ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение Как определить диапазон голоса - ваш вокал
Игровые автоматы с быстрым выводом Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими Целительная привычка Как самому избавиться от обидчивости Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам Тренинг уверенности в себе Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком" Натюрморт и его изобразительные возможности Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д. Как научиться брать на себя ответственность Зачем нужны границы в отношениях с детьми? Световозвращающие элементы на детской одежде Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия Как слышать голос Бога Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ) Глава 3. Завет мужчины с женщиной 
Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д. Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу. Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар. | Психоанализ философиясы (З.Фрейд). Психоанализ — XX ғ. мәдениетіне зор әсер еткен австриялық ғалым З. Фрейд қалыптастырған психологиялық ілім. Фрейд адам психикасының үш құрылымнан: Ол,Мен, Жоғарғы Меннен тұратыны туралы идеяны ұсынды. Көмескі сана өткеннен мұраланған психиканың терең қабаты ретінде көрініс табады. Оның қойнауларында адамның жасырын жан сезімдері, құмарлықтары мен ынта-назары ұялаған. Бұл құрылым «ләззаттану принципін» басшылыққа алады. Фрейд оларды «қайнаған құмарлықтардың қазаны» деп атайды. Адамның саналы Мені — Ол мен (көмескі сана) қоршаған дүние арасындағы делдал. Бұл құрылым «шындық принципін» басшылыққа алады, оның мақсаты — адамның көмескі санасына ықпал ету. Адам Мені Оны (көмескі сананы) өзіне бағындыруға тырысады, алайда кейде өзі Оның (к.с.) ықпалында болады. Жоғарғы Мен орындалуды, мәдени тиым салуларды бейнелейді. Жоғарғы Мен ұят ретінде, немесе көмескі кінә сезімі ретінде адам Меніне үстемдік етуі мүмкін. Көмескі санада белгілі бір жағдайларда сана аймағына шығып кететін әлементтер болады. Мен қабылдау мен қозғалыс органдарының жүйесін бақылайды. Жоғарғы Мен сублимация арқылы Эдип комплексін шешкеннен кейін пайда болатын ең жас құрылым. Тиым салынған либидо импульстары (жыныстық қуат) мәдени шығармашылық қайнар көзі мен құпиясы. Мәдениет адамды жүйке науқасы (неврозға) ұшырататын тиым салулар жүйесі ретінде көрініс табады, ал екінші жағынан шығармашылық фантазия және оның рәміздік бейнеленуі арқылы либидо энергиясының (қуатын) босатуға (сыртқа шығаруға) мүмкіндік береді. Фрейд адамның психологиялық өмірі туылған соң басталады деп санайды, ал жаңа туған сәбиді ол «tabula rasa» (таза тақта) деп атайды. Кейде ол организмнің анықталмаған бейімділігі туралы, тіпті адамның түс көруі мен қиялында орын алатын филогенездік сипаттағы, өзіне тән архаикалық еске түсірулер туралы айтады. Фантазия психикалық процесстер динамикасында инстинкті құмарлықтар шешуші рөл атқарады деп санайды. Оларды Фантазия психикалық және тәндік аймақтарды байланыстыратын күштер ретінде қарастырады. Ол жыныстық құштарлықтар мен эгоның жыныстық емес, өзін-өзі қорғау инстинктілері кіретін бастапқы дуализм туралы идеяны алға тартты. Ол жыныстық инстинкт — либидоға көп көңіл бөледі. Ол жыныстық құмарлықтың бастауы балалық шақта жатқандығын байқады. Фантазия адам бойындағы агрессивтілікті жеке инстинкт деп қарастырады. Оның бастауы сүйек еттерінде жатыр, ал оның мақсаты — талқандау. Кейінгі еңбектерінде фантазия екі тұрлі инстинктер бар деген болжамды алға тартты: олардың бірі тіршілікті сақтауға бағытталса, басқасы тіршілікке қарсы әрекет етеді, оны неоорганикалық күйге қайтаруға талаптанады. Оның түпкілікті қорытындылары «Психоанализ очерктері» еңбегіндегі баяндалған өлім инстинктінің рөліне қатысты. Мұндағы махаббат инстинкті (эрос) мен өлім инстинктінің (танатос) дихотомиясы психоанализ теориясының басты тақырыбына айналды. Фантазия психоаналитикалық теориясын оның шәкірттері мен ізбасарлары: А. Адлер, В. Раих, О. Ралк, К.Г. Юнг, Ш. Френчи т.б. қабылдап, кейіннен оған түзетулер енгізді. Психоаналитикалық теорияны XX ғ. «ғылыми мифологиясы» деп атайды. Өйткені оның өкілдері мифологиялық материалдармен жұмыс істеді. Психоаналитикалық теория миф, ритуал, дін т.б. мәдениет аспектілерін мәдениеттанулық зерттеудің құрамдас бөлігіне айналды. Көптеген көркем шығармашылық тұжырымдары көмескі сананың психоаналитикалық теориясына негізделді. Олар адам әрекетінің осы саласындағы түс көрудің, фантазияның, интуиция мен еркін ассоциациялардың айырықша рөлін негіздеуге талпынады. 57. Қазіргі заманғы Қазақстандағы халықтың рухани құндылықтарының қайтадан қалпына келуі және оның қоғамдық санаға әсері. Мемлекет негiзi əлсiз болған сайын табиғи ортаның этникалық қауымдастыққа ықпал ететiнi белгiлi. Ал қазақтың ата тектерiнде жəне қазақтарда да мемлекеттiлiктiң тарихи жағынан əлсiз болғаны белгiлi. Табиғат əрқашан Қазақстан тұрғындары үшiн абсолюттiк жəне мəңгiлiк дүние бастауы, бiрден бiр ақиқат болды. Ол өздiгiнен жаратылған, тiршiлiк етудiң имманенттiк себептерi мен факторларының, белсендiлiк пен эволюцияның негiздерi болды. Адамдарға алғашында табиғат заңдарына мойынсұнып қалтқысыз бағыну ғана қалды. Оның себептерiн түсiнiп жəне соған өз болмысын құрып, табиғат катаклизмаларынан қашқақтап отырды. Табиғат бұл жерде адамдарға тұрмыстың формалары мен əдiстерiн, көшпендiлiктiң немесе егiншiлiктiң таңдауларын белгiлеп беретiн ғалам ретiнде көрiнедi. Көне заманда адамдарды күн сайын рудың немесе тайпаның дүниетанымдық ұстанымына адалдығын дəлелдеп отыруға мəжбүр еттi, өйткенi тiршiлiк етудiң ауыр жəне қатал жағдайлары руластардың əлеуметтiк бағдар мен салттардан бұлтаруына жол бермедi, əйтпесе оларға рудан аластауы, көп жағдайда мұның арты өлiмге апарып соқтыратын едi. Дүниенi сезiну айқындала түстi, дүниенi түсiну айқын əрекеттерге итермеледi, дүниетаным нақты жағдайдан туатын, шын айқын болды. Табиғат дүниенiң аяқталған қалыпты жағдайы, ал адам табиғаттың бiр бөлшегi ғана болды. Алайда, адамзат баласының даму эволюциясының нəтижесiнде еңбектiң практикалық жəне жаңғыртушылық қызметi бiрте-бiрте түсiнiктi бола түстi, сөйтiп табиғи ортаны адам қажетiне бейiмдеп, қайта жаңғырту жүзеге асырылды. Егiншiлiк пайда болады, жинаушылық бау-бақша өсiруге айналады. Үй малдарына шөп шабу iске асады. Табиғи ортаны бейiмдеуден адамдар оны өңдеуге ауысады. Оның ендi бiр формасы аңдарды қолға үйрету болды. Жабайы жылқыны қолға үйрету жабайы мал өсiру мен көшпендiлiкке жол ашты. Бұл сол заманда прогрестiк құбылыс болды 58. А.