МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

Іскерлік ойындарды проектілеу 13 страница





Сабақтың мақсаты. Жазба тілін бағалау әдісін меңгеру. Ұсынылатын әдіс жылдамдықтың өлшенуімен және жазудың сапасы мен мәтіннің көшірілуі тиімділігінің коплексті критерийіне сүйенеді.

Жабдықталуы.«Адам еркі» деген шартты атаумен көшіруге арналған мәтін, 87 сөзден және бақылау парағынан тұрады, секундомер, қалам.

Стимулды материал ретінде берілетін мәтін тақырыпшасы және көлемі бойынша зерттелушілердің контингентке тәуелді түрлендіруге болады. Бірақ ол 2 минуттан 7 минутқа дейін тапсырманы орындауды қажет ететін 50 сөзден кем болмауы керек. Мәтін фрагменттерден құралуы мүмкін. Онда таныс сөздерден де және жиі кездесетін сөздерден де құрылуы тиіс, мысалы, жеке атаулар, терминдер. Мәтін машинаға басылған және кодоскоп, графопроектор түрінде ұсынылуы мүмкін. Соңғы нұсқада, топтық зерттеуде өте тиімді, алдын ала кадограмма немесе слайд дайындалады.

Жұмыстың тәртібі. Оқушылар тобында мақсатқа сәйкес нәтижелердің жекелей тіркелу шарттары кезінде зерттеу өткізіледі. Бөлменің іші қабылданған нормаларға сәйкес жарық болуы керек. Зерттелушілер жазу жұмысына ыңғайланып партаға отырады.

 

Сабақтың протоколы

Жазба тілінің бағасы

Нөмірі Тегі, аты-жөні Жасы Уақыты мин Сөздің жылдамдығы V, мин Сапаның коэфициенті К Тиімділігі Т
  ... n            

 

 

Зерттеу екі кезеңнен өтеді. Біріншісінде, дайындық кезеңінде экспериментатор жазу біліктігі туралы жазба тілінің дағдарыстары және жазу мәдениеті туралы қысқаша әңгіме өткізеді. Еркін талқылау кезінде, жазудың темптік сипаты зерттелушілерге мәлім бе ?, түсінікті жазулармен иемдену әдістері, жазулардың кейбір индивидуалды ерекшеліктері және т.б. Дайындық кезеңнің мақсаты болып әдеттің анализіне, байқауға, жазбаша тілдік мазмұндама ерекшелегіне қызығушылықтың қалыптасуы болып табылады. Тәжірибеге дайындықтың тиімді әдісі «Мен қалай жазам» деген тақырыпқа шығарма жазу керек. Оған екі минут уақыт беріледі. Шығарманың материалы жазудың сапасы мен жылдамдығының объективті өлшеулері мен салыстыру үшін қолданылады. Екінші деңгейде экспериментатор жазушы адамның тиімділігін және көшіру кезіндегі нақтылығы анықталатын жазудың уақытылық көрсетіліінің маңыздылығын түсіндіреді. Содан соң тапсырманы орындауға келесі нұсқау беріледі: «Сізге шағын мәтін беріледі, оны таза бетке көшіру қажет. Қате жібермеуге тырысып, өзіңізге үйреншікті темппен жазыңыз.Тапсырманы команда беру арқылы орындайсыз.

Тапсырманы аяқтаған соң бірден бақылау бетіне минуттың және секундттың көрсеткен уақытын белгілеп алыңыз. Жұмыстың қортындысы көшірудің жылдамдық және нақтылығымен көрінеді. Жазғанды үйде тексеруге және жіберілген қателер болса түзеуге болмайды.»



Жұмыстың басталуына экспериментатор команда береді және секундомерді қосады. Әрі қарай зерттелушінің тапсырманы өз бетімен орындауын қамтамасыз ету керек. Сонымен қатар зерттелуші туралы мәліметтер және оның жұмысты орындау уақытының бақылау парағында жазылуын қамтамасыз ету керек. Сын экспериментатормен нәтижелерді өңдеу кезінде ең алдымен көшіру кезінде жіберілген қателердің түрлерін анықтау үшін бақылау беттері тексеріледі. Жіберілген қателер түрін және нақты еместерді шығару үшін жазылған мәтінді мұқият тексеру керек. Мәтінде табылған қателердің асты сызылып, жиектерге арнайы белгілермен белгіленеді:

 

11.6.1.таблица

Жазу сапасының бағасы

Қателер түрі Белгіленуі Қатенің мөлшерлік көрсеткіші
        -   ?   V   =   x 0,05   0,10   0,15   0,20   0,50

 

1. Ұсақ қателер (жаңылыс): орын ауыстыру, ауысым, жеке әріптердің қойылуы және жіберілуі-сирек сызықпен. - -.

