МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

ГИПЕРГИДРАТАЦИЯ НЕМЕСЕ СУЛАНУ. 13 страница





● орын толтыратын терапия - организмге өзінде жоқ немесе жетіспейтін биохимиялық заттарды енгізу. Мәселен, гемофилияны емдеу үшін антигемофилдік глобулинді енгізеді.

● витаминотерапия - витаминдерді қалыпты мөлшерден 10 тіпті 100 есе көп мөлшерлерде енгізу. Өйткені көпшілік ферменттер нәруыздардан (апофермент) және экзогендік коферменттен (витамин) тұрады. Бір витамин әртүрлі ферменттерге кофермент болуы мүмкін. Мысалы, В6 витамині — 50-ге жуық ферменттерге кофермент болады. Ферменттің тектік ауытқулары әртүрлі болуы мүмкін, соның ішінде коферментпен байланысу нүктесі (байланыстың тұрақтылығы) бұзылады. Бұл жағдайда витаминнің артық мөлшері, массаның әсер ету заңы бойынша ферменттің белсенділігін арттыруға қабілетті. Қазіргі жағдайда көпшілік витамин В6-байланысты ферментопатияларды (ксантуренурия, гомоцистинурия т. б.) осы жолмен емдеуге болады.

● метаболизмді арттыру (индукция) немесе кеміту (ингибиция). Индукция — әртүрлі дәрілерді пайдаланып, жетіспейтін ферменттердің түзілуін арттыру. Мәселен, Вильсон-Коновалов ауруындағы метаболизмге қатысатын церулоплазминнің құрылуын эстрогендер арттырады. Әртүрлі жолдармен заттардың алмасу қарқынын төмендетуді ингибиция дейді. Мәселен, Вильсон-Коновалов ауруы кезіндегі мыс иондарының көбеюін, оларды байланыстыру және артынан организмнен сыртқа шығару арқылы, мыстың алмасуын төмендетуге болады. Подагра кезінде зәр қышқылының түзілуін тиопуринолмен төмендетуге болады.

● хирургаялық емдеу тұқым қуатын даму ақауларын (қоянжырық, тесік таңдай, полидактилия т. б.) емдеуге қолданылады. Тұқым қуатын сфероцитоз- да көкбауырды алып тастайды. Тұқым қуатын патологияларда ұрықтық айырша безді (тимусты) жапсыру немесе оны алып тастау (аутоиммундық бұзылыстарда) арқылы емдейді.

● емдәммен емдеу (диетотерапия)— көпшілік тұқым қуатын ауруларда емдеу мен профилактиканың жалғыз патогенездік және өте нәтижелі әдісі болады. Көпшшк тұқым қуатын ауруларда тиісті қоректенумен зат алмасудың бұзылуын түзету жете зерттелген. Тамақтан организмдегі метаболизмі бұзылған кейбір заттарды алып тастау жеңіл болып көрінеді. Қиыншылығы бұл ауруларды бала туғаннан кейін бірінші жұмада анықтау керек. Бірақ ол әрқашан сәтті аяқтала бермейді. Сонымен, баланың бірінші 2-3 айлығында фенилкетонурия анықталса осы әдіспен емдеу оның қалыпты дамуын қамтамасыз етеді, 3 айдан бір жасқа дейін анықталғанда емдеу тек 26% қанағаттанарлық нәтиже береді.

Қазіргі жағдайда эксперименттік емдеу әдістерін зерттеу мынадай:

● орынтолтырарлық емдеуде организмге ферменттерді иммундық үйлесімсіздіктен қорғау үшін жасанды липид қабықтарымен (липосом) қоршап енгізеді. Липосомалар жасушаның ішіне кірген соң ферментті босатады. Сонымен ол иммундық қабілетті жасушалардан сақталады.



Осы мақсатқа эритроциттердің гемоглобиннен босатылған қабығын пайдалануға да болады.

