В) экстракампинді галлюцинациялар Г) гипнопомпиялық галлюцинациялар Д) жалпы сезім галлюцинациялары 13. Қабылдау бөлімінде 17 жасар балада тырысулық ұстама дамыды. Ұстамалар бірінің соңынан бірі жалғасқан. Ұстамалар арасындағы кезеңде науқас санасына келмеген. Төменде аталғандардан қандай психикалық бұзылыс сәйкес? А) эпилепсиялық ұстама Б) ұстамалардың жиілеуі В) коматозды күй Г) бұзылған сана синдромы Д) эпилепсиялық статус 14. Наркомания түзілуіне төменде аталған барлық препараттардың қайсысын жүйелі қолдану ықпал етеді БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ: А) реланиумды Б) гашишті В) марихуананы Г) кокаинді Д) героинді 15. Шизофренияға төменде аталған белгілердің барлығы тән, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ: А) егіздер сандырағы Б) онейроид В) амбулаторлы автоматизм Г) кататониялық ступор Д) дисмофомания 16. Пик ауруына қандай бұзылыс тән? А) гидроцефалия Б) нейрофибриллдердің қайта өніп-өсуі В) тамырлар атеросклерозы Г) локальды атрофия Д) ақыл кемдігі 17. 26 жастағы әйел «үлкен мысықтың» жалған қабылдауына шағымданады. Төменде аталғандардан қандай психикалық бұзылыс сәйкес? А) жалған тану Б) макропсия В) иллюзия Г) галлюцинация Д) сандырақ 18. П.Б. Ганнушкин психопатия критериясына қандай белгіні жатқызған? А) психиканың жеке компоненттерінің жетілуінің кешігуі Б) тұлғаның патологиялық сипаттарының тотальдылығы В) патологиялық фантазиялауга бейімділік Г) интеллектуальды жеткіліксіздік Д) жүріс-тұрыс демонстративтілігі 19. Кандинский-Клерамбо психикалық автоматизм синдромына қандай бұзылыс тән? А) егіздер сандырағы Б) дене схемасының бұзылысы В) уландыру сандырағы Г) амбулаторлы автоматизм Д) психикалық үрдістердің бөтенденуі 20. 72 жастағы ер адамда, сезімдер сферасындағы лабильділікпен көрініс беретін эмоциональды әлсіздік. Оның күйі болмашы себептен пайда болатын көңіл-күйдің тербелістерімен сипатталады. Аса жасаурағыштық, ал көңіл-күйі жоғарылағанда – сентиментальдылық бақыланады. Аталған болжам диагноздардың ішінен қайсысы нақтырақ? А) реактивті депрессия Б) церебральды атеросклероз В) циклотимия Г) маниакальды-депрессивті психоз Д) сенильді деменция 21. 29 жасар ер адамда, бас-ми жарақатынан кейін жады бұзылысы бақыланды. Аталған дәрілік заттардың ішінен жалпы ем жоспарына қайсысын енгізген дұрысырақ? А) аминалон Б) аминазин В) анафранил Г) рисполепт Д) золофт 22. 37 жасар ер адам, сөздерінде жиі жаңа сөз тіркестерін қолданады, олардың мазмұны тек өзіне түсінікті. Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін? А) шығармашылдық сандырағы Б) ойлау үзілуі В) резонерлік Г) неологизмдер Д) ойлау байланыссыздығы 23. Аментивті синдромға төменде аталған белгілердің БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНЫҢ барлығы тән: А) әрекеттердің мақсатсыздығы Б) инкогеренция В) сахналық сандырақ Г) артынан амнезиялану Д)бағдарлау бұзылысы 24. Шизофренияның үздіксіз ағымды формасына төменде аталған варианттардың БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНЫҢ барлығы тән: А) параноидты Б) баяу ағымды В) қатерлі (ядролы) Г) гебефрениялық Д) рекуррентті 25. Сананың қарауытқан күңгірттенуіне төменде аталған белгілердің БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНЫҢ барлығы тән: А) аффективті кернеліс Б) автоматтталған әрекеттер В) агрессивті әрекеттер Г) полимпсесттер Д) пароксизмальдылық 26. Төменде