ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение Как определить диапазон голоса - ваш вокал
Игровые автоматы с быстрым выводом Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими Целительная привычка Как самому избавиться от обидчивости Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам Тренинг уверенности в себе Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком" Натюрморт и его изобразительные возможности Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д. Как научиться брать на себя ответственность Зачем нужны границы в отношениях с детьми? Световозвращающие элементы на детской одежде Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия Как слышать голос Бога Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ) Глава 3. Завет мужчины с женщиной 
Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д. Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу. Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар. | Сеченов И.М (1829-1905) Павлов И.П (1849-1936) 5 страница Өндіріс орындарындағы психопрофилактиканы ұйымдастыру және психоневрологиялық көмек жергілікті жағдайларға және қажеттіліктерге байланысты құралады. Ыңғайлы вариант үлкен зауыттарда медико-санитарлық бөлімнің болуы, психоневрологиялық диспансерде ауданд кәсіпорындарында жұмыс істейтіндерге арнайы көмек көрсететін өнеркәсіптік психиатр кабинетінің қызмет етуі, үлкен масштабтағы кәсіпорынды немесе бірнеше зауыттар мен фабрикаларға қызмет көрсететін емханадағы психоневролог қызметін ұйымдастыру, ведомстволық бағынышты психогигиена, психопрофилактика орталықтарын құру болып табылады. Қарапайым нұсқа құрамына диспансерлік бақылау, элементарлы психоневрологиялық көмек көрсету, цех дәрігерлік бөлімшесінің арнайы дайындығынан өткен бөлімшелік терапевт, медико-санитарлық бөлімнің немесе емхана невропатологының тарапынан сауықтыру шаралары мен медициналық білімді уағыздау, әртүрлі мамандардың жұмысшыларды жоспарланған медициналық тексеруден өткізуі кезінде психоневрологтың кезеңдік тексеруі, психоневрологиялық диспансер дәрігерінің жүйелі түрде бақылауы кіреді. Осы кезге дейін алкоголизмді анықтаумен және емдеумен тек арнайы емдік-профилактикалық орындар ғана айналысты. Қазіргі уақытта басты алкогольмен күресті өндірістік орындарда іске асыру көзделіп отыр, бұл міндет кәсіпорындарға қызмет көрсететін жалпы медициналық емханалар және ведомстволық емханалар, денсаулық сақтау орындары, медико-санитарлық бөлімдердің дәрігерлері және орта медициналық қызметкерлері күшін қолданып іске асырылады. Керек жағдайларда қалалық немесе аудандық денсаулық сақтау органдарының шешімі бойынша құрылыс және транспорт ұымдарын, кәсіпорындарға қызмет ететін емханаларда немесе медико-санитарлық бөлімдер жанынан наркологиялық кабинеттер ұйымдастырылады. Наркологиялық кабинеттердің міндеті алкоголизммен зардап шегетіндерді ерте анықтап оларды есепке алып, комплексті ем жүргізу және диспансеризация, алкогольге қарсы үгіт және профилактика шараларын жүргізу болып табылады. Кабинет жұмысы әкімшілікпен, кадр бөлімімен, зауыт комитетімен, маскүнемдікке күрес комиссиясымен тығыз байланыста жүргізіледі. Наркологиялық кабинетке есепке алу пациенттің тұрғылықты жеріндегі психоневрологиялық диспансерді (егер болса наркологиялық диспансерді) міндетті түрде хабарландыру арықылы жүргізіледі. Есептен шығару үшін алкогольды толық тиғаннан 3 жыл өткеннен кейін болады, ол объективті мәліметтермен дәлелденуі керек. Есепте тұрғандар жылына 2 рет наркологтан тексеруден өтіп тұрады, әрбір 6 айда бақылау нәтижелері туралы мәліметтер тұрғылықты жердегі диспансерге жеткізіліп