ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение Как определить диапазон голоса - ваш вокал
Игровые автоматы с быстрым выводом Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими Целительная привычка Как самому избавиться от обидчивости Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам Тренинг уверенности в себе Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком" Натюрморт и его изобразительные возможности Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д. Как научиться брать на себя ответственность Зачем нужны границы в отношениях с детьми? Световозвращающие элементы на детской одежде Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия Как слышать голос Бога Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ) Глава 3. Завет мужчины с женщиной 
Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д. Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу. Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар. | Элей мектебі (Ксенофан, Парменид, Зенон). Диалектика Диалектиканың тарихи типтері. Көне Үнді және Көне Қытай философиясындағы диалектика. Көне Грек философиясындағы диалектиканың формалары. Классикалық неміс философиясы мен марксизмдегі диалектика. XX ғ. диалектиканың негізгі варианттары. Диалектика теориясы бойынша қазіргі кездегі зерттеулер. Диалектиканың механикалық және органикалық модельдерін сынау. Гармоникалық диалектиканың моделі (Г.Батищев). Диалектика және диалогика В.С.Библер). Осы уақытқа дейін біз қарастырған әлем мен адам қарым – қатынасының барлық қырында даму құбылысымен жеткілікті түрде таныстық. Әлем де, адам да, табиғат та, қоғам да ұдайы өзгерісте, дамуда. Даму дегеніміз – мәңгі, қажетті қозғалыс, өзгеріс. Философияның бір бөлігі болып табылатын диалектика - әлемнің дамуының теориялық негіздерін анықтайды. Диалектика дегеніміз – болмыс пен бүкіл әлем дамуының жалпы байланыстары туралы ілім. Онда даму процесі зерттеледі. Диалектика – дамудың философиялық теориясы. Сонымен қатар, ол - әлемді біртұтас және қарқынды бүтіндік деп қабылдайтын ойлау тәсілі. Диалектика әлем үлгісін өзгертіп тұратын түрлер, жағдайлар және дәуірлердің бір – бірімен ауысуының мәңгі процесі деп қарастырады. Ф.Энгельстің анықтамасы бойынша, диалектика дегеніміз - әлемдегі байланыстар, табиғаттың, қоғам мен ойлаудың қозғалысы мен дамуының жалпы заңдары туралы ғылым. Философия объективті және субъективті диалектика ұғымдарын қолданады. Ойлау және таным процестері үшін бұл өте маңызды ұғымдар. Объективті диалектикадегеніміз - әлемнің, табиғаттың, объективті дүниенің дамуы, өзгеруі. Ал оның адам санасында бейнелеуінен субъективтік диалектика туындайды. әлем, дүниенің дамуымен, өзгеруімен қатар оны бейнелейтін, түсіндіретін ұғымдар да дамып, өзгеріп отырады. Диалектика зерттейтін маңызды сұрақтардың қатарына: «даму дегеніміз не?», «Ол неліктен болады», «Даму қалай іске асып отырады», «Даму қайда бағытталған» сияқты маңызды проблемалар жатады. Осылар төңірегіндегі ізденістер мен ойлар иірімдері материалдық әлемнің терең қабаттарын ашып, оның даму тетіктерінің мәнін зерттеуге мүмкіндік береді. Диалектика да грек сөзі. Ол бірден даму теориясына айналмаған. Грек мәдениеті аясында диалектика сұрақ – жауап арқылы пікір таластыру қабілетін, ұғымдарды саралау түрі мен шыққан тегіне қарай ажырату өнерін білдірген. Сонымен қатар, оның қайшылықтар туралы ілім деген анықтамасы да болған. Көрнекті грек философы Аристотель диалектиканы ықтимал пікірлер туралы ғылым деп есептеген. Бірте – бірте диалектика даму туралы ілімге айналды. Қарапайым диалектика антикалық философияда қалыптасты. Ол көне гректердің табиғатты қарапайым пайымдауынан туындайды. Диалектикалық дәстүрлің бастауы – негізі Гераклит ілімі деп есептелінеді. Табиғатты бөлінбейтін біртұтастық дей отырып, Гераклит «от» , «әлемдік өрт», «космос» ұғымдары арқылы ондағы ұдайы болып тұратын өзгерістерді түсіндіруге тырысты. Әлемдегі барлық нәрсе өзгермелі, қатып, семіп қалған еш нәрсе жоқ. Барлығы бір – біріне қарама – қарсы жақтардан тұрады. Олар бір – бірімен әрекеттеседі. Қарама – қарсылықтардың өзара күресі әлем дамуының қозғаушы күші және негізгі заңдылығы. Гераклит мәңгілік және өткіншілік, құдай және адам, өмір және өлім, сабан және алтын сияқты қарама – қарсылықтарды атап көрсеткен. Орта ғасырларды кейбір ойшылдардың шығармашылығында диалектикалық ізденістер орын алған. Мысалы, П.Абеляр диалектиканы әртүрлі пікірлер сайысында ақиқатқа жетудің тәсілі деп қарастырған А.Августин жалпы тарихтың дамуы туралы ілім жасаған, онда балалық, бозбалалық, өрлеу, қартаю және өлу кезеңдері атап көрсетілген. Қайта өркендеу мен жаңа Дәуір философиясында диалектика Д.Бруно, Н.Коперник, Р.Декарт, Б.Спиноза, Н.Кузанский шығармашылығында дамыған. Неміс философиясы дамытқан идеалистік диалектиканың маңызы аса зор болды. Неміс философы И.Гердер әлемдік мәдениеттің қозғалу логикасын анықтады. Диалектиканың дамуына қомақты, сүбелі үлес қосқан философ - Г.Гегель. ол тұңғыш рет бүкіл табиғи, тарихи және рухани дүниені процесс түріндегі нәрсе деп: яғни үнемі қозғалуда, өзгеруде, қайта құрылуда және дамуда деп таныды, сөйтіп, осы қозғалу мен дамудың ішкі байланысын ашуға тырысты. Гегель қайшылықты – дамудың негізгі қайнар көзі және қозғаушы күші ретінде ерекше бөліп, ол туралы жан – жақты ілімді дамытты. Гегель диалектиканың негізгі заңдары мен категорияларын анықтап, олардың тиянақты жүйесін жасады. К.Маркс пен Ф.