көрсетілген препараттардың барлығы эпилепсиялық статусты басуға қолданылады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ: А) күкірт қышқылының магнезиясын көк тамырға енгізу Б) седуксенді көк тамырға енгізу В) жүрек-қан тамыр қызметін стимуляциялайтын инъекциялар Г) аминазинді көк тамырға енгізу Д) хлоралгидратты клизма түрінде енгізу 27. Төменде көрсетілген белгілердің барлығы апиндық наркомонияға тән, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ: А) толеранттылықтың жоғарылауы Б) мнестикалық-интеллектуальдылықтың төмендеуі В) физикалық тәуелділік Г) психикалық тәуелділік Д)сананың бұзылыстары 28. Депрессия күйіндегі 42 жастағы әйелдің көңіл-күйі төмендеген, оған айналадағы әлем өзгерген, жасанды, таныс емес болып көрінеді. Төменде берілген бұзылыстардың қайсысы ТӘН? А) дереализация Б) сандырақтық қабылдау В) деперсонализация Г) метаморфопсия Д) иллюзия 29. Қандай психикалық бұзылыстар реактивті жағдайдың критерийлеріне (Ясперс бойынша) жатады? А) жедел басталуы Б) дерттік симптоматиканың қарқындылығы В) психогенді жағдайларды ойлау Г) өзін-өзі кінәлау ойлары Д) көңіл-күйдің төмендеуі 30. Төменде көрсетілген белгілердің барлығы атеросклерозды церебрастениямен науқаста байқалады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ: А) бас ауруы Б) бас айналуы В) дімкәстіктің жоғарылауы Г) апатия Д) тітіркенгіштіктің жоғарылауы 31. 55 жастағы ер адам көңіл-күйдің төмендеуіне, ұйқысыздыққа шағымданады. Науқаста барлығына пессимисттік көзқарас анықталады. Жанұясында өзінен басқа ешкім үй жұмыстарымен айналыспайтындығын айтады. Көршілерімен арасында соттық дау-дамай шыққан. Қандай болжам диагноз ТӘН? А) эндогенді депрессия Б) атипті депрессия В) психогенді депрессия Г) маникальді-депрессивті психоз Д) циклотимия 32. 57 жастағы ер адам үреймен бірге жүретін көңіл-күйінің төмендеуіне, ойлаудың тежелуіне, қозғалыс белсенділігінің төмендеуіне шағымданады. Кезеңді түрде қозғалыстық қозу жағдайы байқалады. Осы кезде науқас тынышсызданады, ыңырсып, қатты уайымдап, қайғырады, суицидальді тенденция байқалады. Қандай болжам диагноз ТӘН? А) кеш шизофрения Б) реактивті депрессия В) маникальді-депрессивті психоз Г) инволюциялық меланхолия Д) инволюциялық параноид 33. Кезеңдік шизофрениямен 19 жастағы бозбалада психоз жағдайынан кейін, аффективті тұрақсыздықпен ремиссия дамыды. Сүйемелдеуші емдеу жоспарына қандай дәрілік препаратты тағайындау КЕРЕК? А) аминазин Б) финлепсин В) сиднокраб Г) тизерцин Д) ноотропил 34. 26 жастағы ер адам басынан пульсацияны сезетіндігіне шағымданады. Оны аңдып жүргендер «әдейілеп істеді», деп сендіреді. Төменде берілген синдромдардың қайсысы ТӘН? А)ипохондриялық синдром Б) Кандинский-Клерамбо В) параноидты Г) тактильді галлюциноз Д) параноидты синдром 35. Төменде көрсетілген белгілердің барлығы сананың сапалық бұзылыстарына жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ: А) аменция Б) делирия В) есеңгіреу Г) онейроид Д) сананың қарауытқан бұзылысы 36. Науқаста ойлау процесінің баяу қозғалысына байланысты бір ойдан екінші ойға ауысу қиындаған. Науқас маңыздысын екінші дәрежедегі ойдан ажырата алмайды, негізгі тақырыптан ауытқып кетеді. Төменде көрсетілген ойлау бұзылысының қайсысы болуы мүмкін? А) персеверация Б) айқай салу В) резонерлік Г) байымдылық Д) паралогикалық 37. 