Гипс байламдарын салу кезіндегі Тарау. І. Асептика. 1.1. Әлеуметтік әдіспен қолды өңдеудің мейіркештің іс-әрекеті. 1.2. Гигиеналық әдіспен қолды өңдеудің мейіркештің іс-әрекеті. 1.3. Хирургиялық әдіспен қолды өңдеудің мейіркештің іс-әрекеті. 1.4. Хлоргексидин ертіндісімен өңдеудің мейіркештің іс-әрекеті. 1.5. Первомур ертіндісімен өңдеудің мейіркештің іс-әрекеті. 1.6. Өз бетімен залалсыздандырылған халат кию. 1.7. Залалсыздандырылған үстелін жұмысқа дайындау. ІІ. Қансырау. 1.1. Ширақ салғанда мейіркештің іс-әрекеті. 1.2. Айналмалы ширақты салғанда мейіркештің іс-әрекеті. 1.3. Ұйқы артериясынан қан кеткенде мейіркештің іс-әрекеті. 1.4. Қысып тұратын байлам салғанда мейіркештің іс-әрекеті. 1.5. Қысқыш салғанда мейіркештің іс-әрекеті. 1.6. Барынша бүгу әдісте мейіркештің іс-әрекеті. 1.7. Қансырау кезіндегі шұғыл көмек көрсеткенде мейіркештің іс-әрекеті. 1.8. Тістің экстракциясындағы мейіркештің іс-әрекеті. 1.9. Құлақтан қан кеткенде мейіркештің іс-әрекеті. 2.1. Өкпеден қан кеткенде мейіркештің іс-әрекеті. 2.2. Асқазаннан, өңештен қан кеткенде мейіркештің іс-әрекеті. ІІІ. Десмургия. 1.1. Клеолды байлам салған кезде мейіркештің іс-әрекеті. 1.2. Жеке тану пакетін салған кезде мейіркештің іс-әрекеті. 1.3. Чепец тәрізді байламды салған кезде мейіркештің іс-әрекеті. 1.4. Жүген тәрізді байлам салған кезде мейіркештің іс-әрекеті. 1.5. Бір жақ көзге (монокулярлық) байлам салған кезде мейіркештің іс-әрекеті. 1.6. Екі көзге (бинокулярлық) байлам салған кезде мейіркештің іс-әрекеті. 1.7. Бір жақ құлаққа байлам салған кезде мейіркештің іс-әрекеті. 1.8. Крест тәрізді байлам салған кезде мейіркештің іс-әрекеті. 1.9. Иыққа масақ тәрізді байлам салған кезде мейіркештің іс-әрекеті. 2.1. Тасбақа тәрізді байлам салған кезде мейіркештің іс-әрекеті. 2.2. Білекке байлам салған кезде мейіркештің іс-әрекеті. 2.3. Қолдың бір саусағына байлам салған кезде мейіркештің іс-әрекеті. 2.4. Бірінші саусаққа масақ тәрізді байлам салған кезде мейіркештің іс-әрекеті. 2.5. Қайталанатын байлам салған кезде мейіркештің іс-әрекеті. 2.6. Рыцарь қолғап байламын салған кезде мейіркештің іс-әрекеті. 2.7. Омырауға байлам салған кезде мейіркештің іс-әрекеті. 2.8. Дезо байлам салған кезде мейіркештің іс-әрекеті. 2.9. Ішке байлам салған кезде мейіркештің іс-әрекеті. 3.1. Сегіз тәрізді байлам салған кезде мейіркештің іс-әрекеті. 3.2. Алақанға косынкалы байлам салған кезде мейіркештің іс-әрекеті. 3.3. Білекке косынкалы байлам салған кезде мейіркештің іс-әрекеті. 3.4. Иыққа косынкалы байлам салған кезде мейіркештің іс-әрекеті. 3.5. Бастың маңдай бөлігінің жарақатында косынкалы байлам салған кезде мейіркештің іс-әрекеті. 3.6. Омырауға косынкалы байлам салған кезде мейіркештің іс-әрекеті. 3.7. Мұрынға пращ тәрізді байлам салған кезде мейіркештің іс-әрекеті. 3.8. Иекке пращ тәрізді байлам салған кезде мейіркештің іс-әрекеті. 3.9. Бастың төбе сүйектеріне пращ тәрізді байлам салған кезде мейіркештің іс-әрекеті. 4.1. Шат аралыққа Т тәрізді байлам салған кезде мейіркештің іс-әрекеті. 4.2. Окклюзионды (герметикалық) байлам салған кезде мейіркештің іс-әрекеті. IV. Жансыздандыру. 1.0. Беткей анестезиядағы мейіркештің іс-әрекеті. 