Сеченов И.М (1829-1905) Павлов И.П (1849-1936) 2 страница XIX ғасырдың аяғы отандық психиатрияның қарқынды дамуымен ерекшеленді. Қазан университетінде психиатрияны оқыту 1866 жылы ақ басталған болатын. 1885 жылы В.М.Бехтерев психиатрия профессоры болып тағайындалды. Мәскеу университетінің медицина факультетінің жеке патология және терапия курсынан, психиатрия мен невропатология бөлініп шықты, және оларды оқыту профессор А.Я.Кожевниковке тапсырылды. Ол соңынан Мәскеулік неврология мектебінің негізін салушы даңқына ие болды. Бірақ психиатрияны оқытудың қиындықтары да болды. Университетте психиатриялық клиника болған жоқ, сондықтан да психикалық ауруларды клиникалық демонстрациялау сирек болатын. Психиатриялық клиника ашылды. Психиатрия кафедрасын және клиникасын басқару С.С.Корсаковқа тапсырылды.  Корсаков С.С. атындағы Мәскеулік психиатриялық клиника С.С.Корсаков психикалық ауруларға деген гуманисттік көзқарастың белсенді күрескері еді. Ол басқарған психиатриялық клиника емдеу практикасының үлгісі болды. Өзінің сөздерінде және мақалаларында ол мемлекеттік психиатриялық көмек системасын құрудың науқастарға қажеттілігін дәлелдеді. С.С.Корсаков басқарған клиника қабырғасында көптеген шәкірттері жұмыс жасады. Психиатрияның әртүрлі бағыттары солардың есімдеріне байланысты. С.С.Корсаковтың қазасынан кейін кафедраны және клиниканы ең жақын шәкірттерінің бірі- В.П.Сербский басқарды. Ол сот психиатриясының міндеттерін, психикалық науқастарды сот -психиатриялық бағалау критерияларын, қоғамға қауіпті әрекет жасаған психикалық ауруларға жүргізілетін медициналық шараларды анықтады. С.С.Корсаков психиатрияға психологиялық зерттеулерді енгізудің негізін салды. С.С.Корсаковтың жақын қызметкері А.А.Токарскийдің еңбегімен кафедрада экспериментальды-психологиялық лаборатория ашылды. Кейін бұл лабораторияны А.Н. Бернштейн басқарды. Оның 1907/1908 және 1908/1909 жылдары оқыған дәрістерінде шизофрениямен ауырған науқастарға психологиялық мінездеме беруге аса мән берілді, және олардың эмоциональдық және интеллектуалдық қасиеттері туралы баса айтылды. А.Н.Бернштейн анықтаған аурудың ерекшеліктерін, Э.Блейлер аурудың негізгі белгілері деп және сол белгілердің арқасында ауру «шизофрения» деген атау алды. С.С.Корсаковтың психиатриялық клиникасында жасалған ғылыми еңбектерде әртүрлі психикалық ауруларға жүргізілген клинико-психопатологиялық, патоморфологиялық зерттеулер және тағы басқа зерттеулердің нәтижелері көрініс тапты. Осындай зерттеулердің бірін С.С. Корсаковтың басшылығымен С.А. Суханов орындады. С.С. Корсаков тамаша лектор және шебер педагог болатын. Ол тыңдаушыларына психикалық ауруларды клиникалық зерттеулердің ерекшеліктерін, аурудың психопатологиялық суреттемесінің күрделілігін ашып көрсете білді. Ол сонымен қатар психиатрияны оқытудың программасын кеңейтуге, оны жалпы медицина мақсаттарына жақындатуға көп еңбек сіңірді. С.