В) маникальді-депрессивті психоз, депрессивті фаза Г) маниакальді-депрессивті психоз, биполярлы тип Д) инволюциялық депрессия 121.45 жасар әйел, сауда қызметкері. Шапшаң, мимикасы жанданған, көздері жылтырайды, көп және жылдам сөйлейді. Қимыл-әрекет кезінде жиі ән айтады. Бөлімшеде барлығына араласады, сексуальды тежеусізденген , сексуальды тақырыпта көп және тамсанып әңгімелейді, өзін ерлерге жіберуді талап етеді. Осымен қатар тітіркенгіш, кейде төбелеске бейім тұрады. Қарсылыққа төзбейді, ескертулерге қарқынды және агрессивті реакция береді. Төменде аталғандардан қандай синдром аса ТӘН? А) көңілді мания Б) шатасқан мания В) ызалы мания Г) продуктивсіз мания Д) типті мания 122. 55 жасар ер адам, анамнезінде алкоголизация, инсульт. Баяу, сөздерді созып сөйлейді. Байымды, әңгіменің басты мазмұнын ажырата алмай детальдарда тұрып қалады. Жиі ары қарай не айтарын білмей тоқтап қалады, бір тақырыптан екіншісіне ауысуы қиын. Есте сақтау қабілеті күрт төмендеген, жеке өмірінде болған оқиғалардың уақыттарын айта алмайды десе болады. Көңіл-күйі тұрақсыз, жиі себепсіз ызалы, тітіркенген күйге ауысады. Төменде аталғандардан қандай синдром аса ТӘН? А) лакунарлы деменция Б) ақыл аздығы (малоумие) В) психоорганикалық синдром Г) тотальды деменция Д) концентриялық деменция 123. 17 жастағы бозбала. Әкесі – маскүнем, ұлы өзінен туылмағандығына күдік туғандықтан 13 жасынан балаға ішкізе бастаған. Алғашқы мастанулардан кейін науқас ішкілікке аса әуестікті сезінген. Соңғы жылда мастануға қажет қабылдайтын мөлшері күрт жоғарылаған, 800 гр араққа дейін. Таңертеңгі уақытта бас жазуға қажеттілік туындаған, немесе еңбекке қабілетсіз. Екі рет анаша тартып көрді, мастану болмады, араққа қайта оралды. Психиатриялық ауруханаға мас күйінде түсті, балағат сөздер айтып, өзін тізгінсіз ұстады. Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін? А) алкоголизм 1-ші сатысы Б) алкоголизм 2-ші сатысы В) алкоголизм 3-ші сатысы Г) тұрмыстық салынып ішу Д) алкогольді мастану 124. 18 жасар бозбала. 11 жасында құрдастарының ортасында алғаш рет шарап дәмін көрді, шамамен 100гр., күш ағынын, эйфория сезінді, мастану фазасы 4 сағатқа созылды. Бұл күй ұнап, алкогольді аптасына 1 – 2 рет достарымен қабылдайтын болды. Ата-анасының ажырасуынан кейін алкогольді эксцесстер жиіледі, аптасына 3 рет қабылдайтын болды. Конфликтілі, агрессивті, оқуын тастады. 2 жылдан кейін «жеңілдеу үшін бас жазатын» болды. Салынып ішеді, толеранттылық жоғары. Күніне 1 литр араққа дейін ішеді. Аталған емдік шаралар жоспарының қайсысы дұрысырақ болып табылады? А) күштеп емдеу Б) дезинтоксикациялық терапия В) психотропты терапия Г) психотерапия Д) антиалкогольды терапия 125. 18 жасар бозбала. 11 жасында құрдастарының ортасында алғаш рет шарап дәмін көрді, шамамен 100гр., күш ағынын, эйфория сезінді, мастану фазасы 4 сағатқа созылды. Бұл күй ұнап, алкогольді аптасына 1 – 2 рет достарымен қабылдайтын болды. Ата-анасының ажырасуынан кейін алкогольді эксцесстер жиіледі, аптасына 3 рет қабылдайтын болды. Конфликтілі, агрессивті, оқуын тастады. 2 жылдан кейін «жеңілдеу үшін бас жазатын» болды. Салынып ішеді, толеранттылық жоғары. Күніне 1 литр араққа дейін ішеді. Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін? А) алкоголизациямен психопатия Б) тұрмыстық ішкілікке салыну В) алкоголизм 1-ші сатысы Г) алкоголизм 2-ші сатысы Д) алкоголизм 3-ші сатысы 126. Тексерілудегі ер адам, 36 жаста, әскери қызметкер-ауғандық. Әдеттегідей, қызметіне жиналып, қаруын алды, бірақ, кенеттен «Душмандарды соқ!» деген айғаймен, көшеге жүгіріп шықты, оқ атқан дауыс шықты, нәтижесінде екі жай өткінші адам жараланды. Ұстаған кезде қозған жағдайда, бозарған, «душмандар» тарапына төндіріп, сөз жаудыруды жалғастырды. Шамамен бір сағат өткен соң, милиция бөлімінде оянып, өзінің ауыр қылмыс жасағанын есіне түсіре алмады. Қызметіне жиналғаны есінде, ал кейінгі оқиғалар толық есінен шыққан. Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін? А) сананың аментивті бұзылысы Б) сананың онейроидты бұзылысы В) сананың қарауытқан бұзылысы Г) сананың делириозды бұзылысы Д) кататониялық бұзылыс 127. Зерттелуші ер адам, 35 жаста, үйлену тойы күнінде, жеңіл алкогольді мастану жағдайында кенеттен жүріс-тұрысы өзгерді. Ызалы, үрейшіл күйге түсті, қорқыныш сезінді, қонақтардың бірін шайтан, робот деп атады. Жолдастарының сұрақтарына «ия, жоқ» деп жауап берді. Көздері біресе күдікшіл, бірде немқұрайлы, бірақ қимыл-әрекеттері сенімді болды. Кенет ас бөлмесіне шықты, жылдам қайтып келді, жолдасына жақын келіп, сен шайтансың деп, үш рет кеудесіне пышақ салды. Осы жағдайына байланысты байланып, милицияға жеткізілді. 