ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение Как определить диапазон голоса - ваш вокал
Игровые автоматы с быстрым выводом Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими Целительная привычка Как самому избавиться от обидчивости Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам Тренинг уверенности в себе Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком" Натюрморт и его изобразительные возможности Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д. Как научиться брать на себя ответственность Зачем нужны границы в отношениях с детьми? Световозвращающие элементы на детской одежде Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия Как слышать голос Бога Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ) Глава 3. Завет мужчины с женщиной 
Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д. Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу. Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар. | Жіктелуі (Г.Н.Красовский бойынша) 33 страница Жазу және оқу кезінде (мектептерде, кітапханаларда, аудиторияларда) жұмыс орнындағы жарықтың деңгейі 300 (150) лк, тұрғын үй бөлмелерінде 100 (50) лк, ас үйлерде 100 (30) лк кем болмауы керек. Жарықты сипаттау үшін оның жарықтық дәрежесі маңызды роль атқарады. Жарықтық дәрежесі (жарықтығы) – беттің өлшем бірлігінен сәулеленетін жарық күші. Шын мәнінде затты қарау кезінде біз жарықтың деңгейін емес, жарықтың жарықтық дәрежесін көреміз. Жарықтық дәрежесін өлшем бірлігі квадрат метрдегі кандела (кд/ м2). Бұл біркелкі жарық шығаратын жазық беттің әрбір квадрат метрінен перпендикуляр бағытта бір канделаға тең жарық күшін сәулелендіретін жарықтық дәрежесі. Жарықтық дәрежесін жарықтықты өлшейтін аспаппен анықтайды. Ұтымды жарықтандыру кезінде адамның көзінің көру аланында жарықтық дәрежесі жоғары жарық көздері немесе шағылыстыратын беттер болмау тиіс. Егер, қаралатын беттің жарықтық дәрежесі тым жоғары болса, онда ол көздің көру жұмысына теріс әсер етеді: көзде жайсыз сезім пайда болады (2000 кд/м2 бастап), көз жұмысының өнімділігі төмендейді (5000 кд/ м2 бастап), көзді шағылыстыру (32000 кд/ м2 бастап) және тіпті көзде ауыратын сезім де тудырады (160000 кд/ м2 бастап). Жұмыс беттерінің ең жақсы жарықтық дәрежесі - бірнеше жүз кд/ м2 болады. Адамның көзінің көру аланында болатын жарық көздерінің рұқсат етілетін жарықтық дәрежесі 1000-2000 кд/ м2 аспағаны дұрыс, ал адамның көру аланына сирек түсетін жарық көздерінің жарықтық дәрежесі 3000-5000 кд/м2 аспауы керек. Жарық біркелкі болуы және көлеңкелер түсірмеуі керек. Егер адамның көру аланында жарықтық дәрежесі жиі өзгеріп отырса, онда бейімделуге (көз қарашығының кішіреюі мен ұлғаюына) және онымен бір уақытта жүретін аккомодацияға (көз бұршағының өзгеруіне) қатысатын көз еттерінің қажуы басталады. Жарық деңгейі бөлме бойынша және жұмыс орнында біркелкі болуы тиіс. Бөлме еденінің 5 м жеріндегі ең жоғары жарық деңгейінің ең төмен жарық деңгейіне қатынасы 3:1 аспау керек, ал жұмыс орнының 0,75 м аралығында - 2:1 аспауы керек. Екі көршілес беттердің жарықтық дәрежесінің (мысалы, дәптер - парта, мектеп тақтасы - қабырға, жара – операция аланын айналдырып жабатын жапқыш) бір-бірінен айырмашылығы 2:1-3:1 аспауы керек. Жалпы жарық түсуден пайда болған жарық деңгейі аралас жарықтандыру кезінде нормаланатын мөлшерінін 10% кем болмау керек, бірақ қызу