МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

Тапсырманы ауызша орындау. 4 страница





Сабақты қорыту.

- Балалар, біз бүгін қандай тақырыппен таныстық?

- Осы сабақты қалай түсінгеніңізді қазір қорытындылаймыз. Мен сөздер оқимын, ал сендер өздеріне дәптерге түртіп отырасыз. Егер де етістік дара болатын болса O, күрделі етістік болса Δ белгілерін қоясыз. Және «Иә» «жоқ» деген жауап бересіз.

Ашылды. Жылады. Ойнап отыр еді. Барып келді. Жүгіріп жүр. Гүлдеді

Еріді. Кісінейді. Еріп жатыр. Оқып жүр. Жыртылды. Созып тұр. Толқып жатыр. Тексереміз.

Бағалау.

Үйге тапсырма беру. 175-жаттығу

 

Қазақ тілі 7-сынып 10.02.2016ж

Сабақтың тақырыбы: Болымды және болымсыз етістік.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: болымды және болымсыз етістіктердің жасалуы туралы түсіндіру арқылы оқушылардың етістіктер туралды білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: тапқырлыққа, өз көзқарасын жүйелі де тиянақты баяндауға, мәлімдеуге, өнер-білімге құштарлығы мен дүниетанымын кеңейтуге баулу.

Тәрбиелік: адамгершілікке, Отанын сүюге, өнерлі болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, қызығушылығын ояту, мағынаны тану, ой-толғаныс.

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі -/оқушылармен сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, оқу құралдарын ретке келтіру, бақылау/

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Сыныпқа сұрақ қою:

1.Етістік дегеніміз не?

2.Тұлғасына қарай қалай бөлінеді?

3.Құрамына қарай ше?

4.Дара және күрделі етістік дегеніміз не?

 

Дара / Бір ғана түбірден тұрады/

Етістіктер

Күрделі /екі я одан да көп сөзден тұратын, бір ғана мағынаны білдіріп, бір ғана сұраққа жауап беретін,

Бір ғана сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын етістіктер/

ІІІ.Жаңа сабақ.

Болымды және болымсыз етістік.

Іс-әрекеттің жүзеге асу-аспауына қарай
Болымды Болымсыз
Іс әрекеттің жүзеге асуын білдіреді. Мысалы:кел, санады, жаздыр, барды т.б. Іс әрекеттің болмауын, жүзеге аспауын білдіреді. Негізгі және туынды етістікке -ма,-ме, -ба,-бе, -па, -пе жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы: келме, санамады, жаздырма, бармады т.б.

 

2.Тақтаға мысалдар жазу: Болымды етістіктер бойынша:

Мен сабақ оқыдым.

Мен сабақ оқып отырмын.

Мен сабақ оқымақпын.

IV.Ой толғаныс.

Берілген болымды етістіктерден болымсыз етістік жасаңдар:

Бар-барма асық-асықпа бөгел-бөгелме ти-тиген емес

Көр-көрме жүгір-жүгірме сүрін-сүрінбе ұмыт-ұмытпа

Сыз-сызба шула-шулама күл-кұлме жоғалт-жоғалпа

Тіз-тізбе айқайла-айқайлама жағалас-жағаласпа атта-аттама айт-айтпа тарық-тарықпа

сыз-сызған жоқ секір-секірме боя-бояма

Түс-түспе кешік-кешікпе теп-тепкен жоқ

Ескертпе: болымды етістіктерге жоқ, емес көмекші сөздерінің тіркесіп келуі арқылы да болымсыз етістік жасалады.

Барған, келген –барған жоқ, келген емес



Айтқан, кеткен-айтқан жоқ, кеткен емес

Салатын-салатын емес т.б.

176-жаттығу: Болымды етістіктен болымсыз етістік жасаңдар.

177-жаттығу. Мәтінді оқыңдар. Мәтін мазмұны бойынша өз ойларыңда айтыңдар. Мәтіннен етістіктерді тауып, олардың түрін анықтаңдар.

