ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение Как определить диапазон голоса - ваш вокал
Игровые автоматы с быстрым выводом Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими Целительная привычка Как самому избавиться от обидчивости Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам Тренинг уверенности в себе Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком" Натюрморт и его изобразительные возможности Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д. Как научиться брать на себя ответственность Зачем нужны границы в отношениях с детьми? Световозвращающие элементы на детской одежде Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия Как слышать голос Бога Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ) Глава 3. Завет мужчины с женщиной 
Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д. Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу. Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар. | Суда жаксы еритін пенициллиндер. 1 страница Бензилпенициллин натрий тұзы. Суда жақсы ерихін ақ ұнтақ, қышқыл, сілтілі ортада ыдырайды.Әсерінің спектрі: стафилококк, стрептококк, пневмококк, дифтерия қоздырғышы, сібір жарасының қоздырғышы, гонококк, менингококк, спирохета.Пенициллинге тұрақты стафиллококктың штамдары пеницилиназа ферментін бөліп пенициллинді ыдыратады.Тек парентеральді жолмен қолданады, тез сіңеді (30-60 мин.), 3-4 сағаттан кейін ағзадан бөлініп шығады. Сондықтан әр 3-4 сағат сайын егу керек. Қолдануы:пневмония, эндокардит, іріңді жара инфекциясында, перитонит, цистит, ангина, дифтерия, ЛОР-ауруларында, менингит, гонорея, сифилис, сібір жарасы, тері инфекцияларында. Суда нашар еритін пенициллин препараттары. Суда нашар ерігеннен баяу сіңеді, әсері көпке созылады, тек бұлшык етке егіледі, созылмалы ауруларда қолданады. Бензилпенициллин новокаин тұзы. Ақ ұнтақ, сумен суспензия құрайды. Қышқыл, сілтілі ортада ыдырайды. Әсері 12 сағатқа созылады: бұлшық етке егіледі, суда немесе натрий хлорид изотоникалық ерітіндісінде ерітіп. Цефалоспориндер Бұл антибиотиктер пенициллин тобының препараттарына ұқсас, бірақ ыдырататын ферменттерге тұрақты, әсерінің спектрі кең, антибактериалдъ қасиеттері мол препараттар. Қазіргі кезеңде ең көп қолданылатын антибиотиктер, себебі бұлар барлық микробтарға энтерококктардан басқасына бактерицидтық әсерін білдіреді. Жанама әсерлері төмен, мөлшерлеу мен қолдануы ыңғайлы және оңай. Цефалоспориндер ашылу кезеңіне байланысты 4 топқа бөлінеді: 1-ші топтағы цефалоспориндер грам+ және кейбір грам- микробтарға әсер етеді. Жақсы сіңеді. Бұл топтың антибиотиктері осы күнге дейін кең қолданылатын препараттар әр түрлі инфекцияларда: пиелонефрит, тері және бұлшық еттердің инфекциясында, артрит, сепсис (цефазолин, цефалексин). 2-ші топтағы цефалоспориндер антистафиллококтықтық белсенділігі жоғары (цефуроксим). Ал 3-ші топтағы целоспориндердің спектрі 1,2 топқа қарағанда кеңдеу, грам- микробтарға әсер етуі аса құнды қасиеті (цефотаксим). Жаңа алынған 4-топтағы цефалоспориндер барлық микробтарға әсер ететін дәрілер деп табылады. Цефалоспориндердің фармакокинетикалық қасиеттері әр түрлі. Қосымша әсерлері: аллергия, бүйрекке зақым келтіреді. Цефалоридин - цефалоспориндердің 1-ші тобының препараты -Сefaloridinum (цепорин) Әдебиет: 1.Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. М - 2006. 2.Харкевич Д.А. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии, М. - 2004. 3. Майский В.В.. Фармакология с общей рецептурой. М - 2004 4. Виноградов В.М., Каткова Е.Б., Мухин Е.А.. Фармакология с рецептурой. Учебник для медицинских и фармацевтических училищ и колледжей. С.- П. - 2002. Бақылау сұрақтары: 1. Антибиотиктер. 2. Антибиотиктердің әсер ету спектрі бойынша классификациясы . 3. Препараттары. 4. Қолданылуы. 5. Кері әсерлері Дәріс № 3. Тақырыбы: Бактерияға қарсы әр-түрлі химиялық құрылымдағы синтетикалық дәрі-дәрмектер. Мақсаты: студенттерді бактерияға қарсы әр-түрлі химиялық құрылымдағы синтетикалық дәрі-дәрмектердің механизмімен және сипаттамасымен таныстыру. Химиотерапевтикалық дәрілердің жалпы сипаттамасы. Олардың антисептиктерден ерекшелігі. Жіктелуі. Химиотерапияның негізгі принциптері туралы түсінік Сульфаниламидтік препараттардың, әртүрлі химиялық құрылысты синтетикалық антибактериальды заттардың жіктелуімен танысу. Сульфаниламидтік препараттардың, әртүрлі химиялық құрылысты синтетикалық антибактериальды заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының негізгі заңдылықтарын оқыту. Клиникалық тәжірибеде, сонымен қатар стоматолог дәрігердің тәжірибесінде, сульфаниламидтік препараттардың, әртүрлі химиялық құрылысты синтетикалық антибактериальды заттардың қолдануға негізгі көрсеткіштері. Сульфаниламидтік препараттарға, әртүрлі химиялық құрылысты синтетикалық антибактериальды заттарға, сонымен қатар стоматология тәжірибесінде қолданылатын препараттарға, рецепт жазу, бір реттік және тәуліктік мөлшерді есептеуді үйрену . Сульфаниламидтік препараттардың, әртүрлі химиялық құрылысты синтетикалық антибактериальды заттардың, сонымен қатар стоматология тәжірибесінде қолданылатын препараттардың, енгізу жолдары, жеке қасиеттерінің ерекшеліктеріне байланысты, мөлшерлеу принциптері. Сульфаниламидтік препараттарды, әртүрлі химиялық құрылысты синтетикалық антибактериальды заттарды жұптастырып қолдана білу, жағымсыз жанама әсерлері, олардын алдын алу. Әдебиет: 1.Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. М - 2006. 2.Харкевич Д.А. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии, М. - 2004. 3. Майский В.В.. Фармакология с общей рецептурой. М - 2004 4. Виноградов В.М., Каткова Е.Б., Мухин Е.А.. Фармакология с рецептурой. Учебник для медицинских и фармацевтических училищ и колледжей. С.- П. - 2002. Бақылау сұрақтары: 1. Жалпы сипаттамасы. 2. Әсер ету механизмі. 3. Бактерияға қарсы әсер ету спектрі. 4. Қолданылуы. 5. Кері әсерлері Дәріс № 4. Тақырыбы: Паразитке қарсы дәрі-дәрмектер Мақсаты: студенттерді паразитке қарсы дәрі-дәрмектердің механизмімен және сипаттамасымен таныстыру. Амебиазаны емдеуге арналған дәрілік заттардың жіктелуімен танысу. Амебиазаны емдеуге арналған дәрілік заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының негізгі заңдылықтарын оқыту. Амебалар тоқ ішектің боый мен қабырғасын зақымдап, амебалық дизентерия мен созылмалы жара колиттерін тудырады. Амебалар тоқ ішектің шырышты қабықшасынан қан ағысы арқылы бауырға, өкпеге, миға, бүйрррекке өтіп амебалы процестер шақыруы мүмкін. Сол себептен дәрілерді 2 топқа бөлеміз: 1.Ішектегі амебиазда қолданылатын дәрілер(амебты дизентерия). 