МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

Дефференциальды диагностикасы





Алкогольді делирийді жедел алкогольді галлюциноздан, инфекциялық, интоксикациялық аурулардан, жедел жарақаттық психоздан және жедел панкреатит және созылмалы панкреатиттің асқынуы кезіндегі психоздан ажырата білу қажет.

Алкогольді делирий жағдайын жедел алкогольді галлюциноздан ажырататын негізгі критерий сананың делириозды күнгірттенуі болып табылады (орын және уақыт бойынша бағдарлау бұзылысы, сахна тәрізді көру галлюцинацияларының ағыны), ал алкогольді галлюциноз кезінде сана анық, массивті вербальды галлюциноз болады, делирийге тән соматоневрологиялық және вегетативтік компоненттер болмайды.

Алкогольді делирий мен инфекциялық және алкогольдік емес уланулар кезіндегі делириозды синдром арасында дифференциальды диагноз алкогольді делирий кезінде инфекциялық аурудың немесе уланудың клиникалық белгілері, серологиялық реакциялар және қанның сәйкес лейкоцитарлық формуласының, температуралық қисықтың, ағзада улану тудырған заттардың анықталмауына сүйеніп қойылады.

Жедел жарақаттық психоздар делириозды тип бойынша сана күңгірттенуімен көрінуі мүмкін. Дифференциальды диагностиканы алкогольды интоксикация кезінде алынған жарақат жағдайы қиындатуы мүмкін.

Жарақаттық делирийге вегетативті және вестибулярлы бұзылыстар тән, ағымы созылмалы болуы мүмкін. Бұл жағдайда аурудың санасы есеңгіреу белгілерін алады. Бұл кезде галлюцинаторлы бұзылыстар бұлыңғырланады.

 

Емі

Алкогольді демирийді кешенді түрде және делирийдің клиникалық көрінісінің ауырлығына, оның асқынуына, аурудың соматикалық жағдайына байланысты қатаң индивидуальді түрде емдеу қажет.

Алкогольді демирий терапиясы дезинтоксикациялық, витаминді терапия (В тобының витаминдері), сонымен қатар, психозға қарсы препараттарды қолданудан тұрады.

Улануды дезинтоксикациялық ерітінділер енгізу арқылы жояды. Тиол препраттары кеңінен қолданылады, олардың дезинтоксикациялық қасиеттері құрамындағы токсикалық заттарды байланыстыратын сульфгидрильді топтардың болуымен байланысты. Көбінесе унитиол қолданылады, дене салмағының 10кг-на 5% 1 мл ерітінді есебінде.

Гипертониялық (40% глюкоза ерітіндісі, мочевина, магний сульфаты) және изотониялық (9% ΝаСL ерітіндісі, 5% глюкоза ерітіндісі) ерітінділерін енгізу көрсетілген.

Науқасқа көп мөлшерде сұйықтық беріледі (ең жақсысы бал қосылған сүт).

Антипсихотикалық терапияның негізгі мақсаты - қозуды жою және ұзақ ұйқы шақыру (16-18 сағатқа дейін). Бұл мақсатқа жету үшін көктамырға транквилизаторлар (5% 4-5мл седуксен ерітіндісі), сонымен қатар бұлшық етке димедрол, пипольфен (0,05г-нан) егеді.

Соңғы жылдарда дәрігерлер бұл жағдайда психотропты дәрілерді (әсіресе фенотиазин туындыларын) қолданудан бас тартуда, бұл препараттар жиі асқынулар туғызып, аурудың өміріне қауіп төндіреді. Барбитураттарды өте сақтықпен қолдану қажет, олардың улы әсері ауыр интоксикацияны одан сайын тереңдете түсуі мүмкін.



Алкогольді делирий терапиясының басты мақсаты жүрек қызметін қалыпты ұстау, оны сүйемелдеу (корглюкон, кордиамин және т.б.), артериалдық қысымның төмендеуінің алдын-алу және мүмкін болатын асқынулармен күресу болып табылады. Ауыр делирий кезінде заманға сай реанимациялық тәсілдер қолдану керек (гемодиализ, гемосорбция).

Алкогольді галлюциноз

Алкогольды галлюциноз – алкоголизммен науқастарда дамитын, клиникалық көрінісінде шынайы вербальды галлюцинациялар басымдылық көрсететін психоз; бұл кезде науқас санасы формальды түрде анық.