V.Тестік жұмыс арқылы сабақты қорытындылау.

1.Болымсыз етістіктің жұрнағын табыңыз.

А) –а, -е. В) –ба, -бе. С) –жоқ. D) –емес. E) –ды, -ді.

Дұрыс жауап: В

2. Болымсыз етістікті табыңыз.

А) Мекендейді.В) Болады.С) Жазып отыр.D) Ұзын болады.E) Көрінбейді.

Дұрыс жауап: Е

3. Болымсыз етістігі бар сөйлемді табыңыз.

А) Табиғат- халық қазынасы.

В) Адамдардың табиғатсыз күні болмайды.

С) Табиғаттың байлығын қорғай білуіміз керек.

D) «Халықаралық табиғат қорғау қоғамы» құрылған.

E) Қазақстанда аң-құстар, өсімдіктер қамқорлыққа алынған.

Дұрыс жауап: В

4.Сөйлемнен болымсыз етістікті табыңыз.

Жаңбыр жауса, біз ешқайда бармаймыз.

А) Жаңбыр В) Жауса. С) Біз. D) Ешқайда. E) Бармаймыз.

Дұрыс жауап: Е

5. Негізгі етістікті көрсетіңіз.

А) Аяқта. В) Жу. С) Тісте. D) Жуын.E) Баста.

Дұрыс жауап: В

6. Етістік тудырушы жұрнақты көрсетіңіз.

А) –шы. В) –у. С) –ла. D) –ға. E) –рақ.

Дұрыс жауап: С

7.Туынды етістікті табыңыз.

А) Мырзалық. В) Жеңілдік. С) Сәндік. D) Ойлану. E) Тазалық.

Дұрыс жауап: D

8.Күрделі етістікті көрсетіңіз.

A) Есептеледі.B) Қарамаған.C) Басылған.D) Сенеміз.E) Кездесіп тұрады.

Дұрыс жауап: E

Үй тапсырмасы:

1.Ережені түсініп оқу;

2. 178-жаттығу.

ҮІІ. Бағалау.

 

 

Қазақ тілі 7-сынып 11.02.2016ж

Сабақтың тақырыбы: Болымсыз етістіктердің жазылу емлесі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: болымды және болымсыз етістіктердің жасалуы туралы түсіндіру арқылы оқушылардың етістіктер туралды білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: тапқырлыққа, өз көзқарасын жүйелі де тиянақты баяндауға, мәлімдеуге, өнер-білімге құштарлығы мен дүниетанымын кеңейтуге баулу.

Тәрбиелік: адамгершілікке, Отанын сүюге, өнерлі болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, қызығушылығын ояту, мағынаны тану, ой-толғаныс.

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі -/оқушылармен сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, оқу құралдарын ретке келтіру, бақылау/

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Сызба арқылы өткен тақырыптарға шолу жасайды

Етістік – етістіктің түрлері ....

ІІІ. Жаңа сабақ

3.1. Тақтаға сөйлемдер жазылады. Сол сөйлемдерді оқи отырып болымды- болымсыз етістіктердің жасалуын еске ала отырып, болымсыз етістіктердің емлесін шығарады.

Аспан әлеміндегі сан мыңдаған жұлдыздар ерекше көз тартады.

«Айды саусағыңмен көрсетпе» деген ырым бар.

Ол ауылға көптен бері барған жоқ.

Мен бұл киноны бұрын соңды көрген емеспін.

3.2.Оқулықпен жұмыс

180-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы. Өлең жолдарындағы етістіктерді тауып, олардың мағынасын аш. Болымсыз етістіктердің қалай жасалғанын айтыңдар.

- Бұл кімнің өлеңі?

- Өлеңдегі ғибрат сөздерді түсіндіріңдер.

3.3. Шағрмашылық жұмыс

Оқушыларды екі топқа бөлемін. І топ тыйым сөздер жазады. ІІ топ тілек сөздер жазады.

