МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

Сеченов И.М (1829-1905) Павлов И.П (1849-1936) 3 страница





Еңбек үрдісінде адам организміне уақыт жеткіліксіздігі де жайсыз әсер етеді. Сынақта математикалық есепті жеткіліксіз уақыт аралығында шығару ұсынылды. Бұл кезде артериалдық қысымның ұзақ уақытқа көтерілуі міндетті реакция болды. Уақыт жетіспеушілік жағдайы болмаған кезде сынақтағылардың күрделі есептерді шешуі кезінде артериалды қан қысымының жоғароылауы қысқа мерзімді болды және айқын байқалмады. Адамның еңбекке қабілетін күшейтіп және қажуға кедергі болатын фактор жұмыстың орындалуына оң эмоциональды көзқарас, жұмыс нәтижесіне қанағаттану сезімі болып табылады. Бұл жағдай моральды және материальды сүйемелдеумен, жұмыс орны мен еңбек эстетикасын сақтау, коллективте жайлы психологиялық жағдай жасау арқылы жүзеге асырылады. Адамның нақты мамандыққа бейімділігінің маңызы үлкен. Эмоциональды ақау дамыған әлеуметтік дезадаптацияланған шизофрениямен науқастарды реабилитациялау мәселелері бойынша зерттеулер қатары ол науқастарды еңбекке баулу және коллективке қосу тек жұмысқа қызығушылық болғанда ғана дамитынын көрсетті. Сонымен бірге ұжыммен жұмыс жасағанда басқа адамдармен қарым қатынасы және жұмысқа қабілеті жақсарады.

Эмоциональды қажу ол адамның жұмысқа қабілеттің төмендеуімен және жұмысқа қызығушылықтың төмендеуімен, ұйқының кемуі мен назардың бұзылуымен көрінеді, нәтижесінде өндірістегі қайғылы жағдайлар қаупінің жоғарылауына алып келеді. Бұның негізгі себебі болып, бір қалыпты еңбек операциялары кезіндегі сенсорлы депривация болып табылады. Жұмыстың монотондылығын өзгерту үшін іс-әрекетті алмастыру керек, өндірістік шынықтыру үшін қысқа үзілістер ұйымдастыру, функционалды музыка енгізу қажет /дыбысы, ырғағы, мелодиясы өзгермелі музыкаы/. Қысқа уақытты жұмыс кезінде қызыл түс еңбектің өнімділігін арттырады, ал көк түс төмендетеді, ұзақ уақытты жұмыс үшін жасыл түс оптимальды болып табылады. Сары және қара түс мекемелердегі қауіпті орындарды маркировкалауға ыңғайлы. Бұл зейінді ынталандырып, психикалық активтілікті жоғарылатады. Еңбек мазмұнына бар ынтамен терең ену, жұмысшыларды моральды-саяси тәрбиелеу, өзара көмекті дамыту қызығушылықты жоғарылатады және қажуға кедергі болады. Еңбектің адамға жайлы әсер етуінің маңызды талабы коллективизм болып табылады. Топтасу арқылы адам мемлекеттің және қағамның әлеуметтік мәселелеріне араласады.

 

ЖАСҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПСИХОГИГИЕНА

 

Адам өмірінде психиатрия мәселелерінің санын жоғарлататын жастық кезеңдер болады. Бұл организмнің өсу кезеңі мен психикалық сфераның дамуы және биологиялық немесе психологиялық қайта құрылуға байланысты егде жас кезеңі болып табылады. Келесі жас кезеңдерін бөлеміз.



Сәбилік - 1 жасқа дейін

Балалық - 12

Ересектік / жасөспірімдік кезең/ - 12-16

Балғындық -16-22 жас

Ересек - 22-50 жас

Кері даму - 51-70 жас

Қартаю -70 жастан жоғары

Психогигиенаның балалық, жасөспірімдік және балғындық жастағыларға байланысты міндеті организмнің өсуі мен дамуы және адамның анатомо – физиологиялық ерекшеліктері жөніндегі білім қорына негізделіп шешіледі.

