МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

Дифференциальды диагностикасы





МДП-ды клиникалық көрінісінде аффективті бұзылыстар басты рөль атқаратын бірнеше сырқат түрлерінен дифференцациялау керек. Ол аурулардың ішінен бірінші кезекте инволюциялық меланхолияны және шизофренияның кезеңдік түрін атап өту керек. Бұл сырқаттарды МДП – дан айыру критерийлері сәйкес тарауларда көрсетілген. Бұдан бұрын айтылғандарға келесілерді қосуға болады: МДП депрессивті күйінде көңіл – күйдің тәуліктік торбелісі бақалады – таңғы мезгілде нашарлай түседі, ал кешкі мезгілде жақсарады. Қайғы-мұң айқын, үрей типті көрінісі болып табылмайды. Шизофренияның кезеңдік түрінен айырғанда МДП кезіндегі ұстамалар аффективті патологиямен суреттеледі. МДП ұстамаларына күрделі құрылымды синдромдар – аффективті синдромдардың басқа синдромдармен қосарлануы тән емес, мысалы, сандырақтық, (өзін - өзі кінәлау, кемсіту және нигилистік сандырақтардан басқасы) галлюцинаторлы синдромдармен. ОЖЖ-ң органикалық зақымдалуы кезінде бақыланатын аффективті бұзылыстар МДП кезіндегідей айқын эмоциялық бұзылыстармен көрінбейді. ОЖЖ органикалық ауруларында аффективті синдромдар (депрессивті, сондай–ақ, маниакальды) күңгірттеу, басқа психикалық бұзылыстардың науқастың эмоциялық күйімен айқын байланыстылығы болмайды. Депрессия жиі енжарлық, апатиямен көрінеді. Маниакальды күйлер өнімсіз, психомоторлы белсенділіктің сәйкес көтерілуімен бірге жүрмейді. МДП – ды жоғарыда аталып кеткен сырқаттардан айыру үшін бұл дерттің динамикасындағы ерекшеліктерді ескеру керек: ұстамалардың қайталануы және ашық аралықтың – интермиссияның болуы, тұлғаның психоорганикалық немесе шизофрениялық тип бойынша өзгерістерінің болмауы.

Емі және профилактикасы

Психотропты заттар маниакальды және депрессивті бұзылыстарды бақылап, басқарып отыруға мүмкіндік береді. Маниакальды қозуды басу үшін түрлі нейролептиктерді қолдануға болады. Олар әдеттегі дозада таблетка және инъекция түрінде беріледі.

Гипоманиакальды күйде бензодиазепин тобының транквилизаторлары тиімді әсер көрсетуі мүмкін. Олар тек психомоторлы қозуды басып қана қоймайды, сонымен қатар ұйқыны қалыптастырады.

Депрессия кезінде антидепресанттар тағайындау көрсетілген. Таза (қозусыз) депрессия жағдайында моноаминоксидаза ингибиторлары тиімді, үрейлі депрессия кезінде - транквилизаторлық әсері бар антидепресанттарды нейролептиктермен бірге беру эффективті. Мұндай үйлестіру МДП – дың атипті түрлерінде, ұстамалар құрамында аффективті бұзылыстардан өзге, галлюцинаторлы, сандырақтық құбылыстар орын алғанда қоладылады. Депрессияның жеңіл формаларында, әсіресе бұл күйлер үреймен қосарланған жағдайларда транквилизаторды қолданған дұрыс. Депрессивті күйлерде үнемі ұйқы бұзылысы бақыланады. Мұндай жағдайда ұйықтататын препараттар тағайындау көрсетілген: эуноктин және т.б. МДП емінде литий тұздары кеңінен қолданылады. Олар ұстама кезеңінде де және ұстама аралық кезеңдерде де профилактикалық мақсатта қолданылады. Бұл препараттардың маниакальды күйдің алдын-алуда тиімділігі жоғары.



Кейбір науқастарда, әсіресе депрессивті науқастарда түрлі антидепресанттарды қолдану нәтижесіз болады (резистентті түрлері). Бұл жағдайда препаратты бірден алып тастау керек. 1 – 2 апта бойы науқас бір мезгілде тоқтатылатын препараттардың төмен дозасын қабылдайды. Препаратты тоқтатқаннан кейін бірнеше күн өткен соң (науқастың жағдайына байланысты) препаратты беруді аз дозадан қайта бастайды. Төзімділікті қайтара алмаған жағдайда осындай тоқтатуларды аздаған аралықтардан кейін қайталап отыру қажет. Төзімділікпен күрес үшін 3 – 5 инъекция мөлшерінде сульфазинотерапия курсын қолдану көрсетілген (науқастың соматикалық жағдайы көтерген жағдайда).

Емнің барлық түріне төзімді депрессивті күйлер орын алғанда ең соңғы қолданылатын әдіс электроқұрысулық терапия болып табылады. Психотропты және литий тұздарымен терапия жүргізгенде науқастың соматикалық күйін өте ұқыпты қадағалап отыру қажет.

Соматовегетативті функциясы онсыз да тежелу жағдайындағы депрессивті науқастарда антидепрессанттардың әсерінен ұзақ уақыт бойы үлкен және кіші дәреттің тежелуі бақылануы мүмкін. Литий тұздарын қолдану су және электролит алмасуының балансын бұзуы мүмкін. Осы жағдайлардың барлығы науқастардың соматикалық күйін егжей – тегжейлі тексеріп отыруды және үнемі лабораториялық зерттеулер жүргізіп отыруды талап етеді.

МДП – дың біріншілік профилактикасы медико – генетикалық кеңестің міндеті болып табылады.

