Іскерлік ойындарды проектілеу 10 страница Өз ісіне білікті емес психолог үшін өзіне көңіл аударған адамға сыйластық көрсетпеу оның қызметінің рефлексиясы болып саналмайды, ол өзінің жұмысы барысында басқа адамдарға деген менмендік көрсетуге, керек болса мазақ ету қатынасына баруы оның кәсіб рефлексиясының пәні болып табылмайды. Ол басқаларға үстінен қарау позициясын көрсетуі өз кәсібін өте жоғары санауына икемді екенін көрсетеді. Өз ісіне білікті емес психологтар үшін психологиялық ақпараттарды беру мен қабылдау барысында арнайы кәсіби мәселелер болмайды. Ол көп жағдайда жалған пікірлермен немесе арнайы терминдермен араластыра отырып, өзінің мықтылығын айрықша көрсеткендігін байқатады. 9. Жалпылама теория. Өз ісіне білікті психологтың жұмысында жалпылама теория маңызды орын алады. Бұл жалпылама ғылыми білім өз жұмысының барысындағы көп көңіл бөліп отыратындықтан, жаңа теориялар мен жаңа қағидаларды үнемі жүзеге асыруды талап етеді. Өз ісіне білікті психолог олардың негізінде психологиялық көмек көрсетудің өзіндік тұжырымдамасын дамытады. Ол бір ғана теориян ұстанғанмен жаңа білімдерді игеруге, ұқсас көзқарастарды қабылдауға икемділік танытып, өзінің практикалық жұмыс барысында жүйелі жолға көшуге тырысады. 10. Жалпылама теорияларға қатынасы. Өз ісіне білікті психологтың жалпылама теорияға қатынасы – сол теорияны шындықтың көрінісі деп түсінуімен сипатталады. Осыдан оның мәдени және жыныстық тиістіліктен туындайтын ойлау мәнерін дұрыс көріп байқайды және түсінеді. Өз ісіне білікті психолог кез-келген теорияда оның пәні мен тәсілдерін сипатталуы бар екенін түсінеді, егер пән (адамдардың ішкі дүниесі) барлық зерттеушілер үшін біреу болса, онда оны сипаттау тәсілі, талдауы, жалпыламалауы барлық авторлар үшін әр түрлі болып келеді. Ол мұны өз теориясын қорытындылағанда көретіндіктен, басқа теориялармен салыстыра алады. Өз ісіне білікті емес психолог әртүрлі теорияның авторларына қарсы шығып, теорияның заты мен әдістерін жеке көрсете алмайды. Ол үшін өз теориясын басқа авторлардың теориясымен салыстырып қарау мәселесі ескерілмейді. Пайдаланылған әдебиеттер: Негізгі: 1. Адлер Ю.П. Предпланирование эксперимента. М., 1978. 2. Анастази А., Урбина С. Психологическое тестирование Спб.: Питер., 2001. 3. Бурлачук Л.Ф., Морозов С.М. Словарь – справочник по психодиагностике. Спб.: Питер. Ком., 1999. 4. Годфруа Дж. Что такое психология, в 2-х томах. М., 2001. 5. Дружинин В.Н. Экспериментальная психология. Учебное пособие. Спб.: Питер, 2007. 6. Налимов В.В. Теория эксперимента. М., 2002. Қосымша: 7. Бурлачук Л.Ф., Савченко Е.П.Психодиагностика Киев, 1995. 8. Норакидзе В.Г. Методы исследования характера личности. Тбил. 1975. №21 Дәріс. Тақырыбы: Зерттеудің нәтижелерін ауызша және жазбаша формада ұсыну; Жоспары: 1. Зерттеудің қорытындыларын өңдеу. 