МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

Жіктелуі (Г.Н.Красовский бойынша) 34 страница





Тәуліктік энергия шығыны, адамның еркімен реттелмейтін және реттелетін түрлерінен тұрады. Реттелмейтін энергия шығынына, негізгі алмасуға және тағамның спецификалық - динамикалық әсеріне кететін энергия шығындары жатады. Реттелетініне - барлық жұмыс түрін орындауға кететін энергия шығыны жатады.

Негізгі алмасу - тыныштық жағдайында ағзаның негізгі өмір үшін маңызды қызметтерін сақтауға: тыныс алуға, жүректің, бүйректің, т.б. жұмысына кететін энергия шығыны. Негізгі алмасу мөлшері көп факторларға байланысты: жынысына, жасына, массасына, климат жағдайына, т.б. тәулігіне 1000-нан 2000 ккалл дейінгі аралықта ауытқиды. Негізгі алмасу әйелдерге қарағанда, ер адамдарда жоғары, ол ер адамдардың массасы мен денесінің беті үлкен болуымен, бұлшық еттерінің көбірек нығаюымен, зат алмасу үрдістерінің қарқынды жүруімен байланысты. Негізгі алмасу, орта есеппен ер адамдарда -1700 ккал, әйел адамдарда - 1400 ккал.

Негізгі алмасу мөлшері балалар мен жасөспірімдерде, үлкен адамдарға қарағанда, 1,5-2 есе жоғары. Ол 2-3 жастағы балаларда - 55 ккал/кг массасына, 6-7 жаста - 42 ккал/кг, 16-17 жаста - 34 ккал/кг, ал үлкен адамдарда орта есеппен 24 ккал/кг, немесе 1 кг массасына 1 сағатта орта есеппен 1 ккал. Бұл, балаларда өсу және даму үрдістерінің қарқындылығымен, сондай-ақ дене бетінің дене массасына қатынасы, үлкендерге қарағанда, артық болуына байланысты, қоршаған ортаға жылу берілуінің көп болуымен түсінідіріледі.

Негізгі алмасу ауаның температурасы төмен болған кезде, стресс жағдайларында, дене қызуы көтеріліп ауырған кезде, қалқанша бездің гиперфункциясы кезінде және басқа да көптеген факторлардың әсері кезінде жоғарылайды. Негізгі алмасудың төмендеуі аз тамақтанған кезде, эндокринді бездердің гипофункциясы, гиподинамия кездерінде және басқа да жағдайларда байқалады.

Тағамның спецификалық-динамикалық әсері (ТСДӘ) - тағамның әр түрлі құрам бөліктерінің - белоктардың, майлардың, көмірсулардың әсерінен энергия шығынының бірдей емес өсуі. Негізгі алмасудың ең көп өсуі - 30-40 % дейін белоктарды қабылдаған кезде байқалады, майлар мен көмірсуларды қабылдаған кезде азырақ көбейеді: 14 % дейін - майларды, 4-7 % дейін - көмірсуларды қабылдаған кезде. Белок, май, көмірсулары аралас тағамдарды қабылдаған кезде, энергия шығыны тәулігіне, орта есеппен 15 % артады. Тағамның спецификалық-динамикалық әсерін ағзада тағамдық заттардың айналымы (алмасуы) үшін қажетті, тотығу үрдістерінің күшеюімен байланыстырады. Реттелінетін энергия шығыны балалар мен жасөспірімдерде, үлкен адамдарға қарағанда, негізгі алмасу сияқты, жоғарылау. Егер, үлкен адамдарда энергия шығыны орта есеппен 45 ккал/кг болса, ол 1-5 жастағы балаларда 80-100 ккал, 13-16 жастағы жасөспірімдерде - 50-60 ккал құрайды. Мұндай едәуір энергия шығыны зат алмасу үрдістерінің қарқындылығы жоғары, жылу берілуі және балалардың қимылдарының көбірек болуымен, ал ересек жаста, айтылғандарға қосымша жұмыс жүктемелерімен, спортпен, дене шынықтырумен шұғылдануларымен байланысты.



