Морфинмен созылмалы улану (морфинизм) Наркотикалық анальгетиктерді ұзақ уақыт қолданғанда, дәріге тәуелділік дамиды. Бұл кезде жағымсыз эмоциялар, шаршау жойылады, жақсы көңіл-күй,өзіне деген сенімділік пайда болады, біртіндеп жұмысқа қабылеттігі қалыптасады, эйфария, сақ және жылдам үзілгіш ұйқыға ауысады. Бейімделу кезінде нашақорларға эйфария алу үшін сол заттың мөлшерін үнемі жоғарылатып отыруы керек. Созылмалы уланудың симптомдары: - ақыл-ой және физикалық жұмысқа қабылеттілігі төмендеп, - терінің сезімталдығы төмендейді, арықтау, шөлдегіштік, іштің қатуы, шаштың түсуі байқалады. Емдеу жолдары: стационарда ұзақ емдеу қажет наркотикалық заттардың мөлшерін және енгізу жиілігін жаймен төмендейді. Омнопон Құрамында 5 алкалоидтың қосындысы бар препарат. Омнопонның құрамында морфина гидрохлорид, наркотин, папаверинаг/хл, тебаин және кодеин алколоидтары енеді. Фармакологиялық әсері және қолданылуы жағынан омнопон морфинге ұқсас. Ал одан өзгешелігі – тегіс бұлшық еттердің тонусын аз дәрежеде жоғарылатады. Синтетикалық наркотикалық анальгетиктер. Промедол – ауыруды басатын белсенділігі жағынан ол морфиннен 2-4 есе кем. Әсірінің ұзақтығы 3-4 сағ. Лоқсу және құсуды морфинге қарағанда сирек шақырады. Тыныс орталығын азырақ тежейді. Тегіс бұлшық етті мүшелердің тонусын төмендетеді (зәр шығару жолдары, бронхтар) немесе жоғарылатады (ішек, өт шығару жолдары), бірақ спазмогендік әсері морфинге қарағанда төмен. Миометрияның жиырылу белсенділігін шамалы дәрежеде күшейтеді. Асқазан-ішек жолдарынан жақсы сіңеді. Фентанил – анальгезиялық белсенділігі өте жоғары препарат. Фармакологиялық белсенділігі жағынан морфиннен 100-150 есе күшті. Ауыру сезімін қысқа уақытқа (көк тамырға енгізгенде 20-30 мин) басады. Әсері 1-3 мин кейін дамиды. Фентанио айқын, бірақ қысқа уақытқа тыныс орталығын тежелуді шақырады. Фентанилді негізінен нейролептик – дроперидолмен жұптастырып, нейролептанальгезияда қолданылады. Нейролептанальгезия – жалпы ауыруды басудың негізгі түлерінің бірі. Ол психозға қарсы заттарды (нейролептиктер), мысалы: дроперидолды белсенді анальгетик фентанилмен жұптастырып қолданғанда алынады. Бұл кезде психозға қарсы әсер айқын анальгезиямен үйлеседі. Сана сақталады. Екі препаратта жылдам және қысқа әсер көрсетеді. Пентазоцин – Фармакологиялық әсері жағынан морфинге ұқсас. Аз мөлшерде тыныс орталығының тежелуін шақырады. Бейімделу мен дәріге тәуелділікті сирек шақырады. Эпилепсияға қарсы заттар эпилепсия формаларының әр түрлерінде дамитын ұстамаларында байқалатын тырысулар немесе оларға сай эквиваленттердің (сананың жоғалуы немесе бұзылуы, мінез-құлықтық және вегетативті бұзылыстар) алдын-алу үшін немесе азайту үшін қолданады. Эпилепсия жиі-жиі ұстамаларымен және тырысулармен сипатталатын. ОЖЖ-нің созылмалы ауруы. Эпилепсияның мынандай түрлері бар: үлкен тырысулық ұстамалар, психоматорлық ұстамалар, эпилепсияның кіші ұстамалары, эпилепсиялық статус (ұзақ тоқтамайтын тырысулық ұстамалар) 1 Эпилепсияның үлкен тырысу ұстамаларының алдын-алу үшін қолданатын негізгі дәрілік заттар: - фенобарбитал. - дифенин, натрий вольпроаты. - карбамазепин. 2. Психомоторлық ұстамаларда дифенин, гексамидин, фенобарбитал қолданады. 