ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение Как определить диапазон голоса - ваш вокал
Игровые автоматы с быстрым выводом Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими Целительная привычка Как самому избавиться от обидчивости Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам Тренинг уверенности в себе Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком" Натюрморт и его изобразительные возможности Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д. Как научиться брать на себя ответственность Зачем нужны границы в отношениях с детьми? Световозвращающие элементы на детской одежде Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия Как слышать голос Бога Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ) Глава 3. Завет мужчины с женщиной 
Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д. Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу. Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар. | Етістік нені білдіреді? Етістік нені білдіреді? 2. Етістік қандай сұраққа жауап берді? Дара етістікті ата. 4. Күрделі етістікті ата. 5. Болымсыз етістіктің жұрнақтарын ата. 6. Сабақты етістікке қай септік керек? 7. Салт етістікке қай септік керек? 8. Сабақты етістікті салтқа айналдыратын етіс түрі? 9. Салт етістікті сабақтыға айналдыратын етіс түрі? VII.1.Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын. 1.Тұйық етістік дегеніміз не? 2.Ол қалай жасалады? 3.Бір мысал ойла,септе. 4.Бір тұйық етістікті тәуелде. 2.Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын. 3.ББҮ кестесін оқушылар топпен бірге талқылап түсініреді. Білемін | Білгім келеді | Үйрендім | Аты айтылып тұрғандай етістіктің ерекше түрі.Жұрнақтар арқылы жасалады. | Ережесін ,қандай жұрнақтар арқылы жасалатынын,түрлене ма?,емлесін, | Зат есімдерше түрленіп,қимылдың,іс-әрекеттің атын білдіретін етістіктің ерекше түрін тұйық етістік дейміз. Тұйық етістік бір ғана –у жұрнағы арқылы жасалады. Етістіктің негізгі және туынды түбіріне,етіс және болымсыз етістік тұлғаларына жалғанады.Мысалы:бар-у,барғызба-у,ойла-у,ойна-у,қысқар-у,басқар-у, желбіре-у,көгер-у,кел-у,келме-у,келтірме-у,қуыл-у,қуыс-у,қуыспа-у т.б | VIII. Оқушылардың берген жауаптарына карай білімдерін бағалаймын. IX.Үйге тапсырма:Тұйық етістігі бар сөйлем құрастыру. Х.Бағалау Қазақ тілі 7-сынып 12.03.2016ж Сабақтың тақырыбы: Етістіктен өткенді қайталау Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың қазақ халқының қолөнерінің ішінде киіз үй және киіз үй ішін жабдықтайтын бұйымдары туралы білімдерін тереңдету, сөздік қорын байыту. Етістік туралы алған білімдерін тиянақтау, теориялық білімдерін практикамен ұштастыру. Дамытушылық:Оқушылардың зерттеушілік пен шығармашылық қабілеттерін ұштастыру, жинақтау, жинақтау, асыл сөз айшықтары арқылы ойлау қабілетін, тіл байлығын молайту. Тәрбиелік:Оқушыларды халқымыздың тілін, салт - дәстүрін білуге, қадірлеуге тәрбиелеу. Түзетушілік: Оқушылардың сөйлеу барысында айтылған дыбыстарын түзету. Сабақтың түрі: Қайталау сабағы Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, ойын элементтерін қолдану, ой-толғау, тест сұрақтарына жауап беру, жеке оқушылармен жұмыс жүргізу. Сабақтың көрнекілігі: компьютерлік слайдтар, электронды оқулық, суреттер мен кеспе қағаздар салынған қалташалар, киіз үйдің макеті, суреті т. б. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: А) Оқушылармен амандасу; Ә) Оқу - құралдарын түгелдеу; Б) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару; ІІ. Кіріспе: Отырықшы халықтар өмірінде жер шаруашылығы үлкен рөл атқарса, көшпелі халықтарда мал шаруашылығы маңызды болды. Қазақ көшпенділерінің салт - дәстүрі, діни - наным сенімі, тұрмысы көшпенділік өмірмен тікелей байланысып жатты. Көшіп - қону мал өсірушілерге маусымдық жақсы жайылымдарды пайдаланып отыруға мүмкіндік берді. Көшіп - қону көбінесе меридиан (оңтүстіктен солтүстікке) бағытымен жүрді. Ірі рулар мен олардың бөлімшелерінің қоныстары негізінен бір территорияда болды. Әрбір рудың өзінің көш жолдары болды. Қазақтың мал шаруашылығының өріс, қоныстары жылдың төрт маусымына қарай қыстау, көктеу, жайлау және күзеу деп төртке бөлінді. Жаздық жайылым қазақтардың ортақ пайдалануында болып келсе, көктеу мен күзеу бір орында болды. Қыстауда малшылар құйма кесектен қаланған үйлерде қыстады, жылдың басқа мезгілдерінде киіз үйлерде тұрды. Киіз үй көшпелілер үшін табиғаттай сұлу, кеңістікте үйлесімді шағын үй еді. Киіз үйді бір күнде, бір ғана адамның даналығы дүниеге әкелген жоқ. Ол көшпелі өмір салтымен бірге туып, біте қайнасты. Көшпенділер өздерін табиғаттың бір бөлшегіміз деп есептейді. Олар үшін аспан әлемі көк күмбез - барша тірліктің баспанасы. Ал, киіз үй болса, әркімнің шағын әлемі, әркімнің «көк күмбезі».«Табиғатпен тамырлас көшпелілер үшін киіз үйлерде тұру астамшылық емес, қажеттілік болған» Қазақтың киіз үйі - әр қазақ үшін тәуелсіздігі мен бостандығының, байлығы мен барлығының, рухани кісілігі мен қоғам алдындағы міндеттілігінің символы. Көшпенділерге көшіп қонуға ыңғайлы етіп 4, 5, 6, 7, 8, 10 қанатты және сән - салтанат құру мақсатында 12, 14, 16 қанатты етіп жабдықталатын болған. Қызығушылығын ояту: Киіз үйдің жабдықтарынан нені білеміз? - Біз бүгінгі сабағымызда осы киіз үйдің құрылысымен таныса отырып, берілген тапсырмалар арқылы етістік тақырыбынан алған білімімізді еске түсіреміз. ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 213 - жаттығу: Мысалдардан тек қана тұйық етістікті сөзді көшіріңдер. ІҮ. Үй тапсырмасын бекіту: “Етістік” тарауынан алған білімдеріңді тірек - сызба жасау арқылы түсіндіріңдер. Ү. Үй тапсырмасын қорытындылау: Етістіктен өткенді қайталау үшін берілген тест сұрақтарына жауап беру. Қайталауға арналған тест сұрақтары 1. Туынды етістікті табыңдар: А) сұра Ә) бөл Б) ойла В) қал 2. Ортақ етісті табыңдар: А) тарс Ә) жумас Б) жуыс В) дос 3. Ырықсыз етісті табыңдар: А) Айтқыз Ә) жуынды Б) орылды В) жәбірледі 4. Сабақты етістікті атаңдар: А) әкел Ә) көмектес Б) қалма В) жатыр 5. Омоним болатын етістік: А) кел Ә) бол Б) бақ В) отыр 6. Туынды етістікті табыңдар: А) ойын Ә) ойна Б) ойлы В) ой - қыр 7. Өздік етістікті табыңдар: А) көрінді Ә) көзгіз Б) көрсетіңіз В) көрісті 8. Ортақ етісті табыңдар: А) сыйлас Ә) құрдас Б) бармас В) достас 9. - дыр, - дір,- тыр,- тыр, - тір – қандай етістің жұрнағы? А) Өздік етіс Ә) Өзгелік етіс Б) Ырықсыз етіс В) Ортақ етіс 10. Субьектісі белгісіз әрекет қалай аталады? А) Өздік етіс Ә) Өзгелік етіс Б) Ырықсыз етіс В) Ортақ етіс «Ақыл — тозбайтын тон, Білім - таусылмайтын кен» - дей отырып қазақ тілі пәніне арналған оқулықпен жұмыс жасаймыз. (186-187 беттер) ҮІ. Дәптермен жұмыс: Төменде берілген күрделі етістіктердің қандай тұлғадағы сөздерден құралып тұрғанын анықта. Келе жатыр екен. Оқығалы келіпті. Оқып отыр. Жығылып қала жаздады. Баратын шығар. Келе алмай жүр ғой. Орналасса игі еді. Сұрағысы келіп жүрген