27 жастағы ер адамда иісті газбен уланғаннан кейін фиксациялық және ретроградты амнезия түріндегі ес бұзылысының формасы анықталды. Науқас естен шығарған жағдайларды жалған ойлармен толтырып, болмаған жағдайларды еске алады және әңгімелесу кезінде болып жатқан оқиғаны бұрмалап, уақытына немесе болған жеріне сәйкес емес қылып айтады. Бұл бұзылыс нейропатиямен бірге жүреді. Қандай болжам диагноз ТӘН? А) амнестикалық синдром Б) конградты амнезия В) үдемелі амнезия Г) деменция Д) парамнезия 38. Төменде көрсетілген белгілердің барлығы маниакальді синдромға жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ: А) ойлар ағымының жеделдеуі Б) зейіннің тез ауысуы В) көңіл-күйдің жоғарылауы Г) гиперестезия Д) гипермнезия 39. Төменде көрсетілген шаралардың барлығы наркоманияның алдын-алуда қолданылады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ: А) наркотикалық заттарға тиым салу жүйелері Б) санитарлық ағарту жұмыстары В) наркотиктердің таралуын қылмыстық жазалау Г) наркобизнеспен күрес жүргізу Д) наркотиктерді қолдануды жасқа байланысты шектеу 40. Төменде көрсетілген аурулардың барлығында сананың аментивті бұзылыстары дамиды, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНДА: А) бас-ми жарақатында Б) менингоэнцефалитте В) күйік ауруларында Г) реактивті жағдайда Д) алкогольді улануларда 41. Қандай симптом маниакальді синдромның тұрақты белгісі болып табылады? А) гипермнезия Б) өзінің мүмкіншілігін жоғары бағалау В) қоршаған ортаны қабылдаудың анықтығы Г) сөйлеу-қимылдық қозу Д) аса бағалы идеялар 42. Төменде көрсетілген симптомдардың барлығы қарауытқан сана синдромына жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ: А) сананың пароксизмальді тарылуы Б) әрекеттердің автоматизирленуі В) антероградты амнезия Г)психоз кезіндегі амнезия Д) қозудың жедел аффекті 43. Қандай эмоциональді бұзылыстар шизофренияға ТӘН? А) эмоциональді тұрақсыздық Б) эмоциональді кедейлену В) дисфория Г) жігерсіздік Д) гипомания 44. Кемақылдық дәрежесін анықтауда төмендегі критериялар ескеріледі, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ: А) сөйлеудің даму деңгейі Б) сананың бұзылу деңгейі В) оқуға қабілеттің болуы Г) еңбек дағдысы Д) жүріс-тұрысының ерекшелігі 45. Төменде көрсетілген жағдайлардың барлығы психогенді бұзылыстарға жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ: А) реактивті ступор Б) индуцирленген сандырақ В) реактивті қозу Г) кататониялық қозу Д) истериялық психоз 46. Төменде көрсетілген белгілердің барлығы психогениялардың психопатологиялық феноменіне жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ: А) тітіркендіргіш әлсіздігі Б) көңіл-күйдің төмендеуі В) пуэрилизм Г) аменция Д) псевдодеменция 47. Алкоголизммен науқасқа наркопсихотерапия тағайындалды. Қандай дәрілік препаратты емдеу жоспарына қосу КЕРЕК? А) аминазин Б) анафранил В) трифтазин Г) реланиум Д) тизерцин 48. Шизофренияның клиникасына қандай синдром ТӘН? А) амнестикалық Б) апато-абулиялық В) психоорганикалық Г) дисмнестикалық Д) тырысулық 49. Төменде көрсетілген белгілердің барлығы психопатияға тән, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ: А) аффективті тұрақсыздық Б) жүріс-тұрысының бұзылысы В) интелектуальді төмендеу Г) әлеуметтік дезадаптация Д) тотальді бұзылыстар 50. Төменде көрсетілген аурулардың барлығында жасқа байланыссыз ұстамалар дамиды, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНДА: А) инволюционды депрессия Б) реактивті