С. Корсаков пен оның шәкірттері земство психиатрлары еңбектерінің арқасында тиімді психиатриялық көмектің ғылыми-методикалық ережелері жасалды. Бірақ, осы барлық алдыңғы қатарлы идеялардың патшалық Ресейде іске асырылуы мүмкін болмады. Ұлы Қазан төңкерісіне дейін Ресейде 1000 адамға 0,3 психиатриялық койка және 320 адамға 1 психиатрдан келді. Қазан төңкерісінен кейін психиатриялық көмек көрсету қызметінде түбірлі өзгерістер болды. Психиатриялық көмек территориялық қызмет көрсету принципі бойынша құрыла бастады. Белгілі бір ауданға психиатр бөлінді. Ол психикалық ауруларға емдеу, ауруханаға жолдау, әлеуметтік жәрдем көрсету секілді көмек түрлерін қамтамасыз етті. 1918 жылы бала психологиясы бөлімі ашылды. Ол балаларға психиатриялық көмек көрсетуді дамытудың бастамасы болды. 1923 жылы арнайы шешім бойынша психоневрологиялық диспансерлер құрылды. Бұл тұрғын халыққа тікелей психиатриялық көмек беруге мүмкіндік берді. Одақтас республикаларда психиатриялық көмек көрсету жаңадан құрылды. Медициналық жоғарғы оқу орындарының желісі жасалды. Жергілікті мамандардың жоқтығынан кафедра меңгерушілігіне Мәскеу мен Ленинградтан профессор-психиатрлар жіберілді. Орыс психиатриясының алдыңғы қатарлы дәстүрлерін дамыта отырып, олар ұлт кадрларын даярлауға үлкен үлес қосты. Жедел психиатриялық көмек көрсету қызметі құрылды, сонымен қатар, ауруханадан тыс психиатриялық көмек системасына түнгі кезекшілік енгізілді. Мәскеуде Н.В. Склифосовский атындағы институтта жедел психиатриялық көмек бөлімшесі құрылды. Кейін жедел психиатриялық көмек арнайы аурухана арқылы қамтамасыз етілді. Гиляровский В.А. ұсынысы бойынша 1930-1933 ж. психикалық ауруларға көмектің жаңа түрі – күндізгі стационарлар құрылды. Күндізгі стационарлар күндізгі психоневрологиялық диспансерлер мен психикалық ауруханаларда болды. Онда аурулар күндіз болып, түнде үйлеріне қайтады. Күндізгі стационарлар көптеген психикалық ауруларды ауруханаларға жолдамастан емдеуге мүкіндік туғызды. Ұлы Отан соғысы кезінде психикалық қызметке көптеген зиян келді. Фашистер басып алған жерлерінде көптеген ауруханалардағы психикалық ауруларды жойып жіберді. Психикалық көмекті ұйымдастыру үшін және күрделі жөндеу тәжірибелерін қалпына келтірді. Медициналық институттар санының өсуі психиатрларды дайындауға мүмкіндік берді. Арнаулы психиатриялық көмек, аурухана ішілік және ауруханадан тыс көмек көрсетуден тұрады. ПСИХИАТРИЯЛЫҚ КӨМЕК Стационарлық көмек психикалық ауруларды емдеуде маңызды роль атқарды. Әр елде 1000 тұрғынға есептегенде психикалық орын 0,2 ден 6-ға дейін болады. Дамушы елдерде оның саны аз. Қазіргі уақытта психикалық ауруларды, олардың жанұяларынан және қоғамнан бөлмей емдеуге қатысты жалпы тенденцияға байланысты психиатриялық койкалар саны қысқарды. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы (ДДҰ) эксперттерінің айтуы бойынша 1000 тұрғыны бар елге 1-1,5 орын болуы тиіс. Біздің елімізде 1975 ж. 312,6 мың адамға 1,2 орын болды. Сонымен қатар қалаларда 2-ден жоғары, ауылдық жерде 1 және одан кем болды. Біздің елде психиатриялық койкалар саны салыстырмалы түрде көп емес. Соңғы кезде созылмалы алкоголизммен ауыратын науқастарды емдейтін ауруханалар ашылып жатыр. Осындай профилизацияланған ауруханаларда науқастарға емдік және реабилитациялық жұмыс жүргізу тиімдірек. Жаңа психиатриялық ауруханалар құрылысында