МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

Тапсырманы ауызша орындау. 1 страница





ІV. «Кім жылдам» ойыны.

Берілген өлең жолдарынан өздік есімдікті тауып, толық анықтама беру.
1. «Ана тілін - арың бұл
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте»
2. Өзін - өзі билеген ер бақытты,
Өзін - өзі билеген ел бақытты.
3. Туған тілім - тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр бойдағы,
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.
4. Ана тілім – күшім менің, қуатым,
Жырым сендік жүрегімнен туатын.
5. Өзім – тәңірі, табынамын өзіме,
Сөзім құран, бағынамын сөзіме.
Бұзушы да, түзеуші де өзіммін,
Енді, ескілік, келдің өлер кезіңе.
6. «Өз алдына ел болуға өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатынын ұмытпауымыз керек» / А. Байтұрсынов/
V. Тақтамен жұмыс. Екі оқушы тақтаға шығып, «Өз кітабым» деген сөзді жекеше, көпше түрінде тәуелдеп жазып шығады.
Менің өз кітабым – өзімнің кітабым
Сенің өз кітабың – өзіңнің кітабың
Сіздің өз кітабыңыз – өзіңіздің кітабыңыз
Оның өз кітабы – өзіңнің кітабың

Біздің өз кітаптарымыз – өздеріміздің кітаптарымыз
Сендердің өз кітаптарың – өздеріңнің кітаптарың
Сіздердің өз кітаптарыңыз – өздеріңіздің кітаптарыңыз
Олардың өз кітаптары – өздерінің кітаптары


VI. Сергіту сәті («Қызыл өрік» биі)
VIІ.Оқулықпен жұмыс.

Мақал - мәтелдерді көшіріп жазып, өздік есімдігін тауып, олардың қандай тұлғада тұрғанын анықтау.
Мысалы: өзінің - өздік есімдігі, түбірі - өз, - і – ІІІ жақ тәуелдік жалғауы, - нің – ілік септігінің жалғауы, сөйлемде анықтауыш қызметін атқарып тұр.

VIІІ.Сабақты бекіту.

Балама тест. / Тест қорытындысын оқушылар өзара тексереді./
1. Өзім, өзі, өзің есімдіктері өздік есімдікке жата ма?
а/ иә; ә/ жоқ.
2 Бұл, сол, ол есімдіктері сұрау есімдігіне жата ма?
а/ иә; ә/ жоқ.
3 Есім сөздердің орнына есімдік қолданылады ма?
а/ иә; ә/ жоқ.
4 Мен, сен, ол есімдіктері сілтеу есімдігіне жата ма?
а/ иә; ә/ жоқ.
5 Кім, не, қай, қалай есімдіктері жіктеу есімдігіне жата ма?
а/ иә; ә/ жоқ.
ІХ. Бағалау.

Х. Үй тапсырмасы. Өздік есімдікке байланысты 2-3 мақал жазу.Өздік есімдігінің ережесін жаттау.

 

Қазақ тілі 7-сынып 21.01.2016ж

Сабақтың тақырыбы:Өздік есімдіктерінің қолданылуы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік. Өздік есімдігінің қолданылуын түсіндіру.

Дамытушылық. Әр түрлі жаттығу жұмыстары арқылы оқушылардың есте сақтау, логикалық ойлауын дамыту.

Тәрбиелік. Оқушыларды тілін сүюге, елжандылыққа тәрбиелеу.

Түзетушілік: Оқушылардың сөйлеу барысында айтылған дыбыстарын түзету;

Сабақтың көрнекілігі:Интерактивті тақта, слайдтар, кестелер.

Сабақтың әдісі:СТО, сұрақ-жауап, жаттығу.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Жалт-жұлт еткен, сиқырлы,

Шапанын қыс жамылды.



Шәкірттерге бүгінгі

Жаңа тақырып табылды.

Қыс қой тонын сыйлаған,

Туған жерге, қалама.

Аппақ қардай кіршіксіз

Ойлар келді санама.

Есімдіктің сырларын

Меңгерейік шамамен.

Қысты қарсы алайық,

Кілең бестік бағамен.

 

- Сәлеметсіңдер ме, балалар.

-Аппараттарың бар ма?

- Көңіл-күйлерің қандай?

- Өткен сабақтың тақырыбы қандай?

- Үйге қандай тапсырма берілді?

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Топтастыру стратегиясы

І-тапсырма.Берілген сұрау есімдігін қатыстырып сөйлем құрап жазу.