2. Зерттеудің қорытындыларын өңдеу және ғылыми жұмысты дайындау әдістемесінің ерекшеліктері. Лекция мәтіні: Жоғарыда қарастырылған әдістер біршама құндылығымен қатар жалғыз- ақ елеулі кемшілікке ие: ғалым ол әдістерді қолдана отырып, тар өрісті деректерді ғана дамытуы мүкін, яғни зерттеу қорытындысы болмашы сандағы мектептер мен оқушыларға байланысты жасалынады. Ал көп жағдайларда кейбір мәселелердің шешімі ауқымы зерттеуді талап етеді. Бұл ретте педагог тар әлеуметтік зерттеу әдістерін алға тартады. Мұнымен қойылған мәселені жылдам әрі көп сандағы оқушыларға қойып анықтауға болады. Педагогикадағы әдістер тізбегі аталғандармен шектелмейді. Олардың түрі мен формасы педагогикалық теориямен айналысқан зерттеуші- ғалымдар мен ЗАТ мұғалімдердің ынта- ықылас ізденуіне байланысты, әдістердің жаман, жақсысы болмайды, олардың әрбірі өз орнында құнды. Өкінішке орай, сталиндік жеке басқа табыну мен брежневтік тоқырау жылдары педагогика ғылымының ролі төмендеп, оның қызметі мектеп пен білім мәселелері бойынша жоғарыдан түскен”даналық” көрсетпелерге түсіндірме беріп, олардың”тек дұрыс”екенін негіздеумен болады. Бұл теориялық ой- пікірдің дамуына, үлкен кедергі болып, шығармашылық ой ұмтылсын түспаодап тастады. Ғылыми жолға үйлестіретін әдіс бойынша шәкірт оқылатын тақырыптың болжамын теориялық және практикалық тұрғыда жобалап, жнтекші идеяның міндеттерін белгілейді.Қойылып отырған проблеманы шешудің дерек көздерін қарастырып, мәселеге логикалық және практикалық жағынан іздену барысында ғылыми зерттеу жұмыстарына тән әдістерджі өзінің нақты ісінде пайдаланып көреді. Ғылыми зерттеугетән бұл әдістер оқушының өз деңгейінде атқаруы оларды шығармашылық жолға бейімделіп, тиісті проблеманы шешіп, ондағы сұрақтарды талап, талқылап салыстыра қараудағы эксперименттік сипаттағы таным- түсінікке айналады. Былайша айтқанда, оқушы сөз ертіп отырған мәселені, деректерді салыстырып, өзі дұрыс деп таныған пікірге тоқталып, ой қорытындысын жасайды. Ол –өзінің сипаты жағынан принциптің жаңа жағдай немесе белгілі заңдылықтардың нұсқаулары ретінде ұсынылуы мүмкін. Қисындық құрылымы бойынша болжамдар сызықтық сипатта болады, яғни белгілі бір сөйлем мен пікірді тексеру мен ұсыну барысында, бірнеше жорамалдарды тексеру барысында жүзеге асады. Болжамдық ұсынумен зерттеудің бірінші кезеңі аяқталады. Болжамды ұсынумен зерттеудің бірінші кезеңі аяқталады. Педагогикалық интерпретация мен оны бағалау алдын- ала теориялыцқ және тәжірибелік білім қорытындыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл қорытындылар, әдеттегідей эксперимент арқылы тексеруі және нақтылануы тиіс, яғни алынған нәтижелерді тексеру мен нақтылау мақсатында іс- тәжірибеге қоса ендіру болып табылады. Зерттеудің үшінші кезеңі- өңделген пікір ұсыныстарды енгізу үшін тек қана ауызша жұмыс емес, сондай- ақ оларды көрсете білу керек. Және де әдіснамалық пікір ұсыныстарды, құралдары, заңдылықтарды өңдеу де маңызды болып табылады. Белгілі бір мөлшердегі нәтижелер мен зерттеудің барысы үнемі жаңарып отыруы тиіс, онсыз ғылым мен