МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

Тапсырманы ауызша орындау. 2 страница





3.3. 152-жаттығу.

1. Мәтінді рөлге бөліп оқы. Мазмұнын айт.

2. Мәтіндегі есімдіктерді тауып, түріне қарай ажырат.

3. Мәтіндегі негізгі ойды, мәтін түрін анықта.

153-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, құрамындағы болымсыздық есімдіетерді тауып оларға сұрақ қойып, сөйлемдегі қызметін анықтаңдар.

3.4.Таратпа материалдармен жұмыс.

Сабақты қорыту.Сұрақтарға жауап алу.

- Біз бүгін сабақта не істедік?

- Болымсыздық есімдігі туралы не білдің?

Бағалау.

Үйге тапсырма: ереже жаттау, болымсыздық есімдіктерін қатыстырып сөйлемдер құрап жазу.

 

Қазақ тілі 7-сынып 27.01.2016ж

Сабақ тақырыбы: Болымсыздық есімдіктерініңі жұмсалуы

Сабақ мақсаты:

Білімділік: оқушыларға болымсыздық есімдігінің жасалуы мен қолданылуын меңгерту;

Дамытушылық: оқушылардың ойлау, есту, танымдық қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын жетілдіру;

Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу;

Түзетушілік: оқушылардың сөйлеу барысында айтылған дыбыстарын түзету;

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, таратпаматериалдармен жұмыс, ЕҚД., СТО стратегиялары

Пәнаралық байланыс: әдебиет, география

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

- Сәлеметсіңдер ме, балалар.

-Аппараттарың бар ма?

- Көңіл-күйлерің қандай?

- Өткен сабақтың тақырыбы қандай?

- Үйге қандай тапсырма берілді?

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

«Сен маған, мен саған» оқушылар бір-біріне есімдіктердің түрлері бойынша сұрақтар қойып, білімдерін өзара тексереді.

ІІІ. Жаңа сабақ

3.1. Сабақ тақырыбымен таныстыру: «Болымсыздық есімдіктерінің жұмсалуы»

3.2. Жаңа тақырыпты меңгерту

1.3. 153-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, құрамындағы болымсыздық есімдіетерді тауып оларға сұрақ қойып, сөйлемдегі қызметін анықтаңдар.

1.4. 154-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқыңдар. Есімдіктердің мағынасына, тұлғасына көңіл аударыңдар. Қандай сөздердің орнына жұмсалып тұрғанын айтыңдар. Оларды мағыналық түрлеріне қарай ажыратыңдар.

1.5. Таратпа материалдармен жұмыс.

1.6. «Доп лақтыру» ойыны. Мұғалім әр оқушыға доп лақтырады. Әр лықтырғанда әр түрлі есімдіктерді айтады. Оқышулар сол допты кері мұғалімге лақтырғанда, сол есімдікпен сөз тіркесін құрап айтуы керек.

Үлгі: ештеңе – ештеңе білмеймін, т.б.

1.7. Семантикалық карта толтыру. Берілген сөйлемдердегі бос орындарға тиісті есімдіктерді мағынасына қарай қоюы керек.

Өкінетін ештеңесі жоқ, өте дұрыс істегенсің.

Ешқашан ешкімнің ала жібін аттама.

Біздің арамызда ешқандай ұрыс-керіс болған жоқ.

Мылтық оқтағанда оның аузын ешқашан адамға қаратпа, кісіге қарап оқтама.

Оған тең жер ешқайда болмай шықты.

Бұл жолы да олардың ешқайсысы дәнеңе де алып келмеген.



Ештеменің мәнісін түсінбей, неге сонша ашуланасың?

Бұл мата енді ештеңеге жарамай қалды.

Сабақты қорыту.Сұрақтарға жауап алу.

- Біз бүгін сабақта не істедік?

- Болымсыздық есімдігі туралы не білдің?

Бағалау.

Үйге тапсырма: ереже жаттау, болымсыздық есімдіктерін қатыстырып сөйлемдер құрап жазу.

