ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение Как определить диапазон голоса - ваш вокал
Игровые автоматы с быстрым выводом Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими Целительная привычка Как самому избавиться от обидчивости Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам Тренинг уверенности в себе Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком" Натюрморт и его изобразительные возможности Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д. Как научиться брать на себя ответственность Зачем нужны границы в отношениях с детьми? Световозвращающие элементы на детской одежде Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия Как слышать голос Бога Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ) Глава 3. Завет мужчины с женщиной 
Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д. Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу. Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар. | Тапсырманы ауызша орындау. 6 страница 195-жаттығу: Берілген етістерге жұрнақ жалғап, ортақ етіс жасаңдар, түбір мен қосымшаның арасын жұрнақ арқылы ажыратыңдар. Сөйлем құраңдар. Ал-ыс-ты, бөге-с-ті, тасы-с-ты, тіг-іс-ті, бағ-ыс-ты, тазала-с-ты, жу-ыс-ты, айт-ыс-ты, қой-ыс-ты, жөнде-с-ті, апар-ыс-ты, тоқы-с-ты, тер-іс-ті, жаз-ыс-ты т.б. Алысты, тасысты, тігісті -ортақ етістеріне фонетикалық талдау жасаңдар. 196-жаттығу: Сөйлемдерден ортақ етісті тауып, қалай жасалып тұрғанын байқаңдар. Оларға тұлғалық талдау жасаңдар. Ортақ етіс | Түбірі | Жұрнағы | Дуылдасып | Дуыл | -да-бұйрық рай тудыратын жұрнақ, -с –ортақ етіс жасайтын жұрнақ,-ып-көсемшенің жұрнағы; | Татысқан | Таты | -с –ортақ етіс жасайтын жұрнақ, -қан-есімшенің жұрнағы; | Сырласып | Сыр | -ла –туынды етістік жасайтын жұрнақ, -с-ортақ етіс жасайтын жұрнақ, -ып-көсемшенің жұрнағы; | Жымыңдасып | Жымың | -да- етістік жасайтын жұрнақ, -с –ортақ етіс жасайтын жұрнақ, -ып-көсемшенің жұрнағы; | Мәтіннен фразеологизмдерді тауып, мағынасын ашыңдар. Ү. Сабақты қорытындылау: Ортақ етіс жасайтын жұрнақтарды атаңдар, мысал келтіріңдер -ыс, -іс, -с: Арман мерекелік жиында өз өнерін көрсетуге бірден кел-іс-ті. Қарияның қол сөмкесін көтер-іс-ті . Семантикалық карта толтыру: /тақтаға сызылады немесе әрбір оқушыға сабақтың соңына 5 минут қалғанда таратылып беріледі. Мысалдар | Өздік | өзгелік | Ырықсыз | ортақ | Жазысты | | | | + | Сөйлесті | | | | + | Отырғызды | | + | | | Салдыр | | + | | | Үй тазаланды | | | + | | Сөз айтылды | | | + | | Көбейттір | | + | | | Оранды | + | | | | Таранды | + | | | | Жуынды | + | | | | ҮІ. Үй тапсырмасы: Етіс туралы өткен тақырыптарды қайталау. 198-жаттығу: Сөйлімдерді көшіріп жазыңдар. Құрамындағы етістерді түрлеріне қарай ажыратып, тұлғалық талдау жасаңдар. 171-беттегі пысықтауға арналған сұрақтар бойынша дайындалу. ҮІІ.