ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение Как определить диапазон голоса - ваш вокал
Игровые автоматы с быстрым выводом Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими Целительная привычка Как самому избавиться от обидчивости Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам Тренинг уверенности в себе Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком" Натюрморт и его изобразительные возможности Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д. Как научиться брать на себя ответственность Зачем нужны границы в отношениях с детьми? Световозвращающие элементы на детской одежде Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия Как слышать голос Бога Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ) Глава 3. Завет мужчины с женщиной 
Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д. Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу. Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар. | Тежеу режимдерін реттегіштер Тежеу режимін автоматты реттегіштер вагондардың жүктелуіне тәуелді тежеу цилиндрлеріндегі ауа қысымын реттейді, бір режимнен екінші режимге қолдық ауыстыруды жоюға мүмкіндік береді, вагондар арасына тежеу жүктемесін бірқалыпты таратады, тежелі кезінде тік жүктеме шамасын төмендетеді. Жұк авторежимдері екі түрге бөлінеді. Авторежим вагонның рессорасты бөлігіне орналастырылады. Тежелу кезінде ауа ауатаратқыштан клапанның және поршеннің оң жақ кеңістігіне беріледі және одан ары ашық клапан арқылы поршеннің оң жақ кеңістігіне және тежеу цилиндріне беріледі. Тежеу цилиндрін толтыру қысым ричаг арқылы поршеньге әсер етіп, пошеньге қысымды теңестіргенге дейін беріледі. Осыдан соң ричаг бұрылады, қоректендіру тесігі клапанмен жабылады және тежеу цилиндрінің толтырылуы тоқтатылады. Тежеу жүйесіндегі компрессорлар және арматуралар. Локомотивтерде және моторвагонды жылжымалы құрамда тежеу жүйесін сығылған ауамен қоректендіру үшін компрессорлар орнатылған. Көп тараған компрессорлардың сұлбасы 1КТ және КТ6-үш цилиндрлі, вертикаль,екі сатылы аралық салқындатулы. Компрессор корпустан, екі төменгі қысымдағы цилиндрден, жоғары қысымды бір цилиндрден, сақтандырғыш клапанды радиатор типіндегі мұздатқыштан, шатун түйінінен, поршеньдардан, май сорапынан және клапан қораптарынан тұрады. Қысымды реттегіштер басты резервуарларда ауа қысымын берілген денгейде ұстап тұруға арналған. Олар автоматты компрессорларды (электровоздарда, электропоездарда және паравоздарда) тоқтатады немесе сығылған ауаның қысымы жоғарғы шекке жеткенде компрессорларды бос жүріске алмастырады (тепловоздарда) және қысымның төмендеуі белгілі бір денгейге жеткенде компрессорларды қосады. Ауа қысымы басты резервуарларда компрессорлардың қосылуы мен ажыратылуы 7,5-нан 9 кгс/см2 аралығында тербеледі. Қысымды реттегіштер, сақтандырғыштар және кері клапандар Қысымды реттегіштер басты резервуарларда ауа қысымын берілген денгейде ұстап тұруға арналған. Олар автоматты компрессорларды (электровоздарда, электропоездарда және паравоздарда) тоқтатады немесе сығылған ауаның қысымы жоғарғы шекке жеткенде компрессорларды бос жүріске алмастырады (тепловоздарда) және қысымның төмендеуі белгілі бір денгейге жеткенде компрессорларды қосады. Ауа қысымы басты резервуарларда компрессорлардың қосылуы мен ажыратылуы 7,5-нан 9 кгс/см2 аралығында тербеледі. Локомотивтерде және моторвагонды жылжымалы құрамда тежеу жүйесін сығылған ауамен қоректендіру үшін компрессорлар орнатылған. Көп