 

Еңбекке қабілеттілікті бағалау және басқа сараптамалық сұрақтарды шешу

Ұстамадан кейін науқастар, ереже бойынша, еңбекке қабілетті. Аса ұзаққа созылған ұстамалар кезінде (жиі депрессивті ұстамаларға тән) немесе сырқаттың ағымы continua (жалғасқан) типте болса оларға мүгедектік тағайындау керек.

Айқын аффективті бұзылыстар жағдайында қылмыстық жауапкершілікті қажет ететін істер жасаған науқастарды сот – психиатриялық сараптамадан өткізу кезінде олар қабілетсіз болып танылады, ал егер жағдай азаматтық акт жөнінде болса, онда қабілетті болып табылады. МДП зардап шегетін науқастар әскери қызмет өтеуге жарамсыз деп танылады.

 

Тарау

КӘРІЛІК КЕЗЕҢ ПСИХИКАЛЫҚ АУРУЛАРЫ

 

Психикалық аурулардың бұл тобы көрінісі мен айқындылық дәрежесі бойынша әртүрлі психикалық бұзылыстардан құралады, олардың пайда болуы науқас ағзасындағы жасқа байланысты өзгерістермен тікелей немесе жанама түрде байланысты болып келеді.

 

Жалпы клиникалық ерекшеліктері

Ағзаның қартаюы оның барлық - биологиялық және психикалық функцияларының өзгерістерімен бірге жүреді. Бірақ бұл өзгерістердің сипаты және пайда болу уақыты әрбір жеке адамда ерекше болып келеді және тербелмелі: жасқа байланысты психикалық өзгерістер ағза қартаюының соматикалық көріністерімен сәйкес келе бермейді. Қартаюшы адамдардың соматикалық көріністерінің өзі міндетті түрде өзгеріске ұшырамайды. Ағзаның бір жүйесінде жасқа байланысты өзгерістер мүлдем байқалмаса, ал басқа бір жүйесінде айқын көрінеді. Мысалы, жасқа байланысты тірек – қимыл аппаратының өзгерістері айқын байқалса, қантамыр жүйесіндегі жасқа байланысты өзгерістер әлсіз көрініс береді немесе мүлдем болмайды. Бірақ жасқа байланысты өзгерістер жиі ағзаның барлық функциональды жүйелерінде белгілі бір арақатынаста бірлескен түрде байқалады.

Жасқа байланысты психикалық функцияның өзгерістері таңдамалы түрде және әртүрлі жас кезеңдерінде пайда болуы мүмкін. Яғни, адамның қиялдау қасиеті салыстырмалы түрде ерте әлсірейді - оның ашықтығы, бейнелілігі нашарлап, психикалық үрдістердің қарқыны, зейіннің жылдам ауысу қасиеті нашарлайды. Кешірек жаңа білім, дағды игеру нашарлайды. Қазіргі уақытта қажет мәліметтерді еске түсіру қиындайды (естің элективті бұзылысы). Бірақ белгілі бір мезгілден кейін ол мәліметтер еске түседі. Тұлғаға тән интеллектуальды үрдістер қасиеті ұзақ сақталады. Бірақ психикалық үрдістер ағымының баяулауына байланысты қандай да бір шешім қабылдау көбірек уақытты қажет етеді.

Эмоциональды көріністер жасқа байланысты түрлерін өзгертеді. Эмоциональды тұрақсыздық, үрей дамиды. Жағымсыз күйзелістерге ұзақ фиксациялануға бейімділік, көңіл – күйдің үрейлі – депрессивті сипаты пайда болады. Психиканың жасқа байланысты өзгерістерінің пайда болу мерзімі салыстырмалы түрде индивидуальды болып келеді. Жеке адам өмірінің жасқа байланысты өзгерістер пайда болатын белгілі бір кезеңдері болады. Оның бірі - жасқа байланысты болса, ал екіншісі - ағзаның гармональды – физиологиялық өзгерісінің (климакс) басталуына сәйкес келеді. Инволюциямен байланысты психикалық өзгерістер 50 – 60 жастан басталады. Кәрілік алды және кәрілік кезеңіндегі психикалық бұзылыстар шекаралық психикалық бұзылыстар және психоздар түрінде көрінеді. Егде жастағы адамдарда психикалық бұзылыстар жиілігі өте жоғары.

65 жастан жоғары адамдарда әртүрлі дәрежедегі психикалық бұзылыстар 30 – 35 % құрайды, оның ішіне психоздар мен ақыл кемдігі 3–5%.

Жас ұлғайған сайын ауыр психикалық өзгерістердің пайда болу қауіптілігі артады. Шекаралық бұзылыстарға невроз тәрізді, аффективті бұзылыстар және тұлғалық өзгерістер жатады.

Невроз тәрізді бұзылыстар ұйқы бұзылысымен, денедегі әртүрлі жағымсыз сезімдермен, эмоциональды-тұрақсыз көңіл – күймен, тітіркенгіштікпен, ешқандай негізсіз жанұясы мен өз денсаулығы үшін үрейлену және т.б. көрінеді. Физикалық әлсіздік, соматикалық жайсыздық қандай-да бір қатерлі, дауасы жоқ «өлімге алып келетін» аурудың бар екендігі жөнінде ой тудырады. Науқас тұлғасындағы болып жатқан өзгерістер оның характерологиялық та және интеллектуальды да қасиеттерін қамтиды. Характерологиялық ерекшеліктер науқас тұлғасына бұрын тән болып келген тұлғалық қасиеттердің өткірленуі және күшеюімен көрінеді. Мысалы, сенімсіздік күдікшілдікке, ал құнттылық – сараңдыққа, табандылық – қырсықтыққа ауысады. Интеллектуальды үрдістер өзінің айқындылығынан айрылады, ассоциациялар кедейлене түседі, түсініктерді біріктіру сапасы мен деңгейі төмендейді. Жаңа құбылыстар мен оқиғаларды қорыту үшін көп уақыт пен үлкен табандылықты талап етеді. Жаңа ақпарат мүлдем игерілмейді немесе қиындықпен қабылданады. Ең алдымен күнделікті ағымдағы оқиғаларды еске сақтау нашарлайды. Өткен күннің оқиғалары қиындықпен еске түсіріледі. Науқастардың критикасы төмендейді - өзінің психикалық күйін және болып жатқан өзгерістерді дұрыс бағалай алмайды. Егде жастағы адамдардағы осы аталған бұзылыстардың ауырлық дәрежесі әртүрлі болуы мүмкін: салыстырмалы түрде жеңіл бұзылыстардан жүйелі емді және психиатр бақылауын қажет ететін айтарлықтай терең бұзылыстар дәрежесіне дейін.

