МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

ГИПЕРГИДРАТАЦИЯ НЕМЕСЕ СУЛАНУ. 6 страница





Электр ағымының бүліндіргіш әсер ету жолдарында электрохимиялық әсері маңызды орын алады. Электр ағымы теріден өтіп әртүрлі тіндердің жасушаларында электролиздік тепе-теңдікті бұзады, олардың биологиялық әлеуетін өзгертіп, жасуша мембраналарының поляризациясына әкеледі. Тіндердің анод орналасқан аумағында оң дәрмені бар иондар жиналады (қышқыл реакция пайда болады), катод жағында теріс дәрмені бар иондар жиналады (сілтілік реакция болады). Осыдан жасушалардың қызмет атқару жағдайы өзгереді. Анодтың астында қышқыл реакция болғандықтан тіндік нәруыздар ұйып қалады. Содан дамитын некрозды коагуляциялық некроз дейді. Ал, катод орналасқан тіннің аумағында сілтілік реакция болғандықтан тіндік нәруыздар қатты ісініп кетеді. Мүны колликвациялық некроз дейді. Бұндай құбылысты электр ағымының электролиздік әсері деп атайды. Бұл құбылыс жүрек етіне әсер еткенде оның жауап қайтармайтын (рефрактерлік) фазасын қысқартып, жүйкелік серпіндердің үдемелі кері айналып жүруінен ет талшықтарының жыпылығы (фибрилляциясы) дамуына әкеледі. Электр ағымының әсерінен тыныс алу мен қан тамырларының қимылдық орталықтарының бүлінуі олардағы жүйке жасушаларының бұзылыстарынан дамиды. Өйткені нейрон мембраналарының қатты деполяризациясы, олардың цитоплазмасындағы нәруыздардың ұйып қалуы болады.

Электр ағымының әсерінен дамитын клиникалық өлім кезінде жүрек етінің жыпылығы ұзақ сақталуы мүмкін. Сондықтан бұндай өлген адамдарға биологиялық өлімнің айғақты белгілері пайда болғанша медициналық (қолмен дем алдыру, жүрекке ысқымақ (массаж) жасау) жәрдем көрсету қажет.

Электр ағымының әсерінен адамның өлімі тыныс алудың және жүректің тоқтап қалуынан болады. Тыныс алудың тоқтауы:

● тыныс орталығының зақымдануынан;

● тыныс орталығын қанмен қамтамасыз ететін омыртқа артерияларының жиырылып қалуынан;

● тыныс алуға қатысатын бұлшықеттердің жиырылып қалуынан;

● дыбыс байламдарының жиырылып қалуынан;

● тыныс алу жолдарының бітелуінен, дамиды.

Жүректің тоқтауы:

● жүрек қарыншаларының жыпылықтауынан;

● коронарлық қан тамырларының жиырылып қалуынан;

● қан тамырларының қимылдық орталығының зақымдануынан;

● кезбе жүйкелерінің межеқуаты (тонусы) көтеріліп кетуінен, дамиды.

ИОНДАҒЫШ СӘУЛЕЛЕРДің бүліндіргіш ӘСЕРЛЕРІ.

Иондағыш сәулелер организмге сырттан немесе ішінен әсер етулері мүмкін. Адам организмі рентген құралдарымен, ядролық реакторлармен және дәрменделген (зарядталған) бөлшектердің тездеткіштерімен (бетатрондар, циклотрондар, синхрофазотрондар, сызықтық тездеткіштермен), радийбелсенді изотоптармен, радийбелсенді қазбаларды өңдеу т.с.с.. жұмыстар атқарғанда иондағыш сәулелердің әсеріне душар болады. Ауруханаларда науқастарды емдеу үшін иондағыш сәулелер қолданылады. Сонымен бірге атом бомбаларын сынағанда немесе соғыста қолданылғанда, ядролық реакторлардың апаттары кездерінде адам организміне иондағыш сәулелер әсер етеді.

Радийбелсенді заттар тағаммен, сумен немесе тыныс жолдары арқылы организмге түскенде олар адамның ішінен әсер етеді. Олардың әрі сырттан, әрі ішінен біріккен әсерлері болуы мүмкін.

Иондағыш сәулелер атомдар мен молекулалардың иондалуын туындататын болғандықтан олардың биологиялық белсенділігі өте жоғары болады. Шыққан табиғаты бойынша иондағыш сәулелер электромагниттік (рентген, гамма-сәулелері) және денешіктік (корпускулалық) (дәрмені бар бөлшектер: гелий-ядросы альфа-сәулелер, электрондар бета-сәулелер, протондар; дәрмені жоқ нейтрондар) болып ажыратылады.

