МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

Способы культивирования микроорганизмов 8 страница





Ашитын заттың құрамына және оның метаболизміне байланысты ашыту нәтижесінде спирттер (этанол т.б.), органик. қышқылдар (сүт, май т.б.), ацетон, кейбір органик. заттар, көмір қышқыл газы, ал кейде сутек те түзіледі. Осы процестен түзілетін заттарға байланысты Ашу спиртті, сүт қышқылды, ацетонды т.б. болып бөлінеді. Ашу процесінің ашытқылардың қатысымен жүретінін 1837 жылы Каньяр Дела Тур, ал Ашу. табиғатын 1857 жылы Л. Пастер сынды француз зерттеушілері дәлелдеген, 1897 жылы неміс химигі Э. Бухнер қанттың Ашуы ашытқы клеткаларынан алынған сөлдердің әсерімен де жүретінін көрсеткен. Бұл көптеген ферменттерді бөліп алуға мүмкіндік берді. Ашу табиғаттағы зат алмасу процесінде (әсіресе целлюлозаның ыдырауында) маңызды орын алады. Ашудың көптеген түрлері өнеркәсіпте: спиртті Ашу — шарап және сыра өндіруде және сүт қышқылын өндіруде, жем сүрлеуде; пропион қышқылды Ашу — сыр өндірісінде, ацетон-бутилді Ашу — еріткіштер алуда кеңінен қолданылады.

Ашытқыларды өсіру барысында температурасы олардың өсу жылдамдығына үлкен әсер етеді. Ашытқыны культивирлеу температурасын жоғарлату әсерінен бірінші уақытта өсу жылдамдығы жоғары болады да, кейіннен бірдей төмендейді. Д.А.Уайтоль мәліметтер бойынша, 200С температурада ашытқыларды өсіру барысында олардың өсуінің меншікті жылдамдығы 0,149-ды құрайды, 300С-та 0,311, 360С-та 0,342, 400С-та 0,200 дейін, ал 430С температурада ашытқының көбеюі қарастырылған жоқ.
Ашытқы өндірісінде негізгі ашытқы шикізаты, меласса, қоректік тұздар аммоний күкірт қышқылы, диаммоний фосфат, сонымен қатар күкірт қышқылы және магнитті күкірт қышқылы қолданады. Кейде ашытқы жасушасының көбеюі және өсуінің кідіруі үшін де заттар керек. Мұндай заттарға күкірт ангидриді, ұшқыш қылқылдар, бактерия түзуші нитриттер, сульфиттер мен сульфидтер, фтор, мышьяк, күміс, мыс және кейбір биорганикалық қышқылдар жатады. Бұлар культуралды ортаға түскеннен кейін олар көбею процесін кідіртуі мүмкін, сондай-ақ ашытқы жасушасының өміршеңдік кезеңінің тоқтауына алып келеді.Ашытқының көбею жылдамдығын, сондай-ақ бактерия түзуші нитридтер кідіреді, нитритдерде нитрадтардың қайта құрылуы 0,004% бастапқы ашытқылар үшін у болып табылады.Ашытқы өндірісіндегі құрал – жабдықтарды және құбырларды дезинфекциялау үшін формалин қолданылады. 0,001 % формалин концентрациясы ашытқылардың өсуін тоқтатады. Ал 0,09 % көлемде ортада құрылғанда жасушалардың орташа өмір сүргіштігі қосылады.Антибиотиктер, мысалы биомецин мен пенициллин, ашытқы жасушасының активтілігін ортаның 100 мл 50-100 мкм концентрациясын қосқанда төмендетеді.

