Іскерлік ойындарды проектілеу 9 страница Әр топтың жасы мен жынысына байланысты қорытындылар бөлек шығарылыды. Психологиялық зерттеуде түрлі жас кезеңдері кездеседі. Олардың ішінде кейіннен қолданылатын жаскезеңдерін атап көрсетер болсақ: 1. жаңа туылған кезең 1- 10 күн 2. нәрестелік кезең 10 күн, 1 жыл. 3. Ерте балалық шақ 1-2 жас. 4. Балалық шақтың екінші кезеңі 3-7 жас 5. Балалық шақтың екінші кезеңі 8-12 жас 6. Жас өспірімдік кезең 12 –16 жас 7. Жастық шақ 16-21 жас 8. Орта жас: 1 кезең 21- 35 жас 2 кезең 36- 60 жас 9. егделік шақ 61- 75 жас. 10. Қарттық шақ 75- 90 жас 11. ұзақ жасаушылар 90 жастан әрі қарай. Пайдаланылған әдебиеттер: Негізгі: 1. Адлер Ю.П. Предпланирование эксперимента. М., 1978. 2. Анастази А., Урбина С. Психологическое тестирование Спб.: Питер., 2001. - Бурлачук Л.Ф., Морозов С.М. Словарь – справочник по психодиагностике. Спб.: Питер. Ком., 1999.
- Годфруа Дж. Что такое психология, в 2-х томах. М., 2001.
- Дружинин В.Н. Экспериментальная психология. Учебное пособие. Спб.: Питер, 2007.
- Налимов В.В. Теория эксперимента. М., 2002.
Қосымша: - Бурлачук Л.Ф., Савченко Е.П.Психодиагностика Киев, 1995.
- Норакидзе В.Г. Методы исследования характера личности. Тбил. 1975.
№18 Дәріс. Тақырыбы: Мәліметтерді өңдеудің статистикалық өлшемі мен шкалалардың түрлері Жоспары: 1. Тестілеу мен өлшеулер теориясы. - Психологиялық өлшеулер классификациясы.
Лекция мәтіні: Өлшем өз бетінше зерттеу әдісі болуы мүмкін. Дегенмен, эксперименттің тұтастай процедурасының компоненті болып табылады. Өз бетінше әдіс деу себебіміз өлшем субъектінің мінез– құлқындағы жеке– даралық өзгешеліктер ді көрсетеді. Өлшем теориясының негізін тест құрады. Тест – практикалық тапсырмаларды шешу кезінде қолданылатын психологиялық өлшемнің уақыт бойынша қысқартылған және жинақталған процедурасы. Психологияда психологиялық өлшеудің үш негізгі барысы бар. Олардың бір – бірінен өзгешелігі өлшемнің объектісіне байланысты: - Психолог бір адамды екінші адамнан өзгешелігін жинақтау үшін адамның мінез – құлық ерекшеліктерін өлшейді. Психолог адамның мінез – құлық ерекшеліктерін өлшеп отырып, сол адамның бір – біріне ұқсастығы мен өзгешеліктерін анықтайды. Осының негізінде психологиялық өлшем сыналушының өлшеуіші бола алады.
- Сыналушы экспериментатордың тапсырмасын орындау барысында сыртқы объектілермен байланыс жасайды. Мысалы, сыналушы тапсырмаларды орындау кезінде басқа адамдар, сыртқы ортаның түрткілері, өзіндік күйі әсер етеді.
- Сыртқы түрткілерден адамдардың бірлестігі өлшеу құралы болып табылады, яғни түрткі мен сыналушы бір бағытта болуы мүмкін.