Иондағыш сәулелердің бүліндіргіш әсері тіндердің иондалу тығыздығының шамасына және өтіп кету қабілетіне байланысты. Неғүрлым олардың өтіп кету қабілеті төмен болса, соғұрлым иондау тығыздығы жоғары болады да, бүліндіргіш әсер күшті болады. Альфа-сәулелерінің тіндер арқылы өтіп кету қабілеті өте төмен, бар жоғы бірнеше ондаған микрометр, болғандықтан олардың иондау қабілеті ең жоғары болады. Гамма-сөулелері тіндер арқылы тез өтіп кетеді де, олардың иондау қабілёті аз болады.

Организмнің сәулеленуі бір мезгілдік, бөлшектенген және ұзақ мерзімдік болады. Организмді бөлшектеп, ұзақ уақыт сәулелендіргенде оның бүліністеріне әкелетін сәулелердің жалпы өлшемі бір мезгіл сәулелендіргендегі сәулелердің өлшемінен біршама көп болады.

Иондағыш сәулелердің бүліндіргіш әсері сөулеленген дене қабатының аумағынан, организмнің даралық реактивтілігінен, адамның жасы мен жынысынан және сәулеленуге дейінгі организмнің жалпы күйіне байланысты болады. Мәселен,жас және буаз жануарлар иондағыш радиацияның әсеріне

өте сезімтал болады. Бір организмнің өзінде әртүрлі жасушалар мен тіндердің бұл сәулелерге сезімталдығы әртүрлі болады. Ұдайы жаңарып, өсіп-өніп тұратын (сүйек кемігінің қан өндіретін тіндері, жыныстық бездері, ас қорыту жолдарының эпителий жасушалары) тіндер иондағыш сәулелердің әсеріне өте сезімтал болады. Керісінше, бұлшықет, жүйке және сүйек тіндерінің сезімталдығы төмен болады.

Организмге иондағыш радиацияның әсер ету жолдары.

Иондағыш радиация организмнің жергілікті бүліністеріне және жалпы бұзылыстарына әкеледі. Иондағыш сәулелердің бүліндіргіш әсері шартты түрде үш кезеңге бөлінеді:

● иондағыш сәулелердің алғашқы әсері;

● радиацияның жасушаларға әсері;

● радиацияның тұтас организмге әсері.

Иондағыш сәулелердің тіндерге алғашқы әсеріатомдар мен молекулалардың (судың) иондалуына, белсенді бос радикалдардың (О , ОН ) және сутегінің асқын тотығы (Н2О2) пайда болуына әкеледі. Бұл бос радикалдар жасуша қабықтарындағы май қышқылдарының асқын тотығуына және олардың гидроасқын тотықтары (RОН ) түзілуіне әкеледі. Бұл химиялық реакция өзара тізбектеліп, тоқтамай жүре береді. Осыдан ішкі ағзалар мен тіндердің жасушаларының мембраналары бүлінеді. Бұл кезде митохондрийлардың мембраналарының бүліністерінен тотығулық фосфорлану бұзылып, энергия түзілуі азаяды. Жасуша ядроларының қабығы бұзылудан ДНК, РНК, нәруыздар түзілуі бұзылады. Олардың түзілуі ұдайы өсіп-өніп тұратын тіндер үшін өте қажет. Сондықтан бұл тіндер иондағыш сәулелердің әсерінен ең алдымен бүлінеді.

Радиацияның жасушаларға әсері.Жасушалар радиацияға сезімталдығы бойынша мына тізбек бойынша орналасады: лимфоидтық тіндердің жасушалары (лимфалық түйіндер, көкбауыр, айырша без), сүйек кемігі, атабез, анабездер, ас қорыту жолдарының шырышты қабығы, терінің эпителий жасушалары т. с. с.

Жасушалардың радиацияға сезімталдығы олардың: гендік құрылымдарының мөлшерінен, энергиямен қамтамасыз ететін жүйесінің белсенділігінен, зат алмасуларының қарқынынан, мембраналарының тұрақтылығынан және олардың қалпына келу қабілетінен, репарациялық ферменттерінің белсенділігінен байланысты. Жасушалардың иондағыш сәулелермен зақымдануының негізінде жасуша ішіндегі ультра құрылымдарының бұзылыстары және соған байланысты зат алмасуларының өзгерістері жатады.