Энгельс материалистік диалектиканы дамытты, даму идеясын тарихи құбылыстарды зерттеуде, яғни әлеуметтік таптық қатынастардың, жеке меншіктің, мемлекеттің, қоғамның басқа да маңызды институттарының қалыптасуының заңдылықтарын түсіндіруде кеңінен қолданды. Диалектиканың негізгі ұғымы – даму. Даму дегеніміз – қозғалыстың, өзгерістің бір көрінісі. Ол көп жақты, ескіден жаңаға, жаңадан ескіге, қарапайымнан күрделіге, күрделіден қарапайымға, төменгіден жоғарыға, жоғарыдан төменге өзгеру болады. Даму кезінде заттың, құбылыстың жүйесі өзгеріске ұшырап, қасиеттер ауысып отырады. Тарихтың дамуында бір – біріне ұқсамайтын әртүрлі дәуірлер, адамның дамуында балалық, жастық, толысу, қартаю кезеңдері болады. Даму - өте күрделі процесс, онда кері қозғалыстар, секірістер, әртүрлі қиылысулар болып тұрады. Диалектиканың маңызды принциптеріне дүниенің объективтілігін, оның негізгі бөліктері мен қасиеттерінің, құбылыстарының бір – бірімен байланыста, өзара әрекеттесуде, қайшылықта болатындығын мойындау жатады. Қайшылық – даму мен қозғалыстың ішкі қозғаушы күшін көрсетеді. Қайшылық дегеніміз – қарама – қарсылықтардың өзара қатынасын білдіреді. Қайшылықтар тірі, өлі табиғатта да, қоғам өмірінде де кездеседі. Диалектика жүйесіне оның негізгі заңдары кіреді. Заң ұғымының маңызды екі мағынасы бар. Біріншіден, заң дегеніміз – заттар мен құбылыстар арасындағы жалпы, тұрақты және қажетті байланыстарды білдіретін ұғым. Мысалы, әлемнің тартылу заңы, табиғи сұрыпталу заңы. Бұлардың бәрі объективті материалдық әлемнің заңдары. Екіншіден, заң дегеніміз - әлемнің байланыстарын түсіндіретін білім жүйесі. Бұл ғылым заңдары. Диалектиканың негізгі үш заңы бар. Олар даму процесінің маңызды заңдылықтарын түсіндіреді. Қарама – қарсылықтардың бірлігі мен күресі туралы заң – материалдық әлемнің дамуының негізін түсіндіреді. Даму процесі ішкі де, сыртқы да қарама – қарсылықтардың қақтығысы арқылы іске асады. Диалектика сыртқы қарама – қарсылықтардың бірегейліктің екіге бөлінуінің нәтижесі, түптеп келгенде ішкі қарама – қарсылықтар туындысы деп қарайды. Бұл заңның үлкен дүниетанымдық және тәрбиелік мәні бар, өйткені ол дамудың белгілі бір сатысын, тарихтың ешбір жетістігін, адам қол жеткізген биікті ең соңғы деп қарамастырмауға үйретеді және шексіз шығармашылыққа бағдар береді. Қоғам өміріндегі қайшылықтар өте күрделі және жан – жақты. Сандық және сапалық өзгерістердің өзара өту заңы – дамудың нақты тетігін көрсетеді. Диалектика кез келген затты саны және сапасы жағынан сипаттайды. Сапа – бұл қасиеттердің бірлігі. Сапалық айқындылық зат пен құбылысты тұрақты етеді, бір – біріне ажыратып, дүниенің шексіз сана алуандылығын айқындайды. Сапа дегеніміз – заттың барынша өзінділігі. Сан заттың біркелкі бөліктерге бөлінуін айқындайтын ұғым. Бір – біріне ұқсамайтын нәрселердің арасында сапалық, айырмашылық болады. Кез келген заттың негізгі бір сапасы бар. Мысалы, стакан – ең алдымен ішуге арналған құрал. Әрбір зат - сапалық, тұрақты және сандық, тұрақсыз қасиеттердің қайшылықты бірлігі. Бұл бірлік белгілі бір интервалға дейін сақталады. Оны шама арқылы анықтаймыз. Шама – нәрсенің немесе құбылыстың сапалық және сандық айқындылығының табиғи бірлігін білдіретін философиялық категория. Зат пен құбылыс өз дамуының белгілі бір деңгейінде жаңа сапаға көтеріледі. Сан өзгерістерінің нәтижесінде ескі сапаның жаңаға айналып, заттың немесе құбылыстың түпкілікті, сапалы өзгеруі – секіріс деп аталады. Кез келген сапалы өзгерістің тек секіріс арқылы дамуы маңызды бетбұрыс. Өйткені секіріс кезінде зат өзінің сапалық қасиетін жоғалтып, басқа қасиеттердің жиынтығына айналады. Сан мен сапалық өзгерістердің өзара байланысын химия жақсы дәелдейді. Мысалы, кәдімгі ауаның молекуласына ауаның бір ғана атомы қосылса, онда озон пайда болады. озон – басқа сапалы құбылыс. Сондықтан да болар, Ф.Энгельс химияны мөлшерлік, сандық өзгерістердің нәтижесінде заттардың сапалық қасиеттері өзгеріп отыратындығы туралы ғылым – деп анықтады. 19.Конфуцийдің әлеуметтік-өнегелі ілімі. Шығыс мәдениетінің дамуы – ол үнді-буддалық /б.д.д. 7-6 ғғ./, арабо-исламдық /7 ғ. б.д./, қытай-конфуцийшылдық /6 ғ. б.д.д./ дүниегекөзқарастар. Келесіде осы мәдениеттерге тәрізді қоғамдар дәстүрлі қоғамдар деп аталады. Көне Қытай философиясы. Қытай философиясының классикалық кезеңі б.з.д. 1-ші мыңжылдықтың ортасында – конфуцийшылдық (жу-цзя) және даосизм (дао-цзя)атты екі басты мектептен басталады. Олармен қоса басқа да көптеген мектептер болды («100 философиялық мектеп» түсінігі кең тараған), соның ішінде инь және ян жайлы ілім (инь-ян цзя,) моизм (мо-цзя), легизм (фа-цзя), софистер(номиналистер – мин-цзя). Көп ғасырлар ішінде билік еткен ағым конфуцийшылдық болды. Конфуций – (Кун-цзы) (шамамен б.з.д. 551-497 ж.ж.), көне Қытай ойшылы, конфуцийшылдықтың негізін қалаушы. Конфуцийдің негізгі көзқарастары «Лунь юй» («Ой және толғам») кітабында талқыланған. Конфуцийшылдықтың үнді мистицизмінен ерекше айырмашылығы өмірдің күнделікті ағымына көп көңіл бөлу: адамның жоғарғы міндеті осы. Конфуцийдің айтуынша «адам болудан» басқа маңызды және қиын ештеңе жоқ. Ең «қарапайым» ол отбасылық қатынас, шаруашылық, ал қызмет – ең күрделі болып табылады. Адамның нағыз ұлылығы оның күнделікті ұсақ-түйек заттармен айналысуында. Мұнда конфуцийшылдықтардың «қайырымды адам» - «жэнь» (адамгершілік, адамсүйгіштік) және «сыйластық» ілімдерінің мәні жатыр. Қайырымды адам бірінші орынға парызды, екінші орынға – пайданы қояды. Даосизм философясы «Дао дэ цзин» трактатында жазылған. Негізін салушы Лао-цзы. Дін ретіндегі даосизмде «дао» түсінігі (жол) басты орын алмайды. «У-вэй»(әрекетсіздік, қарапайымдылық, жаратылыс) және тәндік мәңгілік өмір сүру идеялары басты орында. Конфуцийге қарағанда, Лао-цзы ли-ге (дәстүрге) көп көңіл бөлмеді, өмір үздіксіз рәсім ретінде қиын әрі жасанды. Ал даосизм, керісінше, абсолюттік бастама - дао мен, билеуші және адамдармен келісімде қарапайым табиғи өмір сүру керектігін үйретеді. Конфуциялық –ежелгі қытай философиясының негізін салушы әрі қытайдың рухани бейнесін құрушы Чжун Ни немесе Кун Фу цзы болды, ол Еуропада дүниеден өткеннен кейін екі мың жылдықтан соң Конфуциус (Конфуций) (б.з.д. 551 ж. –б.з.