Клапанды пневмоторакс кезінде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Клапанды пневмоторакс терідегі жарадан плевра қуысына әр демалған сайын ауа кіреді, демді шығарған кезде жара бітеледі. Әр дем алған сайын плевра қуысында ауаның мөлшері ұлғая түседі. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Жансыздандыру (50% 2 мл анальгин ертіндісін немесе 2% 1 мл промедол ертіндісін бұлшық етке). 2. Жара аймағын антисептикпен өңдеу. 3. Жараға окклюзиондық байлам салу (жараға тампонада өткізген соң, жара аймағын майлы ертіндімен өңдеп, клеёнкалы байлам салу, жабысқақ пластырьмен бекіту). 4. Жараға мұзды мұйық қою. 5. Жарақаттанған жақта ауаны сорып алу үшін плевральдық пункция өткізу. 6. Оттегін беру. 7. Көктамыр ішіне полиглюкин 500 мл, бұлшық етке 2 мл кордиамин. 8. Зембілге жартылай жатқызып, хирургия бөліміне тасымалдау. 9. Қан қысымын, тамыр соғысын, демін қадағалау. 10. Сіреспенің алдын алуын шешу. Іш педесінің өткір хирургиялық аурулары және жарақат шұғыл көмек кезіндегі мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Іштің жарақаттары - ашық және жабық. Жабық жарақаттар іш ағзаларын жарақаттайтын және жарақаттамайтын болады. Ашық жарақаттар өтпелі, өтпелі емес болуы мүмкін. Іштің жарақатында кездеседі травмалық шок, өткір қансырау, перитонит. Іш пердесінің соғылуындағы мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Жарақаттанған жерге мұзды мұйық. 2. Зембілге салып, арқасымен хирургия бөліміне тасымалдау. Іштің жабық жарақаты ішкі ағзалардың жарақаттану кезіндегі мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Қуысты ағзалар – ішек, асқазан, паренхиматозды ағзалар – бауыр, көкбауыр, ұйқы безі, және қан тамырлары. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Ішке мұзды мұйық қою. 2. Зардап шеккен адамды зембілге арқасымен жатқызу, тізе астына валик. 3. Хирургия бөліміне тасымалдау. 4. Қан қысымын, тамыр соғысын, демін қадағалау. 5. Сіреспенің алдын алуын шешу. Есте қалдыру. Жансыздандырмаймыз! Су ішуге болмайды! Жарақат шогында қолдануға болады азоттың қос тотығын оттегімен бірге 1:1, немесе 1:2, көктамырға полиглюкин 500 мл, бұлшықетке 2 мл кордиамин. Қансырауда көктамырға 10% 10 мл хлорид кальций. Іштің өтпелі емес жарақаты шұғыл көмектегі мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Жара аймағын антисептикпен өңдеу. 2. Жараға асептикалық байлам салу. 3. Жараға мұзды мұйық қою. 4. Зардап шеккен адамды зембілге арқасымен жатқызу. 5. Хирургия бөліміне тасымалдау. 6. Сіреспенің алдын алуын шешу. Іштің өтпелі жарақаты, ішкі ағзалардың ақтарылуындағы мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Зардап шеккен адамды зембілге арқасымен жатқызу, тізе астына валик. 2. Жара аймағын антисептикпен өңдеу. 3. Ақтарылған ағзалардың маңайына мақталы валик салу. 4. Дымқыл асептикалық байламмен ағзалардың үстін жабу. 5. Көктамырға полиглюкин 500 мл, 2 мл кордиамин, 5% 100 мл аминокапрон қышқылы. 6. Травмалық шок жағдайда азоттың қос тотығы оттегімен бірге 1:1, 1:2. 7. Хирургия бөліміне тасымалдау. 8. Сіреспенің алдын алуын шешу. 9. Қан қысымын, тамыр соғысын, демін қадағалау. Есте қалдыру. Су ішкізуге болмайды. Өткір іштегі мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Өткір ішке кіреді - өткір аппендицит, өткір холецистит, өткір панкреатит, перитонит, өткір ішектің түйілуі, асқазанның тесілу жарасы, мезентериальды тамырлардың тромбозы. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Зардап шеккен адамды көлденең зембілге жатқызу, тізе астына валик. 