● қазіргі кезде гендік инженерияға ерекше көңіл бөлінуде. Науқас адамдардың жасушаларын алып, олардың генін түзеп, қайта сол организмге қондыруға болады. Геномды түзеу трансдукция (сау жасуша геномының бөлшегін вирустармен (фаггармен) үзіп алып, ауру жасушаға —(реципиентке) қондыруға болады. Сонда бүл геномның бөлшегі дұрыс қызмет атқара бастайды. Бірақ бұл жолдың қиыншылықтары әзірше толық шешіле қойған жоқ.

 

Дене бітімі ерекшеліктерінің дерт дамуындағы маңызы

Жеке тұлғалардың құрылымдық, функциялық және жан-дүниелік ерекше- ліктерінің жиынтығын дене бітімі ( орысша - организмнің конституциясы, ағылшынша соматотип) дейді. Ол тұқым қуалаушылықтың және қоршаған орта ықпалдарының әсерлерінен жүре пайда болған қасиеттер негізінде қалыптасады. Организмнің дене бітімі, жан дүниесі және ағзалары мен жүйелерінің қызметтері әр адамда әртүрлі екендігі мәлім. Ол даралық реактивтілікті, физиологиялық және дерт туындататын ықпалдарға организмнің төзімділігін, бейімделу ерекшеліктерін немесе дерт дамуына бейімділігін анықтайды. Кез келген аурудың пайда болуы, өтуі, оның салдарлары ауру туындататын әсерлердің түрі мен күшіне ғана емес организмнің тұлғалық ерекшеліктеріне де (дене бітіміне де) байланысты. Жеке тұлға ерекшеліктерін ажырату үшін көптеген жіктеулер ұсынылды. Бұларға дене бітімі құрылымының ерекшеліктері, зат алмасудың, симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйелерінің, еті тірлігінің, жоғарғы жүйке іс-әрекеттерінің т. б. ерекшеліктері жатады. Алғашқы жіктеуді организм сұйықтарының (қан, шырыш, қара және сары өт) арақатынасына қарай Гиппократ ұсынды. Ол адамның тәртібіне және еті тірлігіне қарай сангвинник, холерик, флегматик, меланхолик -деп ажыратты.

Холерик — қызба, жеңілтек, күйгелек, ашушаң, тез қимылдайтын адам. Бұл адамның сезімінде, мінез — құлқында, сөйлеген сөзінде, ымдарында, дене қимылдарында шапшаңдық басым, нені істеседе тез істейді, жұмысқа қабілеті жоғары, бірақ ұзаққа бармайды. Қайтымы да тез.

Сангвиник — адам жатырқамайтын, ұстамды, еті тірі, ширақ, әрнәрсеге епті, икемді адам.

Флегматик — сабырлы, салмақты, асықпайтын, байсалды адам.

Меланхолик — тұйық, уайымшыл, көнгіш адам. Гиппократтың бұл жіктеуі өзінің мәнін әлі жоғалтқан жоқ.

Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы «Шипагерлік баян» қолжазбасында:

● қандық аңғақтық ыстықтық бейімі;

● қандық аңғақтық суықтық бейімі;

● қандық аңғақтық сұйықтық бейімі;

● қандық аңғақтық қоюлық бейімі;

● қандық аңғақтық буылмалық бейімі;

● қандық аңғақтық уылмалық бейімі – деп дене бітімін алты түрге ажыратады.

Қаны ыстықтыққа бейімін дене бітімі еңгезердей, өңі шиедей қызыл, сабырлы, көп сөйлемейтін, аз күлетін, ешкіммен сырласпайтын, сыздап сөйлейтін, ұстамды адам – деп сипаттайды.

Қаны суықтыққа бейімадамдарды қараторы өңді, толықшалау, сөйлеуге ынтық, менікі ғана жөн дейтін, білгірлігі мен біліктілігін көрсете білетін, өзіне сенімді – деп сипаттайды.

