МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

Іскерлік ойындарды проектілеу 4 страница





Қазіргі таңда психология өзінің ғылым екендігін дәлелдеді. Сондықтан ғылым болғаннан психологиялық әдістер ғылыми әдістер болып табылады.

Ғылым – ақиқатты анықтайтын, нәтижесі жаңа білім беретін адам іс - әрекетінің жетістігі. Ғылыми білімнің пайдалылығы, тиімділігі, тәжірибелілігі оның ақиқаттығының жетістігінен туындайды. Ғалым немесе ғылыми қызметкер – ақиқатты анықтау, шындыққа көз жеткізу критериімен өзінің іс - әрекетін қалыптастыратын маман болып есептеледі. Сондай – ақ «ғылым» сөзі қазіргі таңда ғылыми әдістерді қолдану нәтижесінде алынған білімнің жиынтығы болып табылады.

2. Ғылыми іс- әрекеттің нәтижесі құбылыстар мен процестерді түсіндіру шындықты сипаттау болып табылады. Ғылыми ізденістің идеалды формасы заңдылықты ашу оны теориялық түсіндіру. Ғылым білім жүйесі және адам іс - әрекетінің нәтижесі ретінде толықтылығымен, жүйелілігімен, сенімділігімен сипатталады және әдістерімен сипатталады. Бұл әдіс рационалды болуы керек. Ғылыми бірлестіктің мүшесі болған адам бұл ғылыми іс - әрекеттің құндылығы ғана болып қарамай, ғылыми әдісті жалғыз тәсіл деп қолдануы керек.

Зерттеудің нормасы дегеніміз не? Бұл сұраққа Т. Кунның «қалыпты ғылым» түсінігін қолдана отырып жауап беруге болады. Ол ғылымның екі қалпын революциондық фаза және қалыпты ғылым фазасын бөліп көрсетеді.

Қалыпты ғылым бұрынғы ғылыми жетістіктерге сүйенетін зерттеудің түрі. Қазіргі таңда сирек болса да оқулықтардың алғашқы формасында кездеседі. Қалыпты ғылым «парадигма» түсінігімен байланысты. Парадигма заң, теория әдіс және оны тәжірибеде қолдану нәтижесінде жалпы қабылданған ғылыми зерттеу үлгісі. Парадигманың өмір сүруінің белгісі болып табылады. Ғылыми психологияда парадигманың қалыпттары В. Вундттын жұмыстары мен оның ғылыми мектептерінде кездеседі.

Ғылыми зерттеу процесі мынадай құрылымда болады.

1. Болжамды қою.

2. Зерттеуді жоспарлау

3. Зерттеуді өткізу

4. Зерттеудің интерпретациясы

5. Болжамды растау немесе терістеу

6. Болжамның терістелуі нәтижесінде жаңа болжамның пайда болуы.

Жаңа ғылым ғылыми қағиданы немесе болжам қою нәтижесінде туындайды, ол индуктивті немесе шығармашылық түрінде дүниеге келеді. Ол эксперимент нәтижесінде дәлелденеді. Жаңа білім басқа жолмен де, эмпирикалық яғни байқау әдісі арқылы және теоретикалық индуктивті ойды рационалды зерттеу арқылы пайда болады.

Ғылыми зерттеудің талаптары:

1. Ғылыми зерттеу мәселесінің актуальдылығы (көкейкестілігі) зерттеу үшін оны таңдауға негізгі аргумент болып табылады. Зерттеудің актуальдылығы дәл қазіргі уақытта, өз уақытында, сол күнгі қажеттілікке мәселені шешу міндеттілігін білдіреді.



2. Ғылыми зерттеудің жаңашылдығы мәселенің өзіне қатысты емес ұсынылған шешімге қатысты сипаттама. Зерттеудің жаңашылдығы мәселені шешуге талпыну, тексеруді кең және терең үйренудің нәтижесінде құрылады.