Аз мөлшердегі иондағыш сәулелер жасушалардың қайтымды өзгерістерін туындатады. Бұл өзгерістерге нуклеин қышқылдары түзілуінің тежелуі, жасуша мембраналарының өткізгіштігі жоғарылауы, хромосомалардың өзара жабысқақтығы, ядрода түйіршіктер пайда болуы, митоздың шектелуі т.т. жатады. Олар сәулеленуден кейін бірнеше минуттың ішінде дамиды. Артынан бұл өзгерістер жоғалады.

Жасушаларға иондағыш сәулелердің көп мөлшері әсер еткенде олар тіршілігінен айырылады. Бұл кезде лизосомалардың мембранасының өткізгіштігі көтерілуінен қышқыл гидролиздік ферменттер (ДНКаза, РНКаза, катепсин, қышқыл фосфатаза т. б.) босап шығады. Осыдан жасушалардың бөлінуі шектеліп, ядродағы ДНК ыдыратылады. Иондагыш сәулелердің әсерінен хромосомалардың құрылымдық өзгерісі болады. Бұл сәулелерге жасуша цитоплазмасынан гөрі ядросы сезімтал болып келеді.

Иондағыш сәулелердің организмге әсері. Иондағыш радиация организмге жергілікті (сәулелік күйік, некроз, көз бұршағьгның бұлыңғырлануы) және жалпы (сәулелік ауру) әсер етеді.

Иондағыш радиацияның жергілікті әсері. Иондағыш сәулелер жергілікті тіннің күюіне, сәулелік күйік дамуына әкеледі. Бұл сәулелердің өтіп кету қабілетіне байланысты терінің немесе дененің ішінде жатқан тіндердің күйіктері дамуы мүмкін. Радиацияның мөлшеріне қарай терінің, тері астындағы шелмайдың, бұлшықетгердің, сүйектердің некрозы дамиды. Науқас адамдарда қызба, үлкен лейкоцитоз, қатты ауыру сезімі болады.

Сөулелік ауру. Организмнің сыртынан 1-10 Гр мөлшерінде жалпы сәулеленудің нәтижесінде жіті сәулелік ауру дамиды. Бұл кезде негізінен сүйек кемігінің бүліністері байқалады. Бұны сүйек-кемігілік синдромдейді. 10-20 Гр мөлшеріндегі иондағыш сәулелердің әсерінен жіті сәулелік аурудың ішектік түрі, 20-80 Гр мөлшерінде қан тамырлық, токсемиялық түрі, 80 Гр - астам мөлшерінде — церебралдық (милық) түрі дамиды.

Жіті сәулелік ауру әсер еткен сәуленің мөлшеріне қарай төрт топқа бөлінеді:

● жеңіл түрі (1-2 Гр.);

● орташа түрі (2-4 Гр);

● ауыр түрі (4—6 Гр);

● тым ауыр түрі (6 Гр-ден асгам). Ол 4 - сатыда өтеді:

алғашқы серпілістер сатысы;

♣ клиникалық жалған сәттілік сатысы (жасырын саты);

♣ аурудың айқындалу сатысы;

♣ сауығу сатысы.

 

Алғашқы серпілістер сатысы сәулеленуден кейін әсер еткен сәулелердің мөлшеріне қарай бірінші минуттардың немесе сағаттардың ішінде дамиды. Бұл кезде организмнің жалпы қозуы, бас ауыруы, жалпы әлсіздік байқалады. Артынан тәбетгің жоғалуы, жүрек айну, құсу болады, қанда лимфоциттердің азаюы нейтрофилдік лейкоцитозбен қабаттасады.

 


Орталық жүйке жүйесінің қозымдылығы артып, дербес (вегетативтік) жүйке жүйесінің межеқуаты құбылмалы болады. Осыдан артериялық қан қысымы құбылып тұрады, жүректің аритмиялары дамиды. Бұл кезде гипоталамус - аденогипофиз - бүйрек үсгі бездерінің сыртқы қабатының белсенділігі артады. Иондағыш сәулелердің мөлшері 8-10 Гр болғанда артериялық қан қысымы төмендеп, естен тану, дене қызымының көтерілуі, іш өтуі байқалады. Жүйкелік-рефлекстік бұзылыстар байқалады. Сәулелік аурудың бұл сатысы алғашқы 1-3 күн арасында көрінеді.