1.1. Сіңіру Вишневский бойынша анестезиядағы мейіркештің іс-әрекеті. 1.2. Футлярлық анестезия кезіндегі мейіркештің іс-әрекеті. 1.3. Жота – ми анестезия кезіндегі мейіркештің іс-әрекеті. 1.4. Новокаин блокада өткізген кезде мейіркештің іс-әрекеті. 1.5. Қабырға аралық блокада өткізген кезде мейіркештің іс-әрекеті. 1.6. Вагосимпатикалық блокада өткізген кезде мейіркештің іс-әрекеті. 1.7. Паранефральді блокада өткізген кезде мейіркештің іс-әрекеті. 1.8. Шәует байламының блокадасын өткізген кезде мейіркештің іс-әрекеті. 1.9. Жатыр домалақ байламының блокадасын өткізген кезде мейіркештің іс-әрекеті. 2.0. Оберст – Лукашевич блокадасын өткізген кезде мейіркештің іс-әрекеті. 2.1. Жергілікті анестезиядан кейін пациент күтіміндегі мейіркештің іс-әрекеті. 2.2. Пациентті жалпы жансыздандыруға дайындаған кезіндегі мейіркештің іс-әрекеті. 2.3. Наркотизатор үстелін жұмысқа дайындау кезіндегі мейіркештің іс-әрекеті. 2.4. Анестезистканың жұмысқа дайындау кезіндегі мейіркештің іс-әрекеті. 2.5. Жалпы жансыздандырудан кейін пациентке күтім көрсету кезіндегі мейіркештің іс-әрекеті. V. Транспорттық иммобилизация. 1.1. Механикалық жарақаттарда шұғыл көмек көрсеткен кезде мейіркештің іс-әрекеті. 1.2. Иық сынғанда Крамер құрсауын салу кезіндегі мейіркештің іс-әрекеті. 1.3. Дитерихс құрсауын салған кездегі мейіркештің іс-әрекеті. 1.4. Крамер құрсауын балтырға салу кезінде мейіркештің іс-әрекеті. 1.5. Иыққа Крамер құрсауын салу кезінде мейіркештің іс-әрекеті. 1.6. Гипс байламдарын салу кезінде мейіркештің іс-әрекеті. 1.7. Гипс бинттерін жасаудағы мейіркештің іс-әрекеті. 1.8. Гипсті лонгетаны дайындаудағы мейіркештің іс-әрекеті. 1.9. Гипсті лонгеталарды салудағы мейіркештің іс-әрекеті. 2.1. Гипс байламын салудағы мейіркештің іс-әрекеті. 2.2. Гипстік байламдарды шешудегі мейіркештің іс-әрекеті. 2.3. Пневматикалық пластмассалы құрсаулармен иммобилизация жасаған кезде мейіркештің іс-әрекеті. 2.4. Медициналық пневмотикалық құрсауларды салудағы мейіркештің іс-әрекеті. 2.5. Транспорттық иммобилизация кезіндегі мейіркештің іс-әрекеті. VІІ. Жарақаттар. 1.0. Соғылу кезіндегі мейіркештің іс-әрекеті. 1.1. Буын шығып кеткен кезде мейіркештің іс-әрекеті. 1.2. Сүйек сынықтарындағы мейіркештің іс-әрекеті. 1.3. Сүйектердің ашық сынығындағы мейіркештің іс-әрекеті. 1.4. Ұзақ уақыт қысылу синдромындағы мейіркештің іс-әрекеті. 1.5. Аяқ қолдың үзілу кезіндегі мейіркештің іс-әрекеті. 1.6. Жаралану кезіндегі мейіркештің іс-әрекеті. 1.7. Күйік кезіндегі мейіркештің іс-әрекеті. 1.8. Химиялық күйік кезіндегі мейіркештің іс-әрекеті. 1.9. Үсік кезіндегі мейіркештің іс-әрекеті. 2.0. Электрожарақат жағдайда мейіркештің іс-әрекеті. 2.1. Бас-ми жарақаттарындағы мейіркештің іс-әрекеті. 2.2. Төбе сүйектерінің сынуындағы мейіркештің іс-әрекеті. 2.3. Мидың негізінің сынығындағы мейіркештің іс-әрекеті. 2.4. Иек сүйектерінің сынығындағы мейіркештің іс-әрекеті. 2.5. Кеңірдек жарақатындағы мейіркештің іс-әрекеті. 2.6. Өңеш жарақатындағы мейіркештің іс-әрекеті. 2.7. Мойын тамырларының жарақатындағы мейіркештің іс-әрекеті. 2.8. Тамақтың бөгде затындағы мейіркештің іс-әрекеті. 2.9. Өңеш күйік кезіндегі мейіркештің іс-әрекеті. 