Психологиялық зерттеу практикалық өлшем мен эксперимент синоним ретінде қолданылады. Дегенмен, психологиялық эксперимент кезінде өзгерістердің арасындағы себеп – салдар анықталады. Ал, өлшем сыналушының бағаға сәйкестілігінің нәтижесін көрсетеді. Психологиялық өлшем процедурасы бірнеше этаптардан тұрады. Психологиялық өлшемнің негізі – математикалық өлшем теориясы болып табылады. Мұнда математикалық көзқарас бойынша, өлшем дегеніміз – көптеген объектілер мен белгілердің өзара бір мәндік сәйкестікті құру операциясы. Белгілер нақты ережелер негізінде заттар бойынша сипатталынады. Объект санына байланысты құрылған ереже өлшем шкала бойынша анықталады. Өлшем шкаласы ұғымын психология ғылымына 1950 жылы С.С. Стивенс енгізген. Оның бұл анықтамасы әлі күнге дейінгі ғылыми еңбектерде қолданылып келеді. Шкалалар типтері алынған өлшемді өңдеу үшін қолдануға болатын статистикалық бірлестіктермен сипатталады. Шкала термині латынның “SKALA” – “баспалдақ” деген мағынаны береді. П. Суппес және Дж. Зинес шкаланың классикалық анықтамасын берді. Қазіргі кезде бұл ғылымның анықтамасы нақтыланған. Өлшеуіш құралы ретінде қолданылатын функцияларда кездесетін белгілерді енгізген: А – қатынастардағы эпирикалық жүйе. R – қатынастардағы толық сандық жүйе. F – А және R жүйесіндегі бейнелеу функциялары. G – қайта құрылымға мүмкіншілікті тап. Пайдаланылған әдебиеттер: Негізгі: 1. Адлер Ю.П. Предпланирование эксперимента. М., 1978. 2. Анастази А., Урбина С. Психологическое тестирование Спб.: Питер., 2001. - Бурлачук Л.Ф., Морозов С.М. Словарь – справочник по психодиагностике. Спб.: Питер. Ком., 1999.
- Годфруа Дж. Что такое психология, в 2-х томах. М., 2001.
- Дружинин В.Н. Экспериментальная психология. Учебное пособие. Спб.: Питер, 2007.
- Налимов В.В. Теория эксперимента. М., 2002.
Қосымша: - Бурлачук Л.Ф., Савченко Е.П.Психодиагностика Киев, 1995.
- Норакидзе В.Г. Методы исследования характера личности. Тбил. 1975.
№19 дәріс. Тақырыбы: Корреляциялық байланысты құру Жоспары: 1. Корреляциялық зерттеулердің әдістемелік аспектілері. 2. Корреляциялық зерттеулерді жоспарлау. Лекция мәтіні: Коррекциялық зерттеу теориясы К. Пирсонның еңбектерінде қарастырылыған, коррекциялы байланыс деген мағынаны береді. Ол екі немесе одан да көп білгелердің өйлесіп өзгеруі. Коррекциялық байланыс бір белгінің өзгеруі. Екіншісімен сәйкес өзгеру фактін бейнелейді. Коррекциялық зерттеуді өткізу страгеиясы квадиэкспериментке ұқсас болады. Квази эксперименттен айырмашылығыобъектіге бағытталған әсер қарастырылмайды. Корреляциялық зерттеуді өткізудің жоспары қарапайым , зерттеуші индивидтің психикалық қасиеті, психикалық қалпы сияқты қасиеттерінің арасында статистикалық байланыс туралы болжам қояды. Корреляциялық зерттеу дегеніміз-екі немесе одан да көп айнымалының арасында статистикалық болжамның расталуы немесе терістелуі. Психологияда айнымалы ретінде психикалық қалып қасиет, процестер қатыса алады. Егер бір айнымалыда өзгерін екіншісіне өтетін болса, онда айнымалылардың порреляциясы туралы айтуға болады. Екі айнымалының корреляциясы туралы олардың арасындағы себепті байланыс бар деп айта алмаймыз, бірақ олардың арасындағы болжамды теріс деп айтуға болады. Екі өлшем арасындағы корреляциялық байланыстың бірнеше интерпретациясы қарастылырады. 1. Тікелей корреляциялық байланыс. Бір айнымалының деңгейіне сәйкес болады. Мысалы, тұлғаның икемдігі мен бейісділігі әлеуметтік бағдардың өзгеруіне байланысты. 2. Корреляция үшінші айнымалыға шартталған. Екі айнымалы а және с бір – бірімен үшінші в айнымалы арқылы байланысты. 