іс- тәжірибеге оларды ауқымды түрде ендіру мүмкін емес. Авторға негізгі идеяларды әдістерді қорытындылар мен пікір ұсыныстарды нақты әрі тиімді жеткізе білу аса қажет. Өйткені зерттеуші баяндама, мақала, дисертация жазу барынша оның нәтижесін алдын- ала біледі, және де оның нәтижесі баяндау тәсілін анықтайды. Әсіресе, қорғап жатқан жұмысының негізгі жағдайларын ашық баяндау автор үшін өте тиімді. Мұндай жолмен дәлелдер нақтылығын, сенімділігін тексеру оңайға түседі. Әрине баяндау менқисынды стандарт қой!ылмайды, әрбір автор өзінің зерттеу нәтиделерінің сенімді, тиімді баяндау тәсілдерін, оптимальды қисынды( логикалық )іздестіреді. Қисындық толыққандық баяндау тілі ұйымдастырылған жұмыс түріне байланысты болып келеді. Ғылыми баяндаманың бірнеше түрін ұсынуға болады.: 1) Баяндама немесе жария жазба- жазбаша түрдегі құрылған, бірақ зерттеумен оның қорытыныдларын маңызын ауызша баяндауларға арналған ережеге сәйкес баяндамалар мен хабарлаулар газетте жарияланбайды- негізгі идеялар қысқаша баяндалады. 2) Мақала- тақырыптың маңыздылығы туралы қиыстырмалы ескертулерді, зерттеу міндеттерін, жұмыс әдістемелері туралы қысқаша мәліметтерді, оның нәтижелерін талдау мен жариялауды қорытындылар мен ұсыныстарды қамтиды. 3) Рецензия- рецензенттің міндетті түрдегі таланттар жүйесіндегі бір немесе шығармаларды сынмен қарау, қарастыру рецензия талқыланып жатқан мәселелерді өңдеу жолдары туралы тиімді ұсыныстар мен кеңестерді қамтиды. 4) Кітапша және монография белгілі бір мәселені оның маңыздылықтарын ашуды оның даму тарихын, оның нәтижелерін баяндауды, қорытындылары мен ұсыныс- пікірлерін бірізді және нақты қарастыру болып табылады. 5) Оқу құралы- белгілі бір ғылым саласындағы қазіргі ғылыми мәліметтер мен іс- тәжірибелерін ұсыныс пікірлерді жүйелі түрде баяндау. Зерттеу жұмысының нәтижелері құралдары көрініс береді, болашақта қазіргі ғылыми мәліметтер жүйесі мен негізгі концепциялар мен теориялармен сәйкестендіріледі. 6) Диссертация- ғылым факторы мен кандидантының, ғылыми деңгейіндегі ізденістеріне бағытталған топтық қорғауға арналған ғылыми жұмыс нәтижелерін баяндау болып табылады. Пайдаланылған әдебиеттер: Негізгі: 1) 1. Адлер Ю.П. Предпланирование эксперимента. М., 1978. 2) 2. Анастази А., Урбина С. Психологическое тестирование Спб.: Питер., 2001. 3) 3. Бурлачук Л.Ф., Морозов С.М. Словарь – справочник по психодиагностике. Спб.: Питер. Ком., 1999. 4) 4. Годфруа Дж. Что такое психология, в 2-х томах. М., 2001. 5) 5. Дружинин В.Н. Экспериментальная психология. Учебное пособие. Спб.: Питер, 2007. 6) 6. Налимов В.В. Теория эксперимента. М., 2002. Қосымша: 7) 1. Бурлачук Л.Ф., Савченко Е.П.Психодиагностика Киев, 1995. 8) 2. Норакидзе В.Г. Методы исследования характера личности. Тбил. 1975. №22 Дәріс. Тақырыбы: Ғылыми баяндамаларға қойылатын талаптар және оның түрлері Жоспары: - Зерттеу жұмысының негізгі элементтері;
- Ғылыми баяндамаларға қойылатын талап тар.