3.0. Кеуде жарақат жағдайындағы мейіркештің іс-әрекеті. 3.1. Қабырға сынықтарындағы мейіркештің іс-әрекеті. 3.2. Бұғана сынығындағы мейіркештің іс-әрекеті. 3.3. Пневмоторакс (жабық, ашық, клапандық) кезіндегі мейіркештің іс-әрекеті. 3.4. Гемоторакс кезіндегі мейіркештің іс-әрекеті. 3.5. Іш пердесінің ағзалар жарақатындағы мейіркештің іс-әрекеті. 3.6. Іштің өтпелі емес жарақатындағы мейіркештің іс-әрекеті. 3.7. Іштің өтпелі жарақатындағы мейіркештің іс-әрекеті. 3.8. Өткір іш жағдайындағы мейіркештің іс-әрекеті. 3.9. Қысылған жарық кезіндегі мейіркештің іс-әрекеті. 4.0. Асқазан – ішек қансырауындағы мейіркештің іс-әрекеті. 4.1. Тік ішек жарақатындағы мейіркештің іс-әрекеті. 4.2. Қуық – жыныс ағзалардың аурулары және жарақаты кезіндегі мейіркештің іс-әрекеті. 4.3. Қаңқа тартудағы пациентке күтім көрсету кезіндегі мейіркештің іс-әрекеті. 4.4. Қаңқа тартудағы пациентке терісіне күтім көрсеткен кезде мейіркештің іс-әрекеті. 4.5. Жамбас сүйегі сынған кезде мейіркештің іс-әрекеті. 4.6. Омыртқаның төс және бел бөлігінің сынығы кезінде мейіркештің іс-әрекеті. Мейіркештің қолын өңдеу үшін өткізу шараларының іс-әрекетінің алгоритмі. 1. Кәдімгі (әлеуметтік) қолды өңдеу. Мақсаты: - Мед.персоналды және пациентті жұқпалық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету. - Транзиторлы микрофлора механикалық түрде жою. - Тазалықты және гигиенаны қамтамасыз ету. Көрсеткіші: · пациентті күтер алдында және күтім аяқталған соң; · тамақ ішер алдында, науқасты тамақтандырғанда, тағамдармен жұмыс жасағанда; · әжетханаға барған соң; · қан ластанған жағдайда. Талабы: - Мед.персоналдың зақымдалмаған сау қолының терісі, тырнақтары қол саусағымен 1 мм ғана асу керек, лаксыз, әшекейсіз. Құжаттар: · мөлшерлі сұйық сабын немесе көбірек қолданатын кішкентай мөлшердегі сабын подвескасы бар сабын салфетка болу керек. · жеке басты кепкен орамал, 6 сағ.сайын ауыстырылып отыратын немесе 1-ақ рет қолданатын қағаз салфеткалар · кран және жылы су. Қолды жуу іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Терінің толықтығын тексеру, сағатты, әшекейлерді шешу (бұлар толық микробты жою үшін кедергі тудырады). 2. Кранды ашып, судың мөлшерін қалыптастыру. 3. Жылы су астында қолды 2 рет сабындап 30 секунд бойы қолды уқалау. 4. Ағынды сумен сабынды шайып жіберіп, қолды ұстап тұрып қолдың саусақтарын шынтақтан төмен ұстап тұру қажет. Бұл жағдайда су таза заладан ластанған залаға ағады. 5. Қағаз орамалмен қолды кептіріп кранды жабу. 6. Қағаз орамалды дез.ерітіндісі бар ыдысқа жою үшін салу. Мейіркештің қолын гигиеналық өңдеу өткізген кезде іс-әрекетінің алгоритмі. Мақсаты: 1. Мед.персоналды және пациентті жұқпалық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету. 2. Жоғарғы деңгейлі гигиенамен және тазалықпен қамтамасыз ету. 3. Транзиторлы микрофлораны жою. Көрсеткіші: · инвазивті процедураның алдында және кейін; · иммунитеті төмен және жаңа туған балаларға күтім жүргізер алдында; · жарақатқа күтім жасағанда және қуықтық катетр қолданғаннан бұрын және бұл процедура біткен соң; · перчатканы киер алдында және киген соң; · іріңді заттармен қарым-қатынас жасаған соң, құрамында қан немесе ластанған микробтық ластану