ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение Как определить диапазон голоса - ваш вокал
Игровые автоматы с быстрым выводом Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими Целительная привычка Как самому избавиться от обидчивости Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам Тренинг уверенности в себе Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком" Натюрморт и его изобразительные возможности Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д. Как научиться брать на себя ответственность Зачем нужны границы в отношениях с детьми? Световозвращающие элементы на детской одежде Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия Как слышать голос Бога Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ) Глава 3. Завет мужчины с женщиной 
Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д. Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу. Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар. | Агрессивті орта» дегеніміз не? Құрылғылардың жұмыс істеу ұзақтығы металдардың өзіндік тотығуы арқылы төмендеуі коррозия (лат. сorrosio – жеу, жою) деп аталады. Коррозияға ұшырайтын металдардың ортасы коррозиялық немесе агрессивтік орта деп аталады. Осы үрдіс құрамында металдың тотыққан түрінде сақтайтын химиялық қосылыстар кезінде коррозия өнімдері пайда болады. Металдың ортамен әрекеттесу сипатына байланысты коррозияның механизмі бойынша негізгі 2 түрмен ажыратады: химиялық және электрохимиялық коррозия 25. Коррозияның қандай басты типтерін білесіз? Коррозия процесі – металдың беткі қабатынан басталып, тереңірек еніп таралады. Осы жағдайда металдың түрі бұзылады. Бұл бұзылыстар төмендегі топтарға бөлінеді: механикалық бұзылыс – ол əр түрлі сырттан түсірілген динамикалық күштердің салдарынан болады. Мысалы, біліктердің істен шығуы, қалың сымдардың үзілуі, т.б. Бұзылудың бұл түрі – қайтымды процесс. Өйткені, механикалық бұзылуларды қайта жөндеп немесе құрылымдық бөлшектерді қайта балқытып, жаңа бөлшектер алады. металл эрозиясы – материалдардың бірте-бірте механикалық жолмен тозуы. Бұзылыстың бұл түрі қайтарылмайтын процесс. Бұл жағдайда үйкеліп тозған бөлшектерді (мысалы, электрлік жүргіштердің қос дөңгелектерінің қашалуы, подшип никтердің тозуы, рельстердің мүжіліп үгілуі) қайта жөндеуге келмейді. биологиялық жемірілу – бактериялар мен насекомдардың салдарынан, бөлшектердің жемірілуі. коррозиялық бүліну – ең белсенді коррозиялық процесс. Бұл – бүлінудің халық шаруашылығына көп залал келтіретін түрі, əсіресе оның экономикалық қосымша шығындары жоғары. Жалпы коррозиялық процесс жүру механизмі, жүру шарты жəне бұзылу сипаты бойынша классификацияланады. Жүру механизмі бойынша коррозиялық процесті – химиялық жəне электрхимиялық деп бөлуге болады. Химиялық коррозия – гетерогендік реакцияның таза химиялық кинетиканың негізгі заңдылықтарына бағынады жəне құрғақ ортада жүретін коррозия түріне жатады (электролит емес немесе құрғақ газдардағы коррозия). Электрхимиялық коррозия – электрхимиялық кинетика заңдылықтарына бағынады жəне электр тогымен жүретін коррозия жағдайына жатады (мысалы, электролиттегі металдың коррозиясы). Жүру шарты бойынша коррозиялық процестің мына түрлері болады. Газ коррозиясы – көбіне жоғарғы температурада, беткі қабатының ылғалдылық конденсациясының толық болмаған жағдайында жүреді. Электролит еместегі коррозияға – белсенді органикалық заттардың металға əсер ету жағдайларында болатын коррозия жатады. Оның электр өткізгіштігі жоғары емес (мысалы бензиндегі, керосиндегі, мұнайдағы коррозия). Электролиттегі коррозия – коррозияның кеңінен тараған түрі. Ортаның химиялық сипатына байланысты – қышқылды, сілтілі, тұзды, теңізді, т.б. коррозия болып бөлінеді. Ол, металдың беткі қабатына белсенді ортаның əсер ету шартына байланысты. Коррозияның бұл түрінің тағы да қосымша сипаттамасы бар: толық батыру кезіндегі коррозия, ауыстырмалы батыру немесе су сызығы (ватерлиния) бойынша болатын коррозия, ауыстырмалы батыру кезіндегі коррозия, тынық электролиттегі коррозия, араластыру кезіндегі коррозия, т.с.с. Топырақты, жер бетіндегі немесе жер астындағы коррозияға – металға жердің немесе топырақтың əсері кезінде пайда болатын коррозияны жатқызады (мысалы, жер астында жатқан құбыр немесе жоғарғы вольтты электр тогының өту сымының бұзылуы). Атмосфералық коррозия – коррозияның кеңінен тараған түрі. Ол өйткені көптеген металды құрылғыларды, атмосфера- лық жағдайда қолданады. 26. Коррозияның қандай түрлері химиялық коррозияға жатады? Химиялық коррозияның маңызды түрі жоғары температурада металдың оттегімен және газтәрізді активті ортамен әрекеттесуі болып табылады. Көптеген маңызды бөлшектер газды коррозия әсерінен бұзылады. Газды коррозиядан металлургиялық өндіріс көп шығынға ұшырайды. Газды коррозияға тұрақтылық балқыма құрамына түрлі қоспаларды қосқан кезде жүзеге асады. Электролиттегі коррозия – коррозияның кеңінен тараған түрі. Ортаның химиялық сипатына байланысты – қышқылды, сілтілі, тұзды, теңізді, т.б. коррозия болып бөлінеді. Ол, металдың беткі қабатына белсенді ортаның əсер ету шартына байланысты. Коррозияның бұл түрінің тағы да қосымша сипаттамасы бар: толық батыру кезіндегі коррозия, ауыстырмалы батыру немесе су сызығы (ватерлиния) бойынша болатын коррозия, ауыстырмалы батыру кезіндегі коррозия, тынық электролиттегі коррозия, араластыру кезіндегі коррозия, т.с.с. Газды коррозия Газды коррозия – химиялық коррозияның кең тараған түрі. Ол металл балқымасының жоғары температураларда газдармен әрекеттесуі нәтижесінде жүреді. Металдың газды коррозияға қарсыласу қабілеттілігі оның ыстыққа төзімділігімен анықталады. Металдың тағы бір маңызды қасиеті ыстық газдармен әрекеттесуі кезіндегі ыстыққа беріктігі болып табылады. Бұл қасиет металдың механикалық беріктігін сақтау және жоғары температураларда аққыштыққа қарсыласу қабілеті. Көптеген металдар, мысалы, алюминий балқымалары 400-500 °C кезінде ыстыққа төзімді, бірақ ыстыққа берік емес. Темір, болат, шойынның газды коррозиясын келесі түрлермен ажыратады: тотығу, көміртексіздендіру, сутектік морттық, шойынның «өсуі». Темір, болат және шойынның тотығуы оларды ауа немесе жанармай жану өнімдерінің ортасында жылыту кезінде жүреді. Бұл кезде металл тотықтардан тұратын тот қабатымен жабылады. Әдетте тотығу 600 °C – жоғары температураларда анағҧрлым тез жүреді. Темір мен оттегі әр тҥрлі кристалдық торларға ие 3 тҥрлі тотық құрайды: FeO (вюстит), Fe2O3 (гематит), Fe3O4 (магнетит). |