Клиникалық жалған сәттілік сатысынданауқастардың жалпы жағдайы біршама жақсарады. Алдында байқалған аурудың белгілері жоғалады. Бұл сатының ұзақтығы иондағыш сәулелердің мөлшеріне қарай 10-15 күннен 4-5 аптаға дейін созылады. Иондағыш сәулелердің мөлшері 1 Гр-ден аспаса алғашқы серпілістер сатысы аурудың айқын түріне ауыспайды. Ал олардың мөлшері 10 Гр-ден асып кетсе аурудың клиникалық сәттілік сатысы байқалмай бірден жіті сәулелік аурудың айқындалуы болады. Бұл сатысы кезінде қанның бұзылыстары күшейе береді. Шеткері қанда лимфопения үдейді, лейкоциттердің жалпы саны, ретикулоциттер мен тромбоциттер азаяды. Сүйек кемігінде аплазия дамиды. Сонымен бірге жыныстық бездердің атрофиясы байқалады, сперматозоидтардың өндірілуі бұзылады, аш ішектердің шырышты қабықтарында және теріде өзгерістер дамиды.

Аурудың айқындалу сатысы.Бұл саты кезінде науқастың жалпы жағдайы қайтадан күрт нашарлайды, жалпы әлсіздік, дене қызымының көтерілуі, теріге, шырышты қабықтарға, ішек-қарын жолдарына, миға, жүрекке және өкпеге қан құйылулар мен қан кетулер байқалады. Денеде зат алмасуларының бұзылыстарынан, тәбеттің болмауынан және іш өтулерінен адамның қатты арып-жүдеуі болады.

Қанда қатты лейкопения, тромбоцитопения, анемия дамиды, эритроциттердің тұну жылдамдығы көтеріледі. Сүйек кемігенде, аплазия байқалады. Шеткі қанда гипопротеинемия, гипоәлбуминемия, гиперазотемия дамиды, хлордың деңгейі азаяды. Бұл сатысы кезінде организмнің жұқпаларға төтемелілігі бұзылып, жұқпалардың асқынуы, аутоинфекциялар мен өзінен өзі уыттануы байқалады. Бұл сатының ұзақтығы бірнеше күннен 2-3 аптаға дейін созылады.

Сауығу сатысы.Бұл саты кезінде организмнің бұзылған қызметтері біртіндеп қалпына келеді, науқастың жалпы жағдайы түзеледі, дене қызымы қалыпты деңгейге түседі, қан кетулер, іштің өтуі, құсу тоқтайды. 2-5 айдан кейін тері бездерінің қызметі қалпына келеді, шаш қайта өсе бастайды. Біртіндеп қанның және зат алмасуларының өзгерістері қалпына келеді.

Сәулелік аурудан сауығу 3-6 айда болады, оның ауыр түрлерінде сауығу 1-3 жылға созылуы мүмкін. Кейде жіті сәулелік ауру созылмалы түрге айналуы ықтимал.

Жіті сөулелік аурудың ішектік түрі. 10-20 Гр мөлшерінде сәулеленген адамдар 7-10 күннен кейін жан тапсырады. Аурудың бұл түрінің әйгіленімдеріне жүрек айну, құсу, қан араласқан іш өту, дене қызымының көтерілуі, ішектердің түйілуі, іш кебу жатады. Сонымен қатар қатты лейкопения дамиды, лимфоциттер шеткері қанда мүлде болмайды, жиі қан кетулер болады және сепсистің көріністері байқалады.

Жіті сәулелік аурудың ішектік түрінде адамның өлімі дененің сусыздануынан болады. Бұл кезде организмнен сумен бірге тұздар мен нәруыздар шығарылады. Микробтардың уыттарымен және тіндердің ыдырауынан пайда болған уытты өнімдермен организмнің уыттануы болады, сілейме дамиды.

Жіті сәулелік аурудың токсемиялық түрі. Бұл түрі мөлшері 20-80 Гр иондағыш сәулелердің әсерінен дамиды және 4-7 күн ішінде адамның өліміне әкеледі. Ішектер мен бауыр тамырларында ауыр қанайналымның бұзылыстары, қан тамырларының межеқуаты жоғалып, кеңіп кетуі, жүрек соғуының жиілеуі, денеде қан қүйылу, организмнің қатты уыттануы болады. Осыдан бүйректің қызметі бұзылып, олигоурия, анурия, гиперазотемия дамиды.

