ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение Как определить диапазон голоса - ваш вокал
Игровые автоматы с быстрым выводом Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими Целительная привычка Как самому избавиться от обидчивости Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам Тренинг уверенности в себе Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком" Натюрморт и его изобразительные возможности Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д. Как научиться брать на себя ответственность Зачем нужны границы в отношениях с детьми? Световозвращающие элементы на детской одежде Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия Как слышать голос Бога Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ) Глава 3. Завет мужчины с женщиной 
Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д. Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу. Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар. | Платформалар мен транспортерлер Жайдақ (платформа) вагонмен ұзын, рабайсыз үлкен және ауыр салмақты жүктердi тасымалдайды. Оларды аласа ашпалы темiр ернеулерiмен және бөренелердi, бағаналарды, тақтайларды және тағы да басқа тасымалдауға керектi тiректердi орнататын тетiктерiмен жасайды. Кейiн шыққан жайдақ вагонның жүк көтерiмдiлiгi - 70-72 т. Арнайы вагондар тасымалдауда ерекше жағдайды талап ететiн жүктерге арналған. Мысалы, транспортерлермен рабайсыз үлкен және ауыр салмақты машинарлар мен жабдықтар тасымалданады. Транспортерлер дегенiмiз - көп бiлiктi, жүк көтерiмдiлiгi 130, 180, 230, 300, 400 және 500 тонналық платформалар. Цистерналар Цистерна - цилиндр түрлi, арнайы дәнекерленген темiр ыдыс. Оның жоғарғы жағында сұйық затты құюға, iшiн тазалауға және жөндеуге арналған қақпақты тесiктерi бар. Цистерналар - төрт бiлiктi, сыйымдылық көлемi 72 м куб және сегiз бiлiктi, сыйымдылық көлемi 134 м куб түрде жасалады .Цистерналарды тасылатын жүгіне,рамасының құрылысына және осьіне байланысты жіктеуге болады.Цистерналар рамалы және рамасыз,төртосьті және сегізосьті болып жіктеледі.Сонымен қатар жалпы арналған және мамандандырылған цистерналар болып жіктелінеді.Мамандандырылған цистерналар олар битум,цемент,сұйытылған газдарды,сүт сияқты жүктерді тасымалдауға арналып жасылынады.Жалпы арналған төрт осьті цистерналар ашық түсті және қара мұнай өнімдерін тасымалдайды.Оның сыйымдылығы 72,3 м куб ,ал жүккөтерімділігі 60 тс.котелдың орта тұсында қаппақшасы орналасады.Қаппақша арқылы цистернаға сұйық заттар құйылып отырылады.Онда сонымен қатар басқарушы қондырғылар да орналасады. Темір жолда тасымалдау мен өткізу қабілетін үлкейту мақсатында сегізосьті рамасыз цистерналар қолданылады.Олардың жүккөтерімділігі 120 тс,ал цистерна котелының диаметрі 3000 мм. Сүтті тасымалдау үшін жүккөтерімділігі 26 тс,төртосьті,рамалы цистерналар қолданылады.Сүтті цистерна 3 бөліктен құралады.Әрқайсысының көлемі 8,4 м куб болып келеді. 11.Өндірістік көліктің вагондары және тар коллеялы темір жол Өндірісішілік транспорт ретінде қара,түрлі-түсті және көмірлі өндірістерде вагон-самосвалдар кеңінен қолданыс тапты.Ашық кузовы жартылай вагон типтес жасалынған.Пайдалы қазбалар алаңы алдынан бункерлі эстакада доменді пешіне пайдалы қазбалар мен коксты жеткізу үшін шлаковоз вагондар,шойынтасығыштар және де трансферкарлармен жеткізіліп отырылады. Тар коллеялы темір жолдарда платформалар жартылайвагондар және жабық вагондар ,цистерналар кеңінен қолданылады.Олардың жүккөтерімділігі 20 тс вагон самосвалдар және өзіартқыш жартылайвагондар торфты арту үшін жүккөтерімділігі 12,5тс.Бұл вагондардың құрылысы кәдімгі темір жолдың вагондарынан айырмашылығы аз болып келеді,тек өлшемдері ғана кішірек болғаны болмаса.Жартылай вагон орталықтандырылған соққылы тартым құралымен жабдықталған және автоматты тежеуіш жүйесі де бар.