3. Ғылыми зерттеудің практикалық мәні дегеніміз – мәселенің шешімі қаншалықты шындықтағы іс-жағдайын жақсы, тиімді жаққа қарай өзгертетіндігімен анықталады.

Психологияда эксперимент теориялық мәліметті анықтау үшін жүргізіледі. Теория білім жүйесінде ақиқаттың қайшылықсыз жолы болып табылады. Теорияның элементтері бір – бірімен логикалық байланыста болып келеді. Оның мазмұны белгілі бір ереже бойынша көптеген пікрлермен түсініктер негізінде құралады.

Теоретикалық білімнің бірқатар түрлері кездеседі: Болжамдар, заңдылықтар, модельдер, классификациялармен типологиялар, әрбір теорияның мынандай негізгі компоненттері бар: 1. Эмприкалық негіздер (фактілер, эмпирикалық заңдылықтар) 2. Базис – теорияның идеялды обьектісін сипаттайды (аксиома, постулат, болжамдар) 3. Теорияның логикасы-логикалық қорытынды ережесі. 4. Теориялық білімдер.

Теориялық білімнің компоненттері әртүрлі жолмен дүниеге келеді. Теорияның эмпирикалық негіздері эксперимент пен бақылаудың нәтижесінен алынады. Постулаттар мен қағидалар интуиция нәтижесінде туған ойдың рационалды дәлелдейді.

Құрылымы бойынша теориялар аксиомалы және гипотетика – индуктивтік болып бөлінеді. Аксиомалық теориялар дәлелдеуді қажет ететін аксиомалар жүйесінен құрылады. Гипотетика – дедуктивтік, индуктивтік негіздегі эмперикалық негіздегі қағидалардан құралады.

Теориялар сапалық математикалық аппаратсыз, формализацияланған, формальды болып бөлінеді.

Сапалық теорияларға сапалық теорияларға психологтар А.Маслоудың мотивация концепциясын Л.Фестингердің когнитивтік диссонанс теориясын, Дж.Гипсонның қабылдаудың экологиялық концепциясын жатқызады. Формализацияланған теориялар математикалық аппарат қолданылатын – Д.Хоманстың когнитивтік баланс теориясы Ж.Пиаженің интеллект К.Левиннің мотивация теориясын формальды теория кездеседі. Д.Раштың тестің стохостикалық теориясы (IRT-пункті таңдау теориясы) ол психологиялық-педагогикалық тестілеудің нәтижесін шкалалауда қолданылады.

Теория шындықты сипаттау үшін ғана емес шындықты қандай құбылысын айта алады және бұл болжам қандай мөлшерде дәл келеді, сол үшін де құрылады.

Белгілі бір уақытта эксперименталды зерттеудің нәтижесін түсіндіретін екі немесе бірнеше теориялар қатар өмір сүреді. Мыс. жеке адам психологиясында тұлғаны сатысын көрсететін бірнеше теория бар. Айзенктің, Кеттелдің факторлы моделі және «үлкен бестік» моделі (большая пятерка).

Пайдаланылған әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Адлер Ю.П. Предпланирование эксперимента. М., 1978.
  2. Анастази А., Урбина С. Психологическое тестирование Спб.: Питер., 2001.
  3. Бурлачук Л.Ф., Морозов С.М. Словарь – справочник по психодиагностике. Спб.: Питер. Ком., 1999.
  4. Годфруа Дж. Что такое психология, в 2-х томах. М., 2001.
  5. Дружинин В.Н. Экспериментальная психология. Учебное пособие. Спб.: Питер, 2007.
  6. Налимов В.В. Теория эксперимента. М., 2002.

Қосымша:

  1. Бурлачук Л.Ф., Савченко Е.П.Психодиагностика Киев, 1995.
  2. Норакидзе В.Г. Методы исследования характера личности. Тбил. 1975.

№5 Дәріс.

Тақырыбы: Психологиялық теория және оның құрылымы.

Жоспары:

1. Теория – ғылыми білімнің жоғары формасы.