Микроорганизмдер тіршілігіндегі барлық процестер оптимальды факторлардың жағдайында жақсы жүреді. Егер қандайда бір фактор минимумнан төмен болса, организм дұрыс жетілмейді.Температура жасушадағы зат алмасулар процесінің интенсивті өтуін анықтайды. Нан ашытқысындағы оптимальды температура 21-340С. Қазіргі уақытта жаңа оптимальды температура алынды – 380С температурасының оптимальды жағдайдан жоғарлауы алынатын өнімнің сапасын төмендетеді, ал төмендеуі ашытқының көбеюінің активтілігін төмендетеді.
Ортаның активті қышқылдығы рН орта. Ашытқылардың тіршілігіне рН орта айтарлықтай әсерін тигізеді. рН-тың көлеміне қоректік ортаға түсуі, ферменттердің активтілігі, витаминдердің түзілуі, ашытқы жасушаларының өсуі байланысты.

 

16- Билет

 

16/1Эмбриомәдениет

Ұрықты жасанды қоректік ортада өсіруді эмбриомәдениет деп атаймыз.Өнген ұрыққа арналған қоректік орта еш қоспасыз, биологиялық белсенді заттарсыз болуы мүмкін(мысалы, Уайт қоректік ортасы) немесе кез келген басқа құрамында минералды тұздар мен сахарозасы бар қоректік орта болуы мүмкін. Ұрықты алыстан шағылыстыру кезінде ұрықтың дамуының бұзылуы бастапқы сатыларында білінуі мүмкін.Бұл жағдайда ұрықтың өсу мәдениеті 2 сатыдан тұрады - ұрықтың эмбриональды өсуі мен дамуы және өнген ұрықтың дамуы. 1ші сатыда құрамында көп мөлшерде сахарозасы бар және ден әртүрлі аминқышқылдары, витаминдер мен гармондары бар күрделі қоректік орта қажет. Қазіргі таңда Селекцияда ауыл шаруашылығы дақылдары мен басқа да дәнді дақылдардың шалғайдағы будандардын(отдаленных гибридов) алу мақсатында эмбриомәдениетті қолданудың маңызы зор. Эмбриомәдениет әдісі көкөністерді түраралық будандастыруда кеңінен қолданылады. Пиязда in vitro әдісі қолданылса, қызанақ пен басқа да көкөністерге оқшауланған ұрықтандыру мәдениеті қолданылады.

16/2 Қоршаған ортаның органикалық заттарын биологиялық iрудегi микроорганизмдарының рөлi.

Топырақ микрофлорасы. Топырақ табиғатта микроорганизмдердің тіршілік етуінің шынайы ортасы және бастапқы резервуары болып табылады (азот, көміртек, күкірт, темір және т.б.). Олар топырақтың түзілу және өзіндік тазару процесіне белсенді қатысып, табиғаттағы зат алмасу ға қатысады. Топырақ таулы ортадан желдің, судың тірі организмдердің және олардың органикалық қосындылардың, яғни өсімдіктермен жануарлардың өңімінен пайда болуынан түзіледі. Әртүрлі топырақ микроорганизмдері сулы және коллоидты қабықтарда тіршілік етеді, және олар топырақ бөліктерін бұзады және саңырауқұлақтардың гифтерімен қозғалғыш бактерияларының жылжуы және көшіп жүріп жатады және олардың арасында микроскопиялық жіңішке сулы қабаттар көрінеді. Топырақ микрофлорасының сапалық құрамы өте әртүрлі: әртүрлі бактериялар, актиномицеттер, спирохет, архебактериялар, микоплазм, саңырауқұлақтар, вирустар. Әртүрлі топтағы микроорганизмдердің құрамы мен ара қатынасы топырақ түріне, оны өңдеу әдісіне, құрамындағы органикалық заттарға, ылғалдылыққа, климаттық шарттарға және тағы басқа себептерге байланысты болып келеді. Құмды топырақтарда аэробты микроорганизмдер тіршілік етеді, ал сазды, ылғалды (оттегінің кіруі қиын) ол жерде негізінен анаэроты микроорганизмдер тіршілік етеді. Топырақ микроорганизмдер 25-450С көбейе алады, ал термофильдіктер – одан жоғары тампературада. Микроорганизмдер күрделі биоценозда болады, олар өздерінің араларында өсімдіктермен бірге антагонисттикалық және сембиотикалық ара қатынаста сипатталынады. Өсімдіктердің тамыр аймағында бактерия өте көп: олар резосфера деп аталатын интинсивті көбею зонасын және жоғарғы активтілікті түзеді. Топырақтың ризосфералық зонасының микрофлорасы бай, әртүрлі және әртүрдегі өсімдік үшін өзіндік ерекшелігі болады. Микроорганизмдер өсімдіктердің тамырлық бөліну ара қатынасында дұрыс хемотаксисті болады және олар органикалық қосылыстардың минерализация процесіне қатысады, сонымен қатар өсімдіктерді тез қабылдайтын минералды заттармен, яғни дәрумендермен, ауксиндермен қамтамасыз етеді.