Кімнің, қайсымыз, нешеуі, кімдермен, нешеуден, кімсіздер, қандаймыз.

Мысалы: Сен кімнің баласысың?

ІІ-тапсырма.Нешінші, қайсысы деген сұрау есімдіктерін жіктеп және тәуелдеп жазып, мағыналық және тұлғалық жағынан салыстырыңдар.

Жіктеу: нешінші қайсысы
І нешіншімін қайсысымын
ІІ нешіншісің қайсысысың
Сыпайы түрі нешіншісіз қайсысысыз
ІІІ нешінші қайсысы
Тәуелдеу: нешінші қайсысы
І нешіншім қайсысым
ІІ нешіншің қайсысың
Сыпайы түрі нешіншіңіз қайсысыңыз
ІІІ нешіншісі қайсысы

ІІІ.Жаңа сабақты белсенді, саналы түрде меңгерту кезеңі.

Өз есімдігі тәуелденіп барып септеледі.

Өздік есімдігінің септелу үлгісі

Септік өзім өзің өзіңіз өзі
Атау өзім өзің өзіңіз өзі
Ілік өзімнің өзіңнің өзіңіздің өзінің
Барыс өзіме өзіңе өзіңізге өзіне
Табыс өзімді өзіңді өзіңізді өзін
Жатыс өзімде өзіңде өзіңізде өзінде
Шығыс өзімнен өзіңнен өзіңізден өзінен
Көмектес өзіммен өзіңмен өзіңізбен өзімен

Өз есімдігі тәуелденіп барып жіктеледі.

Өздік есімдігінің жіктелу үлгісі

жақ өзім өзің өзіңіз өзі
І Мен Біз өзіммін өзімізбіз өзіңмін өзіңбіз өзіңізбін өзіңізбіз өзімін өзіміз
ІІ Сен Сендер Сіз Сіздер өзімсің өзімсіңдер өзімсіз өзімсіздер өзіңсің өздеріңсіңдер өзіңсіз өздеріңсіздер - - өзіңізсіз өздеріңізсіздер өзісің өзісіңдер өзісіз өзісіздер
ІІІ Ол Олар өзім өзің   өзіңіз өзі

Кейде өз есімдігі өзі орнына жүретін жіктеу есімдігімен немесе зат есіммен де тіркесіп қатар жұмсалады.

Мысалы:


Мен өзім айттым

Сен өзің айттың

Сіз өзіңіз айттыңыз

Ол өзі айтты

Біз өзіміз айттық

Сендер өздерің айттыңдар

Сіздер өздеріңіз айттыңыздар

Олар өздері айтты.


Өз есімдігімен жасалған өз-өзінен, өзінен-өзі, өзді-өзі деген қос сөздер дефис арқылы жасалады.

ІV.Өлеңдегі түсірілген сөздерді орнына қойыңдар:

Өзім – тәңірі табынамын ... (өзіме)

Сөзім – құран, бағынамын ...! (сөзіме)

Бұзушы да, түзуші де ..., (өзіммін)

Енді, ескілік, келдің өлер ... ! (кезіңе)

Мағжан Жұмабаев.

Тапсырма: Өздік есімдігін тауып, олардың қалай түрленіп тұрғанын анықта.

Өзім – түбірі өз, -ім тәуелдік жалғаудың І жағы

Өзіме – түбірі өз, -ім тәуелдік жалғаудың І жағы, -е барыс септігі

Өзіммін - түбірі өз, -ім тәуелдік жалғаудың І жағы, -мін жіктік жалғау І жағы.

V.Ойын патшалығына қош келдіңіздер!

“+” белгісін тиісті жеріне қояйық!

Өздік есімдіктері Тәуелденіп тұр Жіктеліп тұр Септеліп тұр Көптеліп тұр
Өзін
Өздері
Өзіңсің
Өзім

VІ.Мақал-мәтелдерді сөйлем мүшесіне талда:

  1. Хас сараң өз затын өзінен қызғанады.
  2. Қорқақ өзінің көлеңкесінен де қорқады.

VІІ.Өлеңдерден өздік есімдігін тауып, қалай түрленіп тұрғанын түсіндіріңдер.

Өзіңе-өзің жүк артып,

Өмір деген - тер төгу.

Бір нәрсеге құмартып,

Бір нәрседен жеркену.

Мектебім - айтар әнім,

Сан рет қайталадым.

Өзіңнен алғанымды

Өзіңеқайтарамын.