2. Ғылыми мәселе.

3. Ғылыми болжам;

Лекция мәтіні:

Теория іштей білімнің қарама – қайшылықты жүйесі болып табылады. Теория эксперименттері бір – бірімен байланысты болып келеді. Оның мазмұны белгілі бір ережелер бойынша шығарылады. Теория ғылыми білімнің жоғарғы формасы болып табылады.

Теория мен шындықтың өзара байланыстылығы оның теориялық шындықты жүзеге асыруда және алдын-ала ұсынысын жоспарлауда көрінеді.

Кэмпбелл эксперименттің сенімділігін сипаттайтын тағы бір ұғым енгізді. Бұл конструктивті сенімділік деп аталады.

Конструктивті сенімділіктің қатынасы: теория – эксперимент – интерпретация – шындық.

Кэмпбеллдің айтуы бойынша дұрыс эксперимент мыныдлай болуы қажет:

  1. зерттеуге ұсынылатын себеп – салдардың уақытша бірізділігі болуы қажет;
  2. соңғы себеп және өзара байланыс эффектісі көрсетілуі қажет;
  3. эксперименттік эффект болып табылатын қосымша өзгерістердің әсерін ашып тастау қажет;
  4. жоғарыдағыға байланысты түсіндіретін теориялық конструкция туралы гипотезаны ашып көрсету.

Ғылыми мәселелердің қойылуы кез келген мәселенің бастамасы тіпті балалардың шынайы сұрақтары мәселенің түбі болып табылады. Адамда неғұрлым мақсатқа талпынушылық көп болса, соғұрлым ол жақсы жұмыс істейді. Ал, мотивация төмен болған жағдайда іс-әрекетте қажеттіліктер көбейе бастайды, үйреніп, танып білу баяу дамиды.

Бір қалыпты, өзгеріссіз жағдайға бейімделген адамда мәселе туындайды. Тек адамның белсенділігі, өзгермелігі, ауыспалылығы, ішкі жан дүниесінің құбылмалылығы мәселені туындатады. Ғылыми мәселелер тұрмыстық мәселелерге қарағанда нақты ғылыми саладағы терминдердің негізінде қалыптасады. Мысалы, “Күн неге жарқырайды” десек, бұл сұрақ мәселе емес. Адамдардың жеке басындағы қасиеттердің бірі агрессивтілік – генетикалық белгілер өзгешелігі ме, жоқ әлде жанұя тәрбие әсеріне байланысты ма? десек бұл мәселе сұрақ емес. Мұндай мәселе психология терминдерінің жинақталу негізінде көрініп тұр және бұл нақты зерттеу әдістері арқылы шешіледі.

Мәселенің қойылуы болжамды тұжырымдаудан тұрады. Ғылымда мәселенің болуы шындықты түсіндіру және сипаттау үшін мәліметтің жетіспеуінен туындайды.

Сонымен, мәселенің туындауы үш кезеңнен тұрады:

  1. ғылыми білімде шындық туралы жетіспеушіліктің көрінуі;
  2. қарапайым тіл деңгейінен мәселені сипаттау;
  3. ғылыми пәндер терминінде мәселелерді тұжырымдау.

Екінші кезең міндетті түрде керек. Себебі қарапайым тіл деңгейінде мәселені сипаттау белгілі бір ғылыми саладан басқа ғылым салаларына ауысуына мүмкіндік береді. Мысалы, адамдағы агрессивтілік қасиетті тек психологиялық факторлар ретінде емес, сонымен қатар жалпы және молекулалы генетикалық әдістерді пайдалану арқылы шешуге немесе астрологиялық білімдерге сүйене отырып, планетаның адам әрекеті мен мінезіне әсері туралы тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Осыған сәйкес тұжырымдау, шешу мүмкіншіліктері тереңдейді, зерттеу болжамы ұғынылады.

Ғылыми мәселе зерттеушінің табиғатқа қоятын риторикалық сұрағы, бірақ оған өзі жауап беруі тиіс.