2. Пунктуациялы қателер-сұрақ белгісі. ?

3. Орфографиялық қателер-галочка. v

4. Дөрекі қателіктер: фразалардың сөздердің және сөздің бөлшектерін жіберілуі, сөздерді қою-екі сызықпен. =

5. Байланысқан мәтіннің ойын бұрмалайтын қателер,-крестик х.

Тексеру қателердің суммасын шығару: бақылау парағында қатенің әр түрінің санын көрсету. Қатенің нақты түрінің жоқ болуы сызықпен белгіленеді. Тексерудің қорытындыларын сабақтың протоколына енгізеді. (форма 48).

Қорытындылардың әрі қарай өңделуі есептеуді қосады:

1жазудың жылдамдығы формула бойынша v=o\t, мұнда о-сөздердегі тесттік мәтіннің көлемі, t-минутта көшіру уақыты;

2жазудың сапасының коэффициенті мынадай арнайы таблица (табл. 11.6.1.) негізінде анықталатын: еш бір қатесіз дәл көшіру немесе жаңылысты мөлшерлеу мағынасына теңеседі 1,0; қате болған жағдайда нақтылық коэффициенті (К) салмағының мәні анықталған үлесіне төмендейді.

3жазудың тиімділігі (Т) көбейту жолы арқылы сапаның коэффициентінің жылдамдығын көрсетеді.

Топтағы зерттеулер қорытындылары орташа түрде көрсетіледі-жазудың жылдамдығы, сапаның коэффициенті және тиімділігі.

Қорытындыларды талдай отырып, жазу біліктілігі бойынша нормативті мәліметтер жоқ екенін естен шығармау қажет. Сондықтанда әрбір жеке қорытындыны басқалармен салыстыра отырып қорытындылауға болады: мысалы, бір оқушының қортындысын барлық топтың немесе кластың қорытындыларымен салыстыру жолымен, әр түрлі кластардың орташа қорытындыларын.

Зерттеу қорытындыларын талқылау кезінде оқушы үшін жоғары тәрбиелік эффект олардың көрсеткіштерінің бағалануы болып табылады. Осы мақсатпен жазудың тиімділігін бағалайтын шкалалар өңделді.

Тапсырманы орындау қорытындысы бойынша жазбаша қорытынды ұсынылуы керек, онда жылдамдықтың, тиімдліктің және жазу сапасының көрсеткіштері көрсетілуі тиіс және жазудың білік-дағдыларын жетілдіру бойынша ұсыныстар беріледі.

Көшіруге арналған мәтін

«Біздің жеке тұлғамыз-бұл бақша, біздің еркіміз оның бағбаны»(В.Шекспир).

«Бәрінен күштісі-өзін-өзі билей алатын адам»(Сенека).

«Ұлы жеңіс бұл өзіңді өзің жеңе білу»(П.Каолдерон).

«Біздің бұлшықеттеріміз сияқты күшейтпелі іс-әрекеттерден әр дайым қатаяды; оларға жаттығу бермей, сіз міндетті түрде әлсіз бұлшықеттерді иемденесіз,және әлсіз ерікті де»(К.Д.Ушинский).

«Өз денесін жаттықтырып, адам дені сау, шыдамды,енті бола бастайды; сонымен қатар өзіңнің ақылыңды және еркіңді жаттықтыру керек»(М.Горький).

 

Қосымша 11.6.2.

Бақылау парағы

Мәтінді көшіру қорытындысы

Тегі, аты-жөні..........................................................................................................

Уақыты.......................................................................Жасы....................................

Тапсырманы орындау уақыты.................................Минут...................................с

Мәтін Экспенриментардың нұсқауы
    Қателер 1............... 2................ 3................ 4................ 5................ К=..............