Августинің және Ф.Аквинскиідің теософиясы. Универсалий мәселесі. Ортағасырлық батысевропалық философия дүниетаным дамуындағы өзiндiк ерекшелiгi бар кезеңдердiң бiрi. Бұл ерекшелiк философиялық ой дамуының тiкелей дiни- теологиялық шеңбердiң iшiнде, христиандық дiни iлiмiнiң апологетикасы төңiрегiнде өрбуiмен сипатталады. Ортағасырлық батысевропалық философияның қалыптасуы мен дамуына Муций Феликс, Тертуллиан, Ориген сияқты апологеттер, неоплатонистер жəне Аврелий Августин өздерiнiң интеллектуалдық ықпалдарын тигiздi. Рим шiркеуi əулие Августиндi сенiм мен ақылдың үйлесiмдiлiгi тұрғысынан христиандық дiни iлiмдi негiздеудегi орасан зор сiңiрген еңбегi үшiн “əкей” ретiнде мойындаса, көптеген батыстық зерттеушiлер оны “батыстық ортағасырлық мəдениеттiң ұлы құрылысшысы” деп атайды. Аврелий Августин өзiнiң “Құдай қаласы туралы” еңбегiнде атақты формуласын – “credo ut untelliyam, intellido ut credam” (ұғыну үшiн сенемiн, сену үшiн ұғынамын) формуласын негiздейдi. Бұл ақыл мен сенiмнiң өзара бiрiн-бiрi толықтыру принципi V-XV ғасырлар аралығын қамтитын Батыс Европаның бүкiл ортағасырлық философиялық ойының ең негiзгi дүниетанымдық кредосына айналды. Егер Аврелий Августин Рим шiркеуiнiң “əкейi” болса, онда Боэций (480-526) М.Грабманның берген дəл сипаттамасы бойынша “соңғы римдiк жəне бiрiншi схоласт” болып табылады жəне сонымен қатар ортағасырлықтың негiзiн қалаушы ретiнде де (Э.Рэнд) орынды саналады. Боэций антикалық дəуiрдiң рухани-философиялық мұрасын ортағасырлық мəдениетпен байланыстырушы, антикалық интелектуалдық-философиялық дəстүрдiң ортағасырлық руханиятпен сабақтастығын жүзеге асырушы ұлы транслятор болып табылады. Боэций аристотельдiк iлiмнiң ұғымдық аппаратын рухани трансляция жасап қана қоймай, ортағасырлық философиялық ойлау мəдениетiне теологиялық проблематиканың негiзгi қаңқасын да енгiздi: универсалийлер мəселесi, тринитарни (Құдiреттi Құдай, оның Ұлы жəне Қасиеттi Рух арақатынастары), субстанция мəселесi жəне акциденция. Боэцийдiң айтуынша субстанция – бұл барлық атрибуттар мен акциденцияларды айқындайтын барлық мəндiлiктердiң негiзi. Егер субстанция – бұл заттардың жалпы негiзi болса, универсалийлер – бұл жалпы атаудың мəнi. Олар ақыл- оймен абстракциялаудың нəтижесi болғанымен, əлемде бар жəне нақты өмiр сүретiндердi бейнелейдi. Схоластикалық философияның басталуы И.С.Эриугенаның есiмiмен байланысты (810-877). Эриугена өзiнiң “Табиғаттың бөлiнiсi туралы” деген жұмысында əлемдiк үйлесiмдiлiк туралы идеясын негiздейдi. Онда құдай барлық бастаудың түпнегiзi бола отырып, болмыс процесiн өзi аяқтайды: “Құдай өзi танылмағанымен өзi таратқан нəрселерiнде ашылады, ал Құдайға иланудың өзi – таңғажайып жаратылыс” (Эриугена). Ортағасырлық философиясының дамуына үлкен үлес қосқан Ансельм Д' Аоста (1033-1109) болды. Ол өзiнiң “Прослогион” деген еңбегiнде құдайдың өмiр сүруiнiң априорлық немесе онтологиялық дəлелдерiн негiздейдi. Сол сияқты П.Абеляр (1079- 1142) заттардың мəнiне сəйкес келетiн жəне сөздердiң мағынасын бiлдiретiн универсалийлер туралы идеяны дайындап шығарады. Ф.Аквинский (1225-1274) өзiне дейiнгi ойшылдардың универсалийлер туралы барлық идеяларын жүйелей отырып ортағасырлық схоластикалық ойлауда өзiнiң радикалды қадамымен ерекшелендi. Бұл қайта пайымдаудың мəнi табиғатты, адамды, оның Құдайға қатынасын зерттеуге негiзделдi. “Тəн туралы ой жан туралы ойға, жан туралы ой жекелеген субстанция жайлы ойға, ал бұл ой құдай туралы ойға жетелейдi” – деген Ф.Аквинскийдiң кредосы аристотелизмдi христиандық тұрғыда қайта пайымдаумен сипатталатын схоластикалық философия дамуындағы жаңа кезеңдi бiлдiредi. Ол сондай- ақ креационизм идеясын да ұсынады. Ф.Аквинскийдiң iлiмi – христиандық дiни iлiм мен перипатетизм философиясының, христиандық теология мен пайда болып келе жатқан жаратылыстанымның арасындағы ымыраға келушiлiк. Орта ғасырдағы схоластиканың негізгі мәселесі – универсаийлер, яғни жалпы ұғымдар туралы пікір талас. Пікір таластың мәні - жалпы ұғымдар қалай пайда болады деген сұраққа жауап іздестіру. Жалпы ұғымдар ойлау әрекетінің туындысы, яғни екінші қатардағы реалдық немесе ол бірінші, өздігінен пайда болған, жеке дербес өмір сүретін құбылыс. Осы сұраққа жауап беру барысында бір – біріне қарама – қарсы екі бағыт қалыптасты – реализм және номинализм. Реализмнің өкілдері жалпы ұғымдар табиғаттың жеке заттарынан тыс, дербес және олардан бұрын өмір сүреді деп пайымдайды. Платонның көзқарасына сүйене отырып, жалпы ұғымдарға заттар мен адамдардан тыс дербестік тән деген пікірді қолдаған. Реализмнің көрнекті өкілдері - итальян философы Ансельм Кентерберийский және француз схоласты Шамподағы Гийом. 59. Неофрейдизмның жалпы мінездемесі ( Э.Фромм, К.Г.Юнг, А.Адлер). Фромм Эрих (1900-1980) - неміс-американдық философ; психолог, социолог, неофрейдизм негізін салушы, гуманист-ғалым, әлеуметтік прогресті жақтаушы. 