депрессия В) истериялық психоз Г) маникальді-депрессивті психоз Д) реактивті параноид 51. Төменде көрсетілген сана бұзылыстары дисфорияда болмайды, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ: А) есеңгіреу Б) ұйқылы жағдай В) онейроидты Г) аффективті-тарылған Д) аментивті 52. Сананың қарауытқан бұзылысында төменде көрсетілген клиникалық белгілер болмайды, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ: А) шамадан тыс ұйқышылдық Б) жүріс-тұрысы мен мимикасының адекватсыздығы В) кататониялық тежелу Г) қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру Д) конфабуляторлы шатасу 53. Төменде көрсетілген бұзылыстардың барлығы шизофренияға тән, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ: А) псевдогаллюцинация Б) сандырақ В) неологизм Г) ойлау байымдылығы Д) символикалық ойлау 54. Төменде көрсетілген дәрілік заттардың барлығы апиындық наркотикалық заттарға жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ: А) дионин Б) кодеин В) морфин Г) гашиш Д) промедол 55. Төменде көрсетілген бұзылыстардың барлығы импульсивті әуестікке жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ: А) дромомания Б) дипсомания В) дисморфомания Г) клептомания Д) пиромания 56. Төменде көрсетілген клиникалық белгілердің барлығы патологиялық аффектке тән, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ: А) сананың күңгірттенуі Б) ұйқы тәрізді жағдай В) тітіркендіргіштің күші мен сапасына адекватсыз реакциялар Г) жүріс-тұрысының мақсаттылығын жоғалту Д) аффективті күй кезеңінің амнезиялануы 57. Төменде көрсетілген клиникалық жағдайлардың қайсысы науқастардағы селқостыққа және енжарлыққа ТӘН? А) депрессия Б) кататониялық синдром В) гебефрениялық синдром Г) апато-абулиялық синдром Д) дереализация 58. Төменде көрсетілген клиникалық белгілердің БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНЫҢ барлығы делириозды синдромда болмайды: А)псевдогаллюцинация Б) психоматорлы қозу В) өзін-өзі кінәлау сандырағы Г) аутодезориентировка Д) психоз кезеңінің толық амнезиясы 59. 27 жастағы ер кісі, шизофренияның қайталамалы үздіксіз ағымымен емделуде. Қандай терапияны науқасқа жүргізген ДҰРЫС? А) психотерапиялық Б) психофармакотерапиялық В) инсулинотерапия Г) шартты-рефлекторлы терапия Д) электротырысулық терапия 60. Дене қызуы жоғары баланың сезім мүшелеріне сырттан келіп жатқан тітіркендіргіштер бір сәтте ертегілік сюжеттерге біртіндеп ауысты, ол оларды өз ойымен құрастырады. Қабырғадағы жарықтарда, тұсқағаздардағы суреттер кенеттен жануарлар кескінін алып, қозғала бастайды. Төменде аталғандардан қандай болжам диагноз ТӘН? А) есеңгіреу Б) парейдолиялық иллюзия В) көру галлюцинациясы Г) сананың қарауытқан бұзылысы Д) аффективті иллюзия 61. Төменде көрсетілген факторлардың барлығы шизофренияның этиологиясында маңыздылығы бойынша екінші дәрежелі болып табылады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ: А) психикалық жарақаттар Б) экзогенді В) ерте балалық шақта дұрыс тәрбиелемеу Г) тұқым қуалайтын патология Д) босану кезіндегі жарақаттар 62. 27 жастағы ер адамда кенеттен қабылдау шеңбері тарылды, осы шеңбер деңгейінде күрделі әрекеттер мүмкіншілігі сақталды, қоршаған ортаны бағдарлауы бұзылды және осы кезең артынан толық амнезияланды. Қандай болжам диагноз ТӘН? А) аментивті жағдай Б) делириозды жағдай В) онейроидты жағдай Г) қарауытқан жағдай Д)сананың истериялық тарылуы 63. 