Психикалық бұзылыстардың айқын формалары психоз түрінде көрінеді. Қабылданған жіктеу бойынша олар кәрілік алды немесе инволюционды, кәрілік жас психоздары деп бөлінеді. Кәрілік алды психоздарына инволюциялық меланхолия және инволюциялық параноид жатады.

 

ИНВОЛЮЦИЯЛЫҚ МЕЛАНХОЛИЯ

Кәрілік алды кезеңіндегі адамдарда жиі кездесетін психоз түріне жатады. Бұл аурудың басты психопатологиялық көрінісі үреймен жүретін депрессия жағдайы болып табылады. Аурудың пайда болуына психогенді зияндылықтар, өмір сүру стереотипінің өзгеруі жиі себепші болады. Науқастар жабырқаулы күйде болады, үрейшіл. Депрессивті және үрейлі көріністер айқындылығы әртүрлі дәрежеде болады: жеңіл психопатологиялық көріністерден айқын үрей және ажитациямен жүретін ауыр депрессия күйіне дейін. Қимылдық қозу жағдайында науқастар өздерін қоярға жер таппай ауыр жан күйзелісін білдіретін күрсінген дауыстар шығарады, суицидальды әрекеттер жасауға бейім болып келеді. Сондықтан олар арнайы, қатаң бақылауды қажет етеді.

Науқастарда үрейлі депрессия тежелумен қатар жүретін жағдайлар да бақыланады. Мұндай қимылдық тежелу ступор сипатын алуы мүмкін. Кататониялық ступордан айырмашылығы бұл меланхолиялық ступор деп аталады. Меланхолиялық ступордың клиникалық көрінісі кататониялықтан ерекшеленеді. Науқастардың бет-әлпеті қайғы-мұңды бейнелейді, беттерінде іркіліп қалған мұң маскасы болады. Кататониялық ступор кезіндегідей мутизм бақыланбайды. Табанды сауалға алғанда олардан қандай-да бір дұрыс жауап алуға болады.

Депрессивті-үрейлі симптоматикамен қатар науқастарда сандырақтық идеялар байқалады. Өзін - өзі кінәлау, өзін - өзі кемсіту сандырақтық идеялары аса тән. Науқастар өткен өмірін шолып, өздерінің ойларынша қылмысты болып табылатын жағдайлар мен факттарды іздейді. Науқастар жақын адамының өліміне өздерін кінәлайды. Оларға дұрыс күтім жасамадым, ертерек дәрігерге көрсетпедім деп өздерін жазғырады. Сондықтан науқастар өздерін дәрігер көңіліне, медбикелер күтіміне тұрмайтын адаммын деп есептейді. Жиі науқастар тағам қабылдаудан бас тартады, оған менім құқым жоқ деп айтады. Жиі өзін - өзі кінәлау сандырақтық идеяларына соңына түсу идеялары ұштасып жатады. Науқастар өздерін жасаған қылмыстары үшін ізіне түскендер бар, өздерінің үстінен сот жүретіндігін, осылайша өлім жазасына кесілетіндігін мәлімдейді. Кейде осындай сандырақтық идеялар ипохондриялық сипат алады. Бұл кезде науқастар бауыр немесе бүйрегінің және т.б. қызметінің толық бұзылғандығы жөнінде айтады. Ішкі мүшелерінің шіріп немесе жоқ болып кеткендігін айтып, өзін тірі өлік деп санайды (Катар синдромы). Мұндай ипохондриялық көріністер туыстары мен айналадағы бүкіл тіршіліктің жақындап келе жатқан күйреуі жөніндегі фантастикалық сипаттағы сеніммен бірге жүруі мүмкін.

Науқас В.З., 55 жаста. Тұқым қуалайтын психикалық аурулары жоқ. Өз жасына сай дамып өскен. 7 сынып және ФЗУ аяқтаған. Қысқа уақыт аралығында жоспар түзуші- экономист болып жұмыс жасаған. 18 жасында тұрмысқа шыққан. Күйеуі әскери адам. Қызмет бабына байланысты жиі – жиі бір қаладан екінші қалаға көшіп – қонып жүрген. Науқас жаңа орынға тез бейімделіп отырған. Жұмыс істемейді, үйінде үш баласының тәрбиесімен айналысқан. Қонақшыл болған, үй шаруасымен жақсы айналысқан. Ал күйеуінің мінезі ауыр, ашушаң, қызғаншақ, талапшыл.

Науқас мінезі бойынша күмәншіл, үрейшіл, аздап ипохондриялы (ренішін ұзақ жүрегінде ұстайды, бірақ сырттай білдірмейді). Күйеуіне қарсы шықпай, ұрыс- керістің алдын алып отырған.

Етеккірі 10 жасынан басталған, 4 жүктілік: үшеуі қалыпты, мерзімінен бұрын босанулар, біреуі жасанды түсік. 42 жасынан менопауза.

Балалар инфекцияларымен ауырған. 2 рет тік ішек полипозымен оперцияға түскен.