тұрады. Науқастарға көрсетілетін емдік көмек көлемі психоневрологиялық диспансерлердегі наркологиялық кабинеттегідей болады. Активті емнен кейін қосымша қуаттандыратын терапия тағайындалады. Кейбір ірі өндіріс орындарында активті ем жүргізу үшін профилакторийлер, күндізгі немесе түнгі стационарлар жұмыс істейді. Қуаттандырғыш қосымша терапия мақсаты – алкогольге теріс көзқарасқа жеткізу және спирттік ішімдіктерді пайдалануды сенімді түрде тоқтату. Алкогольге қарсы жұмыстардың маңызды бөлімі болып науқастардың тұрақты психотерапиялық коллективін құру және емге қарсылық көрсетіп жатқан және алкогольдік дәстүрді таратушы адамдарды бөлек емдеу (изоляциялау) болып табылады. Бұндай ауруларға тіпті қоғамдық- социальдық шаралардан бастап, күштеп емдеу шаралары қолданылады. Наркологиялық кабинеттердің мақсаты алкогольге қарсы активті күрес, сауыққандарды еңбекке тарту, орналастыру, көпшілік жерлерде және өндірісте жетістікке жетулерін қамтамасыз ету, олардың жанұялық адаптациясына көмек беру болып табылады. Соматикалық аурулар, психикалық бұзылыстар пайда болу қауіпі жоғарғы контингент ретінде Ми нейрондарының жоғарғы реактивтілік қасиеті ОЖЖ басты қызметімен түсіндіріледі - реттеушілік қасиеті, организмдегі гомеостазды тұрақты ұстап, қалпына келтіруге бағытталады. Зерттеу мәліметтері бойынша оттегі жетіспеушілігіне қаңқалық бұлшықетпен салыстырғанда жүрек бұлшық еті 5 ретке сезімтал болып келеді, ал бас миының сезімталдығы 15 ретке жоғары. Жүрек ишемиялық ауруы, миокард инфаркты кезінде психикалық бұзылыстар тұрақты көрініс беретіні осыдан түсінікті; жиі аффективті бұзылыстар, ұйқының бұзылысы және т.б. бұзылыстар жағдай өршігендегі соматикалық көріністерден де ерте көрініс береді (жүрек аймағында ауру сезімі, ауа жетіспеу сезімі және т.б.). Бұл жағдайда психопатологиялық симптоматика соматикалық (инфекциялық) аурулардың туындысы және оның белгісі болып табылады. Осы жәнеаурудың тағы басқа белгілері дертке тән заңдылықтарды көрсетеді яғни, - өткірлігін, сатылығын, ағымы мен аяқталу тенденцияларын және үлкен диагностикалық және болжамдық маңызы бар. Негізгі ауруды активті түрде емдеу (соматикалық, инфекциялық) психикалық бұзылыстарға қатысты негізгі профилактикалық шара болып табылады. Соматикалық стационарда сандырақпен, галлюцинациялармен, психомоторлы қозумен тіпті бір ғана науқастың пайда болуы тез арада бүкіл бөлімше өмірін өзгертеді. Психоз қоршаған ортаға ауыр әсер етеді; түнгі уақытта күшеюі, соматикалық аурулардың психикалық қозуы, соматикалық күйзеліске шалдыққан аурулардың демалуына кедергі жасайды. Психотикалық жағдайлардың дамуы науқастармен жұмыс жүргізуді қиындатады, диагностикалық және емдеу шараларын жүргізу мүмкін болмайды, соматикалық жағдайдың одан әрі нашарлауына ықпал етеді, өмірге қауіп төндіреді. Психикалық бұзылыспен бірге жүретін критикалық көзқарастың жетіспеушілігі дұрыс емес жүріс-тұрысқа және ожар қылықтарға әкеліп соғады, ал соматогенді депрессиялық жағдайлар суицидальды тенденцияларымен қауіпті. Күрделі, ауыр соматикалық ауру жағдайында психикалық бұзылыстар пайда болуына кедергі жасау және психопатологиялық синдромның алғашқы белгілерін уақтылы танып, аурудың асқынуын тоқтату үшін дәрігерге арнайы білім керек. Динамикада барлық психопатологиялық симптоматиканы дұрыс ескеру соматикалық ауруларды болжауға бағалы мәліметтер береді. Психопатологиялық симптоматика этиологиясы ретінде соматикалық аурулардың рөлін тек соматогенді әсерлермен байланыстыруға болмайды. Соматикалық аурулардың маңызды көзі – психогения болып табылады. Теріс эмоция, қорқыныш, аурудың өз өмірі үшін үрейі, жағымсыз