3. Эпилепсияның кіші ұстамаларында қолданылатын препараттар: натрий вальпроаты, клоназепам, этосуксимид. 4. Эпилепсиялық статуста: - седуксен (көк тамырға енгіземіз). Ингаляциялық емес наркозға қолданылатын – тиопентал – натрий, диазепам, клонизепам (көк тамырға) гексенал. Фенобарбитал – барбитал қышқылының туындысы. Эпилепсияны емдеу үшін оны сублингвалды түрде қолданады. Препараттың тыныштандырғыш ал кейде ұйықтатқыш әсерлері бар. Ұзақ қолданғанда дәріге тәуелділік және бейімділік шақырады. Дифенин – гидантоин туындысы: асқазан-ішек жолдарынан жақсы сіңеді. ОЖЖ-не жалпы тежегіш әсер көрсетпейді (ұйқышылдық шақырмайды, тыныштандырғыш әсері жоқ) Жағымсыз әсері: лоқсу, құсу, бастың айналуы, дірілдеу, гингивит, терілік себінулер. Гексамидин: пиримидин туындысы. Басқа препараттарға қарағанда уыттылығы төмен. Аздап ұйқышылдық шақырады. Жағымсыз әсері: бастың айналуы, бастың ауыруы, лоқсу, терілік себінулер. Карбамазепин – дибензазепин туындысы. Препараттың артықшылығы – эпилепсияға қарсы қасиеті психотропты әсермен үйлеседі. Препаратты қабылдағаннан кейін науқастың көңіл-күйі жақсарады, олар көпшіл, әрекетшіл бола бастайды. Жағымсыз әсері: - диспепсиялық бұзылыстар; - бастың ауыруы; - ұйқышылдық; - аккомодацияның бұзылуы. Препарат психомоторлық реакцияларды тежейді, сондықтан оны көлік жүргізушілерге тағайындауға болмайды. Карбамазепинді қолдану кезінде этил спиртін қабылдауға болмайды. Этосуксимид – сукцинмидтер тобына жатады. Препаратты эпилепсияның кіші ұстамаларының алдын-алу үшін қолданады. Жағымсыз әсері: - қан жасау және бүйректің қызметі жағынан бұзылыстар; - диспепсиялық бұзылыстар; - бастың айналуы; - әлсіздік; - шаршағыштық. Натрий вальпроаты – эпилепсияға қарсы басқа заттардың жанама әсерлерін күшейтеді. Жағымсыз әсері: - лоқсу; - ұйқышылдық; Ұйықтатқыш заттар ұйықтауды қолдап және ұйқының қажетті ұзақтығын қамтамасыз етеді. Олар аз мөлшерде седативті (тыныштандырғыш), орташада – ұйықтатқыш, ал көп мөлшерде – наркотикалық әсерлер көрсетеді. Ұйықтатқыш заттарға барбитур қышқылының туындыларынан фенобарбитал, этаминал – натрий, барбамил, ал бензодиазепиннен – нитразепам, әртүрлі химиялық құрылысы бар – бромизовал, хлоралгидрат препараты жатады. 1. Барбитур қышқылының туындылары: Фенобарбитал (люминал) – асқазан –ішек жолдарынан жай сіңеді, бауырда инаутивацияланады және бүйрек арқылы шығады. Препараттың ұйықтатқыш әсері 1сағ соң басталады және әсер ету ұзақтығы 8сағ созылады. Қолданылуы: - ұйықтар алдында 1сағ бұрын тағайындалады; - аз мөлшерде- неврозда, стенокардияда; - эпилепсияға қарсы зат ретінде қайталап енгізгенде кумуляция шақырады. Этаминал – натрий (нембутал), барбамил. Фенобарбиталға қарағанда асқазан-ішек жолдарынан жақсы сіңеді. Препараттардың ұйықтатқыш әсері 20-30 мин кейін басталады және әсер етуі 6сағ созылады. Қолданылуы: препарат ұйықтардың алдында 20-30мин бұрын тағайындалады. Барбитур қышқылының туындылары ұйқының «тез ұйықтау» фазасының ұзақтығын қысқартады. 2. Бензодиазепин туындылары: Нитразепам (радедорм) – транквилизаторлық және ұйықтатқыш әсері бар препарат. Нитразепамның ұйықтатқыш әсері 30-60 мин кейін басталады және 8 сағ созылады. Препарат наркозға арналған заттардың, этил спиртінің, наркотикалық қасиеті бар ұйықтатқыш заттардың әсерлерін күшейтеді және ұзартады. Қолданылуы: эмоционалды бұзылыстарда, тынышсыздықта, үрейге байланысты ұйқының бұзылуында. Әдебиет: 1.Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. М - 2006. 2.Харкевич Д.А. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии, М. - 2004. 3. Майский В.В.. Фармакология с общей рецептурой. М - 2004 4. Виноградов В.М., Каткова Е.Б., Мухин Е.А.. Фармакология с рецептурой. Учебник для медицинских и фармацевтических училищ и колледжей. С.- П. - 2002. Бақылау сұрақтары: 1. Наркотикалық анальгетиктердің қолдануға көрсетілулері. 2. Наркотикалық анальгетиктер қандай жанама әсерлер шақыру мүмкін? 3. Наркотикалық анальгетиктермен уланғанда қандай шаралар қолданады? 1.Симптоматикалық тырысуларды емдеуге арналған дәрілік заттар. 2.Эпилепсия, оның түрлері, пайда болу себебі және даму механизмі. 3.Эпилепсияға қарсы заттардың эпилепсия түріне байланысты жіктелуі. 4. Эпилепсияға қарсы заттардың әсер ету механизмі. 5. Салыстырмалы сипаты. 6. Кері әсері. 7. Ұйықтатқыш заттардың жіктелуі. 8. Ұйықтатқыш заттардың жалпы сипаты. 9. Бензодиапезиндердің, барбитураттардың жәнехимиялық құрылымымен ұйықтатқыш заттардың салыстырмалы сипаты. 10. Ұйықтатқыш заттардың әртүрлі топтарының қолдануға көрсеткіштері, әсер ету механизмі. 11. Ұйықтатқыш затардың кері әсері. 12. Ұйықтатқыш заттармен улану, көмек. Дәріс № 5. Тақырыбы: Этил спирті. Ұйықтататын дәрі-дәрмектер. Транквилизаторлар мен седативтік дәрі-дәрмектер. Мақсаты: Психотропты заттармен таныстыру. Бұл топтың препараттары психикалық қызметтің бұзылуында қолданады. Оларды психоздарды емдеуде, сондайақ кернеу, мазасыздық, қорқыныш, үрей жағдайларымен және басқа да көріністермен жүретін невроз тәрізді бұзылыстарда қолданады. Нейролептиктер: Бұл топтың препараттары психозға қарсы әсер етеді және белгілі дәрежеде айқын тыныштандырғыш қасиет көрсетеді: - психозға әсері – сандырақ, галлюцинацияны және ауруды одан әрі қарай дамуды тоқтатады. - тыныштандырғыш әсері – аффекті реакцияларын жоюы, тынышсыздықтың, үрейдің және қозғалыс белсенділігін төмендетуі; - бұлшық еттер тонусыны тежейді; - жылу реттеу орталығын тежейді; - құсуға қарсы айқан әсер көрсетеді; - наркозға арналған заттардың, ұйықтатқыш заттардың, анальгетиктердің әсерлерін күшейтеді. - миотропты әсер көрсетеді; - артериялық қысымды төмендетеді. Фенотизин туындылары: Аминазин – емдік әсерінің ұзақтығы 6 сағ. Асқазан-ішек жолдарынан нашар сіңеді. Ұзақ қолданғанда оған бейімделу пайда болады. Препаратты энтералді және парентералды жолмен енгізеді. (көк тамырға баяу енгізіледі, өйткені тітіркендіргіш әсері бар.) Қолданылуы: - шизофренияны және басқа да психозды емдеу үшін; - мидың ісігінде, сәулелі ауруларда, жүкті әйелдердің токсикозындағы құсуға қарсы зат ретінде) Жағымсыз әсері: - аллергиялық реакциялар (бұл препаратпен мейірбикелер байқап жұмыс істеуі керек, өйткені препараттың тітіркендіргіш әсері өте жоғары, сондықтан жұмыстан соң қолды сабынсыз суық сумен жуу керек); - паркинсонизм шақырады; - психикалық депрессия шақырады. - ортастатикалық коллапс. - бауырдың бұзылыстары. - қанның құрамының бұзылыстары. Трифтазин. аминазинге қарағанда психозға қарсы таңдамалы әсерімен және тыныштандырғыш әсерінің айқындығының төмендігімен