Тапсырманы ауызша орындау. 3 страница Оқытудың әдісі: жинақтау, талдау, сын тұрғысын ойлау, сатылай кешенді талдау, тест, т.б. Пәнаралық байланыс: әдебиет, математика, орыс тілі, ағылшын, неміс тілі, биология. Сабақтың көрнекілігі : есімдіктің жасалу жолына арналған кестелер, ашық формалы тест, сөзжұмбақ, бейнефильм, интерактивті тақта, бағалау парақшалары, т.б. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі : а) сәлемдесу, ә) түгелдеу; б) сыныпты сабаққа даярлау. (Топ жетекшілеріне бағалау парақтарын таратамын) ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Қызығушылығын ояту Жұмбақ сұрақтар «Бұл қай есімдіктер?» 1. Етікші аспабының бірімен ұқсас есімдік есімдіктің қай түрі? (Біз – жіктеу есімдігі) 2. Басқаның бәрін өзі сұрайды, өзінен ешкім сұрамайды. (Сұрау есімдіктері) 3. Жақтас жалғауға жіктеле қояды, жақтас емесіне жоламай қояды. (Мен, сен) 4. Көпшіл және көңілшек Ештемені бөліп жармайды Көптік ұғым беріп Көпшілікті қармайды (Жалпылау есімдіктері) Құрамындағы сөздің көбін көршісінен сұрап алыпты. Алдына бір буын қосыпты да, есімдіктің бір түрі боп тұра қалыпты. (Болымсыздық есімдіктері) ІІІ. Қайталау сабағы а) Сөзжұмбақ «Бұл да қызық» . Тапсырма. Есімдік деген сөздің құрамында қанша дыбыс болса, есімдіктердің түрлері де сонша. Енді сіздер тапсырманы орындадыңыздар. Шақпаққа мыналарды жазсаңыздар, ерекше тордағы сөзді оқисыздар. 1.Сілтеу есімдігі. 2. Сұрау есімдігі. 3. Өздік есімдігі(IІІ жақ, тәуелденіп тұр) 4. Белгісіздік есімдігі. 5. Жалпылау есімдігі (Ережесін бірден сұрап отырамын) ә) Сатылай кешенді талдау. Бұл жерде ешкім сырымды білмейді. Бүкіл ауыл Қазының төрт қанат киіз үйіне жиналды. Бұл Ешкім Бүкіл негізгі негізгі негізгі дара күрделі дара есімдік есімдік есімдік сілтеу болымсыздық жалпылау сұрағы: қай? сұрағы: кім? сұрағы: қай? анықтауыш бастауыш анықтауыш б) Мәтінмен жұмыс (Акула жайлы бейне фильм қойылады) 116- жаттығу. Акула. Мәтіндегі есімдіктерді мағынасына, сұрағына, тұлғасына қарай жазбаша талдатамын. В) Полиглот (асты сызылған сөздерді орыс, ағылшын, неміс тілдеріне аудару керек) І топ Тарих қана, халық қана туатын Алыптардың арқа тұтпас кім атын? Ұлы арманын жырлау үшін қазаққа Керек болды Абай сынды ұлы ақын! (Жарасқан Әбдірашев) ІІ топ Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегің мен ақылың екі жақтап. (Абай) ІІІ топ Әркімді адам сүйремек, Заманды қай жан билемек? Заманға жаман күйлемек, Заманы оны илемек. Бекіту А) Көру диктанты. (Жатқа жазып, есімдіктерді талдау) Басқа жұрт балалары оқу қуған, Біліммен өз жұртының бетін жуған. Ішіп-жеп жүрсе егер жайған малдай, Адамзат жер жүзіне не үшін туған?! ә) Тест (компьютер арқылы көрсетіледі) Ашық формалы тест Үлкенді сен сыйласаң, Кіші...(сені) сыйлайды. Жаманның...(өзі) бола алмайды, Болғанды көре алмайды. Балапан ұяда...(не) көрсе, Ұшқанда соны іледі. Не ексең,...(соны) орарсың. Біреу тойып секіреді, ...(Біреу) тоңып секіреді. Қорытынды - Екі көз не үшін керек? - Жақсыларды көру үшін. -Екі қолың не үшін керек? -Елге көмек беру үшін керек. -Құлақ деген не үшін керек? -Ақыл-кеңес тыңдау үшін - Тіл мен жағың не үшін керек? - Ақиқатты айту үшін. - Ал аяғың ше? - Шетте жүрсем, туған жерге қайту үшін. - Ал есімдік не үшін қажет? - Иә, туған жерге жету үшін екі аяғың қандай қажет болса, қазақ тілінің дәрежесі жоғары болуына есімдік сынды сөз табының қосар үлесі зор. Жүйелі ойлау мен ой-өріс кеңістігінің кеңеюіне есімдік те үлкен ықпал етеді. ә) Кластер мен немесе топтастыру әдісі. - Сонымен, есімдік жайлы білдік?  