МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

ГИПЕРГИДРАТАЦИЯ НЕМЕСЕ СУЛАНУ. 3 страница





 

АУРУДЫҢ НЫШАНДАРЫ

Ауру деп айту үшін оның мынадай үш түрлі нышандары болуы қажет:

● тұлғалық әйгіленімдері (субъективтік симптомдары) немесе науқас адамның өзін-өзі сезінуі;

● дерттің айғақты әйгіленімдері (объективтік симптомдары);

● қоршаған ортаның ықпалдарына науқас адамның икемделіп-бейімделу мүмкіншіліктерінің шектелуі.

Тұлғалық әйгіленімдердің негізінде адамды әлі ауру деп айтуға болмайды. Кейбір адамдар жоқ сезімді бар деп шағынуы мүмкін. Мәселен, ауыр қылмыс жасаған адам өтірік науқас болуға тырысатыны белгілі. Кейбіреулер осындай айлакерлікті соғысқа қатыспау үшін жасайды. Кейде өздерінің сезімін тым әсірелеп көрсетуі мүмкін. Сондықтан жекелеген аурулардың көріністерімен оқулық әдебиет арқылы таныса бастаудан 3-курстың студенттерінің арасында сол аурулардың белгілерін өздерінде табу жиілейді. Бұндай аурулар 3-курс студенттерінің аурулары делінеді. Кейде науқас адам өзінде бар ауруды үзақ уақыт сезбеуі ықтимал. Артериалық гипертензиялар, бүйрек аурулары, қантты диабет, өспелердің т. б. көптеген аурулардың бастапқы кезеңдері науқас адамдарға білінбей өтуі мүмкін.

Аурудың айғақты әйгіленістері (объективтік симптомдары) медициналық аспаптармен клиникалық және зертханалық зерттеулер арқылы анықталады. Кейде бұл әйгіленістердің болуы да әлі ауру деуге негіз бермейді. Мәселен, адамның қанында глюкозаның тамақ ішкеннен кейін деңгейі әдеттегіден жоғары болады Таулы жерлердің тұрғындарының қанында эритроциттер көбірек болатыны белгілі.

Аурудың үшінші нышаны — қоршаған ортаның ықпалдарына науқас адамның икемделіп-бейімделу мүмкіншіліктерінің шектелуі, осыдан ересек адамның еңбекке қабілетінің төмендеуі байқалады.

Осы үш нышандары бірге қабаттасып адам бойында болғанда ғана оны ауру деуге болады.

 

АУРУЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУ НЕГІЗДЕРІ.

Пайда болу себептеріне қарай: туа біткен және жүре пайда болған аурулар деп ажыратылады. Туа біткен аурулар: тұқым қуалайтын тектік ерекшеліктерден немесе іштегі ұрықтың даму бұзылыстарынан немесе туылу кездеріндегі кесепаттардан дамитын болады. Жүре пайда болған аурулар: жұқпалы (инфекциялық) және жұқпалы емес (бейинфекциялық) болуы ықтимал.

Даму жолдарына қарай оларды: тектік, аллергиялық, қабынулық, зат алмасулық, өспелік, жүйкелік реттелулік, жүйкелік дистрофиялық т. б. аурулар деп ажыратады.

Даму жылдамдығы мен көріну қарқынына қарай:

қауырт,

жіті,

жітілеу,

созылмалы (сүле) ауруларға ажыратылады.

Қауырт ауру 4 тәулік ішінде, жіті ауру 5-14 тәулік аралығында, жітілеу ауру 15-40 тәулік аралығында, созылмалы ауру бірнеше ай – жылдар бойы өтеді.

Дерттің арнайы өзгерістерінің денедегі деңгейіне қарай: молекулалық, хромосомалық, ағзалық, жүйелік деп бөлінеді.



Науқас адамдардың жасына қарай: жаңа туған нәрестелердің, балалардың, ересек адамдардың және қарттардың аурулары болады;

Жынысына қарай:әйелдердің, еркектедің ауруларьш ажыратады.

 

АУРУЛАРДЫҢ ӨТУ КЕЗЕНДЕРІ.

Қандайда болмасын аурудың өтуі үш кезеңге бөлінеді:

● аурудың бастапқы кезеңі;

● аурудың айқындалу кезеңі;

● аурудың аяқталуы мен салдарлары.

Аурудың бастапқы кезеңін ауру алды дейді.