шамдарымен жарықтандырған кезде - 50 лк және люминесцентті шамдар кезінде - 150 лк кем болмауы керек. Табиғи жарық. Күн ғимараттардың сыртында әдетте ондаған мың люкс жарық деңгейін береді. Бөлмелердің табиғи жарығы жергілікті жердің жарық климатына, ғимараттардың терезелерінің бағытталуына, көлеңке түсіретін нысандардың (ғимараттар, ағаштар) болуына, терезелердің құрылысына және өлшеміне, терезелер арасындағы қабырғалардың еніне, қабырғаларының, едендері мен төбесінің жарықты шағылыстыру қабілетіне, терезе әйнектерінің тазалығына, т.б. байланысты. Күндізгі жарықтың бөлмеге түсуі жақсы болуы үшін терезелердің ауданы бөлмелердің ауданына сәйкес болуы керек. Сондықтан, бөлмелердің табиғи жарығын бағалаудың кең таралған әдісі - геометриялық әдіс болып табылады. Бұл әдіс бойынша, жарық коэффициенті деп аталатын шаманы, яғни, терезелердің әйнектелген ауданының еден ауданына қатынасын есептеп табады. Жарық коэффициентінің шамасы неғұрлым үлкен болса, соғұрлым бөлмеге жарық түсуі жақсы болады. Тұрғын үй бөлмелері үшін жарық коэффициенті 1:8-1:10, сыныптар мен аурухана палаталары үшін 1:5-1:6, операциялық бөлмелер үшін 1:4-1:5, ал қосымша бөлмелер үшін 1:10-1:12 кем болмауы керек. Табиғи жарықты тек жарық коэффициенті бойынша бағалау дәл болмауы мүмкін, себебі жарық деңгеіне жарықтандырылатын бетке жарық сәулесінің түсу бұрышы әсер етеді. Егер қарсы тұрған ғимараттан немесе ағаштардан бөлмеге күн сәулесі тікелей түспей, тек шағылысқан сәулелер түссе, онда олардың спектрінде, биологиялық жағынан ең тиімді - ультракүлгін сәулелерінің қысқа толқынды бөлігі болмайды. Бөлменің белгілі бір нүктесіне аспан әлемінен тікелей сәулелер түсетін бұрыш саңылау бұрышы деп аталады. Түсу бұрышы екі сызықтан түзіледі, олардың бірі терезенің жоғарғы қырынан жарық түсу жағдайы анықталатын нүктеге дейін келетін, ал екіншісі – өлшеу нүктесі мен терезе орналасқан қабырғаның арасын қосатын көлденең жазықтықтағы сызық. Саңылау бұрышы жұмыс орнынан басталатын екі сызықтан түзіледі: олардың бірі - терезенің жоғарғы қырына барады, ал екіншісі- қарама қарсы тұрған ғимараттың немесе басқа дуал, ағаштар, т.б. сияқты нысандардың ең жоғарғы нүктесіне дейін созылады. Түсу бұрышы - 27º кем болмауы, ал саңылау бұрышы - 5º кем болмауы керек. Бөлменің ішкі қабырғасының жанындағы жарық деңгейі бөлменің тереңдігіне де байланысты, сондықтан, күндізгі жарықтың түсу жағдайларын бағалау үшін, сондай-ақ тереңдік коэффициентін - терезенің жоғарғы қырынан еденге дейінгі ара қашықтықтың бөлменің тереңдігіне қатынасын анықтайды. Тереңдік коэффициенті- 1:2 кем болмауы керек. Геометриялық көрсеткіштердің ешқайсысы да барлық факторлардың табиғи жарыққа толығымен тигізетін әсерін көрсетпейді. Барлық факторлардың әсері табиғи(жарықтан) жарықтанғандық коэффициенті (ТЖК) арқылы есептеледі. ТЖК=Еn : Е0·100%, мұндағы, Еn - бөлменің ішіндегі терезеге қарсы тұрған қабырғадан 1 м қашықтықтағы нүктенің жарықталғандығы, (лк); Е0- бүкіл көк аспаннан шашырап түскен жарықпен жарықтанған (аспан тұтас бұлтты) жағдайдағы бөлмеден тыс орналасқан нүктедегі жарық деңгейі, (лк). Сонымен, ТЖК бөлме ішіндегі жарық деңгейінің бір уақыттағы бөлме сыртындағы жарық деңгейіне пайыздық қатынасы ретінде анықталады. Тұрғын үй бөлмелер үшін ТЖК 0,5% , ауруханалық палата үшін 1% , мектеп сыныптарында 1,5 % , ал операциялық бөлмелер үшін 2,5 % кем болмауы керек. Жасанды