Бағалау. Қазақ тілі 7-сынып 29.02.2016ж Сабақтың тақырыбы: Есімше Сабақтың мақсаты: Есімшенің туралы толық мағлұмат беру. Білімділік: Есімше-етістіктің ерекше түрі екендігіне байланысты түсінік бере отырып, есімшенің жасалу жолдары, есімшенің жұрнақтары туралы түсінік беру. Дамытушылық: оқушылырға жаттығулар орындату арқылы ізденімпаздық қасиеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу, тіл байлықтарының молаюына ықпал ету; Тәрбиелік: Адамгершілікке тәрбиелеу, келтірілген мысалдар арқылы туған жерге деген сүйіспеншілік, қазақ тілін құрметтеуге тәрбиелеу. Түзетушілік:Оқушылардың сөйлеу барысында айтылған дыбыстарын түзету. Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту Сабақтың әдісі: Сұрақ –жауап, ауызша тестік сұрақтарға тез жауап алу, оқулықпен жұмыс жасау, сергіту сәті. Көрнекілік: Оқулық, топтастыру, дидактикалық қосымша Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі: -Оқушылармен амандасу; -Оқушылардың сабаққа қатысуын бақылау; -Оқу құралдарын тексеру; ІІ.Өткен тақырыптарға шолу жасау: Ауызша тесттік жұмыс: Етіс дегеніміз не? А.Тек қана іс қимылоды білдіреді; Б.Іс әрекеттің орындалуында орындаушының қатысы қандай екенін білдіреді. В.Қимылдың, іс-әрекеттің болуғ болмауын білдіреді. 2.Етістің неше түрі бар? А.5 Б.2 В.4 3.Сабақты етістіктерге –ын, -ін, -н жұрнақтары арқылы жасалатын етістіктің түрі: А.ырықсыз етіс; Б.өздік етіс В.өзгелік етіс D.ортақ етіс 4.Қимылды, әс-әрекетті орындауыш өзге біреу /ұимылды өзге біреуге орындатады/ А.ырықсыз етіс; Б.өздік етіс В.өзгелік етіс D.ортақ етіс 5.Қимылды орындаушы өзі істейді. А.ырықсыз етіс; Б.өздік етіс В.өзгелік етіс D.ортақ етіс 6.Қимылдың орындаушысы айтылмай, іс-әрекет өздігінен жасалғандай көрінеді А.ырықсыз етіс; Б.өздік етіс В.өзгелік етіс D.ортақ етіс 7.Қимылды орындаушы біреумен бірлесіп ортақтасып істейді. А.ырықсыз етіс; Б.өздік етіс В.өзгелік етіс D.ортақ етіс 8.Жасалу жолдары: А.ырықсыз етіс: -ыл,-іл, -л, -ын,-ін,-н Б.өздік етіс: -ын,-ін,-н; В.өзгелік етіс: -дыр,-дір,-тыр,-тір,-ғыз, -гіз, -қыз, -кіз,-т D.ортақ етіс: -ыс, -іс, -с. ІІІ.Жаңа сабақ:Есімше Есімше мен көсемше етістіктің ерекше түрі. Есімше бірде есім сөздердің бірде етістіктің қызметін атқаратын етістіктің түрі. Ешқандай қосымшасы қандай?қай? деген сұрақтарға жауап беріп, анықтауыш қызметін атқарса, кім?не? деген сұрақтарға жауап беріп бастауыш , баяндауыш қызметін атқарады. Қызметі:  есімдерше Есімше есім сөздерше септеліп, тәуелденіп, көптеліп есім қызметін атқарады. Есімше жіктеліп етістік қызметін атқарады да, сөйлемнің баяндауышы болады. № | Есімшенің жұрнақтары | Мысалдар | 1. | -ған,-ген,-қан,-кен | ал-ған, кел-ген, айт-ұан, кет-кен | 2. | -ар,-ер,-р Болымсыз етістіктің жұрнағынан кейін –с жұрнағы жалғанады | бар-ар, жүр-ер оқы-ма-с | 3. | -атын,-етін,-йтын,-йтін | жаз-атын, өр-етін, қара-йтын, кел-ме-йтін | 4. | -мақ, -мек, -пақ,-пек,-бақ,-бек | бар-мақ, кел-мек,айт-пақ, кет-пек | ІҮ. Тақтамен жұмыс: Арман бағана кетіп қалған./баяндауыш/ Сыпайы сырын сақтар. /баяндауыш/ Сөзді тыңдайтынға айт. /толықтауыш/ Естігенді ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар./толықтауыш/ Оны көргенсайын баласы есіне түседі./пысықтауыш/ Оқулықпен жұмыс: 199-жаттығу: Мәтінді көшіріп жазып, есімшелердің астын сызыңдар. Олардың түбірі мен қосымшаларын ажыратыңдар. Ү. Тапсырма: Мақал-мәтелдердің мағынасын аша отырып, есімшелердің астын сызыңдар: А)Ел қон-ба-с-а жер азады, Жер бол-ма-с-а-ер азады. Ә)Қатарынан оз-атын ұл биікте жүреді, Ез атынып оз-атын ұл йықта жүреді. Б)Ат қадірін біл-ме-ген, Есек ет-ер көлігін. В)Тура биде ту-ған жоқ, Ту-ған-ды биде иман жоқ. Г)Қара қылды қақ жар-ған. ҮІ. Сергіту сәті. /Оқушыларға көз жаттығуларын жасату/ Орнымыздан тұрамыз, Қос бүйiрдiсығамыз. Оңға, солға бұрылып, Бiр айналып шығамыз. Бiр,екi, үш, төрт, бес Қолды қолға ұрамыз. ҮІІ. Сабақты семантикалық картаның көмегімен қорытындылау. Мысалдар | Өздік етіс | Өзгелік етіс | Ырықсыз етіс | Ортақ етіс | Есімше | Айтылды | | | + | | | Жаздыр | | + | | | | Көрген жоқ | | | | | + | Айтармын | | | | | + | Айтыс | | | | + | | Киіндім | + | | | | | Көрсетті | | + | | | | Сөйлесермін | | | | + | + | Бастамаспын | | | | | + | келмес | | | | | + | Бітірген | | | + | | + | Барған | | | | | + | Келген | | | | | + | Сұрайтын | | | | | + | ІХ. Үйге: Есімше туралы ережені түсініп оқу; Есімшелері бар 5 мақал-мәтел жазып келу. Бағалау. Қазақ тілі 7-сынып 2.03.2016ж Сабақтың тақырыбы: Есімшенің жасалу жолдары Сабақтың мақсаты: Есімшенің жасалуы жайында толық мағлұмат беру. Білімділік: Есімше-етістіктің ерекше түрі екендігіне байланысты түсінік бере отырып, есімшенің жасалу жолдарына тоқталу. Дамытушылық: оқушылырға жаттығулар орындату арқылы ізденімпаздық қасиеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу, тіл байлықтарының молаюына ықпал ету; Тәрбиелік: Адамгершілікке тәрбиелеу, келтірілген мысалдар арқылы туған жерге деген сүйіспеншілік, қазақ тілін құрметтеуге тәрбиелеу. Түзетушілік:Оқушылардың сөйлеу барысында айтылған дыбыстарын түзету. Сабақтың түрі: дәстүрлі жаңа сабақ Сабақтың әдісі:Сұрақ –жауап, ауызша тестік сұрақтарға тез жауап алу, оқулықпен жұмыс жасау, сергіту сәті. Көрнекілік: Оқулық, дидактикалық қосымша, есімшелердің жұрнақтарын плакатқа жазып қою. Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі: -Оқушылармен амандасу; -Оқушылардың сабаққа қатысуын бақылау; -Оқу құралдарын тексеру; ІІ.Өткен тақырыптарға шолу жасау: Ауызша: - Етіс дегеніміз не?
- Етістің неше түрі бар?
- Жасалу жолдары, етістің жұрнақтары қандай?
- Есімше дегеніміз не? Мысал келтір.