Су микрофлорасы. Су әр түрлі микроорганизмдердің табиғи өмір сүру ортасы болып есептеледі. Өзен, теңіз, мұхит, ашық су қоймаларында барлық таксономиялық топтардың өкілдерін кездестіруге болады. Су қоймалары жануар және өсімдіктердің органикалық субстраттарынан және патогенді микроорганизмдерден өздігімен тазарта алады. Бұл процесті су қоймаларының өзін тазарту деп атайды. Судың сапрофитты флорасы тіршілік активтендіреді, нәтижесінде органикалық заттардың ыдырау күшееді, әр түрлі бактериялардың саны азая бастайды, әсіресе нәжіспен шыққандар (фекального происхождения). Сапробтылық термині (грек тілінен sapros - шіру) - бұл судағы арнайы концентрациядағы микроорганизмдердің органикалық заттары және судың минералдану дәрежесі арасындағы байланысы ерекшелігінің комплексі.

Ауа микрофлорасы. Топырақта микроорганизмдер тіршілік етумен қатар өніп-өсіп, көбейеді. Ауада олар едәуір мөлшерде кездеседі, бірақ өніп-өсуіне мүмкіндік жоқ. Сондықтан ауа микроорганизмдердің уақытша мекені болып есептеледі. Ауаға микроорганизмдер шаң-тозаңмен көтеріледі де, қайтадан солармен бірге шөгеді. Егер жер бетіне шөгіп үлгермесе, ауада тез арада қырылып кетеді. Сондықтан ауада микроорганизмдердің саны мен сапасы топырақтағы микроорганизмдердің құрамына байланысты болады. Әсіресе қозғалысы күшті өнеркәсіп орындары көп қалалардың үстіндегі ауада микроорганизмдер өте көп болады. Ал керісінше ауыл- село, орман, тау, теңіз және Арктика мұздарының бетіндегі ауада микроорганизмдер мүлде аз болады. Құрамында органикалық заттары көп өңделген топырақтың бетіндегі ауада микроорганизмдер әжептәуір болады. Сол сияқты құмды аңызақ жел тұратын жерлердегі ауада микробтар өте аз кездеседі. Тіпті бір жердің ауасының өзінде жауын жауғанға дейін микробтар көп болса, жауын өткеннен соң едәуір азайып қалады. Ауаға көтерілген сайын микробтар да азая түседі. Мұндай жағдайда тіпті үлкен қалалардың үстінен де байқауға болады.

16/3 Микроорганизмдардың жасушада шалағай және терең таратуы.

Способы культивирования микроорганизмов

Способ культивирования зависит от конечной цели культивирования (целью является либо накопление биомассы, либо получение определенного продукта жизнедеятельности – метаболита).

Поверхностное культивирование заключается в выращивании аэробных микроорганизмов на поверхности жидких и сыпучих питательных сред. При этом микроорганизмы получают кислород непосредственно из воздуха. При поверхностном культивировании на жидких средах микроорганизмы растут в виде пленок. Осуществляется поверхностное культивирование в специальных ваннах – кюветах .

