ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение Как определить диапазон голоса - ваш вокал
Игровые автоматы с быстрым выводом Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими Целительная привычка Как самому избавиться от обидчивости Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам Тренинг уверенности в себе Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком" Натюрморт и его изобразительные возможности Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д. Как научиться брать на себя ответственность Зачем нужны границы в отношениях с детьми? Световозвращающие элементы на детской одежде Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия Как слышать голос Бога Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ) Глава 3. Завет мужчины с женщиной 
Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д. Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу. Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар. | Славиянофилдер мен батысшылдар философиясы. «Алтын Орда» мемлекетінен өз дербестігін алып, Мәскеу княздігінің Шығыс жақтағы жерлерге лап берген кезінде орыс халқының «ұлылығы», «артта қалған» Азия халықтарын православиелік дінге енгізу, орыс тілін, мәдениетін үйрету негізінде дүниежүзілік цивилизацияның шеңберіне тарту идеясына негізделген«Мәскеу - үшінші Рим»деген философиялық көзқарас пайда болды. Мұндай идеялар ғасырлар өткен сайын шыңдалып, орыс халқының ерекше өзіндік болмысы мен мәдениеті, философиялық ой-пікірі бар деген славянофильдік(славяндықты сүю) ағымды тудырды. Екінші бағыттағы ойшылдар Ресей монғол-татар бодандығында екі ғасырдан артық болып, басға Еуропа елдерінен қалып қойды, сондықтан орыс халқы Батыс өткен тарихи жолды қайталап, олардан тәлім-тәрбие, өнеге алуы керек деген ойда болды. Бұл бағыттағы ойшылдарды «батысшылар»деп атай бастады. Осы екі ағым арасындағы күрес өзінің шиеленісіне XIX ғ. ортасында жетті Ақырында, большевиктер бұл шиеленісті «батысшылардың пайдасына шешті. Алайда бұл екі ағым арасындағы астыртын күрес әрі қарай жүре берді. Кеңес Одағы тараған уақытта Ресейдің алдында «Біз кімбіз және қалай қарай дамуымыз керек?» деген сұрақ тағы да дүниеге келіп, аз уақытта тағы да «батысшылардың» пайдасына шешілді. Бірақ либерализм жолы әлеуметтік құрылымда аз өте бай топпен қатар, негізгі халықтың қайыршылануына әкеліп, XXI ғ. басында саяси элитаның ауысуына, «мемлекетшілдердің» билікке келуіне себеп болды. Бұлардың көзқарастарының «славянофилдерге»! жақынырақ екенін, сонымен қатар олардың Батыс тәжірибесін (әсіресе жаңа технологияларды) де игеру қажеттігін білетінін айтып өткен жөн сияқты. Ресей тарихына жасаған қысқаша экскурс осы елдегі философиялық ой-өрісті жете түсінуге мүмкіншілік бере ме деген ойдамыз. Енді әңгімені нақтылай келе «батысшыларға»келер болсақ, бұл ағымның негізін қалаған П.Я.Чаадаевболды. Оның ойынша, Еуропа елдері қоғамның материалдық және рухани жағынан да кемеліне келген, орнықты, тәртіпті. Еуропа құндылықтарына ол отбасы ошағына берілгендікті, парыз бен жауапкершілікті, азаматтық еріктікті қорғауды т.с.с жатқызады. Ресейге келер болсақ, онда зорлыққа негізделген күшке табыну, соның нәтижесінде барлық адамдардың құлға айналуы, тұлғаның абыройын таптау т.с.с. дөрекі нәрселерді көреміз. Мұның негізгі себебін П.Я.Чаадаев Ресейхалқының дінді «бишара Византиядан» алып, Еуропаның католиктік бірлігінен шығып қалғанынан көреді. Ресей Еуропа халықтарының тарихи тәжірибесін игеріп, олардың жіберген қателіктерін қайталамай, өзінің болашағын ағарған зерденің негізінде кұруы керек. П.Я.Чаадаевтің көзқарасы Ресейдің біршама зиялыларына зор әсерін тигізіп, «батысшылар» тобының қалыптасуына әкелді. Оларға А.И.Герцен, Н.П.Огарев, Т.Н.Грановский, В.Г.Белинский т.с.с.жатқызуға болады. В.Г.