Оқушылар дайындап әкелген мақал-мәтелдерін оқиды. ІІІ.Жаңа сабақ:Есімшенің жасалу жолдары. Есімше мен көсемше етістіктің ерекше түрі. Есімше бірде есім сөздердің, бірде етістіктің қызметін атқаратын етістіктің түрі. Ешқандай қосымшасы қандай?қай? деген сұрақтарға жауап беріп, анықтауыш қызметін атқарса, кім?не? деген сұрақтарға жауап беріп бастауыш , баяндауыш қызметін атқарады. Қызметі: Ешқандай қосымшасы қандай?қай? деген сұрақтарға жауап беріп, анықтауыш қызметін атқарса, кім?не? деген сұрақтарға жауап беріп бастауыш , баяндауыш қызметін атқарады.  есімдерше Есімше есім сөздерше септеліп, тәуелденіп, көптеліп есім қызметін атқарады. Есімше жіктеліп етістік қызметін атқарады да, сөйлемнің баяндауышы болады. ІҮ. Оқушылар мысалдарды тақтаға жазады, талдайды: Көрген көзде жазық жоқ. Адасқанның айыбы жоқ. Айтар сөзіңді айтып қал. Көрмес түйені де көрмес. Бітіргендер сыртқа шықты. Тест тапсыратындар отырып дайындалды. Ескертпе: Есімше етістіктің және туынды түбірлеріне , сондай-ақ етіс пен болымсыз етістік тұлғаларына жұрнақтар қосылу арқылы жалғанады. -ған,-ген,-қан,-кен жұрнақтары арқылы өткен шақ есімше жасалады. -ар,-ер,-р және болымсыз етістіктің жұрнағынан кейін –с жұрнағы жалғануы арқылы болжалды келер шақ жасалады. -атын,-етін,-йтын,-йтін жұрнақтары арқылы ауыспалы өткен шақ есімше жасалады -мақ, -мек, -пақ,-пек,-бақ,-бек жұрнақтары арқылы мақсатты келер шақ есімше Жасалады Ү. Жаттығулар орындау 200-жаттығу Қарамен жазылған есімшелердің қандай жұрнақтар арқылы жасалып тұрғанын және олардың мағынасын түсіндіріңдер. Түсінгенде, болар, түсінбейтін, мал қимайтын, айтқаның, айтпаған, қалағандарың, келмеген, сенбеген т.б. Сергіту сәті Алға қарай бір адым, Артқа қарай бір адым Бiр орнымда қозғалып, Кезек басып тұрамын. Жоғары, төмен қарайық. Орнымызды табайық. 201-жаттығу.Құрамында есімше кездесетін бес сөйлемнен тұратын мәтін құрастырып, сөйлемдерді талдаңдар. ҮІ.Сабақты қорытындылау: - Есімше дегеніміз не? Мысал келтір.
- Есімшенің жасалу жолдары туралы?
- Есімше сөйлемде қандай қызмет атақарады? /Сызба бойынша айтуға болады/
ҮІІ. Үй тапсырмасы: - Есімше туралы ережелерді оқиды, ереже дәптерлеріне жазады.
- Сыныпта үлгермеген жаттығуларды, мәтінді аяқтайды.
- Есімше туралы сөзжұмбақ, ребус, тестік жұмыс құрастырып келу тапсырылады.
YIII.Бағалау Қазақ тілі 7-сынып 03.03.2016ж Сабақтың тақырыбы: Есімшенің сөйлемдегі қызметі Сабақтың мақсаты: Білімділік: Есімшенің түрленуі жайлы алған білімдерін тереңдете отырып, есімшенің сөйлемдегі қызметі жайлы білім қалыптсатыру, жаттығу жұмыстары арқылы бекіту Тәрбиелік: Жаттығу мәтіндері арқылы еңбексүйгіштікке, ерлікке, ауызбіршілікке, татулыққа тәрбиелеу Дамытушылық: Оқушы ойын, есте сақтау қабілетін, тілін дамыту Түзетушілік:Оқушылардың сөйлеу барысында айтылған дыбыстарын түзету. Сабақтың түрі:Аралас сабақ Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, талдау, ауызша тіл дамыту Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу,түгелдеу.Оқу құралдарын тексеру және сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. -Бүгін аптаның қай күні? -Қазір қай мезгіл? -Қазір қай сабақ? -Бүгін сыныпта кім кезекші? -Диана,сыныпта кім жоқ? -Үйге қандай тапсырма берілді? ІІ. Үй тапсырмасын сұрау Үйге ішінде берілген сөздері бар сөйлемдер не мақал-мәтелдерді тауып жазып, талдап келуге берілген болатын. Үй тапсырмасын тексеремін. ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау ІҮ. Жаңа сабақ Есімше әр түрлі сөйлем мүшесі бола алады. 1. Есімше + ж.ж. баяндауыш Жаңбыр жауар, көк шығар. 1. Есімше + З.е. Есімше + І.с. анықтауыш Домбыраны қолға алсам, Ағылған жыр мен күй көрем. 1. Есімше А.с. бастауыш Оқыған білер, Ерінбеген етікші болар. 1. Есімше + (Б.с, Т.с., Ж.с., Ш.с., К.с.) толықтауыш Білмегеніңді үлкеннен сұра, Үлкен білмесе, кішіден сұра. 1. Есімше + (Б.с, Т.с., Ж.с., Ш.с., К.с.) пысықтауыш Есімше — Шылау Осыны сезген сайын Абай тоқтаусыз жыр шертеді. Ү. Жаңа сабақты бекіту 202-жаттығу Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау Жұмыскерлерге барақтар салынған. ҮІ. Қорытынды ҮІІ. Бағалау ҮІІІ. Үйге тапсырма: 195-196 жаттығулар Қазақ тілі 7-сынып 04.03.2016ж Сабақтың тақырыбы: Көсемше Сабақтың мақсаты: Білімділік:Оқушылардың көсемше туралы теориялық және тәжірибелік білім деңгейін, ой-өрісін, білім-біліктілік дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін байқау, бағалау. Дамытушылық:Тапқырлыққа, өз көзқарасын жүйелі де тиянақты баяндауға, мәлімдеуге, өнер-білімге құштарлығы мен дүниетанымын кеңейтуге баулу. Тәрбиелік: Адамгершілікке тәрбиелеу, туған жерге деген сүйіспеншілік, қазақ тілін құрметтеуге тәрбиелеу. Түзетушілік: Оқушылардың сөйлеу барысында айтылған дыбыстарын түзету. Сабақтың түрі: дәстүрлі жаңа сабақ Әдісі: хабарлау, баяндау, сұрақ-жауап, қызығушылықьты ояту, мағынанны тангу, ой-толғаныс. Пәнаралық байланыс:әдебиет Көрнекілік:оқулық, әдістемелік, сызбалар, топтастыру. Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі: -Оқушылармен амандасу; -Оқушылардың сабаққа қатысуын бақылау; -Оқу құралдарын тексеру; ІІ.Өткен тақырыптарға шолу жасау: Ауызша: - Есімше дегеніміз не? Мысал келтір.
- Есімшенің жасалу жолдары туралы?
- Есімше сөйлемде қандай қызмет атақарады? /Сызба бойынша айтуға болады/
- Есімше туралы сөзжұмбақ, ребус, тестік жұмыстарын көрсетіліп, талданады.
ІІІ.Жаңа сабақ: Көсемше 1.Қызығушылықты ояту: /5 минут ішінде оқушыларға тіл туралы өлең жолдарын айтқызуға болады/ Менің тілім - Өзгелерден ерек тым Тілім барда қысылмаймын, өжетпін! Орыстардың шолақ келер сөздерін, Қазақ тілмен кестеледім, көп еттім! Өзге тілдің ұзақ сонар сөйлемін Мақалменен нұсқа айтып дөп еттім! 2.Мағынаны ашу. Есімше. Өткен шақ есімше. Келер шақ.Ауыспалы келер шақ. Өткенді қайталау. Көсемше ережесі айталыды. Көсемшенің жұрнақтары: -а, -е, -й, -ып, -іп, -ғалы,-гелі 3.Топтастыр:  -ғалы, -гелі, -қалы,-келі, -іп, -ып,-п,-а,-е,-й | | -йтын,-йтін -ған,-ген, -қан,-кен, -ар, -ер, -р | | - Тапсырма /Сөйлемдерді толықтыру арқылы жұмыстар жүргізу/
Көп нүктенің орнына көсемшенің, есімшенің тиісті жұрнақтарын қой. -Қайда бар ... отырсың? -Сабаққа бір... отырмын. -Маған неге келдің? -Қазақ тілі оқулығын сұра... келдім. -Мен ағлышынша үйрен... біраз болды. -Ал мен 1-сыныптан бастап оқы... келемін. -Жақында қандай мәтін оқыдың? -Ана туралы оқы...быз -Өлеңді жаттадың ба? -Жоқ енді жатта... отырмын. /Оқушылар тақтадағы кестеге жұрнақтарды /-ғалы,-гелі,-п,-гелі,-п,-ған,-п/ кезектесіп жалғайды./ Сергіту сәті Еркiн ұста денеңдi, Тарсылдатпай едендi Орнымыздан тұрып ап Жүгiрейiк бiр уақ. Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш. Аяқты алға созайық Тiк көтерiп, қозғайық. Тым сылбыр да болмайық |