тексеруге реакциясы, емдеу процедураларының ауырлығы, ауруды ауруханаға жатқызу - осылардың барлығы психогения дамуына жағдай жасайды. Соматикалық зардап шегу науқасты әлсіретіп, реактивті жағдайлардың, невротикалық реакциялардың пайда болуын жеңілдетеді. Астенизация, психиканың әлсіздігі, психожарақаттық ситуациялар соматикалық аурулардың барысына қарай күшейеді. Реактивті жағдайлар аурудың жедел кезеңінде ғана емес, жедел кезең басылғанда және науқастың дертінің сипаты, асқынулары мен салдары жөнінде түсінігі жоғарылаған алыс кезеңдерде де бақыланады. Соматикалық науқас күйзелісінің басты тақырыбы ол, - зақымдалған мүшенің жағдайы, дерт, оның нәтижесі және оған байланысты әлеуметтік ситуация. Соматикалық аурулар кезінде невротизация, тұлғаның ипохондриялық дамуы, депрессивті және үрейлі жағдайлардың дамуына дәрігердің өзі ықпал етуі мүмкін, оның науқаспен дұрыс емес жүріс-тұрысы және айтқан сөздері немесе науқастың дәрігер әрекеттерін дұрыс түсінбеуі аталған бұзылыстарға әкелуі мүмкін. Дәрігер қателігінің әсерінен болатын дертті жағдай – ятрогения деп аталады, бұл жағдай науқас үшін соматикалық патология жағдайынан да ауыр соғуы мүмкін. Ятрогенияның алдын-алу үшін жалпы дәрігерлік мәдениетті күшейту керек, медицина мекемелерінде деонтология принціпін сақтау керек, медициналық персоналдарды психотерапиялық әсер ету әдістерімен таныстыру керек. Соматикалық катастрофа кезіндегі психикалық өзгерістердің сипатын, динамикасы мен айқындылығының анықтайтын басты факторлар ішінде негізгі рөлді науқастың тұлғалық ерекшелігі, сонымен бірге дәрігердің психологиялық әсері және басқа факторлар: жанұя, қызметке оралу мерзімі және т.б. алады. Қазіргі уақытта соматикалық катастрофа басынан өткерген, ауыр операциядан өткен ауруларға ғылыми негізделген жүйе сатылы психогигиеналық, психопрофилактикалық психотерапиялық шаралар қолданылады. Бұл әдістің міндеттері ауру нәтижесінде өзгеріске ұшыраған өмірлік жағдайларғатұлғалық көзқарастар жүйесін қайта құру процесін жеделдету болып табылады. Бұл міндеттерді шешу үшін мынадай әдістер қолданылады: а) бөлімшенің жалпы психотерапиялық жағдайының әсері; б) емдік іс-шаралар кешеніне рационалды психотерапия және аутогенді жаттығуларды қосу; в) психотропты препараттарды қолдану; г) емдік дене шынықтырудың психотерапиялық әсерін қолдану; д) қатал төсек мерзімін және стационарда болу ұзақтығын қысқарту; е) ятрогенияның алдын-алу, ауруханалық режимнің және күнделікті өмір активтілігінің тиімсіз шектелуімен күрес; ж) аурудың туыстарымен психотерапиялық және консультативті жұмыстар жүргізу; е) ауруды бұрынғы еңбек жағдайына оралуға ынталандыру және әлеуметтік активтілікке ынталандыру; Балалық және жасөспірімдік шақ психиатриялық аспектілері және психопрофилактика мәселелері Адамның психикалық саулығының негізі ерте балалық шақтан қалыптасады. Сондықтан бала өмірге келгеннен бастап оның тәрбиесі мен дамуын қадағалап отыру керек. Баланың психикалық жағдайына дұрыс көңіл бөлу керек, себебі 16 жасқа дейінгі кезеңде психикалық бұзылыстарға ұшырау қаупі жоғары болады. ОЖЖ дамуының жетіспеушілігімен, оның жауап беру жеткіліксіздігі балалардың қалыпты жағдайда және патология кезінде де жүйкелік – психикалық реакциялары өзіне тән ерекшеліктерімен сипатталады. Невроздар мен психоздардың ағымы және нәтижелері ересек адамдармен салыстырғанда өзгеше. Ересектерге қарағанда балалар сыртқы ортаның әсеріне көбірек тәуелді болады. Бала организмі тек өмір сүріп қана қоймайды, сонымен қатар өседі, дамиды, психикалық процестері қайта құрылып отырады. Мұның өзі адаптациялық механизм күшін керек ететін үлкен жүк болып