д. 479 ж. дейін) деген атпен белгілі болды. Конфуция ілімінде негізгі орынды адамның өнегелілік табиғаты, мораль, отбасы, мемлекетті басқару алады. Оның ілімінде космогонияның, онтологияның, гнесеологияның, логиканың, метафизиканың проблемалары бастапқы сатысында ғана болды. Конфуция ілімінде “аспан” және “аспан (көк) құдыреті” тұжырымы бастапқы бастау деп есептеуге болады. Аспан – жекесіз күш. Тағдыр, заң, ең жоғарғы рухани күш. Конфуциялықта Дао – этикалық нормалар негізіндегі өнегелілік жетілу мен басқарудың жолы. Конфуций әлеуметтік-өнегелілік идеал деп өткенді есептеді. Конфуцияның ең жоғарғы өнегелілік императиві: “Өзіңе тілемегенді өгеге істей көрме”. “Алтын орта”ұғымы адамның мінез-құлқын реттейді. Адамдықтың негізін ата-анаға және жасы үлкенге көрсетілетін құрмет құрайды (“сяо”). Құрмет көрсетушілік - әлеуметтік тәртіп атаулының негізі. Конфуций этикасы адамдарды мынадай топтарға бөлуге негізделген: “парасатты ерлер” – цзюнь-цзы (жоғары өнегелі адамдар, ақсүйектер), қарапайым адамдар – жэнь (цзюнь-цзы мен сяо-жэнь арасындағы) және “кедей адамдар” – сяо-жэнь (меркантильді адамдар). “Парасатты ер” өмірінің мәні Даоның жетістігі, “жэнь”(адамдық) және вэнь(ішкі мәдениет) болып табылады. Ежелгі дәуірде қалыптасқан дәстүрлерді сақтау кейінгі ұрпақ үшін маңызды болып табылады. Конфуций әкелген сауаттылық пен білімнің талабы жетілген қоғамның атрибуты болып табылады. Конфуций өнегеліліктің балық өлшемдерін ортақ мінез-құлық жүйесіне – “лиге” біріктірді ,бұл қоғамда қабылданған ережелерді сыйлау, салт-дәстүрді ұстану, сыпайылықты білдіреді. Конфуцийдың мемлекетті басқару туралы іліміне басты қарсылық білдіргендер легистер(заңшылдар) болды.Бұл мектептің өкілдері Сюнь-цзы, Хан-фэн және басқалар.Олардың пікірінше, адам табиғатына эгоизм тән,сондықтан оны заң(фа) арқылы қатаң жазалап отыру қажет. Бұлардан басқа моистер мектебі болды. Моизмнің негізін қалаған Мо-цзы.Ол қара халықтан шыққандықтан,адамдарды ақ сүйектер мен қара сүйектерге бөлген Конфуций іліміне қарсы шықты.Мо-цзы өз ілімінің негізіне жаппай сүйіспеншілікті қойды. 20.В.С.Соловьевтың жалпы бірлік философиясы. Діни философ ретінде В.С. Соловьевтің негізгі идеясы ол «София» идеясы болатын, бұл әлемнің жанын білдіреді. Мұнда жердегі әлемді құдаймен біріктіріп тұрған мистикалық ғарыштық жан жөніндегі айтылып тұр. София дегеніміз құдайдағы әйелдік бастама. Бұл бейне Библияда кездеседі, бірақ ол Соловьевтің ойынша, мистикалық көріністе ашылады. София 3 түрлі тәсіл бойынша жүзеге асырылады. 1. Теософияда ол туралы түсінік қалыптасады. 2. Теургияда ол өзі қалыптасады. 3. Теократияда ол жүзеге асырылады. Теософия – Құдай, тәңір даналығы. Ол біртұтас білімнің шеңберінде христиан дініндегі ашылулар мен ғылыми жаңалықтардың синтезі болып табылады. Теургия – Құдай шығармашылығын білдіреді. Соловьев ғылымның моральдық бейтараптылығына қарсы болды. Теургия тазартушы практика сияқты, онсыз ақиқатқа ие болу мүмкін емес. Мистикалық идеализмнің көрнекті өкілдерінің бірі – Владимир Сергеевич Соловьев (1853-1900). Соловьевтің көзқарасына христиан әдебиеті, сондай-ақ буддизмнің, неоплатонизмнің және басқа діни-философиялық жүйелердің идеялары елеулі ықпал етті. Ол неміс философиясынан славяншылдардан көп нәрсені қабылдап пайдаланды. Ол орыс философиясының тарихында алғаш рет мистикалық платонизмді Шеллингпен және ғылыми эмпиризммен ынтымақтастырмақ болған ғұлама. Бұл әрине, алдын ала бітпес қайшылықтарға құрылған философиялық жүйе болатын. Соловьев христианшылдықтың мистикалық философиялық негізін қаламақшы болғандығы түсінікті. Материалистік философияның жауы, атеизм қараңғылықтың, сыңарлықтың нәтижесі деп санайтын Соловьев философияның негізгі мәселесін идеалистік тұрғыдан шешеді, демек ол үшін әлемнің түп негізі объективтік рух болып табылады. Алайда, оның рухы Гегельдік рухтан біршама өзгешелеу болады. Өйткені, Гегельдің рухы «таза рух» болса, Соловьевтің рухы құдайға тән және ол болмысқа әбден сіңісті болып кеткенімен болмыстық күйге толығымен ауыспайды. Демек, бұл жәйттен Соловьев әлемнің бірлігі- құдайда деген тұжырымын жасайды. 21.Экологиялық философияның мәні мен мағынасы. Экологическая философия изучает методами философии взаимодействие общества и природы, пути утверждения гармонического единения между человеком и миром природы. Как этого достичь в условиях, когда человек стремится добиться успеха во что бы то ни стало, когда большая часть ограниченных ресурсов планеты переводится в отходы и мусор, загрязняющие планету? Как добиться сохранения экосистемы человек — природа в условиях доминирования не экологических, а экономических и политических интересов? Выход из кризисной ситуации видят в основном в придании приоритета экологическим ценностям. Материальное производство, используемые технологии, экономика, политика — все это должно быть подчинено требованиям экологической этики и экологического права. Так как воздействие человека на природу часто имеет планетарный характер, то целый ряд актуальных экологических проблем может быть разрешен лишь в условиях международного сотрудничества и наличия реального чувства международной экологической ответственности. Экологическая философия — молодая дисциплина, ее философские ориентиры лишь вырабатываются, на многие актуальные вопросы она не знает ответа. Человечество, умудрившееся попасть в экологический кризис, не знает четких путей выхода из него. Несмотря на более или менее успешную реализацию программ по развитию безотходных производств и альтернативных технологий, развитию экологического законодательства, человечество по-прежнему не покинуло район экологического кризиса. Все более очевидным становится, что главная экологическая проблема ("дыра") находится не в озоновом слое Земли, а в ценностно-этических представлениях человека и общества. Казавшиеся столь незыблемыми принципы гуманизма должны соотноситься не только с человеком, но и с природой. В таком случае гуманизм теряет свое прежнее содержание и становится экогуманизмом. Любовь человека, эгоистически направленная только на него самого, привела в конечном счете к экокризису. Экогуманизм в отличие от традиционного гуманизма видит в природе бытие человека. Природа есть символическое бытие человека. Именно поэтому