Белинский Еуропаға сүйсіне табынғандай қарап, былай деп жазды: «Еуропаның бір жылы Азияға бір ғасыр, Еуропаның бір ғасыры Азияға мәңгіліктей. Барлық ұлылық, асылдық, адами- руханияттылық Еуропа топырағында байшешектей гүл жарып, өзінің тамаша жемістерін берді. Өмірдің көп келбеттілігі, ер мен әйел арасындағы тазалық, әдет-ғұрыптың нәзіктілігі, ғылым мен өнердің дамуы, табиғаттың бисаналық күштерін бағындырып игеруі, материяның жеңіліп, рухтың көкке қарай өрлеуі, адамның кісілігін сыйлап, оның құқтарын бұлжытпай сақтауы... - бәрі де Еуропа өмірінің дамуының нәтижелері» - деп қорытады В.Г.Белинский. Әрине, ол бүгінгі Батыс руханиятын көрсе, мүмкін мұндай көзқарасқа түзету енгізер ме еді, кім біледі? «Батысшылар» Ресейді «византиялық-православиелік» ноқтадан құтқару керектігін, тұлғалар өз таңдауының негізінде іс-әрекет жасау мүмкіндігін алуы жөнінде біршама терең ойлар айтты. Бірақ олар Батыс Еуропа халықтары цивилизацияның бүкіл адамзаттық құндылықтары мен нормаларын іске асырды деген жалған ойда болды. Славянофилдер қарама-қарсы бағытта болды. Олардың ойынша, Орыс мәдениеті православиелік діннің шеңберінде дамуы керек. Олар «патшанікі - патшаға, Құдайдікі - Құдайға» деген қағиданы ұстады. Яғни мемлекет тек қана қоғамды сырттай өзгерте алады, ал ішкіі жаңару - православиелік халықтық мәдениеттің ісі. Тек ішкі рухани жаңарудың негізінде ғана ізгі қоғамды орнатуға болады. И.В. Киреевский мен А.С. Хомяков Еуропадағы ағартушылық ізінің ішкі мүмкіншілігін сарқыды, онда техникалық алға өрлеу рухани тоқыраумен қатар жүріп жатыр деген көзқараста болды. Қоғамды реформалаудағы негізгі мәселелердің бірі - Ресей қоғамы жекеліктің,я болмасақауымдастықтыңнегізінде даму керек пе? - деген сұраққа жауап ретінде олар соңғыны таңдады. Қауымдасып өмір сүру - Ресей халқының табиғатына тән нәрсе. Қауымдастықтың шеңберінде ғана рухани бірлік бар. Қоғамның дамуының негізінде бақталастық, көре алмау т.с.с. емес, керісінше, адамды сүю, достық, өзара көмек беру жатуы қажет. «Біз сүйіп сенеміз, олай болса, өмір сүреміз»деген нақыл сөздің астына әрбір славянофил өз қолын қойған болар еді. Саяси философия. Саяси философия - саяси теорияның әдіснамалық, жалпы дүниетанымдық және құндылық негіздерін, яғни, саясат әлемін зерттейді. Саяси философия саясаттың рухани өлшемі мәселелерімен айналысады. Саяси философия пәнін үш түрлі топқа бөлуімізге болады: саяси құндылықтар, шынайы саясатты мораль, ірі қоғамдық топтар мүддесі түрғысынан бағалау; саясаттың терең негіздері, саяси-философиялық білімдер тиімді ізденістерге негізделеді; саясатты танудың құралдары мен тәсілдерін талдау саяси түсініктер мәнін анықтайды. 82. Ф.Бэкон – эмпиризмнің негізін салушы. 83.Н.Бердяев, Л.Шестовтың әлеуметтік философиясы. Николай Александрович Бердяев - Бердяев Николай Александрович (1874-1948) - орыс философы, экзистенциалист.Оның философиясының негізі - еркіндік. Еркіндікпен бір қатарда шығармашылық, тұлға, рух, Құдай ұғымдары тұрады.[1] Бердяев ұлт пен мәдениет, мөдениеттегі жалпыадамзаттық және ұлттық бастаулар, мәдениет және өркениет, соғыс сияқты" бегейлі мөселелерді талқылауға көп көңіл бөлді. Орыс рухы туралы пайымдауларында Бердяев орыс pухының пейзажы" орыс жерінің "пейзажына" сәйкес келеді - деді. Сонымен бірге, Бердяев орыс халқына тән бюрократгық орталықтандырылған билікгі жақтау, саяси өмірдегі стихия мен иррационалдылық, ұйымдастыруға әлсіздік сияқты ділдік белгілерді атап өтгі. "Орыс халқыңда, - деді Бердяев, - кез келген мәдениетке, тұлғалық бастауларға, оның құқықтары мен абыройлығына, барлық құндылықтарға қарсы мистикалық толассыз қарсы әрекет бар . Жалпы орыс мәдениетіне, оның пікірі бойынша амбиваленттік тән. Бердяев орыс халқындағы мейірімділікті, тынымсыз адамгершілікті жоғары бағалады. Сондықтан 1917 жылдан кейін рухани