Армандаймыз, аңсаймыз, қиялдаймыз,

Мына думан өмірге сыя алмаймыз.

Бос қиялмен өтпесем жарар еді,

Көктемеген егінді жия алмай біз.

Өзімізді, себебі, жиі алдаймыз,

Өзімізден өзіміз ұялмаймыз.

VІІІ. Сергіту сәті

Ендi бiз демаламыз,

Айналаны шоламыз.

Қол-аяқты кезекпен,

Оңға-солға созамыз.

Күн шыққанда сүйiнiп,

Бәйшешектей иiлiп,

Бiз тынығып аламыз.

Жиi-жиi жаттығып,

Үлкен кiсi боламыз.

ІХ. «Ән – көңілдің ажары» демекші, сазды кезеңге де жеттік, балалар! Мына өлеңдер шумағын әнімен орындап, талдау жұмыстарын жасайық.

Қалың ағаш жапырағы

Сыбырласып өзді-өзі,

Көрінбей жердің топырағы,

Құлпырған жасыл жер жүзі.

Өзіңмен Арыстың

Бойында таныстым

Жайнаған күндей құрбым сен

Жағада тұрдың сен!

Жаңа сабақты бекіту.

1. Өздік есімдігіне қандай сөз жатады?

2. Өзісіздер есімдігі қандай тұлғада тұр?

3. Өзіңмен қай септікте тұр?

4. «Өз үйім - өлең төсегім» деген мақалда өздік есімдігі қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұр?

5. Өздік есімдігі бар бір мақал жаз.

 

Үйге тапсырма:

Өздік есімдіктерін қатыстырып, бір кейіпкердің атынан басқа бір кейіпкерге өзіңнің басыңнан өткен қызық оқиғаны келтіріп, хат жазайық!

Сабағымыз аяқталды, тұрайық!

Өзімізге шапалақты ұрайық...

Үйге барып, шабытпенен шаттана

Таң қаларлық әдемі хат құрайық!

Бағалау.

Қазақ тілі 7-сынып 22.01.2016ж

Сабақ тақырыбы: Жалпылау есімдіктері

Сабақ мақсаты:

Білімділік: оқушыларға жалпылау есімдігінің жасалуы мен қолданылуын меңгерту;

Дамытушылық: оқушылардың ойлау, есту, танымдық қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын жетілдіру;

Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу;

Түзетушілік: оқушылардың сөйлеу барысында айтылған дыбыстарын түзету;

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың құрал - жабдығы: Интерактивті тақта, слайд.
Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

- Сәлеметсіңдер ме, балалар.

-Аппараттарың бар ма?

- Көңіл-күйлерің қандай?

- Өткен сабақтың тақырыбы қандай?

- Үйге қандай тапсырма берілді?

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Сағи Жиенбаев «Ертең» өлеңі
Тұрам ерте,
Шығам ерте үйімнен....
Не қоям мен
Мына қарқын, түріммен?
Анау - мынау...
Белгілі ғой бәріде.
Қалатұғын не бар дейсің бүгіннен?
Күндегі осы...
Күндегі осы тіршілік
Жең сыбанып, кірісемін құлшынып,
Анау - мынау.... бітіп еді әлгіде,
Тағы да бір “анау - мынау”... тұр шығып.
Мәтіннен есімдіктерді таптыртып, еске түсіріп, сұрақ - жауап арқылы үй тапсырмасын тексеру.
- Есімдік дегеніміз не?
- Есімдіктер мағынасына қарай неше топқа бөлінеді?
- Жіктеу есімдігі дегеніміз не?
- Сілтеу есімдігі дегеніміз не?
- Сұрау есімдігі дегеніміз не?
ІІІ. Жаңа сабақ
Жалпылау есімдігіне бәрі, барлық, бар, барша, бүкіл, күллі, бүтін, түгел, тегісдеген сөздер жатады. Мысалы: Бар ойы – өлең айтып, ән салайық. (Абай ) Түгел сөздің түбі бір, түп атасы – Майқы би. (мақал) Бәріміз бір атаның баласымыз. (С. Бақбергенов) Күллі ауылда жаны ашитын жалғыз Шәйхат қана. (Ә. Кекілбаев) Бұл сөздер (бәрі, түгел....) – көп заттың атының орнына қолданылады. Жалпылау есімдігі бәрі, түгел, бүтін, тегіс, күллі т. б. түбір сөздер болғандықтан, дара есімдіктер болып саналады. Жалпылау есімдігіне – ша, - лық жұрнақтары жалғанып, туынды есімдіктер жасалады. Мысалы:бар - ша, бар - лық т.б.

