МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

Тапсырманы ауызша орындау. 5 страница





Г)Мына сөздерге синонимдік қатар құра.

Нәресте - перзент, бала, ер бала, бөпе т.б.

Ныспылапты- атапты, есімін қойыпты т.б.

Ырым - салт дәстүр, ата салт т.б.

Сүйегі ірі- үлкен, алпамсадай, қапсағай т.б.

Ғ) қария, шежіреші, нәресте сөздеріне фонетикалық талдаулар жаса.

Қорытынды: Оқушылардың жауаптары тыңдалады.

Ауызша тестік сұрақтар қойылады.

1.Болымсыз етістіктің жұрнағын табыңыз.

А) –а, -е.В) –ба, -бе.С) –жоқ.D) –емес.E) –ды, -ді.

Дұрыс жауап: В

2.Болымсыз етістікті табыңыз.

А) Мекендейді.В) Болады.С) Жазып отыр.D) Ұзын болады.E) Көрінбейді.

Дұрыс жауап: Е

3. Туынды етістікті белгілеңіз.

А) Келеді.В) Жеңілдік.С) Тазала.D) Таза.E) Келуші.

Дұрыс жауап: С

4.Негізгі етістікті көрсетіңіз.

А) Аяқта.В) Жу.С) Тісте.D) Жуын.E) Баста.

Дұрыс жауап: В

5. Етістік тудырушы жұрнақты көрсетіңіз.

А) –шы.В) –у.С) –ла.D) –ға.E) –рақ.

Дұрыс жауап: С

Үйге: етістер туралы түсініп оқу, «Киіз үй» мәтінін оқып мазмұнын айту.

 

 

Қазақ тілі 7-сынып 18-19.02.2016ж

Сабақтың тақырыбы: Өздік етіс
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға етістерді түсіндіре отырып, етістің бір түрі өздік етісті түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыта отырып, сөйлем ішінен өздік етісті таба білу.
Тәрбиелік: өз ойын дұрыс айта білу негізінде әдемі сөйлеуге баулу, адамгершілік тәрбиесін бойына сіңіру.

Түзетушілік: оқушылардың сөйлеу барысында айтылған дыбыстарын түзету.
Сабақ әдісі: түсіндірмелі, сұрақ - жауап;
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, кроссворд.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды түгендеу;

Сабақта бір-бірімізді тыңдап, дыбыстарды қадағалаймыз.

Психологиялық дайындық
-Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері барлық өкпе мен мұңды жібітеді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай аламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

-Біз қазір не істедік?

-Қазір қай сабақ?

-Сыныпта кім жоқ?

-Дархан, үй тапсырмасын сұра!

-Барлығымыз орындадық па?

-Өткен сабақта қандай тақырып өттік?

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ.Жаңа сабақ
Қимылдың, іс - әрекеттің орындаушыға, яғни қимыл иесінің істелетін іске қатысын білдіру үшін белгілі бір қосымшалар арқылы жасалатын етістіктің түрі етіс деп аталады. Мысалы: Ол жуынды. Ол баласына кітап оқытты. деген сөйлемдерде жуу қимылы іс иесінің өзіне қарай бағыттылғанын, оқу іс - әрекеті тікелей қимыл иесі(ол) арқылы емес, екінші бір иесі арқылы орындалғандығын білдіріп, ол мағыналар түбірге
– ын,- т,- ыл,, ыс жұрнақтары арқылы берілген.
Етістер төрт түрге бөлінеді:
1. Өздік етіс
2. Өзгелік етіс
3. Ырықсыз етіс
4. Ортақ етіс
Болымсыз етістік жұрнағы етіс жұрнағынан кейін жалғанады: айт - қыз - ба, ки - ін - бе, сөйле - с - пе, т. б.
Өздік етіс деп - қимыл, іс әрекет орындаушысына, іс иесіне бағытталып, тікелей соған қатыстылығын білдіріп, әдетте сабақты етістіктерге - ын,- ін,- н жұрнағы жалғану арқылы жасалатын етістіктің түрін айтамыз. Мысалы: Таң атқанша тарандық (Махамбет). Оқушылар ерте тұрып, жуынды. Бала өзі киінді деген сөйлемдердегі тарану, жуыну, киіну қимылдары әрі белгілі бір иесі(орындаушы)- біз (тарандық), оқушылар (жуынды), бала (киінді) арқылы орындалғандығын, әрі қимыл сол иесіне бағытталғанын білдіріп тұр.