Энергиялық баланс, ағзаның энергия шығыны мен тағам рационының энергиялық құндылығын салыстыру арқылы анықталады. Егер, рационның энергиялық құндылығы тәуліктік энергия шығынын жаппайтын болса, теріс энергиялық баланс пайда болады, егер, энергиялық құндылығы энергия шығынынан едәуір асатын болса, онда оң энергиялық баланс байқалады. Оң да, теріс те, энергиялық баланс адамның денсаулығына зиян. Ол зат алмасуының бұзылуына, әр түрлі жүйелер мен мүшелерде функционалдық және морфологиялық өзгерістердің пайда болуына әкеп соғады.

Халықтың нақты топтары үшін немесе жеке алынған адам үшін, қажетті энергия мөлшерін (санын) анықтаудың физиологиялық критерийі ретінде дене жұмысына белсенділік коэффициенті алынған.

Дене жұмысына белсенділік коэффициенті – бұл, жалпы энергия шығынының негізгі алмасу мөлшеріне қатынасы.

Бір мамандық түрінде жұмыс істейтін адамдардың бәрінің энергия шығыны бірдей бола бермейді, себебі, энергия шығыны орындалатын жұмыс операцияларының ауырлығына және кәсібіне қатысы жоқ, іс-әрекет жағдайына байланысты өзгеріп отыруы мүмкін, яғни энергия шығыны бірдей адамдар тобына кәсібі әр түрлі адамдарды жатқызуы мүмкін. Сондықтан, қазіргі «Нормаларда», (1991) БДДҰ (ВОЗ) ұсынысы бойынша, энергия мен тағамдық заттардың қажеттілігін анықтауға арналған критерийі ретінде дене жұмысына белсенділік коэффициенті алынған.

Осы қағиданы ескеріп, жасы 18-ден 60 жасқа дейінгі жұмысқа қабілетті адамдар дене жұмысына белсенділік коэффициентіне байланысты, ер адамдар бес топқа және әйел адамдар төрт топқа бөлінген. Әрбір топтағы адамдар тағы да үш жас санаттарына бөлінген: 18-29, 30-39 және 40-59 (8.2, 8.3 - кестелер). 60 жастан асқан халықты 2 жас топтарына бөлген: 60-74 жастағы және 75 жастан асқан адамдар тобына. Балалар мен жасөспірімдер 11 жас санаттарына бөлінген: 1-3 ай, 4-6 ай, 7-10 ай, 1-3 жастағылар, 4-5 жастағылар, 6 жастағылар (оқушылар), 7-10 жастағылар, 11-13 жастағылар, ұл балалар және қыз балалар жеке санаттарға, 14-17 жастағы ұл балалар және қыз балалар жеке санаттарға бөлінген (8.3- кесте).

Кесте

Жұмысқа қабілетті халықты (ер адамдарды) дене жұмысына белсенділік коэффицентіне байланысты топтарға бөлу

 