2. Ішке мұзды мұйық қою. 3. Хирургия бөліміне тасымалдау. Есте қалдыру. Қолдануға болмайды – жылтқыш қою, ішті босататын дәрілер беру, ішті тазалау, асқазанды жуу, жансыздандыру, су ішкізу. Қысылған жарықтағы мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Зардап шеккен адамды зембілге көлденен жатқызу, тізе астына валик. 2. Ішке мұзды мұйық қою. 3. Хирургия бөліміне тасымалдау. Есте қалдыру. Жарықты орнына салу, жансыздандыруға болмайды. Асқазан ішек қансырауындағы мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Зардап шеккен адамды зембілге бір жақ қырына жатқызу, аяқ жағы көтеріңкі. 2. Көктамыр ішіне 10% 10 мл хлорид кальциі, 5% 100 мл аминокапрон қышқылы, 12,5% 2 мл этамзилат. 3. Ішке мұзды мұйық. 4. Су бермеу. 5. Хирургия бөліміне тасымалдау. Тік ішектің аурулары және жарақаты шұғыл көмек кезіндегі мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Тік ішектің жарақаттарына жатады – кілегей қабаттың жарақаты, бұл өз бетімен жазылады, және өтпелі жарақаттар. Тік ішектің жарақатында травмалық шок, өткір қансырау, перитонит кездеседі. Тік ішектің өтпелі жарақатындағы мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Жара аймағын антисептикпен өңдеу. 2. Жараға қысып тұратын байлам салу. 3. Жансыздандыру (50% 2 мл анальгин ертіндісін немесе 2% 2 мл промедол ертіндісін бұлшық етке). 4. Пациентті жартылай отырғызу. 5. Көктамыр ішіне полиглюкин 500 мл, бұлшық етке 2 мл кордиамин. 6. Проктология бөліміне тасымалдау. 7. Сіреспенің алдын алуын шешу. Тік ішек шығып кеткен кездегі мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Пациентті қырына немесе тізе – шынтақ жағдайға жатқызу. 2. Шығып кеткен ішектің кілегей қабатын тексеру – қысылуы, өліеттенуі жоқпа деп. 3. Вазелин немесе басқа май жағу салфетка арқылы. 4. Осы салфетка арқылы ішекті ақырын орнына түсіру. 5. Қатаң төсек режим 1 сағат бойы сақтау. 6. Балаларға жамбасты қолмен қысып 1 сағатқа жабысқақ пластырьмен бекіту. 7. Ішектің кілегей қабаты өліеттенсе орнына салуға болмайды. 8. Проктология бөліміне тасымалдау. Қуық – жыныс ағзалардың ауруында және жарақатындағы мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Бүйрек жарақаты. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Зардап шеккен адамды көлденең зембілге салу. 2. Бел аймағына мұзды мұйық қою. 3. Жансыздандыру (бұлшық етке 50% 2 мл анальгин). 4. Урология бөліміне тасымалдау. Қуық жарақатындағы мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Зардап шеккен адамды көлденең зембілге салу. 2. Бел аймағына мұзды мұйық қою. 3. Зәр тоқтап қалған кезде катетеризация өткізуге болмайды. 4. Урология бөліміне тасымалдау. Бүйрек ұстамасындағы мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Бұлшық етке 50% 2 мл анальгин, 1% 1 мл димедрол, 0,1% 1 мл атропин. 2. Зардап шеккен адамды көлденең зембілге салу. 3. Урология бөліміне тасымалдау. Өткір зәрдің тоқтап қалуындағы мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Өткір зәрдің тоқтап қалуы –бұл өз бетімен қуықты босатудың тоқтауы. Себебі: предстата безінің аденомасы, уретраның тастары, стриктурасы, ісіктер, фимоз, нәжіс тастары, операциядан, босанудан кейін, истерия. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Себебін анықтау. 2. Истерияда, операциядан кейін, босанған соң – пациентті ширмамен қоршау, кранды ашу, қуық аймағына жылы қою. 3. Басқа ауруларда және алғашқы жағдайда нәтиже болмаса қуыққа резенкелі катетер қолдану. 