Құдайым жарылқасын , бай қылсын ! Төрт түлігін сай қылсын ! Кетпес дәулет берсін, Кең пейіл берсін !  
І топ ІІ топ

Есікті қатты ашпа .

Қатты серпіп жаппа .

Таяққа сүйенбе,

Бүйіріңді таянба .

Малды теппе ,

Ақты төкпе .

3.4.Тест жұмысы

1.Етістік нені білдіреді ? А. заттың атын білдіреді Б. заттың сапасын білдіреді В. заттың қимылын,іс-әрекетін білдіреді 2. Етістік тұлғасына қарай нешеге бөлінеді ? А. 1 Б. 4 В. 2 3. Дара етістіктерді табыңдар А. оқып отыр Б. жүгірді В. айтар-айтпас 4. Туынды етістікті көрсет А. шегеледі Б. жүр В. айт 5. Етістік құрамына қарай неше бөлінеді ? А. 5 Б. 2 В. 3 6. Негізгі етістікті тап А. Келеді Б. Екен В. Еді 7. Дара етістікті көрсет А. Барып кел Б. Баста В. Уәде берді 8. Етістіктің сұрақтарын тап А. кімге ? неге ? Б. не істеді ? қайтеді ? В. қашан ? қалай ? 9. Көмекші етістікті көрсет А. оқыды Б. екен В. жазды 10. Күрделі етістікті тап А. әңгімелесті Б. айтысты В. жығылып қалды

 

3.5.Сәйкестендіру тесті
Сабаққа бұзба
Суға жүгірме
Үлкеннің сөзін түкірме

Құс ұясын бөлме
Үйді айналып кешікпе

3.6.Үлестірмелі парақшамен жұмыс.

І парақша

Адам баласы табиғатты … .

Біз бұлақтың көзін …
Су мол болса, астық та …

Табиғаты сақталған халықтар ұзақ өмір … .
Экологиясы төмен аймақтарымыз көбейіп … .

Керекті сөздер: сүреді, барады, қорғауы тиіс, аштық, мол болады

ІІ парақша

Берілген зат есімдерден етістік құрастырып, жасалу жолын анықта.

Жұрнақтар: Мысалдар:

-ла, — ле ой, сөй

-да, — де тұз, гүл

— та, -те бас, іс

3.7.Бауыржан Момышұлының нақыл сөздеріндегіетістіктерді лексика – грамматикалық мағынасына қарай талдау

Жасық жан ержүрек бола алмайды. – бола алмайды-

1.Күрделі сөз бес құрамнан тұрады: бо-ла ал-май-ды

2.Тұлғасына қарай: туынды

3.Құрылысына қарай: күрделі

4.Мағынасына қарай: болымсыз етістік

Жақсы сөз жан сүйсіндіреді,

Бойға қуат бітіреді.

Шын дос сыртыңнан мақтайды.

Ана үшін аянба – ант ұрады,

Бала үшін аянба – бетің күйеді.

Елін сүйген жауынгер ер болады.

«Жақсы солдат — командирге ұстаз, ал, ақымақ генерал командир түгілі солдатқа да ұстаз бола алмайды»,

Сабақты қорыту. Венн диаграммасы арқылы

Үйге тапсырма.

Болымды, болымсыз етістіктерді қатыстырып сөйлем құрау.

Бағалау.

 

Қазақ тілі 7-сынып 12.02.2016ж

Сабақтың тақырыбы: Салт және сабақты етістік

Білімділік:салт және сабақты етістіктердің жасалуы туралы түсінік беру, олардың ажырата білуге үйрету;

Дамытушылық: тапқырлыққа, өз көзқарасын жүйелі де тиянақты баяндауға, мәлімдеуге, өнер-білімге құштарлығы мен дүниетанымын кеңейтуге баулу.

Тәрбиелік: адамгершілікке, Отанын сүюге, өнерлі болуға тәрбиелеу.

Түзетушілік: оқушылардың сөйлеу барысында айтылған дыбыстарын түзету;

Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, қызығушылығын ояту, мағынаны тану, ой-толғаныс.

