МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

Жіктелуі (Г.Н.Красовский бойынша) 25 страница





Топырақ айтарлықтай дәрежеде автокөліктен бөлінетін, құрамында қорғасын, мыс, кадмий, марганец, мырыш қосылыстары, көмірсутектер, бенз(а)пирен және т.б. бар, пайдаланылған жанармай газдармен ластанады (III тарау). Ең жоғары дәрежеде ластануы көлік қозғалысы көп автотрассалардың маңындағы топырақтарында байқалады. Қозғалтқыштары бензінді автокөліктер көп журетін жолдардың бойындағы топырақта қорғасынның концентрациясы 300-500 мг/кг-ға (қорғасынның ШРЕК – 20 мг/кг), бенз(а)пиреннің концентрациясы – 50 мг/кг-ға дейін жетуі мүмкін.

Топырақтың ластануында кәсіпорындардан шыққан ағынды сулар үлкен роль атқарады. Өнеркәсіптік ағынды сулар өндірісте суды пайдаланғаннан кейін түзіледі. Әр түрлі өндірістердегі олардың құрамында, осы кәсіпорындардағы технологиялық үрдістердің ерекшелігіне, шикізат ретінде қолданылатын немесе өндіріс барысында түзілетін заттарға, түрлі қалдықтарға байланысты едәуір айырмашылықтары болады. Өнеркәсіптік ағынды сулардың құрамындағы ластаушылардың мұндай кең спектрі олардың санитарлық қаупін жоғарылатады. Көп жағдайларда ағынды суларды жоюдың соңғы кезеңі оларды суаттарға ағызып жіберу болып табылады. Алайда, өнеркәсіптік ағынды сулар, олармен ластанған су көздері арқылы және ағынды суларды ауылшаруашылық дақылдарын суару үшін, т.б. мақсаттарда пайдаланғанда, топырақты да ластауы мүмкін.

Ядролық қаруды сынау, ядролық реакторлардағы апаттар, халық шаруашылығының әр түрлі салаларында иондаушы сәулелену көздерін пайдалану себебінен топырақтың белсенді заттармен ластануы өте қауіпті болып табылады (ХII тарау).

Тұрмыстық қалдықтар адамның тұрмыстық және шаруашылық қызметінің нәтижесінде үздіксіз түзіліп отырады. Оларды сұйық және қатты деп бөледі. Қатты қалдықтарға үйден шыққан қоқыс, көшенің сыпырындысы, құрылыс қоқыстары, ас үйден шыққан қалдықтар, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының, ауруханалардың қалдықтары және т.б. жатады. Қатты қалдықтар массасының 25% дейінгісін екінші реттік шикізат – қағаз, картон, тоқыма, металл, тері және т.б. құрайды. Шамамен, 60-70% залалсыздандыруға болатын органикалық бөліктің үлесіне тиеді. Қалған бөлігін құрылыс материалдары, тастар, қайта пайдалануға қиынға соғатын резеңке, орағыш материал және ыдыс ретінде пайдаланылатын пластик, әйнек, жанғыш материалдар (тас көмір, ағаш және т.б.) құрайды. Жыл сайын қатты қалдықтар салмағы 0,5%-ға көбейеді, бұл ретте ірі қалаларда олардың мөлшері бір тұрғынға 1-ден 1,5 м3 дейін келеді. ХХ ғасырдың соңында ЕЭҚ құрамына кіретін мемлекеттерде 150 млн т жуық тұрмыстық қалдықтар түзілген (Е.И.Гончарук, 2006).



Қатты тұрмыстық қалдықтар әр түрлі жұқпалы аурулардың өте көп қоздырғыштары мен гельминт жұмыртқаларының көзі болып саналады, олар қалдықтар құрамында болып, өздерінің тіршілік қабілеті мен вируленттілігін бірнеше айлар бойы сақтап қала алады. Әсіресе, бұл тұрғыда медициналық мекемелердің қалдықтары қауіпті. Шіріп жатқан қалдықтар шыбындардың личинкалары мен қуыршақтарының дамуы үшін тамаша орта болып табылады. Жаздыгүні бір қоқыс жәшігінен тәулігіне бірнеше мыңдаған шыбын көбейіп шығады. Шыбындар қоздырғыштарды тұрақты түрде тамаққа, тұрмыстық заттарға тасымалдаушылар болып табылады, оның үстіне олар көбейген жерлерінде ғана шоғырланбай, сонымен қатар одан көптеген шақырым қашықтыққа ұшып барады. Шыбын денесінің сыртында патогенді микроорганизмдер 1-7 тәулік бойына, ал асқазанында 2-ден 8 тәулікке дейін тіршілік етеді.