 

Қазақ тілі 7-сынып 28.01.2016ж

Сабақ тақырыбы:Белгісіздік есімдігі

Сабақ мақсаты:

Білімділік: оқушыларға белгісіздік есімдігінің жасалуы мен қолданылуын меңгерту;

Дамытушылық: оқушылардың ойлау, есту, танымдық қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын жетілдіру;

Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу;

Түзетушілік: оқушылардың сөйлеу барысында айтылған дыбыстарын түзету;

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, таратпа материалдармен жұмыс, ЕҚД., СТО стратегиялары

Пәнаралық байланыс: әдебиет, география

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

- Сәлеметсіңдер ме, балалар.

- Аппараттарың бар ма?

- Көңіл-күйлерің қандай?

- Өткен сабақтың тақырыбы қандай?

- Үйге қандай тапсырма берілді?

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

«Сен маған, мен саған» оқушылар бір-біріне есімдіктердің түрлері бойынша сұрақтар қойып, білімдерін өзара тексереді.

Қайталау сұрақтары:

1. Есімдік дегеніміз не? Мысал келтір.

2. Қандай мағыналық түрлері бар?

3. Болымсыздық есімдігі туралы айтып бер.

ІІІ. Жаңа сабақ

3.1. Сабақ тақырыбымен таныстыру: «Белгісіздік есімдіктері»

Мұғалімнің жаңа сабақты түсіндіруі:

Белгісіздік есімдіктеріне мына сөздер жатады: біреу, кейбіреу, бірдеме, әркім, әрне, әлдекім, әлдеңе, кімде – кім, бір, қайсыбір, кейбір, қайсыбіреу, әр, әрбір, қайбір, бірнеше, әлденеше, біраз, әрқалай, әлдеқалай, әлдеқайдан, әлдеқашан.

Белгісіздік есімдігі затты не құбылысты нақты атамай, белгісіз етіп, жорамалдап айтады. Мысалы: Біреу есік қағып тұр дегендегі біреу сөзінен есікті қағып тұрған адамның нақты кім екені білінбейді, әйтеуір, белгісіз бір адам екендігі тұспалдай аталғандығы байқалады.

Белгісіздік есімдіктерінің қолданылу ерекшеліктері мен сөйлемдегі қызметі мынадай:

1. Біреу, кейбіреу, қайсыбіреу, бірдеме, әрне, кімде – кім, әлдекім, әркім, әлдене дегендер зат есіморнына жұмсалады. Сондықтан олар көптік, тәуелдік, септік жалғауларында қолданылып, сөйлемде бастауыш, толықтауыш, - және басқа да мүше бола алады.

2. Қайсыбір, кейбір, әр, әрбір, қайбір дегендер сын есім орнына жұмсалып, сөйлемде, әдетте, анықтауыш болады.

3. Әлденеше, бірнеше, біраз дегендер сан есім орнына қолданылып, анықтауыш болады.

4. Әрқашан, әлдеқашан, әлдеқалай, әлдеқайдан дегендер мезгіл, мекен мағыналыран білдіріп, пысықтауыш болады.

Әлде, әр, қай, кей, бір сөздері есімдіктермен тіркескенде, бірге жазылады да, басқа сөз таптарымен тіркесіп айтылса, бөлек жазылады.Мысалы: Әркім өз міндетін атқарсын. Әр төбеден жұлдыз жанып, әр қаладан ай туады. Әлдеқалай бізде келе қалдық.

Ол әлде келмеді ме екен?

Оқушылық деңгей тапсырмасы.

Тапсырманы жазбаша орындау.

155 – жаттығу. Өлең шумақтарын мәнерлеп оқыңдар. Құрамындағы белгісіздік есімдіктерінің тұлғасына, қалай жасалғанына көңіл аударыңдар.

Үлгі: кейбіреу – белгісіздік есімдігі; тұлғ. қарай: туынды, зат есім орнына жұмсалып тұр, кім? деген сұраққа жауап береді, А.с. тұр.

Әр түрлі–белгісіздік есімдігі; тұлғ. қарай: негізгі, сын есім орнына жұмсалып тұр, қандай? деген сұраққа жауап береді.