1933 жылыАҚШ-қа қоныс аударды. Философия, психология, антропология, тарих және дін социологиясының дамуына зор үлес қосты. Өзінің ілімін «гуманистік психоанализ» деп атады. Фромм индивид психикасы мен коғамның әлеуметтік құрылымының арасындағы байланысты анықтау барысында Фрейд биологизімінен алшақтады. Психоаналитикалық «әлеуметтік және дербес» терапия негізінде үйлесімді «дені сау коғам», жобасын АҚШ-та гуманистік позицияда ұсынды. Психоанализдің гуманистік психоанализ немесе неофрейдизм деп ата-латын бағытының негізін салушы неміс-американдық философ, психолог. социолог Э.Фромм (1900 -1980) Фрейдтің биологизмін, либидо теориясын. табиғилық пен әлеуметтікті қарама-қарсы қоюын, психологияны философия мен этикадан бөлектеуін сынады. Ол адамды әлеуметтік тіршілік етуші, табиғи және адамдандырылған дүниемен үнемі байланыс жасаушы ретінде қарастырады. Оның ойынша. Фрейдтің ілімі адамды тереңірек тануға мүмкіндік бергенімен, оның өмірінің мән-мағынасы, моральдық және этикалық нормалар туралы, адам қалай өмір сүруі керек және не істеуі тиіс деген сұрақтарға жауап бермеді. Э. Фромм К.Юнгтің аналитикалық психологиясы да адам өмірінің мәні мәселелерін назардан тыс қалдырды деп есептеді. Адамның этикалық мінез-құлықтарының бастауын адамның өзінен іздеген гуманистік этиктердің еңбектеріне сүйене отырып, Фромм моральдық ұстанымдар адамның ішкі қасиеттеріне негізделген болуы керек, әйтпесе оларды бұзу тұлғаның психикалық және эмоциялық құлдырауына әкеледі деген тұжырым жасайды. Осыдан келіп гуманистік психоанализдің мақсаты шығады – гуманистік этиканың құндылықтарын меңгеру, өзінің ішкі табиғатын танып-білу және «өмір өнерін» игеру арқылы адамның ішкі мүмкіндіктерін дамытуына, өмір сүруге ұмтылуына ықпал ету. Фромм еркіндік және жаттану категориялары арқылы адамдардың ба-сым көпшілігі өзінің нағыз «Менін», «Өздігін» емес, «Жалған Менін» да-мытатынын, осы процестің нәтижесінде өзін жоғалтып, ешшеңеге айна-латынын көрсетеді. Бірақ Фромм адамның онтологиялық және тұлғалық сипаттамаларына, әсіресе «үмітп » элементіне сүйене отырып, оптимистік болжамдар жасайды. Оның пікірінше, «үміт» өмір құрылымының ішкі элементі, ол пассивті үміттену, күту емес, белсенді әрекетке дайын болу,адам рухының динамикасы, адам болмысының маңызды шарты, сондықтан да Фромм адамды Ноmо еsрегапs ( үміті бар) деп сипаттайды. 60. Тәуелсіз Қазақстандағы еркіндік философиясы мен классикалық либерализм құндылықтарының қайта жаңғыруы.Классикалық либерализм – жеке адамның құқықтары мен бостандықтары қоғамдық және экономикалық тәртіптің базисі санайтын, еркін азамат ретінде өзін-өзі толық жүзеге асыруы мен жеке меншігін игілікпен қолдануын, сауда-саттықта фритредерлікті (ағылшынша free trade — еркін сауда) қорғайтын идеология. «Либерализм» ұғымы орыс жеріне XVIII ғасырдың соңында француз тілінен (французша libéralisme) еніп, басты мағынасында «еркін ойлаушылық», ал, баламасында «ымыраға тез келгіш, илеуге көнгіш, өз ұстанымында тұра алмау» деген мағыналарда қолданылды. Түптеп келгенде, либерализм ағымы реформа, модернизация, инновация сияқты өзгерістер мен жаңғыруларға арқау болатын динамикалық процестермен тығыз байланысты. Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері негізінен либералды құндылықтарға басымдық беріп келе жатыр. Яғни, батыстық үлгідегі либерализм бізге сырттан келді, бұл біздің қоғам үшін экзогенді сипаттағы идеология. Конституциямыз бойынша идеологиялық әр алуандылық танылғанымен, елімізде либерализм идеологиясының басымдығы анық байқалады. «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясы либералды бағытта екенін Елбасымыз қадап айтқан болатын. Батыстық либерализм бізге көптеген жақсы құндылықтарды үйретті, адамның құқықтары мен бостандықтарын сақтау басымдыққа ие, еркін сайлау, көппартиялық, парламентаризм арқылы өкілдік ету, бәсекелестік, нарықтық экономика сияқты көптеген жетістіктеріміз қоғамға жемісін беруде. Еліміз жаңашылдықты тез игеруге, тәжірибеге ендіруге бейім, өндірістік-инновациялық дамуға ұмтылудамыз. Президентіміз Н.Ә. Назарбаев Жолдауларында Қазақстанды әлеуметтік-экономикалық жаңғырту мәселесін күн тәртібіне қойып, елде жалпыға бірдей еңбек қоғамын қалыптастыру, 2050 жылға дейінгі даму, жаңа қазақстандық патриотизм қалыптастыру, латын әліпбиіне өту сияқты жауапты міндеттерді алдымызға қойып отыр. Еркіндік — адамның немесе жеке ұлттың, халықтың өз мүдделері мен мүмкіндігіне сай әрекет етіп, өз қалауын жүзеге асыруы. Әлемдік философияда еркіндік туралы бір-біріне қайшы көзқарастар қалыптасқан. Гегель еркіндікті субъективті рухпен, Фейербах адамның өзінің ерекшелігімен байланыстырса, дін оны адамдардың құдайға құлшылық етуімен, экзистенциалистер адамның психикалық актілерімен байланыстыра қарастырады. К.Маркс еркіндік мәселесін қажеттілікті және заңдылықтарды білумен, оны игерумен байланысты түсіндіреді. Ф.Энгельс өзінің “Анти-Дюринг” атты еңбегінде еркіндік әлдебір нәрседен тәуелсіздік нышаны емес, керісінше, ол адамның жаратылыс күштеріне, қоғамдық қарым-қатынастарға және өз болмысына үстемдігі дейді. Еркіндік — нақты және салыстырмалы ұғым. Мысалы, адам әр түрлі жағдайларға байланысты еркін болады немесе одан мүлдем айырылады. Ол өмірдің бір саласында өзін еркін сезінгенімен, өзге бір салада оған жете алмауы да мүмкін. Сол секілді жеке адамның және ұлттың еркіндік дәрежесі де әр түрлі. Мұның өзі қоғамдағы өндіргіш күштердің дамуына да тікелей қатысты. Сонымен қатар ол әлеуметтік, этникалық топтардың, жекелеген адамдардың еркіндігін анықтайтын қоғамның әлеум.