Қатты қалдықтардың құрамындағы органикалық компоненттері топырақты, атмосфералық ауаны, суды уытты ыдырау өнімдерімен ластай отырып, шіриді. Қоқыс төгетін орындарда қаладан шыққан қоқысты өртегенде, топырақтың беткі қабаты мен ауа қоқыстың құрамындағы уытты заттармен (қорғасын, мырыш, кадмий, мыс, диоксиндер және т.б.) ластанады. Полимерлік материалдардың жинақталуы да маңызды мәселе болып табылады, олардың көпшідігі топырақта ыдырауға ұшырамайды.

Сұйық тұрмыстық қалдықтарға адамдар мен жануарлардың нәжістері, зәрі, жуындылар, шаруашылық-нәжістік және нөсер жаңбырлардың ағынды сулары жатады. Олар эпидемиологиялық тұрғыдан да, токсикологиялық тұрғыдан да қауіпті.

2.5. Топырақтың өздігінен тазарту үрдістері және олардың қалдықтарды залалсыздандырудағы рөлі

Топыраққа өздігінен тазару қабілеті тән, оның барысында органикалық ластаушылар қарапайым бейорганикалық заттарға дейін ыдырайды (минералдану), көптеген патогенді микроорганизмдер өледі (залалсыздану), экзогенді химиялық ластаушылардан біртіндеп тазару урдісі (детоксикация) жүреді, ал ыдырау өнімдерінен топырақтың құнарлылық қасиетін арттыратын жаңа органикалық заттар түзіледі (қарашіріктену - гумификация).

Өздігінен тазару ең алдымен, топырақтағы микроорганизмдердің тіршілік үрдістерінің нәтижесінде жүзеге асатын күрделі үрдіс болып табылады. Сонымен қатар, топырақтың құрылымы мен оның физикалық-химиялық қасиеттері, ондағы оттегі мен ылғалдың мөлшері де маңызды роль атқарады.

Топыраққа түскен қалдықтардың сұйық бөлігі топырақ арқылы сүзіледі және топырақ бөлшектеріне сіңіріледі. Қатты органикалық ластаушылар (өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтары, экскременттер, қатты тұрмыстық қалдықтар және т.б.), сондай-ақ вирустар, бактериялар, гельминттердің жұмыртқалары және басқа микроорганизмдер органикалық заттардың ыдырауы мен өзгеру үрдістеріне қатысатын толып жатқан бактерия-сапрофиттер, қарапайымдылар, паразит құрттар, насекомдардың личинкалары, балдырлар, саңырауқұлақтар тіршілік ететін топырақтың жоғарғы қабатындағы саңылауларда қалып қояды. Топырақтағы оттегінің мөлшеріне байланысты органикалық заттардың ыдырауы аэробты немесе анаэробты жолдармен өтеді.

Аэробты жағдайларда көмірсулар көміртек диоксиді мен суға ыдырайды, анаэробты жағдайларда, алдымен май қышқылдары пайда болып, содан кейін олар органикалық спирттерге, көміртек диоксидіне, метанға және басқа газ тәрізді заттарға ыдырайды. Майлар, көмірсуларға қарағанда, баяу ыдырайды. Аэробты жағдайларда топырақ микроорганизмдері бөліп шығаратын экзоферменттердің әсерінен, олар алдымен май қышқылдары мен глицеринге, ал содан кейін эндоферменттердің әсерінен көміртек диоксидіне және суға ыдырайды және бұл кезде энергия бөлінеді. Оттегі жеткіліксіз болған кезде майлардың ыдырауы көміртек диоксидін, метанды, сутегін түзе отырып, анаэробты жағдайдағы көмірсулардың ыдырауы тәрізді жолмен өтеді. Сонымен қатар, жағымсыз иісі бар ұшқыш май қышқылдарының көп мөлшері түзіледі.