2 сағаттан кейін өз-өзіне келді, қайда және не болғанын түсіне алмады. Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін? А) алкогольді делирий Б) сананың қарауытқан күңгірттенуі В) кататониялық қозу Г) алкогольді мастану Д) сананың онейроиды күңгірттенуі 128. Сынақталушы 40 жасар, кассир. Аса ірі көлемде ақша жұмсағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Тергеушімен әңгімелесу кезінде көздерін бақырайтады, орынсыз жымияды, өз есімін, жасын атай алмайды, жұмысымда отырмын дейді. Өзінің үлкен жопарлары жөнінде айтады, сол уақытта қарапайым арифметикалық операцияларды орындай алмайды, аяқ киімін қолдарына киеді. Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін? А) кататониялық ступор Б) истериялық ступор В) реактивті ступор Г) пуэрилизм Д) псевдодеменция 129. 35 жасар әйел, бухгалтер, ірі көлемдегі банк ақшасының ұрлануына қатысы бар. Өзге қалаға қашып кеткен, сонда ұсталды. Тергеу кезінде – жүріс-тұрысы адекватсыз: уақыт және орын бойынша бағдары бұзылған, айналадағыларды танымайды, көздерін бақырайтады, өзін буындыратын «кірпіктерімен үлкен көз» көреді, қарапайым сұрақтарға қисынсыз жауап береді. Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін? А) шизоаффективті бұзылыс Б) аффективті психоз В) сананың делириозды бұзылысы Г) реактивті психоз Д) реактивті параноид 130. 29 жасар әйел көңілдесінің бұрын кездеспеген, бірнеше жыл бұрын ажырасып кеткен әйелін өлтіруге байланысты сот-психиатриялық сараптамаға түсті. Ісіне өкінбейді. Марқұм әйел оны «уландырды», күйеуіне келген балалары арқылы «уландырылған радиоактивті азық-түлікпен дуа» жасады деп түсіндіреді. Мәнерлі, гримасалар жасайды, өзінің тағдырына немқұрайды. Сөзшең, ой-пікірі мақсатсыз. Өнімсіз философиялық талқылауларға бейім. Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін? А) симуляция Б) реактивті психоз В) шизофрения Г) истериялық психоз Д) агравация 131. 30 жасар ер адам, әйелімен бірге қызының туылған күнін атап отырды, алкоголь қабылдап отырды. Отырыс кезінде әйелі оның көзіне шөп салғанын айтты. Нәтижесінде ұрыс-керіс басталды, кеудесінен ұстап алып бірнеше рет жұдырықпен ұрды, әйелі құлап, басын соғып, санасын жоғалтты. Тоқтамастан бүкіл денесін аяқ-қолымен ұруды жалғастыра берді. Бұл әрекеті үйге кірген үй иесімен тоқтатылды. Науқас қарсылық көрсетпестен құлап түсті. Өзіне келген соң болған жайтты есіне түсіре алмады. Тағылған кінәға қатты таң қалды. Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін? А) физиологиялық аффект Б) алкогольді мастану В) патологиялық аффект Г) реактивті психоз Д) импульсивті әрекет 132. Ер адам 55 жаста, жұмысшы.Алкогольді 30 жыл шектен тыс қолданады. Салынып ішеді, абстиненция жағдайында үрейлі, мазасыз. Соңғы кездерде толеранттылық күрт төмендеді. Жұмысына, жанұясына көзқарасы өзгерді, немқұрайдылық, эгоизм пайда болды. Мастану жағдайында әйелімен конфликтті қарым-қатынаста. Соңғы үш жылда, әйелінің үйіне кеш келетінін, өзіне нашар көзқарасын байқаған. Табанды түрде қайда болғанын анықтайтын болған. Көзіне шөп салып жүр деп күдік пайда болып, соңынан аңди бастаған. Кезеңмен әйелінің алдап жүргенін дәлелдейтін “дауыстар” естіген. Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін? А) біріншілік қызғаныш сандырағы Б) алкогольді галлюциноз В) алкогольді параноид Г) Корсаков психозы Д) алкогольді псевдопаралич 133. Ер адам 55 жаста, жұмысшы.Алкогольді 30 жыл шектен тыс қолданады. Салынып ішеді, абстиненция жағдайында үрейлі, мазасыз. Соңғы кездерде толеранттылық күрт төмендеді. Жұмысына, жанұясына көзқарасы өзгерді, немқұрайдылық, эгоизм пайда болды. Мастану жағдайында әйелімен конфликтті қарым-қатынаста. Соңғы үш жылда, әйелінің үйіне кеш келетінін, өзіне нашар көзқарасын байқаған. Табанды түрде қайда болғанын анықтайтын болған. Көзіне шөп салып жүр деп күдік пайда болып, соңынан аңди бастаған. Кезеңмен әйелінің алдап жүргенін дәлелдейтін “дауыстар” естіген. Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін? А) тұрмыстық маскүнемдік Б) салынып ішетін маскүнемдік В) алкоголизм 1-ші сатысы Г) алкоголизм 2-ші сатысы Д) алкоголизм 3-ші сатысы 134. Ер адам 37 жаста, соматикалық ауруы бойынша2-ші топ мүгедегі. Соңғы жылдары физикалық денсаулығы әлсіреген, тітіркенгіш, өз өміріне күдіктеніп, үрейленеді. Құқық бұзушылық күнінде 30-жасар әйелі, онымен ажырасатынын, өйткені өзге адамды жақсы көретінінін айтады. Осыған реакция ретінде науқас дірілдеп, әйелін мүсінмен ұра бастағанын бұлыңғыр есіне алады. «ары қарай барлығы басымда күңгірттеніп кетті, есімде жоқ». Шамамен таңғы 6-да диванда жатқан жерінен оянды. Жанында еденде қан-жоса мүсін жатты. Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін? А) кататониялық қозу Б) психомоторлы қозу В) патологиялық аффект Г) аффективті бұзылыс Д) аментивті бұзылыс 135. 29 жасар әйел көңілдесінің өзі бұрын кездеспеген, бірнеше жыл бұрын ажырасып кеткен әйелін өлтіруге байланысты сот-психиатриялық сараптамаға түсті. Ісіне өкінбейді. Марқұм әйел оны «уландырды», күйеуіне келген балалары арқылы «уландырылған радиоактивті азық-түлікпен дуа» жасады деп түсіндіреді. Мәнерлі, гримасалар жасайды, өзінің тағдырына немқұрайды. Сөзшең, ой-пікірі мақсатсыз. Өнімсіз философиялық талқылауларға бейім. Аталған қорытындылардың барлығы дұрыс, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ: А) науқаста созылмалы психикалық бұзылыс Б) шизофрения В) симуляция Г) құқық бұзушылық сәтінде өз әрекетіне жауап бере алмаған Д) күштеп емдеуді қажет етеді 136. 16 жасар жасөспірім, оқушы. Крупозды пневмонияға байланысты амбулаторлы ем қабылдап жүр, антибиотиктер, сульфаниламидтер қабылдаған. Қарау кезінде тері жабындылары бозарған, Т-37,4. Өкпесінде оң жағында жекелеген құрғақ және ылғалды сырылдар. Рентгенограммада – оң жақтық пневмония қалдық белгілері. Орын, уақыт бойынша бағдары бұзылған, өз есімін дұрыс атайды. Үреймен мазасызданып айналаға көз тастайды. “Көптеген жылжып жатқан бақаларды, жыландарды, биттерді көретінін” айтады. Үнемі өз денесінен бірдемені қағады. Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін? А) интоксикациялық психоз, галлюцинаторлы синдром Б) сананың аментивті күңгірттенуі В) жедел реактивті қозу Г) сананың делириозды күңгірттенуі Д) интоксикациялық психоз, параноидты синдром 137. 70 жастағы әйел, пневмонияға байланысты терапия бөліміне түсті. Жағдайы ауыр, төсектен тұрмайды, басымен, аяқ-қолдарымен үнемі қимылдар жасайды, қолдарымен жаялықты тартады. Кезеңмен жылайды, біресе күледі, сөзі байланыссыз, өзінің қайда және кіммен әңгімелесіп отырғанын, фамилиясын айта алмайды. Спонтанды түрде жеке сөздер айтады, қандай-да бір фамилияларды атайды. Кешкі уақытта мазасыздық күшейеді, қорқыныш сезінеді: “бақалар, жыландар, тышқандар” көрінеді. Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін? А) сананың делириозды күңгірттенуі Б) сананың қарауытқан күңгірттенуі В) корсаков психозы Г) сананың аментивті күңгірттенуі Д) кататониялық қозу 138. Қыз бала 17 жаста, студент. 2 апта бұрын тұмаумен ауырғаны белгілі. Дене температурасының жоғарылауына, жүрек аймағындағы жағымсыз сезімдерге, ентігуге шағымданған. Уақыт және орын бойынша бағдары бұзылған. Үрейлі, контакт мүлдем жоқ. Қашуға тырысады, ұстауға тырысқанда күшті қарсылық көрсетеді. Анасын шақырады, біреуге айғайлайды. Соңымнан біреу аңдып жүр, өлтіруге тырысады дейді. Айтқан сөздеріне критика жоқ. Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін? А) шизофрения, параноидты формасы Б) соматогенді психоз, параноидты синдром В) интоксикациялық психоз, делириозды синдром Г) интоксикациялық психоз, аментивті синдром Д) соматогенді психоз, психопатия тәрізді синдром 139. Науқас, 36 жаста. Анамнезінен: екі жыл 12-елі ішек ойық жара ауруымен ауырады, осы ауруына байланысты 2-ші топ мүгедегі. Мінез-құлқы үрейшіл, тұйық. Клиникалық, лабораториялық және рентгенологиялық зерттеулер соматикалық аурудың өршуін көрсетті. Әңгімелесу кезінде бағдары дұрыс, контакт шектелген: жай дауыспен, бірмәнді жауап береді. Асқазанның ауыр ауруымен ауырамын, ол жазылмайды деп есептейді. Көңіл-күйі жабырқаулы, тамақтан бас тартады, бөлімшеде ешкіммен араласпайды. Суицидальды ойлар айтады. Критика жоқ. Төменде аталғандардан қандай синдром аса тән? А) галлюцинаторлы-сандырақтық Б) реактивті параноид В) депрессивті-ипохондриялық Г) сенесто-ипохондриялық Д) обсессивті-фобиялық 140. 