ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение Как определить диапазон голоса - ваш вокал
Игровые автоматы с быстрым выводом Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими Целительная привычка Как самому избавиться от обидчивости Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам Тренинг уверенности в себе Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком" Натюрморт и его изобразительные возможности Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д. Как научиться брать на себя ответственность Зачем нужны границы в отношениях с детьми? Световозвращающие элементы на детской одежде Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия Как слышать голос Бога Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ) Глава 3. Завет мужчины с женщиной 
Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д. Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу. Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар. | Жіктелуі (Г.Н.Красовский бойынша) 30 страница «Шу картасы» деп аталатын, карта құрастырылады, онда қала аймағында келешекте болуы мүмкін шу көздері мен қаладағы шудың таралу жолдары және деңгейлері белгіленеді. Бұрыннан тұрған қалаларда осы сияқты шу карталарын елді мекеннің әр түрлі орындарында шуды жоспарлы түрде өлшеу арқылы жасайды. Шу картасының ШРЕД мөлшерімен сәйкестендірілуі қаладағы акустикалық қолайлы жағдайлар үшін күресу жолындағы міндеттерді нақтылауға көмектеседі. Көше шуының алдын алу бойынша шаралар келесі негізгі бағыттар бойынша жүргізіледі: шудың пайда болу себептерін жою немесе шуды шығару көзінде әлсірету; шудың күшін оның таралу жолында әлсірету және шуды тікелей одан қорғау нысанында әлсірету. Бұл шаралардың ішіндегі ең тиімдісі, шудың пайда болу себептерін жоюға немесе шудың әсерін оның шығару көзінде әлсіретуге бағытталған шаралар болып табылады. Мысалы, шудың көп мөлшерде төмендеуіне шуды аз шығаратын көліктерді жасау және шығару нәтижесінде қол жеткізуге болады. Алайда, мұндай шешімдер барлық уақытта мүмкін болмайды Сондықтан, шу деңгейлерін таралу жолдарында төмендетуге бағытталған шараларды жүзеге асыруы маңызды болып саналады, олар архитектуралық-жоспарлау және құрылыс-акустикалық - 2 топқа бөлінеді. Елді мекендерді міндетті түрде зоналарға бөледі, тұрғын үйлерді шу көздерінен алыстататын, тұрғын үй аумағына ықшамаудандар салады, магистральды және жоғары жылдамдықты жолдар қаланың шетіне, ал шу шығаратын өндірістік мекемелері - тұрғын аумақтан тысқары жерге шығарылады, темір жолдар, вокзалдар, әуежайлар санитарлық нормаларда бекітілген ара қашықтықта орналастырылады. Сол сияқты құрылыс–акустикалық шараларды - экрандармен қорғануды қолданады. Экран ретінде, шудан қорғану үшін талаптары төмендетілген ғимараттар, шудан қорғалған тұрғын үй ғимараттары, жер бедерінің жасанды немесе табиғи элементтері (жыралар, ойпаттар, биік төбешіктер, жол жағасындағы тіреуіш, қоршайтын және шудан қорғайтын қабырғалар), көгалдандыру жолақтары қолданылады. Шудан қорғалған ғимараттардың құрылысын жоспарлағанда, ұйықтайтын бөлмелерді көшеге қарама-қарсы бетте орналастырылуын қарастырады. Шудан қорғану кезінде ғимараттарда дыбысты оқшаулау (дыбыс энергиясының қоршаудан өту үрдісі кезінде әлсіреуі) мен дыбысты сіңіру (дыбыстың сіңірілуі есебінен дыбыс энергиясының әлсіреуі) кеңінен қолданылады. Дыбыстық оқшаулау мақсатында бұрында