В.Н.Дружинин еңбектерінде ғылыми мәселелерді былайша топтастырады:

  1. шындықтағы мәселелер;
  2. мәнді болып көрінетін жалған мәселелер;
  3. шешімі жоқ мәселелер.

Мәселенің шешімінің жоқтығын дәлелдеудің өзі оны шешудің бір варианты болып табылады.

Р.С. Немов ғылыми мәселелерді педагогикалық тұрғыда ала отырып, эксперименттік педагогикалық психологиялық мәселелерді былайша топтастырады:

  1. баланың және ересектердің психологиялық дамуын жеделдету мәселелері;
  2. жас ерекшелік даму дағдыларын анықтау және жеңу мәселелері;
  3. дамудағы сензитивтік кезеңді диагностикалау және басқару мәселелері;
  4. баланың психологиялық дамуындағы мүмкіндіктері мен перспективаларына сәйкес оқу мазмұнын таңдау мәселелері;
  5. оқытудың әдістері мен құралдарының психологиялық мағынада дамытушылыққа айналдыру, яғни адамның танымын жеке бастық өзара жеке бастық дамуының деңгейін жоғарылату мәселелері;
  6. оқытушылар мен тәрбиешілердің кәсіби психологиялық дайындығы мен мамандықты жетілдіру мәселелері.

Болжам – бұл теориядан шығатын расталмаған және жалғандығы дәлеледенбеген ғылыми жорамал.

Ғылым методололгиясында эксперименталды бақылауға жататын теоретикалық болжамдар және эмпирикалық жорамал ретіндегі болжамдар бар. Теоретикалық болжамдар теориядағы ішкі қарама-қайшылықтарды жоюға немесе эксперименталды нәтижелер мен теориядағы келіспеушіліктерді жеңу үшін ұсынылады және теориялық білімдерді жетілдіру құралы болып табылады.

Көпшілікті эксперименталды зерттеу әдісі, мәселерін шешу үшін ұсынылатын болжамның екінші типі – жорамал қызықтырады. Бұл теорияға міндетті түрде сүйенбейтін эксперименталды болжам. Оларды пайда болуына байланысты үш типтегі болжамдарға бөлуге болады. Бірінші типтегі болжамдар шындық модельі мен теорияға негізделеді және осы теориялар мен модельдер нәтижелерінің болжамдарын көрсетеді. Олар нақты теориялар мен модельдер нәтижелерін тексеру қызметін атқарады. Екінші тип – қандайда бір теориялар, заңдылықтарды, теорияға негізделмеген Фейерабендтің “барлығы тура келеді” принципі бойынша тұжырымдалмаған, алдын-ала табылған заңдылықтар немесе жалғандығын білдіру үшін ұсынылатын ғылыми эксперименталды болжамдар. Үшінші тип – қандайда бір теория, модельге қатыссыз, нақты жағдай үшін тұжырымдауға ұсынылатын эмпирикалық гипотезалар.

Пайдаланылған әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Адлер Ю.П. Предпланирование эксперимента. М., 1978.
  2. Анастази А., Урбина С. Психологическое тестирование Спб.: Питер., 2001.
  3. Бурлачук Л.Ф., Морозов С.М. Словарь – справочник по психодиагностике. Спб.: Питер. Ком., 1999.
  4. Годфруа Дж. Что такое психология, в 2-х томах. М., 2001.
  5. Дружинин В.Н. Экспериментальная психология. Учебное пособие. Спб.: Питер, 2007.
  6. Налимов В.В. Теория эксперимента. М., 2002.

Қосымша:

  1. Бурлачук Л.Ф., Савченко Е.П.Психодиагностика Киев, 1995.
  2. Норакидзе В.Г. Методы исследования характера личности. Тбил. 1975.

№6 Дәріс.

Тақырыбы: Жалпы ғылымдық зерттеу әдістері.