16 жастағы жасөспірім, оқушы. Бес күн бұрын тұмаумен ауырып қалған, температурасы 40°C дейін жеткен, жөтел, мазалаған. Мазасыз, үрейшіл. Айналадағының барлығы ”әдейі ойластырылып қойған”, ”қос ойын” жүргізіліп жатыр дейді. Біресе ол ауруханада, біресе тергеу изоляторында. Айналадағы дәрігерлер – дәрігерлер емес, оған қылмыстық іс жүргізіп жатқан тергеушілер, ал медициналық персонал ”киімдерін ауыстырып алған агенттер”. Көндіруге келмейді, толығы мен өзінің дертті күйзелістерінің қармауында. Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін? А) интоксикациялық психоз, галлюцинаторлы-параноидты синдром Б) жедел шизофрениялық эпизод, әсер ету сандырағы В) интоксикациялық психоз, сананың аментивті күйі Г) интоксикациялық психоз, сахналау сандырағы Д) интоксикациялық психоз, қарым-қатынас сандырағы 141. 17 жасар қыз балада жоғары температурамен тұмау болған. Қарау кезінде мазасыз, үрейшіл, зейіні тез ауысады. Қайда екенін білмейді, қоршаған ортадағы жағдайды бағдарлауы бұзылған. Жиі төсектен ыршып тұрады, жастық астынан әлденені іздейді, төсек астына қарайды, көз алдына елестеген жәндіктерді ұстауға тырысып, қолдарымен қабырғаны сипалайды. Кезеңмен қорқынышпен жан-жағына қарайды, өз-өзімен сөйлеседі. Төменде аталғандардан қандай синдром болуы мүмкін? А) галлюцинаторлы Б) параноидты В) делириозды Г) сананың қарауытқан бұзылысы Д) аментивті 142. 42 жастағы әйел, сауыншы. 5 жылдан бері бруцеллезбен науқастанған. Бас ауыруына, әлсіздікке, температураның жоғарылауына, бүкіл деенсіндегі сырқыраған ауру сезіміне шағымданады. Қарау кезінде тері жабындысы бозарған, перифериялық лимфа түйіндерінің барлық топтарының аздап ұлғаюы, бауыр, көкбауыр ұлғаюы, ірі буындар аймағындағы ауру сезімі. Көңіл-күйі төмен, әлсіреген. Бөлменің тереңінен оны өлтіремін деп қауіп төндірген әйел дауысын «естиді». “Дауыс” шынайы адамның дауысы тәрізді естіледі. Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін? А) интоксикациялық психоз, галлюцинаторлы синдром Б) шизофрения, параноидты формасы В) реактивті параноид Г) интоксикациялық психоз, депрессивті синдром Д) интоксикациялық психоз, делириозды синдром 143. 48 жастағы ер адам. Мастану жағдайында 2-ші және 3-ші дәрежедегі күйік алған. Күйік бөлімінде ем алып жатыр. Қарау кезінде: беті, құлақтары, қолдары, кеудесі іріңді қабыршықтармен жабылған, температурасы – 39,3. Науқас өзін үйімдемін деп ойлайды, мазасыз, қозған, тоқтамастан бірдеңені іздейді, ауадан қармайды. Төсектен тұруға талпынады, өз денесінен дәкелерді алып тастауға тырысады, дәке астында ақша бар дейді. өз есімін дұрыс атайды «денсаулық үшін» алып қоюға «шақырып» тұрған “достарын” кіргізуді өтінеді. Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін? А) интоксикациялық психоз, галлюцинаторлы синдром Б) интоксикациялық психоз, сананың қарауытқан күйі В) интоксикациялық психоз, делириозды синдром Г) алкогольді делирий Д) интоксикациялық психоз, аментивті синдром 144. 47 жастағы әйел жедел жәрдеммен өз үйінің өртінен кейін жеткізілді. Қозғалыссыз қалыпта отыр, жанары кеңістікке қадалған, қоршаған ортада болып жатқан жайттарға қатыссыз, контакт мүмкін емес. Осындай жағдайда болғанына алты сағаттай өтті. Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін? А) кататониялық ступор Б) реактивті ступор В) депрессивті ступор Г) есеңгіреу Д) транс 145. 14 жастағы жасөспірім психожарақаттаушы ситуацияға түсті және ұзақ уақыттық күйзелістерден кейін «барлығына қолын сілтеп: қалай болса – солай болсын» деді. Өз іс-әрекетіне жауап бере алмайтын жағдайға жеткенде өзінен күштірек балалардың ықпалына түсті және олардың кез-келген талаптарын, соның ішінде өз намысын таптайтындарын да орындай бастады. Жүріс-тұрыс реакциясының қандай типі? А) пассивті наразылық реакциясы Б) активті наразылық реакциясы В) бас тарту реакциясы Г) имитация реакциясы Д) эмансипация реакциясы 146. 16 жастағы жасөспірімде наркотик қабылдағаннан кейін қозу, эйфория, іс-әрекетке талпыныс, ұйқысыздық пайда болды. Препаратты қайталап қолданғанда шамадан тыс дозасын қабылдады. Тітіркенгіштік, агрессивтілік пайда болды, жүріс-тұрысы сексуальды, импульсивті. Жекелеген галлюцинациялар орын алды. Беттің бозаруы, тахикардия, қарашық кеңеюі, тұмаурату және жөтел, артериялық қысым жоғарылауы бақыланды. Төменде аталған заттардың қайсысының әсері болуы мүмкін? А) кокаиннің Б) героиннің В) эфедриннің Г) барбамилдің Д) марихуананың 147. 