Глубинное культивирование проводится на жидких питательных средах, в которых микроорганизмы развиваются во всем объеме питательной среды. Сочетание питательной среды и растущих в ней микроорганизмов называют культуральной жидкостью. Осуществляется глубинное культивирование в специальных аппаратах – ферментаторах, снабженных мешалками и системой подвода стерильного воздуха для обеспечения роста аэробных микроорганизмов. Аэрирование – продувание стерильного воздуха через культуральную жидкость.

 

17- Билет

 

17/1. Өсiмдiктердiң көбейтiн және көбейту, сауығуы.

Көптеген пайдалы өсімдіктер толып жатқан вирустар, бактериялар және саңырауқұлақтар қоздыратын ауруларға шалд-ы. Соның зардабынан жыл сайын олардың өнімі төмендеп, сапасы нашарлайды. Клондық микрокөбейту кезінде стерильденген экспланттарды асептикалық жағдайда өсірудің арқасында өсімдіктер бактериялардың ж-е саң-ң патогендерден сауықтырылады, бірақ сыртқы залал-у эксплантты вирустан тазарта алмайды. Жылумен өңдеп, меристеманы өсіру арқылы алынған материалды вирустың бар жоғын міндетті түрде тексеру керек. Ол үшін түрлі әдәстер қолд. ;

Вирустық ауруды айқындаушы өсімд-р; серологиялық әдістер; электрондық әдістер; микроскоппен қарау және имунноферменттік талдау. Вируспен зақымданған өсім-тен бөлінге шырынлы жапырағына тамызғанда кей өсім-р ауруға тез шалдығады. Олар виирутың жұққанын арнайы сезімталдық реакция арқылы көрсетеді.

17/2. Каллусты ойлап шығару. Кездемелердiң калусты алу және тарату.

Клеткалардың ретсіз бөлінуі нәтижесінде пайда болған ұлпаны каллус деп атайды. Клеткалардың бөліну арқылы көбейіп өсуін пролиферация дейді. Каллус - ұлпаның ерекше түрі, бүтін өсімдіктің зақымданған жері (жарасы) біте бастаған кезде түзілетін білеуленген бұлтық. Ол зақым болған жерді әр түрлі инфекциядан қорғайды. Каллус ұлпасында қоректік заттар жиналып, арнаулы қорғаныш қабат пайда болады немесе жойылған мүше қайта пайда болады, яғни регенерация процесі өтеді. Сондай каллус ұлпасы in vitro жағдайында да пайда болады. Каллустық клеткалардың құрылуын, бөлінуін, көбейіп өсуін фитогормондар (ауксиндер мен цитокининдер) реттейді.

Алғашқы каллусты алу үшін және оны өсіру үшін залалсыз-дандырылған қоректік орта қажет екендігі туралы бұрынырақ айтылған болатын. Өсімдік материалы алдын ала бірнеше рет жуылып, тазаланады. Одан кейін стерильдейтін заттарды пайдалану арқылы микроорганизмдерден аластанылады. Жиі қолданылатын стерильдейтін заттар, атап айтқанда мыналар: активті хлоры бар натрий және калий гипохлориттері, хлорамин, хлор әрі құрамында сынап бар алмас (сулема), диоцид; сутегі диоксиді; этанол. Анда-санда бром, күкірт қышқылы, фенол, антибиотиктер, фунгицидтер қолданылады. Стерильдейтін заттардың түрі, концентрациясы және аластау мерзімі зерттелген өсімдікке байланысты. Ол заттар барлық микроорганизмдерді құрту, жою мен қатар өсімдік клеткаларына зиян тигізбеу керек, және де өсірілетін объектіден суға шайқағанда оңай кетуі керек. Осы шарттарға сай келмесе, стерильдейтін заттан клеткалар мен ұлпалар уланады, содан кейін өсуі тежеледі. Әдетінше, ғалымдар жоғары аталған заттарды қолданады немесе эксперименттік жолмен әрбір нақтылы объектіге қолайлы стерильдеудің тәсілін зерттеп табады.