кеңінен қолданылып жүрген бір қабатты пәтераралық қабырғалардың орнына, көп қабатты қабырғаларды қолданады, терезелерді екі қабат етіп жасайды және тамбуры бар есіктерді орнатады. Соңғы кездері дыбыс оқшаулайтын желдеткіш терезелер қолданылуда, бұлар дыбысты оқшаулап қана қоймай, бір мезгілде терезе астындағы қабырғадағы саңылауға орнатылған желдеткіштің көмегімен бөлмені желдетуге мүмкіндік береді. Минералды мақта, гипс, армирленген шыны-талшық, поропласт, ұяшықты бетоннан жасалған дыбыс сіңіретін қаптауыштарды қолданады. Әкімшілік шаралардың маңызы үлкен болып табылады, ал кейде ол негізгі орын алады. Оларға көшеде жүретін көліктердің сигналдарын шектеу, жеңіл және жүк тасымалдайтын көліктердің белгілі бір көшелерде қозғалысын реттеу, пәтерлер мен көше шуларын 23 - 7 сағат аралығында және демалыс күндерінде де шектеу, сонымен бірге, бұл уақыт аралығында кейбір көшелерде автокөліктердің қозғалысына тыйым салу, көшелер, алаңдар мен шағын бақтардағы дауыс күшейткіш құралдардың дыбысын шектеу, т.б. сияқты шаралар жатады. Тұрғындарға гигиеналық тәрбие бермей, шумен күресу мүмкін емес. Үлкендердің денсаулығы мен олардың еңбекке қабілеттілігінің жоғары болуына, балалардың сабақ үлгерімі, жақсы, сергітетін ұйқы, тиімді демалыс (әсіресе, өндірістік шудың әсерінен кейін), көтеріңкі көңіл-күй болуы үшін, акустикалық қолайлы жағдайдың маңызын әркім түсінуі керек және оларды қалыптастыруға өз күшін салуы тиіс. VII- ТАРАУ. ТҰРҒЫН ҮЙ ГИГИЕНАСЫ Адам өз өмірінің көп бөлігін үйде өткізеді, сондықтан адам үшін тұрғын үйдің атқаратын ролі ерекше. Үй адамды климаттық факторлардың (ыстықтан, желден, атмосфералық жауын-шашындардан) қолайсыз әсерлерінен қорғайды, оның ой еңбегімен айналысуына, бала тәрбиесі, демалуы үшін, еңбекке қабілеттілігін қайта қалпына келтіруіне және жеке басының гигиенасын сақтауға қолайлы жағдайлар туғызады. Жақсы тұрғын үй адамның денсаулығына, оның эмоционалдық жағдайына, жұмыс қабілетіне және барлық тұрмыс тіршілігіне қолайлы әсер етеді. Тұрғын үй адамның қолымен жасалған жасанды, әлеуметтік орта болып табылады, оның әр түрлі – физикалық, химиялық, биологиялық факторлары адамның денсаулығына әркелкі әсер етеді. Мысалы, тұрғын үй ішінде әсер ететін физикалық факторларға микроклимат, бөлмелерге күн сәулесінің түсуі және жарықтанғандығы, техногенді электромагниттік сәулеленулер, шу, вибрация жатады. Химиялық факторларға сыртқы атмосфералық ауамен түсетін ластаушылар және үйдің ішіндегі әр түрлі көздерден бөлінген ластаушы заттар кіреді, ал биологиялық факторларға түрлі микроорганизмдер және олардың тіршілік үрдістерінің өнімдері жатады. Қазіргі кездегі, қала құрылысының қарқынды өсуі жағдайында, құрылыс тығыздығының жоғарылауына, аэрацияның төмендеуіне, тұрғын үйлердің маңында зиянды нысандардың орналасуына, құрылысқа уландыратын қасиеттері толық зерттелмеген әр түрлі композит-материалдарды пайдалануына, құрылыстардың жасыл желектерді азайтуына, т.