-саяси құрылымына да тәуелді. Міне, сондықтан еркіндік мәселесін саясаттану жағынан алып қарайтындар оны азаматтардың және тұтас бір ұлттың қоғамдық құрылым мен басқару түрін таңдауы деп түсіндіреді. Қазақстанда адам құқығы мен еркіндігі жағдайы Еуропаның кейбір елдерінен әлдеқайда тәуір",- деп мәлімдеді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Франция президенті Франсуа Олландпен кездесуден соң. "Бізде ешқандай цензура мәселесі, саяси қуғындау мәселесі жоқ. Сондықтан бұл жерде қатып қалған қағидалардан бас тартып, басқаша көзбен қарау керек. Біздің өзімізідің тарихымыз, мәдениетіміз, тегіміз бар. Біз олардан бас тартпаймыз. Әлемде бар демократияны құрметтеп және соған қарай ұмтыла отырып біз өзіміздің түбірімізден ажырап қалғымыз келмейді. Біздің ойымыз басқа. Былайша айтқанда, біз еуропалықтардан басқа түс көреміз,-" деген Назарбаев. Қазақстанда "100-ден астам ұлт өкілі тұрып жатқанын" келтірген Назарбаев ұлт өкілдерінің "құқығы тең, тілдері мен мәдениет қорғалғанын, 18 тілде мектептері жұмыс істейтінін" айтқан. "Діни 40 конфессия мүлдем еркін қызмет етеді. Мешіттер, синагогалар салынып жатыр. Яғни, адамның негізгі құқықтары - жұмысқа тұру, баспаналы болуы, жақсы өмір сүру құқықтарын қамтамасыз етіп отырмыз,-" деген Назарбаев. 61.Әль-Фарабидің философиялық жүйесі. Әл Фараби – Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз»атанған данышпан ойщыл. Әбу Насыр әл-Фараби ілімінің ерекшелігі: 1.Аристотель шығармаларына герменевтикалық талдау жасаған. 2.Дін мәселесіне келгенде, Құдай деген идеяны жоққа шығармаған.Ол аристотель ілімі негізінде әлемнің алғашқы себебін мойындайды, алғашқы себеп ол құдай. Фараби форма үздіксіз өзгерісте, ал материя мәңгі деген. 3.Ғылым, Фарабидің айтуынша, ақылдың нәтижесі, оның екі түрі болады: теориялық және практикалық.Теориялықғылымдар: логика, табиғаттану ғылымдары, метафизика, практикалық – этика мен саясат. 4.Фарабидің мемлекет, саясат, қала өмірі туралы «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы туралы»және «Азаматтық саясат» деген еңбектері бар. 5.Фарабиді таза рационализм тұрғысынан түсінген, толық емес. Негізгі еңбектері «Ақыл мен түсінік», «Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы», «Музыка туралы кітап» Антикалық, орта ғасырлық білімді терең түсініп, шығармашылық деңгейге көтеруге көп еңбек еткен әл – Фараби Платон мен Аристотель еңбектеріндегі көптеген философиялық ойларды дамытты. Аристотельден негізгі айырмашылығы әл – Фараби, ең алдымен, әлемнің пайда болуы, әсіресе адамның пайда болуы, иерархиялық болмыстағы адамның ролі мен орнын анықтауға тырысты. Әл – Фараби өзінің космологиясындағы негізгі көптүрді Аристотельден алды және оны әрі қарай жалғастырды. Аристотельдікі сияқты әл – Фараби космосында да жоғары құбылыс - аспан аяқталған, ал төменгі құбылыс – жер аяқталмаған. Аспан денелерінен төмен тұрған болмыс өмір сүру сатысы бойынша әлі аяқталмаған. Фарабидің пікірінше, әлемнің жоғарғы, төмен, оңды - солды бөліктері өзара бір зат, нәрсе арқылы немесе күш жәрдемімен байланысады. Бөліну кезінде пайда болатын орта бөлік осындай күш болып табылады. Әлемді бір - бірін жалғап, басын қосып тұрған әлемдік күш бар. Ойшыл күшті бірнеше топқа бөледі. Әл – Фарабидің пікірі бойынша, бірінші болмыс – Құдай. Ол екінші болмыс пен белсенді интеллектің негізгі себебі болып табылады. Екінші болмыс аспан денелерінің пайда болуының себебі. Жеке аспан денелерінің қалыптасуы екінші болмысқа тәуелді. Дәрежесі бойынша ең жоғарғы екінші және ең төменгі сфераларда өмір сүретін екінші болмыстан жеке сфералар қалыптасады. Екінші болмыстың саны аспан денелерінің санына сәйкес келеді. Екінші болмыс деп біз жаны бар заттар мен періштелерді және тағы басқаларды айтамыз. Әлемнің шыққан тегі, негізі бір – ол әлемдік нұр. Әлемдік нұр деген ұғым Плотиннің эманация теориясын бірден еске түсіреді. Әлемдік нұрдан бүкіл тіршілік дүниесін тудыратын әлемдік ақыл тарайды. Фарабидің әлемдік ақылы өзін өзі бейнелеп қана қоймай, тануға да жетелейді. Оның өзіндік болмысын қамтамасыз ететін бірінші әрекеті, екінші ақылды тудырады. Екінші ақыл материя мен форманың бірлігі болып табылатын жанды тудырады. Осыған ұқсас эманация процесі одан әрі жалғасып, қозғалысқа келтіріп, жан бітіретін өзіндік күштері бар Сатурн, Күн, Шолпан, тағы басқа планеталар дүниеге келеді. Ай астындағы соңғы сфераның ақылын әл – Фараби әрекетшіл ақыл деп бағалайды. Өйткені, ол әлемдік ақылды да, жеке адамның ақылын да тудырады. Сонымен қатар, ол аспан денелерінің көмегімен адамдар, жануарлар, өсімдіктер, минералдар құралатын төрт жер стихиясын қозғалысқа келтіреді. Бұл әлемдік үлгіде адамға ерекше көңіл бөлінген. Әл – Фараби адам жанының тәннен басқа мәні бар екенін айтады. Бірақ бұл мәселеде Шығыс елдерінде өте ықпалды болған неоплатонизм дәстүрін қолдамайды. Ол жанның тәннен бұрын немесе кейін өмір сүретінін мойындамайды. Жанның қызметтерін анықтауда оған «Бірінші ұстаз» Аристотельдің әсері тисе керек, өйткені ол жан мен тәннің өзара байланысын атап көрсетеді. Адамның өсімдіктен, жануардан айырмашылығы оның жанының рухани қызметтерінде, яғни әдемілік пен жетілгендікті қабылдауында. Адамның таным функциялары сезімсіз іске аса алмайды. Қабылдау мен қиял – сезімдік білімнің негізгі құралдары. Бірақ олар болмыстың іргелі анықтамалары мәнді игере алмайды. Ол тек ақылға ғана тән. Ақылда ғана адамның жоғары танымдық қабілеттері дами алады. Өйткені ақыл болмыстың мәнін игереді. 62.Экзистенциализм. Адам болмысы және әлем болмысы.Адамның бостандығы және жауапкершілік мәселесі(М.Хайдеггер, Ж.-П.Сартр, А.Камю). Экзистенциализм – (тіршілік философиясы) – философиядағы иррационалистік бағыт. Экзистенциализмнің идеялық көздері - өмір философиясы. Басты мәселесі: адам болмысы, оның мәні мен тағдыры. Категориялары: жалғыздық, жауапкершілік, үрей, ажал, шекаралық жағдай, бостандық. Экзистенциализм — ХХ ғасырдың бас кезінде пайда болған және болмысты субьект пен обьектінің тікелей бөлінбес тұтастығы ретінде түсіндіруге тырысқан қазіргі заманғы философиядағы иррационалистік бағыт. Экзистенциализм екі түрлі бағытқа бөлінеді, олар: діни экзистенциализм және атеистік экзистенциализм. Діни экзистенциализмнің өкілдеріне: К.