30 жастағы ер адамда даулы жағдайдан кейін қарқынды қозғалыстық және вазовегетативті көріністермен, сананың күрт тарылуымен, артынан күңгірттенуімен, автоматты әлеуметтік қауіпті әрекеттер сипатын алған жүріс-тұрыс мақсаттылығының жоғалуымен эмоциональді реакция дамыды. Аталған реакция шамамен жарты сағатқа созылып, терең ұйқымен аяқталды. Оянғаннан кейін қозу кезеңінің толық амнезиясы бақыланды. Төменде аталғандардан қандай болжам диагноз болуы мүмкін? А) физиологиялық аффект Б) психогенді қозу В) истериялық қозу Г) патологиялық аффект Д) дисфория жағдайы 64. Шындыққа сәйкес келмейтін және коррекцияға келмейтін, науқастың санасын толық билейтін патологиялық негізде дамитын ойларды қалай атайды? А) фантастикалық Б) доминерлеуші В) жабысқақтық Г) жоғары бағалы Д) сандырақ 65. Төменде көрсетілген симптомдардың барлығы сананың делириозды қарауытуына тән, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ: А) уақыт дезориентировкасы Б) психиомоторлы қозу В) ориентировканың толық жоғалуы Г) бөліктік амнезия Д) көру галлюцинациясы 66. Эпилепсияға төменде көрсетілген клиникалық белгілердің БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНЫҢ барлығы тән: А) сананың ерекше жағдайы Б) абсанстар В) сананың қарауытқан жағдайы Г) психикалық автоматизм Д) дисфория 67. 47 жастағы ер адам иісті газбен уланғаннан кейін көңіл-күйі сөзшеңдікпен, шатасумен жүретін үрейлерге және қорқыныштарға дейін өзгеріп, мазасыздық күйі дамып, анық көріністер формасында елестер орын алды. Науқасты түнгі уақытта мазалайтын және жиі оянуға алып келетін, қорқынышты түстер көріп, ұйқысы беткей болды. Артынан айналаны иллюзиялы қабылдап, тежелу жағдайы дамыды. Психиканың бұзылысы науқастың өзі қатысатын галлюцинаторлы бейнемен ауысты. Төменде берілген бұзылыстардың қайсысы ТӘН? А) деперсонализациялық синдром Б) дереализация синдромы В) метаморфопсия Г) аментивті бұзылыс Д) делириозды бұзылыс 68. Төменде көрсетілген бұзылыстардың қайсысы шизофренияда болады? А) делириозды бұзылыс Б) психикалық автоматизм В) психоорганикалық синдром Г) амбулаторлы автоматизм Д) амнестикалық деменция 69. 17 жастағы қыз балада бағдарлау мен өзіндік сана бұзылысымен, кататониялық симптоматикамен бірге жүретін және субъективті ортада қабылданатын түс тәрізді сананың қияли күңгірттенуі дамыды. Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін? А) қарапайым шизофрения Б) невроз тәрізді шизофрения В) кезеңдік шизофрения Г) реактивті психоз Д) аментивті жағдай 70. Төменде көрсетілген симптомдардың барлығы Корсаков синдромына тән, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ: А) ретроградты амнезия Б) конградты амнезия В) конфабуляция Г) фикцациялық амнезия Д) полинейропатия 71. Стенокардиямен зардап шегетін 57 жастағы науқас өз денсаулығын ойлап мазасызданады. Ең басты қорқынышы жүрегі кенет тоқтап қалатын секілді. Оның негізсіз екенін, тіпті өз қорқынышының жөнсіз екенін түсінеді, бірақ өз күшімен оларды жеңуге дәрменсіз. Қандай болжам диагноз ТӘН? А) фобиялық синдром Б) эпилепсиялық синдром В) обсессивті-фобиялық синдром Г) обсессивті синдром Д) фобофобия 72. 