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру бөлімі

-оқушылармен сәлемдесу;

-оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру;

-оқу құралдарын ретке келтіру, бақылау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

А) Болымды және болымсыз етістіктер туралы қайталау.

-Болымды етістік дегеніміз не?

-Болымсыз етістік дегеніміз не?

-Болымсыз етістік қандай жұрнақтар жалғану арқылы жасалады?

Ә)болымды және болымсыз етістікке құрап келген сөйлемдерін оқыту арқылы тексеремін.

ІІІ.Жаңа сабақ: Салт және сабақты етістік.

3.1. Жаңа сабақты түсіндіру

Мағынасына қарай
Салт етістік Сабақты етістік
Өзінің алдынан табыс септігіндегі сөзді қажет етпейді.Салт етістіктер:барыс, жатыс, шығыс, көмектес септігіндегі сөздермен тіркесуі мүмкін, бірақ табыс септігіндегі сөзбен байланыспайды. Мысалы: үйге кел, үйден шық, үйде отыр, үймен хабарлас, үй өртенді. Өзінің алдынан табыс септігіндегі сөзді қажет етеді. Кімді?нені? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: хатты оқы, ақшаны сана, есепті шығар, шашыңды сана, төсекті сал.

 

Ескертпе:

1.Кейде етіс жұрнақтары салт етістіктерді сабақты етістіктерге, сабақты етістікті салт етістікке айналдыру қызметін атқарады.

Өзгелік етістің жұрнақтары:ғыз,-гыз,-қыз, -кіз,-дыр,-дір,-ыр,-ір,-р салт етістікке жалғанса оны сабақты етістікке айналдырады:

салт етістік сабақты етістік

шам сөнді шамды сөн-дір-ді

бала кетті баланы кет-ір-ді

гүл өседі гүлді өс-ір-ді

1. Ырықсыз етістің жұрнағы сабақты етістікке жалғанып, салт етістікке айналдырады:

Сабақты етістік салт етісті

Әңгімені айтты әңгіме айт-ыл-ды

Хатты жазды хат жаз-ыл-ды

Кітапты түгел оқыды кітап түгел оқы-л-ды

3.2.Тақтамен жұмыс:

Оқы, жаз,кел, айт деген сөздерге табыс септігін қажет ететін, етпейтін сөздерді тіркестіріп жаз.

Кітапты оқы, өлеңді оқы, кітап оқылды, әріпті жаз, үйге кел, маған кел, құпияны айт, әңгіме айтылды т.б.

3.3.Жаттығулар орындау:

181-жаттығу: Мақал-мәтелдердегі ойды таратып айтыңдар, құрамындағы етістіктерді тауып, олар қай септіктегі сөзбен тіркесіп тұрғанын сұрақ қою арқылы анықтаңдар. Қайсысы сабақты, қайсысы салт етістік екендігін ажыратыңдар.

182-жаттығу. Мәтінді оқыңдар. Етістіктерді тіркесіп тұрған сөздерімен бірге көшіріп жазыңдар. Олардың қандай етістікке жататынын анықтаңдар. Өздерің көрген немес білген табиғат ғажайып құбілістары туралы ой бөлісіңдер.

Сабақты Венн диаграммасы арқылы салыстыра отырып қорытындылау.

Сабақты етістік ұқсастығы Салт етістік

       
   
 


 

 

Үйге тапсырма:

Ережені түсініп оқу;

Сыныпта үлгермеген жаттығуларды аяқтау;

Сабақты және салт етістіктерге (әрқайсысына 10-10-нан) мысал ретінде сөз тіркестерін жазу

Оқушыларды бағалау.

 

Қазақ тілі 7-сынып 13.02.2016ж

Сабақтың тақырыбы: Салт және сабақты етістіктердің қолданылуы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:салт және сабақты етістіктердің жасалуы туралы түсінік беру, олардың ажырата білуге үйрету;

Дамытушылық: тапқырлыққа, өз көзқарасын жүйелі де тиянақты баяндауға, мәлімдеуге, өнер-білімге құштарлығы мен дүниетанымын кеңейтуге баулу.