б. байланысты өзгерген ортаның адамның денсаулығына зиянды әсер ету қаупі едәуір жоғарылайды. Тұрғын үйдің адамның физиологиялық және әлеуметтік қажеттіліктеріне сәйкес келуі бірқатар жағдайларға, атап айтқанда: · елді мекендегі гигиеналық жағдайға, оның ішінде, құрылысты салу әдісіне және санитарлық тұрғыдан абаттандыру дәрежесіне; · тұрғын үй ғимараттарынан тұратын ықшам ауданның гигиеналық жағдайына; · тұрғын үй ғимаратының түріне, қолданылған құрылыс материалдарына, ғимарат бөліктерінің құрылысына; · пәтердің ішкі жоспарлануына, бөлмелердің құрамы мен олардың өлшемдеріне; · бөлмелерге күн сәулесінің түсуі мен жарықтануына; · микроклиматтық жағдайлар мен жылытуға; · ауаның тазалығы мен желдетілуіне; · үйдің санитарлық жағдайына байланысты болады. Осы аталған барлық мәселелерді тұрғын үй гигиенасы зерттейді. Тұрғын үй гигиенасының негізгі міндеттері, адамның тұрғын үйі ғимараттарында болуы кезінде салауатты және қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған тиісті гигиеналық нормативтер мен ұсыныстарды ғылыми тұрғыдан негіздеу мақсатында тұрғын үй жағдайының тұрғындардың денсаулығы мен тұрмысына тигізетін әсерін зерттеуден турады. 1. Тұрғын үй құрылысына жер учаскесін таңдау. Тұрғын үй ғимараттарының түрлері. Тұрғын үй ғимараттарына табиғаты жағынан қолайлы: биіктеу, суаттар мен көк желектерге жақын жерлерде, шу, өнеркәсіп шығарындылары, биологиялық ластаушы көздерінен едәуір қашық орналасқан жер телімі бөлінуі қажет. Жер телімінің өлшемі жеткілікті болуы керек, себебі, тұрғын үй ғимаратынан басқа, ол жерде балалардың ойын және спорт алаңдарын ұйымдастыруға, жасыл желектер отырғызуға, тұрғындарға арналған демалатын зонаны бөлуге және қосымша құрылыстар салу үшін аумақтар қарастырылуы қажет. Құрылыс ауданы 25 % аспау керек, ал 9-16 қабатты үйлер үшін 12,5-15% аралығында қолайлы болып табылады. Топырағы құрғақ, ластанбаған, сүзу қабілеті жоғары, грунт суларының тұрған деңгейі төмен болуы керек, өйткені, төменгі қабаттардағы бөлмелердің микроклиматы осы аталған жағдайларға байланысты болады. Тұрғын үйлер салынатын орындарға күн сәулесі жақсы түсетін және жақсы желдетілетін болуы керек, соның нәтижесінде бөлмелерде тиісті табиғи жарық пен ауа алмасуы қамтамасыз етіледі. 2-3 қабатты ғимараттардың фасадтары арасындағы қашықтығы 15 м-ден кем болмауы керек, ал биіктігі 4 қабат және одан да жоғары ғимараттардың арасындағы қашықтық 20 м-ден кем болмауы тиіс. Ғимараттардың терезелер орналасқан бүйір жақтарының ара қашықтықтары 15 м-ден кем болмауы керек. 9-16 қабатты ғимараттар мен бір және екі қабатты коттедждер арасындағы қашықтық, көп қабатты ғимараттың биіктігінен кем болмауы керек. 1-қабатында пәтерлер орналасқан тұрғын үйлерді қызыл сызықтан (көшенің сыртқы шегі) 2 м-ден кем емес шегіндіре салу қажет. Үйлердің бірнеше түрлері бар: бір пәтерлі бір қабатты, бір пәтерлі екі-, үш қабатты (коттедждер), көп пәтерлі аз қабатты, көп қабатты, биік. Бір немесе екі отбасыларға арналған бір қабатты немесе екі қабатты үйлер қаланың жеке адамдар үй салған аудандарына, қала айналасындағы аймақтарға, сондай-ақ, ауылдық елді мекендерге тән. Жеке бір пәтерлік үйдің түрлерінің бірі, коттедждер болып табылады, оның 2-ші немесе 3-ші қабатында мансарда орналасады. Коттедждер көбінесе шетелдерде кеңінен таралған, бірақ, көп пәтерлі үйлерге қарағанда, олардың біраз артықшылықтары болғандықтан, мұндай құрылыс түрлері біздің елімізде де көптеп салынуда. Бұндай құрылыс түрі жақсы күн сәулесі түсуі мен ауа алмасуын, қолайлы микроклиматты, бау-бақшаны пайдалану мүмкіншілігін, ашық ауада ұзақ уақыт болуды, балаларды сауықтыру үшін қолайлы жағдайлар, тамақ рационын жаңа піскен көкөністер мен жемістермен байыту мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді. Алайда, құрылыс тығыздығы үлкен болмаса