Тапсырманы ауызша орындау. 7 страница Алға қарай озбайық. Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш. 5.Суретпен жұмыс:  Суретке қарап жазғы тау көрінісі мен қысқы тау көрінісі салыстыра суреттеңдер. Сөйлем ішінде есімше мен көсемшені қолданып, жұрнақтарының астын сызыңдар. 6.Сабақты шағын ауызша тестілеу жұмысы арқылы бекіту: 1.Қазақ тілінде неше сөз табы бар? 9,8,7,6 2.Көсемше қай сөз табынан жасалады?есімдік, етістік, зат есім, үстеу 3.Көсемшенің жұрнақтары:қан,-кен, ған,-ген, -ып,-іп,-п. 4.Көсемше тұлғасындағы сөз тіркесін тап: барған жоқ, айтып кел, ауылға кел, сабақты оқы 5.Көсемшенің жұрнақтары нешеу?5,8,9,10 6.Көсемше тұлғасындағы сөйлемді тап. Жауға аттануға рұқсат сұрады. Ақботаны да көргім келеді. Абай мұны біліп жүр еді. Үйге: Ережені түсініп оқу. 177 беттегі 203-204 жаттығуларды берілген үлгі бойынша орындау. Бағалау. Қазақ тілі 7-сынып 07.03.2016ж Сабақтың тақырыбы: Көсемшенің сөйлемдегі қызметі Сабақтың мақсаты: Білімділік:Нақты мысалдар келтіре отырып, көсемшенің сөйлемдегі қызметі жайлы түсінік беру Дамытушылық: Оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу, өзінің ойын еркін жеткізуге дағдыландыру. Тәрбиелік:Халқымыздың тарихына, әдебиетіне, ұлы тұлғаларға деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Адалдыққа, адамдыққа тәрбиелеу. Түзетушілік:Оқушылардың сөйлеу барысында айтылған дыбыстарын түзету. Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: шаттық шеңбері, тест, Блум таксономиясы, ойын, топтастыру, сұрақ-жауап, рефлексия Сабақтың көрнекілігі: сызбалар , кітаптар, үлестірмелі карточка Пәнаралық байланыс: тарих, музыка, қазақ тілі, орыс тілі, Сабақтың барысы: І. Кіріспе Ұйымдастыру. Шаттық шеңбері Сыныпты сабаққа ұйымдастыру (ынтымақтастық атмосфера орнату) Шаттық шеңберін құрады: «Сен әдемі сөздерді білесің бе?» ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Тест сұрақтары 1 Есімшенің тәуелденуі А) берермін В) берерім С) берерден 2. Адасқанның айыбы жоқ.Есімшенің сөйлемдегі қызметі А) анықтауыш В) бастауыш С) пысықтауыш 3. Көп сөйлегенді ұнатпаймын. Есімшенің сөйлемдегі қызметі А) толықтауыш В) бастауыш С) анықтауыш 4. Есімшенің көпше түрде жіктелуі А) келгенмін В) келгенбіз С) келгенде 5. Есімшенің септелуі А) көрмесім В) көрмеспіз С) көрместен 6. Ол өзен жағасына бармақ болып тысқа шықты.Есімшенің сөйлемдегі қызметі А) пысықтауыш В) толықтауыш С) анықтауыш Бермегенді беріп ұялт. Есімшенің сөйлемдегі қызметі А) пысықтауыш В) толықтауыш С) бастауыш Еңбек етсең емерсің. Есімшенің сөйлемдегі қызметі А) бастауыш В) пысықтауыш С) баяндауыш ІІІ.Жаңа сабақтың тұсаукесері Көсемшенің сөйлемдегі қызметі жайлы түсінік беру 1.Көсемше жіктеліп келіп немесе күрделі етістіктің құрамында негізгі етістік көсемше тұлғалы болып, ал көмекші етістік жіктеліп келіп баяндауыш қызметін атқарады. Мысалы: Жұмабайдың қалаға бұ жолы не жұмыспен барғанын Абай дәл білмейді. (М.Әуезов) 2.