Жоспары:

  1. Теоретикалық және эмпирикалық зерттеу әдістері

А. Бақылау;

Б. Эксперимент;

В. Өлшеу әдісі;

  1. Молдельдеу;

Лекцияның мәтіні:

Жаңашыл ғылымның барлық әдістері теоретикалық және эмпирикалық болып бөлінеді. Өзіндік ерекшелігі бар модельдеу әдісін дербес ретінде бөлуге болады. Сонымен қатар, теоретикалық және эмпирикалық әдістерден басқа мәліметтердің өңдеуші интерпретациялық әдістер бар.

Теоретикалық зерттеулерді жүргізуге ғылым шындықтың өзімен аған емес, оның ойдағы репрезентациясы – ақыл-ой бейнесінде, формулада, кеңістікті-динамикалық модельде, схемада, табиғи тілдегі жазылымдарда т.б. көріністермен де жұмыс жасайды. Теориялық жұмыс “ақыл-оймен” жүргізіледі.

Эмпирикалық зерттеу теоретиккалық құрылымының дұрыстығын тексеру үшін жүргізіледі, ғалым оның белгілік – символикалық, кеңістікті – бейнелік аналогымен емес, объектінің өзімен өзара әрекеттестікте болады. Экспериментатор эмпирикалық мәліметтерді өңдей және интерпретациялай отырып, теоретик сияқты график, таблица, формулалармен жұмыс істейді, бірақ олармен өзара қатынас әрекеттің сыртқы жоспарындағы схемалар салу, компьютер көмегімен есептеулер жүргізу арқылы өтеді. Теоретикалық зерттеулерде “ақыл-ойдағы” эксперимент жүргізіледі, шындықтағы зерттеу объектісі (яғни, ақыл-ой бейнесі) әр түрлі жағдайларға (бұлда ойша) қойылуда логикалық ой жүгірту (пікір) негізінде оның мүмкін болған әрекеттері талданады.

Модельдеуді қолданушы зертеуші үшін, модель-объект аналогы. Модельдеу объектіге эксперименталды зерттеу жүргізу мүмкін болмаған жағдайда қолданылады. Ондай объектілерге эксперименталды зерттеуге қиын сирек жүйелер жатады немесе моральды түсінік бойынша эксперимент жүргізуге боламйды, мысалы, әлем, күндік жүйе, “Бұланды арал” ұлттық паркінің экожүйесі және адам медициналық және психофармокологиялық зерттеулер қатарының объектісі ретінде. Моделдеуде “физикалық” және “белгелік символикалық” деп те бөледі. Физикалық модель эксперименталды зерттеледі. “Белгілі - символикалық” модель азды – көпті күрделі компбтерлік программа түрінде жүзеге асырылады, ал оның әрекетін зерттеу теоретиктер ісі.

Жалпы ғылыми эмпирикалық әдістерге бақылау эксперимент, өлшеу жатады. Олардың зерттеушіге әкелетін мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін және жетіспеушіліктерін қарастыру керек. Бірінші әдіс – бақылау ғылымдар қатарында бірегей, сирек эмпирикалық әдіс. Классикалық бақылау ғылымы – астрономия болып табылады. Оның барлық жетістіктері әбден жетілген бақылау техникалары мен тығыз байланысты. Этологияда (жануарлар әрекеті жайлы ғылым) бақылау көмегімен табиғи жағдайдағы жануарлар белсенділігінен негізгі нәтижелер алынған. Бақылау, физика, химия, биология салаларында да ерекше мәнге ие. Бақылаумен шындықты зерттеуге идиографиялық деп аталатын тәсіл байланысты. Бұл тәсіл зерттеушілері оны ғылымсдағы сирек объектілерді, олардың әрекетін және тарихын зерттеуі мүмкін деп есептейді.