табылады. Типті психикалық дамуында ауытқулары бар, даму ерекшеліктері өзгерген балалар аса қиын жағдайға түседі. Жалпы ауруларға байланысты (соматикалық, инфекциялық), микросоциальды ортаның жағымсыз әсерлеріне байланысты кейде өсу тежеледі, жеке психикалық функцияларға қатысты жалпы немесе жеке психикалық даму тежеледі. Жалпы психикалық жетіспеушілік кейде ақыл аздық немесе олигофрения – кемақылдық түрінде көрінеді немесе квалификацияланады. Басқа бір жағдайларда психикалық даму жетіспеушілігі әлсіз байқалады және ересектерде балалық, аңқаулық ретінде көрініс береді-психикалық инфантилизм түрінде бағаланады. Әдетте психикалық инфантилизмге физикалық инфантилизм сәйкес келеді. Бұндай адамдарда 25-30 жаста жасөспірімдік бейнесі сақталады, дене салмағының, бойының жетіспеушілігі байқалады, екіншілік жыныс белгілері нашар дамыған болады. Ой-пікірінің жетік дамымауы себебінен мұндай адамдар өзгелердің ықпалына түсіп кетеді, күшті және авторитетті кісілердің пікіріне бағынады, өзгенің еркін орындайтын пассивті орындаушы болады. Инфантилизммен қыз балалар мен жігіттер асоциальды ортаға түскенде олар осы ортаға сәйкес өмір стилін жеңіл қабылдайды. Олар спирттік ішімдіктерді қолдануға үйірленеді. Қылмыстық әрекеттер жасаулары мүмкін. Жеке психикалық функциялар дамуының тежелуі психикалық дамудың жалпы теңсіздігіне - асинхронияға әкеліп соқтырады. Осындай жағдайда сақталған психикалық функциялар, осындай жетіспеушілік болған жағдайда соның орнын толтыру үшін қарқынды дами бастайды, кейде ол бір жақты дарындылық түрінде көрінеді, психикалық теңсіздіктің айқындылығын көрсетеді. Даму біртексіздігі тежелусіз-ақ жүйелер мен мүшелердің әдеттегіден күшті жетілу нәтижесінде де болады. Бұл құбылыс акселерация деп аталады. Акселерат жасөспірімдер мен жастардың бойлары ата-анасынан ұзын, сүйек-бұлшықет жүйесі жақсы жетілген; олар жыныстық қатынаста да және өздерінің физикалық белгілері бойынша ерте дамуларына, басқа жынысқа деген қызығушылықтарының ерте дамуына байланысты олар ерте үйленіп, балалы болуларына болар еді. Бірақ берік социальды жағдайдың болмауы, материалдық және моральды дербестіктің болмауы, ең бастысы психологиялық дайындықтың болмауы оларға өз жанұясын құруға мүмкіндік бермейді. Қазіргі өмір жағдайына байланысты, қарым-қатынас және ақпарат құралдарының қолжетімділігіне (газет, журнал, радио, телевизия, кино) байланысты көптеген балалар өткенмен салыстырғанда жылдам, интелектуальды түрде дамиды. Нәтижесінде тұлғалық ерекше маңыздылығын сезіну, өзінің құрдастары қатарында басымдылығы жөнінде иллюзия, қызығушылықтарының жасына сәйкес еместігі кейде-консерватизмге және ересектердің біржақтылығына қарсы (ата-ананың оқытушылардың) наразылық тудырады. Өмірлік тәжірибесі болмай тұра өзін танытуға ұмтылу, ситуацияларға ересек көзқарастың болмауы конфликтке әкеліп соқтырады – нәтижесінде, барлығынан түңілу, депрессивті реакциялар түрінде жасөспірімнің өзі зардап шегеді. Балаларда психикалық дерттің басталуы жастық криздік кезеңдермен ұштасады. Жастық криздер немесе криздік кезеңдер деп адамның биологиялық және социальды функциясының өте интенсивті қайта құрылуы жүретін өмір кезеңдерін айтамыз, бұл кезде сыртқы орта әсерлеріне сезімталдық жоғарылайды – ауру туындау қаупі өседі. Криз индивидумның психикалық дамуының, жүріс-тұрыстың жаңа мотивтерімен және алға қойылатын жаңа әлеуметтік талаптарымен жаңа сапалық сатысының басталуын білдіреді. Балалар психологиясы мен психиатриясында 3 негізгі криздік кезең бөлінеді: 3, 7, 12, 15 жас. Барлық криздік кезеңдердегі психикалық жауаптарға жалпы тән ерекшеліктер болады: балалар ашуланшақ болады, тітіркенгіш, тыңдамайтын, ересектермен қатынаста айқын негативизм танытады. 