 

3.Тұлғаның кәсіби бағыттылығын анықтау

Кірістірілген ескертпелер. Бағыттылық психологиялық ыңғайды анықтайтын, тұлғаның сапасын құрайтын жүйесі ретінде қалыптасады. Осы бағыттылықта тұлға әрекет ететін оның мотивтері және шынайылылықтың әр жақтарына субъективті қатынасы мақсаты білдіреді.

Осыған байланысты С.Л.Рубенштейн жазды: «Бағыттылық мәселесі-бұл ең алдымен динамикалық тендеция туралы сұрақ болып табылады. Олар мотивтер сапасында қызыметті анықтайды, өздері өз кезегінде, олардың мақсаттарымен, тапсырмаларымен анықталады.». Мотивтің дамуымен және қызметті меңгеру арасында күрделі өзара қатынас бар. Мотивтің қалыптасуы әрекеттің қалыптасуының алдына шығады, ал кейде керісінше, қалып қояды, онда ол әрекетті меңгеруге әсер етеді. Адамның өмірінің әрбір кезеңі мотивациялық сфераның өзгеруіне әкеледі.

Кәсіби әрекеттің таңдалуының адекватты және қалыптасқан мотивациясы кәсіби оқудың сәттілігіне және әрекеттің тиімділігіне барынша әсер етеді. Оқушылармен кәсіпті таңдаудағы мотивтерді зерттеуде оларға қоршаған ортаның пікірлері, кеңестері маңызды роль атқаратындығы көрсетеді:балалардың 25% досының әсер етуі бойынша мамандық таңдайды, 17% -ата-ананың кеңесі бойынша, 9% -бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және 9% -маңыздылығы төмен факторлармен таңдайды (мысалы, үйіне жақын болуы бойынша т.б.)

Тек қана жасөспірімдердің 40% қызметтің мазмұнына бағытталып мамандық таңдайды. Тұлғаның мамандық таңдауда және кәсіби бағыттылықтың мотивтері кәсіптік жоспардың қалыптасуының көрінуі үшін профконсультацияда қолданылады: оптанта анкета, мектеп және мектептен тыс әрекеттің анализі; Е.А.Климов (ДДС) дифференциальды-диагностикалық сауалнамасы.

Сабақтың мақсаты. Кәсіби жоспардың қалыптасуын, кәсіп таңдаудың және кәсіби бағыттылықтың мотивтерін анықтау.

Тәжірибе 1

Тәжірибенің жабдықталуы. Оптант анкетасы.

Жұмыстың тәртібі. Зерттелушіге анкетаны толтыру ұсынылады және нұсқау беріледі: « Мамандық таңдауда мүмкін болатын варианттарды сізбен талқылау үшін, сізді мына сұрақтар қатарына жауап беруіңізді өтінемін»

Анкетаның қорытындысын анализдеуде профконсультанат келесі қорытындыларды шығарады:

-кәсіби жоспармен оның қалыптасу деңгейінің болуы туралы оған кәсіби жоспарды қалыптасқан деуге болады, егерде мамандық таңдалса, оны игеру жолдары қарастырылса және таңдаудың дұрыстылығына сенімді болса ғана қалыптасқан кәсіби жоспар деп атауға болады.

-кәсіби таңдаудағы саналылық болғанда қызығушылықтар мен тұлғаның бұрынғы тәжірибесін ескеріп жасалса кәсіп таңдау адекватты мотивтер көрсетіледі және ұғынатын болса, онда саналы таңдау деп атауға болады.

Тәжірибе 2

Тәжірибенің жабдықталуы. Дифференциалды-диагностикалық сауалнама және жауап парағы

Адамның қалаған іс-әрекет түрінің сипаты бойынша талдау негізінде кәсіби бағдарлығын бағалау үшін ДДС қолданылады. Барлық мамандықтар еңбек пәні бойынша 5 топқа бөлінеді дегенмен сәйкес осы әдістеме негізінде кәсіптің классифмкациясының схемасы болуы керек: «адам-табиғат», «адам-техника», «адам-адам», «адам-белгі жүйесі», «адам-көркем бейне». Ұсынылатын әдістеме толтыру және өңдеу кезінде қарапайым және ыңғайлы.