көрінеді. Оқығым келеді. Сөйлесіп отырғандай боласың. Бөліп қарауға болмайды. Оқи алмайтын тәрізді. Үлгі: оқып отыр - күрделі етістік (оқып - негізгі етістік, отыр - көмекші етістік Дара етістіктерден күрделі етістіктер жаса: Еріді, жылады, күресті, оқыды, келді, жаттықты, жүгірді, айналдырды, бар, дайындал, қатыс, кел, шомыл, түс, ал, жарат, шық, тұр, қара. 1. Күрделі етістіктерді қатыстырып сөйлем құра. 2. Болымсыз етістіктерге айналдыр. ҮІІ. Жеке оқушылармен жұмыс:Сөйлемді тиісті етістіктер арқылы аяқта:Екі дос көшеде.... Алыстан бірнеше аттылар.... Қар жауып..... Мен сабақ оқып..... Мамам дүкеннен нан сатып.... Ол шелекті сұрап.... Қымыз – ерекше дәмді, құнарлы, адамның жан сарайын ашып, тәбетін шақыратын хош иісті өте пайдалы жылқы сүтінен алынған.... Берілген етістіктерді болымсыз етістікке айналдыр Сен мектепке бар... Сен дәптерге жаз... Тақтаға шық... Тақтаны сүрт... Ертең мектепке кел.. Жалғасын тап Досы көпті жау... Ақылы көпті дау... Дара етістіктерден күрделі етістіктер жаса Еріді, жылады, күресті, оқыды, келді, жаттықты, жүгірді, айналдырды, бар, дайындал, қатыс, кел, шомыл, түс, ал, жарат, шық, тұр, қара. 1. Күрделі етістіктерді қатыстырып сөйлем құра.Ø 2. Болымсыз етістіктерге айналдыр.
Мына етістіктерден есімшенің және көсемшенің үш түрін жасаңдар: істеу, орындау, түсу, көрсету, жасау, бару. ҮІІІ. Сергіту сәті: Ойынымыздың аты «Өсер елдің жігіті бірін - бірі батыр дейді...» деп аталады. Қазір мына гүлді бір - бірімізге ұсына отырып, мақтау айтып, жақсы тілек жолдаймыз. Мысалы мен: « Сіз бүгін сондай сүйкімді болып тұрсыз. Лайым жүзіңнен күлкі кетпесін»,- деймін. Келесі оқушы әрі қарай жалғастырады. - Ұлттық ұғымда киіз үй және оның әрбір құрамдас бөлшегі қасиетті болып саналады. Соған лайық ата - бабаларымыз әрбәр затқа лайық ұлықтау, теңеу, бейнелеу сияқты ойлы ұғымдармен бірге тәрбиелік мәні бар қағидалы, қанатты сөздер де шығарған. Ол қағидалы сөз – Шаңырақтан басталған. Атадан балаға мұра болып келе жатқан үйді Қара шаңырақ деп қастерлейді. Қара шаңыраққа сәлем беру, одан дәм тату - ежелгі халық жоралғысы. Шаңырақ деген сөз «Үй, отбасы» деген тұтас ұғымды бейнелейді. «Шаңырағың биік болсын!» деген батаның ең үлкені болса, «Шаңырағың ортасына түссін деген!» деген қарғыстың ең ауыр түрі болып саналады. Шаңырақты аттамайды, көшкенде жеке түйеге артып, көштің алдында жүргізеді. Киелі шаңырақ бейнесі біздің Қазақстан Республикасының Елтаңбасында да көрініс тапқан. - Ал балалар, шаңырақ бейнесін елтаңбаға салудың мәні неде деп ойлайсыңдар? ІХ. Ойтолғау: «Бір ШАҢЫРАҚ АСТЫНДА бірлігіміз жарасқан» Х. Қорытындылау: Бір минутта кім қанша сұраққа (өте қысқа, тез) жауап береді? 1. Қазақ халқы үшін киіз үйдің маңыздылығы неде? 2. Киіз үйдің бөлшектері. 3. Киіз үйдің жабулары 4. Киіз үйдің ең алғаш орнатылатын бөлшегі не? 5. Киіз үйдің ішкі және сыртқы бауларын ата. 6. Киіз үйдің жасауларына тоқталып өт. 7. Етістік нені зерттейді? 8. Етістік қандай сұрақтарға жауап береді? 9. Күрделі етістікті ата. 10. Болымсыз етістіктің жұрнақтарын ата. 11. Сабақты етістікке қай септік керек? 12. Салт етістікке қай септік керек? 13. Етіс дегеніміз не? 14. Салт етістікті сабақтыға айналдыратын етіс түрі. 15. Етісте етістің жұрнағы бар ма? ХІ. Бағалау:Сабаққа белсенді араласып, сұрақтарға жауап беріп отырған оқушылар бағаланады. ХІІ. Үйге тапсырма беру:Шаңыраққа, дастарханға берілетін бата түрлерін жаттап келу, ішінен етістіктің түрлерін ажырату.