Осы психозды зерттеп бастағаннан алғашқы он жылдықта бұл психоз жеке форма түрінде сирек кездесетін ауру ретінде қарастырылды. Соңғы уақыт мәліметтері бойынша жедел алкогольді психоздар ішінде алкогольді галлюциноз бен алкогольді параноидтың кездесу жиілігінің салыстырмалы түрде өскендігі бақылануда.

 

Клиникалық көрінісі және дифференциальды диагностикасы

 

Алкогольді галлюциноздың клиникалық көрінісі шынайы, вербальды галлюцинациялармен сипатталады. Галлюцинациялар науқас үшін жағымсыз сипатта болады: балағат, қауіп туғызу, жәбірлеу. Науқасты «алкоголик, отбасын күйреткен маскүнем» деп айтады. Бұл кезде науқас санасы айтарлықтай өзгермейді, науқас орын, уақыт, өзіндік тұлғасы бойынша дұрыс бағдарланған.

Галлюцинаторлық бұзылыстарға сын көзқарас болмайды. Көңіл-күйі галлюцинация тематикасына сәйкес келеді, науқасты жиі үрей, күдік билейді, кейде науқас жабырқау күйде болады. Науқастың жүріс-тұрысы галлюцинация мазмұнымен анықталады. Соңына түсу, қатынас сандырақтық идеялары қосылуы мүмкін.

Императивті галлюцинациялар науқастың өзі және айналасындағылары үшін қауіпті, сондықтан да әлеуметтік қауіп те тудырады: науқас өзіне бағытталған бұйрықты дауыстар естиді (мысалы, біреуді өлтір, терезеден секір) деген сияқты. Бұл бұйрықтарды науқас орындауы мүмкін. Әрі қарай вербальді галлюцинацияларға элементарлы тұрақсыз көру галлюцинациялары қосылуы мүмкін.

Ағымына қарай алкогольді галлюциноз жедел (2 күннен 4 аптаға дейін) және созылмалы болып бөлінеді. Сонымен қатар, алкогольді галлюциноздың аралық, жеделдеу ағым типі де болады.

Жедел алкогольді галлюциноз жиі кенеттен, ереже бойынша, алкогольді ұзақ уақыт шектен тыс қолдануды тоқтатқаннан кейін пайда болады, тұрақты ұйқысыздықпен, астениямен жүреді. Көңіл-күйі төмендейді, кейде шамалы қимылдық қозу байқалады.

Алкогольді галлюциноздың пайда болуы мен дамуы тек алкогольдік улануға байланысты емес. Алкогольді галлюциноз дамуы үшін ұзақ уақыт уланудан өзге, зат алмасу бұзылысы, бас миының органикалық өзгерістері, жарақаттар, конституциалды ерекшеліктер қажет.

Алкогольді галлюцинозды, әсіресе созылмалы түрін, алкоголизммен асқынған шизофрениядан ажырата білу қажет. Соңғы жағдайға тұлғаның өзіне тән шизофрениялық өзгерістері, типті синдромдардың (соның ішінде алкогольді галлюциноздың да) құрылымы мен алмасуы тән.

 

Емі

Жедел алкогольді галлюцинозбен науқастар, олардың қоғамға қауіптіліктері нәтижесінде психиатриялық стационарға шұғыл госпитализациялауды қажет етеді.

Олардың емі кешенді болуы керек. Емнің міндетті компоненті дезинтоксикация – алкогольді интоксикация салдарын жою болып табылады. Ол үшін алкогольді делирий кезіндегіден едәуір аз мөлшерде және аз ұзақтықта дезинтоксикациялық ерітінділер, витаминотерапия (В тобының витаминдері) тағайындалады.

Жедел алкогольді галлюцинозды емдеуде продуктивті психотикалық симптоматиканы жою басты міндет болып табылады. Алкогольді галлюционезбен науқастарға психотропты дәрілер тағайындалады: галоперидол (тәуліктік мөлшері 0,01- 0,015 г), тизерцин (тәуіліктік дозасы 0,15-0,2г), этаперазин (0,03-0,04г). Бұл нейролептиктермен емдеуді артериялық қысымды бақылай отырып, бұлшық етке енгізуден бастау керек.