Қаны сұйықтыққа бейімадамдарға өң-әлпеті әртүрлі, көзі шатынап, терісіне симай әрнәрсеге соқтыққыш, қараптан қарап тұрып ашушаң, басқаның сөзін аңдитын, басынан сөз асырмайтын, болымсыз нәрсе үшін өш алуға бейім, төбелесуге жақын тұратын, артын ойламайтын адам – деп сипаттама береді.

Қаны қоюлыққа бейім –деп үйден көп ұзап шықпайтын, үйкүшік, шілденің ыстығында үстінен киімін тастамайтын, суық тисе жалпасынан түсетін, маңдайы жіпсіп терлесе ғана жадырайтын, іс-әрекеттері аз адамдарды келтіреді.

Қаны буылмалыққа бейім– деп өң-әлпеті сұрғылт, көз жанары солыңқы, көп көзге түспейтін, кенеттен талықсып, есінен айырылатын адамдарды суреттейді.

Қаны уылмалылыққа бейім адамдарды өңі аққудай, көз жанары солыңқы, арық, бет әлпеті жып-жылтыр, бұлшықеттері болбыр, жүріп тұруға еріншек, даусы әлсіз, қан тамырлары қанаса, оны тоқтату тым қиын болады – деп сипаттаған. Осымен тоқтап қалмай, Өтекең бабамыз дене бітімінің көптеген аралас түрлерін де келтіреді. Осы жіктеуді Гиппократтың жіктеуімен салыстыра отырып, Өтекеңнің бірінші түрі флегматиктерге, екінші түрі сангвиниктерге, үшінші түрі холериктерге, төртінші түрі меланхоликтерге өте жақын келетінін байқауға болады. Ал соңғы екі түрлері қояншық және гемофилия ауруларымен ауыратын адамдарды меңзейді.

Кейінгі жіктеулердің негізінде дене бітімінің тек құрылымдық ерекшеліктеріне зор мән берілген. Мәселен, француз ғалымы Сиго дене бітімі түрлерін осы тұрғыдан: тыныстық, асқорытулық, бұлшықеттік, милық-деп төрт түрге бөлді

Тыныстық түріне — кеудесі үлкен, төс шеміршегінің бұрышы үшкір, қарыны кішкене, аяқ-сирағы ұзын және жіңішке, бұлшық еттері нашар дамыған адамдарды жатқызады. Асқорытулық түрі —деп бетінің төменгі жағы күшті дамыған, кеудесі кең, жалпақ, мойыны қысқа, қарын жағы жайылып жатқан, төс шеміршегінің бұрышы алшақ, семіздікке ыңғайлы адамдарды есептейді. Бұлшықеттік түріндегіадамдар — жауырынды, иықты, кеудесі кең, бұлшық еттері нығыз, жақсы дамыған (жалпы дене құрылысы бір-біріне сай) –деп сипатталады. Милық түріне — денесі нәзік, ашаң, басы үлкен, маңдайы кең, аяқ-қолы қысқа адамдарды жатқызады.

Осы негізде неміс ғалымы Кречмер (1921 ж.) дене бітімі түрлерін 3 түрге ажыратты. Астениялық түрі — Сиго жіктеуі бойьшша тыныстық түріне ұқсас келеді. Пикниктік түрі — аласа бойлы, жалаң бетті, мойны қысқа, іші жайылып жатқан (Сиго бойынша асқорытулық түрі); Атлеттік түрі — дене құрылысы бір-біріне сай, еттері тығыз, жақсы дамыған, (Сиго бойынша бұлшықеттік түрі). Кречмер бұл дене бітімінің құрылымдық ерекшеліктерін адамның мінез-құлқымен, ет тірілігімен және психикасымен байланыстырып қана қоймай, оларда қияли аурулардың пайда болу мүмкіндіктерімен байланыстырды. Сол себептен Кречмердің пікірі бойынша дене бітімінің астениялық түрі бар адамдардың арасында шизофрения, атлеттік түрі барларының арасында жиі қояншық ауруы, пикниктік түрі барларында желікпелік-тұнжыраулық қияли аурулар жиі кездеседі. Бірақ бұл пікірмен келісуге болмайды. Өйткені Кречмер көрсетілген жіктеуді есі ауысқан науқастардың арасында жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде жасаған. Сондықтан оны сау адамдарға таратуға болмайды.