Азотты органикалық қосылыстар топыраққа белоктар, амин қышқылдары және басқа да белоктың алмасу өнімдері, атап айтқанда, мочевина түрінде түседі. Белоктар альбуминдер мен пептондарға, ал содан кейін амин қышқылдарына дейін ыдырайды. Амин қышқылдарының көп бөлігін топырақ микроорганизмдері өз белоктары мен басқа азотты қосылыстарды түзу үшін, сондай-ақ, энергетикалық материал ретінде де пайдаланылады. Амин қышқылдарының басқа бөлігі аммиак, көміртек диоксидін және суды түзе отырып, аминсіздену үрдісіне түседі. Бұл үрдіс азотты органикалық қосылыстардың минералдануының бірінші сатысы болып табылады және аммонификациялану деп аталады. Уробактериялар ферменттерінің әсерінен гидролизденген мочевина да аммиакқа айналады. Түзілген аммиак аэробты жағдайларда аммоний карбонатына айналып, минералданудың екінші сатысы – нитрификациялануға өтеді. Нитрификациялану барысында аммоний қосылыстары В. nitrosomonas туыстастығына жататын бактерияларымен азотты қосылыстарға (нитриттерге) дейін, ал нитриттер В. nitrobacter қатысуымен – азот қосылыстарына (нитраттарға) дейін тотығады. Нитраттар белоктардың минералдануының соңғы өнімі болып табылады. Белоктардың ыдырауының басқа да аралық өнімдерінің тотығуы кезінде, сол сияқты сульфаттар, фосфаттар және карбонаттар түзіледі. Түзілген бейорганикалық қосылыстарды өсімдіктер қорек ретінде пайдаланады. Осылай, топырақтың аса маңызды экологиялық функцияларының бірі – табиғаттағы заттардың айналымына қатысуы - жүзеге асырылады.

Белоктардың анаэробты жағдайларда ыдырауы кезінде жағымсыз иісі бар: индол, скатол, меркаптандар, ұшқыш май қышқылдары, күкіртсутек сияқты, уытты аралық өнімдер түзіледі. Бұған топырақта органикалық қалдықтардың шамадан артық мөлшерде жинақталуы, атмосфералық ауамен қалыпты ауа алмасуына кедергі болатын, топырақтың жоғары ылғал сиымдылығы мен капиллярлылығы және ауыр (түйіршіктері майда, саңылаулары кішігірім, сазды, сазды-балшықты топырақтар) механикалық құрамы себеп болады.

Топырақта нитрификациялану үрдістерімен қатар, денитрификациялану – микроорганизмдердің нитраттарды нитриттерге, аммиакқа, азот оксидтері немесе бос азотқа дейін тотықсыздандыру үрдістері де жүреді. Бұл үрдістің маңызы зор, өйткені өздігінен тазару үрдістері үшін топырақтағы ауа құрамында оттегі жетіспеген жағдайда, нитраттардың тотықсыздануы нәтижесінде түзілген оттегі қолданылады. Бұдан басқа, денитрификация үрдістері есебінен атмосфералық ауадағы азот мөлшері толықтырылып отырады.

Топырақ органикалық ластаушылардан тазару барысында биологиялық ластаушылардан да тазарады. Көпшілік, негізінен спорасыз, патогенді микроорганизмдер мен гельминттердің жұмыртқалары құрғақшылықтан, күн сәулелерінің әсерінен, бактериофагтардан және антибиотиктерден, сапрофиттер тарапынан болатын бәсекелестіктен, әдеттегі қоректік материалдар мен қажетті жағдайлардың болмауынан өледі.

Топырақтағы өздігінен тазару үрдістерінің барлығының нәтижесінде топырақта гумус (қарашірік) – құрамына гемицеллюлозалар, органикалық қышқылдар, майлар, минералды заттар мен топырақ микроорганизмдері түзген протеинді комплекстер кіретін, органикалық зат - түзіледі.