2. Ішектен тыс амебиазда қолданылатын дәрілер. Амебиаздың кез келген түріун емдеуге нитроимидазолдар: метронизадол, тинидазол. Амебиазаның ішектегі түрінде, сонымен қатар бацилло тасығыштарда, ішек бойына әсер ететін хинолондарының 1 буыны: хиниофон, энтеросептол, мексаформ, интестопан ішек флорасын жойып, анаэробтар болып табылатын амебалардың өмір сүруіне қолайсыз жағдай жасау үшін тетрациклинмен бірге тағайындалады. Ішектің қабырғасында және ішектен тыс орналасқан амебаға қарсы эметин(ипекакуана тамырының алкаломды) әсер етеді. Ішке қабылдағанда рефлекторлы түрде құсық шақырады, сондықтан парентеральды енгізіледі. Эметин тікелей амебицидті әсер етіп, ұлпаларға жеңіл өтіп, бауырда сақталады, сондықтан амебалы гепатитте қолдану тиімді. Амебиазаны емдеуге арналған дәрілік заттарды жұптастырып қолдана білу, жағымсыз жанама әсерлері, олардын алдын алу. Әдебиет: 1.Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. М - 2006. 2.Харкевич Д.А. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии, М. - 2004. 3. Майский В.В.. Фармакология с общей рецептурой. М - 2004 4. Виноградов В.М., Каткова Е.Б., Мухин Е.А.. Фармакология с рецептурой. Учебник для медицинских и фармацевтических училищ и колледжей. С.- П. - 2002. Бақылау сұрақтары: 1. Жалпы сипаттамасы. 2. Әсер ету механизмі. 3. Паразитке қарсы әсер ету спектрі. 4. Қолданылуы. 5. Кері әсерлері Дәріс № 5. Тақырыбы: Дәрілік заттармен улануды емдеудің негізгі принциптері Мақсаты: студенттерде дәрілік заттармен улануды емдеудің жалпы принциптері бойынша білімді қалыптастыру 1. Дәрілік заттармен улануды емдеудің қазіргі кездегі принциптері. 2. Ағзаның табиғи тазарту жүйесін ынталандыру тәсілдері. 3. Жасанды физико-химиялық детоксикациялық тәсілдер. 4. Антидоттық (фармакологиялық) терапия. 5. Жедел уланудың симптоматикалық емі. Улану - бұл адам ағзасына химиялық және басқа да заттардың токсикалық мөлшерінің түсуі нәтижесінде (соның ішінде, дәрілік) дамитын патологиялық үрдіс және адам денсаулығына және өміріне қауіп туғызатын құбылыс. Улану деңгейіне байланысты науқасқа сәйкес шаралар жүргізілуі қажет. Жеңіл және ауыр емес жағдайларда улану шақыратын затты ағзадан алу негізгі шара болып табылады. Ауыр жағдайларда пациент токсикологиялық орталыққа немесе профилді стационарлық емдеу мекемесінің реанимация және анестезиология бөлімдеріне (АРБ) жеткізілуі қажет. Улануды емдеу барысында келесі жалпы принциптерді сақтау қажет: 1. Уытты затты ағзаға түскен жерінен шығару және оның қанға сіңірілуін тоқтату. 2. Сіңірілген токсикалық заттың қандағы концентрациясын азайту және оны ағзадан шығару. Уытты заттың ағзадан шығарылуын жылдамдату мақсатында қолданылады: а)форсирленген диурез; б) перитонеалды диализ; в)плазмаферез (қанның гравитациялық хирургиясы); г) гемодиализ және гемосорбция (жасанды бүйрек); д) қанды алмастыру; е) гипербариялық оксигенация. 3. Қанға сіңген токсикалық заттың әсерін жою Химиялық заттармен уланудың арнайы емі ретінде уытты затты зарарсыздандыру мақсатында дәрілік заттардың антидоты қолданылады. А) Уытты заттарды байланыстырушы және олардың ағзадан шығуына ықпал ететін антидоттар Б) Фармакологиялық антагонистер. Бұл топ антидоттарының әсер механизмі – конкурентті антагонизм. Әдебиет: 1.Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. М - 2006. 2.Харкевич Д.А. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии, М. - 2004. 3. Майский В.В.. Фармакология с общей рецептурой. М - 2004 4. Виноградов В.М., Каткова Е.Б., Мухин Е.А.. Фармакология с рецептурой. Учебник для медицинских и фармацевтических училищ и колледжей. С.- П. - 2002. Бақылау сұрақтары: 1.. Дәрілік заттармен жедел улануды емдеудің принциптері. 2. Детоксикация тәсілдер. 3. Антидоттар түрлері. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ КАСПИЙ УНИВЕРСИТЕТІ ЖОҒАРҒЫ МЕКТЕП (ФАКУЛЬТЕТ) ГУМАНИТАРЛЫ ҒЫЛЫМ КАФЕДРА «МЕЙІРБИКЕ ІСІ» ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР Пәні:«Фармакология негіздері» Пәннің коды : ОF 2209 Мамандығы: 5В 110100– «Мейірбике ісі» Оқыту сағаттарының көлемі (кредиттер): 135 (3) Оның ішінде: тәжірибелік 30 Курс: 2 Семестр: 4 Кафедра мәжілісінде талқыланды Хаттама №1 «__» ________________2014ж. Каф. меңг.________________ 2014 ж Кредит № 1 № 1 тәжірибелік сабақ | Тақырып: | Жалпы рецептура. Жалпы фармакология. | Мақсаты: | Рецептің жалпы принципін және құрамын үйрену, әр түрлі дәрілік формаларды және рецепте жазылуымен танысу. | Оқыту міндеттері: | Рецептің жалпы принципін және құрамын үйрену, дәрілік формаларды және рецепте жазылуын көрсету | Оқу және білім беру әдістері: | Топтық талқылау кезінде дәрістік сабақты талдау мақсатында өтеді. | Тақырыптың негізгі сұрақтары: | 1. Рецепт. Рецеп бланкасының формасы. 2. Дәрілік формалардың түрлері. 3. Рецепте дәрілік заттардың дұрыс жазылуы.. | Әдебиет: | 1. Харкевич Д.А. Фармакология. Кітап. М.Изд. үй «ГЕОТАР_МЕД» 2006. 734с 2. Харкевич Д.А. фармакологияның лаборатория сабағының басқарушысы. М.МИА. 2004-452с. 3.Харкевич Д.А. Фармакология: Оқулық. Қазақ тіліндегі аудармасы. 2009. - 608 б. 4. Харкевич Д.А. Фармакология: Оқулық. Қазақ тіліндегі аудармасы. 2004.-451 б. | Қорытынды: | 1. рецептің негізгі құрам бөлігі. 2. рецеп бланкасының құрамы. 3. рецепті құрамын жазудың жалпы ережесі. 4. қатты, сұйық және жұмсақ дәрілік формалар. 5. инъекцияға арналған дәрілік формалар. 6. мемлекеттік және халықаралық фармакопея. 7. дәрілік заттардың фармакокинетикасы. 8. дәрілік заттардың фармакодинамикасы. | № 2 тәжірибелік сабақ | Тақырып: | Дәрілік заттардың фармакокинетикалық және фармакодинамикалық жалпы заңдылықтары | Мақсаты: | Жатқан дәрілік заттардың ағзаға әрекетінің жалпы заңдылықтары және дәрілік заттардың фармакологиялық қасиеті және фармакокинетикалық және фармакодинамикалық ерекшеліктерімен танысу. | Оқыту міндеттері: | Дәрілік заттардың фармакологиялық касиетін және жиынтығын талдау, олардың фармакокинетикалық және фармакодинамикалық әрекетінің ерекшеліктерінің механизмі, дәрілік заттардың фармакокинетикасы және фармакодинамикасының ерекшеліктерін, фармакологиялық қасиетін білу. | Оқу және білім беру әдістері: | Шағын топта жұмыс істеу барысында рецепт жазу | Тақырыптың негізгі сұрақтары: | 1. фармакокинетиканың негізгі параметрлері. 2. дәрілік заттардың фармакокинетикасына әсер ететін факторлар. 3. дәрілер әрекетінің механизмі және шектеу, біріншілік фармакологиялық реакция. 4. дәрілік заттардың фармакодинамикасына әсер ететін факторлар. 5. дәрілік заттардың негізгі әрекетінің принциптері. 6. дәрілік заттардың әрекетінің түрлері. 7. терапевтикалық әрекет және терапевтикалық индекс, орташа эффекті доза туралы түсінік. | Әдебиет: | 1. Харкевич Д.