3. Кездейсоқ корреляция ешқандай айнымалыға шартталмаған. 4. Таңдамалардың бір тексіздігіне шартталған. Біз зерттеуге алып отырған таңдама біртекті екі топтан құралады. Мысалы, экстраверттілік деңгейі адамның жынысына байланысты ма деген мәселені қарастыратын болсақ бізде алып отырған екң топ бірі математик-ер адамдар, екіншісі журналист әйелдер. Онда біз зерттеу нәтижесінде интраверттілік деңгеің ерлерде жоғары деген көрсеткішке ие боламыз. Егер бір айнымалының деңгейі екіншісінде өзгеріс әкелетін болса оны корреляция деп айтамыз. Егер олардың арасында нольдік корреляция болса, онда байланыс болмайды. Психологиялық зерттеуді жоспарлаудың корреляциялық зерттеуге байланысты төрт түрі қарастырылады. 1. Көп өлшемді эксперимент тәуелді және тәуелсіз айнымалылардың әсерін зерттеу үшін құрылады. Мұның нәтижесі күрделі компьтердік бағдарлама мен өңделеді. 2. Дифференциалды психологиялық эксперименті немесе индивидуалды психологиялық эксперимент. Бұл экперименттің мақсаты – бір ситуациядағы жүріс – тұрастың индивидуалды айырмашылықтарын анықтау. Дифференциалды психологиялық экспериментте қосымша айнымалылар негізгі болып табылады. 3. Кроссмәдени зерттеулер кез-келген зерттеу әртүрлі социомәдени жағдайда өскен индивидтердің жүріс-тұрысын салыстыру үшін өткізіледі. 4. Психогенетикалық зерттеулер –бұл салаларды зерттеуге қызығушылық басым болғандықтан оларды толығырақ қарастырамыз. Кроссмәдени зерттеудің жоспарын шартты түрде 2-ге бөлуге болады. 1.2 немесе одан да көп таңдапалынған табиғи топты салыстыру. 2.2 немесе одан да көп топты жолмен зерттеу, мұнда олардың айырмашылықтары ғана емес, олардың уақыт ішінде өзгеруі де зертеледі. Кроссмәдени зерттеу ерекше болғандықтан, арнайы тестпен өлшенеді. Кроссмәдени психология өзінің бастауыш В.Вундттың және ХХ ғасыр басындағы француз социологтары Г.Лебон, А.Фулье, Г.Тардтың еңбектерінен алады. Алайда бұл ғалымдар эмперикалық зерттеу жүргізген жоқ. Зерттеудің методология сынық негізін қалаған В.Вундты 1900-1920жылы ол 10 томнан тұратын “халықтар барып рухы болып тіл мәдениеті табылады деді”. Вундт халықтың рухын көтеретін екі ғылым халықтың тарихи психологиясы мен психологиялық этнологияны көрсетті. Мұның біріншісі түсіндірмелі ғылым болып, екіншісі сипаттамалы ғылым болып есептеледі. Халықтың психологилық негізгі болып индивидуалды сананың көлемін көтеретін тіл, миф және салт-дәстүрден тұрады. Француз психологтарын мен австрия психоаналитиктерімен салыстырғанда бұқаралық жүріс-тұрыстан, халықтық рух көбірек қызықтырады. Қазіргі проссмәдени психологияда эмперикалық ідіс басым роль атқарады. Кроссмәдени зерттеудің пәні болып адамдардың психикалық ерекшеліктері есептеледі. Кроссмәдени зерттеудің дұрыс жоспарлау үшін мысалды есепке алу керек.біріншіден қандай психикалық ерекшеліктер мәдени факторға ықпал жасайды. Екіншіден мәдениет және мәдени фактор түсініктеріне операциональды анықтама беру керек. Үшіншіден әр түрлі мәдени қоғамға жататын адамдардың жүріс-тұрысын, психикалық ерекшеліктерін зерттеу үшін аденватты зерттеу әдісін таңдап алуымыз керек. Төртіншіден зерттеу обьектісі таңдап алуымыз керек. Яғни екі түрлі мәдениет өкіліне жататындардың бір-бірінен айқын айырмашылықтарын көрсететін ерекшеліктерін таңдауымыз керек. Негізінен кроссмәдени псигология псигогенетика аяөталған жерден басталады. Кроссмәдени зерттеуде тұқымқуалаушылық пен салыстырғанда қоршаған орта ықпалы көбірек қызықтырады. Алайда қоршаған орта әсерінен болған бірде бір анықталған индивидуалды психологиялық параметр жоқ, сондықтан психологиялық қасиеттердің мәдени детерминиациясы туралы болжам оның барлық аумағын психофизиологиялық параметрден бастап, тұлғаның құндылық бағыттылықтарын қамтиды. Мәдениеттің психологиялық ерекшеліктеріне сипаттайтын бірнеше жіктеулер бар. Олардың ішінде кеңінен тарағаны Х.