Лекция мәтіні: Ғылыми зерттеу жұмысының нәтижелерін жазу және оны әдеби көркемдеу – зерттеу жұмысының негізгі элементі болып табылады. Зертеу жұмысы нәтижелерін баяндау немесе жазюа түрінде орындауда олардың мәтінінің дұрыстығы, оның стилистикасы мен тыныс белгілері ережелерінің дұрыс орындалуына байланысты екеніне шүбә келтіруге боламйды. Стилистика – стиль туралы ілім. “Стиль” деп белгілі бір жалпы халықтық тілдің аумағындағы тілдік құралдарының қолданылу, сұрыпталу және тіркесу тәсілдерінің қоғамдық айқындалған, қызмет жағынан сәйкестендірілген, іштей топтасқан жиынтығын айтамыз. Зерттеу жұмыстары мазмұнына сәйкес төмендегілерді болады: Ғылыми стиль – ғылыми еңбектер,лекция, баяндамаларда жұмсалады. Сөйлеуде жалпылама дерексіз, логикалық, дәлеледеу жағы басым. Тіл тәсілдері: жалпы және дерексіз мәндегі бейтарап, ғылыми терминдер. Публистикалық стиль – газет, журнал, митинг, жиналыстарда пайдланылады. Сөйлеу қызулы, ұранды болып, көпшілікке ықпал жасау, қоғамдық істерге адамдардың дұрыс қатынасын қалыптастыру міндетін атқарады. Тыныс белгілерін тіл білімінде пунктуация деп те атайды. Пунктуация – жазуға тән шартты белгі. Ол жазумен байланысты қалыптасты, дамыды, жетілді. Тыныс белгілері – айтайын деген ойды нақтылы, дәл түсінікті етіп жеткізу үшін, сондай-ақ баяндалмақшы пікірді ала-құла етпей, айқын білдіру үшін қолданылады. Бұл – тыныс белгілерінің ең басты қасиеті. Жазба тілде болсын, сондай-ақ ауызекі тілде болсын тывныс белгілерін дұрыс қолдана білудің үлкен мәні бар. Тыныс белгілері мүлде қойылмаған немесе дұрыс қойылмаған тексті сөйлемді түсінікті етіп оқу да, мағынасын түсіне білу де қиын. Тыныс белгілерін дұрыс қою инотациямен тікелей байланысты. Мәселен, хабарлай айтылған сөйлемнен соң кідіріс болады ды, соған орай нүкте қойылады. Ғылыми жұмыстардың әдеби көркемделінуі төмендегі формалар түрінде орындалады. Реферат – қандай да бір мәселе төңірегінде әдебиеттерге және басқа да ақпараттарға сыни көзқараста талдау жасалынған дүние. Баяндама тезисі - баяндама мазмұнында айтылатын мәселелердің қысқа, логикалық нұсқасы. Баяндама - негізінен ғылыми конференцияларда, ғылыми зерттеу жұмысының бағыты, барысы, нәтижесі т.с.