Идиографиялық тәсіл жеке құбылыстармен жағдайлардағы белгілер мен бақылауды талап етеді. Ол тарихи пәндерде кеңінен қолданылады, ал психологияда маңызды орынға ие. А.Р.Лурияның “Жоғары ес жайлы кішкене кітапша” немесе З.Фрейдтің “Леонардо да Винчи” монографиясы сияқты зерттеу жұмыстарын еске алуға болады.

Идиографиялық тәсілге, дамудың жалпы заңдылықтарын, объектілердің болмысы мен өзара әрекеттесуін айқындаушы зерттеу номотетикалық тәсіл қарама-қарсы тұрады.

Бақылау шындықты танудағы идиографиялық немесе номотетикалық тәсіл негізінде жүргізуге болатын әдіс болып табылады. Бақыфлау деп арнайы ұйымдастырылған, мақсатқа бағытталған сыналушы объектінің іс-әрекетін белгілі уақытта қадағалап қабылдауын айтамыз. Алынған бақылаудың нәтижесі объектінің әрекеті деп аталады.

Бақылаудың жүйелі және жүйелі емес түрлері ажыратылады. Жүйелі бақылау түрі - арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Зерттеуші сыналушының жүріс тұрысының зерттеу үшін уақыт белгілеп жүйелі түрде оның іс-әрекетін тіркеп отырады.

Жүйесіз бақылау кеңістікте, ұйымдастырылмаған жағдайда өткізіледі. Ол этнопсихологияда, әлеуметтік психологияда, даму психологияда кеңінен қолданылыста. Мұнда уақыт белгіленбейді. Қажет деген құбылысты зерттеуші тіркеуге алып отырады.

Сондай-ақ жалпы және таңдамалы бақылау түрлері болады. Жалпы бақылауда барлық бақылаушы қажетті деген іс-әрекеттер тіркелініп отырады. Ол таңдамалы бақылауда зерттеуші тек бір іс - әрекет түрін ғана бақылайды. Мысалы: агрессивтілік.

Бақылау белгілі бір құралдардың да көмегімен жүзеге асады. Мысалы: аудио-видио аппаратура т.б.

Егер сыналушы ол топпен таныс болса эфективтілік артады, объективті болады деп есептейді. Қатыса бақылауда негізгі мақсат айтылмайды, ол этикалық нормаға жатады.

Бақылау әдісі мынадай этаптардан тұрады:

1. Бақылау пәні, заты анықталады және объект таңдалынады. (топ немесе жеке адам)

2. Бақылау тәсілі таңдалынады.

3. Бақылау жоспары жасалынады.

4. Бақылауды нәтижесін өңдеу жолы таңдалады.

5. Зерттеу нәтижесі жарияланады.

Бақылау тікелей немесе техникалық құралдар мен мәліметтерді тіркеу тәсілін (фото, аудио және видео аппаратура, бақылау картасы т.б.) қолдану арқылы жүргізлуі мүмкін. Бақылау арқылы әдетте кездесетін “күнделікті жағдайдағы” құбылыстарды ұшыратамыз, ол объектінің маңызды қасиеттерін тану үшін “әдеттегіден ” өзгеше, ерекше жағдайларды құру қажет. Зерттеуші объектінің мінез-құлқыфн тану үшін оған тікелей әсер ете алмайды.

Бақылау әдісінің негізгі ерекшеліктері

- бақылаушы объект пен бақылаушының тікелей байланысы, яғни зерттеуші сыналушыға әсер ете алмайды;

- бақылаудың бір жақтылығы (эмоционалды түр беруі керек), яғни, субъективтілігі;

- қайта бақылаудың қиындығы, яғни ол жағдайды қайта тудыра алмау;