Топ ДЖАК Кәсіп түрлері.
1. Негізінен, ой жұмысымен айналысатын адамдар, дене жұмысы белсенділігі өте жеңіл. 1,4 Ғылыми қызметкерлер, гуманитарлық мамандықтардың студенттері, ЭЕМ (ЭВМ) операторлары, бақылаушылар оқытушылар, диспетчерлер, басқару пульттарында жұмыс істеушілер т.б.
2. Жеңіл жұмыс түрімен айналысатын адамдар, дене жұмысы белсенділігі жеңіл. 1,6 Трамвай, троллейбус жүргізушілері, конвейрлерде жұмыс істейтін адамдар, таразышылар, қораптаушылар, тігіншілер, агрономдар, мейірбикелер, санитаркалар, байланыс, қызмет көрсету қызметкерлері, өнеркәсіп тауарларын сатушылар т.б.
3. Ауырлығы орташа жұмыс істейтін адамдар, дене жұмысы белсенділігі орташа. 1,9 Слесарь, қондырғы орнататындар, станокта жұмыс істейтіндер, бұрғылаушылар, экскаваторлардың, буьдозерлердің, автобустардың жүргізушілері, дәрігер-хирургтер, тоқымашылар, етікшілер, теміржолшылар, көмір комбайндарын жүргізушілер, азық-түлік сатушылар, сушылар, металлургтер, доменщиктер, химиялық зауыттарда жұмыс істеушілер т.б.
4. Ауыр дене жұмысын орындайтын адамдар, дене жұмысы белсенділігі жоғары. 2,2 Құрылыс жұмысшылары, бұрғышылардың көмекшілері, проходчиктер, мақта терушілер, ауылшаруашылық жұмысшылары мен механизаторлардың негізгі бөліктері, сауыншылар, егіншілер, ағаш өңдеушілер, металлургтер мен құюшылар және басқалар.
5. Өте ауыр жұмыс істейтін адамдар, дене жұмысы белсенділігі өте жоғары. 2,5 Егін егетін және егін жинайтын кезеңдердегі механизаторлар мен ауыл шаруашылық жұмысшылары, тау-кен жұмысшылары, ағаш шабатындар, бетонщиктер, тас қалағыштар, жер қазушылар, жұмысы механикаланды-рылмаған жүк тасушылар, бұғы өсірушілер т.б.

8.1. - кестеде көрсетілген топтарға бөлу ер адамдарды қамтиды. Әйел адамдарды топтарға бөлу осыған ұқсас, бірақ 5-ші тобы жоқ, себебі, әйел адамдар бұл топтағы кәсіп түрлерінде жұмыс істемейді. Мұндай топтарға бөлу, тағамдық заттар мен энергия қажеттілігі бірдей еместігіне байланысты:

- әйел адамдарға тағамдық заттар мен энергия қажеттілігі, ер адамдарға қарағанда, 15 % төмен, бұл дене массасының аздау және зат алмасу үрдістерінің қарқындылығы төмендеу болуымен байланысты;

- жас адамдарға (18-29 жастағы) қажеттілік, басқа жас санаттарымен салыстырғанда, жоғарылау, себебі, олардың өсу, даму үрдістері аяқталмаған, зат алмасу үрдістері қарқындылау (ассимиляция үрдістері диссимиляция үрдісінен басым);

- балалар мен жасөспірімдерге тамақтық заттар мен энергия қажеттілігінде, әр түрлі жас кезеңдерінде өсу, даму үрдістерінің қарқындылығы әр түрлі болуымен байланысты, айырмашылықтары бар;

- қарт адамдарда зат алмасу үрдістерінің қарқындылығы, дене жұмысына белсенділігі едәуір төмендеуімен және диссимиляция үрдістерінің ассимиляция үрдістерінен басым болуына байланысты, тамақтық заттар мен энергия қажеттілігі төмендейді.

“Тамақтану нормаларында” (8.2, 8.3 - кестелер) тамақтық заттар мен энергия қажеттілігінің абсолюттік мөлшері идеалды массасы (идеалды масса - берілген жасында, жынысында, бойының ұзындығында қалыпты болуы қажет массасы) 70 кг ер адамдарға, 60 кг әйелдерге арналып келтірілген. Энергия мен тағамдық заттардың қажеттілігі, сондай-ақ, 1 кг идеалды массасына да, есептелуі мүмкін.