с., жөніндегі хабарлама. Оның баяндалу ұзақтығы 10-20 минут. Көбінесе, аралығы 2 инетервалмен басылған бір беттегі материалды оқып шығуға 2 минут көлемінде уақыт кететіндіктен, оның кғөлемі 5-10 беттен аспағаны жөн. Баяндама дайындауға қойылатын талаптар. Баяндама толық 4 батке дейін (суретті қоса есептегенде) Word 6.0, 7.0 for Windows 97-2000 редакторында, А4(210х297) форматты парақта дайындалып берілуі тиіс, қолданылатын шрифт - Times New Roman, Kz Times New Roman. Интервал – 1. парақтың барлық жағынан 25 мм алаң қалдырылуы тиіс. Материал төмендегі ретте орналасады: бірінші қатарда ЖОК көрсетіледі, 1 қатар тастап – баяндаманың тақырыбы (бас әріптермен), 1 келесі қатарда мекеменің және қаланың аталуы, бір қатардан соң резюме (тақырыпсыз курсивпен) қазақ (орыс тіліндегі баячндамалар үшін) немесе орыс (қазақ тіліндегі баяндамалар үшін) және ағылшын тілдерінде келтіріледі. Осыдан кейін бір қатар тастап, баяндаманың негізгі тексті басылады. Әдебиеттер тізімі негізгі тексттен кейін бір қатар тастап басылады. Ғылыми педагогикалық зерттеу жұмысы нәтижелері бойынша орындалған жұмыстарға, ғылыми есеп, монография, оқу құралдары жазылады. Олардың бірінші беттерінің (титулдік) жазылуы белгілі формаға сәйкес келуі керек. Текст жазылуы төмендегі өлшемдерге сәйкетендіріледі: сол жағы – 30мм кем емес, оң жағы – 10мм кем емес, жоғары жағы – 15мм кем емес, төменгі жағы 20мм кем емес болуы керек. Кіріспе. Кіріспе сөзі үлкен бас әріппен КІРІСПЕ түрінде жеке жолға жазылады. Кіріспеде – ғылыми мәселенің қазіргі жағдайы, жұмыстың мақсаты, оның жаңалығы және көкейкестіліг жазылады. Тарау. Тарау өте қысқаша құрастырылғаны жөн. Онда тарау мазмұны, параграфтары т.с.с., ашылатындай, жазылған еңбекутің өн бойын қамти алатын болуы керек. Егер тарау аттарының бірі арнайы атауға, екіншісі басқа мағынада болса, бұл немқұрайлылықтың белгісі деген сөз. Дұрыс емес ІІ тарау Өндірістік еңбек процесін зерттеу әдістері 2.1 Өндірістік еңбек процестері жөнінде жалпы мәлімет; 2.2 Өндірістік еңбек процестерін зерттеу; Дұрысы 2 тарау Өндірістік еңбек процесін зерттеу әдістері 2.1 Жалпы мәлімет; 2.2 Еңбек процесін зерттеу әдістері; Тарау тізбесі араб цмфрларымен нөмірленеді. Пайдаланылған әдебиеттер: Негізгі: 1. Адлер Ю.П. Предпланирование эксперимента. М., 1978. 2. Анастази А., Урбина С. Психологическое тестирование Спб.: Питер., 2001. 3. Бурлачук Л.Ф., Морозов С.М. Словарь – справочник по психодиагностике. Спб.: Питер. Ком., 1999. 4. Годфруа Дж. Что такое психология, в 2-х томах. М., 2001. 5. Дружинин В.Н. Экспериментальная психология. Учебное пособие. Спб.: Питер, 2007. 6. Налимов В.В. Теория эксперимента. М., 2002. Қосымша: 7. Бурлачук Л.Ф., Савченко Е.П.Психодиагностика Киев, 1995. 8. Норакидзе В.Г. Методы исследования характера личности. Тбил. 1975. №23 Дәріс Тақырыбы: Ғылыми мақаланың жазылу ережесі Жоспары: - Ғылыми мәтінге талаптар.
- Ғылыми мақаланың мазмұны,
- Ғылыми мақаланың құрылымы.