мәдениетті талкаңдау ұзаққа созыла алмады, түбіңде мәңгі рухани күш қайтадан құдіретіне енеді, - деді. Басқа да орыс философтары сияқты Бердяев "мәдениет" және өркениет ұғымдарын бір-бірінее ажырта қарастырады. Лев Шестов, шын аты Лев Исаакович Шварцман (1866-1938) - орыс діни философы және жазушы. Сорбонна (1920) профессоры; рационалисттерге қарсы экзестенциалистік бағыттағы философ. Дәстүрлі философияны қайта қарауга ұмтылды, субъектке назар аударуды талап еткен. Паскальдің, Кьеркегордың, Достоевскийдің, Ницшенің жолымен дәстүрлі рационалистік философиямен айтысты. Құдай логос мұратымен байланыспайтындықтан, Шестовта «жаксылық пен жамандықтың арғы көрінісі» ерік-жігердің идеалы болған. Философиялық нақыл сөздердің шебер болған, академиялық ойлау жүйесін сынаған 84.Ұлттық идея: рухани, мәдени, саяси аспектілері Ұлттық идея - ұлттың сол тарихи кезеңде өзін-өзі тануынан көрініс табатын ұлттық санада басымдыққа ие көзқарастар. Зерттеушілер бұл үғымның екі қырына баса маңыз береді. Бір жағынан, қауымдастықтың өзін-өзі ұлт деп танып, түйсінуі, екінші жағынан оның ерекше тарихи адамдар қауымдастығы ретіндегі өз көзқарастары, ұстанымдары, құндылықтары жайлы жалпақ әлемге жар салуы Қазақтың ұлттық идеясы туралы әртүрлі пікірлер айтылғанымен оның айқын тұжырымы қалыптасқан жоқ.Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары көрініс берген ізденістер бір арнаға тоғыспай аяқсыз қалды.Тіпті ұлттық идеяны жекелеген партия мен топтардың науқандық саяси ұраны ретінде қарастырып, оның маңыздылығын жоққа шығару ниеті де байқалды. Бірақ адамдарды ұлт ретінде бір ортаға топтастырып, бұл бірлікті сақтайтын қандай күш екенін анықтаудың маңыздылығы даусыз. Бұл күштің ортақ мүдде екенін де түсіну қиын болмаса керек. Осы ортақ мүддені, оны іске асыру тетіктерін анықтау өте өзекті мәселе. Ұлттық идея – қарапайым, ұғынықты түрде жалпыға ортақ мүддені тұжырымдап, халық бұқарасының санасына сіңісті етіп, іс-әрекетін бір арнаға бағыттап, оның ұлт ретінде қалыптасып, сақталуын қамтамасыз етеді. Ұлттық идеяның пәрменділігі, оның қалың бұқараға түсінікті, мүддесіне сай болу шарты нәтижелілігінің жоғары болуын қамтамасыз етеді. Оқу-білімге ұмтылу халқымыздың көкейінен орын алып, оның тұрмыс-тіршілігіне бағдар берді. Әрбір ата-ана баласын қандай жолмен болса да оқытуға тырысып, ол үшін ештеңесін аямады. Халқымыздың бұл бағыттағы ұмтылысы барлық көршілерімізден артық болды және Кеңес өкіметінің бұл бағдардағы оң саясаты да өз нәтижесін берді. Төлемінің қандай болғанына қарамастан, кеңестік дәуірдегі ең құнды жетістігіміз білім болды. Жаппай сауаттылыққа қол жеткізген соң арнайы білімді қажет ететін мамандықтарды да меңгеріп, халықтың қоғамдық-әлеуметтік белсенділігі артып, хал-ахуалы, тұрмысы жақсарды. Көп санды ұлттық интеллигенция мен интеллектуалды элита қалыптасып, солар арқылы қазіргі тәуелсіз еліміздің жетістіктеріне ие болдық. 85. Р.Декарттың рационализмі. Рационализмнің негізін қалаушы - француз философы, ғалым-математик Рене Декарт (1596-1650) деп саналады. Болмыс мәселесін зерттеу барысында Декарт болмыс мәнін сипаттайтын базалық, негіз болатын ұғымды табуға талпынды. Өз ізденістері нәтижесінде Декарт субстанция ұғымнын тұжырымдады. Субстанция - өз тіршілігі үшін өзінен басқаны қажетсінбейтінің бәрі. Ондай қасетке (өз тіршілігі үшін басқаны қажетсінбеу) тек субстанция ғана ие және ондай субстанция Құдай ғана бола алады. Құдай мәңгі, құдіретті, жойылмайды және барлық нәрсенің себебі мен өзегі. Құдай өзі Субстанция, өзі Жаратушы болғандықтан субстанциялардан құралған дүниені жаратты. Құдай жаратқан субстанциялар да (жеке заттар, идеялар) субстанциялық басты қасиетке ие – тіршілік ету үшін өзінен басқаны қажет етпейді. Алайда бір-біріне қатысты алғанда өзіне-өзі жетімді (жеткілікті) болғанмен