МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

Бромидтермен созылмалы улану – бромизм.





Симптомдары: жалпы тежелулер, апатия, есте сақтау қабілетінің бұзылуы, терілік зақымдалулар. Сонымен қатар мұрынның бітелуі, конъюнктивит, диареяменжүретін шырышты қабаттардың қабынуы.

Емдеу жолдары:

- бром тұздарын қабылдауды тоқтату;

- оларды ағзадан жылдам шығуын шаралары;

- сұйықтықты көп ішу;

- зәр айдағыш заттарды тағайындау;

Тыныштандырғыш зат ретінде валериана препаратын тұндырма, тұнба, экстракт түрінде кеңінен қолданады. Оларды құрамында эфирлік майы бар дәрілік валериананың тамырсабағы мен тамырынан алады. Бестілімді сасықшөп және жүрек сасықшөбімен дайындалатын сасықшөптің препараттары да (тұндырма, тұнба) тыныштандырғыш қасиет көрсетеді.

Қолданылуы:Жүрек-тамыр жүйесінің бұзылыстарымен және ішкі мүшелердің тегіс салалы бұлшық еттерінің спазмдарымен жүретін невроздарда

Антидепрессанттар – депрессияны емдеуде қолданылатын заттар.

Фармакологиялық әсерлері:

- адамның көңіл-күйіне әсері, депрессияны шақыратын факторлады ұмытуды шақыруы;

- адамның психикалық және физикалық белсенділігін көтеру;

- аздаған тыныштандарғаш әсері;

Имизин

- аздаған тыныштандырғыш әсермен үйлесетін айқын антидепрессивті қасиеті бар препарат.

- кейбір жағдайларда психостимуляторлық қасиеті бар.

Имизин асқазан-ішек жолдарынан жақсы сіңеді. Препараттарды депрессияда қолданғанда емдік әсері 2-3 аптадан кейін басталады.

Жағымсыз әсері:

- психикалық қызмет жағынан жағымсыз бұзылыстар (шамадан тыс тыныштандырғыш әсер, немесе керісінше қозу, галлюцинациялар, ұйқысыздық)

- бастың ауыруы, дірілдеу;

- терілік аллергиялық реакциялар;

- ауыздың құрғауы, ортостатикалық гипотензия, тахикардия, іштің қатуы.

Қолданылуы:

- психоздарда (депрессиямен бірге жүретін)

- нейролептиктерді жиі қолданғанда пайда болатын депрессивті жағдайларда.

Амитриптилин – құрлысы жағынан имизинге ұқсас. Препараттың депрессияға қарсы белсенділігімен қатар психоседативті қасиеті айқын байқалады. Амитриптилин белсенділігіжоғары антидепрессиялық заттарға жатады. Оның емдік әсері 10-14 күннен кейін байқалады.

Жағымсыз әсері

- көз қарашығын кеңеюі;

- аккомодацияның бұзылыстары;

- ауыздың құрғауы;

- тахикардия;

- көз іші қысымының жоғарлауы

Ниаламид – айқын антидепрессивті қасиетімен қатар психостимуляторлық әсері жоғары белсенді препарат. Басқа препараттардан айырмашылығы – бауырға уытты қасиеті аз дәрежесі байқалады. Препараттың әсері 10-12 күннен кейін басталады.

Жағымсыз әсері:

- ұйқысыздық

- ауыздың құрғауы, іштің қатуы.

- тәбеттің төмендеуі

- көз қарашығының кеңеюі.

Қолданылуы: апатиямен қатар жүретін депрессияда.

Психостимуляторлар.

Психостимуляторлар – көңіл-күйді, сыртқы тітіркендіргіштерді қабылдау қабылетін, психомоторлық белсенділікті жоғарлататын препараттар: Олар шаршау сезімін төмендетеді,физикалық және ақыл-ой жұмысына қабілеттілікті жоғарлатады (әсіресе шаршағанда), ұйқыға қажеттілікті уақытша төмендетеді.



Меридил:

Фармакологиялық белсенділігі орташа препарат. Артықшылығы – оның шеткі адреномиметикалық қасиетінің жоқтығы, сондықтан жүрек-тамыр жүйесіне мүлде әсер етпейді.

Жағымсыз әсері: ұйқысыздық, қозу, жүректің айнуы, көп қолданғанда препаратқа бейімделу мен тәуелділік дамиды.

Қолданылуы: ұйқышылдықпен, апатиямен, көңіл-күідің бұзылысымен, тез шаршаумен сипатталатын аурулада.

Сиднокарб, Сиднофен:

Химиялық құрылысы меридилден өзгеше препараттар. Психостимуляторлық әсері меридилге қарағанда белсенді препарат. Бұл препараттардың әсері жаймен басталады және ұзақ уақыт сақталады.

Жағымсыз әсері:

- мөлшерден тыс енгізгенде қозу, мазасыздық, ұйқысыздық, артериялық қысымның жоғарылауы.

Кешкі уақыттарда бұл препараттарды қабылдамаған жөн, ұйқыны бұзады.

Кофеин – шай жапырақтарында, кофеде, какаода және кола тұқымдарында болатын алколоид.

Кофеин психикалық қызметті ынталандыратын, ақыл – ой және физикалық жұмысқа қабілеттілігін, қозғалыс белсенділігін жоғарлатады, реакциялардың уақыттарын қысқартады. Оны қабылдағаннан кейін сергектік, уақытша шаршау, ұйқышылдық жойылады немесе төмендейді.

Фармакологиялық әсерлері:

- жүйке жүйесіне аз мөлшерде – ынталандырғыш, көп мөлшерде – тежегіш әсер көрсетеді;

- тыныс және тамыр қозғалтқыш орталықтарына тікелей ынталандырғыш әсер көрсетеді.

- жүрек-тамыр жүйесіне ынталандырғыш әсер көрсетеді. Көп мөлшерде тахикардия, кейде аритмия шақырады.

Кофеиннің әсерінен асқазан бездерінің секрециясы жоғарылайды және бұл диагностикалық мақсаттар үшін қолданады.

Кофеин ішектен жақсы сіңеді. Кофеинді ұзақ қолданғанда айқындығы төмен бейімделу байқалады. Психикалық тәуелділік (теизм) дамуы мүмкін.

Жағымсыз әсері: лоқсу, құсу, мазасыздық, қозу, ұйқысыздық, тахикардия, жүрек аритмиясы.

Қолданылуы: шаршағанда «бас сақинасында», гипотензияда.

«Цитрамон», «Пирамеин», «Кофетамин» сияқты жұптастырылған препараттардың құрамына кіреді.

Ноотропты заттар:

Бұл топқа бас миының жоғарға интегративті қызметін ынталандырғыш заттар жатады

Негізгі әсерлері:

- оқу және есте сақтау қабылетін жақсарту

- гипоксияға және тырысуға қарсы белсенділігі.

Пирацетам: ақыл-ойдың жетіспеушілігінде оның қызметінің (ойлану, оқу, есте сақтау) жағымды ынталандырғыш әсер көрсетеді. Гипоксияға қарсы көрсетеді. Бұл кезде ми ұлпаларының гипоксияға төзімділігі жоғарылайды.