жарық келесі талаптарға сәйкес болуы керек:жеткілікті дәрежеде қарқынды, біркелкі; дұрыс көлеңке түзілуін қамтамасыз етуі, көзді шағылыстырмауы және заттың түсін өзгертпеуі; қыздырмауы; спектрлік құрамы бойынша күндізгі жарыққа жақын болуы керек. Жасанды жарықтандырудың екі жүйесі бар: жалпы және аралас. Аралас жүйесінде жалпы жарықты, тікелей жұмыс орындарында жарықты шоғырандылыратын, жергілікті жарықпен толықтырады . Жасанды жарықтанудың негізгі көздері - қызу шамдары мен люминесцентті шамдар болып табылады. Қызу шамдары – жарықтың ыңғайлы, тоқтаусыз жұмыс істейтін түрі. Олардың кемшіліктерінің бірі, жарықты аз береді, спектрінде сары және қызыл сәулелер басым, ал көк және күлгін түстері аз болады. Бірақ психофизиологиялық жағынан алып қарағанда, жарықтың бұндай спектрлік құрамы сәулені жағымды және жылы етеді. Көру жұмыстары тұрғысынан алғанда, қызу шамдарының жарығы тек өте майда бөлшектерді анықтап қарау қажет болғанда ғана күндізгі жарықтан кем түседі. Ол түрлі түстерді жақсы ажырату қажет болған жағдайларда жарамсыз. Қызу шамының қызатын жібінің беті өте аз болғандықтан, қызу шамдарының жарықтық дәрежесі көз шағылысып, көрмей қалатын жарықтан едәуір артық болады. Артық жарықтық дәрежесімен күресу үшін, тікелей түскен жарықтың көзді шағылыстыратын әсерінен қорғайтын жарықтандыратын арматуралар қолданылады және шырақтарды адамның көру аланынан тыс жерге іледі. Арматураларды тікелей, шағылысқан, жартылай шағылысқан және шашыраған жарық түсіретін арматуралар деп бөледі. Тікелей жарық түсіретін арматура шам жарығының 90% артығын жарық түсірілетін жерге бағыттайды, ол жерде жоғары жарық деңгейін қамтамасыз етеді. Бұнымен бір мезгілде, бөлменің жарық түсірілген және түсірілмеген бөліктерінің арасында едәуір жарық айырмашылығы пайда болады. Айқын көлеңкелер пайда болады, көзді шағылыстыратын әсері де болуы мүмкін. Бұл арматура қосалқы бөлмелер мен санитарлық жүйелерге жарық түсіру үшін қолданылады. Шағылысқан жарық түсіретін арматура шамнан шыққан сәулелердің төбеге және қабырғаның жоғарғы бөлігіне бағытталатындығымен сипатталады. Осы жерден олар шағылысады, көлеңкелер түсірмей, бөлмеге жұмсақ шашыраған жарық түсіріп, оның барлық бөлігіне біркелкі таралады. Арматураның бұл түрі гигиеналық жағынан өте қолайлы жарық береді, бірақ жарықтандырудың бұл түрі үнемді емес, себебі жарықтың 50% жоғалады. Сондықтан, тұрғын үй бөлмелерін, сыныптарды, аурухана палаталарын жарықтандыруда жиі, үнемді болып саналатын, жартылай шағылысқан және шашыраған жарық түсіретін арматураларды қолданады. Бұл кезде жарықтың бір бөлігі сүт түсті немесе күңгірт әйнек арқылы өтіп, бөлмені жарықтандырса, ал екінші бөлігі, төбе мен қабырғалардан шағылысып барып, жарық береді. Бұндай арматура қанағаттанарлық жарық жағдайларын туғызады, ол көзді қарықтырмайды және онда айқын көлеңкелер пайда болмайды. Люминесценттік шамдар жоғарыда келтірілген талаптардың көпшілігіне сай келеді. Люминесценттік шам - жәй шыныдан жасалған, ішкі беті люминоформен қапталған түтік. Түтік сынап буымен толтырылған, екі жақ шетіне электродтар дәнекерлеп бекітілген. Шамды электр жүйесіне қосқан кезде электродтар арасында ультракүлгін сәулесін шығаратын электр тогы пайда болады («газ разряды»). Ультракүлгін сәулелерінің әсерінен люминофор жарық шығара бастайды. Люминофорлардың түрлерін таңдап алу арқылы көрінетін сәулелердің