Өздік етістің жасалу жолдары

-ын: жуын,тағын,жасырын.

-ін: киін,сезін.

-н:(дауыстыдан кейін жалғанады) таран, қаран,оран.

ІV. Тапсырмалар орындау

А)Өздік етістерді көшіріп жазып, қосымшаларын дефиспен бөліп жазу.

(дәптермен жұмыс)

Үлгі: сый-ын-а-ды (-ын-өздік етіс жұрнағы,-а-көсемше ж.-ды-жалғау.)

Ә)Өздік етіс жұрнағын жалғап, сабақты етістікті салт етістікке айналдыр

Сабақты етістік Өздік етіс Салт етістік
Көр -ін Көрін
Қыр -ын Қырын
Сүрт -ін Сүртін
Тара Таран
Ки -ін Киін
Шеш -ін Шешін
Сәнде Сәнден

Б) Сатылай кешенді талдау.

Жуын

жу-ын

1. Сөз екі құрамнан тұрады

2.Тұлғасына қарай:туынды

3.Құрамына қарай:дара

4.Лексикалық мағынасы: іс бір адамға қатысты

5.Грамматикалық мағынасы: етістік, етістіктің категориясына қарай етіс, етістің түріне қарай өздік етіс .

В) Мәтінмен жұмыс. Оқып өздік етістерді тап.

Қонақтың бас-аяғы жиналып,шешініп,қол жуып, залға дастарханға отырды. Ауыл-аймақ жайлауға көшуге өре көтерілді. Теріс айналып, киімін шешіне берді. Жаяу жүрсе мойнына көтеріп,атқа мінсе алдынан тастамай, үйде тізесіне отырғызып,айналып-толғанып жүргені.

Апыл-ғұпыл киіне салып,ауызғы үйге ытқып шықты. Жаңа ғана желпініп келе жатқан көңілі су сепкендей басылды. Ертеңгілік жуынып жатқам. Олар өз қабаттарына көтерілді. Әкесі Нұрланға бұрылды.

Таң атқанша таранды. Ертеңгілік ерте тұрып жуынды. Ақ көрпеге оранды. Кішкентай болса да өзі киінеді. Алыстан көзге көрінді.

Г) “Мақал-сөздің мәйегі” Мақалдарды толықтырып жазып, өздік есімдіктердің астын сыз.

1. Істің ағы білінбейді,

Жігіттің несі? білінбейді. (бағы)

2. Таз таранғанша,не істейді? (той тарқайды)

3. Дос досқа жалынса,

Достың көңілі не істейді? (алынады)

4. Жығылған кімге? күледі. (сүрінгенге)

5. Қорыққанға не? көрінеді. (қос)

V.Оқулықпен жұмыс.

187-жаттығу.
Қажетті жұрнақтарды жалғап, берілген сөздерден өздік етіс жасаңдар.
Ора - н - ды, көр - ін - ді, сез - ін - ді, жасыр - ын - ды, қара - н - ды, сыла - н - ды, тазала - н - ды, сүрт - ін - ді, ки - ін - ді, сал - ын - ды...
188-жаттығу.

Көшіріп жазып, өздік етістің астын сызыңдар.
Сүй - ін - ді, ки - ін - ген, ки - ін - іп, бу - ын - ып, түр - ін - іп.
189-жаттығу.

Өлеңді оқып, өздік етістердің қалай жасалғанына көңіл аударыңдар. Оларды мәтіннен теріп жазыңдар.
Көр - ін - ді, бүл - ін - ді, түй - ін - дік, тара - н - дық, қара - н - дық, ки - ін - іп, сый - ын - ып, без - ін - бей, ұр - ын - бай, тағ - ын - бай, жаста - н - бай, баста - н - бай...