Психика дамуының маңызды сатылары мынадай:

I – моторлы – I жасқа дейін

II – сенсомоторлы – 3 жасқа дейін

III – аффективті – 3-12 жасқа дейін

IV – идеаторлы -12жаста 14-16 жасқа дейін

Сатыларды бөлу және оларды уақыт бойынша шектеуде жасандылық бар, себебі адам психикасының барлық сферасы әрқашан даму үстінде болады. Отандық психология мәліметтері бойынша психикалық дамудың негізгі мазмұны сананың функционалды құрамының өзгеруінде және онтогенездің әр сатысында қайта құрылуы болып табылады. Бұл кезде қандай да бір психикалық үрдіс басым болады. Сатыларды белгілеу арқылы психиканың жетілу дәрежесі анықталады. Бұл психика дамуына және тұлғаның қалыптасуына оптимальды қолайлы жағдай жасауға қажет.

Психопрофилактиканы ұйымдастыруда төмендегілерді ескеру керек:

1. психиканың жасқа байланысты ерекшеліктері;

2. психика дамуының бір қалыпты емес секірмелі сипаттамасы;

3. өмірдің бірінші жылдарындағы қарқынды психикалық даму факты;

4. балалардың психикалық жауап беру ерекшелігі.

Сыртқы орта әсеріне байланысты бағдарлама күрделендірілуде. Психогигиена мен психопрофилактика міндеті сыртқы орта әсерлерін нақты ұрпақ үшін қалыптасқан бағдарламаға максимальды сәйкес ету.

ЕРТЕ БАЛАЛЫҚ ШАҚ ЖӘНЕ ПСИХОГИГИЕНА МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

Бала өмірге инстинкттердің нақты бір жиынтығымен және аштық, ауру сезімі және т.б. тәрізді негізгі тітіркендіргіштерге шартсыз рефлекторлы реакциялармен келеді. Осы реакциялардың әсерінен адамның барлық психикалық іс - әрекетінің негізгі шартты рефлексі пайда болады. Баланың 3 – 4 айынан бастап барлық сезім мүшелері толық қызмет ете бастайды, анализаторлардың тітіркенуіне бұрын бағытталмаған әрекеттері бағытталған әрекеттерге ауысады. Соңғы уақытта бала психикасының дамуы үшін нәрестенің анасымен тығыз қарым-қатынасының рөліне көп көңіл бөлінуде. Анасы тек сүтімен ғана емес, өмірге қажетті тітіркендіргіштердің негізі болып табылады.

Осы жүз жылдықтың басында америкалық балалар үйіндегі емшектегі балалардың 100 пайыздық өлім жағдайы назар аудартты. Анасынан изоляцияланған балалар апатия күйінде болған, тамақ жемей арықтап, ұйықтай алмай, әлсіреген. Аналарына қосылған соң балалардың жағдайы жақсарған. Анасымен контакттың болмауы бала өмірінің алғашқы күндеріне, айларына немесе жылдарына сәйкес келсе бала психикасында терең із қалыратындығы байқалған. Осындай балалар есейгенде қамқорлық, сүйіспеншілік жағдайында өмір сүргеннің өзінде психикалық инфантилизм, агрессивтілік, импульсивтілік, инициативтіліктің жетіспеуі белгілері байқалған және олардың адамдармен қарым – қатынасы нашарлаған. Осыған ұқсас өзгерістер анасынан айырылған маймылдардың балаларында да байқалған. Осындай жағдайда өскен ұрғашы маймылдарда аналық сезімі байқалмаған, олар балаларына агрессия көрсетіп, қинап өлтіруге дейін барған.

Жануарларға жасалған осы және басқа эксперименттерде, балалардың өсіп-дамуын бақылау, ересек кездегі мінез – құлық, бір түрдің өкілдерінің (особь) қарым – қатынасы, адамдардағы жанұялық қарым - қатынастың ерекшеліктері өте ерте, туыла салысымен қабылданатыны анықталған. Осы процестің орта буыны баланың махаббат сезімі, анасына үйреншіктілік сезімі болып табылады. Егер бұл буын бұзылса, онда баланың психикалық дамуы бұрмаланады.

Балалардың әртүрлі дағдыны игеруі психиканың дамуына ықпал етеді. Баланың басты ұстау дағдысын игеруі мидың қабылдау кеңістігін ұлғайтады, өзі отыруды үйрену қолдардың қызметін дамытады. Бала өмірінің бірінші жылында горизонтальды жағдайдан вертикальды жағдайға ауысуы қолмен қол арқылы іске асады, заттардың мәнісін жақсы түсінуге көмектеседі. Екінші жылы бала сөйлейді, фразалық сөйлеуді үйренеді жаратылыс және өзінің тіршілік ету логикасын түсінуге мүмкіндік пайда болады.