Тапсырманы ауызша орындау.

Сөйлемдерді оқып шығып, есімдіктерді тауып, олардың қандай есімдіктер екенін айтыңдар.

1. - Әй, осы сенің мергендігіңді айтқанда, аузымызды ашып, көзімізді жұмамыз, көрсетші сол өнеріңді. – деді жеңгесі.

2. – Мына қасқыр неге көмілді? Екіншісі қайда кетті? Бұлардың не ойлағаны бар? деген сұрақ енді Рамазан мергенді дал қылады. Қалай болған күнде де мынаның тегін емес екені анық. Демек, қапы қалмай тұрғанда, бір әрекет жасап қалу керек деп ойлайды мерген.

3. Ол дүниенің бәрін ұмытып, өзімен - өзі жас баладй мәз. Барша зейіні бауырынабасқан құсқа ауып, тап бір аяулы арманы қолына қонғандай күйге түскен.

4. Аңшылықты күштің басымдығымен емес, өнеріңді асырып аулағанға не жетсін! Ол үшін мына сіз сияқты аң, қанатты құстың тілін білу керек. Ондай өнер бізге қайдан бітсін. Тым болмаса, осы қақпаншылығыңызды үйретіңізші.

 

1. Біреу, әрне, бірдеме есімдіктерін септеу.

2. Септелген белгісіздік есімдіктерін қолдана отырып, бірнеше сөйлемдер құру.

А.с. әркім

І.с. әркімнің

Б.с. әркімге

Т.с. әркімді

Ж.с. әркімде

Ш.с.әркімнен

К.с. әркіммен

Мысалы: Әркімнің өз ойы, өз пікірі болады. Біз әркімнен сұрап білдік. Әркіммен дос бола беруге де болмайды. Т.б.

Сабақты қорыту:

-Біз бүгін сабақта нені білдік?

Үйге тапсырма: 102-103 беттердегі, 206-207- жаттығуларды орындау. Ережені қайталау.

Сабаққа жақсы, белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау, бағалау.

 

 

 

Қазақ тілі 7-сынып 29.01.2016ж

Сабақтың тақырыбы: Белгісіздік есімдігінің жұмсалуы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Белгісіздік есімдігі туралы алған теориялық білімдерін практикада қолдану. Ауызша, жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып, білімдерін бекіту.

Дамытушылық: ойлау қабілеттерін, қиялдарын дамыту; ой қорытып, нақты шешім жасауға үйретіп, өздеріне сенімдерін арттыру.

Тәрбиелік:сауатты жазуға, ұқыптылыққа баулу, бір – бірін тыңдай білуге үйрету, сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру.

Түзетушілік:Балалардың ойлау қабілетін,зейінін, таным әрекеттерін ,тілдік материалды естіп және естіп-көру арқылы қабылдауын түзете-дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:«Миға шабуыл», талдау, сөзжұмбақ шешу

Көрнекіліктері: Үлестірмелі парақшалар, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды түгендеу;

Сабақта бір-бірімізді тыңдап, дыбыстарды қадағалаймыз.

Психологиялық дайындық
-Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері барлық өкпе мен мұңды жібітеді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай аламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

-Біз қазір не істедік?

-Қазір қай сабақ?

-Сыныпта кім жоқ?

-Дархан, үй тапсырмасын сұра!

-Барлығымыз орындадық па?

-Өткен сабақта қандай тақырып өттік?

-Есімдік дегеніміз не?

-Есімдіктің қандай мағыналық түрлері бар?

-Белгісіздік есімдігі дегеніміз не?

- Белгісіздік есімдігі қалай жасалады?

 

Қазір үш топқа бөлінеміз(Лунара Мехрибан,Дархан – бір топ; Аружан, Диас – екінші топ; Санжар,Диана, Ралан – үшінші топ).

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

А) Өткен сабақты қайталау

Жұмбақ сұрақтар
“Бұл қай есімдіктер?”