қаупі болу. (Мысалы жұқпалы науқасты тексеру, тік ішек арқылы температураны өлшеу); Талабы: 1. Антисептикалық әсер ету уақыты – 15 минуттан көп емес. Құжаттар: · антисептик 70% этил спирті немесе 0,5 % хлоргексидин ерітіндісі. АХД – 2000, сестричка, велтосепт. Іс-әрекетінің алгоритмі: Қолға 3-5 мл антисептик енгізу (70% спирт немесе қолды сабынмен сабындау). Қолды келесі техниканы орындап жуу: 1. Қолды энергиялық, механикалық түрде уқалау – 10 секунд, 5 рет қайталау. Оң жақ алақанмен сол жақ алақан үстін ысып жуу, сосын сол жақ алақанмен дәл солай оң жақ қолды жуады. Бұны 5 рет қайталаймыз. 2. Сол жақ алақан оң жақ қолдың үстінде орналасады, қолдың саусақтары айқасады, 5 рет қайталанады. 3. Бір жақ қолдың саусағы жұмылып, 2-ші қолдың үстінде орналасады 5 рет қайталау. 4. Бір жақ алақанмен саусақтарымен 2-ші қолдың үлкен саусағын ысу 5 рет қайталау. 5. Ағынды судың астында шаю, қолды білекпен, қолды шынтақтан төмен орналастырамыз. 6. Кранды жабу (қағаз орамалды пайдалана отырып). 7. Қағаз орамал салфеткамен қолды құрғату. Егер қолды гигиеналық жолмен өңдеу сумен өңдеуге жағдай болмаса, оларды 3,5 мл антисептикпен өңдеуге болады, (70% спиртпен), оны қолға құйып, толық кепкенше уқалаймыз. (Қолды сүртпеу керек). Әсер ету уақытын қадағалау керек – қан антисептикпен 15 сек бойы ысқанда болуы керек. Мейіркештің қолын хирургиялық жолмен өңдеудегі іс-әрекетінің алгоритмі. Мақсаты: - Мед.персоналды және пациентті жұқпалық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету. - Жоғарғы деңгейлі залалсыздандыруды қамтамасыз ету. - Микробтарды ұрығымен жою. Көрсеткіші: - операцияға кірер алдында. Құжаттар: · антисептик – 2,4% первомур ертіндісі – С4; · легендер. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Қолға 3-5 мл антисептик енгіземіз. 2. Антисептикті қолдана отырып, 2-5 мин өңдейміз, 2,4% первомур ертіндісінде 1 минут өңдейміз 3. Қолды саусақтан шынтаққа және одан жоғары қарай өңдейміз 4. Хирургиялық антисептика өткізген соң қолды көтеріп, шынтақты жоғарыдан төменге ағу үшін. 5. Қолды залалсыздандырылған орамалмен сүртіп, одан соң залалсыздандырылған халат және резеңкелі қолғап кию. Мейіркештің қолын 0,5% хлоргексидин биглюконат (гибитан) ертіндісімен өңдеген кезде іс-әрекетінің алгоритмі. Көрсеткіші: Операцияға қатысатын мед. персоналдың қолын залалсыздандыру үшін. Құжаттар: · 0,5% хлоргексидин ертіндісі бар флакон; · 70% этил спирті бар флакон; · бикс тану материалдармен; · бір рет қана қолданатын сабын; · құм сағат (1-3 минут). Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. 0,5% хлоргексидин ертіндісі бар флаконды дайындау. 2. Подставкаға тану материалы бар, операциялық жабдықтары бар биксті орналастыру. 3. 1 минуттық құм сағатты қою, сабын дайындау. 4. 1 минут бойы қолды сабынмен жуу (тырнақ астын, тырнақ маңайын, саусақ араларын, саусақтарды, алақанды, қолдың сыртын сол жақ қолдың, сосын оң жақ қолды, сол жақ, оң жақ білезікті, сол жақ, оң жақ білектерді шынтақ буынға дейін). 