оның архитектуралық көркемделуіне, бөлімше және бөлмелерді жоспарлауға көп мән берілді. Палаталар ең аз науқас санына есептелген. Сонымен қатар қосымша бөлмелер, науқастарға арналған тынығатын бөлмелер, спорт залдары, мәдени-терапиялық бөлмелер және тағысын-тағы бар. Медперсоналдар бөлмелері науқастарды әр уақытта тіркеп тұруға ыңғайлы. Отандық психиатрияның негізін қалаушылар тұрғындарға психиатриялық көмектің қолжетімді болу керектігін үнемі көрсеткен. Ауруханадан тыс психиатриялық көмектің бір формасы - жанұялық психиатриялық патронаж. Ресейде ең алғаш рет осы форма туралы 1887 ж.орыс психиатрларының бірінші съездінде айтылған. Бұл көмек формасы – кеңес үкіметі кезіндегі психиатрияның ең маңызды жетістігі болып табылады. Жанұялық патронаж кезінде науқасты жанұясында қалдырады немесе медициналық көрсеткіштерге сүйеніп, оларға медициналық көмек немесе ақшалай көмек көрсеткен. Патронаж көбінесе ремиссия күйіндегі және күтімді қажет ететін созылмалы науқастарға тағайындалған. Патронаж психиатриялық көмекті тұрғындарға жақындатты және жазылып келе жатқан науқастардың дәрігер бақылауында болып, өз жұмысымен айналысуына немес өзге жұмыс іздестіруіне мүмкіндік берді. Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында психиатриялық патронаж ауылдық жағдайда ауруханадан тыс жүйе ретінде маңызды роль атқарды. Соңғы кезде ауруханадн тыс көмек түрінің дамуына байланысты психиатриялық патронаж өз маңызын жоғалтты. Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында психиатриялық көмекті децентрализациялау және оны тұрғындарға жақындату психоневрологиялық диспансер ұйымы ретінде жүзеге асты. Бұрынғы Кеңес Одағындағы диспансерлік психиатриялық көмек психиатриялық көмек жүйесі бойынша алдыңғы қатарда болып отыр. Диспансерлік психиатриялық көмек арқасында психиатриялық ауруханаларда стационарлы науқастар саны азайды. Диспансерлер науқастарға емдік және социальды көмек көрсетеді. Ауылдық жерлерде ауруханаларда психиатриялық кабинеттер жүйесі және орталық аудандық ауруханаларда психоневрологиялық бөлімшелер бар. Осындай кабинеттерде немесе бөлімшелерде жалпы учаскелік дәрігер және орта медперсонал психиатр кеңесі арқылы бекітілген учаскелеріндегі аурулармен күнделікті емдік және профилактикалық жұмыс жүргізеді. Орталық аудандық аурухананың диспансерлік бөлімінің құрамында психиатриялық, неврологиялық, балалар, психоневрологиялық, наркологиялық кабинеттер бар. Психоневрологиялық диспансер бөлімшесінің қызметкерлері осы контингент науқастарын, әсіресе алғаш дерттің белгісі бақыланған науқастарды анықтауға байланысты қомақты жұмыс өткізді. Бұл қызметте негізгі көмекті ауылдық учаскелік дәрігерлер, фельдшерлер, акушерлер, ауыл тұрғындарын жақсы білетін адамдар көрсетеді. Соңғы 10 жылда науқасты қоғамдық ортадан аластатпай емдеу түрі дамып, етек алып келеді. Ауруханадан тыс психиатриялық көмек жалпы емханамен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Психоневрологиялық диспансер мен жалпы емхана арасындағы интеграция бұрыннан қалыптасқан, яғни, осы диспансерлерде қызмет ететін дәрігерлер мен жалпы емхана қызметкерлері бір аймақта