Күйеуінің сырқаттануына байланысты науқас қайғыға шомып, еңбекке қабілеті төмендеген: өзіне тән емес «еріншектік» пайда болып, үй жұмысын әрең атқарған. Ұйқысы бұзылған, әсіресе таңертеңгі мезгілде өзін нашар сезінеді. Бір айдан соң күйеуі жазылып шыққан, ал өзінің жағдайы одан әрі нашарлап кеткен: үрей пайда болып, бір жайсыз жағдайлар болып қалатындай күтуде болған. Тұрмыстық мәселелер шешілмейтіндей болып көрінген. Өз өмірі жайында үнемі ойға шомып, тек жағымсыз сәттерін есіне алып, өмірі сәтсіз қалыптасты деп сары уайымға түскен. Ауруханаға жатқызылған.

Психикалық күйі: науқаспен қарым – қатынас формальды; жәй дауыспен, бір ырғақпен, тежеліп сөйлейді. Әңгіме жүргізгенде белсенділік білдірмейді тек берген сұраққа жауап беріп отырады. Бет әлпеті маска тәріздес, қайғы мен шаршағандықты білдіреді. Жабырқау күйге, жақындары мен жанұясы үшін үрейленетініне шағым айтады. Барлығы құрыды, шатастым дейді. Барлық пәленің күнаһары өзіммін деп есептейді: «Мен жексұрынмын, оңбаған адаммын, маған өмір сүруге болмайды» деп сөгіледі. Бөлімшеде ешкіммен араласпайды, тамақ, дәрі қабылдағысы келмейді, көп уақытын төсекте жатып өткізеді. Науқасты тыныштандыруға тырысқанда тітіркенумен, ашумен жауап береді. Кезеңдермен үрейленіп, қызметкерлерге бір сұрақты қайталап қоя береді.

Инволюциялық параноид

Бұл психоз жүйеленген сандырақтың идеялар дамуымен сипатталады. Сандырақтық идеялар, ереже бойынша, үрейлі-жабырқаулы көңіл-күймен бірге жүреді. Науқастар өздері мен жақындарының сәттілігі мен денсаулығы үшін үрейленеді. Сандырақтық идеялар мазмұны қарапайым өмірдегі нақты оқиғаларға қатысты және қияли, фантастикалық сипатта болмайды. Науқастар көршілері немесе басқа да адамдар олар жоқта үйіне кіріп, ыдыс – аяқ, үй жиһаздарын бүлдіретінін, тамаққа улы зат салатынын мәлімдейді. Кейде науқастардың айтқандары шындыққа ұқсап, айналасындағыларын шатастырады. Бір науқас жақындарына, таныстарына өзінің көршісі ол үйде болмағанда кілт таңдап алып үйге кіріп, азық-түлік пен заттарын ұрлайтындығын әңгімелеген. Науқастың туыстары онымен бірге милицияға шағымданған. Бірақ күндердің күнінде, науқас туыстарына көршісінің үйіне түсіп, зиян келтіру мақсатында кілеміне дейін қиқалап кеткендігі жөнінде әңгімелеген, осы жағдайдан кейін туыстары оның ауруға шалдыққанын түсінеді.

Сандырақтық күйзелістермен қатар науқастарда галлюцинаторлы көріністер жиі бақыланады. Галлюцинациялар жиі есту сипатында. Науқастар қабырғаның арғы жағынан шу, аяқ дыбысын, өзін қорқытатын, іс-әрекетін жазғырушы дауыстар естиді. Психопатологиялық көріністерінің жалпы суреттемесіне әртүрлі ипохондриялық сезімдердің қосылуы жиі кездеседі. Науқас денесінің әр бөлігіндегі, жиі жыныс мүшелері аумағындағы жағымсыз сезімдерге шағымданады. Бұл сезімдерді сандырақтық сипатта талқылайды, оларды соңына түсушілер, қастандық жасаушылар тарапынан уландыру немесе басқа да әсерлердің салдарымен байланыстырады.

Науқас С.Н.Н., 56 жаста. Туыстарынан ешкім психикалық аурулармен зардап шекпеген. Уақытында туылған. Анасының жүктілігі және босануы жақсы өткен, ешқандай асқынусыз. Балалық шағында қалыпты өсіп, дамыған, дамуы жағынан құрдастарынан арта қалмаған. Мектепке 8 жасында барған. Мінезі бойынша көңілді, ашық, мейірімді, көп достары болған. Мектепте жақсы оқыған. Соғыс кезінде эвакуацияда болып, соғыс біткен соң, анасы мен кіші сіңілісі тұратын Апрелевкаға (Москва обл.) көшіп барған. Бұл жерде грампластинкалар заводында жұмыс жасап, жас жұмысшылар мектебінде 9 сыныпты бітірген. Одан кейін бала бақшаға ауысқан, себебі балаларды тәрбиелеуді ұнатқан және балабақша үйіне жақын орналасқан. Күйеуге шыққан. 49 жасында сіңілісі мен күйеуіне пәтерлес көршілерінің өзіне нашар қарайтындығы жөнінде әңгімелеген. Дәлел ретінде үйіне кеш қайтқан күні есікті қанша соқса да көршілері есік ашпағанын келтіреді. Сіңілісіне көршілері оны бұл үйден ығыстырып шығарып жіберіп, үйді өздері толық иемденбекші деп шағымданған. Көршісінің өзі жоқта бөлмеге кіріп, оның заттарын бүлдіретінін байқай бастайды. Дәлел ретінде шынының кетігін, төсек төсеніштеріндегі дақтарды, сөгілген жіптерді нұсқаған.