да, мұндай үй-жайға бөлінетін жер телімінің ауданы едәуір, бұл қала жағдайында жердің ауданы азаюына байланысты барлық уақытта бірдей мүмкін бола бермейді. Бұдан басқа, жол салуға, су құбырларын, канализация, энерго-газбен жабдықтау жүйелерін салуға біраз қаражат жұмсауды қажет етеді. Тұрғын үй құрылысы практикасында қазіргі кезде көбінесе әр түрлі қабатты, бірақ пәтерлер жоспарланған үйлер қолданылады. Ірі қалаларда көп пәтерлі, көп қабатты ғимараттар салу, соңғы жылдары экономикалық мақсаттарға байланысты қарқынды жүзеге асырылуда. Мұндай құрылыс түрінде аумақтарды инженерлік дайындауға, жер асты коммуникацияларын жүргізуге шығын төмендейді, үлкен қалалардың маңайында барған сайын азайып бара жатқан жерлер ұтымдырақ пайдаланылады. Алайда, көп қабатты үйлердің белгілі бір кемшіліктері бар. Онда тұрғындардың тығыздығы жоғары болады, үйдің орналасуына және ондағы ішкі ортаға көптеген сыртқы факторлар (көшелерді жоспарлау, көрші үйлер) әсер етеді, микроклиматына жасыл желектердің жайлы әсері байқалмайды. Үйдің биіктігі таза ауада ұзақ уақыт бойына жүруге мүмкіндік бермейді, бұл үйлердің тұрғындарында биіктіктен қорқу сезімдері пайда болады. Бөлмелерде жылу режимі, ауа алмасуы жиі бұзылады, дыбыс изоляциясы жеткіліксіз, бөлмелердің ауасы желдеткіш шахталар мен қоқыс құбырларынан шыққан заттармен ластанады. Екінші жағынан, көп қабатты (5 қабаттан артық) ғимараттарда санитарлық-техникалық қолайлы абаттандырудың қажетті деңгейін қамтамасыз ету жеңілірек болады. Бұл ғимараттар орталық су құбырымен, канализациямен, қоқыс құбырларымен, лифттермен, балкондармен және лоджиялармен, орталықтан жылыту жүйесімен, табиғи желдетілуді күшейтетін құралдарымен, ал ыстық аудандарда кондиционерлермен және тұрғын үй бөлмелерін шаңнан тазартатын ваккумды қондырғылармен жабдықталады. Кейінгі кездері, 24-30 қабатты биік үйлердің, соның ішінде, бөлмелері екі деңгейде орналасқан, лоджиялар мен балкондары, кең холлы бар люкс-пәтерлер салу кеңінен таралуда. Бұндай ғимараттардың салу тұрғын үй бөлмелерінде қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі күрделі сәулеттік-жоспарлау және санитарлық мәселелерді шешуімен байланысты. Бұдан басқа, ғимараттың бұрынғы жалпы түрін сақтай отырып, оның қабаттарын едәуір көбейту, адамның қалыпты тіршілік етуіне қажетті жағдайларына қарама-қайшы келеді, гипоксия тудырады, оның психикасына теріс әсер етеді. 16-22 қабатты үйлердің алып қабырғаларымен қоршалған аулалар адамдардың демалуына арналған кеңістік ретінде кабылданбайды. Тұрғындар ондай аулаларда болғанда, өзін көңілсіз сезінеді. Терезелері «шыңырауға» шығатын, ал балкондары мен лоджиялары жердің бетінен ондаған немесе жүздеген метр биіктікте орналасқан, биік қабаттарындағы пәтерлер тұрғындарының өмір сүруіне өзіне тән қолайсыздықтар тудыратыны әбден айқын. Мүмкін, өзінің эволюция үрдісінде жердің бетіндегі тіршілікке үйренген, адам ағзасының физиологиялық қасиеттерімен санасу керек шығар. Қазіргі кезде әр түрлі нақты жағдайларға қолайлы болып табылатын тұрғын үй құрылысының ұтымды түрлері іздестірілуде. Мысалы, қазірдің өзінде, гимараттардың корпусы қиғаш, кертпеш түрінде салынуда, бұл кезде пәтерлер бірінің үстіне бірі, кемерленіп орналасады. Бұндай үйлердегі пәтерлердің тұрғындары, кез келген қабатта өздерін жайлы сезініп, биіктіктен қорқу сезімінен арылады, жоғарғы қабаттары төмендегі қабаттарын көлеңкелемейтіндіктен, барлық пәтерлерге күн сәулесі біркелкі түседі. Бірақ, көз жетерлік болашақта «тым биік» тұрғын үйлер салу аса қолайлы болмайды. 