3 жастағы жастық криздің маңызы баланың барлық айтқандары ересектер тарапынан орындалатын, жүріс-тұрыстың реактивті формасынан «Мен деген-жүйенің» (өзіндік сана) пайда болуы, және бәрін өзім жасаймын («Мен өзім») деген ұғымдардың пайда болуымен жүретін активті формаға ауысуында болып табылады. 7 жастағы жастық криз негізі социальдық өзіндік сананың оянуы болып табылады: өзін іс-әрекет субъектісі ретінде бағалау сатысынан адамзаттық қарым-қатынас жүйесіндегі субъект ретінде бағалауға көшуі. Бала өмірін толтыратын ойын, шынайы әлеуметтік өмір қажеттіліктеріне сәйкестігін жоғалтады, бұл жағдайда жүйелі оқу бастамасы осы жас кезеңінің кризистік ситуациясын нивелирлеуге қабілетті болады. Жасөспірім шақтағы кризис аса жедел және ұзақ мерзімді болып табылады, ол пубертатты криз деп аталады. Криз мазмұны өзін таныту мен өз пікірін ұстануға қажеттіліктің басымдылығынан тұрады, бұл қажеттіліктер кейбір жағдайларда жасөспірімнің социальды және психикалық дамуында синхрондылықтың болмауына байланысты жиі көрініс бермей қалады. Объективті түрде есею, таным шеңберінің кеңеюі, жаңа қызығушылықтар пайда болуы кезінде жасөспірім әлеуметтік сала тарапынан ересектерге тәуелді болып қала береді, сондықтан оның көп істері шындықпен араздыққа алып келеді. Жиі байқалатын қарқынды жыныстық даму, әсіресе ер балаларда эндокриндік, вегетативтік өзгерістермен және соматопсихикалық дисфункциялармен көрінеді. Психожарақаттаушы факторлардың әсерімен организмнің реттеуші функциясының бұзылуы кезінде невротикалық реакциялар, депрессивтік жағдайлар оңай дамиды, пубертатты криз кезінде жиі алғаш эндогенді психикалық аурулар, атап айтсақ шизофрения көрініс береді. Бұл жаста психикалық патология диагностикасының ерекше қиындығы, аурудың бастапқы симптомдары пубертатты кризге және акселерацияға тән психикалық сфераның және жүріс-тұрыстың әрқилы диссоциациясын бейнелейді. Жыныстық жетілу кезеңіне ешқандай дертсіз-ақ эмоционалды тұрақсыздық, жоғары қозғыштық, импульсивтілік, қарқынды қиял ойыны, ересектердің пікірін қабылдамау және құрдастарының пікіріне сезімталдық тән. Суреттелген психикалық ерекшеліктер, психикалық және физикалық даму деңгейіндегі максимальды диспропорциялар жүріс-тұрыстың әртүрлі бағытталған мотивтері социальды адаптация қиындықтарын туғызады және жиі тәртіптің бұзылуының және жасөспірімдердің қоғамға қауіпті әсерлер көрсетуінің себебі болады. Жүріс-тұрыс бұзылысының профилактикасы үшін, олар жөнінде жалпы болса да түсінік болуы керек. Балалар мен жасөспірімдерде байқалатын жүріс-тұрыс бұзылысы негізінде жатқан әртүрлі реакциялар 4 типке бөлінеді: бас тарту реакциясы, оппозициялық, имитация және компенсация. Бас тарту реакциясы бірдемеден айырылған кездегі баланың немесе жасөспірімнің эмоциялық күйі бұзылған жағдайларда дамиды: интернатқа орналастыруға байланысты жанұясынан, ата-анасының ажырасуы себебінен олардың бірінен ажырау, жаңа тұрғылықты орынға көшуге байланысты достарынан ажырау. Тамақтан, қарым-қатынастардан, ойыннан және т.