Науқас бірқатар уақыт өткен соң ізіне түскендер тек заттарды бүлдіріп қана қоймай сонымен бірге тамаққа улы заттар қосуға көшкенін «байқай бастаған» (науқас сорпа ішкенде тілінің күйгенін сезген). Көршісі оның бас жуатын суына улы зат қосып жібергенін, соның нәтижесінде шашы түсе бастағанын әңгімелеген.

Бірнеше рет милиция қызметкерлеріне шағымданған, бөлмесін ауыстыруды өтінген. Жеке бір бөлмелі үйді пәтер алып, өте қатты қуанған. Бірақ қуанышы ұзаққа созылмады, себебі астында тұратын көршілері ізіне түсіп, әлі күнге дейін олардың аңдулары жалғасуда деп есептейді. Осы себепке байланысты психиатриялық ауруханаға жатқызылған.

Түскен кездегі психикалық күйі: дәрігермен жеңіл сөйлеседі, даусы жұмсақ, монотонды, әңгімеде байымды, бұл ауруханада жатуы дұрыс емес деп, көршілері тарапынан ұйымдастырылған аңдулар жөнінде егжей-тегжейлі әңгімелейді, госпитализацияны солардың ұйымдастырғанына сенімді. Таза емес істермен айналысатын «топ» бар деп есептейді. Ол жөнінде науқас хабардар болғандықтан олар өзінен құтылғысы келеді. Көршілерінің өзін өлтіру қажет деген сөздерін естіген. Көршілерінің дауыстарын ашық терезеден, үй қабырғасы арқылы еститінін айтады. Өзін психикалық науқас деп есептемейді.

Бірінші күні бөлімшеде ешкіммен сөйлескен жоқ, уақытының көп бөлігін төсекте газет – журнал оқумен өткізді. Ешқандай шағым айтпайды. Бөлімшеге түскеннен бері ешқандай жағымсыз әсер сезінбеді, дауыстар естімеді. Ұйқысы, тәбеті жақсы. Бөлімшеде жүргеніне қымсынбайды, дәріні медперсонал қадағалауымен қабылдайды, мүмкіндігінше лақтырып тастауға ұмтылады.

 

Инволюциялық параноидтың болжамы инволюциялық меланхолия сияқты аса жайлы емес. Науқаста аффективті бұзылыстар, сандырақтық күйзелістер ұзақ уақыт сақталады. Бұл психопатологиялық көріністердің инерттілігі мен тұрақтылығына бас миы қантамырларының атеросклеротикалық өзгерістері ықпал етеді. Уақыт өте келе науқастардағы депрессивті-үрейлі және сандырақтық көріністер біртекті сипат алады. Науқастар өздерінің шағымдарын, үрейлерін және сандырақтық күйзелістерін біртекті сөздермен баяндайды. Дертті көріністердің айтарлықтай әлсіреуі және өзінің алдағы болған күйзелістеріне деген сын көзқарас қалыптасуы да мүмкін. Бірақ дерттен толық айығу байқалмайды.

Науқастарда өздеріне тән тұлғалық өзгерістер байқалады: қызығушылықтар шеңбері тарылады, тұлғалық көріністер монотондылығы, жоғары үрейшілдік пен күмәншілдік.

Кәрілік алды кезең психоздарының клиникалық көрінісінің ерекшеліктеріне байланысты МДП-бен, шизофрениямен, қантамырлық және басқа да психоздармен диферренциальды диагностика жүргізу қажеттілігі пайда болады. Инволюционды меланхолияның үрейлі күйдің бақылануымен, жедел кезеңде және одан кейінгі кезеңде де шизофрениялық тип бойынша тұлға өзгерістерінің болмауымен шизофрения ауруының кеш басталуы жағдайынан, МДП кезіндегі депрессиядан айырмашылығы бар. Органикалық психоздардан, және соның ішінде қантамырлық генезді психоздардан инволюционды меланхолияның инициальды көріністерінде бақытсыздықты күту үрейі, ипохондриялылық бақыланады, клиникалық суретінде бұзылған сана эпизодтары, психоорганикалық тип бойынша тұлғаның айқын өзгерістерінің, бас миының органикалық ауруын нұсқайтын неврологиялық мәліметтердің болмауымен ерекшеленеді. Егде жастағы адамдарда дамуы мүмкін басқа психикалық аурулардағы параноидты синдромнан инволюционды параноидты ажырату үшін жоғарыда аталған диференциальды диагностикалық критерийлерді қолдануға болады. Сонымен қатар инволюционды параноидқа «қарапайым өмірдегі оқиғаларды» бейнелейтін сандырақтық идеялар тән. Бұл аурулар диагностикасында оның егде жастағы адамдарда алғаш рет пайда болу фактының үлкен мәні бар.

Кәрілік жас кезеңіндегі психикалық бұзылыстар клиникасында қантамырлық бұзылыстардың үлес салмағы басым.

Сондықтан, жиі кәрілік алды және кәрілік жас кезеңінің психотикалық бұзылыстарын қантамырлық психоздардан ажырату қажет болады. Бірінші кезекте қантамырлық патологиямен науқастардағы психопотологиялық күйлер ағымының ерекшеліктеріне назар аудару қажет. Бас миының қантамырлық патологиясы бар науқастардағы психопатологиялық бұзылыстардың динамикасында психотикалық бұзылыстар мен қантамырлық патология динамикасы арасында белгілі бір байланыстылықты байқауға болады. Мұндай науқастардың психикалық күйінде көрсетілген психотикалық синдромдардан басқа психоорганикалық тип бойынша тұлға өзгерістері анықталады. Сонымен бірге тиянақты жиналған анамнез, әсіресе қантамырлық патологияны нұсқайтын мәліметтер болған жағдайда (мысалы, гипертониялық ауру) дұрыс диагноз қою жеңіл түседі.

