КОМПЬЮТЕРЛІК ЖОБАЛАУ БОЙЫНША 7 страница 
ЖҰМЫСТЫҢ БАСТАЛУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ CREDO_DAT жүйесін игеруді жаңа каталог құру немесе өзіңіздің жұмысшы каталогыңызды ашу арқылы бастаңыз. CREDO жүйесін іске қосып Геодезические работы – CREDO_DAT/ CREDO_DAT_PLUS мәзірін таңдап жүйеге қосылыңыз.  Жүйе іске қосылғаннан кейін өңделетін объектінің есімін сұраныс терезесіне енгізу қажет. _ «ОБЪЕКТ/ Карточка» функциясында объектінің карточкасын толтыру керек. Ең қажетті ақпарат: объектінің есімі, масштабы (1:2000). Міндетті түрде шекті мөлшердегі орташа квадраттық қателіктерін анықтайтын пландық тордың классын белгілеңіз (СКО плановых измерений). Қажетті классын таңдау [Пробел] клавишасы арқылы орындалады. _  «ОБЪЕКТ/ Классы» функциясында қажетті жағдайда пландық өлшеулердің шекті немесе салыстырмалы мөлшердегі орташа квадраттық қателіктерін белгілеу керек.  «ОБЪЕКТ/ Инструменты» функциясына қолданылатын құралдардың карточкасын енгізіңіз. Құралдарды сипаттау барысында міндетті түрде тік бұрышты есептеу әдісіне және арақашықтықты анықтауға көңіл аударыңыз. Егер құралмен жазық қашықтығы өлшенсе, тік бұрышты міндетті түрде енгізу қажет. Біздің жағдайымызда арақашықтық жазықтық ретінде енгізіледі. Объект шартты координат жүйесінде өңделетін болғандықтан мәліметтерді өңдеу барысында «ОБЪЕКТ/ Параметры» функциясы қолданылмайды. «НАСТРОЙКА» процедурасында бұрыштарды есептеу жүйесі мен арақашықтық жүйесін көрсетіледі. Бұл жағдайда бұрыштарды өлшеу бірлігі: градусы, минуты, секунды. Арақашықтық жүйесі – метрическая. 
1 кезеңі. Мәліметтерді енгізу  1781және1999бастапқы пункттері | Мәліметтерді енгізу үшін«ДАННЫЕ/ Пункты»функциясы ашылады. «Ведомость»операциясын іске қосып өлшеу пункттері бойынша бастапқы мәліметтерді енгізіңіз. [Ok]кнопкасын басу арқылы мәліметтерді енгізуді аяқтаңыз.  Егер де Сіз объект жөніндегі мәліметтерге бір-ақ өзгеріс болса да енгізсеңіз, міндетті түрде алдын ала өңдеуді орындаңыз. «ОБРАБОТКА/ Предобработка» функциясын және «Расчет» операциясын таңдаңыз. _  Алдын ала өңдеуден кейін навигациялық терезеде пункттер ведомосына енгізілген бастапқы пункттердің көрінісі байқалады. «Лупа» құралымен немесе [F6] «жылдам» клавишасы арқылы жұмысшы терезесіне бастапқы пункттерінің көрінісін шығарыңыз.  «ДАННЫЕ/ Ходы теодолитные» функциясын таңдаңыз. «Ведомость» операциясын іске қосып тышқанның [оң] клавишасын басыңыз – экранда теодолиттік жүрістің ведомосі шығады. Берілген теодолиттік жүріс координаттық байланыспен болғандықтан мәліметтерді жүріс бойынша енгізіңіз. Егер Сіз «Теодолиттік жүрістің схемасын» бастапқы мәліметтер ретінде қабылдасаңыз, онда жүріс бойынша сол бұрыштарын берілген қалпында, ал оң бұрыштарын «теріс» таңбасымен енгізесіз. Егер де Сіз «Теодолиттік жүрістің ведомосын» қолданатын болсаңыз мәліметтерді кестеде берілгендей енгізесіз.