V.Сергіту сәті

Ал, балалар, тұрайық.

Алақанды ұрайық

Оңға қарай иiлiп

Солға қарай иiлiп

Бiр отырып, бiр тұрып,

Бойымызды созайық

Белiмiздi жазайық.

Оңға-оңға түзу тұр

Солға-солға түзу тұр

Жоғары-төмен қарайық

Қолымызды созайық

Бойымызға күш жинап

Бiр шынығып алайық.

VІ. Сабақты бекіту:
1. Етістің түрлерін ата.
2. Өздік етістің жұрнақтарын ата.
3. Мысал келтір.
Қорытындылау.
Үйге тапсырма.
Бағалау.

 

 

Қазақ тілі 7-сынып 20-22.02.2016ж

Сабақтың тақырыбы: Өзгелік етіс, беретін мағынасы мен қызметі
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға етістерді түсіндіре отырып, етістің бір түрі өзгелік етісті түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыта отырып, сөйлем ішінен өздік етісті таба білу.
Тәрбиелік: өз ойын дұрыс айта білу негізінде әдемі сөйлеуге баулу, адамгершілік тәрбиесін бойына сіңіру.

Түзетушілік: оқушылардың сөйлеу барысында айтылған дыбыстарын түзету.
Сабақ әдісі: түсіндірмелі, сұрақ - жауап;топпен жұмыс.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу.

- Оқушылар, көңіл-күйіміз қалай? Сабағымызды бастамас бұрын, бір шумақтық өлеңімізді оқып шығайық.

Психологиялық дайындық

Қайырлы таң достым,

қайырлы күн болсын,

қасиетті жұма күні ,

қуанышқа толсын,

біздің алар бағамыз,

кілең бестік болсын.

 

-Біз қазір не істедік?

-Қазір қай сабақ?

-Сыныпта кім жоқ?

-Санжар, үй тапсырмасын сұра!

-Барлығымыз орындадық па?

-Өткен сабақта қандай тақырып өттік?

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

- Балалар, үйге берілген тапсырма қандай еді?

-Үйге өздік етістерді қатыстырып сөйлем құрастыру

ІІІ.Өткен тақырып бойынша тест сұрақтарын беремін. Тест жауабын интербелсенді тақтадан тесереді,өздерін «Бағдаршам»бағалау әдісімен бағалайды.

1.Өздік етістің жұрнағын тап.

А) –дыр,-дір

В )–шы,-ші

С )–ғыз,-гіз

Д )–ын,-ін

Е) –тыр,-тір

2.Қай етіс түрі орындаушының іс-қимылды өзі орындайтынын білдіреді?

А )өздік етіс

В )өзгелік етіс

С )ортақ етіс

Д) ырықсыз етіс

Е) етістің төрт түрі

3.Етістің қанша түрі бар?

А) 2

В) 3

С )4

Д) 5

Е) 6

4.Қимылдың,іс-әрекеттің орындаушыға,яғни қимыл иесінің істелетін іске қатысын білдіру үшін белгілі бір қосымшалар арқылы жасалатын етістіктің түрін...

А )көсемше

В )есімше

С )етіс

Д )тұйық етістік

Е )етістік

5.Өздік етісті тап

А) үй тазаланды

В )Абай үйге келген қонақтарға жыр айтқызды

С )Ағайын-туғаның сүйінді

Д) Олар хат жазысты

IV.Қызығушылықты ояту.

Түрткі сұрақтар арқылы оқушыларды сабаққа қызықтыру

1.Етістің қанша түрі бар?

2.Өздік етіс дегеніміз не?

 

V.Жаңа сабақ

Жаңа сабақты «Өкіл» әдісі бойынша меңгеру.

Сынып 3 топқа бөлінеді:

1-топтағы оқушылар өзгелік етіс бойынша ереже мәтінін оқиды.