Емедеу кезінде асқынулар болуы мүмкін: аллергиялық реакциялар, бұлшық ет спазмдары және т.б. Әсіресе тыныс бұлшық еттерінің спазмы өте қауіпті. Нейролептиктердің тәуліктік дозасы бұлшық етке енгізу, ішке қабылдау кезінде де 3-4 рет қабылдауға бөлінеді. Галлюциноз жойылғаннан соң 1-1,5 аптадан кейін доза төмендетіледі. Доза төмендетілген соң преппаратты бір реттік (кешке) қабылдауға көшеді.

Алкогольді галлюцоноздың созылмалы ағымында психотропты дәрілермен (галоперидол, аминазин, тизерцин) ұзақ ем курсы тағайындалады. Бұл кезде белсенді витаминотерапия және еңбек терапиясы жүргізіледі.

 

Алкогольді параноид

Алкогольді параноид - клиникалық көрінісінде нақты мазмұны бар, қарапайым сандырақпен өтетін галлюцинаторлы-параноидты синдром басты көрініс беретін және анық сана фонында айқындылық дәрежесі төмен вербальды галлюцинациялармен жүретін алкогольды психоз.

Бұдан 100 жыл бұрын Г.Ленц қазіргі уақытта алкогольді параноид деп аталатын алкогольді психозды алғаш суреттеген. Кейінірек И.В. Стрельчук (1949ж) алкогольді параноидты алкогольді психоздың жеке формасы түрінде бөліп, суреттеген.

 

Клиникалық көрінісі және дифференциальды диагностикасы

 

Алкогольді параноид клиникасындағы негізгі синдром қызғаныш немесе соңына түсу сандырағы болып табылады, әсер ету сандырақтық идеялары да кездеседі.

Сандырақтық идеялар мазмұны бойынша нақты, науқастың айналасындағы шындықпен және нақты адамдармен байланысты (әйелімен, көршілерімен, қызыметтестерімен, достарымен). Науқас күйзелістері эмоциональды қаныққан – науқастар бойын қорқыныш, үрей билейді. Олардың жүріс-тұрысы, әрекеттері сандырақ фабуласымен байланысты. Науқас агрессивті болуы мүмкін.

Қызғаныш сандырағымен науқастың жүріс-тұрысы тәртіптілігімен ерекшеленеді, жиі науқастар өзінің сандырақтық идеяларын жасырады, сондықтан оларды диагностикалау қиын және олар әлеуметтік қауіптілік туындатады.

Сандырақпен қатар науқаста фрагментарлы есту, сирегірек - көру галлюцинациялары байқалуы мүмкін. Науқас әрқашан дерлік орын, уақыт және өзіндік тұлғасы бойынша бағдарланған.

Алкогольді параноид ағымына қарай жедел (ұзақтығы 3-4 апта), жеделдеу (2-3 айға дейін) және созылмалы (3 айдан жоғары) болып бөлінеді.

Алкогольді галлюциноздың созылмалы түрінде эмоциялық қанықтылық пен айқындылық бәсеңдейді.

Алкогольді параноид пен галлюциноз арасындағы дифференциальды диагноз басым белгілеріне сүйеніп жүргізіледі.

Алкогольді параноидты параноидты шизофрениядан ажырату сандырақтың нақтылығына, қарапайымдылығына сүйеніп жүргізіледі.

 

Емі

Алкогольді параноидты емдеудің жалпы принциптері алкогольді галлюциноз емінің принциптерінен айырмашылығы жоқ. Науқас стационарда емделуі қажет.

Писихотропты дәрілерді таңдағанда 2-3 препаратты үйлестіріп қолдану ұсынылады - галоперидол, аминазин, тизерцин. Нейролептиктермен ұзақ уақыт емдегенде оларға корректорларды (циклодол, паркопан және т.б) қосу қажет.

Алкогольді энцефалопатияның созылмалы формалары

 

Корсаков психозы. Созылмалы алкогольді энцифалопатияның бір формасы корсаков психозы болып табылады.

Бұл аурудың негізгі белгілеріне амнестикалық синдром (парамнезиялармен - конфабуляция және псевдореминисценциялармен бірлескен фиксациялық және ретроградты амнезия) және полиневритжатады.

Корсаков психозы өзінің алғашқы суреттемесінен кейін 100 жыл ішінде белгілі бір патоморфоздан өтті, және қазіргі уақытта полиневриттің айқын көріністерімен жүрмейді.