және бір әкімшіліктік ауданда тұратын науқастарды еммен қамтамасыз етеді. Бұл диспансерлік және емханалық жұмыстарды жеңілдетеді, яғни олармен уақтылы кеңес беру, тұрақты бақылау жасау, барлық ауруларға уақытында психиатриялық көмек көрсету, аурулардың уақтылы дәрігерге көрінуі тәрізді жағдайлар жасалуда. Осы қиындықтарды жеңу үшін емханаларда психотерапия бөлмелерін ашу туралы шешім қабылданды. Психотерапевт бөлмесін жалпы емхана құрамына қосу үшін ауруларға психиатриялық және жалпы дәрігерлік көмекті бірдей көрсету қажет. 1975 ж. жалпы психиатриялық көмек жүйесінен бөлек қызмет болып наркологиялық көмек шықты. Наркологиялық көмек арнайы жабдықталған аурухана және алкоголизммен науқастарды емдеуге арналған наркологиялық диспансер түрінде болады. Наркологиялық диспансерлер алкоголизммен, наркоманиямен, токсикоманиямен зардап шегетін науқастарды ерте анықтау және осы аурулардың алдын алу, емдеу, есепке тіркеу, осы ауруларға қажет әлеуметтік көмек көрсетуді іске асырады. Кейбір мекемелерде наркологиялық кабинеттер және фельдшерлік наркологиялық пункттер бар. ІІ тармақ ПСИХОГИГИЕНА ЖӘНЕ ПСИХОПРОФИЛАКТИКА 4 тарау Психогигиена, мазмұны мен міндеті Психогигиена – халықтың психикалық денсаулығын сақтау және нығайту шараларын іске асыратын, сонымен бірге адамның оптимальды психикалық қызмет ету жағдайларын зерттейтін медицинаның бір саласы. Психогигиена адамның психикалық саулығына сыртқы ортаның әсер етуін зерттеумен айналысады. Табиғаттағы, қоғамдағы, сонымен бірге өндірістегі, тұрмыстағы психикалық сфераға қолайсыз, зиянды факторларды анықтайды және оларды аластату жолдарын ұйымдастырады. Өңдірісте ғылыми негізде жасалған гигиеналық және психогигиеналық нормативтердің сақталу қажеттілігін занды түрде қамтамасыз етеді, жаңа өзгерістерді жетілдіруге,адамзат сәттілігі үшін ғылыми-техникалық революцияның жетістіктерін толық қолдануға бағыттайды. Психикалық бұзылыстар, психикалық дискомфорт, адам денінің саулығы түсінігіне қарама-қайшы. Психогигиена адамның психикалық саулығына сыртқы ортаның тигізетін әсерін зерттейді. Психогигиена өзінің методологиялық жағынан әлеуметтік гигиенаға жақын. Егер әлеуметтік гигиена әлеуметтік ортаның адам организміне тигізетін әсерін зерттеп, және организмге тигізетін зиянды факторлардың алдын алумен айналысса, психогигиена тек адамның психикасына байланысты бөлігімен айналысады. Сонымен психогигиенаның негізгі мақсаты психикалық патологияның пайда болуында тұқым қуалау, биологиялық факторлардың мәнін ескере отырып, әлеуметтік ортаның адамның психикалық саулығына әсерін зерттейді және психикалық аурулардың алдын алу шараларын қарастырады. Психогигиена ғылым және іс-шаралар кешені ретінде жеткілікті білім жинағына және өзіндік зерттеу әдістеріне әлі де кедей. Психогигиена тарихи қалыптасуы бойынша психиатрияның бір бөлігі ретінде дамыды. Психогигиена арқылы психиатрия мен әлеуметтік гигиена арасында байланыс жүзеге аса бастады. Психогигиена тұрғысында әлеуметтік гигиена әдістерін меңгеру, психиатр клиницист-психиатрларға профилактиканы негізгі бағыт ретінде ұстанып, психопатологияның әлеуметтік және