16 жастағы жасөспірім тәртібі өзгерген, ата-анасынан, достарынан бөлектеніп сөйлеспейді, көңіл-күйі түсіңкі, айналаға жиі және ұзақ уақыт өз бетімен қарап отырады. Пластикалық хирургияға қызығушылық танытады, өзінің сыртқы бейнесіне көңілі толмайды, әсіресе мұрыны, көзі және құлақтарына. Қандай болжам диагноз ТӘН? А) депрессивті сандырақ Б) ипохондриялық сандырақ В) дисморфомания Г) нигилисттік сандырақ Д) аса бағалы ойлар 73. Миокард инфарктімен науқастың психикалық жағдайы өзгерген. Уақыт пен орын бойынша бағдары бұзылған, ұйқысы бұзылып, үрей және қорқыныш сезімі билейді. Науқас қозған, бір жаққа ұмтылады, критика жоқ. Көру және есту галлюцинациялары бар. Қандай болжам диагноз ТӘН? А) фобиялық синдром Б) аментивті бұзылыс В) мусситирленген делирий Г) делириозды бұзылыс Д) галлюцинаторлы бұзылыс 74. 75 жастағы әйел, ми қантамырларының атеросклерозымен зардап шегеді, жалпы дәрменсіздікке, бас ауыруына, құлақтарындағы шуылға шағымданады. Көңіл-күйі жабырқаулы, тежелген, “күнәhармын, өмір сүруге хақым жоқ” деп есептейді, түзетуге келмейді. Суицидальды әрекет бақыланған. Ипохондриялы, астенизирленген. Қандай болжам диагноз ТӘН? А) ипохондриялық сандырақ Б) астениялық синдром В) депрессивті синдром Г) депрессивті-сандырақтық синдром Д) өзін-өзі кінәлау сандырағы 75. 73 жастағы ер адам, бас-ми тамырларының атеросклерозымен зардап шегеді, бөлімшеде тұйық, сезікті. «Мүлікке ие болу үшін мені аңдиды, уландырғысы келеді», деген ойлар айтады. Науқастардан, әсіресе өзіне келушілерден қашқақтайды. Палатада науқастардың арасында «жалдап жіберілген адамдар» бар деп есептейді. Бұл ойды олардың айтқан әңгімелерінен жорамалдайды, «өзіне бағытталған қауіпті сөздерді естиді». Науқастар палатада өздері сөйлесіп отырады, ал ол кіргенде олар тынышталып қалатын сияқты көрінеді. Өзін жазаламас бұрын ауруханадан тезірек шығаруын өтінеді. Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін? А) парафренді синдром Б) интермеморфозды сандырақ В) параноидты синдром Г) паранойялды синдром Д) Кандинский-Клерамбо синдромы 76. Төменде көрсетілген симптомдардың барлығы алкоголизмнің бастапқы сатысына тән, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ: А) құсу рефлексінің болуы Б) алкогольге обсессивті әуестік В) қызғану сандырағы Г) палимпсесттер болуы Д) мастану сипатының өзгеруі 77. 40 жастағы әйел ажырасқаннан кейін апатиялы жағдайда. Жалпы дімкәстікке, өмірге деген қызығушылығын жоғалтуына, бітпес қайғыға, уайымға шағымданады. Жұмысқа еңбек ету үшін және балаларын асырау үшін барады, бірақ қандай-да бір талпынысы мен қызығушылығы жоқ. Оның айтуы бойынша негізгі мәселесі ажырасқаннан кейін қалай өмір сүретінін білмейді, критикалы көзқарас сақталған. Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін? А) жедел депрессивті жағдай Б) апатиялық депрессия В) невротикалық депрессия Г) реактивті жағдай Д) неврастения 78. 59 жастағы әйел, мамандығы экономист, ұзақ уақыт холецистит және қант диабетімен зардап шеккен. Күйеуінің өлімінен бір жыл өткен соң, дәрігерге тез шаршағыштық, есте сақтау қабілетінің төмендеуіне, басының айналуына, профессиональды қызметін атқара алмауына, эмоциональды лабильділікке шағымданып келген. Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін? А) бас-миының дегенеративті аурулары Б) реактивті психоз В) прогрессивті салдану Г)ми тамырларының зақымдануы Д) ми ісігі 79. 59 жастағы ер адамның соңғы жылдары мінезі өзгерді. Міншіл, сараң болды, жиі ақша санайды, әлсіздікке және есте сақтау қабілетінің төмендеуіне шағымданады. Тез ренжігіш және жасаурағыш. Қандай болжам диагноз ТӘН? А) психопатия Б) атеросклерозды ақыл-кемістігі В) алкоголизм Г) шизофрения Д) эпилепсия 80. 