Өсімдік мүшесінің кесіндісі, яғни эксплант (эксплантат), лайықты қоректік ортаға отырғызылады. Біраз уақыт өткен соң оның құрамындағы клеткалар бөлініп, өсе бастайды. Соның нәтижесінде каллус ұлпасы пайда болады. Бұл процесті каллусогенез деп атайды. Соңғы кезде эксплантат деген терминнің орнына эксплант деген ағылшын сөзі қолданылады. In vitro жағдайында маманданған (дифференцияланған), бөліну кабілеті тежелген клеткалар қайтадан бөліне бастайды, яғни меристемалық күйіне оралады. Мамандығы белгіленген дифференцияланған клеткаларда пролиферация (бөліну арқылы көбею) қабілетінің қайта пайда болуы дедифференциялану процесі деп аталады. Ал, дифференциялану деген даму процесінде біртекті меристемалық клеткалардан морфологиялық құрылымы және атқаратын қызметі (функциясы) әр түрлі маманданған клеткалардың түзілуі. Мысалы, дифференциялану нәтижесінде меристемадан пайда болған маманданған клеткалар (мезофилл, эпидермис т.с.с.) сол меристемаға да және де өзара бір-біріне мүлде ұқсамай кетеді. Қайталап айтсақ дедифференциялану процесі арқылы маманданған клетка бөліну күйіне қайта оралады да меристема тәрізді каллус клеткаларына айналады. Бұл клеткалар көбінесе жұқа қабықты болып, паренхималық клеткаларға ұқсайды.

Бірақ каллус ұлпаларының бәрі бірдей, біркелкі болады деп түсіну қателік. Каллустар морфологиялық белгілері (тығыздығы, түктенуі, түсі) және өсу қарқындылығы мен көгеру қабілеті жағынан әр алуан болады. Каллустың түсі ақшыл, сарғыш, қоңыр, қызыл коңыр болады. Сонымен қатар, оның құрамында хлорофилл немесе антоциан пигменттері болуы мүмкін. Шығу тегіне және өсіру жағдайына байланысты каллустар тұтас тығыз немесе сұйықтау және борпылдақ болып келеді. Борпылдақ каллустар бөлек кесектерге оңай ажырайды.

«Каллустың тегі» деген оның өсімдіктің қай түрінен, қайсы мүшесінен, ұлпасынан алынғаны, пайда болғаны, шыққаны туралы түсінік. Каллустардын бір-бірінен айырмашылығы өсімдіктін түріне және эксплант алынған кездегі физиологиялық күйіне байланысты. Оныңн үстіне, экспланттың өзі де бірталай ұлпалардан тұрады. Сөйтіп, экспланттын құрамында барлық клеткалар бірдей бөліне бастамайды. Көбінесе каллус алғашқы немесе кайталама меристемадан пайда болады. Сондай-ақ меристемаға немесе өткізгіш ұлпаларға жанасып жатқан паренхимадан да пайда болады.

Каллус түзілуі, сонымен қатар, экспланттың көлеміне де байланысты. Себебі, ірі эксплантта клеткалар өте көп және олар әр түрлі болады. Жас ұлпалардан каллус тезірек түзіледі. Сондықтан каллусты алуға көбінесе өскіндердін ұлпалары мен мүшелерін пайдаланады. Каллустың түзілуі алынған экспланттың физиологиялық полярлығына да байланысты болады. Мысалы, эксллант ретінде алынған сабақ кесінділерінде каллус тезірек оның төмен, тамырға қараған базаль жағында түзіледі. Соны ескере отырып, бұндай эксплантты аударып, бас жағын қоректік ортаға кіргізіп отырғызады. Сонда қоректік ортаның бетінде эксплантты базаль жағы орналасады да каллустың пайда болуына женілдік туады.