Клиникаларда дене бітімі ерекшеліктеріне М.В.Черноруцкий ұсынған жіктеу кең тараған. Бұл жіктеуде дене бітімінің, құрылымдық ерекшеліктерімен қатар, функциялық және зат алмасулық ерекшеліктер енгізілген. Ол дене бітімі ерекшеліктерін: астениялық, нормостениялық және гиперстениялық– деп үш түрге ажыратты.

Астениялық дене бітімі бар адамдардың кеудесі ұзын, ашаң, төс етегі шеміршектерінің бұрышы сүйір, салмағы жеңіл, денесінде түзілістік үрдістер ыдырау үрдістерінен кем болады. Олардың жүрегінің көлемі кішкене, өкпесі ұзын және үлкен, оның тіршіліктік сыйымдылығы жоғары, ішек-қарны қысқа, көгеті төмен орналасқан, бауыры мен бүйрегі төменірек ығысқан, артериалық қан қысымы төмен, қанында гемоглобин азырақ, ішек-қарынның қимылдық әрекеттері әлсіз, бүйрек үсті бездерінің қызметі төмен болады.

Гиперстениялық дене бітімі бар адамдарда толықтыққа бейімдік айқын көрінеді, аяқ-қолдары қысқа, кеудеден құрсақ аумағы басым, төс етегі шеміршектерінің бұрышы доғал, көгеті жоғары орналасқан, жүрегінің көлемі үлкен және ол көлденең орналасады, қолқасы кең, өкпесі келте, қарны көлемді, ішектері ұзын болады. Бұндай адамдардың денесінде түзілістік үрдістер ыдырау үрдістерінен артық болады. Олардың қанында эритроциттердің, гемоглобиннің, қанттың, холестериннің, зәр қышқылдарының мөлшерлері қалыпты деңгейлерінің үстіңгі шектерінде байқалады. Артериалық қан қысымы жоғары, ішек-қарынның қимылдық әрекеттері көтеріңкі деңгейде болады.

Нормостениялық дене бітіміжоғарыда көрсетілген екі түрлерінің аралық түріне жатады.

Гиперстениялық дене бітімді адамдар зат алмасу ауруларымен, өт-тас ауруларымен, атеросклерозбен, жүрек-қан тамырларының басқа да ауруларымен жиі ауыратыны белгілі.

Астениялық дене бітімді адамдарда өкпе туберкулезі, асқазан мен ұлтабардың ойық жарасы, гипотензия, Аддисон ауруы т.б. жиі кездеседі.

Дегенмен жоғарыда келтірілген дене бітімінің түрлері таза күйлерінде сирек байқалады. Олардың араласқан түрлері жиірек кездеседі. Осыған байланысты организм ағзаларын біріктіретін белгілі физиологиялық жүйелердің ерекшеліктеріне қарай дене бітімдерінің жіктелулері пайда болды. А. А. Богомолец осы негізде организмде дәнекер тіндік физиологиялық жүйеге зор мән берді. Ол осы жүйенің даму ерекшелігіне қарай дене бітімін астениялық, фиброздық, липоматоздық және пастоздық деп ажыратты.

Астениялық түріне өте нәзік, жіңішке дәнекер тіндері;

Фиброздық түріне - тығыз және талшықты дәнекер тіндері;

Липоматоздық түріне май тіндерінің қатты дамуы, семіздікке бейімділік;

Пастоздық түріне — болбыр дәнекер тіні және ісінуге бейімділік тән деп есептеді.