А. Фармакология. Кітап. М.Изд. үй «ГЕОТАР_МЕД» 2006. 734с 2. Харкевич Д.А. фармакологияның лаборатория сабағының басқарушысы. М.МИА. 2004-452с. 3.Харкевич Д.А. Фармакология: Оқулық. Қазақ тіліндегі аудармасы. 2009. - 608 б. 4. Харкевич Д.А. Фармакология: Оқулық. Қазақ тіліндегі аудармасы. 2004.-451 б. | Қорытынды: | 1. дәрілік заттарды ағзаға жіберу жолдары. 2. дәроілік заттарды әр түрлі жіберу жолдарынан сору. 3. дәрілік заттарды ағзаға тарату. 4. депонирование. 5. дәрілік заттардың ағзаға ауысуы. 6. дәрілік заттарды ағзадан шығару жолдары. 7. дәрілік заттардың әрекетінің түрлері. 8. фармакологиялық эффектінің дәрілік заттардың қасиетіне тәуелділігі. | № 3 тәжірибелік сабақ | Тақырып: | Жергілікті анестетиктер. | Мақсаты: | Жергілікті анестетиктердің фармакокинетикасы және фармакодинамиканың ерекшеліктерін, фармакологиялық қасиетін үйрену, жергілікті анестетиктердің дәрілік препараттарымен танысу. | Оқыту міндеттері: | Жергілікті анестетиктердің фармакокинетикалық және фармакодинамикалық ерекшеліктерін, фармакологиялық қасиеттеріне білім беру, анестезияның әр түрінде дәрілік формалардың қажеттісін таңдауды үйрену, қолданудың ерекшеліктері. | Оқу және білім беру әдістері: | Шағын топта жұмыс істеу барысында рецепт жазу | Тақырыптың негізгі сұрақтары: | 1. жергілікті анестетик әрекетінің механизмі және шектеу. 2. жергілікті анестетиктерді салыстыру мінездемесі. 3. жергілікті анестетиктердің токсикалық және жанама әсері, оларды қолдануда алдын-алу. | Әдебиет: | 1. Харкевич Д.А. Фармакология. Кітап. М.Изд. үй «ГЕОТАР_МЕД» 2006. 734с 2. Харкевич Д.А. фармакологияның лаборатория сабағының басқарушысы. М.МИА. 2004-452с. 3.Харкевич Д.А. Фармакология: Оқулық. Қазақ тіліндегі аудармасы. 2009. - 608 б. 4. Харкевич Д.А. Фармакология: Оқулық. Қазақ тіліндегі аудармасы. 2004.-451 б. | Қорытынды: | 1. жергілікті анестетика препараттары. 2. классификациясы. 3. жергілікті анестетиктерге қатысты сұраулар. 4. әрекет ету механизмі. | № 4 тәжірибелік сабақ | Тақырып: | Холинергиялық заттар. | Мақсаты: | Холинергиялық заттардың фармакокинетикалық және фармакодинамикалық ерекшеліктері, холинергиялық синапстағы қозудың берілуін жүзеге асыратын препараттарды оқыту | Оқыту міндеттері: | Сабақ электрондық жүйедегі оқу құралдармен және оқулықтармен дәріс сұрақтарын қарастыру түрінде өткізіледі | Оқу және білім беру әдістері: | Холинергиялық заттарға қозудың берілуін жүзеге асыратын препараттармен танысу, холинергиялық заттардың фармакокинетикалық және фармакодинамикалық ерекшеліктерімен және фармакологиялық қасиеттерімен танысу, препараттарды рецепке жазудың жалпы принциптерін, холинергиялық синапсқа қозудың берілуін үйрену. | Тақырыптың негізгі сұрақтары: | 1. перефириялық жүйке жүйесінің эфферентті бөлімінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері, синапс структурасы, жүйке импульсінің берілуінде медиатор ролі. 2. холинорецептор туралы түсінік, олардың шектелу түрлері. 3. М және Н, М-Н холиномиметиктер, фармакологиялық эффекті қолданылуы. 4. М және Н, М-Н холиноблокаторлар, негізгі фармакологиялық эффекті қолданылуы. | Әдебиет: | 1. Харкевич Д.А. Фармакология. Кітап. М.Изд. үй «ГЕОТАР_МЕД» 2006. 734с 2. Харкевич Д.А. фармакологияның лаборатория сабағының басқарушысы. М.МИА. 2004-452с. 3.Харкевич Д.