Жаратылыс ғылымдарда бақылау, ереже бойынша зерттелуші процеске (құбылысқа) әсер ете алмайды. Психологияда бақыланушы мен бақылаушының өзара әрекеттестігі жайлы мәселелерде бар. Егер зерттелуші, өзін бақылап отырғанынан хабардар болса, зерттеу шынайы болмайды. Бақылау әдісінің шектеулілігі эксперимент және өлшеу әдістерінің тууына мүмкіндік жасайды. Эксперимент пен өлшеу процесті объектілеу мүмкіндігіне ие, өйткені олар арнайы аппараттарды және нәтижелерді сандық формада тіркеу тәсілін қолдану арқылы жүргізіледі. Бақылау мен өлшеуден эксперименттің ерекшелігі арнайы жағдайдың жасалуымен шындықты құбылысты жүзеге асырады. Соедай-ақ құбылыс пен сыртқы жағдайлар ерекшелігінің арасындағы себептік-тиісті ьайланыстарды анықтайды.

Өлшеу табиғи да арнайы ұйымдастырылған жағдайда да жүргізіледі. өлшеудің эксперименттен айырмашылығы зерттеуші объектке әсер етуге тырыспайды, оның сипаттамасын “объективті” қалай болса солай тіркейді.

Бақылаудан айырмашылығы, өлшеу объекттің құралдық-жанама өзара әрекеті арқылы жүргізіледі және өлшеу инструменттеріндегі объекттің табиғи әрекеті модификацияланбайды, бірақ прибормен бақыланады және тіркеледі.

Адамдардың ғылыммен айналысу себебі не?

Оның себептері әр түрлі болуы мүмкін. Біріншіден дүниені тануға білімнің жетіспеушілігі. Оны ғалым немесе зерттеуші әр түрлі жолмен толықтырады. Ол кітап оқу, басқа адамдармен әңгімелесу, білім жолына түсу т.б. жолдар.

Танымдық қажеттілік кез келген адамды болады, бірақ кез келген адам ғылыммен айналыса бермейді. Көбінесе ғылыммен танымдық сферасын кеңейтуге жаңалық алуға қызығушылар айналысады.

В.М.Бехтерев кімде қандай нәрсе жетіспейтін болса адамдар соны жетілдіруге немесе алуға тырысады деген болатын. Ч.Дальтон түске соқырлық Дальтонизмді ашқан (қызыл мен жасылды ажырата алмау) болатын яғни ол өзі аурумен ауырған, З.Фрейд өзінің жақты адамдарының айтуына қарағанда сексуалды невротик болған. Екінші жағынан алып қарайтын болсақ Ф.Гальтон қабілеттілік мәселесімен айналысқан, өзі данышпан болған, ал интеллект мәселесімен айналысқан Н. Пиаженің интеллект деңгейі өте жоғары болған.

Психологиямен айналысушылар объективті және субъективті шындықты айыра білуі керек. Басқа адамның дүниетанымы психолог үшін жұмбақ болады. Ол адамдармен сөйлесу нәтижесінде және кері байланыс нәтижесінде оны таниды, мәселесін шешуге көмектеседі және жаңалық ашады.

Психологияда зерттеу жүргізу үшін көптеген әдістер қолданады. Олар бақылау және өзін - өзі бақылау, эксперимент табиғи, кеңістіктіктік және лабораториялық, психодиогностика әдіс, іс - әрекет нәтижелерін зерттеу әдісі. Бұл әдістер эмпирикалық әдістер тобына жатады.

Зерттеу әдістері қандай да бір әдіснамалық талаптарға сай болады. Ғылыми – психологиялық зерттеулерге қабылдайтын талаптар:

1. Құбылыстардың сыртқы көрінісі мен олардың ішкі табиғаты арасындағы толық сәйкестікті таба білу;

2. психикалық құбылыстарды зерттеуде психо- физикалогиялық принципті негізге алу шарт, бірақ физиологиялық білімдер мен факторларды көмекші құрал ретінде пайдалану керек.

3. Психологиялық зерттеулердің, негізінен, адам әрекетін әлеуметтік – тарихи талдау нәтижесіне арқа сүйеуі.

4. Психологиялық заңдылықтарды адамның психикасы, іс- әрекеті және оларды қозғаушы күштердің үздіксіз дамуы процесінде нақтылау.





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.