Дене бітімі туралы ілімді дамытуға И. П. Павлов зор үлес қосты. Ол организмді тұтас күйінде біріктіріп тұратын жүйке жүйесінің жұмысын дене бітімдерін жіктеудің негізіне алды. И. П. Павловтың жіктеуі бойынша жүйке жүйесінде болатын негізгі үрдістердің (қозу, тежелу) күшіне, ұстамдылы-ғына, бір-біріне ауысу жылдамдығына қарай бөлінді.

Жоғарғы жүйке іс-әрекеттері орталық жүйке жүйесінде қозу мен тежелу үрдістерінің күшіне қарай күшті және әлсіз деп бөлінді. Күшті жоғарғы жүйке іс-әрекеттері көрсетілген үрдістердің ұстамдылығына қарай: ұстамды және ұстамсыз деп екіге ажыратты. Жоғарғы жүйке әрекеттерінің күшті, ұстамды түрі қозу мен тежелудің бір-біріне ауысу жылдамдығына қарай жігерлі және салмақты болып ажыратылды.

● күшті, ұстамды жігерлі — орталық жүйке-жүйесінде, ми қыртысында және қыртыс асты құрылымдарда негізгі қозу мен тежелу үрдістерінің екеуі де күшті болады. Бұл адамдардың еті тірі, жүйкесі мықты, өткір, жүйке жүйесіндегі қозу мен тежелу үрдістерінің ауысу жылдамдығы өте тез болады. Қиындықтарға төзімді, өмір қиыншылықтарын икемділікпен шеше білетін адамдар жатады. Бұл түр Гиппократтың жіктеуінше сангвинник түріне сәйкес келеді.

● күшті, ұстамды, салмақты, ауыр мінезді адам, жүйке жүйесінде қозу мен тежелу үрдістері күпггі болады. Бұл адамдар жұмыста тындырымды, өзін-өзі ұстай біледі (байсалды), бірақ тым салмақты, өзінің үйреншікті әдеттерін аз өзгертетін немесе өзгертпейтін адамдар. Гиппократтың жіктеуінше флегматиктерге сәйкес келеді.

● күшті, ұстамсыз, күйгелек, жүйке жүйесі күшті адамдар. Олардың миында қозу процесі айқын басым, қимылы тез болады. Тез арада қопарып көп жұмыс істей алады. Бұл адамдар көп жағдайда шамасын білмей артық кетіп қалады. Ашушаң, жеңіл мінезді, күйгелек, сабырсыз адамдар. Гиппократтың жіктеуі бойынша холериктерге келеді.

● әлсіз, тұйық, сенгіш адамдар. Олардың жүйке жүйесіндегі үрдістер тым әлсіз, нәзік. Қиындықтарга төзімсіз, жұрттың айтқанына көнгіш, тез сенгіш, уайымшыл адамдар. Гиппократ бойынша меланхоликтер.

Дерттік үрдістердің пайда болуы мен дамуына жоғарғы жүйке жүйесінің ерекшеліктері ықпал жасайтынына көптеген дәлелдер келтіруге болады. Мысалы, жоғарғы жүйке жүйесі күшті, ұстамды иттерде эксперименттік неврозды алу өте қиын, ал оны ұстамсыз немесе әлсіз жануарларда жеңіл алуға болады. Тәжірибелерде алынған деректер бойынша өспе ауруы дамуында жүйке жүйесінің ерекшеліктерінің ықпалы бар екендігі анықталған.

Сонымен бірге И. П. Павлов адамдарды мынадай түрлерге бөлген:

бейнешіл кейіпкер — бірінші дабылдық (сигналдық) жүйесі басым, сондықтан көркемдік, бейнелік табиғат тануда тиянақты пікірі бар адамдар.

аралық кейіпкер.

ойшыл (қиялшыл) кейіпкер — тілсөз жүйесі басым, дерексіз ойлауы мен қиялы жақсы дамыған адамдар.