Егер бастапқы пунктке бағыты көрсетілмесе, онда мәліметтерді енгізуді екінші қатардан бастаңыз. Екінші қатарға [↓] клавишасы арқылы көшуге болады.  Мәліметтерді енгізіп болғаннан кейін міндетті түрде алдын ала өңдеуді атқарыңыз. «ОБРАБОТКА/ Предобработка»функциясын және «Расчет» операциясын таңдаңыз. Сонда жұмысшы терезесінде енгізілген теодолиттік жүрістің көрінісі байқалады. Алдын ала өңдеуді орындау барысында қателіктер жөнінде мынандай хабарлар шығып тұрады «Недостаточно информации для вычисления высоты» [Cancel]кнопкасын басу арқылы бұл хабарларға мән бермеңіз. Өйткені бұл жағдайда нивелирлеу мәліметтері берілмеген. Алдын ала өңдеуді мәліметтерді енгізудің әр бір кезеңінде орындауға болады – сонда Сіз жұмысшы терезесінде қандай пункттер мен өлшемдер енгізілген, анықталатын пункттер қалай есептеліп орналасқанын көресіз. Алдын ала өңдеуден кейін «Протокол» операциясын іске қосып мәліметтерді алдын ала өңдеудің хаттамасын қарап шығыңыз. «Результат» операциясын таңдап алдын ала өңдеу нәтижесінде пайда болатын «Ведомость предобработки» және «Ведомость линий и превышений» ведомосттарымен танысып шығыңыз. Қажетті жағдайда осы ведомосттарды басып шығарыңыз. 
Назар аудару! Сақтау «Сохранить» функциясына барып тұруға ұмытпаңыз. Бұл іс-әрекетпен Сіз өзіңізді қайтадан жұмыс орындаудан сақтайсыз. Ақпаратты қайтадан енгізуден, оны түзету жеңіл. 
2 кезеңі. Мәліметтерді өңдеу Теодолиттік жүрісті талдау Теодолиттік жүрісті теңестіру алдында маңызды қателерді іздеп анықтау үшін теодолиттік жүрісті талдауға мүмкіншілігіңіз бар. «ОБРАБОТКА/ Анализ» функциясын таңдаңыз. 
«Режим» операциясында жүйені талдауға қажетті мәндерін белгілеңіз. Қарастырылатын жүйе тек пландық өлшеулерден тұрады. Қажетті мәндерін белгілеп қойыңыз. 
«L1-анализ» операциясын таңдаңыз. Осыдан кейін барлық жүйе бойынша маңызды қателерді автоматты түрде ізденіс орындалады. Нәтижесінде экранда қателердің бар немесе жоқ болуы туралы хабар шығады. 
Талдауда екі әдіспен орындауға болады: «Цепочка» операциясын пайдаланып «қолмен» және автоматты түрде – l1-метрикасы бойынша теңестіру әдісін қолданып «L1-анализ» операциясы арқылы, басқаша айтқанда түзетулердің квадрат қосындысының аз мөлшері бойынша емес, түзетулердің модульдер қосындысының аз мөлшері бойынша жүйені теңестіру. Қателер болған жағдайда Сіз «Результат» операциясын пайдаланып талдау хаттамасымен танысуыңызға болады. 
Жүйені теңестіру Жүйені теңестіру үшін «ОБРАБОТКА/ Уравнивание»функциясын таңдаңыз. 