тараған компрессорлардың сұлбасы 1КТ және КТ6-үш цилиндрлі, вертикаль,екі сатылы аралық салқындатулы. Компрессор корпустан, екі төменгі қысымдағы цилиндрден, жоғары қысымды бір цилиндрден, сақтандырғыш клапанды радиатор типіндегі мұздатқыштан, шатун түйінінен, поршеньдардан, май сорапынан және клапан қораптарынан тұрады. Тежеу жүйесін басқаратын машинист краны Машинист краны пневматикалық және электрліпневматикалық тежегіштерді әрекетін басқаруға арналған. Машинист краны жүк поездарынның пневматикалық тежегішін басқаруға арналған. Ол жоғарғы жағынан ручкамен , ортанғы бөлігінде поршенмен, қоректендіру және шығару клапандарымен, төменгі жағында редуктормен және тұрақтандырғышпен жабдықталған. Теңестіргіш 20л-лік резервуар штуцерге жалғанады. №395 машинист краны электрліпневматикалық және пневматикалық тежегіштерді басқаруға арналған. Машинист кранының ручкасы жеті жұмысшы жағдайға ие. І жағдайда басты резервуардан ауа золотник кең каналымен магистральға түседі; ауа қысымы тез көтеріледі, поезда жіберу мен қоректендіруді үдетеді. Ұстағыштың ІІ жағдайында басты резервуардың магистральмен тікелей байланысы үзіледі, магистралда қысым редуктордың серппесінің реттелуімен автоматты түрде бекітіледі. Егер ұстағыш І жағдайдан ІІ – ші жағдайға алмастырылса және бірінші жағдайдан оның тұрған кезінде магистралда жоғары қысым туындайды, ол екінші жағдайда тұрақтандырғыш көмегімен біртіндеп төмендейді. ІІІ жағдайда басты резервуардың редуктормен байланысы тоқтайды, ал теңестіргіш резервуар магистралмен қайтымды клапанмен байланыста болады. ІV жағдайда барлық каналдар золотникпен жабылады, магистралда қысым бекітіледі және автоматты түрде берілген денгейде ұсталынып тұрады. Vжағдайда теңестіргіш резервуарда қысымның өздігінен жоғарлауын тоқтатады. VІ жағдайда жедел тежелу орын алады. Ауа таратқыштар, электрлі ауа таратқыштар және қысым релелері Ауатаратқыштар, жылжымалы құрамның әрбір тежеу бірлігінде орналасқан, поездің тежеу магистралінде ауа қысымының өзгерісіне байланысты тежеу цилиндрлерінде сығылған ауа қысымын реттеуге арналған. Ауатаратқыш келесі функцияларды орындайды: тежеу жүйесін сығылғын ауамен қоректендіру үрдісінде қосымша резервуарды манистральмен қосады.; магистралда ауа қысымының 0,1кгс(см2*с) қарқынмен төмендеуі кезінде тежелу кезінде қосымша резервуарды тежеу цилиндрімен байланыстырады; тежеу цилиндрінде ауа қысымын автоматты түрде ұстап тұрады; тежеу цилиндрлерін тежегіштерді жіберу кезінде атмосферамен байланыстырады. Электрліпневматикалық тежеу жүйесінде электрліауатаратқыштар пайдаланылады. Электрлі ауатаратқыш келесілерден тұрады: магистралды поршень, золотник және режимдерді алмастыратын режимдік тығын орналасқан корпус,төменгі бөлігінде жедел тежеу жеделдеткішімен және гайкалы тежеу магистралынан құбырды алып кету, жалғауға арналған щтуцер орналасқан; 1л көлемді камералы қақпақша. Диафрагма үсті кеңістікке щтуцер арқылы кронштейнге ауа тежеу цилиндрінен беріледі, тежеу цилиндрінде қысым ауареттегіштерімен реттеледі- диафрагма үстіндегі кеңістік жұмысшы камераның ролын ойнайды. Диафрагманың астындағы кеңістік қысыммен қысым релесі басқаратын тежеу цилиндрлерімен байланыстырылған. Қоректендіру клапаны астында тегеурінді тармақтан немесе қосымша резервуардан каналдар арқылы беріледі. Осылайша қысым релесі ауатаратқышпен бекітілетін әрекетті қайталайды. Қысым релесі жолаушы локомотивтерінде , электровоз вагондарында және дизель – поездарда қолданылады. |