5. Ағынды су астында сабынды жою үшін саусақтың ұшынан бастап, шынтаққа дейін шаю. 6. Залалсыздандырылған орамалмен қолды кептіру (оң жақ қолдың саусақтарынан бастап негізіне дейін, алақанды білезік буынға дейін, оң жақ қолдың ішкі сыртын ортаңғы бөлікке дейін, содан кейін сыртқы жағын, оң жақ қолдың ішкі жағын ортаңғы бөліктен бастап шынтаққа дейін, сосын сыртқы жағын ортаңғы бөліктен бастап шынтаққа дейін). 7. Осындай әдіспен орамалдың төменгі бөлігін сол жақ қолға салып кептіру. 8. Залалсыздандырылған салфеткаларды 0,5% хлоргексидиннің спирт ертіндісіне матырып, қолды өңдеу, тырнақтардан бастап шынтаққа дейін 2 минут бойы. 9. Залалсыздандырылған салфеткаларды 0,5% хлоргексидиннің спирт ертіндісіне матырып, қолды өңдеу, иықтың ортаңғы бөлігіне дейін 1 минут бойы. Мейіркештің қолын первомур ертіндісімен өңдеу кезіндегі іс-әрекетінің алгоритмі. Көрсеткіші: Операцияға қатысатын мед. персоналдың қолын залалсыздандыру үшін. Құжаттар: · 2,4% первомур ертіндісі бар флакон; · 10 литр дистилденген су бар ыдыс; · бикс операциялық жабдықтармен; · бір рет қана қолданатын сабын; · құм сағат (1 минут). Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. 2,4% первомур ертіндісі бар флаконды дайындау – 1000 мл 9 литр дистилденген суға езу – ерітінді бір-ақ тәулікке дайындалады. 2. Подставкаға операциялық жабдықтары бар биксті орналастыру. 3. Құм сағат, сабынды дайындау. 4. Қолды ағынды сумен, сабынмен 1 минут бойы тырнақтан бастап қолдың ортаңғы бөлігіне дейін жуу. 5. Сабынды шаю үшін ағынды сумен шайып жіберу, тырнақтан бастап қолдың ортаңғы бөлігіне дейін жуу. 6. Залалсыздандырылған орамалмен қолды кептіру, тырнақтан бастап қолдың ортаңғы бөлігіне дейін – оң жақ қолды, сосын сол жақ қолды. 7. 2,4% первомур ертіндісі бар ыдысқа қолды 1 минутқа салып қою. 8. Залалсыздандырылған орамалмен кептіру. Өз бетімен халат киген кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Көрсеткіші:Операция кезінде асептиканы сақтау үшін. Құжаттар: · операциялық жабдықтары бар бикс; · тану материалдары бар бикс; · залалсыздандырылған лоток, корнцанг; · қолды өңдеу үшін антисептикалық ертінділер; · бикске арналған подставкалар. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Подставкаға операциялық жабдықтары бар залалсыздандырылған биксті орналастыру. 2. Сыртқы бейнесіне қарап бикстің залалсыздануын, маркировкасын тексеру. 3. Көмекші немесе педаль көмегімен биксті ашу. 4. Залалсыздандыру индикаторларын залалсыздандырылған корнцанг арқылы алып, жағдайын тексеру. 5. Залалсыздандырылған корнцанг арқылы ақ жайманың ішкі қабаттарын ашып тастау (бикстің шеттері жабық тұру керек). 6. Залалсыздандырылған корнцанг арқылы ашық бикспен залалсыздандырылған косынканы немесе колпакты алу. 7. Колпакты немесе косынканы киіп шаштарды жабу керек. 8. Залалсыздандырылған корнцанг арқылы масканы алып жіптерін байлау (төменгі бөлігін – бастың төбе сүйек аймағында, жоғарғы бөлігін – шүйде аймағында). 9. Бикстің қақпағын жабу. 10. Қолды ағынды сумен жуып, кептіру, антисептикпен өңдеу. 11. Көмекші немесе педаль көмегімен бикстің қақпағын ашу, қолмен оралған халатты алу. 12. Мойын жағынан халатты ұстап тұрып, халатты ашу (залалсыздандырылған халаттың сыртқы жағы киімге, көрші заттарға тимеу керек). 13. Халаттың ішкі жағын өзіне қарату. 