2-топтағы оқушылар өзгелік етістің жасалу жолын оқиды.

3-топ берілген мысалдар ішінен өзгелік етісті талдап,түсіндіреді.

Өзгелік етіс

Өзгелік етіс қимылдың, іс-әрекеттің сөйлемдегі іс иесі яғни субъектінің өзі емес, екінші бір басқа субъект, қимылды орындаушы арқылы істелінетінін білдіріп, белгілі жұрнақтар арқылы жасалады.

Ол жұрнақтар: 1) -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз, отыр-ғыз, жүр-гіз, айт-қыз, жет-кіз; 2) -дыр, -дір, -тыр, -тір, -ыр, -ір, сал-дыр, сен-дір, ас-тыр, тік-тір, кет-ір, ас-ыр; 3) -т; жаса-т, сөйле-т т. б. Демек, өзгелік етісті сөйлемде кимылды, іс-әрекетті іске асырушы екі субъект болады: бірі — сол кимылды орындатушы, екіншісі — қимылды тікелей орындаушы. Мысалы: Ол баласына өлең айтқызды.

VІ.Тақырыпқа сәйкес тапсырма орындау дағдысын қалыптастыру мақсатында оқулықпен жұмыс жасау.

190-жаттығу. Жеке жұмыс Берілген сөздерден қажетті жұрнақ арқылы өзгелік етіс жазыңдар .

Көбей-т-тір,ойлан-дыр,оқы-т-қыз,өсір-т-кіз,жуын-дыр,айқайла-т-қыз,ал-дыр,өшір-гіз,құтқар-ғыз.

 

VІІ.Сергіту сәті. «Макарена» биі

 

VІІІ. Алынған ақпараттарды тәжірибеден өткізу мақсатында жұптық жұмыс орындату.

Оқушыларға суреттер таратып беремін.Олар жұптасып,бір-біріне көмек бере отырып,сурет бойынша 2 сөйлем құрастырады.

 

 

 

ІХ.Постермен жұмыс

Тақырыпқа байланысты ақпараттарды қайта анықтау мақсатында «Үш сөзбен тұжырымдау» әдісімен сабақты қорытындылау. Топтық жұмыс

Тақтадағы флипчарт қағазға үш топтан кезекпен оқушылар шығып, бүгінгі өткен сабақты үш сөзбен тұжырымдайды.

Мысалы:

 

Ережесі   Қимылды біреу орындайды
Жұрнақтары: -ғыз,-тыр,-т  
Мысалы: Айт-қыз,тарт-тыр,түсір-т  

 

Х.Бағалау: Сабақ барысындағы жұмыстануы бойынша, сабақ критерийлеріне сәйкес оқушыларды сыныппен кеңесе отырып бағалаймын, бағаға түсініктеме беріп, жетілу жолдарын айтамын.

ХІ.Үйге тапсырма: 191- жаттығу.

Берліген өзгелік етістерді қолданып,сөз тіркесі мен сөйлем құрап келу..

 

ХІІ.Кері байланыс орнату. Блоб ағашы арқылы оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін,көңіл-күйлерін білдіреді.

 

ХІІІ.Рефлексия «Алақан»

• Бас бармақ Не ұнады?

• Балан үйрек Жаңа не білдім?

• Ортан терек Не жөнінде ойландыңыз?

• Шылдыр шүмек Өз қоржыныма не аламын?

• Кішкентай бөбек Не білгім келеді?

 

- Сабақ аяқталды!

- Сау болыңыздар!

Қазақ тілі 7-сынып 24-25.02.2016ж

Сабақтың тақырыбы: Ырықсыз етістің жұрнақтары, беретін мағынасы мен қызметі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Ырықсыз етіс туралы алған теориялық білімдерін практикада қолдану. Ауызша, жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып, білімдерін бекіту.

Дамытушылық: ойлау қабілеттерін, қиялдарын дамыту; ой қорытып, нақты шешім жасауға үйретіп, өздеріне сенімдерін арттыру.