 «Режим»операциясында теңестіру мәнін белгілеңіз.  «Уравнивание»операциясын таңдаңыз. Курсорды жұмысшы терезесінде белгілеп тышқанның [оң] клавишасын басыңыз. «Способ выбора» терезесінде «6. Все» мәзірінің пунктін таңдаңыз. Сонымен жүріс бойынша теңестіру орындалады. Алдында анықталған жүйе учаскелері (бұл жағдайда – жүйенің барлығы) жарқырайды. Қайтадан тышқанның [оң] клавишасын басыңыз, сонда таңдау мәзірі шығу керек. Таңдағаныңызды қайтадан дәлелдеңіз. [Ok] кнопкасын басу арқылы теңестіру орындалады.  Теңестіру барысында хаттамада жазулар бар болуы туралы хабарлар пайда болу мүмкін. Теңестірудің жалғасуын дәлелдеңіз. «Протокол» операциясын ашып, теңестіру хаттамада қателер туралы хабарлар жоқтығын тексеріңіз. «Результат» операциясын орындап, теңестіру барысында пайда болған каталогтар мен ведомостарын қарап шығыңыз. Қажет жағдайда [Print] кнопкасын басу арқылы оларды басып шығарыңыз.  Ведомосттарды басып шығару түймесі | 3 кезеңі. Өңдеу нәтижелерін шығару (экспорттау) Егер жүйе пункттерінің координаттарын басқа мамандарға немесе оларды басқа бағдарламада пайдалану қажеттілігі туындағанда Сіз өңдеу мәліметтерін теңестіруден кейін экспорттауыңызға болады. «ДАННЫЕ/ Экспорт»функциясын таңдаңыз.  «Формат»операциясын таңдап экспорттау үшін қажетті форматты белгілеңіз. Ол біздің жағдайымызда– «1. ООФ»(Открытый Обменный Формат – Ашық айырбастау форматы). Соны белгілеп тышқанның [сол] клавишасын басыңыз және «Кодировка ООФ» терезесінде экспорттау үшінкодировканың қажетті мәліметтерін белгілеңіз. Мәліметтерді CREDO кешенінің жүйесіне экспорттау қажеттілігі болғандықтан келесі параметрлерін белгілеңіз. · Имя кодовой таблицы – Коды системы CREDO. · Умолчание принадлежности к рельефу – Принадлежит. · Умолчание кодировки объектов – Алфавитно-цифровая.  Міндетті түрде кестенің есімі, жер бедері есеп-ке алынатынын және кодировкасын белгілеңіз | «Экспорт» операциясын таңдаңыз. Жұмысшы терезесінің кез келген жеріне курсорды белгілеп тышқанның [оң] клавишасын басыңыз. «Способ выбора» терезесінде экспорттауға қажетті жүйенің учаскесін немесе жүйенің белгіленген пункттерін көрсетіңіз. Бұл жағдайда мәзірдің «6. Все» мәнін қабылдаңыз.Сонымен жүйенің барлығында экспорттау орындалады.  Алдында таңдалған жүйенің бөлігі (біздің жағдайда – жүйенің барлығы) жарқырайды. Қайтадан тышқанның [оң] клавишасын басу нәтижесінде таңдау мәзірі пайда болады. Таңдауды қайтадан дәлелдеңіз.[Ok]кнопкасын басу арқылы экспорттау процесі басталады.  Пайда болған сұраныс терезесіне жер бетінің сандық моделінің қабат санын енгізіңіз. Одан кейін CREDO_TER немесе CREDO_MIX бағдарламасында және геодезиялық мәліметтерді енгізгенде олар жер бетінің сандық моделінің көрсетілген қабатында орналасады. Осы қабатта жер бедерінің сандық моделі қалыптасады. Экспорттау барысында қателер жөнінде хабарлар болуы мүмкін. [Cancel]кнопкасын басу арқылы оларға мән бермеңіз. «Протокол» операциясын ашып қателер жөніндегі хабарлар жоқтығын тексеріңіз. Қателер болған жағдайда қателер жөніндегі хабарларды қарап, оларды талдаңыз. «Результат» операциясын орындап экспорттау нәтижесінде жасалған. «DAT_TABL.TOP» файлды қарап шығыңыз. Қажетті жағдайда [Print] кнопкасын басу арқылы оларды басып шығарыңыз. 