Тәрбиелік: адамгершілікке, Отанын сүюге, өнерлі болуға тәрбиелеу.

Түзетушілік: оқушылардың сөйлеу барысында айтылған дыбыстарын түзету;

Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, қызығушылығын ояту, мағынаны тану, ой-толғаныс.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды түгендеп, зейіндерін сабаққа аудару; сабаққа дайындығын тексеру.

І. Сәлемдесу.
Сәлеметсіңдер ме, балалар,
Бойында жігер, намыс бар.
Ана тілін қастерлеп,
Әдебиетін ардақтар.
Көңіл күй оң, жақсы ма?
Ендеше, туған тіліміздің құдіреттілігін сезіндіретін кезекті сабағымызды бастайық.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
Етістіктің түрлерін топтастырып, олардың әрқайсысына анықтама беріп, мысалмен дәлелдеу. Жазып келген жаттығуларын оқыиу арқылы тексеремін.
Балалар үй жұмысын дәптерлерінен оқиды.
ІІІ. Жаңа сабақ

183-жаттығу. Мақал-мәтелдерді көшіріп жазып, аслт етістіктердің астын ирек сызықпен сызып шығыңдар.

185-жаттығу. Мәтіннен сабақты етістіктерді тауып, оларды өзі тіркескен сөздерімен бірге теріп жазыңдар. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңдар. Ойнайық та ойлайық!
Берілген сөздердің ішінен омоним болатын етістіктерді теріп жаз және олармен сөз тіркесін құра.
Сақта, аш, қайнат, жұмса, жең, ойла, әкел, айт, күт, батыр,сұра шығар.
Сабақты қорыту.

- Бүгін сабақта не істедік?

- сабақтан не үйрендіңдер?

Үйге тапсырма. 186-жаттығу.
Бағалау

 

Қазақ тілі 7-сынып 15.02.2016ж

Сабақтың тақырыбы: Өздік жұмысы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: етістіктер бойынша алған білімдерін тексеруде өздік жұмысы орындату;

Дамытушылық: оқушылардың есту, ойлау қабілеттерін, сөздік қорын, сөйлеу тілдерін дамыту;

Тәрбиелік: оқушыларды тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Түзетушілік: оқушылардың сөйлеу барысында айтылған дыбыстарын түзету;

Сабақтың түрі: қорыту-жинақтау сабағы

Сабақтың әдістері: бақылау тапсырмалары

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды түгендеп, зейіндерін сабаққа аудару. Бақылау қағаздарын таратып, тапсырмаларды түсіндіру.

2.Бақылау тапсырмаларын орындату

«Жер бетіндегі ең ірі аңғарлар» мәтіні берілген

1.Мәтіндегі етістіктерді тауып, оларды тіркесіп тұрған сөздерімен көшіріп жаз.

2. Мәтіндегі 1,2-абзацтардағы етістіктерді құрамына, тұлғасына, мағынасына қарай талдаңдар.

Сабақты қорыту.

-Бүгін сабақта не істедік?

Бағалау.

Үйге тапсырма: өткенді қайталау

 

Қазақ тілі 7-сынып 17.02.2016ж

Сабақтың тақырыбы:Етістер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: етіс туралы толық түсінік бере отырып, оның түрлерімен таныстыру; етістіктің түрлері туралы білімдерін кеңейту,

Дамытушылық: оқушылардың есту және ойлау қабілеттерін дамыту, ептіліктерін ұштау, еркін сөйлеуге баулу, жылдам ой қорытуға дағдыландыру, сөздік қорын молайту;

Тәрбиелік: адалдыққа, бірлікке, ұлттық дәстүрге тәрбиелеу.

Түзетушілік: оқушылардың сөйлеу барысында айтылған дыбыстарын түзету;

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту.

Әдісі: деңгейіне қарай сатылай оқыту

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ.Үйге етістіктен өткенді қайталап келу берілген.