Балалар дағдыларды және сөйлеуді игергенде (тамақ жегенде, өзін-қамтамасыз етуі) айналасындағы адамдарға еліктеудің маңызы зор. Еліктеудің арқасында балалар заттарды ұстап үйренеді, басқа адамдардың мінезін ұғады. Мысалы, балалар бақшасында, бастауыш сыныптарда тұтығу жағдайы бақыланса бірден бірнеше жағдай бақыланады. Зерттеу нәтижесінде шынайы тұтығу тек бір балда ғана екені анықталады, ал қалғандарында сол балаға еліктеу арқылы пайда болады. Балалардың мінезі өзін тәрбиелеген ортасына байланысты болады.

Сонымен баланың алғашқы үш жылында психика, әлемді танудың психикалық формасы дифференцирленбеген, бағытталмаған тітіркендіргіштерге моторлы жауап беру /I этап/ жолынан, тітіркендіргіштерге күрделі сенсорлы жауап беру /II этап/ жолына өтеді, бұл барлық психикалық функцияның эволюциясының негізі болып табылады (қоршаған ортамен мақсатты, белсенді қарым – қатынас). Күрделі сенсомоторлы дифференцация есте сақтау процесінің дамуының негізі болып табылады - /III этап/. ІV-ші сенсомоторлы этапта баланың сөйлеу қабілетінің дамуына байланысты түсініктер мен ой қорытындылау мүмкіндігі пайда болады. Үш жастан бастап бала барлығын өзі жасауға ұмтыла бастайды. Үлкендердің айтқаны ұнамаса кері жауап береді. Баланың белсенділігін шектеу арқылы ересектер оның дамуына кедергі жасайды. Соның әсерінен баланың белсенділігі төмендеп, бір әрекет жасар алдында қорқақтап, қимылы пассивті болады.

Балалардың үлкендермен белсенді қатынаста болуы, қызығушылығы, қозғалмалылығы бала психикасының дамуын күшейтіп, шығармашылық, қиялдау қабілетін күшейтеді. 4 – 6 жастан бастап бала өзінің эмоциялық реакцияларымен көзге көрінеді. Баланың эмоциянальды ұстамсыздығына үлкендердің төзімді түзетуі қажет. Баланы үнемі тиым салу жағдайында ұстау балада тұрақты қарсылық реакциясын, негативизм туындатады.

Балаларды тәрбиелеуде олардың тежеу реакцияларын жаттықтыру керек. Егер жанұяда үлкендер баланы үнемі ренжітсе, онда баланың тежелу реакциялары дұрыс қалыптаспайды. Балалар тез қажып, қырсық болады, өзіне және қоршаған ортасына көп қиыншылық тудырады. 6 – 7 жастан бастап бала өзінің кейбір реакцияларын тежеп, ұстамдылыққа үйренеді. Осы кезде баланың өзіндік санасы дамып үлгеріп, ол өзін қоршаған ортадан жеке бөліп, қоршаған ортаға қарсы тұра алады. Іс - әрекетті ойланып жасайды. Психикалық дамудың осы деңгейі баланы арнайы программамен жүйелі оқытуға мүмкіндік береді.

Осылайша, кіші жастағы балалар психогигиенасының негізі олардың жасқа байланысты патофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастырылған дұрыс тәрбиеболып табылады. Балаға қоршаған ортаның барлығы оптимальды әсер етуі керек. Сыртқы көрініс, үлкендердің тәртібі, балалар ортасындағы ойыншықтар, үйдегі заттар, киімдер, табиғат, күнделікті режим. Акцент ата – анасының психогигиеналық білім деңгейін жоғарылатуға бағытталуы керек.

 

МЕКТЕП ЖАСЫ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУДІҢ ПСИХОГИГИЕНАЛЫҚ АСПЕКТІ

Бұл жастағы балаларды тәрбиелеу мәселесінің актуальдылығы кішкентай баланың тәрбиесінен кем түспейді. Бірінші орынға жүйелі білім беру қойылады, сондықтан балаларды тәрбиелеу осы үрдіске қатысады. Білім беру психогигиенасы мәселелерін оптимальды шешу мынадай жағдайларды қажет етеді:

- баланың оқуға ынталы көзқарасы, оқитын материалына қызығуы және жетістіктерге қол жеткізгендегі қанағаттану сезімі;

- оқудың жүйелілігі және үнемі сипаты;

- баланың психиологиялық қабілетіне оқу жүктемесінің және талаптарының сәйкес келуі;

- жанұяда және мектепте психологиялық жайлылықтың болуы, балалар мен оқытушылар арасындағы жақсы, формальды емес қарым-қатынас;

- қатаң күн тәртібі, біркелкі еңбек және демалу режимі болу керек;

- оқушының психофизиологиялық ерекшелігін ескере отырып, оның ой және физикалық жүктемесін дұрыс болжама жасау қажет;

- ұйқы режимі дұрыс болуы қажет;

- темекі шегу, арақ және наркотиктерді пайдалану мүмкіндігін болдырмау;

- жанұя мен мектеп арасында тұрақты байланыс қажет.

