды, жағымсыз, қарама-қайшылық деп сипаттауға мүмкіндік береді. 1,14,15 және 16 сұрақтар бойынша алынған ақпараттарды өңдеуде, топтық бағаның индексі саналады. Бұл жерде, әрбір сұрақтардың жауабы 3 нұсқаудың біреуімен бағаланады: +1, 0 немесе -1. Топтық бағаның индексі баға санына байланысты есепеледі. Нәтижесінде топтың баға индексін келесідей аламыз: тұтастай алғандағы жұмыс, құралдар жағдайы, жұмыспен қамтамасыз ету теңдігі, еңбек ақының көлемі, санитарлық-гигиеналық жағдай, басқарушымен қарым-қатынасы, квалификацияны көтеру мүмкіндігі және әртүрлі жұмыстар, жұмыстың ұйымдастырылу деңгейі, ұжымдағы іске басшының әсер ету деңгейі. Бұл бағаларды сараптау топтағы психологиялық ахуалды сапалы түрде сипаттауға және түзетуді талап ететін жерлерді анықтауға мүмкіндік туғызады. 1,2 және 5 сұрақтарына жауаптарды сараптау, топтың жағымды, жағымсыз, қарама-қайшылық жағын анықтауға көмек болады. 4 сұраққа жауап топтың ресми және ресми емес құрылымын сараптауға , яғни басшылық жәе көшбасшылықты анықтауға жағдай жасайды. 3 сұраққа жауап басшының іскерлік және жеке тұлғалық сапаларына қысқаша сипаттама беруге мүмкіндік жасайды. Топтық әлеуемттік-психологиялық ахуалдың диагностикалық сауалнамасы Құрметті замандас! Сіз қызмет ететін жұмыстағы ұжым мен сіздің жұмысыңызға байланысты бірқатар сұрақтарға жауап беріңіз. Әрбір сұраққа жауап бермес бұрын, жауаптың нұсқауларына көңіл қойып, оқып, сол жауаптың тұсына х белгісін қойыңыз. Сауалнаманы өз бетіңізше толтырыңыз: 1. Сізге өзіңіздің жұмысыңыз ұнайды ма? өте ұнайды | Жай ұнайды | Жұмыс таңдамаймын | ұнамайды | өте ұнамайды | | | | | | 2. Басқа жұмысқа ауысқыңыз келеді ме? 3. Төменде көрсетілген сапаларды өзіңіздің басшыңыздан көріну деңгейін 5 баллдық шкаламен бағалауыңыз сұралады. № | Сапа | Баға | Сапа | Баға | | Еңбекқорлық Қоғамдық белсенділік Мамандандырылған білім Адамдарға қамқорлық Талапкерлік | | Батылдық Қарым-қатынасшыл Адамдарды тану қабілеті Әділдік Кеңпейілділік | | 4. Сіздің ұжымдағы жұмыстастардың ішінде кім сыйлы. Бір немесе 2 фамилияны атаңыз: _________________________________ _________________________________ 5.Айталық, сіз белгілі бір себептермен уақытша жұмыс істемейсіз: бұрынғы жұмыс орнына орналасар ма едіңіз? 6.Төмендегілердің қайсысымен келісер едіңіз? Біздің ұжым мүшелерінің көбі – жақсы, сымбатты адамдар | Біздің ұжымда әртүрлі адамдар бар | Біздіңғ ұжым мүшелерінің көбі – жағымсыз адамдар | 7. Еегер де сіздің ұжым мүшелері бір-біріне жақын өмір сүрсе, жақсы болар еді дегенге келісесіз бе? Жоқ, әрине | Иәдан гөрі жоқ | Білмеймін Ойланып көрген емеспін | Жоқтан гөрі Иә | Иә | | | | | | 8. Төмендеггі шкалаға көңіл аударыңыз. 1 саны сізге өте ұнайтын ұжымды сипаттайды, ал 9 – сіз тіптен ұнамайтын ұжым. Сіз өзіңіздің ұжымыңызды қай торкөзге қояр едіңіз: 9.