14. Екі қолға халатты кигізу, қолды жоғары көтеру керек, сосын жанына. Көмекші халаттың ішкі жағынан ұстап дұрыстайды, байламдарын байлайды. 15. Қолдағы байламдарды өз бетімен байлайды, басында сол қол, сосын оң қолды. 16. Байламдарды халаттың жеңінің ішкі жағына салады. 17. Оң жақ қалтадан белдікті алып, 30 см арақашықтықта ұстап, әр жақ шетіннен 15 см-ден қалдырып отырады. 18. Көмекшіге белдікті әперу (шеттерін ақырын алады, белдікті халаттың беліне байлайды. 19. Бикстегі оралған қолғаптарды ашады. 20. Сол жақ қолмен қолғапты алып, астына еңгізеді, ІІ, ІІІ, IV, V саусақтарды жауып, І саусақпен қолғаптың ішкі жағын ұстап тұрады. 21. Оң жақ қолдың саусақтарын қолғапқа еңгізу, сол жақ қолмен қолғаптың бас жағын ұстап жабу. 22. Оң жақ қолдың саусақтарын ашып, қолғапты саусақтарға тартып кигізу. 23. Қолғапты халаттың манжетіне кигізу. 24. Қолғапты оң қолымен алып, жанағындай әдіспен сол жақ қолға кигізу. 25. Залалсыздандырылған үстелді жұмысқа дайындау. Мейіркештің залалсыздандырылған үстелін жұмысқа дайындаудың іс-әрекетінің алгоритмі. Мақсаты:Операция кезінде асептика ережелерін сақтау. Құжаттар: · операциялық жабдықтары бар бикс; · үстел; · бикске арналған подставка. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Медбике операцияға сияқты қолын өңдейді, залалсыздандырылған халат, колпак, бахил киіп, залалсыздандырылған құрал-саймандар үстелін жаюға кіріседі. 2. Үлкен құрал-саймандар үстелін 1 қабат жайма жаямыз, ал үстеліне 2 немесе 2-ге бүктелген жаймамен жабамыз. Жаймалар қолындағы 3 қабатты болу керек. 3. Медбике үстелдің сол жақ шетіне 4-ке бүктелген жайманы жаяды, бұл жерде құралдар бар тор орналасады. 4. Үлкен үстелден басқа медбике кішкентай қозғалмалы үстелді жаймамен жайып, қысқыш қыстырады. Жайманы бетіне бұл этапқа керекті материалдары бар орамал болу керек: аз мөлшерде қан тоқтататын қысқыштар, скальпель, қайшы, кішкене таңу материалы, тігінге арналған контейнер, шетіне тағы бір орамалмен жабылған кішкене мөлшерде тігін материалы. Есте сақтау керек: 1. Манипуляция ағымына сәйкес медбике қолын жуып отыру керек, құрал-саймандарды, салфеткалар мен жаймаларды, кейбір жағдайда бүкіл жаймаларды ауыстырып отыру қажет. 2. Медбикеде көп мөлшерде ауыстырылатын ақ жаймалар мен қолғаптар болу қажет. Айналмалы ширақты салған кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. 1. Резеңкелі қолғап кию. 2. Жарақаттанған аяқ-қолды көтеру. 3. Жарақаттанған жерді бақылау. 4. Айналмалы ширақ салынатын жерге дәкені бекіту. 5. Дәкенің ұштарын сырт жағына байлау. 6. Таяқшаны орналастырып, қан тоқтағанша, перифериялық тамырларда тамыр соғуы жоғалғанша, таяқшаны айландыру. 7. Таяқшаны бос бөлігін байламмен бекіту. 8. Жара аймағын өңдеп, асептикалық байлам салу. 9. Ширақтың аймағына қағаз орналастыру – күнін, ширақтың салған уақытын (сағат, минутты) көрсетіп. 10. Жарақаттанған жерді өңдеп, асептикалық байлам салу. 11. Резеңкелі қолғапты шешіп, дез. ертінді ыдысқа салу. 12.Зембілге салып пациентті ауруханаға тасымалдау Айналмалы ширақты салған кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Көрсеткіші: Артериялық қансырауды уақытша тоқтату. Құжаттар: · дәке; · таяқша; · қағаз, қарандаш; · резеңкелі қолғап; · дез. ертінді бар ыдыс; · тану материалдар; · бинт. Іс-әрекетінің алгоритмі: 12. Резеңкелі қолғап кию. 13. Жарақаттанған аяқ-қолды көтеру. 