әр түрлі спектрі бар люминесцентті шамдар дайындайды.. Ең жиі күндізгі жарық беретін шамдарды (КШ), ақ жарық беретін шамдарды (АШ) және жылы-ақ жарық беретін шамдарды (ЖАШ) қолданады. КШ шамдардың сәулелену спектрі терезесі солтүстікте бағытталған бөлменің табиғи жарығының спектріне жақын болады. Бұл жарық көзінде, тіпті кішігірім бөлшектерді анықтап қарау кезінде де, көз тез қажымайды. КШ шамын түстерді дәл ажыратуды қажет ететін бөлмелерде қолдану өте тиімді. Шамның кемшілігі, мұндай жарықтың көгілдір сәулелері көп болғандықтан, адамдардың бет терісі көкшіл тартып тұрады, сондықтан жарық беретін шамдардың бұндай түрлерін ауруханаларда, мектеп сыныптарында, т.б осы сияқты бөлмелерде қолданбайды. КШ шамдармен салыстырғанда, АШ шамының спектрі сары сәулелерге бай. Мұндай жарық беретін шамдарымен жарықтандыру кезінде көздің жұмысқа жоғары қабілеттілігі сақталады және бет терісінің түсі көп өзгермей, жақсы көрінеді. Сондықтан, АШ шамдарын мектептерде, аудиторияларда, тұрғын үй бөлмелерінде, ауруханалардың палаталарында және т.б. қолданады. ЖАШ шамдарының спектрі сары және қызғылт түстерге бай, олар көздің жұмысқа қабілеттілігін біраз төмендеткенімен де, бет терісінің түсін жандандырып көрсетеді. Бұл шамдар вокзалдарды, кинотеатрлардың вестибюльдерін, метроларды, т.б. жарықтандыру үшін қолданылады. Спектрінің әр түрлілігі бұл шамдардың гигигиеналық жағынан артықшылықтарының бірі болып табылады. Люминесценттік шамдардың жарық беруі қызу шамдарына қарағанда 3-4 есе жоғары болады (1 Вт 30-80 лм береді), сондықтан олар үнемділеу болып саналады. Люминесценттік шамдардың жарықтық дәрежесі 4000-8000 кд/ м2, яғни, рұқсат етілгенінен жоғары болғандықтан, оларды қорғайтын арматураларымен бірге қолданады. Өндірісте, мектептерде; аудиторияларда қызу шамдарымен салыстырып жүргізілген көптеген сынаулар кезіндегі жүйке жүйесінің жағдайын, көздің қажуын, жұмысқа қабілеттілігін сипаттайтын объективті көрсеткіштер барлық үақытта дерлік люминесценттік шамдардың гигиеналық жағынан артықшылығын дәлелдеді. Бірақ, бұл үшін оларды орнымен қолдану қажет. Бөлменің пайдалану мақсатына қарай шамдарды спектрі бойынша дұрыс таңдау қажет. Көру сезімталдығы, қызу шамдарының жарығына қарағанда, күндізгі жарыққа сияқты, люминесценттік шамдардың жарығына да төмен болуы себебінен, люминесценттік шамдар үшін жарық деңгейлерінің нормалары қызу шамдарынан 2-3 есе жоғары бекітіледі (7.7 - кесте). Егер, люминесценттік шамдармен жарықтандыру кезінде жарық деңгейі 75-150 лк төмен болса, онда «ақшамдық эффект» байқалады, яғни ірі бөлшектерді қараудын өзінде де, жарық деңгейі жеткіліксіз сияқты сезіледі. Сондықтан, люминесценттік шамдардың жарығы 75-150 лк төмен болмау керек. Кесте Табиғи және жасанды жарықпен жарықтандыру кезіндегі тұрғын және қоғамдық үйлердегі жарық деңгейінің нормативтері Бөлме | Жасанды жарықтандыру кезіндегі жарық деңгейі, лк | ТЖК% | Жоғарыдан және аралас жарықтан-дыру | Бүйірінен жарық түсіру | Өлшеу беті | Адамдар тұратын бөлме | | - | 0,5 | Еден | Ас үй | | - | 0,5 | Шартты түрдегі жұмыс атқарылатын заттың беті | Оқу залдары | | | 1,0 | Жоғарыдағы сияқты- | Аудиториялар, зертханалар | | | 1,5 | Жоғарыдағы сияқты - | Дроссельдер бұзылған жағдайда люминесценттік шамдар тамырдың соғуы тәрізді жарық береді немесе шу шығарады. Бұдан басқа, люминесценттік жарық түскен кезде қозғалыстағы немесе