Жағымсыз әсері:

- диспепсиялық бұзылыстар;

- ұйқының бұзылуы.

Қолданылуы: бас миының созылмалы тамырлық және дегеренеративтік зақымдалуына байланысты ақыл-естің жетіспеушілігінде (қартафға атеросклерозға, алкоголизмге, бас сүйегінің жарақатына т.б. байланысты ақыл-ойдың жетіспеушілігі), ақыл –есі төмендеген балаларға тайғайындалады.

Препарат бір және одан да көп айлар бойы ішке және парентералды тағайындалады.

Әдебиет:

1.Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. М - 2006.

2.Харкевич Д.А. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии, М. - 2004.

3. Майский В.В.. Фармакология с общей рецептурой. М - 2004

4. Виноградов В.М., Каткова Е.Б., Мухин Е.А.. Фармакология с рецептурой. Учебник для медицинских и фармацевтических училищ и колледжей. С.- П. - 2002.

 

Бақылау сұрақтары:

1.Психотропты заттардың жалпы сипаты.

2.Жіктелуі.

3.Әсер ету механизмі.

4.Негізгі фармакологиялық әсері.

5.Препараттардың салыстырмалы сипаты.

6. Қолданылуы.

7. Кері әсері 8.Симптоматикалық тырысуларды емдеуге арналған дәрілік заттар. 9.Эпилепсия, оның түрлері, пайда болу себебі және даму механизмі. 10. .Эпилепсияға қарсы заттардың эпилепсия түріне байланысты жіктелуі. 11. Эпилепсияға қарсы заттардың әсер ету механизмі. 12. Салыстырмалы сипаты. 13. Кері әсері. 14. Ұйықтатқыш заттардың жіктелуі. 15. Ұйықтатқыш заттардың жалпы сипаты. 16. Бензодиапезиндердің, барбитураттардың жәнехимиялық құрылымымен ұйықтатқыш заттардың салыстырмалы сипаты. 17. Ұйықтатқыш заттардың әртүрлі топтарының қолдануға көрсеткіштері, әсер ету механизмі. 18. Ұйықтатқыш затардың кері әсері. 19. Ұйықтатқыш заттармен улану, көмек.

 


КРЕДИТ2

Дәріс № 1.

Тақырыбы: Жүрек – тамыр жүйесіне әсер ететін заттар.

Мақсаты: Жүрек – тамыр жүйесіне әсер ететін заттармен таныстыру.

 

Жүрек гликозидтері –бұл өсімдік тектес, әртүрлі этиологиялы миокард дистрофиясына байланысты жүрек жетіспеушіліктерін емдеуде қолданылатын дәрілік заттар.

Медицина практикасында, келесі өсімдіктерден алынатын жүрек гликозидтерінің препараттарын кеңінен қолданады:

- ал – қызыл оймақгүл (Digitalis purpurea) – дигитоксин;

- түкті оймақгүл (Digitalis lonata) – дигитоксин,целанид;

- строфант Комбе (Strophantus Kombe) – строфантин К;

- меруертгүл (Convallaria) – коргликон;

- жанаргүл (Adonis vernalis) – жанаргүл шобінің тундырмасы.

Жүрек гликозидтерінің негізгі қасиеттері:

1. Жүрек жетіспеушілігінде систоликалық жиырылуды күшейтеді (жүректің соққы және минуттық көлемдерін жоғарылатады және жүрек жумысының өттегіне қажеттілігін ↓). Жиырылудың күшеюінің әсер ету механизмі жүректің ет клеткаларындағы Са²+ ионының ұлғаюына байланысты.

Мысалы: CaCl 2 – жүрек гликозидтерінің әсерін күшейтеді.

2. Брадикардия шақырады (жүрек гликозидтерінің әсер етуінен жүректің сезімтал жүйке ұштары қозады және рефлекторлы түрде кезбе жүйке жүйесі арқылы брадикардия пайда болады).

3. Жүректң өткізгіштік жүйесіне тікелей тежегіш әсер ете және кезбе жүйкені қоздыра отырып, қозудың өту жылдамдығын төмендетеді. Ал уытты мөлшерде жүрекше-қарыншалық тосқауылды туғызуы мүлекін.

4. Жүрек автоматизмін жоғарылатады. Аритмия пайда болады (көбінесе экстрасистолалар).

Жүрек гликозидтерінің жүрек декомпенсациясы кезінде қан айналымына негізгі әсері веноздық іркілуді азайту болып табылады.

Бұл кезде веноздық қысым түседі, ісінулер жойылады. Артериялық қысым өзгермейді немесе ↑ (егер төмен деген болса). Қан тамырлардың жалпы шеткі қарсылығы ↓, ұлпалардың қанмен қамтамасыз етілуі және оксигенациясы жақсарады. Ішкі мүшелердің (бауыр, асқазан-ішек жолдарының) бұзылған қызметтері қалпына келеді

Оймақгүл препараттары.

Дигитоксин– жүрек гликозидтерінің барлық қасиеттері бар дәрілік зат. Препараттың әсері ішке енгізгенде 2-3 сағ. кейін, ал барынша көп әсері 8-12 сағаттан кейін басталады, ал жалпы әсер ету ұзақтығы 2 аптаға созылады. Дигитоксинді әсер етуінің жылдамдығының төмен болуына байланысты және әсер ету ұзақтығына байланысты созылмалы жүрек жетіспеушілігінде қолданады. Дигитоксин асқазанда жақсы сіңеді, сондықтан энтералды енгізіледі.

Дигоксин– дигитоксиннен өзінің тез, әсер ету артықшылығы мен аз уақыт әсер етуімен өзгешеленеді. Дигоксинді ішке енгізгенде әсері 1-2 сағаттан кейін, көк тамырға енгізгенде – 20-30 кейін, барынша көп әсері 3-8 сағ. кейін, ал жалпы әсер ету ұзақтығы 2-4 күнге созылады.

Целанид –дигоксиннен құрлысы бойынша айырмашылы бар, және оған қарағанда жүрекке тез және қысқа уақыт әсер етеді. Көк тамырға енгізгенде 5-10 минуттан кейін әсер етеді, ал барынша көп әсері 2 сағаттан соң басталады. Препаратты көк тамырға баяулатып, глюкоза ерітіндісімен қосып енгізеді. Тез әсер етуіне байланысты жедел басталатын жүрек жетіспеушілігінде қолданады.

Жүрек гликозидтерінің маңызды сипаты олардың кумуляциялану қабілеті бөлып табылады. Жүрек гликозидтері үзақ әсер еткен сайын, олар көп кумуляцияланады (яғни организмде дәрілік заттын өзі жиналуы).

Ұытты қубылыстары жүрек гликозидтерін артық мөлшерде енгізгенде байқалады. Бұл кезде жүрек айныиды, құсады, тамақ ішкісі келмейді, брадикардия, атриовентрикулярлық өткізгіштіктің төмендеуі, экстрасистолия байқалады. Ұытты әсері кезінде бұл препараттарды беруді тоқтатып, жүрек гликозидтерінің антагонистерін (унитиол, калий препараттарын, Аспаркам, противоаритмиялық препараттар) беру керек.