4. Зембілге салып, көлденең урология бөліміне тасымалдау. Омыртқа жамбас жарақаты шұғыл көмегіндегі мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Омыртқа жарақаттары болуы мүмкін – жұлынның жарақаттануымен және жарақаттанусыз, көбінесе жарақат шогымен қосарланады. Омыртқа мойын бөлігінің сынығындағы мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Зардап шеккен адамды қалқанға немесе қатты зембілге көлденең мойын астына валик салып жатқызу. 2. Жансыздандыру (бұлшық етке 2% 2 мл промедол). 3. Көктамыр ішіне 500 мл полиглюкин, 2 мл кордиамин. 4. Мойынға Еланский немесе Шанц құрсауын қолдану. 5. Қан қысымын, тамыр соғысын, демін қадағалау. 6. Жарақат бөліміне тасымалдау. Кеуде, бел аймағындағы омыртқа сынығындағы мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Зардап шеккен адамды қалқанға немесе қатты зембілге көлденең, сынған жерге валик салып жатқызу. 2. Жансыздандыру (бұлшық етке 2% 2 мл промедол). 3. Көктамыр ішіне 500 мл полиглюкин, 2 мл кордиамин. 4. Қан қысымын, тамыр соғысын, демін қадағалау. 5. Жарақат бөліміне тасымалдау. Жамбас сынығындағы мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Жамбас сүйектерінің сынығында жиі кездеседі – кіші жамбас ағзалардың жарақаты және травмалық шок. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Зардап шеккен адамды қатты зембілге арқасымен салу, тізе, жамбас буында аяқтарын бүгіп (тізе астына валик). 2. Жансыздандыру. 3. Көктамыр ішіне 50 мл полиглюкин, 2 мл кордиамин. 4. Қан қысымын, тамыр соғысын, демін қадағалау. Қанқа тартудағы жатқан пациенттің төсек – киімін айырбастау кезіндегі мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Құжаттар: төсек жабдықтары, резеңкелі қолғап, дез. ертінділері бар ыдыс. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Пациентті тыныштандыру, болатын манипуляцияны түсіндіру. 2. Таза ақ жайманы бинт тәрізді бүктеп алу. 3. Беллер құрсаудан жүктен босату. 4. Пациенттің денесінің жоғарғы бөлігін көтеріп, жастықты алып тастау. 5. Ластанған ақ жайманы пациенттің бас жағынан бастап беліне дейін жинап, керуеттің босаған жағына таза ақ жайманы орналастыру. 6. Жастықты салып, пациентті жатқызу. 7. Пациенттің сау аяғын бүгіп, төсекке тірелуін, жамбасын көтеруін сұраймыз. 8. Ластанған ақ жайманы ары қарай жинап алып, таза ақ жайманы жаямыз. 9. Беллер құрсауын жарақаттанған аяқпен қоса көтере тұрамыз. 10. Ластанған ақ жайманы жинап отырып, тазаны жаямыз. 11. Беллер құрсауды төсекке орналастыру, пациенттің аяғын құрсауда түзеу (құрсаудың иілген бөлігі тақым астына орналасу керек). 12. Блокта байламның орналасуын тексеріп, жүкті іліп қою. Қанқа тартудағы теріге күтім көрсеткен кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Көрсеткіш: біз кірген жердің жұқпа түсірмеуінің алдын алу. Құжаттар: · 3 пинцет; · Купер қайшылары; · тану материалдар; · антисептикалық ертінділер (70% спирт, 1% йодонат, 0,5% гибитан); · резеңкелі қолғаптар; · дез. ертінді бар ыдыс. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Пациентті тыныштандыру, болатын манипуляцияны түсіндіру. 2. Резеңкелі қолғап кию. 3. Пинцетпен, спица кірген және шыққан жерге орналасқан салфетканы алып тастау. 4. Пинцетті айырбастау. 5. Спица кірген және шыққан жерді 1% йодонатпен өңдеу. 6. Салфетканы 70% спиртке немесе 0,5% гибитанға матыру. 7. 2 пинцетті қолданып, салфетканы сорғыту. 8. Дайындалған салфетканы спицаның кірген жеріне орналастыру. 9. Дайындалған салфетканы спицаның шыққан жеріне орналастыру. 10. Пациенттің терісіндегі салфеткалар кепкен сайын айырбастап отыру. 11. Қолданған заттарды дез. ертіндісі бар ыдысқа салу. 12. Қолғапты шешіп, дез. ертіндісі бар ыдысқа орналастыру. |