Құдайға қатысты алғанда олардың бәрі екінші және оған тәуелді (өйткені оларды жасаған Құдай). Жаратылған субстанцияларды Декарт екі текке жіктейді: 1. материалды (заттар), 2. рухани (идеялар). Сонымен қоса олардың әрқайсысының тек өздеріне ғана тиесілі қасиеттері (атрибуттарды) болатының атап көрсетеді: дәйектілік - материалды заттардікі, ойлау – рухани идеялардікі. Осылайша, барлық материалды субстанциялардың бәріне тән қасиет дәйектілік (ұзындығына, еніне, биіктігіне, тереңдігіне қарай) және олар сансыз көп рет (шексіздікке дейін) бөліне береді. Рухани субстанцияларға ойлау қасиеті тән және олар, кірісінше, бөлінбейді. Материалды және рухани субстанциялардың басты қасиеттерінен (атрибуттарынан) тарайтын басқа да қасиеттері модустар деп аталады. Мысалы, дәйектіліктің модустары – форма, қозғалыс, кеңістіктегі жағдай, т.б.; ойлаудың модустары - сезімдер, тілектер, түйсіктер, т.б. Адам, Декарт пікірінше, екі – материалды (тәндік-дәйекті) және рухани (ойлаушы) субстанциялардан құралған. Адам – өзі бойына екі бірдей субстанцияны (әрі материалды, әрі рухани) қатар біріктіретін тіршілік иесі, сондықтан ол табиғаттан жоғары көтеріле алады. Адам өз бойында екі субстанцияны қатар біріктіретіндіктен келіп дуализм (екіұдайлық, қосарлылық) идеясы туындайды. Р.Декарт «философияның негізгі сұрағын» да дуализм тұрғысынан шешеді: «Не бірінші: материя ма, әлде, с ана ма? Таласы мағынасыз. Материя мен сана тек адам бойында бірігетіндіктен, адам табиғаты дуалистік болғандықтан (өз бойында екі – материалды және рухани – субстанцияны біріктіретіндіктен), материя да, сана да бірінші бола алмайды – олар әрқашан болған және тұтас болмыстың екі түрлі көрінісі». Физикада, математикада, т.б. түрлі ғылым салаларында қолданылатын ғылыми әдіс таным процесінде қолданылмайды, дейді Декарт. Ғылыми әдісті таным процесінде белсенді қолдану арқылы таным процесін әлдеқайда алға жыджытуға, танымды өндірістен өнеркәсіп өндірісіне айналдыруға болады. Ондай ғылыми әдіс ретінде Декарт дедукцияны ұсынады. Декарттың философиялық, гносеологиялық әдісінің мағынасы – таным процесінде тек абсолютті, деректі, шын сүйену және ақыл арқылы логикалық тәсілдер арқылы жаңа, ақиқат білім алу. Декарт пікірі бойынша, дедукция әдісін пайдалану арқылы ғана танымның барлық салаларында шын білімге қол жеткізуге болады. Рационалистік – дедуктивті әдісті қолданумен қатар Декарт мынадай зерттеу тәсілдерін ұсынады: 1. Зерттеу барысында бастапқы қағидалар ретінде тек ақиқат, шын, ақылмен және логикамен дәлелденген, ешбір күдік туғызбайтын білімдерді ғана пайдалану; 2. Күрделі мәселені қарапайым бөлшектерге, бөліп қарастыру; 3. Белгілі және дәлелденген сұрақтардан белгісіз, дәлелденбеген сұрақтарға жүйелі түрде өту; 4. Зерттеудің жүйелілігін, логикалық тізбегін қатаң сақтап, сол тізбектегі бірде-бір зерттеу бөлшегін тысқары қалдырмау. 86. Ұлы Абайды өмір, қоршаған дүние, табиғат, болмыс сыры, олардың заңдылықтары көп ойландырған, ол дүние сырына бойлап, өзін мазалаған сауалдарға жауап табуға тырысқан. Мен осы кіммін? Кемелдену, жетілу – адам өмірінің мақсаты екенін айтады Абай. Абайдың айтуы бойынша жан жүректе орын тепкен. Жан адамның тыныс-тіршілігін, іс-әрекетін жүрек арқылы басқарады. Егер жан жетілмеген болса, онда адамның іс-әрекетінде де кемшілік болады. Ішкі дүниесі тазарып, жетілген адам ғана қателікке ұрынбай, өмірде жаңсақ баспай, дұрыс өмір сүре алады. Адам баласының бақыты оның жүрегінің тазалығымен тығыз байланысты деп үйретеді Абай. Сонымен, жетілудің негізі – женді, жүректі жетілдіру екен. Бұл – адамның ішкі нәзік болмысын тазарту деген сөз. Абай әлемнің материалдық тұтастығын атап көрсетіп, «қудай жалғыз» деп дәлелдейтін діни қағиданы теріске шығара келіп, бұл туралы: «Біз алла тағала«бір»дейміз, «бар»дейміз, ол «бір» демеклік...