Қолдануға қарсы көрсетулер: айқын брадикардия, жедел инфекциялық миокардит, толық емес жүрекше – қарыншалық тосқауыл.

Жанаргүл препараттары.

Жанаргүл өсімдіктерінен алынатын жүрек гликозидтері асқазан – ішек жолдарында нашар сіңеді, сөндықтан бұл препараттардың әсер ету белсенділігі өймақгүл препараттарына қарағанда төмен болады. Ал енгізу мөлшерін жоғарылататын болса, онда асқазан – ішек жолдарына тітіркендіргіш әсер көрсетеді.

Жанаргүл шобінің тұндырмасы – препаратты ішке енгізгенде әсері 2-4 сағ. кейін, барынша көп әсері 4-6 сағ. кейін, ал жалпы әсер ету ұзақтығы 1-2 күнге созылады. Ал оймақгүл препараттарына қарағанда әсер ету белсенділігі төмен және әсер ету ұзақтығы да азырақ.

Адонизид– новогаленді препарат (ішке енгізгенде тамшы түрінде пайдаланылады).

Жанаргүл препараттарының әсер ету ұзақтығының қысқа болуына байланысты аз кумуляцияланады, сондықтан бұл препараттарды ұзақ уақыт қолдануға болады және оларды қосымша тыныштандырғыш зат ретінде невроздарда, жиі ашуланғыштықта қолданады.

Строфант препараттарды.

Строфантин К – строфант тұқымынан алынатын жүрек гликозиді. Строфантин әсер ету белсенділігі жағынан оймақгүл гликозидтеріне қарағанда 2-3 есе күштірек. Строфантин ерітіндісін глюкоза ерітіндісімен қосып көк тамырға асықпай тамшылатып енгізеді. Ал препарат асқазан – ішек жолдарында нашар сіңетіндіктен, ішке енгізгенде емдік әсер көрсетпейді. Строфантинді көк тамырға енгізгеннен кейін 5-10 мин соң әсер көрсетеді, барынша көп әсері 1-1,5 сағ. кейін, ал әсер ету ұзақтығы 2 күнге созылады. Строфантинді жедел жүрек жетіспеушілігінде қолданады.

Меруертгүл препараттары.

Меруертгүл гүмиоғырының тұрындысы – жүрекке аздаған күшейтетін әсер береді және нашар тыныштандырғыш әсер көрсетеді. Бұл гликозидтер асқазан – ішек жолдарында нашар сіңеді.

Коргликон– меруергүл гүмиоғырының бірнеше гликозидтерінің қосындысынан тұратын препарат. Строфантиннен өзінің әсер ету белсенділігі жағынан төмендігімен және тез, қысқа түрде әсер етуімен айрықшаланады коргликонды көк тамырға глюкоза ерітіндісімен бірге ақырындап енгізеді жағымсыз әсерлері оймақгүл препараттарымен бірдей.

Әдебиет:

1.Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. М - 2006.

2.Харкевич Д.А. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии, М. - 2004.

3. Майский В.В.. Фармакология с общей рецептурой. М - 2004

4. Виноградов В.М., Каткова Е.Б., Мухин Е.А.. Фармакология с рецептурой. Учебник для медицинских и фармацевтических училищ и колледжей. С.- П. - 2002.

Бақылау сұрақтары:

1.Жүректің ишемиялық аурулары туралы түсінік.(стенокардия, инфаркт миокарды)

2.Коронар тамырларының жетіспеушілігі кезінде қолданылатын заттар.

3. Стенокардия ұстамасында нитроглицерин фармакодинамикасы.

4. Инфарк миокардының дәрілік терапиясының негізгі принциптері.

5. Нитроглицерина заттары.

6. Кальций каналдарының тежелулері.

7. Коронар тамырларын кеңейтетін монотропты заттар.

 

Дәріс № 2.

Тақырыбы: Несеп айдайтын дәрі-дәрмектер (диуретиктер)

Мақсаты: Гипотензивті заттармен таныстыру.

 

Гипотензивті заттар жүйелік артериялық қысымды төмендетеді. Оларды негізінен артериялық гипертензияда қолданады.

Артериялық қысымның деңгейі мынындай факторларға тәуелді:

- жүрек жұмысына;

- шеткі тамырлардың тонусына, олардың серпінділігіне, көлеміне және айналымдағы қанның тұтқырлығына.

Гипотензивті заттардың әсері артериялық қысымды реттеуде физиологиялық жүйенің әртүрлі бөліміне бағытталуы мұмкін. Нейротропты заттар қан тамырларының кеңеюіне және жүрек жұмысының азаюына әкелетін вазомоторлық орталықтарға да, адренергиялық иннервацияның шеткі бөлімдеріне де – ганглий, постганглионарлық талшықтардың үштарына және адренорецепторларға әсер ете алады.

Гипотензивті заттардың әсер ету механизмі бойынша классификациясы.

1.Орталыққа әсер ететін гипотензивті нейротропты заттар: клофелин және метилдофа.

Клофелин.Клофелинді гипертониялық ауруда және гипертензивтік кризде қолданады. Ішке және парентералды тағайындайды. Клофелиннің тыныштандырғыш және ұйықтатқыш әсерлері мен температурасын төмендетуі оның ОЖЖ-н тежеуіне байланысты. Ал гипотензивті әсері сопақша мидың постсинаптикалық α2 – адренорецепторларын ынталандыруына байланысты. К. асқазан – ішек жолынан жақсы сіңеді жоғарғы гипотензивтік әсері 2-4 сағ. кейін дамиды. Әсер ету ұзақтығы 6-12 сағ.

Жағымсыз әсері: ұйқы шақыру, ауық құрғау, жел шығару, клофелинмен емдеуді тоқтатқандағы тоқтату синдромын (гипертензивтік криз, ұйқысыздық және басқалар) болдырмау үшін мөлшерін біртіндеп төмендету керек.

Метилдофа.Метилдофа организмде метилнорадреналинге айналады, ол ОЖЖ-дегі адренорецепторларды ынталандырады, артериялық қысымның деңгейін реттейтін нейрондардың белсенділігін тежейді. Препараттың ОЖЖ-не ықпалы, сондай-ақ тыныштандырғыш және ұйықтатқыш әсерлері мен көрінеді. Метилдофаны ұзақ уақыт енгізгенде гипотензияның болуы – оның жалпы шеткі қан тамыр кедергісін төмендетуіне байланысты, бірақ препаратты алғашқы енгізгенде жүректік шығару да азаяды. Ішке енгізгенде препарат 20 % - тен аз сіңеді. Әсері 4-6 сағ. кейін пайда болады және 1 тәулікке дейін созылады. Қажет болғанда метилдофаны көк тамырға енгізеді.

Жанама әсерлері: депрессия, паркинсонизм құбылыстары ортостатикалық коллапс, лейкопения, бауырдың жұмысының бұзылуы.