Осы шарттарды ұстану, психикалық үрдістің сәтті дамуына, тұлғаның гармониялы дамуына ықпал етеді.

 

ЖАНҰЯ ЖӘНЕ ЖЫНЫСТЫҚ ӨМІР ПСИХОГИГИЕНАСЫ

Жанұя адамның шығармашылық мүмкіндігін ашады және қоғамға пайдалы іс-әрекетін күшейтеді немесе оның инициативасын тойтарып, моральды түрде қажытуы мүмкін. Неке бақытты болу үшін рухани және физикалық жақындық гормониялы бірлікте болуы керек. Социалистік қоғамдық және мемлекеттік құрылым жанұяның мығым және бақытты болуы үшін қолайлы жағдай жасайды. Кейбір некеге отырғандар айырылып кетуінің себебі олардың некеге дайын еместігінен болады. Айырылудың негізгі себебі түсініспеушілік, үй шаруашылығын жүргізе алмау, бос уақытты дұрыс ұйымдастырмау және жұбайлардың бірінің маскүнемдігі, жыныс қатынасынан білім жетіспеушілігінен қанағаттану сезімінің болмауы, жанұяда және жыныстық қатынаста тең құқылы болмау және т.б. болып табылады. Жанұядағы кикілжіңдер әсерінен жұбайлардың өздері ғана емес, балалары да зардап шегеді. Соның әсерінен балаларында невроз дамуы мүмкін.

Адамның денсаулығы мен әлеуметтік функция атқаруы үшін жанұядағы жайлы психологиялық климаттың маңыздылығы, ажырасудың жиілеуі мен жанұялық-жыныстық дисгармония салдарынан психикалық жарақат нәтижесіндегі невроздармен және реактивті психоздармен зардап шегетіндер санының артуы, осындай жағдайларда ғылыми негізделген медициналық ұсыныстар берудің қажеттілігі жанұя және жыныстық өмір мәселелеріне аса көңіл аударуға негіз болды.

Соңғы уақыттарда жанұялық және жыныстық қарым-қатынастарды моделдеуге, болжау және коррекциялауға талпыныстар жасалды. 5 некелік фактор арақатынасымен таныстырылған жұбайлар арасындағы әрқилы қарым-қатынастар концепциясы құрылды, олар: физикалық фактор /ФФ/, материальдық фактор /МФ/, мәдени фактор /МФ/, жыныстық фактор /ЖФ/, психологиялық фактор /ПФ/.

Нақты формула арқылы неке потенциалын анықтаймыз. Егер неке факторлары жанұяны нығайтуға басым бағытталса, онда некелік потенциал оң көлеммен көрініс береді, кері жағдайда теріс болады. Теріс неке потенциалында жанұялық байланыс және жыныстық қатынас бұзылады. Жанұялық қарым – қатынастың гармониялы дамуы үшін жетілген тұлға, ересек пікір және эмоциональды қатынас қажет.

Гормониялы қалыптасқан жанұя уақыт өте келе берік отбасына айналады, ал дисгормониялы жанұя емдік көмексіз ажырайды. Ажырасуға әйел және ер адамның табиғи, биологиялық детерминирленген жыныстық сәйкес келмеушілігі әкелуі мүмкін. Ер адамның сексуальдылығы қалыпта 30 жас шамасында тұрақталады, ал кешірек төмендейді. Әйелдердің сексуальдылығы бала тууға қабілетті жаста үздіксіз көтеріледі, ал кейде оның соңына қарай қозады. Эмоциональды тұрақсыз адамдарда осы тәрізді конфликтті жағдайлар оның психикалық жағдайына патогенді әсер етеді.