Жіті сәулелік аурудың милық түрі. 80 Гр мөлшеріндегі иондағыш радиацияның әсерінен жіті сәулелік аурудың милық түрі дамиды. Осындай радиация әсер еткеннен кейін 1-3 күн өткен соң адам жан тапсырады. Радиацияның мөлшері 150-200 Гр болса адам сәулелердің әсерінен шықпай-ақ немесе бірнеше минут-сағаттың ішінде өледі. Сәулелік аурудың бұл түрі кезінде дененің селкілдегі дамиды, мида қан мен лимфаның айналымы бұзылады, қан тамырларының межеқуаты мен термореттелу өзгереді. Артынан асқорыту жолдары мен несеп шығару жүйесінің бұзылыстары байқалады, қан қысымы қатты төмендеп кетеді. Бұл ауру кезінде орталық жүйке жүйесінің қайтымсыз бұзылыстары дамиды, мидың сыртқы қыртысы мен гипоталамустың жасушалары қатты бүлінеді.

Созылмалы сөулелік ауру. Бұл дерт аз мөлшердегі иондағыш радиацияның ұзақ мерзім әсер етуінен біртіндеп дамиды. Оның бастапқы кезеңінде тұрақсыз лейкопения, адамның жалпы әлсіздігі, қан тамырлары межеқуатының құбылмалылығы т.с.с. белгілер байқалады. Дерттің айқындалу кезінде радиацияға сезімтал тіндердің регенерациялық қабілеті төмендейді, жүйке және жүрек-қан тамырлар жүйелерінің қызметтері бұзылады. Сауығу кезеңінде келтірілген өзгерістер біртіндеп қалпына келеді.

Созылмалы сәулелік ауру (ССА): I - жеңіл, II - орташа және III - ауыр. үш дәрежеде өтеді.

Жеңіл ССА кезінде лейкопения мен тромбоцитопения тұрақсыз болады, жүйкелік реттелудің бұзылыстары шамалы болады.

Орташа ССА кезінде жүйке, жүрек-қан тамырлар жүйелері мен ішек-қарынның қызметтері бұзылады. Қанда лейкопения мен лимфопения елеулі деңгейде болады, тромбоциттер азаяды. Сүйек кемігінде гипоплазия дамиды.

Ауыр ССА кезінде анемия дамиды, сүйек кемігенде қан өндірілу қатты азаяды, ішек-қарын жолдарының шырышты қабықтарының атрофиясы байқалады, жүйелік қанайналым бұзылады, қан кетулер, жұқпалық асқынулар адамның өліміне әкелуі мүмкін.

 

РАДИАЦИЯНЫҢ КЕШЕУІЛДЕТІЛГЕН САЛДАРЛАРЫ.

Шағын мөлшердегі радиацияның әсерінен артынан организмде біршама құбылыстар дамуы мүмкін. Оларға қан өндіруге қатысатын тіндердің гипоплазиясы, ас қорыту жолдарының атрофиялық қабынуы, бауырда, бүйректе, қан тамырларында склероз дамуы, адамның өмір жасының қысқаруы т. с. с. өзгерістер жатады. Сонымен қатар радиацияның кешеуілдетілген салдарларына организмде өспелердің, лейкоздардың даму мүмкіншіліктері жатады.

 

Есірткілер мен уыттардың әсері

Адамның көңіл-күйіне әсер ететін заттарды жан-дүниеге белсенді заттар дейді. Оларға: психотроптық дәрі-дәрмектер, есірткілер және уыттарға әуестендіретін заттар жатады.

Психотроптық дәрілер – адамның жан-дүниесіне әсер ететін және психикалық ауруларды емдеу үшін қолданылатын дәрі-дәрмектер. Бұларға адамның көңіл-күйін көтеретін антидепрессанттарды, нейролептиктерді, жан-дүниені сергітетін, көңіл-күйді басатын дәрілерді, транквилизаторларды жатқызуға болады. Олардың кейбіреулеріне қабылдауға деген құштарлық дамып, рухани және физикалық тәуелділік байқалады.

Есірткілернемесе наркоздық заттар (грек. narkotikos – мелшитетін) өздерін ұдайы қабылдауға әуестік дамуына әкелетін табиғи немесе жасампаздық химиялық заттар. Олар:

адамның көңі-күйін шаттандырып, масаттандырады, өткен-кеткен ауыртпалықтарды ұмыттырып, көзіне әртүрлі елестер туындатып, белгілі бір жайлылық әсер етеді және оны қайталап қабылдауға адамның құштарлығын арттырып, рухани және физикалық тәуелділік туындатады;

бұл затты қабылдау әлеуметтік зиянды зардаптарға әкеледі;

емдік мақсаттардан басқа мақсатта қолдануға құзырлы органдармен тиым салынған заттардың қатарына жатады.