2.Шеткі бөлікке әсер ететін гипотензивті нейротропты заттар симпатикалық иннервацияны- ганглий деңгейінде, постганглионарлық талшықтардың ұштарында және адренорецепторларда – ганглиоблокаторлардың, симпатомиметиктердің және адреноблокаторлардың көмегімен тежеленіледі.

Ганглиоблокаторлық заттар (пентамин, бензогексоний) –бұл тиімді гипотензивтік заттар. Г. симпатикалық ганглийлерге талғап әсер сонымен бір үақытта парасимпатикалық ганглийді де тежейді.

Жанама әсерлері: ортостат коллапс, құықтың тегіс салалы бұлшық еті тонусының төмендеуі, аккомодацияның бұзылуы, ауыз қуысының шырышты қабатының құрғауы.

Қолданылуы: - хир-лық операциялар кезінде басқарылатын гипотония үшін; (гигроний, арфонад);

- гипертензивтік кризде; - окпе және ми ісінулерінде

қолданылады.

Симпатомиметиктер.Резерпин, октадин – олар шеткі адренергиялық жүйке үштары деңгейінде медиатор норадреналиннің қорын азайта отырып, эфференттік импульсты тежейді. Бұл жүрек жұмысынықда және шеткі тамырлар тонусының да төмендеуіне әкеледі. Артер. қысымның тұрақты төмендеуін туғызады. Резерпин психозға қарсы зат болып табылады, тыныштандырғыш зат ретінде қолданылады. Октадин ОЖЖ-не өтпейді. Оларды энтералды енгізгеннен кейін артер. қысымды өте көп түсіретін әсер 1-3 күннен соң және кейінірек дамиды. Октадин мен резерпинді қабылдауды тоқтатқаннан кейін артериялық қысымның бастапқы деңгейі 1-3 аптадан кейін қалпына келеді. Оларға бейімделу дамымайды деуге болады. Октадинді гиперт. аурудың ауыр түрінде қолданады.

Адреноблокаторлар.α – адреноблокатор – празозин - әсер еткен кезде адренергиялық синапстарда кері теріс байланыс механизмі сақталады және норадреналин артық мөлшерде бөлінбейді (айқын тахикардия болмайды, ал гипотензивтік әсері резистивті тамырлардың кеңеюімен жүретін жалпы шеткі кедергінің төмендеуіне байланысты болады).

П-ның максималды әсері 4-5 сағ. кейін дамыды және 10 сағ. жуық сақталады кейде гипотензивті әсерінің дамуы баяулайды.

Қолданылуы: гипертониялық ауруларда, жүрек жетіспеушілігінде, құық асты безінің гиперплазиясында.

Жанама әсерлері: бастың ауруы, жүректік қағуы, ұйқышылдық, ортостатикалық гипотензия, бастың айналуы.

Β-адреноблокатор – анаприлин – жүрек шығарылымын төмендетеді, тамырлардың шеткі, кедергісін ↓, пресинаптикалық β-адренорецепторларды тежейді, сонымен қатар рениннің босап шығуын азайтады.

Қолданылуы: гипертониялық ауру.

3.Миотропты әсер ететін гипотензивті заттар.

Апрессин – көбіне резистивті тамырларды (артериолдар мен ұсақ артериялар) кеңейтетін заттар. Артериялық қысымды түсірген кезде тахикардия болуы және рениннің көп бөлінуі мүмкін.

Апрессинді табл. Түрінде қолданады, әсер ету ұзақтығы 6-12 сағ.

Жағымсыз әсерлері: жүрек айну, бастың ауруы, бас айналу, диспепсиялық бұзылыстар.

Дибазол –барлық тегіс салалы бұлшық еті бар мүшелерге спазмолитикалық әсер көрсетеді. Тамырларды кеңейтеді. Арт. Қысымды төмендетеді. Гипертониялық аурулар кезінде қолданылады. Гиперт. криз жағдайында дибазол көк тамырға енгізімді. Жанама әсерлері сирек байқалады.

Магний сульфаты –артер. қысым жоғарылағанда және гипертензивтік кризде қолданылады. Бұлшық етке немесе көк тамырға енгізімді. Пайда болатын гипотензия негізінен магния сульфатының тікелей миотропты әсеріне байланысты. Сонымен қатар ол ганглийги дейінгі талшықтардан ацетилхолиннің босап шығуын азайта отырып, вегетативтік ганглийлерде қозудың берілуін азайтады.

Магний иондарымен ОЖЖ-нің тежелуі тыныштандырғыш, тырысуға қарсы, ал жоғары мөлшерде наркотикалық әсерлермен көрінеді. Наркотикалық әсер кеңдігі аз және мөлшерден тыс енгізгенде тыныс орталығының депрессиясы жылдам дамиды.

4.Ренин – ангиотензин жүйесіне әсер ететін заттар.

Әртүрлі дәрілік заттардың көмегімен ренин-ангиотензин жүйесін әр түрлі сатыда тежеуге бөлады. Ангиотензинге айналдырушы ферменттерді тежейтін препарат – Каптоприл.Оның негізгі әсері ангиотензин II-нің түзілуін азайтуына байланысты. К-ды қолданғанда гипотензия 30-60 мин кейін дамиды және 4-8 сағ. сақталады. Оны артериялық гипертензияда қолданады және жүрек жетіспеушілігі кезенде де қолданылады.

Саралазин –ангиотензиндік рецепторларды тежейтін препарат. С. қысқа уақыт әсер етеді (6-8 мин), себебі пептидазамен ыдырайды. Оны көк тамырға енгізеді. Гипертензивтік кризде қолданады.

5.Су-тұз алмасуына әсер ететін заттар (диуретиктер).

Артериялық қысымның жоғарылауы организмдегі Na+ ионының баду шығуына және жоғарылауына байланысты. Диуретиктер организмнен су және Na+ иондарының шығуын тездетеді және сонымен қатар артериялық қысымды төмендетеді. Д-нің гитпотензивтік әсері Na+ иондарының шығуына байланысты болады.

Дихлотиазид (гипотиазид) – гипотензивтік диуретик. Ол несеппен натрий, хлор иондарының және судың тиісті мөлшерінің шығуын жоғарылатады. Д-тің әсер етуі кезінде көптеген гипотензивтік заттардың әсері улғаяды. Осыған байланысты оны артериялық қысымды төмендететін басқа заттармен қосып тығайындайды.

Жанама әсерлері: гипокалиемия, гипомагниемия, қанда зәр қышқылының мөлшерінің жоғарылауы.

Фурасемид– дихлотиазидке қарағанда әсері жағынан жоғары диуретик. Арт. қысымды төмендету үшін қолданылады.

Спиронолактон– альдестеронның антогонисі болып табылатын диуретик. Ол Na+, Cl- иондарының және судың шығуына ықпал жасайды, бірақ гипокалиемия шақырмайды.

Әдебиет:

1.Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. М - 2006.

2.Харкевич Д.А. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии, М. - 2004.