б. бас тартады. Оппозициялық реакция жанұяда іні немесе қарындас пайда болуына байланысты шамадан тыс жүктемеден немесе жасөспірім өзіне бөлінетін көңілдің азаюынан пайда болады, анасының күйеуге шығуы және басқа да себептерге байланысты дамиды. Суицидальды әрекеттердің, үйден қашудың, бұзақылық істердің мотиві болып өзіне көңіл аударту, өзін басқа жауыз адамдардың ықпалымен болған ситуация құрбаны етіп көрсету болып табылады. Имитация реакциясы өзге тұлғаға немес бейнеге - кино жұлдызына, тәрбиешіге, құрдасына еліктеумен көрініс береді. Имитация реакциясы егер еліктеу объектісі антисоциальды тұлға болса социальдық нормалардың бұзылуына себеп болады. Теріс имитация реакциясы өзін қандай-да бір бейнеге қарама-қарсы ұстауға талпыныспен көрініс береді: маскүнем баласының спиртті ішімдік ішпеуі; пайдақор жанұясында өскен жасөспірім немесе қыз-жігіттердің материальдық көмектен бас тартуы. Имитацияның теріс реакциясы шеңберінде эмансипация реакциясы пайда болуы мүмкін – жасөспірімнің өз құқығы мен еріктілігі үшін күресі. Компенсация реакциясы – кейбір жетіспеушіліктерді толықтыруға бағытталған: физикалық әлсіз жасөспірім өз қатарына ой еңбегі арқылы теңесуге тырысады, үздік оқиды, өзінің энциклопедиялық білімімен таң қалдырады. Гиперкомпенсация реакциясы жасөспірімнің әлсіздік танытқан саласында табанды дайындалып, аса жоғары нәтижелерге жетумен көрініс береді. Балалар мен жасөспірімдерге ортақ аталған реакциялардан өзге жасөспірім шақ үшін арнайы реакция түрлері бөлінеді: эмансипация реакциясы, құрдастарымен топталу реакциясы, әуестену реакциясы (хобби-реакция), сексуальды әуестікке байланысты реакциялар. Эмансипация реакциясы туралы жоғарыда айтылып кетті. Құрдастарымен топ құру реакциясы белгілі бір деңгейде инстинкт түрінде детерминирленген; өз лидері бар жасөспірімдік топтардың құрылуымен, топ ішінде рөлдердің бөлінуімен, өздерінің нақты территорияларын бөлумен сипатталады. Көптеген қылмыстарды осындай топ жасөспірімдері жасайды. Әуестену реакциясы, балалардың ойыны тәрізді, жасөспірім шаққа тән қасиет. Әуестіктің әртүрі болады: құмар ойындары, байлық жинауға құмарлық, лидер болуға құмарлық және интеллектуальды-эстетикалық және т.с.с. Әуестік жасөспірімдердің бар ой-санасын билеп алған кезде жүріс-тұрыстық бұзылыстар дамиды, оқуға және еңбекке қарсы қояды, әлеуметтік нормалардың бұзылуымен байланысты. Сексуальды әуестік реакциялары – тікелей жыныстық қозудың реализациясына бағытталған (онанизм, өтпелі гомосексуализм), немесе терең жасырын сексуальды күйді білдіреді (суицидальды әрекет, агрессия актілері). Жасөспірімдердің сексуальдылығы әртүрлі тітіркендіргіштер әсерінен пайда болады, тұрақсыз, аса сезімтал және патологиялық түрге оңай ауысады. Барлық суреттелген реакциялар қалыпты жағдайлармен қатар патологиялық психикалық реакцияның да көрінісі болуы мүмкін. Патологиялық реакциялардың қалыптасуы бірнеше себептермен ерекшеленеді: олар сандық жағынан күшейген және оларды шақырған ситуация маңыздылығына сәйкес емес; генерализациялануға бейім, осы ситуацияның шегінен шығып, патологиялық реакция туындатқан микротоп шекарасынан асып, таралуға бейім; әр түрлі ситуацияларға жауаптың стереотипіне айналуға бейім; әлеуметтік дезадаптацияға соқтырады. Суреттелген реакциялар нәтижесінде жүріс-тұрыс патологиясы туады. Оның негізгі варианты делинквентті жүріс-тұрыс болып табылады - заң бұзушылықтар, жұмысқа бармау, сабақтарды жіберу, ұсақ бұзақылық, ұсақ ұрлық, қоғам тәртібін бұзу. Делинквенттіліктің қарапайым себебі тәрбие жетіспеуі, бақылаудың жеткіліксіздігі болып табылады. Бұл жағдайға толық емес немесе ажырасқан жанұядағы тәрбие және соғыс кезіндегі жетімдік алып келеді. Мінез аномалиясы бар адамдардың асоциальды орта зияндылығына ұшырау мүмкіндігі жоғары. Делинквенттілікке жақын жүріс-тұрыстың патологиялық варианттары үйден қашу және жасөспірімдердің қаңғыбастығы болып табылады. Осы сияқты әрекеттер мотивтерінің арасында сауық-сайранға талпыну, жазалау қорқынышы, үлкендердің қатаң талабына немесе көңіл аудармауына қарсы наразылық көрсету. Кей жағдайда үйден қашулар жиі құбылысқа айналады. 1972 жылы АҚШ-та 1 млн. үйден қашу тіркелген. |