Ауруалды жағдай - деп қоршаған ортаның жағдайларына организмнің икемделіп-бейімделу мүмкіншіліктерінің шектелуімен көрінетін, сәйкес сауықтыру шаралары болмауынан ауруға ауысатын адамның жағдайын айтады. Бұл кезең жасырын және аурудың басталу сатыларынан тұрады. Жасырын сатысы ауру туындататын ықпалдың әсерінен бастап аурудың алғашқы клиникалық көріністеріне дейінгі уақытқа созылады. Ол жұқпалы аурулар кездерінде әйгіленімсіз немесе инкубациялық, химиялық заттармен уланулар, сәулелік ауру т. б. кездерінде жасырын немесе латенттік, өспелер дамуында — өспе алды немесе обыралды кезең делінеді. Бұл сатының ұзақтығы бірнеше секундтан (уланулар кездерінде) бірнеше жылдарға дейін (өспелер дамуы кездерінде) созылуы мүмкін және бұл кезде аурудың ешқандай көріністері болмайды. Артынан аурудың алғашқы хабаршы, бейнақты, белгілері: әлсіздік, көңіл-күйдің бей-жайлығы, ұйқының бұзылуы, тәбеттің болмауы, бас ауыруы т. с. с. әйгіленімдер пайда болады. Бұл аурудың басталу сатысын хабаршы (продромалық) сатысы дейді.

Осыдан кейін аурудың екінші айқындалу кезеңі басталады, оның барлық клиникалық әйгіленімдері (симптомдары) айқын байқалады. Олар дамыған ауруға ғана тән арнайы (спецификалық) және көптеген ауруларга жалпылама бейнақты (бейспецификалық) болып ажыратылады. Сонымен бірге, аурудың әйгіленімдері (симптомдары) тұлғалық (субъективтік) және айғақты (объективтік) болады. Жекелеген аурулардың әйгіленімдеріне клиникалық пәндер тоқталады.

Аурудың аяқталуы мен салдарлары көпшілік жағдайда ауру адамның сауығуымен аяқталады (1-сызбанұсқа).

 

1-сызбанұсқа

 

Аурулардың аяқталуы мен салдарлары.

 

 

 

Сауығу — науқас адамның бұзылған ағзалары мен тіндерінің құрылымы мен әрекеттерінің және қоршаған ортаның ықпалдарына сәйкес оның бейімделу мүмкіншіліктерінің қалпына келуі. Ересек адам үшін сауығудың белгісі болып, онын еңбекке оралуы есептеледі. Бұл жағынан оны реабилитация (лат. ге - қайтадан, аbilitas - жарамдық) - қайтадан еңбекке жарамдық дейді.

Сауығу дерттің кері дамуы емес, дерттен кейінгі адамның сапалық жаңа жағдайы, сыртқы ортаға қатынасының жаңа түрі. Мәселен, жұқпалы аурудан жазылған адамның денесінде иммундық бейімделістік қабілеті өзгерген болады, арнайы өндірілген антиденелер мен сезімталдығы көтерілген жасушалар көп уақытқа дейін сақталады.

 

 

САУЫҒУДЫҢ ЖОЛДАРЫ.

● жедел, тұрақсыз, «апаттық» қорғану-бейімделу серпілістердің қатысуымен;

● салыстырмалы тұрақты қорғану-икемделу тетіктерінің қатысуымен;

● ұзақ сақталатын тұрақты тетіктердің қатысуымен.

Бұлар жүйкелік және гуморалдық жолдармен реттелінеді.

Жедел — қорғану-бейімделу серпілістер болып, негізінен зиянды заттарды аластайтын организмнің қорғаныстық рефлекстері (құсу, түшкіру, сілекей, шырыш шығару т. б.) есептеледі. Сонымен қатар, бұл серпілістерге ауыртпалықтар (стресс) кездеріндегі адреналин мен глюкокортикоидтардың өндіріліп шығарылуы, артериялық қысымды, қанның және тіндердің осмостық қысымын, қандағы қанттың деңгейін т. б. қатаң «константалар» деп аталатын құбылыстарды сақтауға бағытталған нейрогуморалдық реакциялар жатады.