Корсаков психозы, ереже бойынша, алкоголизмнің соңғы сатысында пайда болады. Оның басты белгісі - фиксациялық амнезия. Науқас жаңа ақпаратты игеріп, бекіте алмайды алмайды, мысалы, өзімен сөйлесіп отырған дәрігердің есімін, бүгінгі күнді, айды және т.б. Сонымен қатар, парамнезиялар жиі бақыланады. Қойылған сұрақтарға жауап бергенде науқас қиялдан шыққан жиі фантастикалық сипаттағы (конфаблуляциялар) ақпарат береді, немесе қазіргі болып жатқан жағдай орнына бұрынғы өтіп кеткенді әңгімелейді (псевдореминисценция).

Алкогольді интоксикация жалғаса берген жағдайда психоз ағымы үдемелі, ал алкогольды қолдануды тоқтатқан кезде – үдеудің айқын белегілері болмайды немесе регредиенттілікке тенденция пайда болады.

Емі. Корсаков психозы кезінде авитоминоз белгілері бақыланатындықтан, витаминотерапияға көп көңіл бөлінеді (В тобының витаминдері). Бұл кезде В витаминінің дозасы тәулігіне 1г-ға және одан да жоғары дозаға дейін жетеді. Витаминдер көктамырға енгізіледі (40% глюкоза ертіндісінде 6% 5мл В1 витаминінің ертіндісі, 3мл 5% аскорбин қышқылы ертіндісі және РР витаминінің 1мл 1% ертіндісі). Бұлшық етке тәулігіне 3 ретке дейін В6, В12 және РР витаминінің комплексі егіледі.

Мидағы метаболиз үрдісін қалыптастыратын препараттар тағайындалады: аминалон - тәуліктік дозасы 2 г, емделу курсына 1000 таблеткаға дейін, пирацетал тәулігіне 1,2 - 2,4 г әрқайсысы 3 айдан тұратын бірнеше курс.

Алкогольді жалғансалдану.Бұл созылмалы алкогольді энцефалопатияның салыстырмалы түрде сирек кездесетін ауыр формасы. Оның клиникалық көрінісі үдемелі салдануға ұқсас болып келеді. Бұл аурудың даму негізінде де В тобы витаминдарінің жетіспеушілігі жатыр.

Мұндай аурулардың психикалық жағдайында зейін концентрациясының бұзылуы, қажу, айқын фиксациялық гипомнезия, конфабуляция көрініс береді. Сонымен қатар, фрагментті ұлылық сандырақтық идеялары бақылануы мүмкін.

Неврологиялық бұзылыстар әрқашан бақыланады: дизартрия, патологиялық рефлекстер, аяқ-қол салдануы. Бұл бұзылыстар өте тұрақты, сондықтан емделуі қиынға түседі.

Гайе-Вернике энцефалопатиясы. Бұл созылмалы алкогольді энцефалопатияның аса сирек кездесетін формасы. Бұл аурудың жедел формасы алкогольді делирийдің ауыр формасына ұқсас. Емі ауыр алкогольді делирий кезіндегімен бірдей.

Гайе-Вернике энцефалопатиясының жеделдеу және созылмалы түрінде шатасумен сана өзгерісі, сөз-қимылдық қозу, абортивті делириоздық құбылыстар, эпилептиформды ұстамалар, корсаков типі бойынша ес өзгерісі және неврологиялық бұзылыстар: атаксия, экстрапирамидалық симпотоматика, көз қозғалтқыш фукция бұзылысы бақыланады.

Тарау.

ӨЗГЕ ИНТОКСИКАЦИЯЛАР КЕЗІНДЕГІ ПСИХИКАЛЫҚ БҰЗЫЛЫСТАР

Ағзаға сырттан токсикалық заттардың әсері нәтижесінде пайда болатын психикалық бұзылыстар, негізінен экзогенді реакция типімен көрініс береді.

Улану кезінде психикалық бұзылыстардың пайда болуы мен көрінісі токсикалық заттың мөлшеріне, оның ағзаға, ең бастысы ОЖЖ-не әсер ету ұзақтығына байланысты. Бұл кезде тұлғалық ерекшеліктер мен қосымша патогенді факторлар (психикалық және физикалық жарақат, денсаулықты әлсірететін басқа да жағдайлар) маңызды рөл ойнайды.

Интоксикациялық әсердің 2 типін ажыратады: жедел және созылмалы. Реакцияның экзогенді типі жиі жедел улану үрдісімен бірге жүреді. Психоактивті заттар ағзаға созылмалы әсер еткенде (орталық жүйке жүйесінде жиналады) наркомания немесе токсикомания түзілуі мүмкін.





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.