биологиялық аспектілерін толық және дұрыс бағалауға көмектеседі. Психогигиенаның профилактикаға бағдары, шекаралық психикалық патологияға, әлеуметтік–психологиялық дезадаптирлеуші және психикалық сфераны компенсирлеуші факторларға жоғары назар аудару, психикалық сау тұрғындар арасында ғылыми және тәжірибелік жұмыстарды кеңейту, адамның оптимальды психикалық қызмет ету жағдайын зерттеу, соңғы кезде психогигиенаны медициналық психологияның бір бөлігі ретінде бағалауға мүмкіндік берді. Психология - адамның қалыптағы психикалық қызметін зерттейтін ғылым. Медициналық психология - медицинаның психологиялық аспектін зерттейтін және патологиялық жағдайларда психикалық зерттеуді ұйымдастыратын ғылыми бағыт. Жоғарыда көсетілген мақсатқа сәйкес денсаулық ұйымының алдында тұрған нақты міндеттерді ажыратуға болады, олар сау психика мен гормониялы тұлға үшін күрес. Бұл міндеттер психогигиена қызметінің бағытын анықтайды және осы кезеңге сәйкес теория мен тәжірибені қолданады, оның бөлімдері: еңбек психогигиенасы, жасқа байланысты психогигиена, тәрбие және білім беру психогигиенасы, жанұя мен жыныстық өмір психогигиенасы, науқас адам психогигиенасы, зиянды әдеттер және алкоголизммен күрес. Спорт, әскери, инженерлік, космостық психогигиена аумағында және т.б. жұмыстар жүргізілуде: Психогигиена жетістіктерін тәжирибеге асыру құралдары: 1) Мемлекеттік және қоғамдық мекемелерге адамның әртүрлі әлеуметтік қызметін қамтамасыз ететін ғылыми негізделген нормативтер мен кепілдемелер жасау; 2) Халықтың нақты контингентін үйрету, психогиеналық біліммен алмасу, дағдылар үйрету ( медицина қызметкерлеріне, педагогтарға, ата – аналарға ). 3) Кең көлемді тұрғындар арасында психогигиеналық санитарлық- ағарту жұмыстарын жүргізу. 4) Қоғамдық ұйымдарды қамти отырып, кең көлемде психогигиеналық білімді үгіттеу. Психогигиена пәнінің мәселесі мен мазмұны арасындағы көзқараста бірлік жоқ. Батыс елдерінде оның шекарасын кеңейту тенденциясы бар, психогигиенаны жалпы мемлекеттік қызмет деңгейіне көтеру, бүкіл қоғамдық іс деп қарау, ал денсаулық сақтау саласында тек психопрофилакттиканы есепке алу. Екінші жағынан, психогигиена компетенциясы күрт тарылады және емдеу әдісімен, соның ішінде психотерапиямен теңеседі. Психотерапияның негізін салушылардың бірі З.Фрейд болып табылады. Психоанализді жақтаушылар науқас капиталистік қоғамды жеке және топтық психотерапияны кең қолдана отырып “емдеу” мүмкін деп санайды. Кей жағдайда психогигиена және медициналық психогигиена, психогигиена және әлеуметтік психогигиена түсініктері біріктіріледі. Шетел медицинасында психогигиенаның шығу тегіне көзқарастардың әртүрлі болуы идеялық алауыздықты бейнелейді. Психиканы материалдық негізінен бөле отырып, психикалық үрдістерді идеяның, жан дүниенің өзіндік дамуының нәтижесі ретінде қарап, идеалисттер медицинадан, психиатриядағы нозологиялық принциптен бас тартты, олар психология мен психопатология арасында айқын айырмашылық жоқ деген ой айтты. Олардың айтуы бойынша психикалық бұзылыстар стресс нәтижесінде дамиды, адамның конфликтке жауап беру формасы. Олардың пікірінше мемлекеттік құрылым мен