Салыстырмалы тұрақты организмнің қорғану-икемделу жолдары аурудың барлық сатыларында байқалады. Оларға мыналар жатады:

● бүлінген ішкі ағзалардың қосымша, қалыпты жағдайларда пайдаланылмаған мүмкіншіліктерінің қосылуы. Мәселен, сау адамда өкпенің тыныстық бетінің 20-25% ғана пайдаланылады. Өкпенің қабынуы кезінде әдетте тынысқа қатыспайтьш қосымша тыныстық бет қосылып, керекті газдардың алмасуы қамтамасыз етіледі. Сау адамдарда жүрек еті қуатының 20%, бүйрек шумақтарының 20-25%, бауыр жасушаларының 12-15% ғана пайдаланылады. Әртүрлі аурулар кездерінде организмде қалыпты жағдайда пайдаланылмаған қосымша қуаттар қосылады да, сауығуға қолайлы жағдай туындатады;

● көптеген қосымша реттеу жүйелерінің қосылуы. Мәселен, термореттелудің жоғары деңгейге ауысуы, лейкоциттердің өндірілуі артуы;

● көптеген уларды бейтараптау үрдістері (қан мен тіндердің нәруыздарымен байланыстыру, тотығу-тотықсыздану, метилдеу, алкилдеу, бауыр жасушаларында микросомалық тотығу т. б.) сергуі;

● бір ядролы макрофагтар жүйесінің белсенділігі артуы. Бұл жүйенің жасушалары жаралардың бітуінде, тіндердің қабынуында, иммундық және аллергиялық серпілістер дамуында маңызды қызмет атқарады.

Тұрақты қорғану-икемделу тетіктердің негізінде гипертрофия, гиперплазия, тіндердің регенерациясы дамуы жатады. Мәселен, қан кеткеннен кейінгі эритропоэздің артуы, организмнің иммундық реакциялары (антидене өндірілуі, Т- және В- лимфоциттердің өсіп-өнуі), жүрек етінің гипертрофиясы кейде көп айларға және жылдарға сақталады.

Осы көрсетілген тетіктердің нәтижесінде ауру организмнің сауығуы болады. Сауығу толық немесе жартылай болуы мүмкін. Көрсетілген сауығу тетіктері жеткіліксіз болғанда, дұрыс ем тәсілдері қолданылмағанда т.с.с. жағдайларда сауығу толық болмайды. Мысалы, ревмокардиттен кейін жүрек қақпақшаларында ақау қалыптасуы мүмкін. Қабынудан кейін ағзаның қызметін бұзатын тыртықтар қалуы ықтимал. Кейде ауру туындататын әсер немесе оның даму жолдарында пайда болған өзгерістер тоқталмаған жағдайларда ауру созылмалы түрге ауысады. Кейбір аурулардың созылмалы түрде өтуі олардың себепкер ықпалдарына байланысты болады. Мәселен, туберкулез, сарып т.б. дерттердің қоздырғыштары макрофагтардың іштерінде тіршілігін ұзақ сақтап, олардың әсерленуіне әкеледі. Содан созылмалы түйіршіктелген қабыну дамиды. Дерттің созылмалы түрде өтуінде ремиссия, рецидив (қайталану), асқыну деген түсініктерді атай кету қажет.

Ремиссия— деп науқас адамның жағдайының уақытша түзелуін түсінеді. Бұл кезде аурудың ары қарай дамуы баяулайды немесе тоқтайды, тіпті дерттің клиникалық көріністері толық жоғалады. Ремиссия организмнің сауығуы емес, ол аурудың қайталануымен ауысады.

Қайталану(рецидив)— аурудың клиникалық көріністерінің уақытша жоғалуынан кейінгі қайталануы. Ол ауруды емдеу кездерінде дертті туындатқан ықпалдардың толық аластанбауымен байланысты болады. Осының нәтижесінде бұл аурудың қайта дамуы мен оның клиникалық көріністері қайталануы ықтимал.

Асқыну— организмде бар ауру бойынша екінші үрдіс. Ол негізгі аурудың ерекшеліктерімен байланысты немесе өткізілген аңғарымдық және емдік шаралардың күтпеген салдарлары ретінде пайда болады. Тез қан кету тамыр ішіндегі шашыранды қан үю синдромымен асқынуы мүмкін. Қантты диабет бүйрек қызметі бұзылуымен, кома дамуымен, артериялық гипертензия миға қан құйылуымен асқынулары мүмкін.