Көсемше қимылдың, іс-әрекеттің амалын, жай-күйін, мақсатын, себебін, мезгілін білдіріп, пысықтауыш қызметін атқарады. Мысалы: Ескі бише отырман бос мақалдап, Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап. (Абай) 3.Кейде көсемше тұлғалы етістік жіктеліп келген баяндауышпен, есімшеден болған анықтауышпен, септеліп келген есімшемен, тұйық етістіктен болған толықтауышпен бірыңғай мүше болып келіп те қызмет атқарады. Мысалы: Осы жақта бір қарт атамыз бар дегенге жолығып, қолын алып, бір-екі ауыз ақыл сұрайын деп едім. (Ы.Алтынсарин) IV.Жаттығу жұмысы 205-жаттығу Көсемшелерді тауып, сұрақ қою арқылы олар сөйлемнің қай мүшесі екенін анықтаңдар. Тақтада жұмыс Төменде берілген сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдау жасау Мүсіреп пен Ұлпан қатар шауып келеді. Атпен бірге жаралғандай ұшып барады. V.Сергіту сәті. Музыкалық әуенмен дене қимылдарын қозғалтатын жаттығулар орындатқызу VІ.206-жаттығу Мақал-мәтелдерден көсемшелерді тауып, олардың қай жақта жіктеліп тұрғанын айтыңдар және тұлғалық талдау жасап, сөйлемнің қай мүшесі екенін анықтаңдар. VІІ.Сабақтың қорытындысы: 1 Көсемше дегеніміз не? 2 Көсемшенің жұрнақтары қандай? 3 Көсемше қалай түрленеді? 4 Көсемшенің сөйлемдегі қызметі қандай? VІІІ.Үйге тапсырма. 190-жаттығу, 119 бет ІХ.Бағалау Қазақ тілі 7-сынып 09.03.2016ж Сабақтың тақырыбы: Тұйық етістік Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушылардың тұйық етістік туралы білім көзін толықтыруына жағдай тудыру. Дамытушылық: оқушының іздену, есте сақтау, қажетті ақпаратты қорыта білуі мен шығармашылық қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: тіл сабағындағы мақал - мәтелдерді, мысалдарды талдай отырып, білімділікке, адамгершілік қасиеттерге баулу. Түзетушілік:Оқушылардың сөйлеу барысында айтылған дыбыстарын түзету. Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы. Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру. Сабақтың байланысы: әдебиет, өмірмен байланыстыру. Сабақтың көрнекілігі: таблица, кеспелер Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды түгендеу; - Бүгін аптаның қай күні? - Қазір нешінші сабақ? - Қай сабақ? - Сыныпта кім кезекші? - Сыныпта кім жоқ? - Үйге қандай тапсырма берілді? Психологиялық дайындық: Мейірімді жүрекпен, Ақпейілді тілекпен, Амандасып алайық, Бір жадырап қалайық Көк аспанда – Күн күлсін! Бірге күлсін бүлдіршін Көк аспанда күн күлсін Жерге ұдайы нұр құйсын! ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. А) Көсемше дегеніміз не? Ә) Көсемшенің жасалу жолдары қандай? Б) 207 - жаттығу. Берілген тіркестерден сөйлем құрап жаздыру. 1. Еркін дем алып, еркіндік туып тұр, масайрасып, анасы келгелі, кері қайтқалы, сағынады, таянбайды, аянбайды. 2. Төрт түлік мал, ауыл тақырыбына көсемше, есімшелерді қатыстырып, шағын шығарма жаздыру. ІІІ. Жаңа сабақ Тұйық етістік бір ғана – у жұрнағы арқылы жасалады. Тұйық етістік етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына жалғанады. Мысалы: бар - у, барғызба - у, ойла - у, ойна - у, қысқар - у, басқар - у, желбіре - у, көгер - у, кел - у, келме - у, келтірме - у, қуыл - у, қуыспа - у, т. Б IV.