Бағалау (Бағалау парақшаларын жинап аламын) Үйге тапсырма: 160-жаттығу Қазақ тілі 7-сынып 03.02.2016ж Сабақтың тақырыбы: Өздік жұмысы Сабақтың мақсаты: Білімділік: есімдік бойынша алған білімдерін тексеру; Дамытушылық: оқушылардың есту, ойлау қабілеттерін, сөздік қорын, сөйлеу тілдерін дамыту; Тәрбиелік: оқушыларды тиянақтылыққа тәрбиелеу. Түзетушілік: оқушылардың сөйлеу барысында айтылған дыбыстарын түзету; Сабақтың түрі: қорыту-жинақтау сабағы Сабақтың әдістері: бақылау тапсырмалары Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеп, зейіндерін сабаққа аудару. Өздік жұмыс тапсырмаларын түсіндіру. 2.Өздік жұмыс тапсырмаларын орындату 1. Берілген есімдіктердің түбірлерін анықта. Әрқашан, әркім, әлдеқалай, қайсыбір, бірнеше, кейбіреу, ешбір, әрқалай, қайсысы, әлдеқалай, ешкім, әлдене, ешқандай, ешқашан. 2.Мәтінді оқып шығып, құрамындағы есімдіктерді табыңдар. Оларға мағыналық, тұлғалық талдау жасаңдар. Өлең Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң, арқалан. Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та, бар, қалан! Өзіңде бармен көзге ұрып, Артылам деме өзгеден, - деген өлеңді Әйгерім Мәкенге қайта оқытты. Мәкеннің өзі де өлеңнің кейбір жолдарын ішінен қайталап оқып отыр еді. Бұған Әйгерім ақырын күліп алды. - Ағаңның алғашқы сөзі бізге де айтылған сөз десек болатын-ау! Өзі ауызша да айтады ғой: «Кімде-кім есі бар, қайраты бар, бойында жігер талабы бар адам болса, еңбексіз өмір кешуге жол жоқ! – деп. - Маған десе патшаның қызы бол, арамтамақ болсаң қор боласың», - дейді. Мынада айтып отырғаны да сол ғой. 3.Берілген есімдіктермен сөйлем құра. Ешқашан, біреу, мына, қалай? ол, өз Сабақты қорыту. -Бүгін сабақта не істедік? Бағалау. Үйге тапсырма:164-жаттығу Қазақ тілі 7-сынып 04.02.2016ж Сабақтың тақырыбы: Етістік туралы түсінік Сабақтың мақсаты: Білімділік: жаттығулар мен тапсырмалар орындау арқылы етістік тақырыбынан алған білімдерін еске түсіру. Дамытушылық: оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: оқушыларға адамгершілік және, ақыл-ой тәрбиесін беру, халықтық педагогика негізінде тәрбиелеу. Түзетушілік: оқушылардың сөйлеу барысында айтылған дыбыстарын түзету; Сабақтың түрі: жаңа сабақ Көрнекілігі: интерактивті тақта, смайликтер, «бағдаршам» бағалау қағаздары, қима қағаздар, мәтін, рефлексия парағы, «дұрыс, дұрыс емес» парақшалары, тапсырмалар. Қолданылатын әдіс-тәсілдер: үй тапсырмасын жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар арқылы тексеру, топтық жұмыс: жаңа білімді меңгерту, ой бөлісу, бағалау әдістері, сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары, деңгейлік тапсырмалар. С а б а қ б а р ы с ы : І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.1. Оқушылармен амандасу, түгендеу. - Оқушылар, көңіл-күйіміз қалай? Сабағымызды бастамас бұрын, бір шумақ өлеңімізді оқып шығайық. 1.2. Психологиялық дайындық Армысың досым, Кел, маған қосыл Алақанға салып алақан, Шеңберге бірге тұрайық Жер шарындай айналып, Әлемге жарық шашайық. Қолымызды көтеріп, Күннің нұрын алайық. Ортамызда күн нұры, Құшаққа оны алайық. 1.3. Бірге ойлаймыз. Әр топ өлеңмен бүгінгі сабаққа тілек айтады. ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: - Балалар, үйге берілген тапсырма қандай еді? ( -жаттығулар. Ережені жаттау). ІІІ. Жаңа сабақ 3.1. Тақырып мазмұнын ашу. Яғни оқушылар өзлері білгенлерін топтастырып жазып шығады. 3.2. Толықтыру. Оқушыларға интербелсенді тақтадан мынадай мәлімет беріледі. - Етістік-заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы. Етістік не істеді? не қылды? қайтті? (немесе не істеп? қайтіп? не істесе? т.б.) деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: Көп ойласаң, дана боласың, көп ойнасаң, бала боласың.Берілген мысалда ойласаң, ойнасаң сен не істесең? деген сөздер заттық ұғымдағы сөздің (сен) қимылын, іс-әрекетін білдіріп тұр. Мұндай сөздер етістік деп аталады. Етістіктің түрлері: негізгі-туынды, дара-күрделі, болымды-болымсыз, сабақты-салт, есімше, көсемше, т.б 3.3.Оқулықпен жұмыс. 169-жаттығу. Жаттығу шарты бойынша орындалады. Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу. Өлеңдегі қарамен жазылған сөздердің мағынасын ашу. Мәтінді қарасөзге айналдырып жазу. Етістіктерді тауып сұрақ қою, түрін анықтау. 3.Сергіту сәті. 3.4 Сөздер тізбегінен етістіктерді табу: Сқөаоынаркдрстиаоыдпбилежинастырағартсалапартоқтадыкиіндітқөжорсбюөждаоылйкуебшанопрмисткаопөд 3.5.Шығармашылық жұмыс. Оқушыларға сюжеттік сурет беріледі. Топ болып 2-3 сөйлем жазу керек. Құрамында етістіктер болуы шарт.  Оқушылар бұл мысалдардағы етістіктерге тұлғасына қарай талдау жасайды. Қорытынды - Етістік дегеніміз не?- Қалай жасалады?- Мысалдар келтір. Бағалау.«Бағдаршам» стратегиясы арқылы өздерін бағалайды. Үйге тапсырма:өздері туралы жазу Қазақ тілі 7-сынып 05.02.2016ж Сабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды етістік: Сабақтың мақсаты: Білімділік: етістіктің түрлері туралы білімдерін кеңейте отырып, етістіктерді дұрыс анықтау дағдыларын қалыптастыру; Дамытушылық: оқушылардың есту, ойлау қабілеттерін, сөздік қорын, сөйлеу тілдерін дамыту; Тәрбиелік: оқушыларды табиғатты аялай білуге тәрбиелеу. Түзетушілік: оқушылардың сөйлеу барысында айтылған дыбыстарын түзету; Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, түсіндіру, жаттығу, таратпа материалдармен жұмыс, ЕҚД. Пәнаралық байланыс: әдебиет Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: - Сәлеметсіңдер ме, балалар. -Аппараттарың бар ма? - Көңіл-күйлерің қандай? - Сабаққа дайынсыңдар ма? Психологиялық дайындық Армысың досым, Кел, маған қосыл Алақанға салып алақан, Шеңберге бірге тұрайық Жер шарындай айналып, Әлемге жарық шашайық. Қолымызды көтеріп, Күннің нұрын алайық. Ортамызда күн нұры, Құшаққа оны алайық. 2. Үй тапсырмасын тексеру. - Сөз таптарын ата. - Қандай сөз таптарын өттік? Олардың түрлерін ата. Ой қозғау. - Сендер, етістік деген сөзді естігенде ойларыңа не келеді? Топтастыру. 3. Жаңа сабақ 3.1. Тақырыпты түсіндіру. - Етістік жасалуына қарай негізгі түбір және туынды түбір болып екіге бөлінеді. Сөздің негізгі түбірі етістік болса, ол негізгі түбір немесе негізгі етістік деп аталады. Мысалы: кел, жүр, көр, айтты, үйіп, жайды, алған, т.б. Басқа сөз таптарынан сөз тудырушы жұрнақтар арқылы жасалған етістіктер туынды етістіктер деп аталады. Мысалы: ойна, шегеле, қарайды, күшейіп, т.