Осылайша, топыраққа түрлі ластаушылар ретінде түскен органикалық компоненттер оған жаңа сапада – жаңадан синтезделген органикалық қосылыстарға бай, шірімейтін, жағымсыз иістер бөлмейтін, патогенді микрофлорадан тазарған (спора түзуші түрлерінен басқа), бірақ сапрофитті микроорганизмдерінің саны көп, өсімдіктер үшін жақсы қоректік субстрат болып саналатын комплекс ретінде топыраққа қайта оралады.

Жоғарыда айтылғандардан, топырақтың өздігінен тазару үрдістерінің гигиеналық маңызы зор екені көрінеді. Олардың нәтижесінде, топырақтың құнарлылығын арттыру үшін, өсімдіктердің және топырақтағы басқа да микроорганизмдердің қоректенуі үшін пайдаланыла отырып, орасан зор көлемдегі қалдықтар қайта өңделеді. Мұнымен бірге, топырақтың түрлі экзогенді уытты қосылыстарды ыдырата алатын мүмкіндіктері бар екендігін де ұмытуға болмайды. Топырақтың өздігінен тазару қасиетін тұрмыстық қалдықтарды залалсыздандырудың топырақтық әдістерінде пайдаланылады. Топырақтың ластаушылардан тазаруы қағидаларының негізінде қатты және сұйық қалдықтарды тазарту және залалсыздандыру үшін жасанды қондырғылар дайындалған және кеңінен қолданылады.

Алайда, топырақтың өздігінен тазару қабілеті шексіз емес. Оның тұрмыстық қалдықтармен шамадан артық ластануы, сондай-ақ жыл сайын қарқынды өсіп отырған техногендік жүктемелер, негізгі залалсыздандырушы күш болып табылатын сапрофит микрофлораның жойылуына әкеп соғып, оның тазартатын қызметін едәуір төмендетеді, бұл өте қолайсыз зардаптарға әкеп соғуы мүмкін.

3. Топырақтың ластану дәрежесін гигиеналық бағалау. Топырақтың санитарлық жағдайының көрсеткіштері.

Топырақтың санитарлық жағдайын талдау үшін оның эпидемиялық, химиялық және радиациялық тұрғыдан қауіпсіздігін анықтауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер пайдаланылады. Олардың бірі, топырақтың ластануын тікелей дәлелдейтін, тікелей көрсеткіштері. Басқалары, жанама көрсеткіштері, зерттеліп отырған топырақтың көрсеткіштерін салыстыру үшін алынған таза топырақтың көрсеткіштерімен салыстыру кезінде ластанғандығы туралы, ластану мерзімі мен оның ұзақтығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Топырақтың эпидемиялық қауіпсіздігінің тікелей көрсеткіштеріне санитарлық-микробиологиялық, санитарлық-гельминтологиялық және санитарлық-энтомологиялық көрсеткіштері жатады (5.3.-кесте). Санитарлық-микробиологиялық көрсеткіштерінәң қатарына коли-титр және анаэробтардың титрі кіреді. Бұлар, ішек таяқшасын (коли-титр) немесе Cl. Perfringens (анаэробтар титрі) өсіріп шығаруға болатын, топырақтың ең аз мөлшері. Нәжіспен жаңадан ластанған кезде коли-титр мен анаэробтардың титрі күрт төмендейді, олардың басым көпшілігі спора түрінде емес болады. Ластануынан белгілі бір уақыт өткен соң, ішек таяқшалары мен патогенді спора түзбейтін бактериялар жойылған кезде, анаэробтар титрінің көрсеткіштері салыстырмалы түрде төмен кезінде коли-титрдің жоғарылауы байқалады. Бұл спора түзуші микроорганизмдердің ұзақ уақыт өздерінің тіршілігін сақтап қалуына байланысты.

Геогельминттердің деформацияланбаған тіршілікке қабілетті жұмыртқаларының көптеп табылуы топырақтың жақын арада ластанғанын білдіреді. Ал аскариданың деформацияланған жұмыртқаларының аз ғана мөлшерде кездесуі ластануынан бірталай уақыт бұрын басталғаны жөнінде қорытынды жасауға мүмкіндік береді, өйткені аскариданың жұмыртқалары көптеген басқа геогельминттердің жұмыртқаларына қарағанда, өздерінің тіршілік қабілетін ұзақ уақыт бойы – 10 жылға дейін сақтап қала алады.