С.Приандис қалыптастырылған “мәдени синдром” түсінігі- бұл құндылықтардың, бағыт, сенім, жүріс-тұрыс моделі мен нормасы бойынша бір мәдени топтың екінші топтан айырмашылығы. Мұнда мәдениеттің негізгі өлшемдері “қарапайым-күрделілік”, “жекелік-ұжымдық”, “анықтық-тұйықтық” т.б. Кроссмәдени зерттеу жұмыстарының нәтижесі мынадай этаптардан тұрады. универсалды топты таңдау және мәдени универсалды әдістемені құру. Мәдени спецификалық айнымалыны бөлу және әдістемені толықтыру. Кроссмәдени валидтілік жолымен әдістемені түзеті. Ең көп тараған әдістемелер Г.У.Солдатова мен Е.В. Рыжованың “Тұлғалық біртектілеу типі” әдістемесі мен Г.У.Солдатова, И.М.кузнеуов, С.В.Рыжованың “Мәдени-құндылық дифференциал” әдістемелері. Бұл әдістемелердің мақсаты-топтың құндылық бағыттары зерттеу. Психогенетиканың негізгі мәселесі индивидуалды психологиялық айырмашылықта тұқым қуалаушылық пен қоршаған орта әсері. Адамдардың өзгеруі тұқым қуалаушылық пен ортаның өзара әрекетіне шартталған. Бір ұрпақтан екінші ұрпаққа информацияның берілуі тұқым қуалаушылық болып табылады. Организмдегі гендердің жиынтығы инотип деп аталады. фенотип деп-генатип пен қоршаған орта әсерінің нәтижесінде қалыптасатын индивидтің өмірінің сыртқы көрінісін айтамыз. Психологияда психогенетика деп социоэкономикалық, мәдени және әлеуметтік –психологиялық даму дүйесі түсіндіріледі. Генетикалық және орта ерекшеліктерінің байланысы генетикалық детерминанттар индивидуалды ерекшеліктерді, орта детерминанттары жүріп – тұрысты көрсетеді. Психогенетикалық әдістерді толығырақ қарастырылатын болсақ, бұл әдістердің бірнеше түрлері бар. 1. генеалогиялық әдіс-оның негізін 1869ж Ф.Гальтон салған. Ол көбіне медицинада тұқымқуалаушылық ауруларды зерттеуде қолданылады. 2. Егіздер әдісі-Ф.Гальтон 1924 негізін салған. Мұнда монозиготалы және дизигатолы егіздер зерттеледі. 3. Отбасылық әдіс-отбасы мүшелері бір-бірімен салыстырылып зерттеледі. 4. Асыранды балалар әдісі-генетикалық және қоршаған орта факторларын зерттеуде тиімді әдіс болып есептеледі. Пайдаланылған әдебиеттер: Негізгі: 5. 1. Адлер Ю.П. Предпланирование эксперимента. М., 1978. 6. 2. Анастази А., Урбина С. Психологическое тестирование Спб.: Питер., 2001. 7. Бурлачук Л.Ф., Морозов С.М. Словарь – справочник по психодиагностике. Спб.: Питер. Ком., 1999. 8. Годфруа Дж. Что такое психология, в 2-х томах. М., 2001. 9. Дружинин В.Н. Экспериментальная психология. Учебное пособие. Спб.: Питер, 2007. 10. Налимов В.В. Теория эксперимента. М., 2002. Қосымша: 11. Бурлачук Л.Ф., Савченко Е.П.Психодиагностика Киев, 1995. 12. Норакидзе В.Г. Методы исследования характера личности. Тбил. 1975. №20 Дәріс. Тақырыбы: Ғылыми нәтижелерді ұсыну кезеңдеріндегі зерттеушінің этикасы Жоспары: 1. Зерттеу жүргізудің нормалары. 2. Зерттеу жүргізудің принциптері. 3. Практикалық психологтың кәсіби қызмет үлгісі. Лекция мәтіні: Бұл мәселені талқылаудың талқылаудың қажеттілігі, біздің ойымызша, ең бірінші практикалық психологтың жұмысы жеке адаммен тікелей байланыстығында. Әрине, психолог өзі толық құқығы бар жеке адам ретінде алынады. Осыған байланысты практикалық психологтың әлеуметтік мәніне сай көптеген мәселелер туындайды, мысалы, оның жұмысының тиімділігінің көрінісі мамандығының дәрежесі, айналып келгенде практикалық психологтардың кәсіби дайындығы. Практикалық психологтардың іс-тәжірибесінің мәнін аша білу үшін, оның жұмысының іс-әрекетіне психологтың жұмыс барысында айырықшаланып тұратын, он түрлі негізгі сапасы арқылы сипатталады. 