Тамақтану нормасы, тағам рационының тек сандық және сапалық адекваттылығын қамтамасыз етіп қоймайды, сонымен қатар, балансталғандығын, яғни, тамақтық заттардың, биологиялық белсенді қосылыстардың оңтайлы ара қатынастарын да қамтамасыз етеді. Рационды тұтас алғандағы (сандық) балансталғандығы және ақуыздары, майлары, көмірсулары, минералды заттары бойынша (сапалық) балансталғандығы деп бөледі. Рационды тұтас алғандағы балансталғандығы, оның құрамындағы ақуыздардың, майлардың және көмірсулардың ара қатынастарымен анықталады. Рационның ақуыздары бойынша балансталғандығы, рациондағы жануар текті ақуыздардың үлесімен, амин қышқылдарының ара қатынастарымен, ақуыздарымен қамтамасыз етілетін рационның энергиялық құндылығымен сипатталады. Рационның майлары бойынша балансталғандығы, жануар текті және өсімдік майларының ара қатынастарымен, құрамындағы қөпқанықпаған, моноқанықпаған және қаныққан май қышқылдарымен және майлар арқылы қамтамасыз етілетін энергиялық құндылығымен анықталады. Рационның көмірсулары бойынша балансталғандығы, құрамындағы жай қанттардың, полисахаридтердің, пектин заттары мен жасұнықтың ара қатынастарымен, сондай-ақ, көмірсулардың есебінен қамтамасыз етілетін рационның энергиялық құндылығымен сипатталады. Минералды элементтерінің балансталғандығы, әзірге, негізінен кальцийдің, фосфордың және магнийдің ара қатынастары бойынша анықталады, себебі, басқа элементтер жөніндегі зерттеулер әлі жеткіліксіз. ДЖАК өскен сайын, энергия мен тағамдық заттардың қажеттілігі өсетіні және ең жоғарысы дене жұмысы өте ауыр жұмысшыларда екені кестелерден көрініп тұр.

Мысалы, 1 - топтағы ер адамдар үшін, тәуліктік энергия қажеттілігі 2100-2450 ккал, келесі топтарда ол біртіндеп өсе береді де, 5 - топта 3750-4200 ккал құрайды. Әйел адамдардың тәуліктік рационының энергиялық құндылығы 1 - тобында 1800-2000 ккал да, 4 – тобында - 2800-3050 ккал. Әйел адамдарға энергия мен тамақтық заттардың қажеттілігі, жүкті және емізулі кезінде өседі (8.2.-кесте).

Нормаларда климат жағдайы да ескеріледі: солтүстік аудандарда энергия қажеттілігі, 8.2.,8.3.,8.4. - кестелердегі мәндермен салыстырғанда, 10-15 % көбейеді (басымырақ майлардың есебінен), оңтүстік аудандарда 5 % кемиді.

Энергия ақуыздардың, майлардың, көмірсулардың тотығуы кезінде пайда болатыны белгілі, олардың 1 г әрқайсысына сәйкес 4,1; 9,3 және 4,1 ккал (калориялық коэффициенті) береді. Сонда негізгі энергия беретіндері - майлар мен көмірсулар, ақуыздарға көбінесе, пластикалық функция беріледі. Сондықтан да, тәуліктік рационның энергиялық құндылығының 56-57% көмірсулардың есебінен, 30 % майлардың есебінен және 11-12 % ақуыздардың есебінен қамтамасыз етілуі қажет. Егер, ағзаға түсетін ақуыздың санын 1 деп алсақ, онда балансталған тамақтану кезіндегі әр түрлі рациондардағы тағаммен ағзаға түсетін ақуыздардың, майлардың, көмірсулардың салмақтық арақатынастары, орта есеппен 1,0:1,2:5,0 болуы қажет. Ой еңбегі кезінде құрамындағы майлары біраз азаяды - 1,0:1,1:4,96, ауыр дене жұмысы кезінде ол, керісінше, көбейеді - 1,0:1,3:5,0 құрайды. Ақуыздардың, майлардың, көмірсулардың балансталғандығы энергиялық құндылығының көрсеткіштерімен өзара байланыста орнатылуы қажет. Сондықтан, ақуыздардың, майлардың, көмірсулардың ара қатынастары тек саны бойынша емес, энергиялық құндылығы бойынша да балансталғандық формуласы қолданылады. Ақуыздардың энергиялық құндылығын 1 деп алсақ, ара қатынастары 1,0:2,7:5,0 болады, яғни әрбір ақуыз калориясына 2,7 майлардың және 5,0 көмірсулардың калориясы келеді. Осы формуланы қолданып және тағам рационының калориясын біліп, негізгі тағамдық заттардың қажеттілік мөлшерін оңай есептеуге болады.