43 жастағы ер адам, ғылыми қызметкер, ешбір себепсіз мінез-құлқы өзгерді: күнделікті көңіл-күйі көтеріңкі, өз балалары мен бөтен адамдардан ұялмай, жыныстық қабілеттілігімен мақтанды, өз жұмысын меңгере алмайтын болды, ештеңемен шұғылданбайды, өзін аурумын деп санамайды Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін? А) псевдодеменция Б) концентриялық деменция В) маниакальді жағдай Г) тотальді деменция Д) лакунарлы деменция 81. 37 жастағы ер адам соңғы 3 айдан бері қозу жағдайында, тежеусізденген, әйелдерге ибасыз комплементтер айтады. Күнде көтеріңкі көңіл-күйде жүреді, анық сөйлемейді, жөнсіз қалжыңдайды. Қарапайым есепте қателіктер жібереді, бірақ мақал-мәтелдерді тікелей талдайды. Өз жағдайына сыни көзқарас жоқ. Диагнозды қорытындылау үшін қандай қосымша зарттеуді жүргізу КЕРЕК? А) электроэнцефалография Б) Вассерман реакциясы В) психологиялық зерттеу Г) реоэнцефалография Д) қандағы тиреотропты гормонды анықтау 82. 19 жастағы шұғыл әскери қызметтегі солдат, әскери кезекшілікте тұрғанда аяқ астынан қаруын жерге лақтырып, киімдерін үстінен шеше бастаған, ол жасалған ескертуге мән берген жоқ. 3 минуттан кейін өз-өзіне келіп, үстіндегі шешілген киіміне таң қалды. Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін? А) психикалық автоматизм Б) онейройдты синдром В) аффективті бұзылыстар Г) сананың қарауытқан бұзылысы Д) императивті галлюцинация 83. 35 жастағы әйел, шаршаған, тұнжырыңқы көрінеді. Бас ауруына, үрейленуге, беткей ұйқыға шағымданады. Үнемі миында ісік бар деген ой мазалайды. Осы ойға байланысты нашар ұйықтайды. Күндіз бұл ой жұмыс жасауына кедергі болады. Дәрігерден осы жағымсыз ойдан құтқаруына көмек сұрайды. Төменде берілген синдромдардың қайсысы ТӘН? А) депрессивті Б) истериялық В) астениялық Г) обсессивті-фобиялық Д) паранойяльді 84. 30 жастағы ер адамда әрбір түн сайын кенеттен ұстамалар болған, ұстама кезінде қатты айқайлаған, кейіннен клоникалық және тоникалық тырысулар болған. Бұл кезеңде қоршаған ортаға реакциясы жоқ. 2-3 минуттан кейін өзіне келді, бірақ болған жайт есінде қалмайды. Төменде берілген бұзылыстардың қайсысы ТӘН? А) абсанс Б) үлкен құрысулық ұстама В) кіші ұстама Г) моторлы автоматизм Д) фокальді ұстама 85. 35 жастағы әйел, сатушы. Мерез ауруын жұқтырудан қорқынышқа және осы ойдан құтыла алмауына шағымданады. Бала кезінде күмәнданғыш, ұялшақ болған. Ер адамдармен, әсіресе танымайтын адамдармен сөйлесуге, араласуға қорқады. Қазіргі кездегі жағдайының төмендеуін жұмысындағы бейтаныс ер адамның қолынан ұстауымен байланыстырып отыр. Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін? А) астениялық психопатия Б) шизотипті бұзылыс В) реактивті параноид Г) психастения Д) паранойяльді психопатия 86. 20 жастағы бозбалада бала кезінен жабысқақ ойларға айқын бейімділік бақыланған. Төменде аталған аурулардың қайсысына осы бұзылыс тән? А) психастениялық психопатия Б) тұрақсыз психопатия В) паранойяльді психопатия Г) қозғыш психопатия Д) астениялық психопатия 87. 30 жастағы ер адам бала кезінен аса бағалы ойлар түзілуіне аса бейім болған. Жұмысында әріптестерінен сезіктенеді, ескерту жасаса, қатты ашуланады, өзін ешкім бағаламайды деп есептейді. Қызметтестерімен жиі жанжалдасады. Осындай қарым-қатынас оның жанына батады. Төменде аталған аурулардың қайсысына осы бұзылыс тән? А) қозғыш психопатия |