Сіз ұжым мүшелеріне іскер және жеке тұлғалық сапаларына қаншалық сипаттама бере аласыз? Сапа | Иә | Әрине иә | Білмеймін ойланып көрмеппін | жоқ | Әрине жоқ | А.Ұжым мүшелерінің іскерлік сапалары Б.Ұжым мүшелерінің жеке тұлғалық сапалары | | | | | | 10. Егер сізге демалысыңызды ұжымның бір мүшесімен өткізу мүмкідігі пайда болса, сіз бұған қалай қарар едіңіз? Келісемін | Білмеймін ойланып көрмеппін | Келіспеймін | | | | 11. Сіз ұжым мүшелерінің көбімен тек іскерлік сұрақтармен ғана қарым-қатынасқа түсетініне сенімдісіз бе? Жоқ | Айта алмаймын ойланбаппын | Иә | | | | 12.Сіздің ұжымда күнделікті қандай ахуал тұрады? Төмендегі шкалада 1 саны – сау емес, достық емес ахуалға сай, ал 9 – керісінше өзара түсінісушілік, сыйластық ахуалға сай қойылады. Өз ұжымыңызды қай торға орналастырар едіңіз? 13. Егер де сіз зейнатқыға шығып немесе көп жыл жұмыс сітей алмасаңыз өз ұжым мүшелерімен кездесуге талпынар ма едіңіз? Жоқ, әрине | Иәдан гөрі жоқ | Білмеймін Ойланып көрген емеспін | Жоқтан гөрі Иә | Иә | | | | | | 14. Сіз қай деңгейде өз жұмысыңызбен қанағаттанасыз? Жағдай | Толығымен қанағаттанамын | Қанағаттанамын | Айту қиын | | | Құрал жағдай | | | | | | Жұмыспен қамтамасыз ету | | | | | | Еңбекақы көлемі | | | | | | Санитарлық-гигиеналық жағдайы | | | | | | Басшымен қарым-қатынас | | | | | | Квалификацияны көтеру мүмкіндігі | | | | | | Жұмыстың түрлілігі | | | | | | 15. Сіздің жұмысыңыз қаншалықты ұйымдастырылған? Менің ойымша, біздің жұмыс өте жақсы ұйымдасқан | Жалпы жаман емес, бірақ жақсартуға мүмкіндік бар | Айту қиын | Жұмыс қалыпты ұйымдастырылмаған, уақыттың көбі босқа кеткен | Менімше, жұмыс өте нашар ұйымдастырылған | 16. Сіздің басшы ұжымдағы іске көңіл аударады ма? Әрине, иә | Иә | Айту қиын | Жоқ | Әрине, жоқ | | | | | | 17. Сіздің жыңысыңыз? 18. Жас ___________ 19. Білім ___________________ 20. Ұжымда жұмыс істей тәжірибеңіз ____________ жыл 21.Сіздің мамандығыңыз ________________________________ 22. Сіздің орташа айлық еңбекақыңыз_________________ тенге 23.Сіздің жанұялық жағдайыңыз __________________________ Зерттеуге қатысқаныңызға рахмет! Іскерлік ойындарды проектілеу Іскерлік ойындар - өндірістік, оқу және зерттеу міндеттерін шешуде ең кең таралған әдістердің бірі. өндірістік іскерлік ойындар ұйымдастыратын, басқару және технологиялық үрдістерді өндеу үшін, сонымен қатар жаңа ұйымдасқан және басқару жүйелерін енгізу үшін қолданады. Зерттеу мақсатында іскерлік ойындар техникалық және ұйымдастыратын баға ретінде қарастырылады. Зерттеу іскерлік ойындардың ғылыми нәтижесі келесідей жолдармен алынады: а)экспериментті өту барысында, яғни іскерлік ойындарды құрастыруды бақылау; б) эксперттің қатысуымен жаңа ойындарды құрастыру үрдісінде, мәселелердің шешу жолдарын анықтау, мұндайда каркасты ойындарды қолданылады (каркасты ойын – бұл абстракты жүйе, мұнда әртүрлі зат мазмұнынмен толтыруға болады); в) іскер ойындарды күрделі жүйені модельдеу мақсатында зерттеушілер мен эксперттің қарым-қатынасын ұйымдастыру тәсілі ретінде қолдану. Қолданбалы психологиялық зерттеулерде іскер ойындар психика, кәсіптік іріктеу, кадрларды психологиялық аттестациялау, «адам-машина» жүйесін проектілеу, мамандандырылған дайындық жанұялық қарым-қатынасты түзеу және т.