Балалардың рационындағы негізгі тамақтық заттардың ара қатынастары, үлкен адамдармен салыстырғанда, айырмашылықтары бар. Анасының сүтімен тамақтанатын 3 айға дейінгі жасында 1,0:3,0:5,9, себебі, ана сүті ақуыздарының, майларының, көмірсуларының ара қатынастарын қайталайды. Қосымша тамақтандыру енгізген кезде, ара қатынастары өзгереді: 4-6 айлық жасында –1,0:2,3:5,0; 7-12 айда - 1,0:1,9:4,5. Бір жастан асқан балалардың рационындағы майлар мен көмірсулардың үлесі азаяды: 1-6 жастағы балаларда ақуыздардың, майлардың, көмірсулардың арақатынастары 1:1:4,0, ал 7 жастан асқан балаларда –1:1:4,3 болады.

Балалардың рационында майлардың, көмірсулардың артық болуы, зат алмасуының бұзылуына, белоктардың пайдаға асуының нашарлауына, өсуі және дамуының артта қалуына, семіруіне, сусамыр ауруына әкеп соғатындығымен түсіндіріледі.

 


Кесте

Үлкен адамдарға арналған тағамдық заттар мен энергияның физиологиялық қажеттілік нормалары (бір күнге)

Топ ДЖАК Жасы Энергия, ккал Ақуыздар, г Майлар, г Көмірсулар, г   Минералды заттар, мг   Дәрумендер
Барлығы Жануар текті Ca P Mg Fe Zn J C, мг А, мкг ре-тин. экв. Е, мг то-коф. экв. Д, мкг В1, мг В2, мг В6, мг Ниа-цин, мг ниац.экв. Фо-лат, мкг В12, мкг
Ер адамдар
І 1,4 18-29 0,15 2,5 1,2 1,5
    30-39                                
    40-59                                
ІІ 1,6 18-29 0.15 2,5 1,4 1,7
    30-39                                
    40-59                                
ІІІ 1,9 18-29 0.15 2,5 1,6
    30-39                                
    40-59                                
ІV 2,2 18-29 0.15 2,5 1,9 2,2
    30-39                                
    40-59                                
V 2,6 18-29 0.15 2,5 2,1 2,4
    30-39                                
    40-59                                
                                                 

8.2. кестенің жалғасы

Эйелдер
І 1,4 18-29 0,15 2,5 1,1 1,3 1,8
    30-39                                
    40-59                                
ІІ 1,6 18-29 0,15 2,5 1,1 1,3 1,8
    30-39                                
    40-59                                
ІІІ 1,9 18-29 0,15 2,5 1,3 1,5 1,8
    30-39                                
    40-59                                
ІV 2,2 18-29 0,15 2,5 1,5 1,8 1,8
    30-39                                
    40-59                                
Жасы бойынша дене жұмысы белсенділігіне сәйкес келетін нормаға қосымша
Жүкті әйелдер +350 0,03 0,4 0,3 0,3
Бала емізуші (1-6 ай) +500 0,05 0,6 0,5 0,5
Бала емізуші (7-12 ай) +450 0,05 0,6 0,5 0,5
* барлық топтағы 50 жастан асқан әйелдер үшін кальций 1000 мг/тәулік
                                                     

8.2. кестенің жалғасы





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.