айналып тұрған затты қарағанда, «стробоскоиялық эффект» пайда болуы мүмкін, бұл кезде қаралатын заттың көптеген контурлары, яғни пішіндері пайда болады. Стробоскопиялық эффектіні жою үшін люминесцентті шамдарды әр түрлі фазаларға қосады немесе фазаларында өзгерістері бар арнайы сызбалар қолданады. Қазіргі кездегі люминесцентті шамдардың кемшіліктері жоқ деуге болады және олар көптеген қоғамдық ғимараттарды жасанды жарықпен қамтамасыз ету үшін кеңінен қолданылады. VIII- ТАРАУ. ТАМАҚТАНУ ГИГИЕНАСЫ Тамақтану адамның денсаулығын, оның өмірінің ұзақтығын және сапасын, дүниеге дені сау ұрпақ келтіруін анықтайтын негізгі факторлардың бірі. Тағамның энергетикалық, пластикалық, био- және иммунореттеушілік, реттеушілік-бейімдеушілік, т.б. қызметтерінің арқасында ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығы, өсуі, дамуы және әр түрлі тіндердің, мүшелер мен жүйелердің қызметі қамтамасыз етіледі. Жұқпалы емес аурулардың даму қаупі төмендейді. Ағзаның бейімделушілік және қорғаныштық қасиеттері жоғарылайды. Аурудың салдарынан бұзылған ағзаның гомеостазы және әр түрлі жүйелерінің жұмысы қалпына келеді. Тамақтану және денсаулық, тамақтану және кеселдер мәселелері бір-бірімен тығыз байланысты және алиментарлық жолмен әр түрлі кеселдердің біріншілік және екіншілік алдын алудың негізінде жатыр. Жеткіліксіз немесе артық экзогенді тамақтану, алиментарлық деп аталатын аурудың дамуына себеп болады. Олардың алдын алу, адамға энергия мен тамақтық заттардың физиологиялық қажеттіліктеріне сәйкес келетін рационалды тамақтану арқылы қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, тамақтану ерекшеліктері атеросклероз, ишемия және гипертония аурулары, қатерлі ісіктер, сусамыр, несеп және өт тасы аурулары сияқты, этиологиясы көп факторлы, т.б. көп тараған және қауіпті аурулардың қауіп-қатер факторларының ролін атқаруы мүмкін. Белгілі бір жағдайларда тағам, жұқпалы және паразиттік аурулардың берілу себебі және факторы, сондай-ақ қоршаған ортадан ағзаға бөгде химиялық заттардың (ксенобиотиктердің) түсетін негізгі жолы болуы мүмкін. Сонымен, тамақтанудың адам денсаулығына әсерімен байланысты негізгі мәселелерді білу, адамның денсаулығын сақтау, көптеген аурулардың алдын алу мен тиімді емдеу үшін қажетті жағдай болып табылады. 1. Рационалды тамақтану туралы түсінік. Негізгі қағидалары. Тамақтану адамға негізгі биологиялық қажеттілік болып табылады, себебі, оның өмірі тұрақты түрде тін элементтерінің шығынымен, жаңа жасушалардың және тіндердің, гормондардың, ферменттердің, антиденелердің, секреттердің, т.б. синтезімен байланысты. Егер осы шығындары тағам арқылы өтеліп отырмаса, өмірлік үрдістер тоқтап қалған болар еді. Сонымен, тамақтану өмірлік маңызды қызметтерді қамтамасыз етеді: а) пластикалық қызметті, осының арқасында ағзаның дамуы және жасушалар мен тіндердің үзіліссіз жаңаруы іске асады; б) ағзадағы барлық тіршілік үрдістері үшін қажет энергетикалық қызметті; в) ағзаны, реттеуші-каталитикалық роль атқаратын, кейбір биологиялық белсенді заттармен қамтамасыз етуді; Дегенмен, кез-келген тамақтану түрі, ағзаны оптималды физиологиялық жағдайда ұстап тұра алмайды, денсаулығының және жоғары жұмыс қабілеттілігінің сақталуын, қалыпты өсуі мен дамуын қамтамасыз етуге қабілетті емес. Қазіргі ғылыми көзқарастар бойынша, мұндай талаптарға рационалды (ұтымды) деп аталатын тамақтану ғана жауап