Ясперс (1883-1969), Г.Марсель (1889-1973) жатады. Ал атеистік экзистенциалистерге: М.Хайдеггер (1889-1976), Ж.П. Сартр (1905-1980) және А.Камю (1913-1960) жатады. Экзистенция латын тілінен аударғанда «өмір сүру», «тіршілік» дегенді білдіреді. Экзистенциализмде осы «өмір сүру», «тіршіліктің» өзі обьект пен субьетінің тікелей бірлігі ретінде түсіндіріледі, субьектінің сыртқа бағыттылығын, бөгде адында ашықтықты, осы бөгделікке деген қозғалысты білдіреді. Діни экзистенциализмде осы бөгде – құдай деп түсіндіріледі де тұлға өз еркіндігінде осы құдайға қозғалып бағыттанады екен. Атеистік экзистенциализмде осы бөгде – ештеңе еместік деп түсіндіріледі, бұл дегеніміз адам өз еркіндігін жүзеге асыра отырып, өз өзін тудырады. Адамның алдында таңдау тұрады, оны жүзеге асыра отырып адам еркіндікті жасайды. Ол өз таңдауына жауапкершілікпен қарауы керек, ең алдымен өз өзінің алдында және әрдайым осы жауапкершіліктің ауырпашылғын алып жүру де қиын. Өйткені адам өз-өзін тудыра отырып, сонымен қатар басқа адамдар мен әлемді тұтас тудырады. Өзінің шынайы мәнінде адам осы әлемге «лақтырылып тасталған» ол әрдайым болашақ пен өлімнің алдына бетпе-бет келіп тұрады, өзінің әрекеттеріне жауапкершілік танытатын жағдайда жүреді. Экзистенция қорқыныш ретінде, экзистенциалды үрей шекаралық экзистенциялдық жағдай ретінде көрініс береді және мұнда Камюдың ойынша ең негізгі философиялық мәселе ол өз-өзін өлтіру жөнінде болады. Менің өлуім шындық екенін түсінуім, менің қасіретте болуым, менің күресуім, менің жағдайларға тәуелділігім, менің сөзсіз күнәлілігім – бұлардың барлығы да «шекаралық жағдайлар» (Ясперс). Экзистенциализм жеке адамдар «басқаларға», яғни қоғамдық қатынастарға тәуелді. Экзистенциалистер болмысқа қарама қарсы «иемдену» ұғымын да қарастырды. Өмір философиясының негізгі ұғымдары экзистенциализмнің көрнекті өкілдерінің философиясында тереңдетіле түсті. Адамның бол құрайтын оның экзистенциясы. Осы экзистенция дүниенің жалпы бейнесінің негізі деген экзистенциалдық онтологияны неміс философы Мартин Хайдеггер (1889-1976) ұсынды. Хайдеггерге дейінгі онтологияда жалпы, индивидке жат болмыс, ал адам микрокосм ретінде ұғындырылса, Хайдеггер болмысты керісінше, адам болмысы – болмыс-сана арқылы қарастырды. Болмыс-сана – онтологияның кіндігі, жалпы болмыс индивидтің болмыс-санасы арқылы өткенде ғана нағыз мәнге ие болады. Тіршілік иелерінің арасында болмысты түсінуге қабілеттісі – адам ғана. Болмыс-сана танушы субъектінің санасы емес, ол – азап шегуші сана. сананың өзі зерттеу объектісі, ол өзіне маза бермей, өзін түсінуге тырысады, Хайдеггердің «Адам дегеніміз – маза» деуі де сондықтан. Азап шегуші- уайымдаушы сананы адам болмысы деп түсіндірген неміс экзистенциалисі қазіргі заманғы адам болмысының үрей, қорқыныш, жаттану өлімге толы екенін көрсетті. Осы жеке сананы зерттеу әдісі ретінде Хайдеггер Гуссерльдің «мәнді көре білу» әдісін таңдады, оның «көңіл-ұғымын қолдана отырып, болмысты адамның осы дүниедегі өзінің орны туралы түсінігі арқылы түсіндіруге тырысады. Оның өзінің «маза», үрей». «қорқыныш» терминдерінде адам болмысына тән негізгі сипаттарды көрсетті. Француз жазушысы Жан Поль Сартр (1905-1980) қоршаған ортадан нақты нәрсе іздемей, санаға үңілу керектігі туралы шешімге келді. Сатаның қасиеттерінің арасынан Сартр елестетуді ерекше бөліп көрсетеді. Оның түсінігінше, сана елестету арқылы тазарып, адам өзін қоршаған дүниенің жағымсыз жақтарын ұмытуға және елемеуге жете алады, өзіне ғана түсінікті әлемде қалықтайды. Яғни, елестету адамға еркіндік береді. Өз философия-сының негізгі мәселелерінің біртне айналған еркіндікті. Сартр тек сана еркіндігі ғана деп түсінумен шектелмеді, елестетумен әуестенушілік сананы күйретпей қоймайтынын ол жақсы ұғынды. Бұл сенім оның бойында әсіресе соғыс кезінде күшейе түсті. Сана еркіндігі, адамның ішкі еркіндігі оны міндетті түрде іс-әрекет жасауға, өзін де, басқаны өзгертуте итермелейтінін Сартр жақсы түсінді. Адамның еркіндігі ең елі оның таңдау еркіндігінен көрінеді. Адамның қандай болмағы оның өз қолында, өзіне қандай тағдырды таңдап алуында: «Адам …әуелі осы дүниеге келеді, сонан соң ғана анық-талады. Экзистенциалистің түсінігінде адамға анықтама берудің қиын-дығының себебі оның алғашқыда әлі ештеңе емес екендігінде. Ол кейінірек қана адам болады және өзін-өзі қандай адам етіп жасаса, сондай адам болып шығады. Яғни, адам табиғаты да, оны жарататын құдай да жоқ. Адам өзің қандай етіп елестеткеніндей ғана емес, қандай болғысы келіп жігерленгеніндей». Сатр бұл жерде адамның тағдыры оның жігеріне, еңбектене білуіне байланысты екендігін өте дұрыс айтып отыр. Адамды қоршаған дүние – мәнсіз, абсурд» деген қағида француздың тағы бір көрнекті жазушы-драматургі, Нобель сыйлығының лауреаты Альберт Камюдің (1913-1960) экзистенциализмінің негізі болды. Адамның бойындағы абсурдты Камю Хайдеггер мен Сартрдың экзистенциалдық философиясының ұғымдары секілді адамның ішкі сезімінен, уайымдар ағымынан туындатады, абсурд адамның ойынан бір сәт шықпайды,басқа уайымдар оның қасында түк емес деп тұжырымдайды. Дүниенің абсурдқа айналғанда адам өмірінің мәнін іздеудің өзі қисынсыз екендігін мойында-ғанымен, Камю өмірмәндік ізденісті тоқтатпауға бекінді, өзініңойы арқылы уайым-қайғысыз, қазақша айтсақ, «бір жөні болар» деп ойын күлкімен өмір кешкендерді де, тағдырға бас иіп, өмірге кұштарлығын жоғалтып, жасығандарды да оятуға ұмтылды. Абсурдпен күресу керек. Камюдің бұл шешімінің дәлелі – » Сизиф туралы аңыз» шығармасын жазуы және фашизмге карсы қозғалысқа қатысуы. Абсурдтың өзі адамға еркіндік береді: «Абсурдқа кездескенге, адам өз мақсаттарымен, болашақ немесе ақталу (кімнің немесе ненің алдында екені – бәрібір) туралы мазасымен өмір сүреді. Ол өзінің мүмкіндіктерін бағалайды, алдағы күнге, зейнетақыға немесе ұлдарына үміттенеді, өмірінің әлі де түзелетініне сенеді. …Осының бәрі абсурдпен шайқалды. …Абсурд менің иллюзияларымды ыдыратты: ертеңгі күн деген жоқ. Осы менің еркіндігімнің негізіне айналды».