капиталистік жүйелер ақаулары конфликтті жағдайлар туындатып, психикалық ауру дамытпайды, ал техникалық прогресс адам өміріне қауіп төндіреді. Осылайша шынайы себеп-салдарлық қатынастар бұлыңғырланады, патологияның көзі болып адамның өзі, оның туа біткен әлсіздіктері, цивилизациялық ортаға қарсы тұру мүмкінсіздігі болып табылады. Шетел психогигиенасы назарында әлеуметтік зиянды факторларды анықтау және оларды зерттеу емес, адам тұлғасы, оның дұрыс түзілуі, оның коррекциясы және терапиясы болды. Бұл жағдайда тұлға идеалистік, яғни қоғамдық қатынастарды тасымалдаушы емес, тұлғаның әлеуметтік табиғатынан бөлек сипатта қарастырылады, олар жеке бастың әлеуметтік және биологиялық бірлігін теріске шығарады. Жалпы психогигиенаның буржуазиялық идеологиясына мыналар тән: - Жүйкелік-психикалық аурулар себептерінің топтық сипатын антиурбанизм, антииндустриализм, антитехницизм тәрізді ұсақ буржуазиялық концепциялармен бүркемелеуге тырысу; - Тұлға проблемасына жоғары қызығушылық таныту, әлеуметтік ортамен арадағы конфликтке кінә арту; - буржуазия және оның әкімшілігіне ыңғайлы нәтиже алуға бағытталған тұлғаны тәрбиелеу және қалыптастыру программасын құру; - адам тұлғасына әсер ету формаларын жсауда дінге сүйену. Бүкіл әлемде психогигиена мәселесіне оң қызығушылықты мойындамауға болмайды. Психогигена медицинаның, педагогиканың, өндіріске, әлеуметтік қызметке қажет болып табылатын ажырамас бөлігі болып танылды. Көптеген елдерде қоғамдық мекемелермен қатар денсаулық сақтау органдарында психогигиенаның мемлекеттік бөлімдер қызмет етеді. 1949 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында /ДДҰ/ психогигиена бөлімі құрылды, онда 38 елден 100 кеңесші – мамандар біріктірілді. Жыл сайын өткізілетін 7 сәуір денсаулық сақтау күні 1959 жылы «Заманауи әлемдегі психикалық аурулар мен психикалық саулық» тақырыбында өткізілді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне арналған материалдарда психикалық аурулар “денсаулық сақтау үшін ең үлкен мәселе” болып көрсетілген. 1960 жыл психикалық денсаулық жылы деп жарияланды және адамның саулығы үшін күрес ұранымен өтті. Соңғы жылдары психогигиена мәселелерін шешу үшін бүкіл әлемде көптеген конгресстер, съездер, симпозиумдар өткізілді. Психогигиеналық қызметтің халықаралық программасы жасалды. Қазіргі кезде психогигиенаның мынадай міндеттері бар: нәсілшілдік пен панасыздықты, дамушы елдердегі кедейліктің тамырын жою. Біздің елімізде психогигиена дамуына қолайлы жағдай Ұлы Октябрь Социалистік Революциясын жеңумен байланысты болды. Мемлекеттік құрылым, әлеуметтік өңдірістік қатынас, адам қабілеті дамуының шектелмеуі үшін еңбекшілердің материалды сәттілігін, мәдениетті жоғарылатуға негіз салды. 