 

Бас миының атрофиялық үрдістері кезіндегі психикалық өзгерістер

 

Кәрілік алды және кәрілік жас кезеңдерінде ауыр психикалық бұзылыстар бас миының органикалық бұзылыстарымен науқастарда кездеседі. Мұнда бас миының атрофиясына байланысты психикалық бұзылыстар және кәрілік жас ақыл кемдігі жатады.

Бас миындағы атрофиялық үрдістер Пик, Альцгеймер атауларын алған (оларды алғаш суреттеген психиатрлар есімімен аталған) типті психикалық бұзылыстармен жүреді.

 

Пик ауруы

Бұл ауру үдемелі амнезия, тотальды ақыл кемдігінің дамуымен сипатталады. Оның бастапқы даму сатыларында тұлғаның айқын өзгерістері байқалады, ол аспонтандылықпен және псевдопаралитикалық ауытқумен сипатталады. Аспонтандылық немқұрайдылықпен, бейғамдықпен, апатиямен көрінеді. Науқастар өздері бастап ештеңе жасамайды, ал бірақ ынталандырушы стимул болған жағдайда күрделі істерді де атқарады. Кейде бұл жағдай псевдопаралитикалық сипат алып, әуестіктер тежеусізденуі элементтерімен бейғам-эйфориялы көңіл-күймен көрініс береді. Науқастар өткен күн оқиғаларын, ағымдағы болып жатқан жайттарды естерінде сақтамайды, әдеттегіден тыс жағдайларда таныс адамдарын кездестіргенде танымай қалады. Науқас өз жағдайына сын көзбен қарамайды, бірақ өзінің дәрменсіздігіне көзі жеткенде күйінеді, реніш танытады. Бірақ мұндай реакция қысқа уақытты. Әдетте науқастар біркелкі, бейғам көңіл-күймен жүреді. Ойлаудың дөрекі бұзылыстары байқалады. Науқастар өз сөздеріндегі айқын қайшылықтарды байқамайды. Мысалы, науқастар өздерінің дәрменсіздігіне қарамастан әртүрлі жоспарлар құрады. Оқиғалардың мағыналық мәнін түсінбейді. Ойлаудың бұл дөрекі бұзылыстары психологиялық зерттеулерде жеңіл анықталады. Науқастар сюжетті көріністердің мәнін суреттеуге қабілетсіз және тек жеке компоненттерін атап шығады. Пик ауруымен науқастарға тұрақты симптомдар тән – науқас бір сөз айалымдарын қайталай береді. Аурудың даму дәрежесіне байланысты неврологиялық бұзылыстар да пайда болады: агнозия, сөйлеу бұзылысы, апраксия жән т.б.

Науқас С., 54 жаста. Психикалық аурулармен тұқым қуалау ауырлығы жоқ. Әкесі аздап тұйықтау, әңгімеге үйір емес. Анасы үрейшіл, жанұя мүшелерінің денсаулығы үшін себепсіз мазасызданатын.

Науқас бала кезінде инфекциялық аурулармен ешбір асқынуларсыз ауырған. Дамуы жағынан құрдастарынан артта қалмаған. Өзі мінезі бойынша ашық емес, эгоист. Мектепте үздік оқыған. 9 –шы сыныптан кейін ФЗУ аяқтаған. Біраз уақыт кітапханашы болып жұмыс істеген, жолдамамен педагогикалық училещеге түскен. Бастауыш мектептерде мұғалім болып істеген. 21 жасында тұрмыс құрып, бір баласы бар. 49 жасында есте сақтау қабілетінің бұзылысы байқалады. Сабақ беру кезінде сасқалақтап, оқушыларының есімін ұмыта берген. Көп жыл бірге істеген қызметтестерінің де есімін шатастырған. Қоршаған ортаға немқұрайдылық арта түскен. Үйде барлық заттарын тығып, жасырып, біраз уақыт өткен соң оларды қайда тыққанын ұмытып, жақындарын ұрлыққа кінәлаған. Жолдасының қатты науқастануына байланысты жұмыстан шығуға мәжбүр болған. Науқас жолдасының ауыр дертті күйін түсінбеген. Үйде майда-шүйдеге айқай шу шығарған, өзіне назар аудартқысы келген. Бұрынғысынша ақша, құжаттарды кітап, кілем арасына тығуды жалғастырған, есте сақтау қабілетінің төмендеуі өршіп, электроқұрылғылар, газды өшіруді ұмытып кететін болған. Көшеде бағдарлап жүре алмай, өзін-өзі күте алмаған. Психиатриялық ауруханаға жатқызылған.

Психикалық күйі: түскен кезде қай жыл, қай ай, қай күн екенін, қандай жыл мезгілі екенін айта алмады. Өзін «С.П. Боткин атындағы ауруханада» жатырмын деп есептейді. өзіндік тұлғасына бағдары аздап дұрыс. Көп ойланып өз туған жылын атады. «Асқазан бұзылысына» шағымданады. Ауру себебін көршілері заттарын иемдену үшін тамағына улы зат қосқаннан болды деп есептейді. Көңіл-күйі бейғам сипатта. Естің айқын бұзылысы байқалады. Сенгіш, аспонтанды. Жолға жиналу талпыныстарымен мазасыздық күйі бақыланады, олар үреймен және өнімділігі төмен конфабуляциялармен қатар жүреді. Осы сәтте жолдасын өлтіріп кетті деген сескеністі мәлімдейді. Дәрігерлерден шығу мерзімін нақтылап сұрайды. Өнімсіз іскерлік танытады: қағаздарын қалтасына жинайды, заттарын түйіндеп байлап, тумбочкадан алып, жастық астына тығып, сосын керісінше жасайды.

Альцгеймер ауруы.