3. Майский В.В.. Фармакология с общей рецептурой. М - 2004

4. Виноградов В.М., Каткова Е.Б., Мухин Е.А.. Фармакология с рецептурой. Учебник для медицинских и фармацевтических училищ и колледжей. С.- П. - 2002.

Бақылау сұрақтары:

1. Гипотензивті заттардың жіктелуі.

2. Әртүрлі топтағы гипотензивті заттардың әсер ету механизмі және локализациясы (нейротропты, миотропты әсерлер және су балансына әсер етушілер)

3. Гипертониялық ауруды емдеу кезінде қолданылатын гипотензивті заттардың қолдану принциптері.

4. Гипотензивті заттарды қолдану кезінде пайда болатын негізгі кері әсерлері.

5. Гипертониялық кризді купировать етуге арналған заттар.

Дәріс № 3.

Тақырыбы Бронх тарылуы кезінде қолданылатын дәрі-дәрмектер.

Мақсаты: Тыныс алу жүйесіне әсер ететін заттармен таныстыру.

 

Жөтелге қарсы заттар.

а)Орталыққа әсер ететін заттар – сопақша мида өрналасқан жөтел рефлексінің өрталық тармағын тежейтін орталық әсерлі заттар.

Кодеин– наркотикалық типті әсерлі апиынның алкалоиды. Жөтелге қарсы айқын белсенділігі бар. Сонымен қатар, ол әлсіз ауыру сезімін басатын әсер көрсетеді. К. емдік мөлшерде тыныс орталығын тежемейді немесе бұл әсері аз дәрежеде байқалады.

Жанама әсері: ұзақ қолданғанда іш қату, бейімделу, дәріге тәуелділік (психикалық және физикалық) дамулар.

Препараттары: кодеин; кодеин фосфаты, «Кодтерпин» таблетканың қурамында.

Глауцин гидрохлориді (глаувент)– жөтел орталығын таңдамалы тежейтін және дәріге тәуелділік шақырмайтын жөтелге қарсы наркотикалық емес зат. Глауцин - өсімдік тектес алколоид. Препаратты науқастар жақсы көтереді. Кей уақытта бастың айналуын, лоқсу шақыруы мүмкін.

б)Шетке әсер ететін жөтелге қарсы заттар.

Либексин –жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабатына анестезиялаушы әсері және бронхолитикалық қасиеті бар дәрілік зат. Ол ОЖЖ-не әсер етпейді. Препаратқа тәуелділік дамымайды.

Қақырық түсіретін заттар.

Бұл заттардың тобы бронхиалды бездермен ондірілетін шырыштың (қақырықтың) бөлінуін жеңілдету үшін қолданылады. Қ.т. заттардың екі түрі бар: 1) рефлекторлы әсер ететін; 2) тікелей әсер ететін.

Рефлекторлы әсер ететіндер– термопсис шөбінің препараттары –

т. шөбінің тұнбасы;

т-тың құрғақ экстрактысы.

Әсер ету механизмі – олардың құрамындағы алколоидтер ішке енгізгенде асқазан рецепторларының тітіркенуін шақырады. Осы кезде бронхиалды бездердің секрециясы рефлекторлы түрде артады, кірнікшелі эпителийдің белсенділігі жоғарылайды, бронх бұлшық еттерінің жиырылуы күшейеді. Қақырық көбейеді, тұтқырлығы азаяды және оның жөтелмен бөлінуі жеңілдейді.

Аталған препараттар үлкен мөлшерде рефлекторлы түрде құсу шақырады, бірақ олар бұл мақсатта қолданылмайды.

Тікелей әсер ететін қақырық түсіруші заттарғасекретті сүйылтатын (муколитикалық заттар) жатады. Химиялық құрылыстары ұқсас – амброксол (амбробене) және бромгексин – тиімді муколитикалық және қақырық түсіретін заттар. Препараттардың муколитикалық әсері қақырықтың сұйылуын шақырады, бронхиалды бездердің секрециясы қалыпқа келеді бронхтардан қақырықтың бөлінуі жеңілдейді. Әсері 30 минуттан кейін басталады және 10-12 сағ. сақталады. Препараттарды ішке енгізеді.

Жанама әсерлері: лоқсу, құсу, аллергиялық реакциялар.

Трипсин– тікелей әсер ететін белсенді қақырық түсіретін ферментті препарат. Белоктардың бөлінуін шақырады. Ингаляциялық жолмен енгізеді қақырықты сұйылту қасиеті – бронхоэктатикалық ауруды емдеуде қолданылады.

Калий йодиді– бронхтың шырышты қабатының бездеріне тікелей әсер көрсететін және олардың секрециясын күшейтетін препарат.

Натрий гидрокарбонат– қақырықты сүйылтады, бронхиалды секрецияны жоғарылатады. Калий йодиді мен натрий гидрокарбонатын ішке және ингаляциялық жолмен (аэрозоль) түрінеде тағайындайды.

Қақырық түсіретін заттарға алтей тамырының, истод тамырының қызыл мия тамырының (солодка) препараттары, терпингидрат, натрий бензоаты жатады.

3. Бронхтарды қеңітетін заттар (бронхолитиктер).

1. β2 - адренорецепторларды ынталандыратын заттар – сальбутамол, фенотерол, изадрин; симпатомиметиктерден – эфедрин.

2. М – холиноблокаторлар – атропин сульфаты, метацин.

3. Миотропты әсері бар спазмолитиктер (эуфиллин).

Бронхолитиктер– бронхиалды демікпені және басқа бронхоспастикалық жағдайларды емдеу үшін қолданылатын дәрілік заттар.

Сальбутамол, фенотерол (беротек Н) – β2 адренорецепторларды айрықша қоздыратын заттар. Олар таңдамасыз әсер ететін β2 адреномиметиктерге қарағанда тахикардияны едәуір аз дәрежеде шақырады. Оларды ингаляциялық жолмен енгізеді, бронхты кеңейтетін әсері 4-6 сағ. созылады.

Жанама әсерлері: тремор, тахикардия, мазасыздық, аритмия.

Изадрин - β1 және β2 адренорецепторларды ынталандыратын препарат. Ол бронхоспазмды жою үшін қолданылады Изадринды ішке ерітінді түрінде ингаляциялық жолмен тағайындайды. Жүректің β адренорецепторларына әсер ететіндіктен изадрин жүректің жиырылуын жиілетеді және күшейтуі мүмкін. Изадринді осылай қолданғанда артериялық қысымды мүлдем озгертпейді.

Эфедрин –бронхолитик ретінде қолданылатын симпатомиметик. Белсенділігі жағынан адреналиннен төмен, бірақ ұзағырақ әсер етеді. Препараты алдын-алу үшін қолданады.

Жанама әсерлері: артериялық қысымның жоғарылауы, тахикардия жүректің минуттық көлемінің артуы, ОЖЖ-нің қозуы және дәріге тәуелділік дамиды.

М – холиноблокаторлар – атропин сульфаты, метацинбронхтардың холинергиялық иннервациясын тежейтін бронхолитикалық қасиеттері бар дәрілік заттар. М – холиноблокаторлардың бронхиалды демікпедегі белсенділіг адреномиметиктерден төмен.