б. міндеттерді шешу тәсілі ретінде қолданылады. Тәжірибеде іскер ойындар, ең алдымен зерттеуші немесе өндірістік емес, сонымен қатар оқу мақсатында да қолданылады. Іскерлік ойын оқытудың белсенді әдісі ретінде синетикалық сипатқа ие болып өзіне процедураның бірнеше таңдауларын енгізеді. Іскерлік ойында: мәселелі принцип, диалогты қарым-қатынас принципі және партнердің өзара әрекеті бар. Бірақ іскер ойындарға қарағанда, арнайы ситуацияны сраптауда, мәселе бойынша барлық ақпараттар қорытынды шешім қабылданғанға дейін жиналуы тиіс. Іскерлік ойынның басты принципі іскер ойын құралатын «мамандандырылған әрекеттің құрылымы мен обьект – ретіндегі модельдеу болып табылады, яғни ойынның заттық және әлеуметтік контексті ұсынылып, ол оқу контекстісі деген атауға ие болады». Іскерлік ойынды өңдеудің күрделі сәт мамандандырылған әрекет шеңберінде шектелген, заттық аумақтың сандық және сапалық моделінің құрылуы болып табылады. Іскерлік ойында имитационды модельдеуге қарағанда, бұл ойынды модельдеу формасында – ойын модельдері мен элементтердің енуі: мақсат, роль, әрекет, ереже (шектеулі), ойын обьектілері нің арасындағы байланыс, ойын элементтер арасындағы байланыс және т.б. түрінде жасалады. Рольдік ойындармен салыстырғанда, ойынды модельдеуге рольдердің біртұстас жүйесі жүзеге асады. Сабақ мақсаты: Іскерлік ойындар әдістемесімен танысу. Сабақ «Іскерлік ойындарды өңдеушілер үшін іскерлік ойындар» формасында жүргізіледі. Әдістеменің негізіне Р.Дьюктің ұсынуымен ойындарды суреттеу тәсілі тән. Қамтамасыз ету. Тапсырманы өткізу үшін қажет: а)прототип ретінде, спорт, басқару аумағында («Астра», «Робинзон» және т.б. ойындары) психодиагностика үшін жұмысшылар, операторларды дайындауда қолданылатын іскер ойындарды таңдау. жұмыс тәртібі. Жұмыс 7-ден 15 адамға дейінгі саны бар топтарда орындалады. Топтар топшаларға бөлінеді. Әрбір топшалар өз ойындарын проектілеп, өз мүшелерінен қатысушылар ретінде жүзеге асырады. Сөйтіп, әрбір топша проект өңдеп, зерттеу жүргізеді. жұмыс 3 кезеңнен өтеді. Бірінші кезеңде қатысушылар ойынның сұлбасымен танысып, ақпарат алғаннан кейіңн олардың біреуін өңделуін ойын прототипі ретінде таңдалады. Екінші кезеңде олар ойын сипатымен танысады, мақсаты мен оның мінедтін анықтайды. Содан кейін том, схемада көрсетілген ойынды проектілеп (ойын техникасын таңдайды). Екінші кезең нәтижені жобалау мен аяқталады. Үшінші кезең – ойынды жүргізу. Қорытынды бойынша бағаның адекваттығы тексеріледі. |