человек вынужден относиться к природе столь же бережно, как к самому себе. Мы уже отмечали, что экологическая философия встречается с трудностями. Это неудивительно, ибо как философия, так и современные науки мало, явно недостаточно изучали сам феномен символического бытия человека. Но без знания содержания этого феномена успешное экологическое движение просто невозможно. Человечество вынуждено обратиться к природе как арене проявления человеческого бытия. Один из относительно новых комплексов экоаксиологических ориентации связан с биоэтикой, центральным вопросом которой является отношение человека к жизни и смерти. Жизнь, особенно человеческая, понимается как высшая ценность. Кстати, общество не без труда ищет подходы и к нашим "меньшим братьям". В токийском зоопарке поставлен памятник умирающим в неволе животным. Но всегда ли человек сознает свою вину перед животными? Проблемы биоэтики многогранны, обширны. В США издана пятитомная энциклопедия по биоэтике. Объем энциклопедии показывает, сколь внимательно относятся американцы к проблемам биоэтики. Особое внимание привлекают проблемы активной эвтаназии ("убийства из милосердия"), критерии смерти, отношения врача и пациента, отношение к умирающим, к дефективным новорожденным, к дебилам. Имеет ли человек право на смерть, право на аборт? Многочисленные дилеммы биомедицинской этики невозможно разрешить без тщательного философского и научного рефлексирования, углубленного понимания содержания гуманизма и экогуманизма. Рассмотрим в этой связи некоторые конкретные проблемы. Возможности оживления умершего человека привели к тому, что остановка сердца перестала быть признаком смерти, каковым, однако, являются необратимые изменения в центральной нервной системе. Но согласно догматам буддизма и конфуцианства, признаками смерти являются остановка сердца и прекращение дыхания. А это означает, что при бьющемся сердце не допускается изъятие органов для трансплантации; трансплантация сердца вообще исключается. Разумеется, это относится лишь к тем народам, которые соблюдают установленные догматы. Мы видим, как принципы религии могут приходить в противоречие с принципами гуманизма. Вместе в тем в странах, где трансплантация сердца стала нормой, замечены случаи, когда диагноз смерти порой ставится некорректно. Другой случай: общество должно предоставить женщине право на свободное и ответственное материнство. Однако отмена запрета на аборт просто-напросто игнорирует ценность жизни плода. Перед нами типичная биомедицинская дилемма: как отмена запрета на аборт, так и его допущение не свободны от глубочайших противоречий. Чтобы с ними справиться, необходимо последовательное развитие экологической философии, экоэтики и биоэтики в том числе. 22.Даосизмның негізгі ұғымдары және принциптері. Қытай философиясының классикалық кезеңі б.з.д. 1-ші мыңжылдықтың ортасында – конфуцийшылдық (жу-цзя) және даосизм (дао-цзя)атты екі басты мектептен басталады. Даосизм философясы «Дао дэ цзин» трактатында жазылған. Негізін салушы Лао-цзы. Дін ретіндегі даосизмде «дао» түсінігі (жол) басты орын алмайды. «У-вэй»(әрекетсіздік, қарапайымдылық, жаратылыс) және тәндік мәңгілік өмір сүру идеялары басты орында. Конфуцийге қарағанда, Лао-цзы ли-ге (дәстүрге) көп көңіл бөлмеді, өмір үздіксіз рәсім ретінде қиын әрі жасанды. Ал даосизм, керісінше, абсолюттік бастама - дао мен, билеуші және адамдармен келісімде қарапайым табиғи өмір сүру керектігін үйретеді. Даосизм –негізін салушы Лао-цзы (Конфуцияының аға толқын замандасы) –б.з.д. 5ғ., “Дао дэ цзин” (б.з.д. V- б.з.д. IV ғғ.) оның бір бөлігі Лао-цзыдың өзіне тиесілі, ал ендібір бөлігі оның шәкірттерінің еншісіне тиеді. Трактаттың атауын былайша айқындауға болады: Дао – Жол, дэ – Даоның көрініс табуы, цзин – беделділік, классикалық жазбаға жатуы (“Жол және оның пайда болулары туралы кітап”), онда дүниенің, болмыстың және болмысқа жатпайтынның, адамзат қоғамының және жеке тұлғаның тіршілік ету проблемасы қойылған. “Білетін адам үндемейді, ал білмейтін адам сөйлемпаз” – даосизмнің негізгі каноны осы. Нағыз жолбар, ол заң және негіз, ең жоғарғы бірінші прницип, әлемдік субстанция, барлық болмыстың қайнаркөзі –Дао. Әлем, адамдарың өмірі рухпен, немесе көктің еркімен емес, Даомен басқарылады. Дао көзге көрінбейді және ол өзінше (субстанция ретінде) болмайды, бірақ әркез заттың түбінде жатады. Сондықтан Дао– болмыс емес және бір мезгілдегі болмыс та емес. Дүниеде бәрі қозғалыста болады, тұрақты өзгереді. Дао іс-әрекетте – дэ (күш). Даму қанша жерден жүрмесе де, әділдік әрқашан салтанат құрады. Осындай заңдылық бар, осыдан келіп даосизмнің басты принципі шығады – у-вэй (әрекетсіздік) – адам заттың табиғи қозғалысына араласпауы тиіс. Даосизм – бұл тек жай ғана философиялық жүйе ғана емес, ол айырықша өмір салты, өмірлік даналық, сенімді өмірлік бағыт. Даостар үшін идеальды жай-күй Даомен кірігу (мин – жарықтану). Даос өмірде парықсызды емес, тіпті зұлымдықты да емес, керісінше мәңгілік және өлмейтіндерді бағалайды, болмыстың ұлы тыныштығына көлеңке түсірмейді. 23. .М.Достоевский (1821-1881) Ресейдің болашағын капитализм және социализммен байланыстырған жоқ, Ресей өзінің дамуында ұлттық негізге, яғни дәстүр мен салтқа сүйенуі қажет. Адамның да, мемлекеттің де тағдырында дін ерекше роль атқарады. Адамның рухани дамуы дінге негізделген. Ф.М.Достоевский адам өмірінің екі вариантын ұсынған. Біріншісі – адам абсолютті еркіндікте, ешқандай беделді, тіпті Құдайды да мойындамайды. Өзінің ойына не келсе, соны істеп, өзін Құдайдай сезінеді. Ойшылдың пікірінше, бұл өте қауіпті жол. Ол адамның өзіне де, айналасындағыларға қатер төндіреді. Екіншісі – барлық іс - әрекетінде, бастауларында, Құдайға сену, оған сүйену. Бұл адамға қажетті жол, дұрыс жол, оны қорғайтын жол. Л.Н.