2. Тұрғын үйлердің ішкі жоспарлануы Тұрғын үйдегі қолайлы жағдайлар келесі гигиеналық талаптарды орындау арқылы қамтамасыз етіледі: · пәтердің қолайлы кеңістіктік параметрлерін жасау (1 адамға есептелген адамдар тұратын ауданның өлшемі, бөлменің биіктігі, қосымша бөлмелер, пәтерлердегі ашық жайлар); · жыл мезгілдері мен климаттық аудандарды ескеріп, қолайлы микроклимат жасау; · бөлмеге күн сәулесінің түсуін қоса алғанда, жеткілікті табиғи және жасанды жарықты ұйымдастыру; · сандық және сапалық параметрлері бойынша (1 адамға шаққандағы, ауа көлемінің мөлшері, ауадағы антропотоксиндер мен уытты заттардың, микроағзалар мен шаңдардың мөлшері) бөлмедегі ауа ортасының қолайлы жағдайын жасау; · қаладағы көлік, көше мен пәтер шуының төмен фоны жағдайларында адамдардың ой еңбегімен айналысуы үшін, демалуы мен ұйқтауы үшін қолайлы жағдайлар жасау; · отбасының шаруашылық-тұрмыстық жұмыстарын орындау мен балаларды тәрбиелеу үшін қолайлы жағдайлар жасау; · үйдің ішкі көрінісін эстетикалық безендіру үшін жағдайлар жасау. Тұрғын үй ғимараттарының ішкі жоспарланауының үш түрі бар: пәтерлік, галереялық, қонақ үйлік, немесе дәліздік. Көбінесе, ең жиі қолданылатыны пәтерлік түрі, бұнда бірнеше пәтерлер бір сатыдағы алаңда орналасады. Аз пәтерлі (бір алаңда 2 пәтер) және көп пәтерлі (бір алаңда 3-5 пәтер және одан көп) секциялар да болады. Аз пәтерлі секция ең қолайлы жоспарлануы болып табылады, себебі бұл түрі пәтерлерді желдету үшін ең жақсы жағдайды қамтамасыз етеді. Тұрғын үй ғимараттарындағы пәтерлерді, оларда бір отбасы тұратын жағдайдан алып, жобалайды. Әрбір пәтерде адамадар тұратын (қонақ бөлме, ұйықтайтын бөлме, жұмыс кабинеті) және қосалқы бөлмелер (кіре беріс, асүйі, дәліз, жуынатын бөлме, дәретхана, балкон, лоджия) қарастырылады. Отбасы мүшелерінің ішінде қарттар мен мүгедектер бар пәтерлерде балкондар мен лоджиялар міндетті түрде болу керек. Пәтердің жоспары, адамдар тұратын бөлмелерді қосалқы бөлмелерден оқшаулауды, өтпелі бөлмелердің санын ең аз етіп, бөлмелер арасындағы қолайлы байланысты, оларға күн сәулесінің жақсы түсуін және өтпелі желдету мүмкіншілігін, шу мен ауаның ластануының алдын алуды қамтамасыз етуі және ең жақсы микроклимат жағдайларын жасауға мүмкіндік тұғызуы тиіс. Пәтерлерді екі жақтылы жоспарлау ең қолайлы болып табылады, оның бір жақтыдан айырмашылығы, пәтердің бөлмелері екі жағында да: ғимараттың фасадында да және аулалық бөлігінде де орналасады. Бұндай жоспарлау химиялық және биологиялық ластаушы заттардың концентрациясын 3-5 есе төмендетіп, тиімді желдетуді қамтамасыз етеді. Әлеуметтік тұрғын үй қорының үйлеріндегі пәтерлердің ауданының жоғарғы шегі гигиеналық талаптарға сәйкес құрылыс нормалары мен ережелерімен анықталады. Олар пәтерлердің 2 түріне есептелген: аз метражды және толық метражды (7.1 - кесте) Кесте Аз метражды (А) және толық метражды (В) пәтерлер ауданының жоғарғы шегі Бөлмелер саны | Пәтерлердің ауданы | А | Б | Қала | Ауыл | Қала | Ауыл | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | Пәтердегі ең жақсы бөлмелерді ұйықтайтын бөлмелерге беру керек, өйткені олар демалуға, ұйықтауға, көңіл аударып жұмыс атқаруға (жұмыс кабинеті болмаған жағдайда), науқастанған жағдайда болуына және т.