1.Психологиялық көмектің мақсаттары. Ісіне білікті психолог өзіне көңіл аударған адамды оның мақсаттарын анықтап көрсететін, мінез-құқының болу керек екендігін мейлінше мүмкіндіктерін ашып береді. Өз ісіне білікті психолог өзіне көңіл аударған адамға мақсаты айқын мәдени-өнімділік тұлға болу, яғни жалпы мәдениет барысында өмірге икемді, алдағы атқаратын істерін толық сезе білетін, өміріне көзқарасы қажетті дәреже танытатын адам деп түсіне алады. Басқа сөзбен айтқанда, өз ісіне білікті психолог психологиялық тұрғыда көмек көрсетуді өзіне көңіл аударған адамның қарым-қатынас жасау барысында атқаратын психологиялық көмек деп қарастырады. Өз ісіне білікті емес психолог өзіне көңіл аударған адамды тек өзінің жеке мақсаттарына пайдалану мақсатын ғана көздейді. Клиенттің айтқан ойларын ескермей, өз пікірін қолданып, клиенттің қобалжуына, мазасыздануына алып келеді. Сондықтан “Мен - тұжырымдамасын” (клиенттің) жоққа мүмкіндік береді. 2. Практикалық психологтың өз кәсібіне байланысты көңіл аударуы және мән беріп, жауап қайтаруы Өз ісіне білікті психолог вербальді және вербальді емес кең көлемді мәселелер мен жағдайлар барысында өз мінез-құлық ерекшеліктеріне жауап қайтарып, назар аударуды таба білу керек. Өз ісіне білікті емес психолог мінез-құлықтың әдеттегі барысына сай мән беруге икемді емес. Өз ісіне білікті психолог жағдайларға байланысты клиенттің әрекеттеріне баға беруге, тек өз пікірін айтуға ұмтылмайды. Өз ісіне білікті емес психолог үшін клиенттің әрекеті бір қалыпты, жаттанды болып көрінуі мүмкін. 3. Практикалық психологтың көзқарасы, тұжырымдамасы. Өз ісіне білікті психолог өз зерттеулеріндегі мәселенің және жеке адамға әрекет етудің күрделілігін және оларды бір тұжырымдаманың шеңберінде ғана қарап зерттеудің мүмкін еместігін түсінеді, өткені жұмыс ол барысында көптеген тұжырымдамаларды түсініп, пайдалануға тырысады. Өз ісіне білікті емес психологтың анық тұжырымдамасы болмайды, өзінің практикалық қызметіндегі жағдайларға көңіл аудара алмайды, өз жұмысын белгілі бір шеңбердің ішінде шектейді. Осындай бір сарынды тұжырымдаманың мазмұны оған көп жағдайда түсініксіз болып қла береді. 4. Практикалық психологтың мәдениетті түрде жемісті істі атқаруы. Өз ісіне білікті психолог көптеген ойларды, сөздерді және өзінің мәдениет тұрғысында тәртібінің үлгісін басқа мәдениеттің шеңберіндегі үлгілерімен шығаруға тырысады. Оның жеке басының және мәдениетінің дәрежесі, байқағыштығы мәдени бағытта іс-әрекетті атқара алуының негізі болып табылады. Мұның өзі өзіне көңіл аударған адамның (клиент) тіршілігіне араласа отырып, мәселелерді бірлесіп шешуіне жол ашады және де мұның өзі өз ісіне білікті психологқа бұрынғы түсінігінен бөлек өмір жолын табуға мүмкіндік береді. Сөйтіп, өз ісіне білікті психолог мәдени іс өнімділігін “Мен” деген тұжырымдаманың негізінде емес, өзіне көңіл аударған адаммен өзара қатынасқа байланысты. Жоғары мәдениеттілікті көрсететін практикалық психолог кәсібіне негізделген байланыстарғ байланысты жүзеге асырады. Өз ісіне білікті емес психолог “Мен” деген тұжырымдаманың мазмұны арқылы түсінетін бір шеңбер ішінде ғана іс-әрекет атқаруға шамасы келеді, ол өзінің мәдени өнімді іс-әрекетін жалпы мәдениеттің нормалары, мінез-құлықтың стандарты деп түсінеді. 