1920 – 1930 жылдары психодиспансерлер ашылып, кең көлемде көмек көрсетілді. Өндіріс орындарында психогигиеналық кабинеттер пайда болды. Жалпы мәдениеттің өсуі, санитарлық-ағарту жұмыстарының дамуы, тұрғындардың медициналық білімді игеруі және психикалық аурулар жөніндегі тұрғындардың хабардарлығы психоневрологиялық диспансерлерге тек ауыр жағдайларда ғана емес, сонымен бірге шекаралық жүйкелік- психикалық бұзылыстармен көмекке келу жағдайларын жоғарылатты. Шекаралық психикалық патологияны кең зерттеу, балалар психотерапиясының дамуы, еңбек, сот психиатриясының, әскери сараптар және науқастардың реабилитациясы, әлеуметтік факторлар мен психоздардың биологиялық негізін зерттеу психикалық бұзылыстардың алдын алуға ықпал етті. Психогигиена мен психопрофилактиканың дамуы үшін ғылыми платформа психиатрия, психоневрология, психопрофилактика және гигиена ғылыми-зерттеу институттарында, сонымен бірге жоғарғы оқу орындарында психиатрия кафедраларының және психология мәселелерін және еңбек эстетикасын зерттейтін арнайы лабораториялардың ғылыми жұмыстарымен қаланады. Бұл зерттеулер тұрғындарды емдеудің мемлекеттік программасының бөлігі және психикалық ауруларды қайтаруға бастама болып табылады. Олар диалектикалық материализм теориясымен негізделген ортақ методологиялық позициямен орындалады. Біздің елімізде қол жеткізілген психогигиеналық білім дәрежесі жүйкелік- психикалық аурулармен тиімді күресуге мүмкіндік береді. Еліміздің психогигиенасының ғылыми негізі И.М. Сеченов, И.П.Павлов, Н.Е.Введенский, А.А.Ухтомский, П.К.Анохиннің физиологиялық ілімі, теориялық негізі - диалектикалық және тарихи материализм жағдайлары болып табылады. ЕҢБЕК ПСИХОГИГИЕНАСЫ Еңбек адамның жалпы және психикалық денсаулығын сақтап, нығайтудың негізгі факторы болып табылады. Адамның жұмысынан айырылуы, оның психикалық жағдайының нашарлауына және соматикалық сырқаттың жиілеуіне алып келетіндігі көптеген зерттеулермен анықталды. Бұл сұрақ 1970 жылы қолданбалы психология бойынша 17 халықаралық конгрессте жұмыссыздық мәселесін талқылауға байланысты көтерілді. Еңбек арқылы психикалық денсаулықты нығайтып, сау адамның қабілетін көтеріп қана қоймай, сонымен қатар психикалық ауруларды емдеуге болады. Еңбек терапиясы психиатрия тәжірибесінде кең қолданылады. Басқа емдік әсерлер сияқты еңбек терапиясы қатаң түрде мөлшерленеді, оның мөлшері аурудың психикалық жағдайына тәуелді. Еңбек жеке тұлғаның ерекшеліктерімен сәйкес келгенде ғана қуаныш әкеледі. Белгілі бір қабілеттің болмауы кейбір жұмыстарды орындауды қиындатады. Басқаша айтсақ, музыкалық қабілеті жоқ адам композитор бола алмайды. Еңбектің кейбір түрі үшін жеткілікті физикалық күш немесе тұлғаның күш-жігерлі болуы, психикалық жауаптың жылдамдығы және т.б. қажет болады. Мұндай сәйкестікті, тұрғындар контингентінің кәсіби бағдарын қарастыра келе кәсіби таңдау жүргізу, және де арнайы медициналық және психологиялық зерттеулер қамтамасыз ете алады. Егер адамның қабілеті кәсіби еңбекпен идеалды сәйкес келген жағдайда да шектен тыс ұзақ және қарқынды еңбек патологияның көзі болып табылуы мүмкін. Егер еңбек күші қалыптыдан жоғарыласа, өндірістік күштеме күннің, аптаның, айдың, кварталдың және жылдың ұзақтығына дұрыс бөлінбесе осы аталған жағдай дамиды. Мұндай еңбек жағдайы зорығу мен невротизацияға алып келеді. Шудың адам денсаулығына теріс әсер ететіні белгілі. Бұл жағдайда дыбыс күшімен қатар оның жиілігі де маңызды. 20 минут жиілігі 400 гц шу жағдайында бір күн бойы жұмыс жасайтын адамдар зейінін бір ойға шоғырландыра алмайды. |