Толстой (1828-1910) өзіндік ерекшелігі бар діни – философиялық ілімде жасады. Толстойшылдықтың мәнісі мынада: - көптеген діни догматтар сынға ұшырап, жойылуы қажет. - дін қарапайым, әлі әркімге түсінікті болуы керек; - құдай, дін – бұл игілік, махаббат, ақыл және ұждан; - өмірдің мәні - өзін өзі жетілдіру; - жер бетіндегі негізгі зұлымдық - өлім және күш қолдану; - кез келген мәселені шешудің негізгі құралы ретінде күш қолдануда бас тарту; - адамның тәртібінің негізі – зұлымдыққа қарсы болмау; - мемлекет – күш қолдану аппараты, оны құрту қажет. Өзінің осындай философиялық – діни көзқарастары үшін Л.Н.Толстой анафемаға, яғни шіркеуден аластатуға ұшыраған. 24. Сана мәселесі философиядағы басты және күрделі, түсіндіруге қиын мәселелердің бірі, себебі сананы керу, өлшеу, сезім мүшелері арқылы қабылдау мүмкін емес, бірақ сана адамның жануарлар дүниесінен ерек-шелігін көрсететін факторлардың бірі, сана арқылы адам мен оны қоршаған ортаның арасындағы байланыс жүзеге асырылатыны күмәнсіз. Сондықтан да философия тарихында «сана», «жан», «бейсаналық» ұғымдарының төңірегінде үнемі пікірталастар жүріп отырды және олар қазір де жалғасуда. Сапаны түсінудегі әр түрлі көзқарастарды біріктіріп, екі үлкен топқа бөлуге болады: 1) материалистік – сананы материяның дамуында пайда болатын табиғаи қасиеті деп түсіну; 2) идеалистік – сананы материяға жат, одан алғашқы, жаратылстан тыс пайда болатын рухани субстанция деп ұғыну. Жаратылыстану ғылымдарының дамуының нақты жетістіктері саңаның мәні, генезисі туралы сауалдарға жауап берді деп айтуға болады. Түйіндеп айтсақ, сана туралы ғылыми көзқарас мынадай: сана ерекше түрде ұйымдасқан материяға – адам миына ғана тән қасиет. Оның дәледі ретінде адамның миы зақымданғанда оның ойлау, психикалық қызметі бұзылатынын айтсақ жеткілікті. 25. Ежелгі философияны ерекшелендіретін қыры – дүниенің рационалды ұғыну және космоцентризм,яғни “ғарышты”, “табиғатты” пайымдауға жасалған бағыт. Дүние – біртұтас, тіршіліктің тұтастығы. Адам табиғаттың ажырамас бөлігі ретінде қарастырылады(микрокосм). Космос мангилик тиршлик етеди. Космос сфера туринде жане шекти., ал одан тыскары Алгашкы Козгаушыдан баска ештенке жок. Дуниенин орталыгында шар тариздес Жер, ал онынайналасында Ай, Кун, планета мен жулдыздар айналып жур. Дуние 2-ге : ай асты жане Ай усти дуниелерине болинеди . Еки дуниененин шекарасы – Ай орбитасы болып табылады. Адам –биологиялык мани бойынша жогары уйымдасан жануардын турине жатады. Жануарлардан ойлауы мен сойлеуинен ерекшелинеди. Милет мектебі – Фалес, Анаксимандр, Анаксимен. Антикалық Грецияның ең алғашқы философиялық мектебі. Бұл мектептерде алғаш рет барлығының бастауы не, дүниенің субъстанциясы мәселесі қарастырылды. Дүниенің негізі ретінде олар белгілі бір материалды принципті алды. Олар интуитивті түрде әлемді материалды деп түсінді. Алғашқы грек мектептері стихиялы материализм бағытын ұсынды. Бұл мектептің негізгі принципиалды ойлары ретінде мыналарды айтуға болады: дүниені түсініп білу үшін табиғаттан тыс күштердің жаратқандығына сенімнен тыс, оны өзінде ұғыну керек, яғни оның негізі материалдық бастамалардан іздеу керек. Милет мектебі өкілдері гилозоистер болды, яғни материаның жанды екендігін айтып, әрбір заттың жаны болғандықтан қорзғалады, бұл олардың қоршаған ортадағылардың барлығы үнемі қозғалыста, өзгерісте болады деген қарапайым диалектикалық ойларынан туындаған. 26. Ж.Баласағұни философиясы Орталық Азиялық əлемнiң келесi бiр iнжу-маржаны Баласағұн қаласынан шыққан түрiк “Құтадғубiлiк” (“Құттыбiлiм”) деп аталатын атақты шығарманың авторы Жүсiп Баласағұн (ХI ғасыр). Өлең түрiнде жазылған бұл шығарма 6520 бəйiттен тұрады. Оның негiзгi тақырыбы моральдық-этикалық мəселе. Баласағұн əл-Фарабидiң iзгi қала-мемлекет туралы идеяларын қолдай отырып, мемлекеттiң формасы билеушiнiң адамгершiлiк тазалығымен асқақтығына, билеушi менбағыныштыл арарасындағы iзгiлiктi қарым-қатынастарға байланысты деп есептедi. Өзiнiң еңбегiнде философ саяси дағдарыстар тұсындағы Қарахандар мемлекетi үшiн қажеттi (ол сол заманда өмiр сүрдi) билеушiнiң идеалды портретiн беруге тырысты. Баласағұн билеушiге мынадай ақыл кеңестер бередi: “Бiлiп ал: адамдар алдында сенiң үш парызың бар. Соны орында – күшпен ұзаққа бармассың. Ең алдымен күмiстей тазалықты сақта... Екiншiден – адамдарға əдiл заң бер... Жəне үшiншiден – күзетiңдi мықта”. Баласағұнның түрiк тiлiнде жазылған “Құттыбiлiк” еңбегi сол заман энциклопедиясын бiлдiредi. Бұл жұмыс этика, саясат мəселелерiне арналып қана қоймай, философиялық, эстетикалық, ертедегi түрiктердiң дiни наным сенiмдерiне байланысты материалдарға да толы. 27. Әр-түрлі философиялық мектептердің таным туралы түсіндірмесі. Таным дегеніміз — нағыздықтың адам санасында мақсатты және белсенді түрде бейнелену үдерісі болып табылады. 28. Демокриттің атомизмі. Атомисттік концепцияның негізін қалаушы – Демокрит. Демокриттің ілімінше, дүниенің бастамасы – атомдар (шын болмыс)және бос кеңістік (бейболмыс). Болмыс – сансыз көп ұсақ бөлшектердің жиынтығы. Атомдардың негізгі қасиеті: мәңгі, бөлінбейді, өзіне- өзі тең, қозғалмайды. Бұл қасиеттер атомдардың ішкі мәні. Ал олардың сыртқы қасиеттеріне өзіндік пішін, түрлерінің және көлемінің болуы жатады. Атомдар бұрыш, шар, қармақ, оймақ, т.б. тәріздес болады. Атомдар бос кеңістік болып тұрады. Атомдар бос кеңістікте өз табиғатына тән үздіксіз қозғалыста болады, бір-бірімен соқтығысқанда өздерінің қозғалыс бағыттарын өзгертеді. Атомдарды бояу түрлері, иіс дыбыс т.б. сияқты сезімдік қасиеттер жоқ. Бұл қасиеттер атомдар түйсітерімен кездескенде ғана пайда болады. Демокрит-алғашқылардың бірі болып сезімдік қасиеттердің субъективті түрде болатындығын айтқан ойшыл. 29. М.Қашғаридің философиясы Қарахан қағанатының гүлденген дəуiрiнде өмiр сүрген философтардың бірі - Махмұт Қашқари. Ол өзiнiң 1072-1083 жылдары жазылған “Дивани лұғат ат-тюрк” (“Түрiк тiлiнiң сөздiгi”) еңбегiнде түрiк рулары мен тайпаларының тiлi, əдет-ғұрпы мен қатар, олардың тарихы мен саяси өмiрiнен де мол мағлұмат бередi. Ол адамдардың қоғамдық өмiрiндегi адамгершiлiктiң, тəрбиенiң, бiлiмнiң маңызына Назар аударып қана қоймай, рулар арасындағы қарым-қатынасты реттеумен бекiтудегi қуатты тетiк ретiндегi тiлдiң рөлiне де үлкен көңiл қояды. Қоғамдық өмiр мен мемлекеттi нығайтуда түрiк философының айтуынша ер мiнездiлiк, адалдық, патриотизм жəне т.