15 жастағы жасөспірімде наркотик қабылдағаннан кейін эйфория, адекватсыз ұстамсыз күлкімен, сөзшеңдікпен, секеңдеген жүріспен оғаш жүріс-тұрыс бақыланды. Тәбеті жоғарылаған, сексуальды тежеусізденген, кезеңмен агрессивті. Беті гиперемияланган, склералары инъецирленген . Пульс жиілеген, ауыз қуысында құргақтық. Қарашықтары кеңейген, жарыққа реакция әлсіреген. Төменде аталған препараттардың қайсысының әсері болуы мүмкін? А) кокаиннің Б) героиннің В) эфедриннің Г) барбамилдің Д) гашиштің 148. 15 жастағы жасөспірімде үш жыл бұрынғы бас-ми жарақатынан кейін, әсіресе сабақ уақытында аса шаршағыштық, оқу материалдарын есте сақтау қиындығы, агрессиялық ұстамалар бақыланды. Бас ауыруына, бас айналуына шағымданады. Ыстықты, транспортты көтере алмайды, бір қызмет түрінен екіншісіне ауысқанда қиындық сезінеді. Аталған болжам диагноздың қайсысы болуы мүмкін? А) пароксизмальды синдром Б) жарақаттық астения В) жарақаттық энцефалопатия Г) жарақаттық деменция Д) амнестикалық синдром 149. 15 жастағы жасөспірім, ата-анасын ”ауыстырып қойғандығына” сенімді. Оның айналасындағылар ”бөтен адамдар”. Олар оны ”сынаққа алып”, ”роботқа айналдырғысы”, келеді, өйткені олар қазірдің өзінде оны ”басқарады”, ”өз ойларын салады”. Оның ойлары “өзге елден” “әсер етуші” “бөтен, бөгде адамдармен қондырылған”. Ызалы, өзіне бағытталған сөздерге агрессиямен жауап береді. Аталған дәрілік препараттар комбинациясының қайсысын тағайындаған дұрыс болып табылады? А) аминазин+амитриптилин Б) галоперидол+мелипрамин В) галоперидол+аминазин Г) трифтазин+паркопан Д) тизерци+седуксен 150. 16 жастағы жасөспірімде жасаурағыштық, әлсіздік, қалтырау бақыланады. Бір тәуліктен соң тремор, қарашықтар кеңеюі пайда болды. Ол жиі түшкіреді, жөтеледі, тұмаурату, жас ағуы, гипергидроз. Психикалық статусында үрей, мазасыздық, ұйқысыздық. Екі тәуліктен кейін шайнау кезінде бұлшық еттегі ауру сезімі, жүрек соғысы мен тыныстың жиілеуі бақыланды, бұлшық еттердің фибриллярлы дірілдері, АҚ-ң жоғарылауы пайда болды. Субъективті: денесіндегі сырқыраған ауру сезімінің, әсіресе буындарындағы ауру сезімінің күшейгенін сезінеді. Білек буыны аймағында көптеген инъекциялар ізі. Аталған болжам диагноздың қайсысы болуы мүмкін? А) гашишті наркомания, абстинентті синдром Б) апиындық наркомания, абстинентті синдром В) кокаиндік наркомания, абстинентті синдром Г) ОЖЖ стимуляторлыран қолдануга байланысты наркомания, абстинентті синдром Д) полинаркомания, абстинентті синдром 151. 16 жастағы жасөспірімде жасаурағыштық, әлсіздік, қалтырау бақыланады. Бір тәуліктен соң тремор, қарашықтар кеңеюі пайда болды. Ол жиі түшкіреді, жөтеледі, тұмаурату, жас ағуы, гипергидроз. Психикалық статусында үрей, мазасыздық, ұйқысыздық. Екі тәуліктен кейін шайнау кезінде бұлшық еттегі ауру сезімі, жүрек соғысы мен тыныстың жиілеуі бақыланды, бұлшық еттердің фибриллярлы дірілдері, АҚ-ң жоғарылауы пайда болды. Субъективті: денесіндегі сырқыраған ауру сезімінің, әсіресе буындарындағы ауру сезімінің күшейгенін сезінеді. Білек буыны аймағында көптеген инъекциялар ізі. Төменде аталған препараттардың қайсысының әсері болуы мүмкін? А) кокаиннің Б) ОЖЖ стимуляторларының В) барбитураттардың Г) морфиннің Д) гашиштің 152. 16 жастағы жасөспірімде жасаурағыштық, әлсіздік, қалтырау бақыланады. Бір тәуліктен соң тремор, қарашықтар кеңеюі пайда болды. Ол жиі түшкіреді, жөтеледі, тұмаурату, жас ағуы, гипергидроз. Психикалық статусында үрей, мазасыздық, ұйқысыздық. Екі тәуліктен кейін шайнау кезінде бұлшық еттегі ауру сезімі, жүрек соғысы мен тыныстың жиілеуі бақыланды, бұлшық еттердің фибриллярлы дірілдері, АҚ-ң жоғарылауы пайда болды. Субъективті: денесіндегі сырқыраған ауру сезімінің, әсіресе буындарындағы ауру сезімінің күшейгенін сезінеді. Білек буыны аймағында көптеген инъекциялар ізі. Төменде аталғандардан қандай синдром болуы мүмкін? А) интоксикациялық Б) жедел респираторлы бұзылыс В) аллергиялық Г) абстинентті Д) үрейлі- фобиялық 153. 32 жастағы ер адам, денсаулығына мүлдем шағымы жоқ деуге болады, туысының өлімінен кейін үнемі өлім қорқынышын сезінеді. Өзінің күдіктерінің негізсіздігін түсіне тұра, ол ойларынан құтыла алмайды. Әртүрлі мамандардың тексеруінен өтті, көптеген инструментальды және лабораторлы зерттеулер жасады, жақындарын жанынан аластатпайды. Зерттеулер нәтижесі аздап сабырға келтіреді, бірақ ұзаққа созылмайды. Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін? А) фобофобия Б) канцерофобия В) танатофобия Г) клаустрофобия Д) агорофобия 154. 32 жастағы ер адам, денсаулығына мүлдем шағымы жоқ деуге болады, туысының өлімінен кейін үнемі өлім қорқынышын сезінеді. Өзінің күдіктерінің негізсіздігін түсіне тұра, ол ойларынан құтыла алмайды. Әртүрлі мамандардың тексеруінен өтті, көптеген инструментальды және лабораторлы зерттеулер жасады, жақындарын жанынан аластатпайды. Зерттеулер нәтижесі аздап сабырға келтіреді, бірақ ұзаққа созылмайды. Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін? А) неврастения Б) жабысқақтық неврозы В) тұлғаның невротикалық дамуы Г) истериялық невроз Д) реактивті жағдай 155. 42 жастағы ер адам, жанұясын жоғалтқан жол-көлік апатынан кейін, ұзақ уақыт өзіне келе алмай жүрді. Оны ұзақ уақыт жабысқақ естеліктер, осы қайғыға қатысты жақындарының опат болуына байланысты мұңмен бірге жүретін жан түршіктірер түстер мазалады. Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін? А) обсессивті-компульсивті бұзылыс Б) диссоциативті бұзылыс В) жарақаттан кейінгі стресстік бұзылыс Г) соматизацияланған бұзылыс Д) истериялық қарауытқан бұзылыс 156. 19 жастағы қыз бала күйеуімен жанжалдасқаннан кейін, туыстарының көз алдында диванга құлады, көздері айналды, артынан қолдарында тоникалық тырысулар пайда болды, олар 5 минутқа созылып, ірі сілтемелі клоникалық тілін тістеусіз тырысуларға ауысты. Еріксіз зәр жіберу бақыланған жоқ. Ұстама кезінде қарашықтың жарыққа реакциясы сақталған. Ұстама кезінде ол ыңырсыды, конфликтті ситуацияны бейнелейтін жеке сөздерді қайталады. Ұстама 30 минутқа созылды. Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы аса мүмкін? А) «самайлық эпилепсия» ұстамасы Б) генерализацияланған тырысулық ұстама В) джексондық ұстама Г) истериялық ұстама Д) абсанс 157. 23 жастағы бозбала. 16 жасынан бастап науқаста айтарлықтай себепсіз үрей пайда болып, есінен адасудан, дауасы жоқ аурумен ауырып қалудан қорқыныш пайда болған, көңіл-күйі төмендеген, өзінің толымсыздығы жөнінде ойлар пайда болған. Айналадағылар мазақпен ол жөнінде талқылайтындай болып көріне бастады. Бұл жағдайға өзінің сыртқы бейнесіндегі ақауды себеп деп тапты. Айна алдында тұрып ”өзінің ұсқынсыз бетін, жалпақ мұрын, қысық көздерін” көреді. Өз күйзелістерімен ешкіммен бөліспеді, достарымен қарым-қатынасты тоқтатты. Тұйықталды, жабырқаулы, ата-анасына эмоциональды суық, дұшпаншыл көзқараста. Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін? А) жабысқақтық неврозы Б) фобиялық невроз В) баяу ағымды шизофрения Г) реактивті күй Д) қатерлі шизофрения 158. 23 жастағы бозбала. 16 жасынан бастап науқаста айтарлықтай себепсіз үрей пайда болып, есінен адасудан, дауасы жоқ аурумен ауырып қалудан қорқыныш пайда болған, көңіл-күйі төмендеген, өзінің толымсыздығы жөнінде ойлар пайда болған. Айналадағылар мазақпен ол жөнінде талқылайтындай болып көріне бастады. Бұл жағдайға өзінің сыртқы бейнесіндегі ақауды себеп деп тапты. Айна алдында тұрып ”өзінің ұсқынсыз бетін, жалпақ мұрын, қысық көздерін” көреді. Өз күйзелістерімен ешкіммен бөліспеді, достарымен қарым-қатынасты тоқтатты. Тұйықталды, жабырқаулы, ата-анасына эмоциональды суық, дұшпаншыл көзқараста. Төменде аталғандардан қандай синдром болуы мүмкін? А) галлюцинаторлы-сандырақтық Б) дисморфоманиялық В) галлюцинаторлы Г) вербальды иллюзиялар Д) Кандинский-Клерамбо 159. 23 жастағы бозбала. 17 жасынан құрдастарының ортасында алкоголь қолдануды бастады. Бастапқы кезде спиртті ішімдікті шамадан тыс қабылдағаннан кейін өзін нашар сезінді, жүрегі айныды, құсты. Кейіннен ”бейімделіп, жүрегі айнымайтын болды”. Соңғы жылдары жиі ішкісі келіп тұрады ”ләззат сезінемін, проблемалардан құтылу үшін қабылдаймын” дейді. Бұрынғысымен салыстырғанда спиртті ішімдіктің көп мөлшерін көтере алады, кейде ішкенінің мөлшерін бақылау қабілетін жоғалтқан, жұмысында да ішетін болды, бірақ ертесіне “неге олай жасадым” деп өз-өзін кінәлайды. Көп ішкен кезінде келесі күні барлығын есіне ала алмайды. Мінез-құлқы өзгерді, тітіркенгіш, жиі шаршайды, ұйқысы нашар. Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін? А) тұрмыстық маскүнемдік Б) алкогольді эпизодты қолдану В) алкоголизм 1-ші сатысы Г) алкоголизм 2-ші сатысы Д) алкоголизм 3-ші сатысы 160. 23 жастағы бозбала. 17 жасынан құрдастарының ортасында алкоголь қолдануды бастады. Бастапқы кезде спиртті ішімдікті шамадан тыс қабылдағаннан кейін өзін нашар сезінді, жүрегі айныды, құсты. Кейіннен ”бейімделіп, жүрегі айнымайтын болды”. Соңғы жылдары жиі ішкісі келіп тұрады ”ләззат сезінемін, проблемалардан құтылу үшін қабылдаймын” дейді. Бұрынғысымен салыстырғанда спиртті ішімдіктің көп мөлшерін көтере алады, кейде ішкенінің мөлшерін бақылау қабілетін жоғалтқан, жұмысында да ішетін болды, бірақ ертесіне “неге олай жасадым” деп өз-өзін кінәлайды. Көп ішкен кезінде келесі күні барлығын есіне ала алмайды. Мінез-құлқы өзгерді, тітіркенгіш, жиі шаршайды, ұйқысы нашар. Төменде аталғандардың барлығы алкоголизмнің бастапқы сатысын сипаттайды, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ: А) құсу рефлексінің болмауы Б) полимсесттер В) физикалық тәуелділік Г) психикалық тәуелділік Д) мөлшерлік бақылауды жоғалту 161. 72 жастағы ер адамда сезімдер сферасындағы лабильділікпен көрінетін эмоциональды дәрменсіздік бақыланады. Оның көңіл-күйі үнемі болмашы себептерге байланысты тербелістермен сипатталады. Жасаурағыштық бақыланады, ал көңіл-күйі көтеріңкі болғанда– сентиментальды. Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін? А)дисфория Б) рух әлсіздігі В) гипертимия Г) эйфория Д) амбиваленттілік 162. 27 жасар ер адамда, иісті газбен уланганнан кейін, есте сақтау бұзылысы бақыланды. Естен шыққан сәттерді науқас ойдан құрастырылған естеліктермен толықтырады, шын мәнінде болмаған оқиғаларды “есіне алады”. Сонымен қатар, әңгімелесу кезінде, шын мәнінде болған, бірақ бұрмаланған, уақыты немесе орны бойынша дұрыс құрастырылмаған оқиғалар жөнінде айтады. Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін? А) ретроградты амнезия Б) фиксациялық амнезия В) парамнезиялар Г) конградты амнезия Д) үдемелі амнезия 163. 37 жастағы ер адамда конфликтті ситуация нәтижесінде қарқынды қозу және вазовегетативті көріністермен, сананың алдымен күрт тарылып, артынан күңгірттенуімен, автоматты әлеуметтік қауіпті әрекеттер сипатын алған іс-әрекет мақсаттылығының жоғалуымен эмоциональды реакция дамыды. Аталған реакция қозу кезеңінің толық амнезиялануымен, терең ұйқымен аяқталды. Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін? А) сананың аментивті бұзылысы Б) сананың делириозды бұзылысы В) истериялық қозу Г) сананың қарауытқан бұзылысы Д) дисфория жағдайы 164. 35 жастағы әйел, сатушы. Бала кезінен күдікшілдікпен, ұяңдықпен ерекшеленген. Тапсырмаларға өте ұқыпты қараған. Ерлермен қарым-қатынастан, әсіресе өзі танымайтын ер адамдардан үнемі алшақ жүруге тырысқан. Жұмысында таныс емес ер адам қолынан ұстап алғаннан кейін ”оның тазалығы жөнінде” күдік пайда болды, таныс емес ер адамдармен таңдаусыз контакттардан кейінгі салдар жөнінде көп оқығандықтан бұл күдігі мерез ауруын жұқтыру қорқынышына ұласты. Өз күйзелістерінің негізсіздігін түсінеді, дегенмен олардан құтылуға күш-жігері жетпейді. Төмендегі аталған синдромдардың қайсысы болуы мүмкін? А) обсессивті-фобиялық Б) контрастты жабысқақтықтар В) жабысқақ көз алдына келтірулер Г) невроз тәрізді Д) психопатия тәрізді 165. 17 жастағы жасөспірім, наркология бөлімінде тері астында жәндіктердің жорғалауына шағыммен жатыр. Қарау кезінде дертті сезімдердің орналасқан жерінде көптеген тырнақ іздері бар. Туыстарының айтуы бойынша, науқас екі жыл наркотикалық заттарды қабылдайды. Төменде аталған препараттардың қайсысы аталған бұзылысты шақыруы мүмкін? А) героин Б) кокаин В) гашиш Г) барбитураттар Д) морфин 166. 17 жастағы жасөспірім, көшедегі жүргінші адамды тонауға әрекет жасағаны үшін полиция қызметкерлерімен жеткізілді. Контакт бар, сұрақтарға ниетсіз жауап береді. Қарау кезінде көптеген көктамырлық иньекциялар анықталды. Наркотиктер қолданғанын табанды түрде теріске шығарады. Сол күні кешкі уақытқа қарай үрей, мазасыздық пайда болды, ”ыстық толқындар” сезінеді. Жас ағуы, ринорея, дене температурасының жоғарылауы, тыныс жиілеуі, бұлшық еттік спазмдар, дененің әр жерінде ауру сезімдері бақыланды. Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы аса мүмкін? А) токсикоманиялық абстиненция Б) кокаиндік психоз В) героиндік абстиненция Г) гашиштік абстиненция Д) апиындық мастану 167. Төменде аталған наркоманиялардың БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНЫҢ барлығына толеранттылықтың өсуі тән: А) кокаиндік Б) апиындық В) гашиштік Г) барбитураттық Д) метадондық 168. 17 жастағы жасөспірім, мастану дәрежесін анықтау мақсатында медициналық куәландыруға жеткізілді. Объективті: тері жабындыларының бозаруы мен құрғақтығы бақыланды. Қарашықтары тарылған, жарыққа реакциясы жоқ. Жүрісі тербелмелі, Ромберг позысында тұрақсыз, саусақ-мұрын пробасынқиындықпен орындайды. Сұрақтарға ниетсіз, үзілістен кейін жауап береді. Наркотик қабылдағанын теріске шығарады. Көктамырлар жолымен көктамырішілік иньекциялардың бірнеше ізі бар. Алкоголь иісі жоқ. Раппопорт пробасы теріс. Төменде аталған психоактивті заттардың ішінен қайсысын қолданған? А) кокаинді Б) героинді В) гашишті Г) барбитураттарды Д) эфедронды 169. 17 жастағы жасөспірім, мастану дәрежесін анықтау мақсатында медициналық куәландыруға жеткізілді. Объективті: тері жабындыларының бозаруы мен құрғақтығы бақыланды. Қарашықтары тарылған, жарыққа реакциясы жоқ. Жүрісі тербелмелі, Ромберг позысында тұрақсыз, саусақ-мұрын пробасынқиындықпен орындайды. Сұрақтарға ниетсіз, үзілістен кейін жауап береді. Наркотик қабылдағанын теріске шығарады. Көктамырлар жолымен көктамырішілік иньекциялардың бірнеше ізі бар. Алкоголь иісі жоқ. Раппопорт пробасы теріс. Төменде аталған мастану түрлерінен қайсысы болуы мүмкін? А) апиындық мастану Б) алкогольді мастану В) кокаиндік мастану Г) токсикоманиялық мастану Д) эфедриндік мастану 170. 16 жастағы жасөспірімге келіп жеткен жедел жәрдем бригадасының дәрігері пациентте әлсіздік, тремор, қалтырау, қарашықтар кеңеюі, жасаурағыштық, тұмаурату, жиі түшкіру, жөтел бақылады. Пациент мазасыз, үрейшіл, аяқ-қолдарының бұлшық еттерін уқалауға тырысады, өйткені бүкіл денесінің, әсіресе бел және аяқ қолдарының буындарындағы айқын сырқырап ауыруына шағымданады. Қарау кезінде шынтақ буыны аймағында көктамырлар жолымен көптеген нығыздалулар және көктамырішілік инъекциялардан кейінгі майда қан құйылулар анықталды. Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін? А) жедел респираторлы вирусты инфекция Б) гашиштік наркомания В) апиындық наркомания Г) эфедрондық наркомания Д) кокаиндік наркомания 171. 16 жастағы жасөспірімге келіп жеткен жедел жәрдем бригадасының дәрігері пациентте әлсіздік, тремор, қалтырау, қарашықтар кеңеюі, жасаурағыштық, тұмаурату, жиі түшкіру, жөтел бақылады. Пациент мазасыз, үрейшіл, аяқ-қолдарының бұлшық еттерін уқалауга тырысады, өйткені бүкіл денесінің, әсіресе бел және аяқ-қолдарының буындарындағы күшті сырқырап ауыру сезіміне шағымданады. Қарау кезінде шынтақ буыны аймағында көктамырлар жолымен көптеген нығыздалулар және көктамырішілік инъекциялардан қалған майда қан құйылулар анықталды. Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін? А) кокаиндік абстиненция Б) жедел респираторлы вирусты инфекция В) апиындық абстиненция Г) гашиштік абстиненция Д) апиындық мастану 172. 20 жасар бозбалада медикаменттерді қабылдағаннан кейін мотивсіз сөйлеу жылдамдауымен көңілділік бақыланды, артынан ол орын және уақыт бойынша бағдардың бұзылысымен, сахна тәріздес иллюзиялар мен галлюцинациялардың ағынымен есеңгіреу жағдайына ауысты. Бала табанды түрде “бір жаққа жоғалып кеткен темекіні” іздейді. Бозарған бет фонында қызару, еріндері алқызыл, жеке бұлшық ет топтарының еріксіз қозғалыстары мен тырысулық дірілдері бақыланады. Жүрісі оғаш, еркін емес. Қандай затпен интоксикацияның белгісі болуы мүмкін? А) опиаттармен Б) кокаинмен В) холинолитиктермен Г) барбитураттармен Д) психостимуляторлармен 173. 17 жасар бозбалада медикаменттерді қабылдағаннан кейін мотивсіз сөйлеу жылдамдауымен көңілділік бақыланды, артынан ол орын және уақыт бойынша бағдардың бұзылысымен, сахна тәріздес иллюзиялар мен галлюцинациялардың ағынымен есеңгіреу жағдайына ауысты. Бала табанды түрде “бір жаққа жоғалып кеткен темекіні” іздейді. Бозарған бет фонында қызару, еріндері алқызыл, жеке бұлшық ет топтарының еріксіз қозғалыстары мен тырысулық дірілдері бақыланады. Жүрісі оғаш, еркін емес. Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін? А) опиаттармен жедел улану Б) кокаинмен жедел улану |