-ақылымызға ұғымның бір тиянағы үшін айтылған сөз», - деп жазды. Ол дуалистерге көрісінше «езінің өзі жасаушысы және себепкері» болып табылатын табиғаттың ғана өмір сүретінін мойындады. «Бұл ғылым құдірет... кезге көрілген, көңілге сезілген ғаламды қандай хикметпен жарастырып, қандай құдіретпен орналастырған... адам пендесінде ақыл-хүкімші қайрат, қуат қызмет қылушы еді. Соған қарап ойлайсың: алла тағаланың сипатында солай болмаққа тиіс», - деп, Абай адамды аллаға теңестіру арқылы объективті шындықтың, яғни, табиғаттың өзіне-өзі себеп болатынын, оның барлық заттардың мәні мен болмысының себепшісі болып табылатынын, өз болмысы үшін ешқайсысына тәуелді еместігін атап көрсетті. Табиғатты «Аллаға» теңеп, құдайға адам кейпін бергенде Абай, сөз жоқ, Спиноза мен Фейербах философиясының материалистік тұжырымдарын негізге алған. Ойшыл-ақын олардың негізгі пікірлерімен ең алдымен Чернышевский шығармалары арқылы танысқан. Орыс ойшылы өз еңбектерінде Фейербах ілімінің мәнін жан-жақты баяндап қана қоймай, сонымен қатар одан ілгері кетті, ал бірқатар мәселелер бойынша оның дүниетанымындағы шектеулілік бағыттарынан асып түсті. Фейербах қудай туралы түсініктердің психол. негіздерін ашып, құдай идеяларының мазмұны қиялдағы тіршілік иесіне жорамалданған, абсолюттендірілген адамның мәні екенін көрсетіп берді. 87. Стратегия 2030: талдау Біздің мемлекетімізде Президенттің бастамасымен 1997 жылы «ҚАЗАҚСТАН 2030» даму стратегиясы қабылданды. Бұл ұзақ жылдық бағдарламада Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстанды 2030 жылы дамыған өркениетті мемлекеттердің арасындағы белді мемлекет ретінде көргісі келетінін атап көрсетті. Жалпы Қазақстанның бұл даму стратегиясы негізгі жеті басымдық арқылы жүзеге асырылады. Оларға: 1. Ұлттық қауіпсіздік; 2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы; 3. экономикалық өсу; 4. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты; 5. Энергетика ресурстары; 6. Инфрақұрылым, әсіресе, көлік және байланыс; 7. Кәсіпқой мемлекет құру. Сондай-ақ даму стратегиясын жүзеге асыру негізгі қабылданған үш жылдық, бес жылдық, он жылдық даму бағдарламалары арқылы жүзеге асырылып отырылады. Тақырыптың қызықтылығы, Қазақстанның дамуы үшін маңызды саналатын 2030 жылға дейін даму сратегиясын талдау арқылы оның негізгі экономикалық мақсаттарын ашу және танып білу. Қазақстанның дамуы үшін бұл қабылданған стратегияның менің ойымша маңызы зор. Себебі біздің әсем мемлекетіміздің дамуына және мақсаттарын айқындауына ең қажетті осы стратегия болып табылады. Себебі бұл стартегияда қарастырылған әрбір басымдылыққа ие бағыттар экономиканың өсуіне, халықты өркениеттілікке жеткізуге, жалпы Қазақстанды алдыңғы қатарлы елдердің қатарынан көруімізге зор ықпалын тигізеді. Қазақстан-2030 Стратегиясы– ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 жылы қазанда қабылданған. ПрезидентН.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат – ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді негізгі бағыттар бөліп көрсетілді: · Ұлттық қауіпсіздік: аумақтық тұтастықты толық сақтай отырып, еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы. Мемлекеттің тұрақты түрде дамуын қамтамасыз ететін барлық қажеттіліктер шеңберіндегі бастапқы шарт – ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттіліктің сақталуы. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі көрсеткіші ретінде демократиялы, индустриясы дамыған басты мемлекеттермен байланыстарды күшейту, халықаралық институттар мен форумдардың көмегі мен жәрдемін пайдалану қажеттігі атап көрсетілді. Мұның өзі халықар. қоғамдастық тарапынан Қазақстанға қолдау жасаудың жақсы жолға қойылуын, бай табиғи қорлардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді, Қазақстан азаматтарының өз еліне деген сүйіспеншілік сезімін арттырады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысындағы сөзсіз басым бағыт сыртқы саяси қызметке, Қазақстанның өз көршілерімен және дүние жүзінің жетекші елдерімен өзара тиімді қатынастар қалыптастыруға саяды. · Ішкі саясаттың орнықтылығы және қоғамның шоғырлануы: бірлік – қоғам мен мемлекеттің одан әрі дамуының кепілі. Бұл салада барша азаматтар үшін тең мүмкіндіктің және барлық этн. топтар үшін тең құқықтың болуына кепілдік беру, ауқаттылар мен кедейлер арасындағы айырманы азайту, әлеум. мәселелерді шешу, саяси орнықтылық пен қоғамның шоғырлануын ұзақ мерзімге қамтамасыз ететін дәулетті Қазақстан мемлекетін орнату міндеті қойылды. · Шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақ қаражаттың деңгейі жоғары болатын ашық нарықтық экономика негізінде экономикалық өрлеу. Негізгі қағидалары: мемлекеттің белсенді рөлін сақтай отырып, оның экономикаға араласуын шектеу, макроэкономиканы орнықтыру, экон. өрлеуді қамтамасыз ету, экономиканың нақты секторын сауықтыру, күшті әлеум. саясат жүргізу, қатаң қазыналық және монетарлық шектеулер жағдайында бағаны ырықтандыру, ашық экономика мен еркін сауда қатынасын орнату, энергет. және табиғи қорды өндіруді одан әрі жалғастыру, шетелдік инвестицияларды қорғау. · Қазақстандықтардың денсаулығы, білім алуы және игілігі: азаматтардың тұрмыс жағдайы мен деңгейін көтеру, экол. ортаны жақсарту. Сырқаттардың алдын алу және салауатты тұрмыс салтына ынталандыру, азаматтарды салауатты тұрмыс салтын ұстауға, дұрыс тамақтану, гигиена мен тазалық ережелерін сақтауға баулу, нашақорлық пен наша бизнесіне қарсы күресу, маскүнемдік пен темекі шегуді қысқарту, ана мен баланың денсаулығын сақтау, қоршаған орта мен экологияны таза ұстау мәселелерін қамтиды. · Энергетикалық қорлар: тұрақты экономикалық өрлеу үшін мұнай мен газ өндірудің және оларды шетке шығарудың көлемін жедел ұлғайту жолымен энергетикалаық қорды тиімді пайдалану. Бұл стратегия: таңдаулы халықар. технологияларды, ноу-хауды және қомақты капиталды тарту, қордың тез де ұтымды пайдаланылуы үшін басты халықар. мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді серіктестік орнату, мұнай мен газ экспорты үшін құбырлар желісінің жүйесін жасау, отын қорын пайдалану қызметінде дүниежүзілік қоғамдастықтағы ірі елдердің Қазақстанға және оның әлемдік отын берушілік рөліне ынтасын ояту бағытын ұстау, ішкі энергет. инфрақұрылымды жасау, өзін-өзі қамтамасыз ету және бәсекеде тәуелсіз болу мәселелерін шешу мәселелерін қамтиды. · Инфрақұрылым (көлік және байланыс): ұлттық қауіпсіздікті, саяси тұрақтылықты нығайту, экон. өрлеуді күшейту. Отандық көлік-коммуникац. кешеннің әлемдік рыноктағы бесекелестік қабілетін қамтамасыз ету және Қазақстан арқылы өтетін сауда ағынын ұлғайту міндеті қойылған. · Кәсіпқой мемлекет: іске шын берілген және елдің негізгі мақсаттарына қол жеткізуде халық өкілдері болуға лайық мемл. қызметкерлердің осы заманғы қабілетті құрамын жасақтау. Бұл саладағы міндет осы заманға сай тиімді мемл. қызмет пен нарықтық экономикаға оңтайлы басқару құрылымын құру, басты мақсаттарды іске асыруға қабілетті Үкіметті жасақтау, ұлттық мүдделердің сақшысы болатын мемлекет орнату. Президенттің жолдауында бүкіл күш-жігерді осы бағыттарға жұмылдырудың, мүмкіндіктерді шоғырландырудың және үйлестірудің келелі идеялары айқын тұжырымдалған, басқару жүйесіндегі реформаларды жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерін түбірімен қайта қарау қажеттілігі атап көрсетілген. Бұл қысқа және ұзақ мерзімді негізгі бағыттарды іске асыру барысында, ең алдымен, еліміздің барлық азаматтарының бостандығына кепілдік беруге, халықтың әл-ауқатын жақсартуға және ертеңгі күнге деген сенімін нығайтуға бағытталған бірден-бір бағдарламалық-стратег. ресми