І топ: Басқаның бәрін өзі сұрайды,

өзінен ешкім сұрамайды? (Сұрау есімдігі)

Сұрау есімдіктерін атаңдар.

ІІ топ: Жақтас жалғауға жіктеле қояды, жақтас емесіне жоламай қояды? (Жіктеу есімдігі)

Жіктеу есімдігі дегеніміз не? Оларға қай есімдіктер жатады?

ІІІ топ: Көпшіл және көңілшек,

Ештемені бөліп жармайды,

Көптік ұғым беріп,

Көпшілікті қармайды.(Жалпылау есімдігі)

Жалпылау есімдіктерін атаңдар.

Ә) Сыңарын тап.

 

 

ІІІ.Жаңа сабақ

Белгісіздік есімдігінің жұмсалуы

Белгісіз етіп жорамалдап, тұспалдап көрсетеді; әлде, әр, қай, кей, бір сөздері есімдіктермен тіркескенде бірге жазылады, ал басқа сөз таптарымен тіркескенде бөлек жазылады; біреу, кейбіреу, қайсыбіреу, бірдеме, әрне, кімде-кім, әлдекім, әркім, әлдене белгісіздік есімдіктері зат есім орнына жұмсалады; қайсыбір, кейбір, әр, әрбір, қайбір белгісіздік есімдіктері сын есім орнына жұмсалады;әрқашан, әрқалай, әлдеқашан, әлдеқалай, әлдеқайда, әлдеқайдан белгісіздік есімдіктері үстеу мәнінде қолданылып, пысықтауыш қызметін атқарады.

 

ІV. Оқулықпен жұмыс

155 – жаттығу

Өлең шумақтарын мәнерлеп оқыңдар. Қарамен жазылған белгісіздік есімдіктерінің тұлғасына , қалай жасалатынына көңіл аударыңдар.

Мысалы:Кейбіреу – адам мәнінде қолданылады. Сұрағы – кім?

 

V. Жақшадағы сөздерді пайдаланып, сұраққа жауап беріңіз.
1. Бұл сөзді кімнен естідің? (біреу)
2. Марат қашан ерте тұрады? (әрқашан)
3. Қандай адамдар үзілісте демалмайды? (кейбір)
4. Жұмысқа қанша адам келмеді? (бірнеше)
5. Кім өзінің туған жерін жақсы көреді? (Әркім)

 

ЗЫМЫРАН СҰРАҚТАР

Сұрақтары Ия Жоқ
1. Есімдік зат есім, сан есім, сын есімнің орына жұмсалады ма? 2. Есімдіктер мағынасына қарай 5-ке бөлінеді ме? 3. Осыдан шығыс септікте тұр. 4. Бұл, сол, ол есімдіктері септеле ме? 5. Бұларың есімдігі тәуелдеудің ІІжағында ортақ түрінде тұр. 6. Сілтеу сын есімнің орнына жұмсалса, анықтауыш қызметін атқарады. 7. Есім сөздер деп зат есім, сын есім, сан есімдерді атайды. 8. Дәнеңе , кейбіреу белгісіздік есімдігі ме? 9. Өзімнен, бәріміздің есімдігі септеліп тұр. 10. Әлдеқашан, ә ркім, ешбір күрделі есімдіктер болып табылады.    

 

VI. Сабақты бекіту.
«Бұл да қызық» сөз жұмбағы

“Есімдік” деген сөздің құрамында қанша дыбыс болса, есімдіктердің түрлері де сонша.

1. Жіктеу есімдігі

2. Сілтеу есімдігі

3. Сұрау есімдігі

4. Өздік есімдігі,

1 - жақ, көмектес септігінде

5. Сілтеу есімдігі,

шығыс септігінде

6. Белгісіздік есімдік

7. Жалпылау есімдігі

 

    Е    
    С    
    І    
      М      
      Д      
      І    
      К    


“Сызба кесте, білім “5”-те”

р/с Мысал жіктеу сілтеу сұрау өздік белгісіздік Болым сыздық Жалпылау
1. Барлық              
2. Олар              
3. Мыналар              
4. Өздері              
5. Ешқашан              
6. Қайда?              
7.. Бәрі              
8. Кейбіреу              
9. Ешқайда              
10. Әлдеқайда              
11. Өзіміздің              

 

VII.Үйге тапсырма

Күнделікті ашайық.