Жалпылау есімдіктеріне сөйлем ішінде кейде септік, тәуелдік, көптік жалғауы жалғанады, бірақ олар жіктелмейді.

Мысалы: Тәуелденуі

І жақ . Біз(дің) бәрі +міз, барлығ+ымыз

ІІ жақ Сендердің бәрі+ң барлығ+ың

ІІ жақ Сіздердің бәр (лер)+іңіз барлығ+ыңыз

ІІІ жақ Олардың бәр(лер)+і барлығ+ы

Септелуі (ІІІ жақта да)

А. баршамыз бәрің бүкілі

І. Баршамыз+дың бәрің+нің бүкілі+нің

Б. Баршамыз+ға бәрің+е бүкілі+не

Т. Баршамыз+ды бәрің+ді бүкілі+ң

Ж. Баршамыз+да бәрің+де бүкілі+нде

Ш. Баршамыз+дан бәрің+нен бүкілі+нен

К. Баршамыз+бен бәрің+мен бүкілі+мен

 

Жалпылау есімдігі сөйлемде сөйлем мүшесі қызметін атқарады.

Мысалы: Бар жұрттың көңілі көтеріңкі.

ІV.Оқулықпен жұмыс.

150 – жаттығу. Мәтіндерді оқып шығып, жалпылау есімдігін табыңдар.

 

V.Сергіту сәті

Шаршасаңдар, балалар,

Қолдарыңды созыңдар.

Саусақтармен ойнаңдар,

Қолдарыңды сермеңдер.

Денелерiң шынықсын,

Саналарың тынықсын.

VІ.Тақтамен жұмыс

«Барлық» сөзін тәуелде.

«Түгел» сөзін септе.

VІІ. Бекіту

-Біз бүгін қандай тақырып өттік?

- Жалпылау есімдігі дегеніміз не?

Берілген бір жол өлең ішінен жалпылау есімдігін табыңдар.

Мысалы: Бақыт қайта қонды деп,

Қуанышты күллі елім!

Көк ту болып желбіреп,

Азаттығым тұр менің.

VІІІ. Үйге тапсырма:

Жалпылау есімдігінің септелуін есте сақтау; «Қазақстан» туралы шағын әңгіме жазу

(жалпылау есімдігін қолдану).

ІХ. Бағалау.

 

 

Қазақ тілі 7-сынып 23.01.2016ж

Сабақ тақырыбы: Жалпылау есімдіктерінің қолданылуы

Сабақ мақсаты:

Білімділік: оқушыларға жалпылау есімдігінің жасалуы мен қолданылуын меңгерту;

Дамытушылық: оқушылардың ойлау, есту, танымдық қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын жетілдіру;

Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу;

Түзетушілік: оқушылардың сөйлеу барысында айтылған дыбыстарын түзету;

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың құрал - жабдығы: Интерактивті тақта, слайд.
Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

- Сәлеметсіңдер ме, балалар.

-Аппараттарың бар ма?

- Көңіл-күйлерің қандай?

- Өткен сабақтың тақырыбы қандай?

- Үйге қандай тапсырма берілді?

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
- Есімдік дегеніміз не?
- Есімдіктер мағынасына қарай неше топқа бөлінеді?
- Жіктеу есімдігі дегеніміз не?
- Сілтеу есімдігі дегеніміз не?
- Сұрау есімдігі дегеніміз не?
ІІІ. Жаңа сабақ
Жалпылау есімдігіне бәрі, барлық, бар, барша, бүкіл, күллі, бүтін, түгел, тегісдеген сөздер жатады. Мысалы: Бар ойы – өлең айтып, ән салайық. (Абай ) Түгел сөздің түбі бір, түп атасы – Майқы би. (мақал) Бәріміз бір атаның баласымыз. (С. Бақбергенов) Күллі ауылда жаны ашитын жалғыз Шәйхат қана. (Ә. Кекілбаев) Бұл сөздер (бәрі, түгел....) – көп заттың атының орнына қолданылады. Жалпылау есімдігі бәрі, түгел, бүтін, тегіс, күллі т. б. түбір сөздер болғандықтан, дара есімдіктер болып саналады. Жалпылау есімдігіне – ша, - лық жұрнақтары жалғанып, туынды есімдіктер жасалады. Мысалы:бар - ша, бар - лық т.б.