 

Бұл аурудың клиникалық көрінісінде Пик ауруымен ұқсастықтар өте көп. Бұл ауру үшін де үдемелі амнезия және тотальды кем ақылдылық тән. Сонымен қатар белгілі бір айырмашылығы да бар. Альцгеймер ауруының инициальды кезеңінде жиі жасаурағыш-тітіркенген депрессия, бұл бұзылыстармен қатар үдемелі амнезияға жақын естің жылдам үдемелі нашарлауы бақыланады, көп ұзамай аурудың алғашқы белгiлері пайда болғаннан бастап кеңiстiктегi дезориентировка дамиды. Альцгеймер ауруының ерекшелiгi, науқастарда ұзақ уақыт өз күйлеріне формальды сын көзқарастың сақталуында (Пик ауруымен салыстырғанда). Ауру дамуына қарай ақыл кемдігі де үдй түседі. Мұндай науқастардың тәртiбi мүлдем орынсыз болады, олар өздерінің тұрмыстық дағдыларын жоғалтады, қимыл-қозғалыстарының мүлдем мәні жоқ.

Альцгеймер ауруымен науқастарда сөйлеу бұзылысы, афазия, эпилептиформды ұстамалар, спастикалық контрактуралар ерте пайда болады.

Аурудың екi түрiнде де психикалық бұзылыстар сандырақтық және галлюцинациялық симптаматикамен, және де бұзылған сана эпизодтарымен жүруі мүмкін. Бас миындағы атрофиялық үрдістердің даму дәрежесіне қарай үдемелі психикалық және неврологиялық бұзылыстарға трофикалық бұзылыстар қосылады. Ауру ұзақтығы бiрнеше айдан он жылға дейiн созылуы мүмкiн. Бұл аурудың болжамы қолайсыз болып табылады.

Бас миының атрофиялық үрдістеріне байланысты психикалық аурулар диагностикасы үлкен қиындықтар туғызбайды. Диагностика ОЖЖ органикалық зақымдануларын нұсқайтын мәліметтер болмаған жағдайда үдемелі амнестикалық бұзылыстардың және тотальды ақыл кемдігінің пайда болуына сүйенеді. Бiрақ кейбiр бақылаулар бас миының кейбiр iсiктерi атрофиялық ауру кезіндегі психикалық бұзылыстардың клиникалық көрінісіне ұқсас көрініс беретінін нұсқады (мыслаы, маңдай бөлiгінің iсiгі).

Кәрiлiк жас кезеңі психоздары ішінен кәрiлiк ақыл кемдігін және кәрілік психоздарын ажыратамыз.

 

Кәрілік ақылкемдігі

Кәрiлiк ақылкемдігі жағдайында, өз атауы айтып тұрғандай тотальды ақыл кемдігіне басты мән беріледі, ол мнестикалық және эмоциональды бұзылыстармен бірге жүреді. Ауру, ереже бойынша, байқалмай басталады. Біртіндеп науқастың психикалық бейнесi өзгередi, тонау, кедейлік және қайыршылық сандырақтық идеялары дамиды. Үдемелі амнезия және конфабуляция тән. Ең алдымен ағымдағы болып жатқан оқиғаларды есте сақтау бұзылады, кейiн келе мнестикалық бұызылыстар науқас өмірінің ерте кезеңдеріне таралады. Науқастар ұмытылған сәттердің орнын жалған естеліктермен – псевдореминисценция және конфабуляциялармен толтырады. Кейбiр науқастарда конфабуляциялардың молдығы сандырақты күйді еске түсіреді. Бiрақ олар тұрақсыздығымен және белгiлi бір тематикасының болмауымен ерекшеленедi. Науқастың эмоциональды көрiнiстерi тез тарылып, өзгеріске ұшырайды, кеңпейiлдi бейғам немесе түнерген-тiтiркенгiш көңiл-күй бақыланады. Жағдайды түсiну қабілеті бұзылысы мен әдеттегi жүріс-тұрыс формасы мен дағдылар арасында диссонанс байқалады, ситуацияны және жағдайды түгел, толықтай дұрыс бағалау мүмкінсіздігі бақыланады. Науқас жүріс-тұрысына пассивтілік және иннерттiлiк (науқас еш нәрсемен айналыса алмайды) немесе бос әбiгершiлдік байқалады (заттарын жинап, бiр жаққа кетуге талпынады). Сын көзқарас жан-жақты бұзылады (ситуацияға, өз жағдайына байланысты). Жиі науқастардың жүріс-тұрысы инстинктерінің тежеусізденуімен көрінеді - тәбеттiң жоғарылауы және сексуальдылық. Сексуальды тежеусіздену қызғаныш идеяларымен, жас ұл- қыздарға қатысты сексуальды азғындатулық әрекеттерімен көрінеді. Кәрiлiк ақылкемдігі көріністерін «тұлғалық деңгейдiң төмендеуi» деген түсiнiктен ажырата бiлу керек, бұл күйде психикалық үрдістер ағымының қарқыны төмендейдi, жаңа ақпарат қабылдау нашарлайды, тұжырымдау, сын көзқарас деңгейi төмендейдi, эмоциональды кедейлену көрiнiстері болады.

Науқас М.К.Л., 72 жаста. Балалық шақта полиомиелитпен ауырған, оң балтыр бұлшық еттерiнiң гипотрофиясы түрiнде қалдық белгілері қалған. Маляриямен ауырған. Институтты аяқтап аспирантураға түскен, одан кейiн кандидаттық диссертация қорғаған. Кейінгі кезеңдердің барлығында ғылыми жұмыспен айналысқан. Үй шаруасына, басқа да тәжірибелік жұмыстарға ешқандай қызығушылық бiлдiрмеген. 3 рет күйеуге шыққан. Бiр рет жатырдан тыс жүктiлiк болған. Жатыр және аналық безiнiң экстирпациясы бойынша операция өткiзілген.