А. Фармакология: Оқулық. Қазақ тіліндегі аудармасы. 2009. - 608 б. 4. Харкевич Д.А. Фармакология: Оқулық. Қазақ тіліндегі аудармасы. 2004.-451 б. | Қорытынды: | 1. холинергиялық синапсқа әсер ететін заттардың классификациясы. 2. фармакодинамиканың негізгі сұрақтары. 3. М-холиномиметиктер, негізгі фармакологиялық эффекті қолданылуы. 4. Н-холиномиметиктер, негізгі фармакологиялық эффекті қолданылуы. 5. М,Н-холиномиметиктер, негізгі фармакологиялық эффекті қолданылуы. 6. М-холиноблокаторлар, негізгі фармакологиялық эффекті қолданылуы. 7. Н-холиноблокаторлар, негізгі фармакологиялық эффекті қолданылуы. 8. М,Н-холиноблокаторлар, негізгі фармакологиялық эффекті қолданылуы. | №5 тәжірибелік сабақ | Тақырып: | Антихолинэстеразалық заттар. | Мақсаты: | Антихолинэстеразалық заттардың фармакокинетикасы және фармакодинамиканың ерекшеліктерін, фармакологиялық қасиетімен және антихолинэстеразалық препараттардың ерекшеліктерімен танысу. | Оқыту міндеттері: | Антихолинэстераза препараттарының фармакокинетикалық және фармакодинамикалық ерекшеліктері, фармакологиялық қасиеттері туралы білу, антихолинэстераза препараттарымен танысу, фосфорорганикалық қосылыстармен улану. | Оқу және білім беру әдістері: | Шағын топта жұмыс істеу барысында рецепт жазу | Тақырыптың негізгі сұрақтары: | - антихолинэстеразалық заттардың классификациясы
- препаратты қолданғандағы салыстырмалы мінездеме
- антихолинэстераза заттарының әрекет ету механизмі
- негізгі эффекті
- ФОС әрекет ету ерекшелігі
| Әдебиет: | 1. Харкевич Д.А. Фармакология. Кітап. М.Изд. үй «ГЕОТАР_МЕД» 2006. 734с 2. Харкевич Д.А. фармакологияның лаборатория сабағының басқарушысы. М.МИА. 2004-452с. 3.Харкевич Д.А. Фармакология: Оқулық. Қазақ тіліндегі аудармасы. 2009. - 608 б. 4. Харкевич Д.А. Фармакология: Оқулық. Қазақ тіліндегі аудармасы. 2004.-451 б. | Қорытынды: | - антихолинэстеразалық заттардың классификациясы
- препаратты қолданғандағы салыстырмалы мінездеме
- антихолинэстераза заттарының әрекет ету механизмі
- негізгі эффекті
- ФОС әрекет ету ерекшелігі
| №6 тәжірибелік сабақ | Тақырып: | Адренергиялық заттар. | Мақсаты: | Адренергиялық заттардың фармакокинетикасы және фармакодинамиканың ерекшеліктерін, фармакологиялық қасиетімен және адренергиялық заттардың ерекшеліктерімен танысу. | Оқыту міндеттері: | Адренергиялық заттарға қозудың берілуін жүзеге асыратын препараттармен танысу, адренергиялық заттардың фармакокинетикалық және фармакодинамикалық ерекшеліктерімен және фармакологиялық қасиеттерімен танысу, препараттарды рецепке жазудың жалпы принциптерін, адренергиялық синапсқа қозудың берілуін үйрену. | Оқу және білім беру әдістері: | Сабақ электрондық жүйедегі оқу құралдармен және оқулықтармен дәріс сұрақтарын қарастыру түрінде өткізіледі | Тақырыптың негізгі сұрақтары: | 1. адренергиялық заттарға қозудың берілуін жүзеге асыратын препараттар. 2. адренергиялық заттардың негізгі фармакологиялық эффектісі. 3. препараттар және олардың қолданылуы. | Әдебиет: | 1. Харкевич Д.А. Фармакология. Кітап. М.Изд. үй «ГЕОТАР_МЕД» 2006. 734с 2. Харкевич Д.А. фармакологияның лаборатория сабағының басқарушысы. М.МИА. 2004-452с. 3.Харкевич Д.А. Фармакология: Оқулық. Қазақ тіліндегі аудармасы. 2009. - 608 б. 4. Харкевич Д.А. Фармакология: Оқулық. Қазақ тіліндегі аудармасы. 2004.