б. адамгершiлiк қадiр-қасиеттер де маңызды орын алады. Сонымен қатар, түрiк халықтарының бiр-бiрiмен жақындасуы мен қатынасуының негiзгi құралы ретiнде Қашқари ана тiлiнiң маңызды рөлiн баса көрсетедi. 31. Гераклиттің диалектикасы Гераклит сол кездегі басқа ойшылдар сияқты жаратылыстану саласымен айналысып, дүниенің негізін материалдық біртұтастықтан іздеді. Сондықтан да ол дүниенің негізін отта деп есептеді. Гераклит – көрнекті диалектик, теориялық ойлаудың шым-шытырман тұңғиығына, оның қайшылықтары мен бұрылысы көп жолдарына батыл көз жүгірткен ғұлама философ. Гераклиттің диалектикасы көптеген келелі мәселелерді көтерді. Сондай проблемалардың бірі таным процесін, әсіресе, диалектикалық танымның салыстыру әдісімен қалыптасатынын атап көрсетті. Салыстыру арқылы жақсылық пен жамандықтың, әсемдік пен көріксіздіктің т.б., жігін ашып, мәнін негіздеуге тырысты. Грек философиясында Гераклит диалектикасына қарама-қарсы бағытта пайда болған сол кездегі ағымдардың бірі – Элей мектебі болды. Ол мектептердің өкілдері – Парменид пен Зенон. Парменид пен Зенон бастаған Элей мектебі келілі философиялық мәселелерді көтерді. Ең алдымен олар болмыс туралы проблеманы жан-жақты талқылады. Элей мектебі болмыс туралы философиялық мәселе көтере отырып, оның мәнін ашуға әрекеттенді. Болмысты тек ойлау арқылы білуге, түсінуге, сырын ашуға болады. Ендеше, негізгі мәселе – ойлаудың болмысқа деген қатынасы. Бұл - Элей мектебінің ашқан жаңалығы. Мұның өзі кейін философияның негізгі мәселесіне айналды. Элей мектебінің негізін қалаған Парменид деген ойшыл. Оның ұстазы атақты ақын, ойшыл Ксенофан. Міне, Парменид болмыс туралы терең ой-пікірлер қозғаған. Ол: «Болмыс бар, болмыс емес жоқ» - кесіп айтты. 32. Қ.А. Иассауидің сопылық идеясы «Диуани Хикметте» негізінен төрт нәрсеге аса көңіл бөлінеді. Олар: шариғат, тарихат, хақихат, мағрифат. «Шариғат» ислам дінінің заңдары мен әдет ғұрыптарының жинағы «тарихат» сопылықтың идеясы, сопылық мүддесіне жеткізген жол, «хақихат» құдаймен бірігу оған жақындау, «мағрифат»— дін жолын танып, оқып білу. Ахмет Ясауидің пікірінше «Шариғатсыз», «Тарихатсыз» «Мағрифатсыз» «хақиқат» болуы мүмкін емес. Ақын мүны өз өлеңінде былай деп өрнектейді: … Ути ғүмырым шарғатқа неталмадым, Шариғатсыз тарихатқа уталмадым, Хақиқатсыз мағрифатка баталмадым, Катиг иуллар пырсыз ничук утар достлар. … Өтті өмірім шариғатқа жете алмадым, Шариғатсыз тариқатка өте алмадым, Хақихатсыз мағрифатка бата алмадым, Қиын жолдар пірсіз қайтіп өтем достар… Міне, түсініп отырсыздар, мұнда Ясауи сопылық ілімдерінің өте күрделі екенін, діни мистикалық сарындағы бұл төрт қағиданың арғы жағында үлкен философиялық арналардан бұлақ көздері бітеліп жатқанын мезгейді. Ясауи өз хикметтерінде сопылық дін ілімі туралы ете көп әрі шын беріле айтады, ол бұл шын мәніндегі білім деп айтады, ал сопылықтың барлық ұсақ-түйегін білмейтін адамды ол «надан» «түк білмейтін»,»жалған сүюші», «жалған сопы деп есептеді. «Менің асыл хикметімді жаны ауырмасқа айтпағым, Баға жетпес іпжуімді құнын білмеске сатпағын», — деп, бар жан-дүниесімен сопылыққа берілген Ясауи, «егер мен басымнан айырылсам да, бұл жолдан маған жалт беру жоқ»,-— дейді. Ахмет Ясауи аркылы сопылық түркі тілдес халықтардың рухани танымында шешуші орын алды. Сопылық философиялық жүйе ретінде адамдардың дүние-танымының қалыптасуына үлкен ықпал жасады. Бұған дәлел Ясауиден кейінгі көптеген қазақ ақын, жырауларының шығармаларынан да сопылыктың тікелей әсерін байкаймыз. «Қазакстан мен Орта Азия халықтары арасында сопылықтың кеңінен және табыспен таралуына мына жағдай да әсер етті. Ол өз ілімін жеңіл және түсінікті тілмен, әсем бояулы өлең, жырларымен баяндайды, сопылық идеяларды жергілікті салт жырларымен үйлестіре дәріптейді.Ахмет Ясауидің Орта Азия мен Қазақстанның түркі тілдес халықтары арасында зор беделге ие болуы Ясауидің ислам заңдарын Шығыс сопылық ілімдік лангейзммен және бақсылық жыры элементтерімен икемді үйлестіре алуынан еді Ясауи былай дейді: «Кімде-кім құдайды есіне алса, ол онымен табысқанын көре алады». Сондықтан да Ясауи үшін құдайды тану өзін-өзі танумен бірдей. Сопылықтағы доктрина құдайды мистикалық сүю болып табылады. Ясауи ілімінде бұл доктрина оның «таным» теориясының бөлінбес бөлігі бола тұрып, ерекше орын алады. 33.Адамның шығу тегі туралы концепиялар.Бүгінгі таңда адам баласының жер бетінде пайда болуы жөнінде түрлі көзқарастар бар. Мұндай көзқарастар 3 топқа бөлінеді. Біріншісі - діни түсінік бойынша бүкіл әлемді, соның ішінде адамды да Құдай жаратты деген ұғым. Екінші көзқарас бойынша адам баласы жер бетіне ғарыштан келген. Ал, үшінші пікір бойынша - адам баласы жер бетіндегі басқа да тіршілік иелері сияқты ұзақ эволюциялық даму нәтижесінде қалыптасқан. Әлемнің көпшілік ғалымдары осы көзқарасты жақтайды. Чарльз Дарвиннің ілімі бойынша адамның пайда болып, қалыптасуы мен дамуы қарапайымнан күрделіге қарай жүрген. Алғашқы адамның қазіргі адамдардан көп айырмашылығы болды. Олар қолдары аяқтарынан ұзын, терісін қалың түк басқан ірі маймылдарға ұқсас келді. Элей мектебі (Ксенофан, Парменид, Зенон). Элей мектебі-б.д.д. 6-5 ғ.ғ. Элей қаласында (оңтүстік Италия) пайда болған философиялық мектеп. Басты өкілдері — Ксенофан, Парменид, Зенон, Мелисс. Элей мектебінің негізгі мәселесі-болмыс болды.Э м.тұңғыш рет ойлауды сезімдік қабылдауға қарсы қойды. Ол адам түйсігінің және сезімдік болмысының тұрақсыз, аумалы-төкпелілігін ескере отырып, танымдағы басты рөлді ойлау процесіне береді. Э. м. философия тарихында тұңғыш рет болмыстың біртұтастығы жайлы ұғымды ұсынып, оны филос. ойдың негізіне айналдырды. Э. м. біртұтас болмысты шындықтың әрбір ұсақ элементінде болатын үздіксіздікті өзгермейтін, бөлінбейтін нәрсе деп түсінді. Кейіннен бір тұтас өзгермейтін болмыс ұғымы Платон мен неоплатонизм философиясының қайнар көзіне айналды Элей мектебі-б.