Каллустарды Петри табақшаларында, пробиркаларда, колбаларда, флакондарда өсіреді. Үш-төрт апта өскен соң каллусты

шығарып алып, майда кесектерге бөліп, жаңа қоректік ортаға көшіреді. Мұны лассаж деп атайды. Өйткені, ескі қоректік ортаның нәрі азаяды, каллустың ішкі жағындағы клеткалардың қоректенуі және ауамен қамтамасыз етілуі нашарлайды. Каллусты көшіріп отырғызатын қоректік ортаның құрамы, жасалатын тәжірибенің мақсатына байланысты болады. Мысалы, каллусты сол қалпында өсіріп, көпке шейін сақтау керек болса, онда қоректік ортаның құрамы өзгертілмейді. Ал, егер де каллуста дифференциялану, морфогенез процестерін жүргізу мақсаты қойылса, онда қоректік ортаның құрамын күрделі өзгерту қажет болады.

Клеткалардың өзара әрекеттесуін, қарым-қатынас жасайтындығын еске алып, кейде каллусты өсіруге арнаулы тәсілдерді қолданады. Мысалы, «ұлпа-ене», «бағушы» деген тәсіл. Жақсы өсіп жатқан каллустың ықпал етуін екінші бір каллусты өсіру үшін пайдаланады. Ол үшін нашар өскен, немесе өсу қабілеті мүлдем төмен каллусты жақсы өсетін каллустың үстіне салады да, олардың екі арасына қоректік ортаға алдын ала малынып алынған сүзгіш қағазды кояды. Кейде бір ыдыстың ішінде әр түрлі өсімдіктердің клеткаларын қатар өсіреді. Анда-санда ұлпаларды бір-біріне теледі. Сөйтіп, қарқынды өскен каллустан бөлініп шығатын активті әлдеқандай заттар басқа каллустың өсуіне жағымды ықпалын тигізеді.

Сонымен, барлық өсімдіктердің жасанды қоректік ортада өсірілетін клеткалары, көбінесе каллус клеткалары болып келеді. Жоғарыда сипатталған айла-әрекеттер өсімдіктің кез келген, қандай да болмасын тірі клеткасын ұзақ мерзім өсіруге мүмкіншілік береді. Каллус клеткаларында морфогенездің әр түрлі процестері өтуі мүмкін. Олардың сомалық эмбриогенез немесе органогенез жолдарымен даму қабілеті бар. Ол үшін қоректік ортаның құрамын өзгертіп, каллус ұлпасын белгілі бір даму жолына бұруға болады. Соның арқасында жеке-дара клеткадан бүтін регенерант өсімдік өндіріп шығаруға болады. Бұл регенерация процесі өсімдік клеткасының бірегей қасиетін -тотипотенттікті дәлелдейді.

 

17/3. Ауыр металл ластанған объекттердiң тазартуының биотехнологиялық әдiстерi.

Қазіргі кездегі дүние жүзі ғалымдарының басты мәселелердің бірі-пестицидтерден кейін ауыр металдардың тірі ағзаларға әсерін әлсірету болып табылады. Ауыр металдардың қоршаған ортаға таралуы тек табиғи жағдайда ғана емес, сонымен қатар антропогенді жолмен де қарқынды түрде жүзеге асуда. Олардың қатарына өндіріс қалдықтары, тау-кен өндірісі, транспорт, түсті және қара металл өндіру, құрамында ауыр металдар кездесетін тыңайтқыштарды ретсіз пайдалану, жылу-электр орталықтары (ЖЭО) немесе жалпы урбанизацияны жатқызуға болады. Жалпы ауыр металл дегеніміз, салыстырмалы атомдық салмағы 40-тан, тығыздығы 5 г/текше см-ден жоғары химиялық элементте. Ауыр металдарды улы элементтермен қоса есептегенде Менделеев таблицасының 2/3-дей бөлігі кіреді. Олардың ішінде кадмий, қорғасын және сынап элементтері ең улы ауыр металл болып саналады. 1980 жылғы UNESCO-нің шешімі бойынша бұған тағы сегіз элемент (V, Co, Mn, Cu, Mo, Nі, Zn, Cr) және үш металлоид (As, Se, Sb) қосылған болатын. Сонан соң олардың қатары тағы екі металмен толықтырылды (Tі, Sr). Осы элементтер тірі ағзаларға улы әсері жағынан мынадай кластарға жіктелген.