Бұл топ препараттарының кемшілігі – бронхиалдық, сілекей және басқа бездердің секрециясының томендеуі, тахикардия, аккомодацияның бұзылуы.

Эуфиллин – бронхтың тегіс салалы бұлшық етіне тікелей әсер ету арқылы кеңейтетін миотропты спазмолитик зат.

Эуфиллин кіші қан айналым шеңберінде қысымды төмендетеді, жүректе, бүйректе, бас миында қан ағымын жақсартады. Орташа зәр айдағыш әсері бар. Миокардтың қызметін ынталандырады, бұл кезде жүректің оттегіне қажеттілігі жоғарылайды ОЖЖ-не қоздырғыш әсер көрсетеді.

Эуфиллин препараттарын ішке, тік ішекке және көк тамырға қолданады. Ішке тағайындағанда олар диспепсиялық құбылыстар шақыруы мүмкін. Тітіркендіргіш әсер эуфиллинді тік ішекке енгізгенде байқалады.

Жанама әсерлері: бастың ауыруы, бастың айналуы, лоқсу, құсу, зәр бөлінуінің азаюы, аритмия, қозу, уйқысыздық, уытты мөлшерде тырысулар болуы мүмкін.

Бронхиалды демікпесі және аллергиялық бронхоспазмдары бар науқастарды емдеу үшін нағыз бронхолитиктерден басқа қабынуға қарсы және аллергияға қарсы заттарды қолданады. Мұндай препараттарға глюкокортикоидтар жатады.

Әдебиет:

1.Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. М - 2006.

2.Харкевич Д.А. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии, М. - 2004.

3. Майский В.В.. Фармакология с общей рецептурой. М - 2004

4. Виноградов В.М., Каткова Е.Б., Мухин Е.А.. Фармакология с рецептурой. Учебник для медицинских и фармацевтических училищ и колледжей. С.- П. - 2002.

Бақылау сұрақтары:

1. Жөтелге қарсы заттардың жіктелуі.

2 Препараттардың салыстырмалы сипаты.

3. Қолдануға көрсеткіштер.

4. Дәрілік затқа тәуелділік дамуы мүмкін

5. Кері әсері.

Дәріс № 4.

Тақырыбы: Қабынуға қарсы заттар.

Мақсаты: Қабынуға қарсы заттармен таныстыру.

 

Нестероидты қабынуға қарсы заттар

Бұл дәрілік заттардың әсер ету механизмі капиллярлардың өткізгіштігін жоғарылату арқылы және кіші қан айналымын жақсарту арқылы , биохимиялық үрдістердің энергетикалық денгейін төмендету арқылы қабынуға қарсы әсер көрсетуі.

Ацетилсалицил қышқылы(аспирин) – Acidum acetylsalicylicum (Aspyrinum).

Ақ ұнтақ, суда нашар ериді. Химиялық құрамы бойынша басқа қабынуға қарсы заттарға қарағанда ерекшелігі бар (феноксиметил тобы), соған байланысты қышқыл ортада тұрақты, сол себептен оны ішке қолдануға болады. Қабынуға қарсы қасиеттері тобының препараттарына ұқсас, спектрі бірдей.Инфекцияның орташа түрінде қолданылады: буын аурулары, ревматизмнің алдын алу үшін, . Ішке таблетка немесе суспензия түрінде тамақ алдында куніне 4-6 рет. Ауыр жағдайда бензилпенициллин мен бірге қолданылады.

Индометацин (Indometacinum).Синоним: Metindolum. Нестероидты қабынуға қарсы заттарәсеріне байланысты жанама әсерлері адам қалыпты микрофлорасының бұзылуынан білінеді. Жиі кездесетін осы әсерлердің біреуі - дисбактериоз - қалыпты табиғи микрофлораның бұзылуы, кандида-саңырауқұлақтардың өсіп жайылуы. Кейбір кезде емінің басында науқастың жағдайы нашарлап, дене кызуы көтеріледі, жүйке қызметтері бұзылады. Бұл құбылыс 1-ші күндердегі микробтардың жоғары мөлшердегі токсиндарының ағзадағы жайылуына байланысты, антибиотиктер иммунитетті күйзелтеді.

Нестероидты қабынуға қарсы заттардытек дәрігердің тағайындаумен, химиотерапиялық принциптерді сақтап колдану қажет. Химиотерапияның тиімділігі мейірбикенің өз жүмысын атқаруына да тәуелді№

Негізгі әсері простагландиндердің синтезін тежейді және қабынған жердегі лейкоциттердің көшуін күшейтеді. Бұл дәрілік заттар қызуды төмендету , анальгетикалық және қабынуға қарсы әсер көрсетеді. Қолданылуы: буынның ревматологиялық аурулары, адамның қаңқасының травмаларында, невралгияда. Күніне тамақтан кейін 25 г –нан 2–3 рет ішке енгізіледі

Кері әсерлері: бастың ауруы, бастың айналуы, головная боль, диспепсиялық бұзылыстар, анемия, асқазан аймағындағы ауру сезімі.

Қарама – қарсы көрсетулер асқазан мен ішектің ойық жарасы, қан жасау бұзылыстары, лактация, жүктілік , 14 жасқа дейін балаларға.

Диклофенак натрия (Diclofenac natrium).

Бұл дәрілік зат қабынуға қарсы, анальгезиялық , қызуға қарсы әсерлер көрсетеді., тромбоциттердің агрегациясын күшейтеді.

Қолданылуы: буынның ревматологиялық аурулары, буынның қабынуларында. Күніне тамақтан кейін 25 г –нан 2–3 рет ішке енгізіледі

Кері әсерлері: бастың ауруы, бастың айналуы, головная боль, диспепсиялық бұзылыстар, анемия, асқазан аймағындағы ауру сезімі.

Қарама – қарсы көрсетулер асқазан мен ішектің ойық жарасы, қан жасау бұзылыстары, лактация, жүктілік

Пропион қышқылының туындыларына мына дәрілік заттар жатады

ибупрофен (Ibuprofenum), кетопрофен (Cetoprofen), фенопрофен (Phenoprofen), напроксен (Naproxen).

Ибупрофен (Ibuprofenum).

Фармакологиялық әсері, қолданылуы, кері әсері және қарама қарсы әсері индометацина сияқты

Әдебиет:

1.Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. М - 2006.

2.Харкевич Д.А. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии, М. - 2004.

3. Майский В.В.. Фармакология с общей рецептурой. М - 2004

4. Виноградов В.М., Каткова Е.Б., Мухин Е.А.. Фармакология с рецептурой. Учебник для медицинских и фармацевтических училищ и колледжей. С.- П. - 2002.

Бақылау сұрақтары:

1. Қабынуға қарсы заттар

2. Жұптасуы

3. Препараттардың салыстырмалы сипаттамасы.

4. Қолданылуы.

5. Кері әсерлері

 

Дәріс № 5.

Тақырыбы: Аллергияға қарсы заттар.