б. Етістік тудыратын жұрнақтар мыналар: 1) -ле, -да, -де, -та, -те: шеге-ле, таза-ла, тіс-те; 2) –а, -е: ойн-а, бос-а, түн-е; 3) –ай, -ей, -й: мол-ай, аз-ай, көб-ей, қара-й; 4) –ар, -ер, -р: ағ-ар, көг-ер, қысқа-р; 5) –ғар, -гер, -қар, -кер: бас-қар, ес-кер, тең-гер; 6) –ық, -ік, -қ, -к: кеш-ік, зар-ық, бір-ік; 7) –ыра, -іре: жарқ-ыра, желб-іре; 1.2. Жазу жұмысы. a. 173-жаттығу. Берілген етістіктерге жұрнақ жалғап, туынды етістік жаса. 174- берілген етістіктердің қайсысы негізгі, қайсысы, туынды етістік екенін анықта. Етістіктермен сөз тіркестерін құра. 3.3. ЕҚД. – Тыңдап, қайталаңдар. - Сөз таптары. Етістік. Етістік түрлері. Негізгі етістік. Туынды етістік. Қимылды, іс-әрекетті білдіреді. Сабақты қорыту. -Бүгін сабақта не істедің? -Етістік туралы не блдің? -Негізгі етістік пен туынды етістіктің айырмашылығы бар ма? Бағалау. Үйге тапсырма: ереже жаттау, етістікке мысалдар жазу. Қазақ тілі 7-сынып 06.02.2016ж Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі етістік Сабақтың мақсаты: Білімділік: етістіктің түрлері жайлы білімдерін кеңейте отырып,дара және күрделі етістіктердің жасалуы мен ерекшеліктерін меңгерту; Дамытушылық:оқушылардың есту, ойлау қабілеттерін, сөздік қорын, сөйлеу тілдерін дамыту Тәрбиелік: оқушыларды тиянақтылыққа тәрбиелеу. Түзетушілік: оқушылардың сөйлеу барысында айтылған дыбыстарын түзету; Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, жаттығу, түсіндіру, ЕҚД. Пәнаралық байланыс: әдебиет Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: - Сәлеметсіңдер ме, балалар. -Аппараттарың бар ма? - Бүгін аптаның қай күні? - Қазір қай сабақ? - Өткен сабақтың тақырыбы қандай? - Үйге қандай тапсырма берілді? 2. Үй тапсырмасын тексеру. - Етістік қандай сөз табы? - Етістіктің сұрақтарын ата. - Етістік жасалуына қарай қалай бөлінеді? - Негізгі етістік пен туынды етістіктің айырмашылығы неде? - Мысал келтір. 3. Жаңа сабақ 3.1. Тақырыпты түсіндіру. - Етістік құрамына қарай дара және күрделі болып екіге бөлінеді. Бір ғана сөзден тұратын негізгі етістік дара етістік деп аталады. Мысалы: Өнер-білім бар жұрттар тастан сарай салғызды.Қозының жамырағанын Байторының сақ құлағы бағана сезген. Екі я одан да көп сөзден құралып, бір ғана мағынаны білдіріп, бір ғана сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір ғана қызметін атқаратын етістіктер күрделі етістіктер деп аталады. Мысалы: Ауылда қосақтағы қойлар маңырап жатыр екен. Бір кішкентай қыз әкесінің шапанын жамап отыр екен. 3.2. Бекіту жаттығуларын орындату. * 170-жаттығу. Мәтінді оқып шығып, мазмұнын қысқаша баяндаңдар. Күрделі етістіктердің қалай жасалып тұрғанын көрсетіңдер. Үлгі: еріп – дара етістік; жиылып отыр – күрделі етістік: жиылып – негізгі етістік пен отыр деген көмекші етістіктің тіркесуі арқылы жасалған. * Оқушыларды үш топқа бөлемін. Әр топқа сюжетті сурет беремін сол суретке байланысты мәтін құрап, ондағы етістік түрлерін анықтайды. * Таратпа материалмен жұмыс. 3.3. ЕҚД. – Тыңдап, қайталаңдар. - Сөз таптары. Етістік. Етістік түрлері. Негізгі етістік. Туынды етістік. Қимылды, іс-әрекетті білдіреді. Дара етістік. Күрделі етістік. Сабақты қорыту. -Бүгін сабақта қандай тақырыпты өттік? -Бүгін сабақта не істедік? - Етістік құрамына қарай қалай бөлінеді? - Дара етістік пен күрделі етістіктің айырмашылығы неде? Бағалау. Үйге тапсырма: ереже жаттау, дара етістікті қатыстырып екі сөйлем, күрделі етістікті қатыстырып екі сөйлем жазыңдар. Қазақ тілі 7-сынып 08.02.2016ж Сабақтың тақырыбы: Күрделі етістіктердің құрамы Сабақтың мақсаты: Білімділік: етістіктің дара және күрделі түрлерін ажырата білуге үйрету, күрдеі етістіктердің құрамын анықтай білуге дағдыландыру; Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, ойын жүйелі жатық жеткізе білуге, интеллектуалды және эмоционалды белсенділігін арттыруға дағдылау. Тәрбиелік: оқушыларды ұжымшылдыққа, жинақылыққа тәрбиелеу Түзетушілік: оқушылардың сөйлеу барысында айтылған дыбыстарын түзету; Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың көрнекілігі: тірек сызба, тесттер, плакаттар. Сабақта қолданылатын әдістер: проблема тастау, сұрақ - жауап, талдау, сөзжұмбақ, «Т» кестесі (ауызша) Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыларды сабаққа дайындау. Оқушыларды түгелдеу. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Ой қозғау. 1. Қызығушылықты арттыру: Сөз жұмбақ шешу арқылы сабақтың тақырыбы шешіледі: /5 минут уақыт беріледі/ | | 1.Қарағанды қаласындағы өзеннің аты? 2.Дене мүшесі. 3.Тонның басқаша атауы. 4.Уақытты көрсететін затты ата. 5.Рәміздердің бірі. 6.Септік атауы 7.Бейбітшілік құсы. | | | Е | р | т | і | с | | | | | т | і | с | | | | | | | і | ш | і | к | | | | | | с | а | ғ | а | т | | | | | т | у | | | | | | | | і | л | і | к | | | | | | к | ө | г | е | р | ш | і | н | Оқушылар етістіктің анықтамасын, оның сұрақтарын өздері айтады. ІІІ Мағынаны тану. Жаңа тақырыпты өз бетімен меңгертуге жетелеуші тапсырмаларды орындату. А) Кесте бойынша жұмыс. - Кестедегі сөйлемдерді оқу. Етістіктерге сұрақ қою. Жасырынбақ. Балалар қорада жасырынбақ ойнап жүр. Марат орындық астына тығылды. Сәуле есік артына тұрды. Дариға шөптің түбінде көрінбей отыр. Қанат оларды іздеп жүр. 3) (Балалар өздері қорытынды жасайды). -Етістіктер дара, күрделі болып екіге бөлінеді. -Неліктен? Ендеше, бүгінгі біздің тақырыбымыз дара және күрделі етістік. Кітаптың 152-бетін ашып оқимыз, дара етістік дегеніміз не, күрделі етістік дегеніміз не, қалай жасалатынын сызбаға түсіріп, мысал арқылы дәлелдей отырып түсіндіріп береміз. (Мұғалім өзі балалармен бірге талқылап, сабақтың негізгі мақсатына жетеді). Өнер-білім бар жұрттар тастан сарай салғызды. /Ы.Алтынсарин/ Қозының жамырағанын байторының сақ құлағы бағана сезген. /Оқушылар өздері етістіктерді сұрақ қою арқылы табады/ Жұрттар не істеді? –салғызды –баяндауыш Нені сезген?-жамырағанын /толықтауыш/ Құлағы қайткен? –сезген-баяндауыш Ауылда қосақтағы қойлар маңырап жатыр екен. Бір кішкентай қыз әкесінің шапанын жамап отыр екен. Қойлар қайткен?-маңырап жатыр екен- Қыз не істеген?-жамап отыр екен. Ескерту: күрделі етістіктің құрамындағы бірінші етістік негізгі етістік болады да, (Оқушылардың оқулықпен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру кезеңі). Құрамына қарай | Дара | Күрделі | Бір ғана түбірден тұрады: баста, аяқта, тара, байы, тасы т.б. | Кемінде екі сөздің тіркесуі арқылы жасалады. Бірінші сыңары негізгі етістік, кейінгі тұрғандары көмекші етістік болып саналады: Бара жатыр еді, алып кел, жазып отыр, шөлдеп кеттім т.б. | 171-жаттығу. Мәтінді оқып, ат қойыңдар. Дара және күрделі етістіктерді ажыратыңдар. Қарамен жазылған етістіктердің мағынасын ашып, олардың синонимдерін табыңдар. Қазақтың дәстүрлері туралы ой өрбітіңдер. 172-жаттығу. Күрделі етістіктердің құрамын анықтау. Қожаның көршісіне мінездеме беру |