А.Камюдің кейіпкері Сизиф абсурд өмірмен күресуді еркін тандайды. Адамның өз өмірі үшін күресе білуі, зұлымдыққа тым құрыса адалдық арқылы қарсы түруы Камюдің «Оба» романының да желісі Адал болды. Адал болу дегеніміз – өз ісімен айналысу. Адамның абсурдпен күрес бүлік түрінде де көрінеді. Бүлік көтеруші адам – «жоқ» деуші адам. Бүлікшілдік адамдарды біріктіреді, абсурд өмірдегі жеке уайымшылдықтың, жатсыну мен жалғыздықтың орнына коллективтік бүлікшілдік келеді. Ең басты – күйзелмеу. 63Материя ұғымы философия тарихында. Материя - адамзат танымынан тәуелсіз дамитын объективті шындылық. Материя түпсіз терең объектілер мен дүние жүйесін қамтиды, түрлі қасиеттері мен формалары бар қозғалыстың субстанция негізі болып саналады. Материя тек шексіз көп нақты объектілер мен жүйелердің құрамында болады. Материя сыртқы жерден туындамайды және жойылмайды, ол – уақыт қатынасында - мәңгілік, кеңістік қатынасында - шексіз. Материя қозғалыспен тығыз байланысты, үздіксіз даму үстінде болады. Оның дамуы белгілі бір сатыда өмір мен ойлау қабілеттігін туғызады. ежелгі дүниеден бастап, чарвактар (төрт элемент) , ежелгі гректер белгілі бір зат, Левкипп пен Демокриттің өзі материяны атомдармен, яғни кішкентай заттармен тенестірді. XVIII ғасырда француз материалисі Гольбах «Табиғат жүйесі» деген еңбегінде: «...бізге қатысты жалпы алғанда материя, біздін сезімімізге әсер ететіннің бәрі» деп жазды. Ол материяның абстракция екеніне түсінік берді, бірақ біздің сезімімізге не әсер ететінін түсіндерген жоқ. XIX ғасырдың аяғына қарай дүние құрылысының барлық принциптері ашылып болғандай көрінді: клетка табылды, энергияның сақталу заңы ашылды, Дарвин тірі табиғаттың эволюциясы туралы көзқарасын ұсынды, Менделеев элементтердің периодтық жүиесін жасады. Барлық болмыстың, адам болмысынын да, заттар болмысынын да негізі болып атомдар, әрі қарай бөлінбейтің зат бөлшектері саналды. Материя ұғымы, зат ұғымымен теңестірілді. Масса, материя мөлшерін шамасын көрсетті. Материя кеңістік пен уақыттан тәуелсіз қарастырылды. Айналып келгенде, XIX ғасырдын классикалық физикасында ежелгі ілімнің кемшіліктері тән болды: яғни материяны алғашқы өзгеріссіз түпнегіз ретінде қарастыру және оны затпен тенестіру. Қазіргі ғылым дамуының деңгейіне сәйкес келетін, материя анықтамасын берген В.И. Ленин: “Материя дегеніміз адамға түйсіктері арқылы мәлім болатын, түйсіктерге тәуелсіз өмір сүре отырып сол арқылы көшірмесі алынып, суреті салынып, бейнесі жасалатын объективті шындықты белгілейтін философиялық категория”. Шеллингтің пікірінше, материя дегеніміз рухани зат. Бірак, санасы жоқ табиғат адам санасының пайда болуынан бұрын өмір сүрген. Санасыз табиғаттан саналы адамға айналу процессі көптеген бірінен-бірі жоғары даму сатыларынан өтеді. Табиғаттың даму себептерін оның озіндегі, шындығында да өмір сүретін, қарама-қайшылықтарды табу арқылы түсініп, зерттеп білуге болады. 64. Суфизм:оның философиялық идеялары. Сопылық немесе тасаууф жақсылықтармен әшекейлену, нәпсіні тазарту және рухтың дәрежесін көтеру. Тасаууф ғылымы — сопылықты ұстанатын адамдардың сенімдерінің жинағы және олардың оңаша халінде және жиындарда ұстанатын әдептері. Сопылық — дүниеден безуге, нәпсіні есептеуге, тәнге қатысы бар нәрселерден бет бұруға, нәпсіні тазалауға, Аллаһ тағалаға мағрифатқа немесе хақиқатқа иман келтіру арқылы қосылу дәрежесіне жетуге ұмтылысқа негізделген өмір салты. Сопылықты ұстанушыны сопы деп атайды. Сопылар өздерін Мұхаммед пайғамбар Жәбірейіл хадисінде айтқан ихсанды жүзеге асырушылар санайды. Классикалық сопы ғалымдар сопылықты «мақсаты жүректі қайтару мен Аллаһтан басқа заттардан бұру» деп анықтаған. Дарқауи тариқатының сопылық ұстазы Ахмад ибн Аджиба сопылық «сол арқылы Құдайдың ішкі болмысының құзырында қалай саяхаттауды, ластықтан тазалануды, жақсы қасиеттермен әсемдеуді білуге болатын ғылым» деген. Классикалық сопылар зікірге құлшыныспен және аскетизммен ерекшеленетін болған. Сопылықтың ізбасарлары ерте Умәйя халифатының кезіндегі дүниеге деген құлшынысқа реакция ретінде пайда болған. Сопылық мыңжылдықтар бойы көптеген мәдениеттердің әсерін басынан өткізіп, бастапқыда араб тілімен, содан кейін парсы, түрік және басқа да ондаған тілдерде ойларын білдіреді. Сунниттік немесе шииттік боп келетін сопылық тариқаттарының түп негізі Мұхаммед пайғамбардың күйеу баласы Әли ибн Әбу Талибке дейін жетеді деп саналады. Тек Нақшбандийа тариқаты ғана өз негізін Әбу Бәкірден бастайды Барлық мұсылмандар өздерін Аллаһқа баратынына сеніп, өлімнен және Қияметтен кейін жұмақта орын алуға ұмтылғанымен, сопылар Құдайдың болмысын тану және оған жақындау бұл өмірде де мүмкін деп санайды. Сопылардың басты мақсаты Аллаһтың разылығын іздеп, адамның бастапқы халін қалпына келтіру деп саналады. Сопылық – исламдағы мистикалық бағыт. Оның тану объектісі - Құдай. Оны танып білудің өзіндік ерекшелігі бар, өйткені Құдай сияқты өте қасиетті объектіні тануға логикалық ойлау немесе парасаттың шамасы келмейді. Ол үшін ерекше бір жағдай – адам жанының терең түкпірінде жататын бір киелі күш қажет. Ондай күш бар ма? Бар болса, ол қандай күш деген сұрақтар бірден көкейге оралады. Иә, адамды адам ететін, оған ерекше рухани қуат беретін, оның өмірін мәнді де сәнді ететін, жүрегігің түкпірінде нәр алып, әрдайым жанып тұратын ерекше күш – ол сүйіспеншілік Құдайтану адамнан ерекше әсерленушілікті, сүйіспеншілікті, онымен ерекше сырласуды қажет етті.