Қазақ тілі 7-сынып 14.03.2016ж Сабақтың тақырыбы: Өздік жұмысы Сабақтың мақсаты: Білімділік:етістіктер бойынша алған білімдерін тексеруде өздік жұмысы орындату; Дамытушылық: оқушылардың есту, ойлау қабілеттерін, сөздік қорын, сөйлеу тілдерін дамыту; Тәрбиелік: оқушыларды тиянақтылыққа тәрбиелеу. Түзетушілік: оқушылардың сөйлеу барысында айтылған дыбыстарын түзету; Сабақтың түрі: қорыту-жинақтау сабағы Сабақтың әдістері: бақылау тапсырмалары Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеп, зейіндерін сабаққа аудару. Бақылау қағаздарын таратып, тапсырмаларды түсіндіру. 2.Бақылау тапсырмаларын орындату «Көктем» мәтіні берілген. Көктем Бір жылда төрт жыл мезгілі болады. Олар: жаз, күз, көктем, қыс. Әр жыл мезгілінің өз ерекшелігі бар. соның ішінде маған ұнайтын жыл мезгілдерінің бірі – көктем. Себебі бұл кезеңде табиғат жаңарып, жан-жануарлар көбейеді. Көктем айларында көптеген мерекелер аталып өтіледі. Осы мезгілге сай көктемнің алғашқы мерекесі аналар күні. Жер дүниенің жаңару күні «Наурыз», ғарышкерлер мерекесі, бейбітшілік мейрамы, Ұлы жеңістің мерейлі тойы – осы көктемнің еншісіндегі атаулы күндер. Көктемнің басқа жыл мезгілдеріне қарағанда ерекше өзіндік орны бар. Мен жыл мезгілдерінің ішінде көктем айларын ұнатамын. Күн жылынысымен біз мектеп ауласын тазалап, бүкілқалалық сенбілік күні әрқайсымыз өз ауламызды тазалаймыз. Ағаштар отырғызамыз, түрлі гүлдер егеміз. «Тазалық – денсаулық кепілі»,- деп қазақ атам тегін айтпаған. Ендеше әрбіріміз өз қаламыз бен оқитын мектебімізді, ауламызды көгертуге атсалыссақ нұр үстіне нұр болары сөзсіз! Сондықтан тазалық пен көгерудің көзі - көктем айын жақсы көремін! Менің көктем туралы ойға түйгенім осындай. Көктем айы бәрімізге денсаулық, береке, бірлік, тыныштық әкелсін! 1.Мәтіндегі етістіктерді тауып, оларды тіркесіп тұрған сөздерімен көшіріп жаз. 2. Мәтіндегі 1,2-абзацтардағы етістіктерді құрамына, тұлғасына, мағынасына қарай талдаңдар. Сабақты қорыту. -Бүгін сабақта не істедік? Бағалау. Үйге тапсырма: өткенді қайталау Қазақ тілі 7-сынып 14.03.2016ж Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы Сабақтың мақсаты: Білімділік:өткен тақырыптар бойынша білімдерін тексеру; Дамытушылық: оқушылардың есту, ойлау қабілеттерін, сөздік қорын, сөйлеу тілдерін дамыту; Тәрбиелік:оқушыларды өз беттерімен жұмыс істеуге тәрбиелеу; Түзетушілік: оқушылардың сөйлеу барысында айтылған дыбыстарын түзету; Сабақтың түрі: қайталау сабағы Сабақтың әдістері: тапсырмалар Пәнаралық байланыс: Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: - Сәлеметсіңдер ме, балалар. -Аппараттарың бар ма? - Бүгін аптаның қай күні? - Қазір қай сабақ? - Өткен сабақтың тақырыбы қандай? - Үйге қандай тапсырма берілді? 2. Тапсырмаларды түсіндіру. 3.Тапсырмаларды орындату. |