Тәрбиелік:сауатты жазуға, ұқыптылыққа баулу, бір – бірін тыңдай білуге үйрету, сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру.

Түзетушілік:Балалардың ойлау қабілетін,зейінін, таным әрекеттерін ,тілдік материалды естіп және естіп-көру арқылы қабылдауын түзете-дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:«Миға шабуыл», талдау, сұрақ-жауап,түсіндіру.

Көрнекіліктері: Үлестірмелі парақшалар, интерактивті тақта.

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды түгендеу;

Сабақта бір-бірімізді тыңдап, дыбыстарды қадағалаймыз.

Психологиялық дайындық
-Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері барлық өкпе мен мұңды жібітеді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай аламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

-Біз қазір не істедік?

-Қазір қай сабақ?

-Сыныпта кім жоқ?

-Аружан, үй тапсырмасын сұра!

-Барлығымыз орындадық па?

-Өткен сабақта қандай тақырып өттік?

-Етіс дегеніміз не?

-Етістің қандай түрлері бар?

-Өзгелік етіс дегеніміз не?

- Өзгелік етістің жұрнақтарын ата.

ІІ.Үйге берілген тапсырмаларды сұрау.

1.Етіс нешеге бөлінеді?

-Өздік етіс, өзгелік етіс, ортақ етіс, ырықсыз етіс

2.Өздік етіс дегеніміз не? Жұрнақтарын атаңыз.

-Қимыл, іс-әрекеттің орындаушысына, іс иесіне тікелей қатыстылығын білдіріп, әдетте сабақты етістіктерге –ын, -ін, -н жұрнағы жалғану арқылы жасалатын етістің түрі өздік етіс деп аталады.

3. Өзгелік етіс деген не, жұрнақтарын ата:Қимылдың, іс-әрекеттің, яғни субьектінің тікелей өзі емес, екінші бір басқа субъект, қимылды орындаушы арқылы істелетінін білдіріп, белгілі бір жұрнақтар арқылы жасалады.

Жұрнақтары -ғыз,-гіз,-қыз,-кіз:отыр-ғыз, жүр-гіз, айт-қыз, жет-кіз;

-дыр,-дір, тір, -тыр,-ыр,-ір: сал-дыр, сен-дір, ас-тыр, тік-тір, кет-ір, ас-ыр;

-т: жаса-т, сөйле-т т.б.

ІІІ.Жаңа сабақ:Ырықсыз етіс

Ережесі Жұрнақтары мысалдар
Іс-әрекеттің атқарушысы, қимыл иесі арнайы айтылмай, өздігінен істететіндігі көрініп тұратын етістің түрі -ыл,-іл,-л Түбірдің ішінде л дыбысы болса, -ын, -ін, -н жұрнақтары жалғанады. Сөз айт-ыл-ды, уәде бер-іл-ді, шарт жаса-л-ды, үй тазала-н-ды, қамал ал-ын-ды, үй сал-ын-ды т.б.

ІV.Мағынаны тану:

Тақтаға сөздер ілінеді оқиық: ашылды, қойылды, айтылды, берілді, салынды, шешілді, құйылды, жасалды. Осы сөздерге морфологиялық талдау жасайық.

Әр қатардағы оқушылар 2 сөзге талдау жасайды. Осы сөздерден сөйлем құрап айтыңдар. Бұл сөйлемдерде етістер қандай іс әрекетті білдіріп тұр? Іс әрекет өздігінен орындалғанын білдіреді. Қимыл иесі айтылмайды. Бұл етістер қандай жұрнақтармен жасалды? ( -ыл, -іл, -л, -ын,-ін, -н)

V.Оқулықпен жұмыс:

192-жаттығуды орындау. Оқып шығып, ырықсыз етістерді теріп жазу. Ырықсыз етістердің жасалуын талдау.

193- жаттығу. Мәтінді оқу. Ырықсыз етістерді теріп жпзу. Қосылып, тігілген, ағылып, қысылып, бұрылды.