құжат болып табылады. Қазақстан осы стратегиялық міндеттерді орындай отырып, 2030 жылға қарай дамыған елдердің деңгейіне жетуге, дүние жүзінің ең дамыған жиырма елінің қатарына қосылуды көздейді. Реформалар стратегиясында экон. және саяси құрамдағы ырықтандырудың өзара ажырамайтын байланыста болатындығы ескерілген. Бәсекелестік қабілеті ашық та риясыз жағдайда қалыптасқан қоғам орнату одан әрі демократияландыру арқылы өтеді, ол, түптеп келгенде, сайлауды әділ өткізуге, саяси партиялардың, парламенттің рөлін, үкіметтің мүмкіндігін күшейтуге, сот жүйесін реформалауға, БАҚ-қа еркіндік беруге, әйелдердің қоғамдағы рөлін күшейтуге саяды. 88.Субстанция мәселесі. Лейбниц және Спиноза философиясы.Спиноза– европалық рационализмнің көрнекті өкілі, Р. Декарт ілімін жалғастырушы,Жаңа Заманғы жетілдірілген,толық және негізделген философиялық жүйенің авторы.Спинозаның философиялық зерттеулерінің пәні:1.субстанция мәселесі;2.таным теориясы;3.этика сұрақтары, бостандық және қажеттілік мәселелері. Субстанцияның (Табиғат + Құдай) өзінің мынадай қасиеттері бар:1.тіршілік етеді;2.дербес, ештеңеге тәуелді емес;3.өз-өзінің ішкі себебі бар (модустар сияқты сыртқы емес);4.көптеген қасиеттерге (атрибуттарға) ие, олардың негізгілері (ойлау мен дәйектілік) Декартта жеке модустардың сипаты болса, Спиноза ілімінде бүкілсубстанцияның қасиеті;5.уақыт пен кеңістікте шексіз;6.мәңгі (ешкім жасамайды және жойылмайды);7.қозғалыссыз. Г.Лейбниц (1646-1716) – немістің математик-ғалымы, заңгер, философ – Жаңа Заман философиясының соңғы көрнекті өкілі және неміс классикалық философиясының ізашары. Негізгі еңбектері: «Монадология», «Адамның ақыл – ойы туралы жаңа тәжірибелер».Лейбницфилософиядағы рационалистік бағытты жақтады. Оның философиялық зерттеулерінің негізгі мәселелері:1.Субстанция;2.Таным. Лейбниц Декарт пен Спинозаның субстанция туралы теорияларын зерттей келіп олардың жетілмегендігі туралы қорытындыға келді. Лейбниц монадологиясының негізгі қағидалары:1.Бүкіл дүние көп санды субстанциядан құралған, субстанциялардың табиғаты дуалистік (Декарт пен Спинозада екіұдай) емес;2.Ол субстанциялар монадалар деп аталады (греу тілінен аударғанда «бір», «біреу»);3.Монада қарапайым, бөлінбейді, дәйекті емес, материалды-заттық құрылым емес;4.Монадологияның 4 сапасы бар: ұмтылыс;әуестену;қабылдау;елестету.5.Мәні бойынша монада – өз жағынан үздіксіз өзгертетін, ьіртұтас әрекет.6.Өзінің үздіксіздігіне байланысты монада өзін-өзі сезінеді;7.Монадалар абсолютті тұйық және бір-біріне тәуелсіз (Лейбниц пікірінше: бір нәрсе кіретін, бір нәрсе шығатын терезелері жоқ). 89. Марксизм философиясындағы қоғамдық-экономикалық формация теориясы. Марксизмдегі ашқан қоғамдық-экономикалық формация теориясы бойынша жаңа өндіргіш күштер мен күні өткен өндірістік қатынастардың арасында жанжал шығып, әлеуметтік төңкеріске әкеледі. Нәтижесінде бір формация екіншімен ауысады. Марксизм ілімі бойынша тарих барлығы бес қоғамдық-экономикалық формациядан: алғашқы қауымдық, құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік және коммунистік формациялардан тұрады. Олардың әрқайсысы , біріншіден, сапасы жағынан қоғамның белгілі бір типі ретінде, екіншіден, қоғамдық прогрестің сатысы ретінде сипатталады. «Қоғамдық- экономикалық формация » ұғымы қоғамды біртұтас әлеуметтік жүйе ретінде түсінуге мүмкіндік берді. Әрбір жаңа формация қоғамның оданда гөрі жоғары типі болып саналады. Формациялық талдау методологиясы қоғамның бір формациядан басқасына күрделі өту процесің, бұл өтудің жолдары мен тәсілдерін, субъективтік және объективтік факторлардың өзара байланысын зерттеуге негіздейді. Марксизм қоғам өміріндегі әлеуметтік және саяси үдерістерге үстірт қарады, түпкі мақсатқа жетуде қантөгіске толы тап күресіне басымдық берді, оның қоғам дамуының ағымына қарай икемділігі шамалы болды. 