Осы сұрақтарды арнайы талдау нәтижесінде неке, некеге отыру және жанұялық қарым-қатынасты дамыту өте күрделі процесс екені анықталды. Осы процесстер – эпизодты түрде, кейде дисгамма жағдайында жүйелі түрде компетентті мамандармен бірлесіп /сексопотологтармен, психологпен, психиатрмен, социологтармен/, жұбайлардың жанұялық проблемаларын түсіну дәрежесіне қарай басқарылып отыруы қажет.

Жанұялық қақтығыстарды болдырмау үшін некеге алдын ала түпкілікті дайындық қажет. Мұның қатарына жүкті әйелдің денсаулығын қорғау, жүктілік кезіндегі патологиямен күрес, балалардың психофизиологиялық дұрыс дамуын және тәрбиесін қамтамасыз ету, некеге тұрушыларды аранйы дайындау жатады. Физикалық жарақаттар, уланулар, жүкті әйелдің соматикалық және инфекциялық аурулары әсерінен ұрық мүшелерінің үйлесімділігі мен дамуы бұзылады, соның әсерінен сексуальды патология және репродуктивті қызмет бұзылысы бақылануы мүмкін. Болашақ адамның денсаулығы жүктіліктің барысына байланысты. Туыт жарақаттары әсерінен мидың органикалық зақымдануы, инфантилизм, психопатизация, эндокринопатия болуы мүмкін, осылардың барлығы некенің толыққанды дұрыс дамуына кері әсер етеді.

Балаларды тәрбиелеу оның жыныстық рөлін ескере отырып жүргізілуі керек: ұл балаларда еріктік қасиеттерді жоғарылату; ер адамға тән күш-жігер, батылдық, ал қыз балаларда әйелге тән нәзіктік. Кері жағдайда психосексуалді даму бұзылыстары орын алуы мүмкін.

Некеге тұруға дайындық ең алдымен міндетті түрде медициналық куәландыруды қажет етеді. Ол жүргізілмеген жағдайда, неке тіркелгеннен кейін интимді жақындықты және ұрпақ жалғастыруды мүмкін емес ететін анатомиялық, физиологиялық туа пайда болған немесе жүре пайда болған ақаулар мен аномалиялар, әр түрлі соматикалық және психикалық аурулар анықталуы мүмкін. Неке құрушыларға сексологтың, гинекологтың және урологтың кеңесін тыңдағандары дұрыс. Болашақ жұбайлардың неке мен жанұяға байланысты мәселелер бойынша қандай-да бір минимальды сауаты болуы керек: қоғамдағы жанұя рөлін, жыныстық өмір мен қатынастың гигиенасы жөнінде, балалар күтімі мен тәрбиесі жөнінде, жанұяда жайлы климат құру, үй шаруашылығын жүргізу жөнінде және т.б. Біздің елде жанұя мен некеге байланысты сұрақтар бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар ғылыми – зерттеу және емдеу мекемелерімен жасалады.

Невроздар мен психопатиялар кезінде психотерапияны кең қолдану және оның психопрофилатикаға және адамның әлеуметтік реадаптациясына бағытталуы нәтижесінде жанұялық психотерапия ұғымы пайда болды. Психотерапияның негізгі мақсаты – жанұядағы бұзылған қарым-қатынасты коррекциялау. Жанұя ішілік қарым-қатынас бұзылысы патологияның бір түрі ретінде қарастырылады, ең алдымен дұрыс квалификациялануы керек. Жанұялық жыныстық дисгормонияны анықтау үш деңгейде іске асырылады: бейнелік, генетикалық және динамикалық. Бейнелік деңгейде жанұялық патология симптомдары анықталады (жыныстық сәйкессіздік, ұрыс-керіс, алкоголизм, невротикалық бұзылыстар, психосоматикалық бұзылыстар). Генетикалық деңгейде жұбайлық қарым-қатынас эволюциясы қаралады, некенің бұзылуының себебі анықталады (ерте неке, кездейсоқтығы, некені өткен өмірінің конфликттерін ұмытуда қолдану). Динамикалық деңгейде ең негізгі конфликт анықталады, оларды шешу тәсілдері анықталады, өзара бірін-бірі толықтыруға, жаңа жанұялық рөлдерге бейімделуге қабілеттілік және қабілетсіздік анықталады.

Тексеру үрдісінде жанұяның әр мүшесінің тұлға болып қалыптасу жағдайлары зерттеледі және жанұядағы келіспеушілік себептері толығынан ашылады, тәрбиелеу жұмысы, медико-педогогикалық коррекция жүргізіледі. Қажет болса басқа да мамандар қатыстырылады, соматикалық, эндокринді, сексуальды бұзылыстарды емдеу шаралары, психофармакологиялық және психикалық бұзылыстардың қажетті емі жүргізіледі.