Оқулықпен жұмыс 1. 208- жаттығу. Тұйық етістіктерді теріп жаздырып, түбірі мен қосымшасын ажыратып жаздыру. Сыйлама - у - шылық, сыйла - ма - у, ет - у, ашығ - у - ға, бер - у, сұра - у. 2. 209- жаттығу. Көшіріп жаздырып, тұйық етістіктің астын сыздыру, сұрақ қойдыру. Ауыл жанындағы суда жүрген құсты атуға, үркітуге болмайды. Халық жердің, судың, ауаның тазалығын сақтауды ежелден қадірлей білген, өсімдіктерді құрып кетуден сақтау үшін жиі - жиі қоныс аударып отырған. Ақыл – парасат күші – адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнерді ұғынуына және жақсы қылық пен жаман қылықты айыруына көмектесетін күш. Өз мініңді көруден басқаның мінін көру оңай. 3. Тақтадағы таблицалардағы мына сөздерге әрі тұйық етістік ретінде, әрі зат есім ретінде қолданып, сөйлем құрату. Егеу. Жабу. Басу. Оқу. V. Сабақты қорытындылау. Сабақты бекіту сұрақтары: А) Тұйық етістік дегеніміз не? Ә) Тұйық етістік қандай жұрнақ арқылы жасалады? V. Оқушыларды бағалау. VI. Үйге тапсырма: 210 - жаттығу. VІI.Бағалау Қазақ тілі 7-сынып 11.03.2016ж Сабақтың тақырыбы: Тұйық етістіктің емлесі Сабақтың мақсаты: Білімділік: етістік және оның жасалу жолдары, мағыналық топтары туралы алған білімдерін толықтыру. Дамытушылық: оқушылардың ой - өрісін, сөйлеу мәдениетін дамыту, ұлттық танымын кеңейту, шығармашылық қабілетін ояту. Тәрбиелік: оқушыларды ата - баба кәсібін құрметтеуге, алдына мақсат қоя білуге, еңбек сүйгіштікке, халқын, елін сүйе білуге тәрбиелеу. Түзетушілік:Оқушылардың сөйлеу барысында айтылған дыбыстарын түзету. Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту Сабақтың әдісі:сұрақ - жауап, ой бөлісу, сын тұрғысынан ойлап талдау Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, тірек сызбалар Пәнаралық байланыс: әдебиет Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру Оқушыларды түгендеу; - Бүгін аптаның қай күні? - Қазір нешінші сабақ? - Қай сабақ? - Сыныпта кім кезекші? - Сыныпта кім жоқ? - Үйге қандай тапсырма берілді? Психологиялық дайындық: Мейірімді жүрекпен, Ақпейілді тілекпен, Амандасып алайық, Бір жадырап қалайық Көк аспанда – Күн күлсін! Бірге күлсін бүлдіршін Көк аспанда күн күлсін Жерге ұдайы нұр құйсын! 2) Үй тапсырмасын тексеру (үйге ақыл - нақыл сөздер) Негізгі кезең: «Ой қозғау» Нені үйрендік? (өткенді шолу) 1. Етістік дегеніміз не? 2. Қандай сұрақтарға жауап береді? 3. Етістіктің құрамдық түрлерін атаңыз? 4. Болымсыз етістіктің жұрнақтарын атаңыз? 5. Табыс септіктегі сөзді қажет ететін етістікті атаңыз? 6. Табыс септіктегі сөзді қажет ететін етістіктер қалай аталады? 7. Етістіктер нешеге бөлінеді? Атап беріңіз 8. Есімшенің жұрнақтарын атаңыз? 9. Көсемшенің жұрнақтарын атаңыз? 10. Тұйық етістік қандай жұрнақтар арқылы жасалады? 11. Тұйық етістік жіктеле ме? 12. Жазу етістігін септеңіз? 