Топырақта шыбын мен олардың личинкаларының болуы топырақтың әр түрлі қалдықтармен ластануының және қанағаттанарлықсыз тазартылуының көрсеткіші болып табылады.

Топырақтың ластану дәрежесі туралы пікір айтуға мүмкіндік беретін санитарлық-химиялық көрсеткіштердің бірі, Хлебниковтың санитарлық саны болып табылады. Санитарлық саны деп, топырақтағы белок азотының (қарашірік азоты) ондағы органикалық азоттың жалпы мөлшеріне (қарашірік азоты+органикалық ластаушылардың азоты) қатынасын айтады. Таза топырақта Хлебниковтың санитарлық саны 0,98-1,0-ге жетеді, топырақ біршама ластанғанда, бұл көрсеткіш күрт төмендейді (5.3.-кесте).

Топырақтың қалдықтармен ластануының бағалау үшін бұрын қолданылған басқа санитарлық-химиялық көрсеткіштерін (жалпы органикалық азоттың, көміртегінің, хлоридтердің, аммоний тұздарының, нитриттердің, нитраттардың мөлшері) тек салыстыру үшін алынған, ластанбаған учаскенің көрсеткіштермен салыстыру арқылы бағалайды, бұның белгілі бір өзіндік қиындықтары бар. Зерттеуге алынған топырақта органикалық азоттың, көміртегінің және хлоридтердің жоғарырақ мөлшерде болуы, оның жаңадан ластанғанын көрсетеді, ал аммиактың, нитриттер мен нитраттардың жоғарырақ мөлшерде болуы, топырақтың өздігінен тазару үрдістерінің жүріп жатқанын дәлелдейді.

Елді мекендер топырақтарының эпидемиялық қауіптілігін бағалау үшін басқа көрсеткіштермен қатар, патогендік микрофлораның жеке түрлерінің мөлшерін анықтауды да қолданады (5.4.-кесте).

Топырақтың химиялық қауіпсіздігін оның құрамындағы ластаушы экзогенді химиялық заттардың мөлшері бойынша (ЭХЗ) сол заттардың ШРЕК немесе ШАРК-мен (уақытша норматив - шамамен алынған рұқсат етілген концентрация) салыстырып бағалайды. Топырақтағы экзогенді химиялық заттардың ШРЕК дегеніміз - 1 кг абсолютті құрғақ топырақтағы мг – мен берілген, экологиялық тізбектер арқылы кез келген тасымалдану түрлерінде тікелей немесе жанама контакті кезінде адамның денсаулығына, оның ұрпақтарына және санитарлық жағдайына тікелей немесе жанама зиянды


Кесте

Топырақтың санитарлық жағдайының көрсеткіштері

Қауіптілік дәрежесі Ластану дәрежесі Эпидемиялық қауіпсіздік көрсеткіштері Экзогенді химиялық заттармен ластану көрсеткіші- ШРЕК мөлшері-нен есе артық Радиоак-тивті заттармен ластану көрсеткіші Топырақтың өзді-гінен тазару көрсет-кіші – термо-филдер титрі
Санитарлық- микробиологиялық Санитар-лық-гель-минтоло-гиялық Санитар-лық-энто-мология- лық Санитар-лық- химиялық
Коли- титр Анаэробтар титрі 1 кг топы-рақтағы гельминт жұмыртқа-ларының саны 25м2 шыбын личинкаларының және қуыршақтарыңың саны Хлебников-тың санитар-лық саны
Қауіпсіз Таза ≥1,0 ≥0,1   0,98-1,0 ≤1 Табиғи деңгей 0,01-0,001
Салыстырмалы қауіпсіз Аз ластанған 1,0-0,01 0,1-0,001 10-ға дейін 1-10 0,85-0,98 1-10 Табиғи деңгейінен 1,5 есе артық 0,01-0,00002
Қауіпті Ластанған 0,01-0,001 0,001-0,0001 11-100 10-100 0,7-0,85 10-100 Табиғи деңгейінен 2 есе артық 0,00002- 0,00001
Өте қауіпті Қатты ластанған ≤0,001 ≤0,0001 ≥100 ≥100 ≤0,7 ≥100 Табиғи деңгейінен 3 есе артық ≤0,00001