Зерттелушіге нұсқау: «Сәйкес келетін оқудан соң сіз кез-келген жұмысты орындай аласыз делік. Бірақ, сізге екі мүмкіндіктен біруін таңдау керек болды, сіз нені қалар едіңіз ? Жауап парағына сәйкес келетін клеткаға қосу белгісі арқылы жауап қоясыз».

Қорытындыларды өңдеу кезінде әрбір 5 тік бағандардан қосу суммасын санап шығу керек. Алынған мәліметтерді талдай келіп, сұрақтардың мынадай түрде топталып жиналғанын естен шығармау керек: бірінші бағанда олар «адам-табиғат» кәсібіне жатады (Т), екіншіде- «адам-техника» (Т), үшіншіде-«адам-адам»(Ч), төртіншіде-«адам-белгілер жүйесі» (Б), бесіншіде-«адам-көркем бейне» (К)

Бұл әріптерді жауап парағының жоғарғы жолына экспериментатор жазып қояды. Сол немесе басқа бағандағы қосулардың максимальды суммалары кәсіби әрекеттің сәйкес келетін аймағына бағытталуды көрсетеді.

Тегі, аты-жөні.....................................................................................................

Сынып.................................................................................................................

Уақыт...................................................................................................................

1.Өзіңіздің сүйікті пәндеріңізді атаңыз ?

2. Өзіңіздің ұнатпайтын пәндеріңізді атаңыз ?

3.Сізге ұнайтын мамандықтарды атаңыз ?

4.Сізге ұнамайтын мамандықтарды атаңыз ?

5.Бос уақытыңызда немен айналасқанды ұнатасыз ?

6. Қандай үйірме,секция, факультативтерге қатысасыз немесе қатыстыңыз ?

7. Қандай мектептік немесе сыныптық жұмыстарға қатысасыз №

8. Сіздің сабақ дайындауға қанша уақытыңыз кетеді ?

9. Төменде көрсетілген қызметтер аймағы немесе білімдердің қайсысы сізді көбірек қызықтырады:

а) ғылыми-жаратылыс (химия, биология, медицина, геология, ауыл шаруашылығы);

б) нақты ғылымдар (математика, физика);

в) ғылыми-қоғамдық (тарих, философия, экономика, құқық);

г) гуманитарлық (әдебиет, журналистика,лингвистика, педагогика,психология);

д) өнер (музыкалық,театрлық, бейнелеу) немесе нақты қызығушылықтар жоқ?

10. Сіз қандай мамандықты таңдауды ұйғардыңыз №

11. Оны алудың жолын сіз көрдіңіз бе ?

12. Сіздің таңдаған мамандығыңыз бойынша жұмыс істеп жүрген достарыңыз немесе туыстарыңыз бар ма №

13.Таңдалған мамандықта сізді қызықтыратыны:

а) еңбектің шарттары;

б) еңбек әрекетінің процесі;

в) жоғары матенриалдық қамтамасыздық;

г) жұмыстың дамуы және жаңа әсерлер алу мүмкіндіктері;

д) тыныш жұмыс;

е) жауапкершіліктің жоғары деігейі;

ж) шешімді өзіндік қабылдау;

з) күрделі немесе қакуіпті жағдайлардың пайда болуы;

и) адамдармен қарым-қатынас;

к) шығармашылық әрекеттің мүмкіндігі;

л) іс сапардың жиілілігі;

м) өз қолыңмен бір нәрселерді жасау мүмкіндігі;

н) таза ауада жұмыс;

о) романтикалық;

п) нәтижелердің пайдалылығы;

р) тәуелсіздік;

с) перспектива (кәсіби деңгей, қызметтік баспалдақ бойынша қозғалу)

т) тұратын жерге жақын болуы

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Оқу дағдысын анықтау қалай жүреді?

2.Орта және жоғары класс оқушыларының жазу дағдысын анықтау қалай жүзеге асады?

3. Тұлғаның кәсіби бағытын анықтау қалай жүзеге асады?

1.Іштей» оқу білігін өзіндік бағалау қалай жүзеге асады?