-451 б. | Қорытынды: | 1. адренергиялық заттарға әсер ететін классификациялық заттар. 2. фармакодинамиканың негізгі сұрақтары 3. а-адреномиметиктер, негізгі фармакологиялық эффектісінің қолданылуы. 4. б-адреномиметиктер, негізгі фармакологиялық эффектісінің қолданылуы. 5. а,б-адреномиметиктер, негізгі фармакологиялық эффектісінің қолданылуы. 6. а-адреноблокаторлар, негізгі фармакологиялық эффектісінің қолданылуы. 7. в-адреноблокаторлар, негізгі фармакологиялық эффектісінің қолданылуы. 8. а,в-адреноблокаторлар, негізгі фармакологиялық эффектісінің қолданылуы. | №7 тәжірибелік сабақ | Тақырып: | Эпилептикаға қарсы заттар. | Мақсаты: | Эпилептикаға қарсы заттардың фармакокинетикасы және фармакодинамиканың ерекшеліктерін, фармакологиялық қасиетімен және эпилептикаға қарсы препараттармен танысу. | Оқыту міндеттері: | Эпилептикаға қарсы заттардың фармакологиялық қасиетін білу, дәрілік препараттарды білу, эпилептикаға қарсы заттардың фармакологиялық касиетін және жиынтығын талдау, олардың фармакокинетикалық және фармакодинамикалық ерекшеліктерінің механизмі. | Оқу және білім беру әдістері: | Шағын топта жұмыс істеу барысында рецепт жазу | Тақырыптың негізгі сұрақтары: | 1. классификациясы 2. эпилептикаға қарсы заттардың әрекет ету механизмі. 3. негізгі эффекті. 4. препараттардың салыстырмалы мінездемесі және қолданылуы. | Әдебиет: | 1. Харкевич Д.А. Фармакология. Кітап. М.Изд. үй «ГЕОТАР_МЕД» 2006. 734с 2. Харкевич Д.А. фармакологияның лаборатория сабағының басқарушысы. М.МИА. 2004-452с. 3.Харкевич Д.А. Фармакология: Оқулық. Қазақ тіліндегі аудармасы. 2009. - 608 б. | Қорытынды: | - классификациясы
- әрекет ету механизмі
- препараттар
- жанама әсері.
| №8 тәжірибелік сабақ | Тақырып: | Анальгетикалық заттар. | Мақсаты: | Анальгетикалық заттардың фармакокинетикасы және фармакодинамиканың ерекшеліктерін, фармакологиялық қасиетімен және анальгетиктердің ерекшеліктерімен танысу. | Оқыту міндеттері: | Анальгезияның механизмін көрсету, анальгетикалық заттардың фармакокинетикасы және фармакодинамиканың ерекшеліктерін, фармакологиялық қасиетімен білу, наркотикалық және наркотикалық емес анальгетиктердің ерекшеліктерімен танысу, наркотикалық анальгетиктермен жедел улану және оның негізгі фармакотерапиялық принципі. | Оқу және білім беру әдістері: | Шағын топта жұмыс істеу барысында рецепт жазу | Тақырыптың негізгі сұрақтары: | 1. анальгетикалық заттардың классификациясы. 2. наркотикалық анальгетиктер, негізгі фармакологиялық әсерлер, қолданылуы, жанама әсерлері. 3. наркотикалық емес анальгетиктер, негізгі фармакологиялық әсерлер, қолданылуы, жанама әсерлері. 4. дәрілік тәуелділік, әлеуметтік эффекті, терапия принципі. | Әдебиет: | 1. Харкевич Д.А. Фармакология. Кітап. М.Изд. үй «ГЕОТАР_МЕД» 2006. 734с 2. Харкевич Д.А. фармакологияның лаборатория сабағының басқарушысы. М.МИА. 2004-452с. 3.Харкевич Д.А. Фармакология: Оқулық. Қазақ тіліндегі аудармасы. 2009. - 608 б. 4. Харкевич Д.А. Фармакология: Оқулық. Қазақ тіліндегі аудармасы. 2004.-451 б. | Қорытынды: | - анальгетикалық заттардың классификациясы
- наркотикалық анальгетиктер, негізгі фармакологиялық әсерлер, қолданылуы, жанама әсерлері.
- наркотикалық емес анальгетиктер, негізгі фармакологиялық әсерлер, қолданылуы, жанама әсерлері.
- дәрілік тәуелділік, әлеуметтік эффекті, терапия принципі.
| |