3)Жаңа сабақ:Тұйық етістіктің емлесі Соңғы дыбысы и,й,к,қ,п,ы,,і болатын етістіктерге тұйық етістіктің –у жұрнағы жалғанғанда,мынадай өзгерістер болады. Емле Мысал Й+у-Ю жай+у-жаю И+у-ю жи+у-жию К+у-гу төк+у-төгу Қ+у-ғу жақ+у-жағу Ы+у-у оқы+у-оқу І+у-у жекі+у-жеку Йы+у-ю байы+у-баю Йі+у-ю кейі+у-кею П+у-бу жап+у-жабу Тұйық етістік әрі заттық,әрі қимылдық мағынада қолданылады. Заттық мағына Қимылдық мағына Көсеуді әперші Отты көсеу керек Сабаумен жүн сабайды Малды сабауға болмайды Жасау-қызға жиналған Нағыз домбыраны шебер жасау керек. Дүние-мүлік Оюдың түр-түрімен таныстық Ұлттық нақышты ескере ою қажет. 3.«Ойлан, тап?!» тапсырмасы (Тұйық етістіктерді тауып, қай септікте тұрғанын ажыратамыз) 1. Оруға, жүргізуді 1. Жұлу, сұрасудан 2. Оқуым, бұзуды 2. Жазудың, күлу 3. Соғу, айтысуымен 3. Көрісу, егісу 4.Оқулықпен жұмыс. 211 - жаттығу 5.Сергіту сәті «Вокзалда» биі 6. «Ой толғау» - Екі көзің не үшін қажет? - Жақсыларды көру үшін. - Екі қолың не үшін керек? - Елге көмек беру үшін. - Құлақ деген не үшін керек? - Ақыл - кеңес тыңдау үшін. - Тіл мен жағың не үшін керек? - Ақиқатты айту үшін? - Ал аяғың? - Шетте жүрсем, туған жерге қайту үшін. Иә, туған жерге жету үшін екі аяғың қандай қажет болса, қазақ тілінің дәрежесінің жоғары болуына тұйық етістіктің де қосар үлесі зор. 7. Білімді бекіту. Сұрақтар арқылы «Кім жылдам?» 1. Буын, оның түрлерін қарастыратын тіл білімінің саласы? 2.- дыр, - дір, - тыр, - тір жұрнағы арқылы жасалатын етіс түрі? 3. Тұйық етістіктің түрленуі? 4. Тұйық етістік қалай жасалады? 5. Тұйық етістік омоним бола ала ма? 6. Үнемі көмекші етістіктерді ата. 7. Сабақты етістікке қай септік ерек? 8. Сабақты етістікті салт етістікке айналдыратын етіс түрі? 8.Үйге тапсырма:«Ауылым менің – ажарым» (тұйық етістіктерді қатыстыра отырып шағын әңгіме құрастыру) 9.Бағалау. Қазақ тілі 7-сынып 10.03.2016ж Сабақтың тақырыбы:Тұйық етістіктің қызметі Сабақтың мақсаты: Білімділік:оқушыларға тұйық етістік туралы түсінік, олардың жасалуы мен тұйық етістіктің емлесі жайлы толық мәлімет беру. Дамытушылық:ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру. Тәрбиелік;елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Түзетушілік: Оқушылардың сөйлеу барысында айтылған дыбыстарын түзету. Сабақтың түрі:жаңа сабақ Сабақтың әдісі:түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау. Сабақтың көрнекілігі:дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар. Сабақтың формалары:жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу. Сабақтың типтері:ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау. Сабақтың барысы: І) Ұйымдастыру кезеңі. 1.Сәлемдесу. 2. Кезекші мәлімдемесі. 3. Журнал бойынша түгелдеу. 4. Жаңа сабаққа дайындық. ІІ) Үй тапсырмасын сұрау. 1.Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру. 210-жаттығу. Мына тіркестерден сөйлем құрап жазыңдар. Еркін дем алып,еркіндік туып тұр,масайрасып, анасы келгелі,кері қайтқалы,сағынады,таянбады,аянбады. 2. Өткен сабақты бекіту 1.–Есімше дегеніміз не? 2. -Есмшелер қандай жұрнақтар арқылы жасалады? 2.-Есімше сөйлемде қандай қызмет атқарады? 3.