Барлық вагондардың коллеясы 1067 мм болып келеді. №17 Лекция Жолаушыларға арналған вагондар. Жолаушы вагондар жайлы жалпы мәліметтер 23,6 м ұзындықты 17 м базалық, 3,106м ендік бүтінметалл жолаушы вагондары негізінде жоспары , ішіндегі жабдықтардың орналасуы, кузов құрылысы мен рамасы , сонымен бірге жылжымалы бөлшектері бойынша түрлі вагондар жасалады. Ішкі жоспары жолаушы вагонның типі мен арналуына байланысты болады. Ұзаққа қатынайтын жолаушы поездарының вагондары отыруға және жатуға арналған жайлы орындары болады, туалет бөлімі тиімді орналасады және сәйкес жабдықтармен жабдықталынады, жеткілікті көлем және қолайлы климат, жақсы жарықтану болады. Облыстық вагондар салонында ашық түрдегі тоғыз алты орындық бөлімдер болады. Бөлімдерде тік жіне көлденең дивандар, жоғырыда жинақталатын жату полкалары және багажға арналған полкалар орнатылған. Вагонда екі тамбур, кателдық бөлім, қызметкерлер жайы, праводниктерге купе және екі туалет қарастырылған. Бүтіндей металл жолаушы поездарының вагондары 38 орынға ие, 9 төрт орындық және бір екі орындық купелері болады. Қызметтік бөлім екі орындық купені қарастырады. Ол бөлмеде электрлік жабдық шиті мен пастельдік бельяларға арналған шкафпен жабдықталған. Бүтін металлды жолаушы вагондарының құрылысы Жолаушы вагон кузовының каркасы пісірілген бүтіндей таситын құрылысты рамадан, тік және көлденең элементтерден, біліктерден тұрады. Вагон шатырының жапырақтары 1,5мм-лік қалыңдықты, едені 3 мм-лік, ал бүйірлік қабырғалар 3 мм-лік қалыңдықты жапырақшалармен қапталған. Бүтіндей металл жолаушы вагондары кузов құрылысы бойынша екі түрге бөлуге болады: вагон ұзындығы бойына хребетті балкалы кузов және вагонның консольды бөлігінде хребетті балкалы кузовтар. Шкворниялы балкалармен және раманың ортанғы бөлігінің арасында көлденең балкалар орналасқан, ал олардың арасында гофрирленген пол төселген. Вертикаль және бүйірлік күштер кузовпен толық қабылданады. Көлденең тұйық Z-типтес профильдегі элементтердің қапталған жапырақтармен пісіріліп қосылған. Автоіліністің керу қондырғысы арқылы берілетін тік жүктеме негізінде хребетті балкамен қабылданады, жүктеменің қалған түрлері – кузовтың қалған элементтерімен қабылданады. Екі түрлі вагондардың кузовтарыда жолаушы вагондарының арбашаларына тіреледі. Басқа арбаша түрлерін пайдалану вертикаль жүктемені түймелі түйін арқылы беруді қамтамасыз етеді және тек жолдың қисық бөлімшелерінде бүйірлік күштердің вертикаль құраушыларын жылжығыштар қабылдайды. Бүтіндей металл вагондарының бүйірлік қабырғаларымен шатырының ішкі қаптағыштары ағаш фанералы плиталардан тұрады және стойкаларда орналасқан бруксаларға шруптармен қатырылады. №18 Лекция Автотежегіш. Поездар автотежегіштері Автоматты тежегіштер поездардың жылдамдығын реттеуге және тоқтауын іскеасыруға арналған. Сығылған ауаның лезде төмендеуі тежеу магистралында автоматты түрде іске асырылады сондықтан оларды автоматты тежегіштер деп атайды. Ауаның қысымының төмендеуі машинист кранының көмегімен іске асырылады, стоп-крандармен тежеген және автоіліністердің өздігінен ілінісу жағдайларында орын алады. Темір жол жылжымалы құрамында екі тежеу түрі таратылған: фрикционды- тежеу калодкаларын донғалаққа немесе тежеу накладкаларын арнайы дискаларға басу кезінде немесе электромагнитті башмактарды рельстерге басу және электрлі- поездар қозғалысының кенетикалық энергиясын генераторлы режимде жұмыс істейтін электрлі тарту қозғалтқыштарында түрлендіреді. Тежеудің негізгі түрі – фрикционды. Автоматты тежегіш пневматикалық және электрліпневматикалық болып бөлінеді. Электрліпневматикалық тежегішті қолдану тежелу жолын қысқартуға мүмкіндік береді, поезді бірқалыпты жайлы жүргізілуін қамтамасыз етеді. Электрлі тежеу кезінде тежеу колодкалары мен бандаждар тозбайды, донғалақтың сырғанау беттері және дискалары қызбайды. Берілістің тежегіш рычагтары Локомотивтер мен вагондарда триангельдерден, рычагтардан, тартқыштар мен аспалардан тұратын тежеу рычагты берілістер орнатылған, оның көмегімен ауа қысымының күші тежеу цилиндрлерінің барлығына бірдей таратылады. Тежеу колодкаларын басу күші тежеу цилиндрлерінің штогымен өрістетілетін күштен бірнеше есеге жоғары болады, тежеу рычагты берілістің беріліс саны деп аталады. Ричагты берілістерде бір жақты және екі жақты басу колодкалары пайдаланылады.Жүк вагондарының ричагты берілістерінде, тежелу кезінде тежеу цилиндрінің поршен штогы қозғала отырып жүктемені горизонталь ричагтарға береді және одан ары тартқыш көмегімен вертикал ричаг триангельдерге , олар тежеу колодкаларын донғалақтарға қысады. Қол тежегіштерімен локомотивтер, моторвагон құрамының вагондары және жүк вагондарының бір бөлігі жабдықталған. Локомотивтерден ажырытылғаннан соң стансалық жолдарда тұрған вагондарды орнында ұстап тұру үшін автоматты тұрақтық тежегіш жасалынды, олардың тәжірибелік тобы тәжірибелі-сынаудан рефрижераторлы-вагондарда өткізілді. Тежеу механизмдері тежеу цилиндрлерінде орналастырылған және келесі түрде әрекет етеді. Тежелуден соң локомотивтен магистралдағы қысым және тежеу цилиндрінде ауаның енуіне байланысты біртіндеп төмендейді. |