Жалпылау есімдіктеріне сөйлем ішінде кейде септік, тәуелдік, көптік жалғауы жалғанады, бірақ олар жіктелмейді.

Мысалы: Тәуелденуі

І жақ . Біз(дің) бәрі +міз, барлығ+ымыз

ІІ жақ Сендердің бәрі+ң барлығ+ың

ІІ жақ Сіздердің бәр (лер)+іңіз барлығ+ыңыз

ІІІ жақ Олардың бәр(лер)+і барлығ+ы

Септелуі (ІІІ жақта да)

А. баршамыз бәрің бүкілі

І. Баршамыз+дың бәрің+нің бүкілі+нің

Б. Баршамыз+ға бәрің+е бүкілі+не

Т. Баршамыз+ды бәрің+ді бүкілі+ң

Ж. Баршамыз+да бәрің+де бүкілі+нде

Ш. Баршамыз+дан бәрің+нен бүкілі+нен

К. Баршамыз+бен бәрің+мен бүкілі+мен

 

Жалпылау есімдігі сөйлемде сөйлем мүшесі қызметін атқарады.

Мысалы: Бар жұрттың көңілі көтеріңкі.

ІV.Оқулықпен жұмыс.

151– жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, жалпылау есімдіктерінің астын сызыңдар. Оның қай сөзбен тіркесетінін айтыңдар.

V.Сергіту сәті

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым

Бiр орнымда қозғалып,

Кезек басып тұрамын.

Жоғары, төмен қарайық.

Орнымызды табайық.

VІ.Тақтамен жұмыс

«Барлық» сөзін тәуелде.

«Түгел» сөзін септе.

VІІ. Бекіту

-Біз бүгін қандай тақырып өттік?

- Жалпылау есімдігі дегеніміз не?

Берілген бір жол өлең ішінен жалпылау есімдігін табыңдар.

Мысалы: Бәрі де, Ана,

Бір өзіңнен басталды.

Сен деп жаздым алғаш өлең, дастанды.

Қуандым ба,

Өзің бар деп қуандым.

Жыладым ба,

Өзің жоқ деп жас тамды.

VІІІ. Үйге тапсырма:

Жалпылау есімдігі бар 5-6 сөйлем құрастыру.

ІХ. Бағалау.

 

 

Қазақ тілі 7-сынып 25.01.2016ж

Сабақ тақырыбы: Болымсыздық есімдігі

Сабақ мақсаты:

Білімділік: оқушыларға болымсыздық есімдігінің жасалуы мен қолданылуын меңгерту;

Дамытушылық: оқушылардың ойлау, есту, танымдық қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын жетілдіру;

Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу;

Түзетушілік: оқушылардың сөйлеу барысында айтылған дыбыстарын түзету;

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, таратпаматериалдармен жұмыс, ЕҚД., СТО стратегиялары

Пәнаралық байланыс: әдебиет, география

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

- Сәлеметсіңдер ме, балалар.

-Аппараттарың бар ма?

- Көңіл-күйлерің қандай?

- Өткен сабақтың тақырыбы қандай?

- Үйге қандай тапсырма берілді?

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

«Сен маған, мен саған» оқушылар бір-біріне есімдіктердің түрлері бойынша сұрақтар қойып, білімдерін өзара тексереді.

ІІІ. Жаңа сабақ

3.1. Сабақ тақырыбымен таныстыру: «Болымсыздық есімдіктері»

3.2. Жаңа тақырыпты меңгерту

- Болымсыздық мағынаны білдіретін есімдіктің түрі болымсыздық есімдігі деп аталады. Болымсыздық есімдіктері: ештеңе, ештеме, ешкім, ешбір, ешқашан, ешқайдан, ешқайда, ешқайсысы, дәнеңе, дәнеме. Мысалы: Бұл сөзіме ешкім де сенбеді. Ашық мінез, ақ маңдай, менемендік жоқ ешқандай. (Абай)

Болымсыздық есімдіктерінің ешкім, ешқайсысы, дәнеңе, ештеңе дегендері заттық мағынаны, ешқашан, ешқайда, ешқайдан дегендері мекендік, мезгілдік мағынаны білдіретін сөздердің орнына жұмсалады.

Болымсыздық есімдіктері «еш» сөзі бір, кім, қашан, қайдан, қайсысы тәрізді есімдіктермен бірігу арқылы жасалады.

«Еш» сөзі басқа сөздермен (зат есімдермен) тіркесіп, бөлек жазылады. Сенен басқа еш жерден таба ламадым орнымды (Абай).





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.