Лекция мәтіні: Ғылыми жұмыстың мәтіндік көрінісінің бірнеше нұсқасы бар: а) ғылыми баяндаманың тезисі; б) ғылыми зерттеу жұмысының есебі; в) редакцияға хат (ғылыми жұмыс туралы қысқаша хабар); г) ғылыми журнал немесе ғылыми еңбектер жинағындағы мақала; д) ғылыми монография. Ғылыми еңбекті жариялаудың негізгі формасы ғылыми журналға мақаланы беру. Ғылыми жалпы қабылданған талаптары бар. Мысалы үшін “Психологиялық журнал” ғылыми журналы мынадай талаптармен ғылыми мақаланы қабылдайды. Бұл журнал психология саласындағы өзекті, түп-нұсқадағы ғылыми жұмысты жариялайды. Мұнда, методологиялық, теоретикалық мәселелері суреттерімен қоса 24 бетке дейін, эксперименталды және қолданбалы зерттеулер 20 бетке дейін, әдістемелік өңдеулер 20 бетке дейін, психология тарихы, сыни мақалалар (редакция алқасының тапсырысымен) 28 бетке дейін, қысқа хабарламалар (эксперимент, теория, методология) 7 бетке дейін қабылданады. Сондай-ақ редакция редакторға хат, бұрын жарияланған материалдарға комментрий, автордың жауаптарын 3 бетке дейін жариялайды, кітаптарға рецензия ғылыми конгрес, съезд, симпозиум, ғылыми жаңалықтарды 2-5 бетке дейін жариялайды. “Психологиялық журнал” бұрын жарияланбаған материалдарды жариялайды. Автор бұрын жарияланған жұмыс туралы мәлімет беруі керек. Қолжазба жаңа фактілерден немесе жаңа интерпретациядан, талдау немесе көзқарастан теоретикалық методологиялық бағыттардан тұруы керек. Қолжазба логикалық құрылымнан – мәселені қою, аргументтер келтіріліп ғылыми қорытындыға негізделуі керек. Ғылыми мақала қолжазбасының жалпы талаптарына келетін болсақ, мақала міндеттері мен мәселе қойылған қысқаша кіріспеден, жеткілікті қарастырылған әдістемеден сыналушылардың саны, жасы жынысы көрсетілген мәліметтен, сыналушыға инструкциядан, эксперименталды процедураның сипаттамасынан, қолданылған аппарат және ол туралы мәліметтен, тұруы керек зерттеу нтижесінің өңдеуі және валидтілігі көрсетілуі керек. Қолданылған әдебиеттерге сілтеме жасалуы керек. Эксперименталды материалды сипаттайтын суреттер мен кестелер туралы текстке сілтеме жасалуы керек. Мақала қорытынан немесе түйіндемемен аяқталады. Жаңа әдістемелік қолдануды, тест, сауалнама, т.б. көрсететін мақалаларда түсіндірмелер мен сипаттамалары болуы керек. Барлық арнайы және техникалық терминдер, жаңадан енгізілген түсініктер түсіндіріліп отыруы тиіс. Редакция материалды қысқартуға құқылы қолжазбаны қабылдау “Психологиялық журнал” редакциясының алқасы бекіткен екі сарапшының шешімімен жүзеге асады. Қолжазбаны дайындау талабына келетін болсақ, 2 данадан, стандарты форматтағы қағазға бастырылған, жазудың орналасуы сол жақтан 35 мм, оң жақтан 10 мм, екі инетервалдан қалдырып басылуы керек. Қолжазба мақаланың мәтінен әдебиеттер тізімі, суреттерден (арнайы бетте) тұрады. Сондай-ақ, иллюстрация, қысқаша аннотация, мақсаты, жұмыстың маңызды ерекшеліктері, кілт сөздерден тұрады. Кестенің маңызды тақырыбы (бағандар саны оннан аспауы керек) болуы, қысқартылған белгілердің түсінігі болуы керек. Мақалада 3 суреттен артық қолданылмайды. Әдебиеттер нөмірленіп, сноскада әдебиет нөмірімен көрсетіледі. Формулалар мен символдар айқын, қара бояумен жазылып, грек әріптері қызылмен, латын әріптері курсивпен асты сызылады. Ал АҚШ-да мақаланы рәсімдеу Америка Психологиялық Ассоциациясы шешімімен қабылданады. Мақаланың бетінде автордың аты жөні, оның жұмыс орны көрсетіледі. Мақаланың тақырыбы қысқаша (15 сөзден аспауы) керек. Мақаланың аяғы сөзі 100-175 