б. арналады. Ұйықтайтын бөлменің ең аз ауданы 8 м2 кем болмау керек. Гигиенистердің пікірі бойынша, ата–аналардың ұйықтайтын бөлмелерінің ауданы 12-15 м2 болу керек. Бір бөлмеде ұйықтайтын адамдар саны 2-ден (ерлі зайыптылар, бір жыныстағы адамдар) артық болмауы керек. 12-14 жастан асқан әр жыныстағы балалардың жеке ұйықтайтын бөлмелері болуы керек. Ұйықтайтын бөлмелер өтпелі болмауы тиіс. Күндіз болуға арналған бөлмелердің (қонақ бөлме, ас үй) ауданы 16 м2 кем болмауы керек. Оны кез-келген бағытқа еркін бағыттауға болады, бірақ, оңтүстікке бағытталғаны дұрыс, сондай-ақ, бұл бөлме өтпелі болуы мүмкін. Адамдар тұратын бөлмелердің биіктігі 2,5 м-ден кем болмауы керек, бірақ қолайлырағы одан да жоғары шамалар - 2,75-2,9 м болып табылады. Бөлменің ауданын ұлғайту есебінен биіктігін төмендетуге болмайды, себебі, бөлме төбесінің астында жиналған қызған, ластанған ауаны шығару үшін, оны мен адамның басы деңгейіндегі ауа қабатының арасында 0,3-0,5 м кем емес ауа қабаты болуы керек. Қосалқы бөлмелердің ішіндегі ең маңыздысы - асүйі болып табылады, онда ас пісіріледі және тұрғындар, көбінесе тамақтанады да. Асүйі ас дайындау кезінде үнемі ластанып отыратындығын және онда әр түрлі тұрмыстық электр құрал-жабдықтары (мұздатқыш, ыдыс жуатын машина, қысқа толқынды пеш және т.б.) орналасатынын ескеріп, асүйнің ең аз ауданы 8 м2 кем болмауы керек. Тек бір бөлмелі және ауданы шағын екі бөлмелі пәтерлерде ас үйінің ауданын 5 м2 етіп жоспарлауға рұқсат етіледі. Асүйін су құбырымен және канализациямен қамтамасыз ету үшін, санитарлық жүйені оның жанында орналастырады. Ванна бөлмесінің ең аз ауданы 3,5 м2, ал әжетхананың - 0,96 м2 кем болмауы тиіс. Бір бөлмелі пәтерлерде біріктірілген санитарлық жүйені орнатуға рұқсат етіледі. Қолайлы бағытталған (оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс) балкондар, лоджиялар мен верандалар сауықтыратын, сондай-ақ, емдік маңызы бар. Оңтүстік ендікте галерея түріндегі үйлерді де салады, үйлердің бұл түрінде барлық пәтерлердің есіктері галереяға шығады, соның арқасында барлық бөлмелер қолайлы бағытталады, ал галерея таза ауаның қосымша резервуары болып табылады. Қонақ үйі немесе дәліздік түрдегі үйлерде пәтерлер бір дәліздің екі жағындаорналасады. Бұлай етіп көбінесе жатақханалар мен қонақ үйлерін салады. Бұндай жоспарлау кезінде бөлмелердің өтпелі желдетілуі қиындайды, аурулардың қоздырғыштары таралуына қолайлы жағдай туады, коммуналдық шу деңгейі жоғары болады, қосымша бөлмелердің саны азаяды. Жатақханалардың адам тұратын бөлмелері, ауданы әрбір тұратын адамға ауданы 6,0 м2 кем болмаған кезде, 3 адам ғана тұруына есептеледі. Бөлмелер өтпелі болмауы қажет. Оларды әдетте, қосымша бөлмелермен бірге (ас үй, санитарлық жүйе, кіреберіс), сиымдылығы, жеке бастылар үшін 12 адамнан артық емес және отбасылы адамдар үшін 3 адамнан көп емес адамдар тұратын ұяшықтарға топтастырады Қазіргі кездегі тұрғын үйлер пәтерлерінің жайлырақ өлшемімен ерекшеленеді. Мысалы, қонақ бөлмелердің ауданы 24-30 м2, ұйықтайтын бөлменің - 15-18 м2, асүйдің - 12-14 м2 -ге дейін жетеді. Кіреберістер, ванна бөлмелері мен әжетханалардың да аудандары үлкейді. Пәтерлердің, адамдар тұратын бөлмелердің де, қосымша бөлмелердің де аудандарының ұлғаюы, сөзсіз, ауа алмасудың жақсаруына, ластану деңгейінің төмендеуіне, психологиялық және физиологиялық комфорт болуына жағдайлар туғызады. |