19 ғасырдың аяғынан бастап марксизм социал-демокриялық қозғалыстың негіБірақ 20 ғасырдың бас кезінде бұл қозғалыс екіге бөлінді: В.И. Ленин, т.б. бастаған төңкерісшіл бағыт. Э.Бернштейн, т.б. бастаған реформашылдық бағыт. Реформашылдар бірте-бірте марксизмнің негізгі теорияларынан бас тартып, қазіргі Батыс Еуропа елдеріндегі социал-демокриялық идеологияны қалыптастырды. Ал Ленин бастаған солшыл күштер Ресейдегі Қазан төңкерісінен кейін коммунистік тоталитарлық жүйенің негізін қалады. 1990 жылға дейінгі кезеңде марксизм социалистік елдердегі мемлекеттік идеологияға айналды. Социалистік жүйе құлағаннан кейін, марксизмді зерттеп, баға беретін жаңа кезең басталды.згі идеологиясына айналды. 90. Стратегия 2050 талдау.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арналған дәстүрлі жолдауын тәуелсіздік күні қарсаңында жария етті. «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» деп аталды. Елбасымыздың биылғы жолдауында алдымен мемлекетіміздің, ұлттық экономикамыздың, азаматтық қоғамымыздың, қоғамдық келісіміміздің, өңірлік көшбасшылығымыз бен халықаралық беделіміздің дағдарыста сыналуы сөз болды. Еліміздің 21 жылда айтарлықтай жеткен жетістіктеріміз сараланып, әлем алдындағы беделіміздің асқақтағаны айқындалды. Қуатты да табысты мемлекетіміздің демократияландыру мен ырықтандырудың орнықты процесі, түрлі әлеуметтік этностық және діни топтардың келісімі мен татулығы, халықаралық еңбек бөлінісіндегі біздің роліміз, қоғамдық тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз ететін күшті әлеуметтік саясат ұстанған әлемдік қоғамдастық таныған ел екеніміз, ядролық қаруды таратпау режімін ілгерілетудегі біздің белсенді рөліміз бен 1997 жылғы жолданған «Қазақстан – 2030» стратегиясының 15 жыл ішінде мақсат міндеттерінің орындалуы қорытындыланды. Сонымен қатар алдағы ХХІ ғасырдың жаһандық он - сын қатері деп: – тарихи уақыттың жеделдеуі, жаһандық демографиялық теңгерімсіздік, жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер, судың тым тапшылығы, жаһандық энергетикалық қауіпсіздік, табиғи ресурстардың сарқылуы, үшінші индустриялық революция, үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық, өркениетіміз құндылықтарымыздың дағдарысы, жаңа әлемдік тұрақсыздық қаупін атап өтті. Президент Қазақстанның қазіргі заманғы осы аталған сын-қатерлерге жауап ретінде дамудың 2050 жылға дейінгі кезеңіне арналған Стратегияны қабылдады. Жаһандық экономиканың кіндігі Азия-Тынық мұхиты өңіріне жедел ауысып барады, деп жалғастырды өзінің сөзін Президент. Бүгінде біз «Қазақстан -2030» Стратегиясын қабылдаған сәттен мүлдем басқа жағдай мен мүмкіндіктерде өмір сүріп отырмыз. 2050 – бұл қазіргі кезде әлемдік қоғамдастық бағыт ұстанып отырған нақты мерзім. Біздің нақты мақсатымыз – 2050 жылға қарай әлемнің аса дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосылу, деп атап өтті Қазақстан басшысы. Бұл үшін бізде барлық мүмкіндіктер: ресурстар, білімді адамдар, жұдырықтай жұмылған ұлт бар, деді Елбасымыз. Елбасымыздың сөзіне қарағанда, осыдан 15 жыл бұрын қабылданған 2030 Стратегиясы кеңестік кезеңнен кейінгі ретсіздік түпкілікті ескерілмеген, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері мен кейбір өзге де рыноктарды дағдарыс қалтыратып тұрған шақта қабылданған болатын. Соған қарамастан, Қазақстан 2012 жылы ІЖӨ көлемі бойынша планетамыздағы дамыған 50 елдің қатарына кіреді. Ел басшысы өз сөзін «Біз бәріміз бір атаның - Қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу - қасиетті Қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық. «Қазақстан-2050» Стратегиясы осынау мәңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі. Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз «Мәңгілік Ел» боламыз» деп қорытындылады. |