Класс Элементтер

1 As, Cd, Hg, Pb, Se, Zn, Tі

2 Co, Nі, Mo, Cu, Sb, Cr

3 Ba, V, W, Mn, Sr

Г. И. Оксенгендлер (1991) мәліметтері бойынша кадмий және қорғасын іс жүзінде барлық жерлерде таралған және олар улы әсер ету жағынан бірінші класқа жатқызылады. Бұл элементтердің қандай да мөлшері болмасын адам ағзасы үшін өте қауіпті және қалыпты мөлшерден жоғарылауы тірі ағзаларда зат алмасудың әртүрлі бұзылуына әкеледі.

Ауыр металдар арасында “улы” сөзінің түсінігі тек ауыр металдардың жеке түріне ғана қатысты емес, олардың ортадағы концентрациясына байланысты. Ауыр металдар арасында тапшы жағдайда өсімдік тіршілігі үшін өте қажетті микроэлемент, ал ортадағы концентрациясы жоғары болғанда улы ауыр металл болып есептелетін түрлері бар. Ауыр металдардың улы концентрация шегі өсімдік түріне жекелеген түрлердің төзімділігі мен химиялық элементтің өсімдік тіршілігінде алар орнына байланысты. Өсімдік тіршілігінде көп кездесетін кейбір химиялық элементерді Кабата-Пендиас, Пендиас Х. (1989) тапшы, қалыпты және жоғары болуына байланысты төмендегідей 1 кесте көрсеткіштермен келтірген. Сонымен қатар ауыр металдардың қоректік ортадағы өсімдіктерге улы әсер ету концентрациясына байланысты төмендегідей қатарға жіктеген:

1. Өте улы 1 мг/л-ден төмен концентрациясында Ag, Be, Hg, Sn, Cd, Nі, Pb;

2. Орташа улы 1 мг/л-ден 100 мг/л аралықтағы концентрация As, Se, Al, Ba, Cо, Cu, Cr, Fе, Mn, Zn;

3. Улы әсері төмен 100 мг/л Ca, Mg, Sr Lі;

Ауыр металдардың басқа ластаушылардан мынандай ерекшеліктері бар:

-ауыр металдар арнайы ластаушы заттар тобына жатпайды, себебі бұл заттар арнайы ластағыштарға қарағанда (мысалы, пестицидтер мен бензапирен) биосферада қалыпты, экологиялық таза аймақтарда да кездеседі.

-ауыр металдарға “өзін-өзі” тазарту ұғымы қолданылмайды, яғни олар қоршаған ортада ыдырамайды. Олардың жартылай тазаруының алғашқы кезеңі (бастапқы концентрациясының жартысы) әр элемент үшін әртүрлі және ұзақ уақытты қажет етеді: мырыш 70-310 жылға дейін, мыс 310-1500 жыл, кадмий 13-110 жыл, қорғасын 740-5900 жылды қажет етеді. Бұл көрсеткіштер топырақ түріне, ортаның рН-на және тағы басқада қасиеттерге байланысты өзгеріп отырады.

Ауыр металдармен ауаның, судың және топырақтың ластануы Қазақстанның ірі өндірістік орталықтарында да экологиялық өзекті мәселе болып саналады. Мысалы, Семей қаласының өндірістік орындарына жақын маңдағы топырақ құрамындағы кейбір ауыр металл концентрациялары қалыпты жағдайдағы топырақпен салыстырғанда мырыш-7,4, қорғасын-9,9, мыс-3,8, кадмий-13,3, марганец-1,3, кобальт-2,4 есеге жоғарылаған. Ауыр металдардың топырақтағы мөлшері, таяу маңдағы өсірілетін ауылшаруашылық өсімдіктері мен бау-бақша дақылдарында бақылағанда 2-3,5 есеге дейін жоғарылаған.





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.