Мақсаты: Аллергияға қарсы заттармен таныстыру.

 

Аллергия - әртүрлі заттардың ағзаларға әсерінен болатын (жоғары сезімталдық) сенсибилизация салдарынан туындайтын патологиялық үрдіс.

Ағзаның бөгде заттарға сенсибилизациясы мен аллергиялық реакциялардың дамуы иммунды жүйенің қатысуымен жүреді (11.3.1. сурет). Ағзаға түскен бөгде заттар белгілі бір жағдайларда (мысалы, ақуыздармен байланысқан кездерде) антигендік қасиетке ие болады. Бөгде заттардың ақуыздары табиғи болған кезде (алдын ала айналусыз) өздері антигендік қасиетке ие болып келеді. Антигендердің айрықша ерекшеліктеріне – лимфоциттерді белсендіретін қабілеті жатады, яғни антиденелерді өндіретін пламоциттерге айналады.

Антиденелер ерекше ақуызды бөлшектер, олар ангигендермен әрекеттеседі және олармен тұрақты жиынтықтар түзейді. антиденелер сонымен қатар, ағза тіндерінің кейбір жасушаларында орнығатын қабілеті бар. Көп жағдайларда антиденелер месше жасушалардың беткейінде орнығады, оларды әртүрлі биологиялық белсенді заттар болады (гистамин, серотонин, простагландиндер, гепариндер және т.б.).

Антиденелердің орнығуы арқасында месше жасушалар сенсибилизирленеді. Бұл, яғни ангигендірдің ағзаға қайта түсуі кезінде, олар аталған жасушалар беткейіндегі антиденелермен әрекеттеседі. Соңғысы месше жасушаларының деграниляциясына (бұзылуына) әкеледі және олардан қоршаған тіндерден биологиялық белсенді заттардың босап шығуына әкеледі. Месше жасушаларындағы болатын биологиялық белсенді заттар, өздерінің қасиеті бойынша аллергия медиаторына жатады, яғни жергілікті және жалпы аллергиялық реакцияны туғызуға қабілетті.

Гистамин –биогенді амин, ол гистидиннің декарбоксилирленуі кезінде түзіледі және түзілгеннен кейін жиналады немесе тез бұзылады. Ол өмірге қажетті қызметтерді реттейді, сонымен қатар ОЖЖ-нің медиаторы. ОЖЖ-де пресинаптикалық ұштарында гистаминергиялық нейрондар болады.

Нейромедиатор ретінде ОЖЖ триггер жұмысының – құсу орталығы аймағында вестибулярлы рефлекстерді жүзеге асыруға қатысады, күйзеліс кездерінде симпато-адренал мен гипофиз-адренал жүйесінің мобилизациясына, асқазанның секреторлы қызметі мен шырышты қабатының трофикасын реттеуге қатысады.

Тіндерде біркелкі орналаспайды. Гистамин байланысқан түрде жасуша ішілік қорда болады, физиологиялық белсенділік көрсетпейді. Онда гстамин екі түрде болады:

Тұрақты байланыста – көптеген тіндерде (ОЖЖ) физиологиялық реакцияларға қатысады (асқазан бездерінің секрециясы, регенерирлеуші және өсуші тіндердегі ақуыз синтездеріне, капилляр ұанайналымын реттейді, ОЖЖ-де жүйке импульстарының берілуін, ауыру мен қышыну рецепторларының белсенуі;

Салыстырмалы нықты байланыста – Эрлих месше жасушаларындағы (90%) және базофильді (10%) гепаринді-ақуызды жиынтық, аллергия кезінде босап шығады.

Гистамин қабыну үрдісінің дамуындағы кез келген табиғатына қатысады. Тіндердің гиперемиясын, қабыну ісінуінің дамуына әкелетін тамырлардың суға, ақуызға, нейтрофильдерге өткізгіштігін жоғарылатуды туғызады.

Терінің сезімтал рецепторларының тітіркенуі күйдіру, қышыну және ауыру сезімдерін туғызады. Гистаминнің

ықпалын азайту немесе алдын алу мақсатымен гистаминге қарсы дәрілер қолданылады, олар гистаминді рецепторларды тежейді. Олар гистаминнің синтезіне және бөлінуіне әсер етпейді, олар рецепторлармен байланысуға бәсекелестік болады (яғни гистаминге қарсы дәрілердің әсерінен бос гистаминнің бөлінуі өзгермейді).

Әдебиет:

1.Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. М - 2006.

2.Харкевич Д.А. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии, М. - 2004.

3. Майский В.В.. Фармакология с общей рецептурой. М - 2004

4. Виноградов В.М., Каткова Е.Б., Мухин Е.А.. Фармакология с рецептурой. Учебник для медицинских и фармацевтических училищ и колледжей. С.- П. - 2002.

Бақылау сұрақтары:

1. Аллергияға қарсы заттар

2. Фармакокинетикасы мен фармакодинамикасын сипаттау

3. Препараттардың салыстырмалы сипаттамасы.

4. Қолданылуы.

5. Кері әсерлері

 

 

Кредит 3

Дәріс № 1.

Тақырыбы: Антисептикалық, дезинфекциялық заттар.

Мақсаты: Жұқпалы ауруларды емдеу мен оны алдын алуға арналған микробқа қарсы дәрілердің маңызы. Микробқа қарсы дәрілердің жіктелуі. Микробқа қарсы дәрілердің бактериостатикалық және бактерицидті әсерлері туралы түсінік.

 

Антисептикалық және дезинфекциялық әсер туралы түсінік.

Құрамында галоген бар препараттар: хлорамин Б хлоргексидин, йодтың спиртті ерітіндісі, Люголь ерітіндісі, йодоповидин, йодинол. Әсер ету сипаттамасы. Медициналық практикада қолданылуы. Жағымсыз әсерлері.

Тотықтырғыштар: калий перманганаты, судың асқын тотығы ерітіндісі. Әсер ету принципі. Медициналық практикада қолданылуы.

Металл тұздары: сынап дихлориді, күміс нитраты, мырыш сульфаты, мыс сульфаты. Ауыр металл тұздарының микробқа қарсы әсері. Бырыстырғыш және күйдіргіш әсерлер. Практикалық (тәжірибелік) мағынасы. Ауыр металл тұздарымен улану. Ауыр металл тұздарымен улану кезінде көрсетілетін көмек. Унитиолды қолдану.

Альдегидтер мен спирттер (алифатикалық қатар қосылыстары): этил спирті, формальдегид ерітіндісі. Әсер ету механизмі. Практикалық мағынасы. Қолданылуы.

Фенол және оның туындылары (ароматты қатар қосылыстары): таза фенол, ихтиол, резорцин, қайың қарамайы. Әсер ету және медициналық практикада қолданылу ерекшеліктері.

Нитрофуран туындылары: фурацилин. Медициналық практикада фурацилиннің қасиеттері және қолданылуы.

Бояғыштар: бриллиантты жасыл, этакридин лактаты, метилен көгі. Әсер ету ерекшеліктері, медициналық практикада қолданылуы.