Құдай тану – ерекше сүйіспеншілік сезімін бастан кешіру. Құдай, ең алдымен, сүю объектісі, ал оған шын көңілімен берілген сопылар шексіз сүюшілер.Сопылық жолына түсіп, құдай сұлулығын танудың алғы шарттарының бірі – Аллаға махаббат болып табылады. Махаббат бар жерде үлкен пәктік те, терең жан тәрбиесі де, тұнық сезімталдық та бар.Сопылық жол – Алла тағалаға жетудің, Құдайды танудың сүйіспеншілік жолы.Сопылық жолының төрт сатысын көрсетуге болады: 1. «шариат» - мұсылман дінінің заңдарын бұлжытпай орындау; 2. «тарикат» - беделді қария сопының айтқанын тыңдайтын, орындайтын «мюрид» ролінде болу; дұға оқу және сапалы байқау нәтижесінде жеке ерікті басып тастау; 3. «марифат» - ақылмен емес жүрекпен құдайдағы әлемнің бірлігін тану, барлық діндердің бірдейлігі, жақсылық пен жамандықтың салыстырмалылығы. 4. «хакикат» - құдаймен танып болғанның толық бірігуі. Сопылар жалғыз беп көптің, құдай мен адамның қатынасын ерекше атап, соның мәнін іздегендіктен көптеген адамгершілік этикалық ұғымдарға кезігеміз.Сопылық өз бетінше ойланып, еркіндікке ұмтылатын адамдарды қызықтырды. Өйткені ол таяу Шығыста әруақытта бағаланатын бейтарап ой – қиялмен емін – еркін айналысуға мүмкіндік берді. Сопылық ұғымдарын пайдалана отырып, сырт көзге исламның аясында қалып, бірақ іс жүзінде одан шығып кетуге болатын еді. 65. Тарих мәні. Тарих соңы. (К. Ясперс, Ф. Фукуяма ) Ясперс Карл (23.2.1883 жылы, Олденбург, – 26.2.1969 жылы, Базель) – неміс экзистенциалист философы. Өз қызметін психиатр ретінде бастаған. Ясперстің экзистенционалдық ойлау стилі жалпы батыс зистенционализміне ортақ адам өмірінің пәнилігімен байланысты туындайтын этикалық және социологиялық ой - қорытындыларынан көрінеді. Ясперс түсінігінше адам өзінің бұл дүниеде мәңгі еместігін ұмытпай, түйсінуі оның мінез - құлқын, әрекетін, арманын және моральдық, құқықтық, эстетикалық құндылықтарын анықтайды. Шексіз, транцедентті болмысқа адам санасы тек әдеттен тыс халде (медитация) шыға алады. Психопатология құбылыстардан Ясперс жеке адамның құлдырау бейнесін ғана емес, қайта адамның өз даралығын ширыға іздестіруін көреді. Осы жанға батарлық ізденістерді нағыз философияға салынудың ұйтқысы деп санаған Ясперс мынадай тұжырымға келді: дүниенің кез келген рационалды көрінісін ешқашан ақырына дейін ұғынылмайтын жан құлшыныстарын рационализациалау деп қарауға болады. Ясперс пікірінше, болмыстың шын мағынасы аса терең күйзелістер (ауру, өлім, күнәсін сезіну, т.б.) кезеңінде ашылады. Ясперстің жалпы адамзаттың уақыт пен кеңістіктегі түсіністігіне сенімі “уақыт ұйтқысы” (Axenzeіt) – тарихтың әмбебап мәнісі жайлы теориясына себеп болды. Ёсихиро Фрэнсис Фукуяма (англ. Yoshihiro Francis Fukuyama; 27 октября 1952, Чикаго) — американский философ, политолог, политический экономист и писатель японского происхождения. Старший научный сотрудник Центра по вопросам демократии, развития и верховенства права в Стэнфорде. До этого занимал должность профессора и руководителя программы международного развития в Школе перспективных международных исследований Университета Джонса Хопкинса. С февраля 2012 года — ведущий научный сотрудник Института международных исследований Фримена Спольи при Стэнфордском университете. Фукуяма стал известен благодаря книге «Конец истории и последний человек» (1992), в которой провозгласил, что распространение либеральных демократий во всём мире может свидетельствовать о конечной точке социокультурной эволюции человечества и стать окончательной формой человеческого правительства. Его работа была переведена на более чем 20 языков мира и вызвала широчайший резонанс в научной среде и средствах массовой информации. Несмотря на то, что с момента выхода книги многочисленные события поставили под сомнение верность выдвинутой им идеи, Фукуяма по-прежнему придерживается концепции «конца истории». Впрочем, некоторые его политические взгляды претерпели значительные изменения: так в начале нового тысячелетия он резко отмежевался от неоконсервативного движения в американской политике, с которым прочно ассоциировался на заре своей карьеры. Тарих философиясы: Адамның барлық объективті мүмкіндіктері (дүниені тану, түсіну, ұғыну т.б.) және одан қисынды туындайтын шығармашылық, жасампаздық іс - әрекеттері нақты тарихи дәуірде, қолайлы жағдайларда ғана іске асырылады. Адамның басқа адамсыз күні жоқ, о бастан – ақ ол өз болмысын басқаларсыз қарастырмаған. Адам тарихта екі түрлі «ипостась» немесе қырда өмір сүрді. Ол – бір жағынан, тарихтың алғы шарты, екінші жағынан оның нәтижесі. Өйткені алғашқы тарихи іс - әрекеттің иесі – пенде. Оны іс - әрекетке итермелейтін негізгі күш – қоршаған ортадағы өз болмысын сақтау, ұрпақ жалғастыру, тағы басқа қажеттіліктер, оның терең тамыры өмір сүру мен дамуға жұмсалған қуаттың орнын толтыруда жатыр. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуынан кейінгі маңызды секіріс адамның қоршаған дүниені жаңғыртуға бағытталған мақсатты еңбегінен туындайтын оған тән қажеттіліктер жүйесінің қалыптасуы десек артық айтқандық болмас еді. Адам жетілген сайын оның қажеттілктері де көбейеді, тереңдейді. Адамдардың бір – бірімен араласуының, достасуының, білуге деген құштарлықтың, ақиқатқа, мейірімділікке, сұлулыққа ұмтылуының оның тіршілігіндегі аса зор қажеттілікке айналғанына таң қаласың. Қажеттіліктердің табиғаты қоғам дамуымен тығыз байланыста. Мысалы, барынша қара дүрсін шаруашылық шеңберінен шыға алмаған орта ғасырлық адамның тіршілігінің ғылыми – техникалық прогресс өркендеген, электроника мен роботтар жұмыс істейтін қуатты демократиялық қозғалыстар, ақпарат тасқыны дүниесінде өмір сүретін осы замандағы адамдар тіршілігінен сапалық айырмашылығы бар Дін философиясы Дін қазіргі заманғы адам мен қоғамның рухани өмірінде ерекше орын алады. Кеңестік таптық идеология үстемдік құрған жылдары дін біржақты зерттелгені белгілі. Діннің соңғы жылдары қарқынды дамуы, қоғамда діни сенімді қабылдаушылардың санының көптеп артуы дінді жан-жақты зерттеуді қажет етті және бұл бағыттағы жұмыстар табысты жүргізіліп отыр. Мысалы, дінді тарих, социология, мәдениеттану, саясаттану, философия және тағы басқа ғылымдар өз ғылымдары деңгейінен, әр түрлі аспектілерде зерттеуде. Дінді философиялық зерттеудің ерекшеліктері: 1) философия діннің адам мен қоғамның рухани өміріндегі құбылыс, қоғамдық сананың формасы ретіндегі мәнін анықтайды: 2) көзқарастың түрі ретінде зерттейді; 3) діннің пайда болуының әлеуметтік және гносеологиялық себептерін талдайды; 4) діннің қоғамда атқаратын функцияларын жіктейді; 5) сенім мен ақылдың арақатынасы мәселесін қарастырады; 6) діннің адам бойында адамгершіліктікті қалыптастырудағы рөлін көрсетеді. 7) діни сенім бостандығы мәселесін зерттейді. Діннің анықтамасы: mеlеgо – қасиеттілік, құдайылық – Абсолютті бастаудың, Құдайдың бар екендігінен туындайтын және соған сәйкес мінез-құлық, өмір сүру тәртібін, өмір салтын қалыптастыратын көзқарас, дүниетаным; адамға күш беретін, тірек болатын, өзіне табындыратын тылсым күшпен байланыстылық және оған тәуелділік сезімі. Дін – күрделі жүйе, ол діни сананы, діни институттарды, діни қатынастарды және діни қызметті қамтиды. Дінге: 1) діни ілім; 2) діни сезімдер; 3) діни салттар; 4) діни ұйымдар мен секталар кіреді. Діннің даму сатылары: 1) табиғи дін – бұл кезенде табиғи күште құдайлар сияқты болып көрінді; 2) зандық сипаттағы дін – діни қағидалар мен ережелерді бұлжытпай орындау талап етіледі; 3) ақталу діні, ол Құдайдың алдындағы күнәлілік, бүкіл болмыстың қасіреттілігі және Құдайдың мейірімділігі сезімінен туындайды. Діни сана – жаратылыстан тыс күштерге, Құдайга деген сенімен туындайтын көзқарастардың, идеялардың, нанымдардың, теориялардың жиынтығы. Діни сананың құрылымына діни психология (діни идеялардың белгілі бір жүйесімен байланысты стихиялық түрде қалыптасатын түсінікгердің, сезімдердің, көңіл-күйлердің, әдет-дәстүрлердің жиынтығы) және діни идеология (діни идеялар жүйесі, оны қалыптастыру және тарату ісімен діни ұйымдар, дінбасылар, діни қызметшілер айналысады) кіреді. Діни идеологияның маңызды бөлігі болып теология есептеледі, ол Құдай, оның қасиеттері, сапалары, белгілері туралы ілімнің жүйелі баяндалуы және негізделуі. Діни сенімге деген екі түрлі көзқарас бар. Атеистік көзқарас – дін өмір шындығын бұрмалап, фантастикалық тұрғыдан түсіндіреді десе, дінді қолдаушылар оны нағыз ақиқат, танымның ең жоғарғы сатысы, адам өмірініндегі барлық сұрақтарға жауап бере алатын, қоғамдық сананың басқа формаларының бәрінен асып түсетін формасы деп тұжырымдайды. Қазіргі қоғамда екінші көзқарас басымырақ. Діннің пайда болу себептері мен мәні туралы мәселе философия тарихында көптеген философтардың зерттеу объектісі болды. Дін туралы ғылым – дінтануда діннің тамырлары деген ұғым қалыптасқан, бұл ұғым діннің пайда болу себептерін, әлеуметтік, гносеологиялық және адамгершіліктік мәнін ашады. 67. Әл Газалидің философиясы Философияның көрнекті ойшылы Әбу Хамид Мұхаммед әл-Ғазали Европада туып-өсіп өмір сүрмеді демесе осы аймақтарда кең атақ болған адам. Ислам әлемі оған көзінің тірісінде «Шейх-ул-ислам» деген құрметті атақ берген. Сондықтан Ғазали туралы айтушылардың мына пікіріне таң қалуға болмайды: «Егер Мұхамедтен кейін пайғамбар болса, ол сөзсіз Ғазали болған болар еді. Ғазали хижри 450/милади 1059 жылдарында Хорасанның Туси уәләятында дүниеге келіп, 505/1111 жылдарда туған жерінде дүние салған. Әл-Ғазали 473/1085 жылында Тус қаласының бір топ жастарымен Нишапур қаласына барып Низамия медресесіне оқуға қабылданады. Ол жерде атақты кәләмшы Имам Харамайн әл-Жүвайниден сабақ алады. Ұстазы дүние салғаннан кейін, 1092/485 Селжұқ Сұлтаны Мәлікшахтың данышпан уәзірі Низамул Мүліктің қасына барып, оның қадағалауындағы фықых (Ислам құқығы) кәләм (Ислам теологиясы) ғылымдарының ғылыми пікірталасына қатысады. Бұл жер ғылымға, өнерге құмар Низамул Мүліктің небір дүлділдерімен, ғылымның қаймағын қалқып ішкен ғұламалардың бас қосатын, ғылымның ордасы болатын. Әл-Ғазали Низамия медресесінде ұстаз, қазіргі тілмен айтсақ мәртебелі ректор секілді абыройлы қызметтер атқарды. Ол көптеген ғылым саласын терең меңгерген жоғары ғылыми дәрежеге лайық, халықтың мақтанар біртуар тұлғасы. Ғұмыры қысқа болғанымен де Ибн Сина сияқты артында философия, астрономия, ислам шариғатына қатысты жүздеген еңбек қалдырған ірі тұлға. Әл-Ғазалидің Ислам философиясының дамуына қосқан үлесі қандай болса, сопылық ғылымының да белгілі бір жүйеге келіп, қалыптасуына еңбегі сондай сіңген. Әл-Ғазалидің жалпы еңбектерінің саны жүзге тартады. Бұл еңбектері құқықтану, философия, логика, теология, суфизмнің теориясы және тәрбиенің өзекті мәселелеріле арналған. Суфизмнің көрнекті өкілдерін халыққа танытушы белгілі ғалым Ғ. Есім: «әл-Ғазалисіз суфизм түгілі, жалпы ислам философиясын түсіну мүмкін емес»,- дейді. Ғалым Ғазалиді ислам философиясын ғылыми дәрежеге көтерген аса мол білімді хәкім. Өйткені суфизм әл-Ғазали қолында «христиан мен ислам арасындағы діни партикуляризмді шешудің құралына айналған» дей отырып, оның суфизмнің көрнекті ойшылы екенін «Нұрды орын алу тәртібі»; «Жұмыс өлшемі»; «Інжілді бұрмалаушыларға нақтылы жауап» және төрт томдық «Діни ғылымдардың қайта өрлеуі» атты еңбектеріне сүйене отыр |