бере алады. Рационалды (латынша ratіonalіs - саналы) тамақтану - ағзаға тағамның саны мен сапа жағынан қажеттілігін толық қамтамасыз етуге қабілетті, сөйтіп барлық қуат шығынының өтелуін, бүкіл физиологиялық қызметтерінің оңтайлы өтуін, ағзаның дұрыс өсуі мен дамуын, жұмысқа қабілеттілігін, қоршаған ортаның зиянды факторларына қарсылық күшін жоғары деңгейде қамтамасыз етуге, сондай-ақ, кәрілікті кешеуілдетуге және өмірін ұзартуға қабілетті ғылыми тұрғыдан негізделген тамақтану. Рационалды тамақтанудың негізгі қағидалары: · Тамақтану мөлшері жағынан адекватты, яғни, рационның энергетикалық құндылығы ағзаның энергия шығынын толық өтеп отыруы қажет. · Тамақтану сапасы жағынан құнды, яғни құрамында барлық ағзаға қажетті тамақтық (қоректік) заттар: белоктар, майлар, көмірсулар, дәрумендер, минералды заттар, бәрінен бұрын, алмастырылмайтын құрам бөліктері қолайлы мөлшерде болуы тиіс. · Тамақтану балансталған болуы қажет, яғни құрамы, тамақтық заттардың химиялық құрам бөліктерінің мөлшері мен арақатынастары, олардың пайдаға асуын қамтамасыз ететін ағзаның ферменттік жүйелері үшін қолайлы болуы қажет. Тамақтанудың балансталғандық қағидасы - рационалды тамақтанудың негізгі қағидасы болып табылады, ол тек негізгі тамақтық заттардың - белоктардың, майлардың, көмірсулардың, минералды заттардың және дәрумендердің арасындағы балансталғандықты ғана емес, сонымен қатар белоктардың, майлардың, көмірсулардың, минералды заттар мен дәрумендердің өздерінің құрамына кіретін заттардың да балансталғандығы туралы түсінік береді. · Тағамның әр түрлі болуы, яғни, құрамында жануар текті және өсімдік текті азықтар және жеткілікті мөлшерде тағамдық талшықтар да болуы тиіс. · Тағам залалсыз, яғни тағамда жұқпалы немесе паразиттік аурулардың қоздырғыштары болмауы, ал микробтық және микробтық емес токсиндердің концентрациясы гигиеналық регламенттерден аспайтын болуы тиіс. · Жақсы органолептикалық көрсеткіштері қамтамасыз етілуі, тәбет тартатын, аз көлемде тоқтық сезімін беретін, жақсы қорытылатын және жеңіл сіңетін болуы керек. · Режиммен тамақтану. 2. Халықтың әр түрлі топтарына арналған тамақтық заттар мен энергияның физиологиялық қажеттілік нормалары. Халықтың әр түрлі топтарына арналған тағамдық заттар мен энергияның физиологиялық қажеттілік нормаларын тағамтану ҒЗИ немесе медициналық жоғары оқу орындарының және дәрігерлердің білімін жетілдіру институттарының тиісті кафедралары әзірлейді және ол мемлекеттік нормативтік құжат болып табылады. Олар іс жүзіндегі тамақтануды бағалаудың критерийлері, тағамдық азықтарды өндіруді және тұтынуды жоспарлау кезінде және азық-түлік қорларын бағалау кезінде ғылыми негіздері болып саналады, ұйымдасқан ұжымдардың рациондарын есептеу үшін де қолданылады. Тамақтану нормасы, сондай-ақ, дәрігерлік практикада жеке адамдардың тамақтануын бағалау үшін және оны түзету жөніндегі ұсыныстарды негіздеу үшін де қолданылады. Негізгі тағамдық заттар мен энергияның қажеттілігін анықтау кезінде, ұсынылған энергия тұтыну деңгейінің дәлдігі шешуші роль атқарады. Ол тағам арқылы ағзаға түсетін энергия мен оның шығынының арасындағы диспропорцияны болдырмауы қажет. Дені сау адамдарға энергия қажеттілігі: дене жұмысына белсенділігіне (қуат шығынына), жынысына, жасына, дене массасына, ағзаның жағдайына, климат жағдайына және басқа да қоршаған ортаның факторларына байланысты анықталады. |