4 кезеңі. Дайындалған құжаттамаларды шығару Ведомосттарды шығару Ведомосттарды дайындау үшін «ОБРАБОТКА/Уравнивание/Результат» операциясын іске қосыңыз және Сізге қажетті ведомостарына кіріп шығыңыз (ашыңыз және жабыңыз). Осыдан кейін таңдалған ведомосттар құрылады. Оларды қарап шығып басып шығару үшін «ДАННЫЕ/Просмотр ASCII-файлов/ Выходные формы» функциясына барыңыз. Қажетті ведомосын таңдап [Print] кнопкасы арқылы оны басып шығарыңыз. Сызбаларды шығару CREDO_DAT жүйесінде сызбаларды даярлау және шығару үшін «ЧЕРТЕЖИ/ Чертеж DXF» функциясы арналған. Осы функцияның негізінде Сіз сызбаны қалыптастырып, масштабын белгілеп, сызбаны рәсімдеп DXF-файлына жазып аласыз. 
Сызбаны шығару үшін объектіні дайындау Сызбаны даярлау алдында «Настройка/Фильтр на отображение» функциясында сызбаға шығаратын қажетті элементтер көрінісін қосыңыз.   Сызбаны қалыптастыру үшін таңдалған бөлігі | Сызбаның бөлігін таңдау Сызбада орналасатын бөліктерді таңдау үшін «ЧЕРТЕЖИ/ Чертеж DXF/ Фрагмент-окно»операциясын пайдаланыңыз. Курсормен тікбұрыштың бөлігін белгілеңіз. Осыдан кейін «Выбор» операциясы арқылы қалыптасатын сызбада белгіленген бөлігі орналасады. Сызбаны қалыптастыру Сызбаның бөлігі таңдалғаннан кейін [Чертеж DXF] операциясының кнопкасын басыңыз. Экранда алдында таңдалған бөлігі орналасқан «Формирование чертежа» атты терезесі ашылады.  Сызбаның таңдалған бөлігі | Кнопки поворота и перемещения фрагментов | Кнопка выбора масштаба для фрагментов | Осыдан кейін келесі іс-әрекеттерін орындаңыз: - [Формат листа]кнопкасы арқылы парақтың А3 (420х297) форматын белгілеңіз. - [Фрагмент]кнопкасын басып сызбаның бөлігін іске қосыңыз және қажетті жағдайда жылжыту кнопкалары арқылы оны жоғарыға және сол жағына жылжытыңыз. - Сызбаның бөлігі үшін 1:2000 масшьабын белгілеңіз. Ол үшін белгілеген бөлікті таңдап [Масштаб]кнопкасын басыңыз. - [Штамп]кнопкасы арқылы штамптың ұсынылған варианттарынан таңдаңыз.  Сонымен сызбаның қалыптасуы аяқталады. Сызбаға қосымша графикалық бөлігімен қоса сызбаныңбөлігі ретінде жазбаша файлдарын (ведомосын немесе каталогын) шығаруға болады. Ол үшін [Text - File]кнопкасы арналған. Жазбаша файлдарын шығарғаннан кейін оларды тігінен және көлденең орналасқан кнопкалар арқылы ыңғайлы жерге орналастыруға болады. [Ctrl] + [F3]клавишасы арқылы сызба бөлігінің көрінуін қосуға болады. Осымен CREDO DAT жүйесінде қолмен жазылған журналдар мен схемаларды қолданып клавиатура арқылы енгізілген инженерлі-геодезиялық мәліметтердің өңделуі бойынша лабораториялық жұмысты орындау аяқталады. ҚОРЫТЫНДЫ Осы әдістемелік нұсқауындағы тапсырманы орындау барысында инженерлік есептеулерді CREDO DAT жүйесінің құралдарымен, сонымен қатар негізгі функциялармен танысудың бастапқы кезеңінде тиімді шешуге болатынын дәлелдеді. Алынған біліктілікті әрі қарай дамыту арқылы және кешеннің басқа да мүмкіншіліктерін игеру арқылы күрделі есептерін де шығаруға болады. ВАРИАНТ 1 Пунктер-дің аты (название пунктов) | Өлшенген бұрыштар (сол) (измеренные углы (левые) | Дирекцион-дық бұрыштар (дирекционные углы) | Жақтар-дың белгіленуі (обозначение сторон) | Жақтар-дың ұзындығы (длины сторон) | Координаталар (координаты) | Х | У | | | | | | | | А В С D | 2870 28.7′ 180041.7′ 185039.7′ 162051.9′ 268052. 