д.д. 6-5 ғ.ғ. Элей қаласында (оңтүстік Италия) пайда болған философиялық мектеп. Басты өкілдері — Ксенофан, Парменид, Зенон, Мелисс. Элей мектебінің негізгі мәселесі-болмыс болды.Ксенофан . Дүние жер мен судан пайда болды деген көзқарасты ұстанады. болмыс-барлық жерде бірдей, өзіне тең, біртекті, өзгеріссіз деп санады.Парменид — «болмыс» ұғымын алғаш рет философияға енгізген ежелгі грек философы. Парменид дүниені қозғалмайтын, тұтас, толтырылған шар түрінде елестетті. Екі бастаманы көрсетеді-от, жарық және қараңғылық. Сезімнің көрсетуіне сенбеу, пайымдық білімді жоғары бағалау Парменид іліміндегі рационализмнің басым екендіген аңғартады. «Болмыс-бар нәрсе, олай болса ол туралы ойлауға, оймен бейнелеуге, зерттеуге, сипаттауға болады»,-дейді. Зенон Элей мектебінің өкілі. философияға тұңғыш рет диалог формасының қолданылуын енгізді. Ол қозғалыстың диалектикалық табиғаты туралы мәселелерді теріс формада қолданды. Зенон үшін болмсыста қайшылық жоқ, сондықтан қайшылықты болмыс-жалған болмыс. 35. Қазақ Ағартушылығы (Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин). Ресейге күштеп қосылу нәтижесінде Қазақстанда өндіргіш күштер мен халық ағарту ісін ұйымдастыру және басқаруда ілгерілеу байқалды.Қазақ ағартушылығының негізін салушы Шоқан Уәлиханов-демократиялық ұлттық мәдениетіміздің көрнекті өкілі.Уәлиханов өз бойында шын мәнінде еуропалық білімділік пен шығыс халықтарының мәдениеті жайлы терең түсінікті үйлестірді және қысқа ғұмырында мол да жан жақты шығармашылық мұра қалдырды.Уәлиханов тікелей философиялық мәселелер жөнінде еңбектер жазбаған,бірақ коптеген шығармаларынан философиялық пікірлері мен тұжырымдамаларын байқауға болады. Ол “Қазақтардағы шамандықтың қалдығы”, “Даладағы мұсылмандық жөнінде” “Тәңір” деген еңбектерінде философияның негізгі мәселесіне қатысты пікірлер айтады.Ыбырай Алтансарин-қазақ ағарту ісінің көрнекті өкілі,педагог жаңашыл және жазушы.Ыбырайдың коптеген өлеңдері мен әңгімелерінен оның қоршаған дүниенің санадан тыс және тәуелсіз өмір сүретіндігін мойындайтынын байқаймыз. “ Жаз”, “Өзен” сияқты өлеңдерінде табиғатты өзінше тамашалау емес,сонымен бірге оның адам санасынан тыс және тәуелсіз екендігі сезіледі.Ыбырай дүниені жаратушы Құдай деп біледі.Алтынсариннің этикалық және эстетикалық көзқарастары құндылығы мен маңызы жағынан ерекше орын алады.Жастарды инабаттылық пен адамгершілікке,еңбекті сүюге,мейірімділікке, үлкендерді құрметтеуге,кішіпейілдікке шақыратын шығарма,әңгімелер арқылы жеткізе білді. 36. Информационное общество — общество, в котором большинство работающих занято производством, хранением, переработкой и реализацией информации, особенно высшей её формы — знаний. Для этой стадии развития общества и экономики характерно: увеличение роли информации, знаний и информационных технологий в жизни общества; возрастание числа людей, занятых информационными технологиями, коммуникациями и производством информационных продуктов и услуг, рост их доли вваловом внутреннем продукте; нарастающая информатизация общества с использованием телефонии, радио, телевидения, сети Интернет, а также традиционных и электронных СМИ; создание глобального информационного пространства, обеспечивающего: эффективное информационное взаимодействие людей; их доступ к мировым информационным ресурсам; удовлетворение их потребностей в информационных продуктах и услугах. развитие электронной демократии, информационной экономики, электронного государства, электронного правительства, цифровых рынков, электронныхсоциальных и хозяйствующих сетей. Ряд политологов и политэкономов склоняется к тому, чтобы провести резкую грань, отделяющую концепцию информационного общества от постиндустриализма. Однако, хотя концепция информационного общества призвана заменить теорию постиндустриального общества, её сторонники повторяют и дальше развивают ряд важнейших положений технократизма и традиционной футурологии. Д. Белл, сформулировавший теорию постиндустриального общества, в настоящее время выступает в качестве сторонников концепции информационного общества. Для самого Белла концепция информационного общества стала своеобразным новым этапом развития теории постиндустриального общества. Как констатировал Белл, «революция в организации и обработке информации и знания, в которой центральную роль играет компьютер, развивается в контексте того, что я назвал постиндустриальным обществом». Как считает У. Мартин (англ.)русск., под информационным обществом понимается «развитое постиндустриальное общество», возникшее прежде всего на Западе. По его мнению, не случаен тот факт, что информационное общество утверждается прежде всего в тех странах — в Японии, США и Западной Европе, — в которых в 60-х — 70-х годах сформировалось постиндустриальное общество. У. Мартин (англ.)русск. предпринял попытку выделить и сформулировать основные характеристики информационного общества по следующим критериям. Технологический: ключевой фактор — информационные технологии, которые широко применяются в производстве, учреждениях, системе образования и в быту. Социальный: информация выступает в качестве важного стимулятора изменения качества жизни, формируется и утверждается «информационное сознание» при широком доступе к информации. Экономический: информация составляет ключевой фактор в экономике в качестве ресурса, услуг, товара, источника добавленной стоимости и занятости. Политический: свобода информации, ведущая к политическому процессу, который характеризуется растущим участием и консенсусом между различными классамии социальными слоями населения. Культурный: признание культурной ценности информации посредством содействия утверждению информационных ценностей в интересах развития отдельного индивида и общества в целом. При этом Мартин особо подчеркивает мысль о том, что коммуникация представляет собой «ключевой элемент информационного общества». Мартин отмечает, что, говоря об информационном обществе, его следует принимать не в буквальном смысле, а рассматривать как ориентир, тенденцию изменений в современном западном обществе. По его словам, в целом эта модель ориентирована на будущее, но в развитых капиталистических странах уже сейчас можно назвать целый ряд вызванных информационными технологиями изменений, которые подтверждают концепцию информационного общества. Среди этих изменений Мартин перечисляет следующие: структурные изменения в экономике, особенно в сфере распределения рабочей силы; возросшее осознание важности информации и информационных технологий; растущее осознание необходимости компьютерной грамотности; широкое распространение компьютеров и информационной технологии; развитие компьютеризации и информатизации общества и образования; поддержка правительством развития компьютерной микроэлектронной технологии и телекоммуникаций. широкое распространение компьютерных вирусов и вредоносных программ по всему миру. В свете этих изменений, как считает Мартин, «информационное общество можно определить как общество, в котором качество жизни, так же как перспективы социальных изменений и экономического развития, в возрастающей степени зависят от информации и её эксплуатации. В таком обществе стандарты жизни, формытруда и отдыха, система образования и рынок находятся под значительным влиянием достижений в сфере информации и знания». Качественно новым моментом стала возможность управления большими комплексами организаций и производством систем, требующим координации деятельности сотен тысяч и даже миллионов людей. Шло и продолжает идти бурное развитие новых научных направлений, таких как информационная теория, информатика,кибернетика, теория принятия решений, теория игр и т. д., то есть направлений, связанных именно с проблемами организационных множеств. Одним из крайне неприятных аспектов информатизации общества является утрата информационным обществом устойчивости. Из-за возрастания роли информации малые группы могут оказывать существенное влияние на всех людей. Такое влияние, например, может осуществляться через террор, активно освещаемый СМИ. Современный терроризм — это одно из следствий снижения устойчивости общества по мере его информатизации. Возвращение устойчивости информационного общества может быть осуществлено через усиление политик учетности. Одним из новых направлений усиления политик учетности людей является биометрия. Биометрия занимается созданием автоматов, способных самостоятельно узнавать людей. После событий 11 сентября 2001 года по инициативе США началось активное использование международных паспортов с биометрической идентификацией людей автоматами при пересечении границ государств. Вторым важнейшим направлением усиления политик учетности в информационном обществе является массовое использование криптографии. Примером может служить СИМ карта в сотовом телефоне, она содержит криптографическую защиту учетности оплаты абонентами арендуемого у оператора канала цифровой связи. Сотовые телефоны являются цифровыми, именно переход на цифру позволил обеспечить всех желающих каналами связи, но без криптографии в СИМ картах сотовая связь не смогла бы стать массовой. Операторы сотовой связи не смогли бы надежно контролировать факт наличия денег на счете абонента и операции по снятию денег за пользование каналом связи. 37. . Софистиканың жалпы түсінігі. Софистер бұл 5-6 ғ.б.э.д өмір сүрді. Ежелгі Грецияда өмір сүрген философиялық мектеп. Бұл философиялық мектептің қайраткерлері теоретик философ болып қана емес, азаматтарды философияға, орталық өнерге басқа да білімдер түріне үйреткен, оқытушы философияға орталық өнерге басқа да білімдер түріне үйреткен , оқытушы философ ретінде де болған. Софистердің қайраткерлері Үлкен софистер (5ғ б.э.д) Протагор, Горгий,Гипий, Продик, Антифонт, Критий. Кіші софистер- Ликфрон, Алкидамант, Трассимах.Сократ – көрсетілген топтарға ресми түрде жатпайды, бірақ софистердің ойларын бөліп, софистиканың өзін өзінің тәжірибесінде қолданған. Ерекшеліктері. Қоршаған шындыққа сындық қатынас.Бәрін тәжірибеде тексеруге тапсыру, белгілі бір ойдың дұрыс бұрыстығын тексеру.Көне дәстүрлі цивилизацияның негізін қабылдау.Дәлелсіз білімге негізделген көне түсініктерді, ережелерді жоққа шығару.Мемлекет пен құқықтың нақтылықсыздығын дәлелдеуге тырысу. Софизм Софистердің негізі логикалық әдісі ретінде. Бұл философиялық мектептің қайраткерлері өздерінің дұрыстығын софизмдер логикалық әдістері арқылы дәлелдеу.Бұл мүйізді софизмнің мысалы Сен жоғалтпаған нәрсеңе иесіз, сен мүйізіңді жоғалтқан жоқсың , яғни сен оған иесің бұл нәтиже софизмнің логикалық ауырлығынан емес логикалық мағыналардың дұрыс қолданбауынан болады. Көрсетілген софизмде алғашқы мысал өтірік, бірақ дұрысқа беріледі, осыдан нәтиже шығар. Софистердің қызметтерінің мәні. Қоршаған шындыққа сындық көзқараспен қарады. Грек азаматтар арсында философияның және басқа да білімдерді таратты. Сократ философиясы Сократ (б.э.д 469-399ғ) Софистикаға қатынасы бар, ең қадірлі философтың бірі. Ерекшеліктері: Сократ мағыналы шығармалар қалтырғанмен тарихқа әйгілі полемист, ойшыл оқытушы философ ретінде қалды.Сократ жасап , қалданған негізгі әдісін майевтика деп атаған. Оның мәні – логикалық әдістер арқылы қойылған сқраққа әңгімелесушінің өздігінше дөрыс жауапқа келуіне көмектесу.Сократ өз философиясын, ағартушылық жұмысын ең өзекті мәселелер бойынша, қалың халықтың, базарларда ашық әңгіме базар құрып жүрген. Жақсылық пен жамандық махаббат, бақыт, адамдық т.б тақырыптарға.Сократты ресми билік органдары мойындамаған, оны қарапайым софист , яғни жастар арасына бүлік салып жолдарын басқа жаңа бұрып , қоғамның тыныштығын бұзушы деп қараған. Сократ қызметінің тарихи мәні. Білімнің тарауына , азаматтардың ағартушылықпен айналысуына ықпал етті.Адамзаттың жақсылық пен жамандық, махаббат , ар сияқты мәселеле |