Уыттарға әуестендіретін заттарға– есірткілерге жатпайтын, бірақ жүйке жүйесіне белсенді әсер ететін химиялық заттарды жатқызады. Бұл заттарды есірткіге жатпайтын – деп шартты түрде ғана айтылады. Уақыт өте келе олар да есірткілер қатарына жатқызылуы ықтимал. Бұлар адамның көңіл-күйіне, жан-дүниесіне әсер етеді және көпшілік жағдайларда организмге уытты ықпал етіп, адамның денсаулығына қауіп төндіреді.

Бұл заттарды қабылдауға жас балалар мен жеткіншектер үйір болады. Сол себептен әлі жетіліп болмаған, өсіп келе жатқан жас балаларда бұлардың өте ауыр зардаптары қалыптасады. Балалардың ақыл-есі дамуы кемиді, парасаттылығы азаяды, жадысында сақтау қабілеті төмендейді, ішкі ағзаларының ауыр бұзылыстары пайда болады.

Нашақорлық (уытқорлық)- психосоматиканың біртектес бұзылыстарына жатады. Бұл кезде біртіндеп көбейетін өлшемдерде оларды ұдайы қабылдауға адамның аңсары ауып тұрады және қабылдауды тоқтатқан кезде доғару синдромы дамуымен көрінетін рухани және физикалық тәуелділікпен сипатталады. Адамның дерттік өзгерістері оның соматикалық және дербес жүйке жүйелерінің бұзылыстарымен қабаттасады.

Нашақорлық ресми түрде есірткілердің қатарына жатқызылатын заттардан туындайтын дерттің түрі.

Уытқорлық(токсикоманиялар) есірткілердің қатарына жатпайтын (солардың ішінде дәрі-дәрмектер, ішімдіктер, никотин т.с.с.) уытты заттарды артық қабылдаудан дамитын дерт түрі.

Медициналық тұрғыдан нашақорлық пен уытқорлық көпшілік жағдайларда бір-біріне сәйкес келетін түсінік. Олар бір-біріне ауысуы мүмкін. Мәселен, нашақор артынан уытты заттарға, уытқорлар артынан есірткілерге ауысулары ықтимал. Соған қарамай маскүнемдік медицинада бөлек ауру түрі болып саналады.

Нашақорлық пен уытқорлықтың этиологиясы.Нашақорлық есірткілердің әсерлерінен дамиды. Оларға:

● апиын тектес ( героин, морфин, апиын өнімдері, мәселен, омнопон т.б.) заттарды;

● орталық жүйке жүйесінің сергіткіштерін (кокаин, марихуана т.б. кендір өнімдерін);

● көз алдына елестеткіштерді (галлюциногендерді), мәселен, диэтиламид лизергин қышқылы (ЛСД), мескалин т.с.с. заттарды – жатқызуға болады.

Уытқорлық көңіл-күйді көтеретін, ой әрекеттерін уақытша арттыратын, бей-жайлық сезімді жоғалтатын, емдік емес мақсаттарда қолданылатын уыттарға әуестендіретін заттарға дамиды. Бұл заттарға:

● кейбір химиялық реактивтерді (мәселен, ауаға тарайтын органикалық еріткіштер);

● тұрмыстық химиялық заттарды (жәндіктерді жоятын улар, желімдер);

● ішімдіктерді (арақ-шарап, этил спирті);

● есірткілерге жатпайтын дәрі-дәрмектерді (мәселен, транквилизаторлар) – келтіруге болады.

Нашақорлық пен уытқорлық дамуына мына әлеуметтік жағымсыз жағдайлар қаіп-қатер туындатады:

● тұрмыс жағдайларының нашарлығы, қоғам дамуының кейбір қайшылықтары мен әділетсіздіктері, әртүрлі тұрмыстық және рухани ауыртпалықтар, ұлттық салт-дәстүрлер т.с.с. әлеуметтік ықпалдар;

● жан күйзелістері, жаңа қоғам жағдайларына бейімделе алмау, жоғары жүйке жүйесінің әлсіз түрі т.с.с. ықпалдар;

● тұқым қуалаушылыққа бейімділік.





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.