Әдебиеттер:

1.Бурлачук Л.Ф. Морозов С .М. Словарь – справочник по психодиагностике .СПБ Питер Ком, 1999

2.Волков.Б.С. Волкова В.Н. Методы исследования в психологии. М., 2002.

3. Гайда В.К. , Захаров В.П. Психологическое тестирование . Л,МГУ , 1982г

4.Ганзен В.А. Балин В.Д. Теория и методология психологического иследования.

5.КрыловаА.А, МаничеваС.А.Практикум по общей экспериментальной и прикладной психологиим.,2006. 33-49.

 

№27 Дәріс

Тақырып:тұлғалық құрылым, сөйлеу әрекетінің қызметін, психикалық қызметтің ауытқуын анықтау.

Қарастырылатын сұрақтар:

1.« Сөзді алып таста» әдістемесі арқылы ойлаудың бұзылуын анықтау.

2. Көңіл күйдің түсіңкілігін, астеникалық, жүйкелік –психикалық жағдайды бағалау.

3.Өзіне деген қатынасын анықтау.

Мақсаты: « Сөзді алып таста» әдістемесі арқылы ойлаудың бұзылуын анықтау, көңіл күйдің түсіңкілігін, астеникалық, жүйкелік –психикалық жағдайды бағалау, өзіне деген қатынасын анықтау.

Дәрістің мазмұны:

1.«Сөзді алып таста » әдістемесі арқылы ойлаудың бұзылуын диагностикалау.

«Сөзді алып таста »әдістемесі ауруларды аналитик-синтетикалық іс-әрекетін зерттеуге бағытталған.

Патопсихологияда ойлау потологиясын үш түрге ажыратады :

1.Ойлаудың операционды жағының бұзылуы

2.Ойлау динамикасының бұзылуы

3.Ойлаудың мотивация компонентінің бұзылуы

 

Сабақ хаттамасы

 

Аты-жөні……………………………………………………….

Күні…………….. Жасы………… Білімі……………………

 

«Сөзді алып таста » әдістемесі бойынша ойлауды зерттеу.

 

Жол № Өзге сөз Зерттелушінің түсіндіруі Экспериментатордың сұрақтары және ескертулері
  …        

 

Мақсаты:«Сөзді алып таста» әдістемесі көмегімен ойлау бұзылуының диагностикасы.

Жабдықтау: Сөздер сериялары басылған (5сөзден 15серия) әдістеменің стандартты бланкілері,алдын ала дайындалған хаттама және секундомер.

Жұмыс тәртібі: Зерттеу ереже бойынша психо-жүйкелік клиникаларда жүргізіледі,зерттелуші реттінде ауру саналады.

Ауруға әдістеме бланкілері және нұсқау беріледі: «Бланкіде сөз топтары жазылған.Әрбір топ 5сөзден тұрады.5сөздің ішіндегі 4-уі бір-бірлеріне ұқсас және жалпы белгілер бойынша біріктіріле алады,ал сөздердің ішіндегі біреуі бұл белгілер бойынша сай келмейді және оны алып тастау керек ».Егер зерттелуші нұсқауды түсінбесе,1-2 мысал келтіріп кетуі тиіс.1-ші тапсырмадан 15тапсырмаға дейін жалпы уақыт бекітіледі.Зерттелуші жұмысын аяқтап болғаннан кейін,жауаптарын талқылауын сұрайды.

Экспериментатор хаттамаға жол нөмірін,өзге алынып тасталынған сөзді,зерттелушінің түсіндіргенін,сонымен қатар өзінің сұрақтары мен ескертуін тіркейді.

Алынған мәліметті талдау және өңдеу, «Сөзді алып таста» әдістемесі зерттелушінің түсіндіруі мен мінез-құлық қателігін сапалы талдау басты болып болжалынады. Сонымен қатар, сандық бағасын:

1.дұрыс шешілген тапсырма санын есептеп кілтке сәйкестендіру, дұрыс шешімге 2 баллдан беріледі; (қосымша 1)

2.формула бойынша жалпы бағасы (А) есептелінеді.(таблица 1)

 

А=В+Т,

«Сөзді алып таста» тапсырманы уақытқа орындауды түзету.

 

 

Уақыт,С Т(В>26) Уақыт, С Т(В<26)
<91   91-250   >250 +3     -3 <250   250-330   >330   -3   -6

 

В тапсырманы дұрыс орындағаны үшін қойылатын балл саны, Т уақыт бойынша орындау.