Қышқылдар мен сілтілер: бор қышқылы, аммиак ерітіндісі. Антисептикалық белсенділігі.

Детергенттер: церигель, дегмицид, роккал. Микробқа қарсы және жуғыш қасиеттері, қолданылуы.

 

Әдебиет:

1.Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. М - 2006.

2.Харкевич Д.А. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии, М. - 2004.

3. Майский В.В.. Фармакология с общей рецептурой. М - 2004

4. Виноградов В.М., Каткова Е.Б., Мухин Е.А.. Фармакология с рецептурой. Учебник для медицинских и фармацевтических училищ и колледжей. С.- П. - 2002.

Бақылау сұрақтары:

1. жіктелуін;

2. дәрілік заттардың фармакокинетикасын және фармакодинамикасын;

3. фармакологиялық әсерін;

4. қолданудағы көрсеткіштерін және қарама-қарсы көрсеткіштерін;

5. жанама әсерлерін;

6. қолдану әдістерін;

7. мөлшерін және шығарылу түрін

 

Дәріс № 2.

Тақырыбы: Химиотерапевтикалық дәрілік заттар.

Мақсаты: студенттерді антибиотиктердің жіктелуімен, әсер ету механизмімен және сипаттамасымен таныстыру.

 

Антибиотиктер бактериостатикалық немесе бактерицидті әсер көрсететін биологиялық және синтетикалық текті химиялық қосылыстар. Алыну көзі бойынша антибиотиктер биосинтетикалық, жартылай синтетикалық және синтетикалық препараттарға жіктеледі. Антибиотиктер микробқа қарсы әсер ету спектрі бойынша ажыратылады. Олардың кейбірі көбіне грамоң микроорганизмдерге (биосинтетикалық пенициллиндер, макролидтер), кейбір препараттар грамтеріс бактерияларға (азтреонам, полимиксиныдер) тиімді. Сонымен қатар, антибиотиктер кең спектрлі (тетрациклиндер, левомицетин, цефалоспориндер, аминогликозидтер) грамоң және грамтеріс бактерияларға, бірқатар жұқпалы аурулар қоздырғышына әсер етеді. Микробқа қарсы әсерінің сипатына қарай бактериостатикалық немесе бактерицидті әсер көрсететіндер, клиникада қолданылуына қарай – негізгі және резервті деп бөлінеді. Химиотерапиялық заттар - препараттар адам ағзасындағы қоздырғыштарға әсер етеді.(паразиттерге, микробтарға). Антисептиктерге қарағанда химиотерапиялық препараттардың токсикалық әсері төмен болады да, арнайы аурудың қоздырғышына әсер етеді. Әр түрлі химиотерапиялық препараттардың өзіне тән антимикробтық әсерінің спектрі болады. Топтасуы: әсерінін спектріне байланысты химиотерапиялык препараттар келесі топтарға бөлінеді: 1 )бактерияға; 2)туберкулезге; 3)мерезге; 4)безгекке; 5)амебаға; 6)саңыраү қүлаққа; 7)қүртқа қарсы.

Антибиотиктер микроб, бактерия, өсімдік жануарлар шикізатынан,синтетикалық және жартылай синтетикалық жолмен алынатын химиотерагтиялық препараттар. Антибиотиктердің қолдану негізінде микробтар арасындағы антибиоз құбылысы алынған. Антибиоз - бұл әр түрлі микробтар арасындағы антагонизм құбылысы (бір бірін жою).Антибиотиктер микробтарға (ауру қоздырғыштарына) 2 түрлі әсерін білдіреді.

бактерицидтік (микробты ерітеді)бактериостатикалық (микробтың өсіп-өнуіне кедергі жасайды).Бұл әсерлерлердің механизміне байланысты: антибиотиктердің әсерлерінің механизмі 3 түрлі болады:1) микробтың сыртқы қабығының синтезін бүзады2) микроб клеткасының цитоплазмалық мембранасының өткізгіштік қасиетін бұзады. 3)микроб белогының синтезін бұзады(1,2-ші әсерлері - бактерицидтік,
3-ші бактериостатикалық).

Антибиотиктердің макроорганизмге (адамға) жанама әсерлері дәрінің химиялық құрамына байланысты. Дәрі химиялық зат ретінде ағза ұлпаларымен органдар қызметіне әсерін білдіреді. Бұндай жанама әсерлер антибиотиктердің әр тобына өзіне тән болып келеді де онын дозасы, емдеу ұзақтылығы мен қолдану жолдарына байланысты.

Аллергиялық реакциялар организмнің антибиотиктерге аса сезімталдығынан болады. Көбінесе пенициллин тобына аллергия болады. Аллергия (сенсибилизация) тек қолданатын адамда емес, мейірбике, дәрімен жұмыс істейтін адамдарда да болады, Аллергияның 3 түрі болады: 1)жеңіл түрі (белгісі: қышыну, бөрту) емі: антигистаминдік және кальций препараттары; 2) орташа аллергиялық реакция (белгісі: квинке ісінуі, сарысу ауруы) емі: парентеральді жолмен адреналин, глюкокортикоидтар, антигистаминдік препараттарды қабылдау, кальций препараттары, оттегі, жылы, жасанды демалыс.

Антибиотиктердің химиотерапиялық әсеріне байланысты жанама әсерлері адам қалыпты микрофлорасының бұзылуынан білінеді. Жиі кездесетін осы әсерлердің біреуі - дисбактериоз - қалыпты табиғи микрофлораның бұзылуы, кандида-саңырауқұлақтардың өсіп жайылуы. Кейбір кезде емінің басында науқастың жағдайы нашарлап, дене кызуы көтеріледі, жүйке қызметтері бұзылады. Бұл құбылыс 1-ші күндердегі микробтардың жоғары мөлшердегі токсиндарының ағзадағы жайылуына байланысты, антибиотиктер иммунитетті күйзелтеді.

Антибиотиктерді тек дәрігердің тағайындаумен, химиотерапиялық принциптерді сақтап колдану қажет. Химиотерапияның тиімділігі мейірбикенің өз жүмысын атқаруына да тәуелді,

Пенициллин тобының антибиотиктері. Пенициллинді 1925 ж. ағылшын ғалымы А. Флеминг ашқан.Дәрі ретінде 1940 ж. ағылшын ғалымдары Г.Флори және Э.Чейн алған. ССРО-да 1942 ж. З.Ермольева мен Т.Балезина қолдануға болатын пенициллинді алған.

Медицинада кең қолданатын бензилпенициллин препараттары.

Пеницмллин тобының препараттары келесі топтарға бөлінеді:

1) табиғи пенициллиндер (биосинтетикалық)

2) жартылай синтетикалықпенициллиндер.
1. Табиғи пенициллиндердің бөлінуі:

1) суда жақсы еритін пенициллиндер: бензилпенициллнн натрий және калий тұздары.

2. Жартылай синтетикалық пенициллиндер.

спектрі кең емес препараттар (оксациллин натрий тұзы, метициллин
натрий тұзы).

Спектрі кең препараттар (ампициллин, карбенициллин).





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.