Ол үшін кестені қолдану және төрт балаға қайталауға арналған карточка беру.

Етістік

Түрлері Мысалдар
1.Тұлғасына қарай Негізгі Оқы, жаз, бар, кел, кел, бер
Туынды Тұзда, гүлде, ойна, ойла, кешік, тазар
2.Мағынасына қарай Салт Бар, кел, отыр, жүр, тұр,шық
Сабақты Жаз, ал, бер, айт, аш, аш, жап
3.Құрамына қарай Дара /негізгі/ Жаз, оқы, ойна, гүлде
Күрделі /көмекші етістіктер/ Барып кел, кіріп шық, келіп кет, алып бар, алып қайт Алдап-сулап, қабыл ал, арып-ашып т.б.
4.Іс-әрекеттің орындалуына қарай Болымды Бар, кел, оқы, жаз
Болымсыз Барма, барған жоқ, келген емес

ІІІ.Жаңа сабақ:Етістер. Өздік етіс

Етістер іс істеуші мен іс-әрекеттің арасындағы қатынасты білдіретін етістіктің ерекше бір түрі. Ол төрт түрге бөлінеді. Олар: өздік етіс, өзгелік етіс, ырықсыз етіс, ортақ етіс. Олар негізінен –ын, -ыл, -т, -ғыз, -тыр, -ыс жұрнақтары арқылы жасалады.

Сабақты бекіту

Әр қатардағы оқушыларға жеке кеспе қағаздарда жазылған мәтін таратылады немесе интерактивті тақтаға жазып көрсетуге де болады

Алтын сақа

Жас он сегізден асқан Зере ана аяғы ауыр тартып, ай-күні толар мезгілде таңғажайып бір түс көреді. Түрлі-түсті суреттер алмасқан түсінде ері Өскенбай алтын сақаны иіріп отырған көрініс айрықша жадында жатталып, жас ана түсін жақсылыққа жориды. Мұны естіген үлкен-кішілер де «Өскенбай иірген алтын сақаны «аймаңдай ер бала дүниеге келеді» екен деп долбарласады.

Айтса айтқандай, сәт сағаты туып, дене бітімі өте кесек, сүйегі іріліктің баршы нышанын танытып, қол аяңы балғадай перзент шыр етіп дүниеге келеді. Ежелгі дәстүр бойында, үш күндік мерзім ішінде нәрестеге ат қойып, құлағына үш рет үшкіргенде сыйлы ауыл қариясы немесе шежіреші дана адам нені мақсат тұтынып, нендей жайға ырымдағаны белгісіз, әйтеуір сәбиді «Құнанбай» деп ныспылапты.

Құнанбайдың денесі өте сымбатты, толық, бойы зор, жүзі нұрлы, бота көз, маңдайлы, қыр мұрын, сұлу болған. Балғын, зор денесі балуандыққа, өткір көзі ерлікке, басы адалдыққа біткен. Әкесі молдадан оқытып, Құнанбай шала хат танып, түрікше жазылған кітаптарды еркін оқи алатын болған.

Зерек, алғыр, өте ұғымтал, сонымен қатар қатал, пысық, еті тірі Құнаш өзінді қасиеттермен көзге түсіп өседі.

Тапсырмалар:

а)Мәтіннің мазмұнын түсініп айту;

ә)Сөздікпен жұмыс:

Ныспылапты-

Долбарласады-

Үшкіргенде-

Шежіреші-

Қол аяғы балғадай-

Б)Оқушыны логикалық ойға жетелейтін сұрақ қою:

1.Зере ананың түрлі-түсті суреттер алмасұан түсі?

2.Үлкен-кішінің түсті жоруы?

3.Өмірге келген нәресте кім?

4.Құнанбайдың келбеті?

В)Мәтінге сипаттама жаз:

Мысалы: Мәтін маған өте әсерлі болды, өйткені мәтіннен....

В) Мәтіннен етістіктің етіс түрін табу





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.