Өлім— организмдегі тіршіліктің толық тоқтауы. Табиғи және мезгілсіз немесе патологиялық өлім болады. Табиғи өлім тұлға тіршілігінің заңды аяқталуы болып есептеледі, ол организмнің әбден қартайып тозуынан дамиды. Патологиялық өлім әрқашан мезгілсіз, кез-келген жаста болуы мүмкін. Өлімнің түрлерімен патанатомия, соттық медицина пәндері таныстырады. Олардың ішінде патофизиология пәні үшін маңыздысы өлімнің сатылары. Өлім преагония (жантәсілім алды), ақтық (терминалдық) үзіліс, жантәсілім (агония), клиникалық өлім және биологиялық өлім сатыларынан тұрады:

Жантәсілім алдыкезіндеөліп бара жатқан адам есінен айырылады, рефлекстері жоғалады, науқастың жүрек соғуы жиілеп, әлсірейді, артынан сирейді, тынысы үзілісті тыныстарға (Чейн-Стокс, Биот тыныстарына) ауысады. Кейін тынысы, жүрек соғуы тоқтайды, б. а. ақтық үзіліс пайда болады. Бірнеше секунд-минуттан соң агония (грек.- agonia- жантәсілім) басталып, агониялық тыныс (ақтық дем) қозғалыстары байқалады. Бұл кезде қан қысымы қайтадан сәл (сынап бағанасы бойынша 15-20 мм дейін) көтеріледі. Тыныстық қозғалыс демді ауызбен терең ішке тарту түрінде байқалады. Адам ауаны ауызбен жұтуға тырысады. Артынан тыныстық қозғалыс және жүрек қызметі мүлде тоқтайды. Осыдан клиникалық өлім дамиды, барлық рефлекстер жоғалады, қан қысымы, тамыр соғуы анықталмайды. Бұл саты 5-6 минутқа созылуы мүмкін. Ары қарай келесі сатысы биологиялық өлім байқалады. Ең алдымен жүйке жүйесінде қайтымсыз өзгерістер дамиды. Бірінші болып мидың сыртқы қыртысының одан кейін мидың бағаналық бөлімінің және жұлынның қызметтері істен шығады. Өйткені жүйке жүйесіне қанман оттегі және қоректік заттар жеткізілмеуінен қоректік заттардың оттегіні пайдаланып тотығуы (аэробтық тотығуы) бұзылады да, кесек қуатты фосфор қосындылары түзілуі болмаудан, энергияның тапшылығы дамиды. Артынан, өлімнің даму себебіне қарамай, оттегінің үдемелі жетіспеушілігінен эндокриндік бездердің, ұлпалық ағзалардың және тіндердің қызметтері бұзылады. Бұл кезде биологиялық өлімнің айқын белгілері болып:

дененің мұздауы;

оның сіресіп қалуы;

өліктік дақтар мен жолақтардың пайда болуы есептеледі. Өліктің сіресіп қалуы өлгеннен соңғы 6-10 сағаттан кейін пайда болады. Оның негізінде бұлшықет жасушаларының ішінде Са2+ иондары көптеп жиналып қалуы жатады. Өліктік дақтардың пайда болуы, артериолалардың қатты жиырылып қалуынан, қанның көктамырларда жиналуымен байланысты. Тотықсызданған гемоглобин эритроциттерден шығып, қан плазмасына және айналасындағы тіндерге ауысады. Онда ол дақ және қара-күрең түстес жолақтар түрінде жиналады. Мұны өліктік имбибиция (лат. imbiЬеге — сіңіру, сорып алу) деп атайды. Әртүрлі себептерден электр ағымымен жарақаттанғанда, тез қан кетуден, сілеймеден, наркоздан, аяқ асты жүрек тоқтап қалғанда т. б. кенеттен дамитын өлім кездерінде оны клиникалық және биологиялық деп бөлудің зор амалдық маңызы бар. Өйткені клиникалық өлім кезінде алғашқы 5-6 минут ішінде адамның тіршілікке қабілеті әлі сақталған. Сондықтан бұл кезде организмді қайта тірілтуге мүмкіншілік болады. Организмді тірілту (реанимация) (лат. ге - қайта, итал.- аnіmatіо - жандандыру) — адамның немесе жануарлардың организмін арнайы шаралар қолданып клиникалық өлім жағдайынан шығару. 1805 ж. орыс ғалымы Е. Мухин өлген организмді тірілту үшін өкпеге көріктің көмегімен ауа үрлеуді ұсынды. 1902 жылы өлген адамның жүрегін жандандыруды алғашқы рет А. А. Кулябко жасады. 1913 ж. Ф. А. Андреев итті тірілту тәсілін үйқы артериясына жүрекке қарай адреналин қосылған Рингер-Локк сұйығын жіберу арқылы жүзеге асыруды ұсынды. 20-шы жылдары С. С. Брюхоненко мен С. И. Чечулин әлемде бірінші рет жасанды қанайналым құралын жасады. Осы құралдың көмегімен тұтас организмді және организмнен аластанған иттің басын тірілту бойынша нәтижелі тәжірибелерін өткізді.