-Көсемше дегеніміз не? 4.-Көсемше қандай жұрнақтар арқылы жасалады? ІІІ) Жаңа сабақты түсіндіру. Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Тұйық етістіктің қызметі» тақырыбын ББҮ кестесі арқылы түсінемін. Білемін | Білгім келеді | Үйрендім | Аты айтылып тұрғандай етістіктің ерекше түрі.Жұрнақтар арқылы жасалады. | | | Түйық етістік—етістіктің ерекше түрі. Мағынасы жағынан ол қимылдың, іс-әрекеттің атын білдіреді де, шақпен де, жақпен де байланысты болмайды.сөйтіп, тұйық етістік қимылдың, іс-әрекеттің атауы ретінде қолданылады да, етістік тұлғаларына тән шақтық мағынаны да, жақтық мағынаны да білдірмейді. Тұйық етістік етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына -у жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: сұра-у, бар-у, кел-у, т.б. бұл сөздер қимыл, іс-әрекеттерінің атын білдіріп, солардың атауы болып түр. Сондықтан да тұйық етістік заттық мағынада, зат есім мәнінде жиі қолданылады. Тіпті тұйық етістіктердің кейбірі белгілі заттың, көбіне құралдың атын білдіріп, зат есім болып кеткен. Тілімізде көсеу (отты, шоқты көсейтін темір құрал), сабау (жүнді сабайтын шыбық), т.б. сияқты зат есімдер тұйық етістіктен жасалған. Мысалы: Көсеу ұзын болса, қол күймейді. Тұйық етістік зат есім сияқты түрленеді. Тұйық етістік тікелей септеле де көптеле де, тәуелдене де алады. Бірақ жіктелмейді. Тұйық етістікке көптік жалғауы жалғанса, одан кейін тәуелдік жалғауы жалғанып қолданылады. Сөйтіп, зат есімдерше түрленіп, шақпен де, жақпен де байланысты болмай, қимылдың, іс-әрекеттің атын білдіретін етістіктің ерекше түрін тұйық етістік дейміз. Тұйық етістіктің емлесі. 1.Дауыссыз дыбыстарға біткен етістіктерге тұйық етістіктің -у жұрнағыдауысты болып жалғанады: бар-у, кел-у, т.б. Дауысты дыбыстарға біткен етістіктерге тұйық етістіктің -у жұрнағы дауыссы болып жалғанады: ойна-у, сөйле-у, т.б. 2. Дауысты ы, і дыбыстарына біткен етістіктерге тұйық етістіктің -у жұрнағы жалғанғанда, түбірдің соңындағы ы, і дыбыстары жазылмай, у дыбысының құрамына еніп кетеді де ол (у) дауысты болып есептеледі. Мысалы: оқы+у—оқу, тасы+у—тасу, т.б. 3. Қатаң п, қ, к дыбыстарына біткен етістіктерге тұйық етістіктің -у жұрнағы жалғанғанда, түбір соңындағы п дыбысы б-ға, қ дыбысы ғ-ға, к дыбысы г-ға айналып кетеді. Мысалы: ақ+у—ағу, кеп+б—кебу, т.б. Білемін | Білгім келеді | Үйрендім | Аты айтылып тұрғандай етістіктің ерекше түрі.Жұрнақтар арқылы жасалады. | Ережесін ,қандай жұрнақтар арқылы жасалатынын,түрлене ма?,емлесін, | | IV.Дәптермен жұмыс: Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 211-жаттығу.Тұйық етістіктерді теріп жазып,түбір мен қосымшасын ажыратыңдар. Келесі тапсырма212-жаттығу. Мысалдардан тек ғана тұйық етістікті сөзді көшіріңдер. V.Тақтамен жұмыс: 213-жаттығу: Мына сөздерге тұйық етістіктің –у жұрнағын жалғап жазыңдар. .(оқушылар оқулықтағы жаттығу барысын орындап болған соң,оңнан солға қарай көршісіне беріп,тексертеді,бір-бірлерінін қатесін жөндейді) VI.Сергіту сәті: Кім жылдам? |