Шамамен 64 жасынан бастап бас аурулары, жүрек тұсының ауыруы, жоғары артериальды қысым мазалай бастаған. Біртіндеп мiнезінің кейбiр тұстары өткірлене түскен, сараңдық, артынан кезеңмен зиян шегу идеялары пайда болған. Есте сақтау қабілеті нашарлап, күнделiктi оқиғаларды ұмытатын болған, бiр нәрсенi бiрнеше рет қайталап сұрайтын болған. Үйде барлық заттарды тығып, оны бiраз уақыттан соң ұмытып кетiп, жолдасының туысқандары ұрлап кеттi деп ойлаған. Соңғы кезде қалада адасып кетiп, үйiне жол таба алмайтын дәрежеге жеткен. Айналасына немқұрайдылық, эгоизм дамыған. Үйiнде болмашы нәрсеге айқай-шу шығаратын болған. Жолдасының өлiмiнен кейiн тiптi қорғансыз күйге түскен, өзiн-өзi қамтамасыз ете алмай, үйiне ешкiмдi кiргiзбейтiн болған, үйiн тонап кетедi деп қорыққан. Өгей қызына қатысты қатынас және зиян келтіру идеяларын айтатын болған. Жады бұзылысы арта түскен, үрейшіл, мазасыз күйге түскен, конфабуляциялар пайда болған. Ауруханаға жатқызылған.

Психикалық күйi: түскен кезде айды, күндi, жыл мезгiлiн айта алмаған. Өзін «С.П. Боткин атындағы ауруханада» жатырмын деп есептейді. өзіндік тұлғасына бағдары аздап дұрыс. Көп ойланып өз туған жылын атады. Асқазан бұзылысына, капуста жегеннен кейінгі іш өтулерге шағымданады;.осының нәтижесiнде құрметтi адамдармен саяхатқа шыға алмайтын болдым деп өкiнедi. Саяхатқа арнайы дайындаған түйiндегі көйлегінің жоғалып кеткендігін айтады. Күйеуiнiң жақындарына қатысты зиян келтіру идеяларын айтады. Жолдасының қайтыс болған күнін айта алмайды: 20 жыл бұрын немесе өткен жылы қайтыс болды дейдi. Өзге аурулар күтіміне қатысуға ұсыныс жасайды.

Бөлiмшеде науқас көңiл - күйiнде бейғамдық басым. Сенгiш, аспонтанды. Үнемі аяқ киімін буып қойған түйiншегiн өзімен алып жүреді, нан, қағаз, әр нәрсе оралған түйiншектерiн iш киiмiнiң астына тығып қояды. Жиі тұрақсыз сипаттағы зиянкестік идеяларын айтып отырады, осы кезде жылайды, өзiнiң етігiн, пальтосын, «баға жетпес» кiтаптарын қайтаруды сұрайды. Жолға жиналу талпыныстарымен мазасыздық күйі бақыланады, олар үреймен және өнімділігі төмен конфабуляциялармен қатар жүреді. Осы кезде науқас күйеуiн өлтiрiп кеттi деген күдiк айтады. Дәрiгерлерден үкiметтiң шақыруы бойынша кемемен қашан саяхатқа шығамыз деп сұрайды.

Сандырақтық және галлюцинаторлы жағдайлар.Сандырақтық және галлюцинацинаторлы жағдайлар түрiндегі психикалық бұзылыстар ақылкемдігі тәрізді кәрілік психоздары кезiнде жиi кездеседi. Кәрілік психозының мұндай формасы науқастарда айқын ақыл кемдігі болмаған жағдайда бақыланады. Бұл кезде депрессивтi жағдай түрiндегі эмоциональды бұзылыстар кездесуi мүмкiн. Науқастар соңына түсу, кiнәлiлiк, тақырға отыру және ипохондриялық сандырақ идеяларын айады. Сандырақтық күйзелістер нақты ситуациялармен байланысты. Сандырақ мазмұнында шынайы жағдайлардың жеке фактiлерi көрініс береді. Сонымен бiрге науқастарда галлюцинаторлы симптоматика бақыланады. Жиі көру және тактильдi галлюцинациялар кездеседi. Өзiнiң мазмұны жағынан олар сандырақтық идеялармен байланысты. Эпизодты түрде мол конфабуляциялармен ұштасатын бұзылған сана жағдайлары пайда болады.

Кәрілік кезеңдегі сандырақтық психоздардың толқын тәрiздi ағымда жүру мүмкіндігі бақыланған. Бұл жағдайлар бiрнеше рет қайталануы мүмкін. Олардың арасында әртүрлi ұзақтықтағы ашық аралықтар болады.

Кәрілік кезеңдегі психоздардың дифференциальды диагностикасы екi бағытта жүргiзiледi: кәрілік жас кезеңінде болуы мүмкін психикалық аурулардан (МДП, шизофрения, органикалық және т.б.), және пресенильді психоздардан ажырату керек. Бiрiншi топ психоздарынан ажырату кезiнде бұл психоздардың алда аталып кеткен диагностикалық сипатын ескеру керек. Кәрi ақылкемдігін атрофиялық психоздардан ажырату кезінде келесілерді ескеру қажет: кәрiлiк ақылкемдігінің клиникалық көрiнiсiнің ерекшеліктерін, неврологиялық симптоматикалардың жоқтығын және дерттің басталуы кезіндегі науқас жасын. Кәрiлiк функциональды психоздары аурудың басталу мезгiлiндегі айырмашылықтарынан басқа, эпизодтылықпен және сандырақтық бұзылыстар кезеңіндегі сана өзгерісімен де ерекшеленеді.

 

Кәрілік алды және кәрiлiк жас кезеңіндегі психоздар





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.