5. Конфеденциальдылық (клиент тарапынан түскен құпияны сақтай алу қабілеті) Өз ісіне білікті психолог жұмыстағы құпия сақтай алуы әр уақытта көрініп тұрады. Ол психологиялық бағдарламаның мазмұнына және өзіне көңіл аударшының маңыздылығына бірден көңіл аударып отырады. Сондай-ақ, психологиялық ақпаратты тапсырушыны, өзіне көңіл аударушыны және психологиялық ақпаратпен пайдаланушны бір-бірінен нақты ажырата алады. Өз ісіне білікті психолог кәсіби қызметі барысында барлық қатысушылардың жауапкершілік шегін дұрыс түсінеді және оларды заң жүзнде бір-бірінен дұрыс ажыратып отыру жауапкершілігін жүзеге асырады. Өз ісіне білікті емес психолог құпиялылықты сақтай алмайды, психологиялық ақпараттарды таратып жіберуге, оларды сақтай алмауға икемділік танытады. 6. Практикалық психологтың іс-әрекетідегі шектеулер. Өз ісіне білікті психолог өзінің кәсіби қызметіне үнемі көңіл бөліп, өз мүмкіндіктері мен мамандық дәрежесін дұрыс бағалай алады. Өз мүмкіндіктерін дұрыс түсініп, соның шеңберінде жұмыс істейді. Өзіне ұқсас әріптестерімен психиатрлармен, терапевт-дәрігерлермен, психоневрологтармен, нейропсихологтармен және басқалармен бірігіп жұмыс істей алады. Өз ісіне білікті психолог өз жұмысына жеке басының “Мен-тұжырымдамасын” қолданудан аулақ тұрады. Оны тек қана кәсіби бағытта өсудің бір мүмкіндігі ғана деп санайды. Өз ісіне білікті психолог өзінің кәсіби бағытта өсу мәселесіне өз әріптестерімен кәсіби түрде қарым-қатынас жасаудың қажеттігі бар деп қарайды. Өз ісіне білікті психолог психолог өзіне көңіл аударған адамдарға: “Мен, бұл мәселелер төңірінде жұмыс істемеймін” – дегені оның өз ісін жете білмейтіндігін көрсетпейді, керісінше, сыпаылық танытып, бейтаныс істерден шектей отырып, өз үшін де, өзіне көңіл аударған адам үшін де тәжірибе жүзінде орынды үлгіні көрсетеді. Өз ісіне білікті емес психолог жауапсыз жұмыс істеп, кез-келген жұмысты қолға алады, іс жүзінде қолданыла алмайтын мәселелерге барады. Басқа өз ісіне білікті кәсіби дәрежесін танытамын деп, өз пікірі бойынша ған жұмыс істеуді қарастырып, өзінің “Мен - тұжырымдамасын ” психологиялық ақпараттың қайнар көзі деп санайды. Оның бұл мәселе төңірегіндегі көзқарасы: “Психолог ретінде менің жасағандарым қалайда, әрі әр кезеңде дұрыс, өйткені, мен солай деп санаймын” – деген сенімді ойда болады. 7.Практикалық психологтың жұмысындағы тұлғааралық әсері. Өз ісіне білікті психолог оның іс-әрекеті өзіне көңіл аударған адамдарға әсер ете алады, және де, керісінше, клиенттің әсері оған да ықпалын тигізетіні түсінеді. Өзіне көңіл аударған адаммен өзара тигізетін әсер деп түсініп, клиенттің өзіне әсерін өз сезіміндей, ойындай және мүмкіндігіндей, ықыласындай ескеріп, айқындайды, әрі түсінуге тырысады. Өзі ісіне білікті психолог мұны өзіне көңіл аударған адамның көңіл-күйін оның қобалжуын қайта сұрай отырып, ашық және жабық сұрақтарды қолдану арқылы жүзеге асырады. Өзіне көңіл аударған адамға мұның бәрінің әсер етуі, бір-біріне өзара әсер ететіндігі маңызды нәрсе, яғни мұның өзі ойларда, сезімдерде, тілектер мен мүмкіндіктерде болатын өзгерістерді көрсетеді. 8. Психологтың психологтың жұмысындағы адамның жетістегі. Психологтың жұмысында адамның жетістігі өзіндік құндылығымен сипатталады. Өз ісіне білікті психолог үшін өзіне көңіл аударған адамның адамгершілігін сыйлау, оның сол адаммен қарым-қатынас жасау барысындағы, оған психологиялық ақпараттар беруде пайдаланудағы аксиома болып табылады. Өз ісіне білікті психологтың жұмысының бір көрінісі өзіне көңіл аударған адамға психологиялық ақпаратты жеткізу ең басты нәрсе. |