сөзден тұрады. Мақаланың мәселесі, пәні, әдісі, нәтижесі мен басты қорытындысы туралы ақпарат беріледі. Кіріспенің басында мәселе қойылады. Негізгі әдістер келтіріліп, зерттеудің нәтижесі талданып беріледі. Автор өз зерттеуінде теориялық мәлімет береді. Болжам қойылып, ол тексеріледі. Зерттелінетін айнымалылардың тізімі (тәуелді, тәуелсіз, қосымша басқа да сыртқы айнымалылар) беріледі. Әдістер мұнда зерттеу процедурасы толық ашылады. Оқырманға зерттеу жоспары туралы толық мәлімет беріледі. Сыналушы таңдамалар туралы, топтардың қалыптасуы, зерттеу өткізудің уақыты, сыртқы жағдайлары туралы ақпарат беріледі. Сыналушыға инструкция толығымен беріледі. Әдістемелер мен аппаратураларды сипаттауда нақты атаулар мен ерекшеліктерін көрсету керек. Стандартты техникалар мен стандартты әдістемелер толық сипаттауды қажет етпейді. Қолданылатын тестті сипаттауда оның нақты атауын, мезгілін, зерттеу орнын, негізгі психометрикалық сипаттамасын және тесттің авторын көрсету керек. Мақаланың негізгі бөлімі зерттеу нәтижесін көрсету мен талдаудан тұрады. Нәтижені түсіндіру және иллюстрациялау үшін кестелер мен суреттер қолданылады. Нәтижелерді талдау – мұнда автор алынған нәтижелер туралы мәлімет беруі керек. Әрі қарай эксперименталды зерттеу перспективалары туралы және алынған нәтижені тәжірибеде қалай қолданатын айтады. Қолданылған әдебиеттер тізімі жеке бетте көрсетіледі. Әдебиеттердің авторы және жылы көрсетіледі. Сондай-ақ әрбір кесте немесе графиктер жеке беттерде көрсетіледі. Аббревиатуралар мен жалпы қабылданған атаулар қысқартылған атымен беріледі. Кейбір атаулардың қысқаша атауларын көрсететін болсақ: - MMPI – миннисаттық көпфакторлы тұлғалық сауалнама; - IQ – хронологиялық жас; - RT – уақыт реакциясы; - SD – стандартты ауытқу; - Mdn – медиана. Сонымен ғылыми жарияланымның құрылымы: 1. Титулды бет. 2. Қысқаша түсінік (абстракт). 3. Негізгі мәтін: атауы, кіріспе, әдіс, нәтиже, таладау; 4. Әдебиеттер тізімі. 5. Ескертулер. 6. Кестелер. 7. Графиктер. Сондай-ақ жұмыстың жазылуына байланысты пайдалы ұсыныстарды келтіруге болады. Пайдаланылған әдебиеттер: Негізгі: 1. Адлер Ю.П. Предпланирование эксперимента. М., 1978. 2. Анастази А., Урбина С. Психологическое тестирование Спб.: Питер., 2001. 3. Бурлачук Л.Ф., Морозов С.М. Словарь – справочник по психодиагностике. Спб.: Питер. Ком., 1999. 4. Годфруа Дж. Что такое психология, в 2-х томах. М., 2001. 5. Дружинин В.Н. Экспериментальная психология. Учебное пособие. Спб.: Питер, 2007. 6. Налимов В.В. Теория эксперимента. М., 2002. Қосымша: 7. Бурлачук Л.Ф., Савченко Е.П.Психодиагностика Киев, 1995. №24 Дәріс. Тақырыбы: Психологиялық зерттеудің логикасы мен құрылымы. Жопары: 1. Психологиялық зерттеудің логикалық алғы шарттары. - Психологиялық зерттеу әдістерінің пәндік спецификасы.
- Психологиялық – эмпирикалық зерттеуге субъективті көзқарас.
Лекция мәтіні: Отандық психологиялық әдебиеттерде, шетелдік психологиялық зерттеудің логикалық модельеріне көп көңіл бөлінеді. Әлеуметтік психологияда логика мәселесімен Т. Парсонс айналысты. Алайда оның әлеуметтік әрекет теориясы формализация деңгейінен келіп шықпайды. Логикалық әрекет моделдері философтардың, логиктердің, лингвистердің сирек те болса психологтардың еңбектерінде кездеседі. Мұндай еңбектердің қатарына Ч. Филмордың зерттеулері жатады. Ол падежді грамматикаға арналған. Автор психолингвистикалық теорияны қалыптастыруда семантикалық код болып табылатын латентті элеметтерді бөлді. |