1941-1945 жж. В. А. Неговский қызметкерлерімен организмді тірілтудің кешенді тәсілдерін жетілдірді. Бұл тәсіл бойынша шеткері артерияға (мәселен, иық артериясына) жүрекке қарай глюкоза, адреналин және сутегінің асқын тотығы қосылған, 38° С-ға дейін жылытылған қан жіберіледі. Бұл кезде:

● жүрекке қарай белгілі қысыммен жіберілген қан қоронарлық артерияларға өтіп, жүрек етін қоректендіреді;

● артерияға енгізілген қан жүрек пен тамыр қабырғаларының рецепторларын қоздырады. Қанды артерияға енгізгеннен кейін 30-40 секундтан соң жүрек соға бастайды. Осыдан кейін қанды көктамыр ішіне енгізу арқылы оң жүректің қажетті дистолалық қанмен толуын және оның күштірек жиырылуын арттыруға болады. Сонымен бірге, кеңірдекке енгізілген түтік арқылы ауа үрлеп, адамды қолмен дем алдыру осы шаралармен қабаттастырылып жүргізіледі.

Қазіргі реанимациялық әдістердің нәтижелілігі тәжірибелік және клиникалық зерттеулермен дәлелденген. Оның негізгі ұстанымдары:

● жүрек-қантамырларды меңгеретін мидағы орталыққа әсер ету,

● тыныс алу жүйесінің орталығына әсер ету,

● организмдегі бұзылған зат алмасу үрдістерін қалпына келтіру.

Жалпы қанайналымы мен газдардың алмасуын қалпына келтіру адамды тірілтудің алғашқы және аса күрделі емес сатысы. Жүрек пен тыныс ағзаларының қызметі қалпына келгеннен кейінде организімнің барлық ағзалары мен жүйелерінде көптеген өзгерістердің тізбегі сақталады. Жаңа күрделі мәселе — «тірілтілген организмнің ауруын» емдеу мәселесі пайда болды.

Бұл аурудың негізінде ең алдымен тіндерде оттегінің тапшылығымен байланысты зат алмасуларының бұзылыстары — қышқыл өнімдердің жиналып қалуы, қышқылдық-сілтілік үйлесімділіктің өзгерістері жатады. Осымен қатар, қанайналымның қалпына келуінен гипоксиядан кейінгі оттегімен тез қамтамасыз етілуден (реоксигенациядан) «оттегілік - парадокс» әсері жасушаладың мембраналарында майлардың асқын тотығуын тым арттырып жіберетіні белгілі болды. Майлардың асқын тотық радикалдары барлық биологиялық мембраналардың бүлінуін туындатады. Бұл кезде жасушалардың сыртқы мембраналары бүлініп қана қоймай, жасуша ішілік құрылымдардың да мембраналары бұзылады. Митохондрийлардың мембраналары бұзылуынан тіндерде тотығу-тотықсыздану реакциялары нашарлап, энергиялық тапшылық жағдайы дамиды. Лизосомалардың мембраналарының бүлінуі себепті олардың протеолиздік ферменттерінің белсенділігі көтеріліп, айналасындағы тіндердің ыдырауы күшейеді. Ядроның мембранасы бүлінуінен майлардың бос радикалдары жасушаның гендік құралдарын бұзып, нәруыздар түзілуін бүлдіреді. Осыдан келіп барлық ағзалардың құрылымдары мен қызметтері бұзылады.

Жүрек-тамыр жүйесінде жүректен шығатын қан мөлшері, айналымдағы қан көлемі азаяды, яғни гиповолемия дамиды, артериялық-веналық қан қысымы төмендейді. Көптеген ағзаларда майда қанайналым (микроциркуляция) бұзылады. Мидың және өкпенің ісінуі байқалады. Бұл кезде эндокриндік бездердің, жүректің, бауыр мен бүйректің, ас қорыту ағзаларының, өкпенің бұзылыстары байқалады.