Дене бітімінің ерекшеліктерін білу арқылы адамдардың кейбір дерттерге бейімділігін ескеріп, оған қарсы профилактикалық жұмыстар жүргізуге, дерт дамымауы үшін қолайлы жағдай жасауға болады. Дене бітімі ерекшеліктеріне байланысты емді де даралап жүргізуге болады. Сайып келгенде, дене бітімінің ерекшеліктері адам организмінің реактивтілігін анықтайды, оның құбылмалы сыртқы орта ықпалдарына бейімделу мүмкіндіктеріне, физиологиялық және дерттік үрдістердің өту жолдарына зор ықпал етеді.


 


ДИАТЕЗДЕР.

Организмнің ауытқыған дене бітімінің бір түрі болып диатездер (грек. diathesis — бейімділік) есептеледі. Диатез — әдеттегі немесе ауру туындататын әсерлерге организмнің бұрынғы қалпынан ауытқып жауап қайтаруымен сипатталатын жас балалардың дене бітімінің өзгеруі. Бұл кезде балалардың кейбір дерттік үрдістерге бейімділігі байқалады. Диатездің бірнеше түрлері белгілі. Олардың бастапқы кезеңдері байқалмауы мүмкін. Ал, баланың қоректенуі бұзылудан, қоршаған ортаның басқа ықпалдарының әсерлерінен олар айқын түрлеріне ауысады.

Жалқықты-шырыштыкссудациялық-катаралдық) диатез екі жасқа дейінгі 40-60% балалардың арасында кездеседі. Бұл диатез кезінде тері мен шырышты қабықтар қайта-қайта қызарып, базданып қабынады, одан көп шырышты жалқық (экссудат) бөлінеді, жиі аллергиялық қабыну дамуына бейімділік байқалады. Даму жолдарына қарай бұл диатез иммундық және иммундық емесболып ажыратылады. Көпшілік жағдайларда ол иммундық емес, жалған аллергиялық, жолмен дамиды. Бұл кезде аллергияның бірінші иммундық серпілістер сатысы болмайды. Диатез дамытқан түрткінің әсерінен лаброциттерден биологиялық белсенді заттар (гистамин т.б.) босап шығып, ағзалар мен тіндердің қан тамырлары қабырғаларының өткізгіштігін көтеріп, қабыну дамытады. Лаброциттерден гистаминнің босап шығуы оның артық өндірілуінен немесе жеткіліксіз әсерсізденуінен болуы мүмкін. Гистаминнің артық өндірілуін туындататын заттарды гистаминнің либераторлары дейді. Оларға: антиген-антидене кешендері, пептидтер, протеазалар, уыттар мен улар, моноаминдер, кейбір тағамдық заттар (мәселен, сиыр сүті, жұмыртқа, құлпынай, шоколад, лимон, апельсин, банан т.б.) жатады.

Емшектегі балалардың қанында протеолиздік ферменттердің, соның ішінде гистаминазаның, мөлшері аз және белсенділігі төмен болудан артық гистамин дер кезінде ыдыратылып әсерсізденбейді. Сонымен бірге жас балалардың тіндерінің гистаминге сезімталдығы жоғары болады. Осыдан гистаминнің әсерінен тері мен шырышты қабықтардың талаурап қабынуы дамиды. Бұл келтірілген жағдайларда жалқықты-шырышты диатез иммундық емес жолдармен дамиды.

Егер жалқықты-шырышты диатез аллергенді тым мардымсыз аз мөлшерде қабылдағаннан кейін дамыса, онда ол иммундық жолмен дамығанын көрсетеді. Бұл кезде баланың бүкіл денесіне тараған ауыр аллергиялық серпілістер байқалады. Бұл диатездің даму жолдарына қарай: атопиялық, аутоаллергиялық және инфекциялық-аллергиялық–деп ажыратады.