сипатталады. Құсуға қарсы белсенділігі аминазиннен басым. Айырмашылығы: гипотензивтік, адреноблокаторлық және миорелаксациялаушы әсері төмен,. Экстрапирамидалық бұзылыстар жиі дамиды. Химиялық құрлысы әр түрлі нейролептиктер: Галоперидол - әсері жылдам басталатын және ұзақ уақытқа созылатын препарат. Фармакологиялық әсері: - психозға қарсы қасиеті; - тыныштандырғыш; - құсуға қарсы; - наркозға арналғанзаттардың, ұйықтатқыш заттардың әсерлерін күшейтеді. - артериялық қысымды төмендетеді. Жағымсыз әсерлері: - экстрапирамидалық жүйе жағынан бұзылыстар; - терілік реакциялар; - лейкопения; - ұйқысыздық, үрей, қорқыныш (көп мөлшерде) Дроперидол – қысқа уақыт әсер етеді. Нейролептанальгезия үшін қолданылады. Хлорпротиксин – фармакологиялық белсенділігі жағынан басқа препараттарға қарағанда төмендеу. Депрессияға қарсы белсенділігі жоғары, құсуға қарсы қасиеті бар, наркозға арналған заттардың әсерін күшейтеді. Транквилизаторлар -бұл заттар мазасыздықта, үрей, қорқыныш кезінде тыныштандырғыш әсер көрсететін заттар. Сонымен қатар транквилизаторлар ұйықтатқыш, бұлшық еттерді босаңсытатын, тырысуға қарсы, амнестиялық әсер көрсетеді. Феназепам - әсері жағынан белсенді препарат. Қолданылуы: - неврозды емдеу үшін - - эпилепсияға қарсы зат ретінде. Жағымсыз әсерлері: жүрістің бұзылысы, ұйқышылдық, бастың айналуы, көп қолданған кезде тәуелділік. Қолдануға болмайтын жағдайлар: - миастенияда, бауыр мен бүйрек бұзылыстары; - (шоферлар мен ұшқыштарға) жұмыс уақыты кезінде. Сибазон (диазепам, седуксен, реланиум) Фармакологиялық әсері жағынан феназепамға қарағанда әлсіздеу препарат. Фармакологиялық қасиеті жағынан феназепамға ұқсас, айырмашылығы – эпилепсияға қарсы әсерінің жоғарылығы. Хлозепид. Нозепам: Фармакологиялық әсері екі препаратқа ұқсайды. Бірақ әсер ету белсенділіктері төменрек. Бұл препараттар негізінен невроздарда және невроз тәрізді жағдайларды қолданады. Оларды хирургиялық кірісулер жүргізер алдындағы премедикацияларда тағайындайды. Олар ұйқызыздықта, эпилепсиялық статуста (көк тамырға енгізеді), қаңқа бұлшық еттерінің гипертонусымен жүретін неврологиялық бұзылыстарда тиімді. Бұл препараттарды қызметі ерекше көңіл бөлуді және жылдам реакцияларды талап ететін науқастарға (мысалы: көлік жүргізушілеріне) амбулаториялық түрде тағайындауға болмайды. Мезапам - фармакологиялық әсері барлық препараттарға ұқсас, айырмашылығы – емдік мөлшерде ұйықтатқыш әсер және бұлшық еттердің босаңсытуға әсер көрсетпейтін болғандықтан «күндізгі» транквилизатор деп аталады және бұл препарат күндізгі уақытта көлік жүргізушілергі тағайындауға болады. Тыныштандырғыш заттар: Препараттары: бром тұздары (бромидтер) дәрілік шүйгін шөп (валериана) препараттары: бестілімді сасықшөп (пустырник) препараттары. Бұл препараттардың барлығы орташа тыныштандырғыш қасиет көрсетеді. Натрий бромиды. Калий бромиды: Негізгі әсері бас миы қыртысындағы тежелу процестерін күшейтуі және ол әсері жүйке жүйесінің типіне және оның қызметтік жағдайына байланысты. Бромидтердің әсері невроздарға айқын байқалады. Эпилепсияға қарсы қасиеті басқа препараттарға қарағанда төмен. Ас қорту жолдарынан жақсы сіңеді. Қолданылуы: - невроздарда; - жиі ашуланғыштықта; - ұйқысыздықта; - эпилепсияға қарсы сирек қолданады. |