ЖАЛПЫ ЭТИОЛОГИЯ

Этиология (гректің аitia - себеп, lоgоs - ілім деген сөздерінен тұрады)— аурудың пайда болуындағы себептік байланыстарды зерттейтін ілім. Қысқа мағынасында этиология деп ауру туындатқан себепкер ықпалды түсінеді. Ауру көптеген ықпалдардың бірігіп әсер етулерінен дамиды. Бұл ықпалдар бір-бірімен және адам тәнімен өзара әсерлерде, арақатынастарда болады. Ұдайы өзгеріп тұратын қоршаған ортаның және ұдайы дамып тұратын адам организмінің жағдайларында әсер ететін ықпалдар бірін-бірі күшейтіп немесе әлсіретіп тұрулары ықтимал. Мәселен, іш сүзегі, тырысқақ, оба, сатқақ (дизентерия) т. б. аурулардың індеттері тек жазғы ыстық айларда, ал тұмау, бөртпе сүзек т.с.с. аурулардың індеттері тек жылдың салқын айларында кездеседі. Кейбір індеттердің тарауы күн жүйесінің оралымдары мен күннің белсенділігіне байланысты екендігі белгілі.

Ауру туындауында көптеген ықпалдардың болуына қарамай, оларды себепкер ықпал және ауру туындауына қолайлы жағдайлар – деп ажырату өте маңызды. Себепкер ықпал - деп ауру дамуына міндетті болатын және сол ауруға ғана тән арнайы әйгіленімдерді айқындайтын ықпалды айтады. Мәселен, туберкулез тек Кох таяқшаларының әсерлерінен дамиды және сол туберкулезге ғана тән (ағзаның созылмалы қабынуы, дене қызымының шамалы көтерілуі, организмнің уыттануы т.с.с.) әйгіленімдермен көрінеді. Суық тигенде баспа, бүйрек қабынуы, өкпе қабынуы, буындардың қабынуы, үсік, дененің мұздауы (гипотермия) т.б. біршама дерттер дамуы мүмкін. Бірақ солардың ішінде үсік пен дене мұздауына ғана суық температура себепкер ықпал болады. Ал, басқа аурулар кездерінде суық тию организмнің төзімділігін төмендететін қолайлы жағдай болады. Бұл аурулардың себепкер ықпалы болып негізінен стрептококктық немесе пневмококктық жұқпалар есептеледі. Өйткені суық температура үсік пен дене мұздауының ғана арнайы әйгіленімдерін (жергілікті тін үсігін немесе дене қызымының төмендеуін) айқындайды, басқаларының арнайы көріністері стрептококктармен немесе пневмококктармен айқындалады. Пневмококктардың әсерінен тек өкпе қабынуы (пневмония), стрептококктардың әсерінен баспа, бүйрек қабынуы, буындардың қабынуы т.б. дамиды.

Мына жағдайларда:

● әсер ететін ықпал ауру дамуының алдында болғанда;

● әсер еткен ықпалдың қарқыны мен дерттің ауырлығы арасында пара-парлық байланыс болғанда;

● әсер еткен ықпалды организмнен аластағанда дерттің өту қарқыны әлсіреп, организмнің сауығуы болғанда;

● әсер еткен ықпалдың көмегімен тәжірибелік жануарларда аурудың үлгісін алуға болғанда - ауру дамуына себепкер ықпал деуге болады.

Барлық ауру туындататын себепкер ықпалдар сырттан әсер ететін, экзогендік және организмнің өзінде болатын немесе эндогендік болып екі топқа бөлінеді.

Экзогендік себепкер ықпалдарға:

физикалық (ыстық немесе суық температуралар, иондағыш сәулелер, электр соққы, электромагниттік толқындар, барометрлік қысым т.б.) ықпалдар;

механикалық (жарақат, жаншылу, созылу т.с.с) ықпалдар;

химиялық (улы химиялық заттар мен газдар, ауыр металдар, гербицидтер мен пестицидтер т.б.) ықпалдар;

биологиялық (микроорганизмдер, вирустар, қарапайым жәндіктер, құрттар т.с.с.) ықпалдар;

әлеуметтік (психогендік, ятрогендік) ықпалдар - жатады. Адам үшін сөздің маңызы үлкен.





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.