Тапсырманы тізіп жазайық.

Есімдіктен алған білімді

Ұмытпай еске салайық.

Есімдіктері қатыстырып сөйлем құрау.

VIII. БАҒАЛАУ

Қазақ тілі 7-сынып 30.01.2016ж

Сабақтың тақырыбы: Есімдіктердің емлесі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға есімдіктердің емлесі жайлы толық мәлімет беру.
Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл

мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, олардың ой-пікірін қалыптастыру, сауаттылыққа баулу.

Тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Түзетушілік: оқушылардың сөйлеу барысында айтылған дыбыстарын түзету;

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сездікпен жріыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жү_мыс жүргізу.

Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

Сабақтың барысы:

І. ¥йымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.

Кезекші мәлімдемесі.

Журнал бойынша түгелдеу.

Жаңа сабаққа дайындық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.

Жаттығу жүмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.

Дәптерлерін алмастыру.Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

- Бүгінгі жаңа сабақта «Есімдіктердің емлесі» тақырыбы жайлы түсіндіремін. Жіктеу, сілтеу, өздік, жалпылау есімдіктері негізгі түбір сөздер болғандықтан, дара есімдіктер болып саналады. Мысалы: мен, сен, сіз, ана, сол, қанша? бәрі, түгел, т.б.

Еш, әлде, әр, кей, қайсы, бір сөздері мен басқа есімдіктердің бірігуі арқылы жасалған болымсыздық, белгісіздік есімдіктері күрделі есімдіктер болып есептеледі, олар бірге жазылады. Мысалы: ешкім, ешқашан, әлдекім, кейбір, әрбір, т.б.

Еш, әлде, әр, кей, бір, қай сөздері басқа сөз таптарымен (зат есім, кейде қатыстық сын есімдермен) тіркесіп қолданылады да, бөлек жазылады. Мысалы: еш уақытта, бір мезгілде, әр түрлі, т.б.

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жүмыстарын орындатамын.

Алғашкы орындалатын тапсырма: 157-жаттығу жүмысының орындалу шартын түсіндіремін: Өлеңдерді көшіріп жазып, құрамындағы күрделі есімдіктердің емлесін үғып алыңдар.

Келесі тапсырма: 158-жаттығу жүмысының орындалу шарты төмендегідей: Сөйлемдердің қүрамындағы күрделі есімдіктерді теріп жазып, олардың қандай есімдіктерден бірігіп жасалғанын айтыңдар.

Келесі тапсырма: 159-жаттығу жүмысының орындалу шарты мынадай: Сөйлемдерді көшіріп жазып, әлде, әр, қай, кей, бір, еш сөздері баска сөз таптарымен тіркесіп айтылса, бөлек жазылатынын үғып алыңдар.

Сабақтың қорытындысы:

Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.

Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

Үйге тапсырма: 160-жаттығу жүмысының орындалу шартын түсіндіремін: Мәтінді
оқып, ат қойыңдар. Есімдіктерді тауып, оларды мағыналық түрлеріне қарай ажыратыңдар.

 

Қазақ тілі 7-сынып 01.02.2016ж

Сабақты тақырыбы: Есімдіктерді қайталау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: есімдік туралы алған теориялық білімдерін практикада қолдану; ауызша, жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып, білдімдерін бекіту.

Дамытушылық: ойлау қабілеттерін, қиялдарын дамыту; ой қорытып, нақты шешім жасауға үйретіп, өздеріне сенімдерін арттыру.

Тәрбиелілік: сауатты жазуға, ұқыптылыққа баулу; топпен жұмыс жасап, бір – бірін тыңдай білуге үйрету, сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру.

Түзетушілік: оқушылардың сөйлеу барысында айтылған дыбыстарын түзету;

Сабақтың түрі : қайталау сабақ





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.