4′ | 45000.2′ 230033. 8′ | В-1 1-2 2-3 3-С | 269.33 202.89 288.33 342.11 | 6 451 186.05 6 450 228.24 | 9 528 311.92 9 528 843.60 | | ВАРИАНТ 2 Пунктер-дің аты (название пунктов) | Өлшенген бұрыштар (сол) (измеренные углы (левые) | Дирекцион-дық бұрыштар (дирекционные углы) | Жақтар-дың белгіленуі (обозначение сторон) | Жақтар-дың ұзындығы (длины сторон) | Координаталар (координаты) | Х | У | | | | | | | | А В С D | 2370 41.4′ 1850 25.5′ 1870 37.1′ 1790 33.1′ 2420 22.9′ | 1010 40.1′ 234019.0′ | В-1 1-2 2-3 3-С | 487.26 188.24 373.22 281.31 | 6 450 413.33 6 449 126.52 | 9 526 600.46 9 526 910.07 | | ВАРИАНТ 3 Пунктер-дің аты (название пунктов) | Өлшенген бұрыштар (сол) (измеренные углы (левые) | Дирекцион-дық бұрыштар (дирекционные углы) | Жақтар-дың белгіленуі (обозначение сторон) | Жақтар-дың ұзындығы (длины сторон) | Координаталар (координаты) | Х | У | | | | | | | | А В С D | 2810 43.4′ 1920 14.9′ 1750 35.2′ 1790 18.7′ 2680 42.2′ | 390 52.5′ 2370 28.0′ | В-1 1-2 2-3 3-С | 488.44 161.14 247.53 198.06 | 6 452 280.21 6 451 369.80 | 9 530 909.44 9 531 512.75 | | ВАРИАНТ 4 Пунктер-дің аты (название пунктов) | Өлшенген бұрыштар (сол) (измеренные углы (левые) | Дирекцион-дық бұрыштар (дирекционные углы) | Жақтар-дың белгіленуі (обозначение сторон) | Жақтар-дың ұзындығы (длины сторон) | Координаталар (координаты) | Х | У | | | | | | | | А В С D | 2560 29.8′ 200 0 44.9′ 2280 10.6′ 2120 30.2′ 1080 19.0′ 2270 10.5′ 490 13.7′ | 3020 57.7′ 3250 38.6′ | В-1 1-2 2-3 3-4 4-5 5-С | 99.51 89.08 56.83 207.92 32.70 23.99 | 4 656 602.21 4 656 677.12 | 8 379 598.34 8 379 972.53 | | ВАРИАНТ 5 Пунктер-дің аты (название пунктов) | Өлшенген бұрыштар (сол) (измеренные углы (левые) | Дирекцион-дық бұрыштар (дирекционные углы) | Жақтар-дың белгіленуі (обозначение сторон) | Жақтар-дың ұзындығы (длины сторон) | Координаталар (координаты) | Х | У | | | | | | | | А В С D | 187028.5′ 185045.7′ 189047.8′ 280044.0′ 81044.2′ 85044.7′ | 88057.0′ 20012.7′ | В-1 1-2 2-3 3-4 4-С | 112.05 117.88 88.51 116.30 81.62 | 4 657 307.10 4 657 104.41 | 8 382 727.72 8 383 047.63 | | ВАРИАНТ 6 Пунктер-дің аты (название пунктов) | Өлшенген бұрыштар (сол) (измеренные углы (левые) | Дирекцион-дық бұрыштар (дирекционные углы) | Жақтар-дың белгіленуі (обозначение сторон) | Жақтар-дың ұзындығы (длины сторон) | Координаталар (координаты) | Х | У | | | | | | | | А В С D | 123024.8′ 202016.7′ 130021.2′ 195046.2′ 179037.0′ 207025.8′ 302020.8′ | 258020.8′ 339033.2′ | В-1 1-2 2-3 3-4 4-5 5-С | 299.03 138.81 56.92 138.68 177.41 236.39 | 4 657 504.01 4 656 570.03 | 8 381 848.32 8 381 448.41 | | |