 


Кесте

Елді мекендер топырақтарының эпидемиялық қауіпсіздік көрсеткіштері

    Көрсеткіш Аймақтардың топырағы
қауіп-қатері жоғары* су көздерінің санитарлық күзет санитарлық-қорғаныш
таза ластанған таза ластанған таза ластанған
Ішек таяқшасы, кл/г 1-9 10 және жоғ. 1-9 10 және жоғ. 1-99 100 және жоғ.
Энтеробактериялар, кл/г 1-9 10 және жоғ. 1-9 10 және жоғ. 1-99 100 және жоғ.
Патогенді энтеро- бактериялар, кл/г - + - + 1-9 10 және жоғ.
Энтеровирустар, кл/г - + - + - +
Гельминт жұмыртқалары**, дана/кг - + - + 5-ке дейін 5-тен жоғ.
Патогенді қарапайымдылардың ішек цисталары***, дана/100г. - + - + 5-ке дейін 5-тен жоғ.
20х20см ауданындағы шыбын личинкалары - 10-ға дейін - 10-ға дейін - 10-ға дейін
20х20см ауданындағы шыбын қуыршақтары - жоқ - жоқ - Жоқ

*- мектепке дейінгі балалар мекемелері және мектептің, саябақтардың, скверлердің, үй жануарларын қыдыртатын, бақшалардың аумақтары;

**- аскаридалар, қылбастар, токсокарлар, онкосфералар, тениидтер;

***- лямблиялар, амебалар, балантидиялар, криптоспоридиялар.

 

әсерді болдырмайтын, олардың ең жоғары концентрациясы. Жоғарыда көрсетілгендей, топырақтағы химиялық заттар суға, атмосфералық ауаға өсімдіктерге миграцияланып, топырақтың өздігінен тазару қабілетіне әсер етуі мүмкін.

Осыған байланысты, топырақтағы заттарды гигиеналық нормалау кезінде оның ең аз әсер ететін (табалдырықтық) және ең жоғары әсер етпейтін (табалдырықтықтан төмен) концентрацияларын зияндылықтың транслокациялық (фитоаккумуляциялық), суға–миграциялануы, ауаға-миграциялануы, органолептикалық, жалпы санитарлық және токсикологиялық сияқты негізгі көрсеткіштері бойынша анықтайды (Е.И. Гончарук, т.б. 1999). Зияндылықтың транслокациялық көрсеткіші заттың топырақтан өсімдікке ауысып, оларда жинақталу қабілетін сипаттайды. Зиындылықтың суға–миграциялануы көрсеткіші - заттардың жер беті және жер асты суларына өту қабілетін көрсетеді; ауаға-миграциялануы – топырақтан атмосфералық ауаға булану, су буларымен және басқа заттармен бірге булану арқылы жүреді. Зияндылықтың жалпы санитарлық көрсеткіші химиялық заттардың топырақтың өздігінен тазару қабілеті мен оның биологиялық белсенділігіне тигізетін әсерін сипаттайды; органолептикалық – эксперименттің экстремальды жағдайларында, тағамдық азықтардың көректік құндылығы, атмосфералық ауаның иісі, тағамдық өнімдер мен судың иісі, дәмі және түсі өзгеруінің дәрежесін сипаттайды. Токсикологиялық көрсеткіш бойынша, адам ағзасына миграцияның белгілі бір жолы арқылы немесе тікелей контакт арқылы, сол сияқты топырақ шаңымен бірге немесе барлық жолдар арқылы түскен заттардың бірлескен әсерінің улылық деңгейі анықталады. Зияндылық көрсеткіштерінің ішіндегі заттың әсер етпейтін концентрациясы ең төмен болған көрсеткіш, зияндылықтың лимиттеуші көрсеткіші болып табылады (II тарау), ал осы көрсеткіш бойынша әсер етпейтін ең жоғары концентрациясы ШРЕК ретінде бекітіледі.





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.