VІ. Салыстыру:

Балалар, ырықсыз етіс қандай етіске ұқсайды? Айырмашылығы мен ұқсастығын

Венн диаграммасы арқылы көрсетейік.

Венн диаграммасы:

Өздік етіс Ортақ қасиеті: Ырықсыз етіс
Қимыл іс иесіне бағытталады   -ын, -ін, -н жұрнақтары   Қимыл иесі айтылмайды -ыл, -іл, -н жұрнақтары

 

VІІ. Сабақты қорытындылау: «Бір айналым сөз» Әр қатардағы оқушылар берілген сөзбен 5 минут ішінде мәтін құрастырады. Бірінші оқушы айтқан сөйлемдегі ойды келесі оқушылар, топ мүшелері, жалғастырады.

І қатар. «Домбыра».

ІІ қатар. «Ән»

ІІІ қатар. «Би», «Қобыз» деген сөздермен мәтін құрастырады.

Оқушылар жазған мәтіндерден үзінді оқу:

Домбыра – қазақ халқының ұлттық аспабы. Онымен әр түрлі күйлер тартылады. Домбыраның сүйемелдеуімен ән де айтылады. Домбыраның үні мені терең ойға батырады. Бұрынғы кезде домбыра әр қазақтың төрінде ілініп тұрған.

Қандай етіс түрлері кездесті?

Бағалау.

Үйге тапсырма беру.

194 – жаттығу.Ырықсыз етістерді қолданып мәтін құраңдар.

Етіс туралы ережелерді жаттау.

 

 

Қазақ тілі 7-сынып 26-27.02.2016ж

Сабақтың тақырыбы: Ортақ етіс, беретін мағынасы мен қызметі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Етіс туралы толық түсініктерін қайталата отырып, ортақ етістің жасалу жолдарын түсіндіру, мысалдар келтіру.

Дамытушылық:Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, ептіліктерін ұштау, еркін сөйлеуге баулу, жылдам ой қорытуға дағдыландыру.

Тәрбиелік:Адалдыққа, бірлікке, ұлттық дәстүрге тәрбиелеу.

Түзетушілік: Оқушылардың естіп және көріп-есту қабілеттерін дамытып-түзету, сөз арасында кетірген қате дыбыстарын түзету.

Сабақтың түрі:жаңа тақырыпты меңгерту.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау.

 

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасу,түгелдеу.Оқу құралдарын тексеру және сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

-Бүгін аптаның қай күні?

-Қазір қай мезгіл?

-Қазір қай сабақ?

-Бүгін сыныпта кім кезекші?

-Диана,сыныпта кім жоқ?

-Үйге қандай тапсырма берілді?

ІІ.Үйге берілген тапсырмаларды сұрау.

1.Етіс нешеге бөлінеді?

-Өздік етіс, өзгелік етіс, ортақ етіс, ырықсыз етіс

Ырықсыз етістерді қолданып мысал құраңдар.

ІІІ.Жаңа сабақ: Ортақ етіс

Қызығушылықты ояту.

Сабақтың тақырыбы сөзжұмбақ арқылы шешіледі.

 
 
1.Сан есімнің мағыналық түрі. 2.Қимыл иесі арнайы айтылмайтын етістің түрі 3.Қимыл, іс-әрекетті білдіретін сөз табы. 4. Кім?не? деген сұрақтарға жауап беретін септік? 5. Сапалық сан есімді ата.  


Т О п т а у  
Ы Р ы қ с ы з
Е Т і с т і к
  А т а у    
А Қ          


 

Етістіктің соңғы түрі ортақ етіспен танысамыз.

Ережесі Жұрнақтары Мысалдар
Қимыл, іс-әрекеттің орындаушысы орындаушы көп, бір адам емес, бірнеше адам, ортақтасып істейді. Сондықтан мұндай етісті ортақ етіс дейміз.   -ыс, -іс, -с Омар мен Оспан хат жаз-ыс-ты. Қыз бен жігіт сөйле-с-ті. Ол бізге үй сал-ыс-ты.

ІҮ. Оқулықпен жұмыс:





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.