Сапалы баға шатасудың мінез-құлықты талдауын болжайды. Ең үлкен типті қателер келесі 2 типті болып табылады.

1.Бір сөз алынып тасталынады,қалған төртеуі жалпы сәйкестендірмейді,нақты ситуация белгілері бойынша; мысалы ауру «жапырақ», «бүршік», «терек», «қабық», «бұтақ» деген сөздерден жапырақ сөзін алып тастауы мүмкін.Ол «қазір ерте көктем және жапырақ әлі шыққан жоқ» деп түсіндіруі мүмкін;

2.Сөзде жалпы сәйкестендірімді, бірақ жеңіл- желпі, кездейсоқ, жиі парадоксалды белгілермен: мысалы, ауру «ұя», «ін», «илеу», «тауық қора», «апан» деген сөздер ішінен «ұя» сөзін алып тастауы мүмкін. Ол «ұя, ереже бойынша теректен табылады, ал қалғандары жерде» деп түсіндіруі мүмкін;

Бірінші типтегі қателер талдау деңгейінің төмендеуін куәландырады, ал екінші типтегі қателер- талдау процесінің бұрмалануы туралы.

Зерттелуші жауаптарын мынадай түрде классификациялауға(жіктеуге)болады:

а) категориалды- мәнді, басты белгілер негізінде класқа қатыстыру;

б) функционалды- функционалды белгілер негізінде класқа қатыстыру;

в) нақты- нақты белгілер негізінде класқа қатыстыру;

г) нөлдік- заттық санау,не әрекетсіз талдау функциялары;

Әртүрлі нозологиялық топтағы жауаптар ерекшеліктері:

-Шизофрения кезінде жеңіл-желпі, кейде парадоксалды белгілер бойынша талдау жасалынады.

- Олигофрения кезіндегі талдауда нақты мінез-құлық тасылады, ситуационды байланыстың бөлінуіне бекітіледі.

- Ересектік кемақыл кезінде әсіресе тапсырманы орындауда мүмкін еместік, сонымен қатар қарапайым тапсырмаларда да орын таба алмайды.

2.Жүйкелі-психикалық қысымды, астенияны, көңіл-күйдің түсуін бағалау.

Кіріспе ескерту. Практикалық психолог жұмысында кездесетін психикалық жағдай көрінісінің сандық- сапалық бағасын психологиялық әдістеме арқылы анықтауға болады. Тапсырмада жүйкелі-психикалық қысым мәнерлі деңгейін, астеникалық жағдай шкаласын және субдепрессия жағдайының шкаласы өлшенеді.

Жүйкелік-психикалық қысым психикалық жағдайдың ерекше түрі болып табылады.Бұл оның ауыр өмір жағдайы және іс-әрекетіне байланысты дамиды.

Астеникалық жағдай немесе психикалық белсенділігінің қажуы,психикалық,әлсіздік,қозғыш,психалық процесс өнімділігінің төмендеуі, ұйқының бұзылуы, денелік әлсіздік және басқа да вегетативті- соматикалық бұзылыстармен сипатталады.

Субдепрессивті көңіл күй психалық іс-әрекеттің төмендеуі, психоматориканың, ұйқының бұзылуы, вегетативті- соматикалық қызметі, артериалды қысымның көтерілуіне бейім, әлеуметтік белсенділік және адамның қарым- қатынасының төмендеуі.

Тәжірибе 1

Мақсат:Жүйкелі-психикалық қысым жағайының мәнерлік деңгейін өлшеу.

Тәжірибе қолданылады:Жүйкелі- психикалық қысым сауалнамасы (Т.А.Немчин ). Бұл негізгі жағдайдың 30 сипаттамаға ие, ол 3 деңгейге бөлінген.

Жұмыс тәртібі:Зерттеу шусыз және дыбыссыз бөлмеде, жарықпен қамтылған, индивидуалды бөлек өткізіледі.

Зерттелушіге нұсқау: «Бланкінің оң бөлігін қазіргі уақыттағы сіздің жағдайыңыздың ерекшеліктерін ескере отырып «+» белгісімен белгілеңіз».





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.