Атопиялық жалқықты-шырышты диатезге:

ата-анасында аллергиялық аурулардың болуы;

♣ теріде қышыма дамуы;

♣ IgE түзілуіне тұқым қуалайтын бейімділік болуы;

♣ қанында IgE көп, норадреналиннің аз болуы;

♣ гистаминнің мес жасушаларынан өздігінен көп босауы;

♣ тері ішіне гистамин енгізгенде оның көтеріңкі сезімталдығы және соған жауап ретінде дене қызымы көтерілуі;

♣ гистамин мен ацетилхолиннің әсерінен кеңірдекшелердің қатты жиырылуы т.с.с құбылыстар тән болады.

Сондықтан оларда жиі демікпе, есекжем, Квинке ісінуі, анафилаксиялық сілейме дамиды.

Аутоаллергиялық жалқықты-шырыштыдиатездің даму жолдарында аллергиялық серпілістердің цитотоксиндік түрі маңызды орын алады. Бұл кезде терінің ультракүлгін сәулелерге сезімталдығы көтеріледі, клиникалық ешқандай көріністері болмауына қарамай, балалардың қанында IgG және IgM мөлшері қалыптыдан біршама жоғары болады. Осыдан бұл балалардың ішкі ағзаларының аутоиммундық бүліністері байқалуы ықтимал.

Инфекциалық-аллергиялық жалқықты-шырышты диатезкезінде тыныс алу жолдарының жіті вирустық жұқпаларынан және жұтқыншақ пен көмекейдің қабынуларынан эритроциттердің тұну жылдамдығы (ЭТЖ) ұзақ уақыт жоғары деңгейде ұсталып тұрады. Бұл аурулар буындардың сырқырауымен және жүрек қызметтерінің бұзылыстарымен қабаттасады.

Аллергиялық диатездердің болуы әлі ааллергиялық ауру емес. Олар соңғыларының дамуына бейімділік қана.Сондықтан аллергиялық ауруға ауысу үшін, аллергенмен түйісуден басқа, тыныс алу жолдары мен ішек-қарын жолдарында жұқпалардың жергілікті ошақтары, тері мен шырышты қабықтардың әртүрлі ықпалдармен тітіркендірілуі, бауырдың уытсыздандыру қызметінің әлсіреуі, қоректенудің бұзылыстары сияқты көптеген ықпалдардың болуы қажет.

Лимфоидтық-гипоплазиялық диатез.Бұл диатез жас балалардың арасында 3,2-6,8% жиілікпен кездеседі. Балалардың жұқпалы-уытты, әсіресе дұрыс емделмеген, аурулары, нәруыздары немесе көмірсулары тым артық тамақпен тиімсіз қоректендіру т.с.с. нәтижелерінде дамиды. Оның дамуында тұқым қуалаушылыққа бейімділіктің маңызы зор. Ұзақ мерзім жұқпалы-уыттардың әсерлерінен айырша без бен лимфоидтық тіндердің қызметтері бұзылады. Артынан бүйрек үсті бездерінің гипоплазиясы дамиды. Сондықтан оларда катехоламиндер мен глюкокортикоидтық гормондардың түзілуі азаяды. Осыдан минералокортикоидтық гормондардың үлесі артып кетеді де, лимфоидтық тіндердің салдарлық гиперплазиясы дамиды, натрий мен хлоридтер және су денеде тұтылып қалады. Дененің ісінуі жиі байқалады. Мұндай балалардың бет пішіні домбыққан, бозарған, бұлшық еттері әлсіз, лимфалық түйіндері ұлғайған болады. Лимфоидтық тіні қатты өсіп кеткеніне қарамай оның жеткіліксіздігі байқалады жыныстық дамуы кешеуілдейді. Бұл балаларда баспа және фарингит жиі дамиды, көкбауыры ұлғайып, қанында лимфоциттердің саны көбейеді. Аутоаллергиялық аурулар дамуына бейімділік артады. Бұл жағдайды тимиколимфатикусжағдайы деп атайды. Өйткені бұл адамдарда айырша бездің кері дамуы баяулайды, бүйрек үсті бездерінің жеткіліксіздігі дамиды. Содан организмнің көптеген, тіпті жеңіл, әсерлерге төзімділігі төмен болады.





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.