Қоғамның даму қарқынына қарай жанұялық қарым-қатынастар, жанұя дәстүрі мен ұстанымдары, жанұя ішілік байланыс түрі өзгереді. Қоғамда, өндірісте әйелдердің рөлі айқын өзгерді. Әйелдер эмансипациясы оларды тең құқылы, тәуелсіз, белсенді және интеллектуальды етті. Бұл әйелдің жанұядағы рөліне әсерін тигізді, жанұялық және жыныстық қарым-қатынастағы жұбайына деген талаптың өсуіне алып келеді.

 

ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕРМЕН КҮРЕС

Біздің елімізде зиянды әдеттердің ішінде адам денсаулығына ауыр зиян келтіретін темекі мен ішімдік болып табылады. Темекі шегу ол қоғамға медициналық, моральды, әлеуметтік және экономикалық негізгі мәселе болып табылады. Темекі шегушілердің әсерінен болатын қайғылы жағдайлар, өрттің шығуы және жұмыс уақытын жоғалту тәрізді зияндылықтар анық. Темекі тартумен күрес - бұл денсаулық үшін, халық жасының ұзаруы үшін, тұрмыс жағдайын жақсарту үшін, өндірісте және тұрмыста микроклиматты жақсарту үшін күрес болып табылады.

Темекі тартудың негізінде темекі түтінінде болатын улы заттарға психикалық және физикалық тәуелділік түзілуімен жүретін токсикомания жатыр. Темекі шартты рефлекс түрінде бекініп, ритуалға айналады. Алғашқыда қалыптасқан әдет метаболикалық механизмдер арқылы бекініп, нәтижесінде организмнің никотинге мұқтаждығы біртіндеп дамиды. Табакоманияның бірінші статысы 1 -5 жылға созылады, темекіге обсессивті әуестік тән, қолданылған никотин мөлшерін бақылау төмендеп, толеранттылық жоғарылайды. Екінші сатысы 5 – 15 жылға созылады. Адамның никотинге толеранттылығы жоғарылайды, қолдану формасы тұрақталады, обсессивті әуестік кезеңдік психикалық жайлылық сезімін алумен толықтырылып отырады. Астениялық, вазовегетатиті бұзылыстар, соматикалық қолайсыз көріністер пайда болады. Үшінші сатысында бірінші орынға соматикалық бұзылыстар шығады: бронхиттер, гастриттер, артериальды гипертензия, қатерлі ісік аурулары. Егер адам темекі тартпаса абстиненция белгілері пайда болады; адамның никотинге толеранттылығы төмендейді.

Темекі тарту әсерінен қоршаған ортадағы адамдар да зиян шегеді. Темекі түтінінде никотиннен басқа улы газ, синиль қышқылы, аммиак, радиоактивті және шайыр заттары бар. Темекімен қатты уланғанда терінің бозаруы, суық тер, тахакардия, ентігу, құлақтағы шуыл, құсу, асқазан-ішек жүйесінің бұзылыстары, тоникалық – клоникалық құрысулар, қорқыныш сезімі, сананың бұзылулары бақыланады. Бұл симптомдар темекі тартылған мекемеде темекі шегуді бастаған адамдар мен темекі шекпейтін адамдар да пайда болуы мүмкін.

Темекі түтіні ауыздың кілігей қабатын, тыныс алу жолдарының кілегей қабатына тітіркендіргіш әсер етеді, созылмалы улану кезінде ринит, стоматит, ларингит, бронхит дамиды. Темекі түтінінің шайырлы заты канцерогенді болып табылады, ол өкпенің, басқа да органдардың қатерлі ісігіне әкеліп соқтырады. Темекі жүрек бұлшықетін қоректендіретін қантамырларын тарылтып, қысымның жоғарылауына әкеледі, нәтижесінде эндоартериит, коронаросклероз, миокард инфаркті, жалпы және церебральды атеросклероз, инсульт дамиды. Сонымен бірге темекі гастритке, асқазан ойық жара ауруына, 12 елі ішек ойық жара ауруына әкеледі. Созылмалы интоксикация әйелдердің бала туу қызметінің бұзылуына, етеккір циклінің бұзылуына, жүктіліктің үзілуіне, эндокриндік өзгерістерге, ерте климакс дамуына әкеледі.





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.