14. Жарақаттанған жерді бақылау. 15. Айналмалы ширақ салынатын жерге дәкені бекіту. 16. Дәкенің ұштарын бет жағына байлау. 17. Таяқшаны орналастырып, қан тоқтағанша, перифериялық тамырларда тамыр соғуы жоғалғанша, таяқшаны айландыру. 18. Таяқшаны бос бөлігін байламмен бекіту. 19. Жара аймағын өңдеп, асептикалық байлам салу. 20. Ширақтың аймағына қағаз орналастыру – күнін, ширақтың салған уақытын (сағат, минутты) көрсетіп. 21. Жарақаттанған жерді өңдеп, асептикалық байлам салу, жансыздандыру. 22. Зембілге салып пациентті ауруханаға тасымалдау. 23. Резеңкелі қолғапты шешіп, дез. ертінді ыдысқа салу. Ұйқы артериясынан қан кеткенде мойынға ширақ салған кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Көрсеткіші: Артериялық қансырауды уақытша тоқтату. Құжаттар: · Крамер құрсауы; · мақталы – марлілі пелот; · залалсыздандырылған дәкелер; · резеңкелі ширақ; · дез. ертінді бар ыдыс; · бинт. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Резеңкелі қолғап кию. 2. Жарақаттанған жерді тексеру. 3. Мойынға салар алдында Крамер құрсауды ыңғайлы жағдайға майыстыру. 4. Асептикалық байлам салу. 5. Бас, мойынның сау жағынан Крамер құрсауды орналастыру (құрсау каркас ретінде жұмыс істейді – осының үстінде мойынға ширақ салынады). 6. Асептикалық байлам үстіне мақталы – марлілі пелотты орналастыру. 7. Ширақты қатты созып, мойын аймағына, бірнеше айналыммен бекіту. 8. Ширақтың бос бөліктерін бекіту. 9. Ширақтың салған уақытын көрсету. 10. Зембілге салып, пациентті жартылай отырғызып, ауруханаға тасымалдау. 11. Резеңкелі қолғапты шешіп, дез. ерітінді ыдысқа салу. Есте сақтау керек: Егерде, ширақ болмаған жағдайда, пациенттің сау жағынан қолын орналастырып, ширақпен бекітеді. Бұнда, құрсау ретінде иықты қолданады. Қансырап тұрған тамырға қанды тоқтататын қысқыш салған кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Көрсеткіші: Артериялық қансырауды уақытша тоқтату. Құжаттар: · екі үшкір ілгектер; · қанды тоқтататын қысқыштар; · тану материалдар; · резеңкелі қолғаптар; · дез. ертінді бар ыдыс; · бинт. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Резеңкелі қолғап кию. 2. Залалсыздандырылған лоток, екі үшкір ілгектер, қанды тоқтататын қысқыштар дайындау. 3. Жараның шетін ілгектермен ашу. 4. Қансырап тұрған тамырдың екі шетін табу. 5. Залалсыздандырылған қысқыштармен тамырдың шетін ұстап бекіту. 6. Жараға асептикалық байлам салу. 7. Зембілге салып, пациентті ауруханаға тасымалдау. 8. Резеңкелі қолғапты шешіп, дез. ертінді ыдысқа салу. Қысып тұратын байлам салған кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Көрсеткіші: Жұмсақ тіндер жарақаттанған кездегі көктамырлы қансырауды тоқтату. Құжаттар: · 1% йодонат флаконы; · залалсыздандырылған салфеткалар; · бинт, мақта, жеке тану пакеті; · лоток, қайшылар, пинцеттер (3); · резеңкелі қолғаптар; · дез. ертінді бар ыдыс. Іс-әрекеттің алгоритмі: 1. Резеңкелі қолғап кию. 2. Жараны, тіндерді тексеру. 3. Жара аймағын 1% йодонатпен өңдеу (ортасынан шетіне дейін) екі рет. 4. Пинцетті айырбастау. 5. Жараның бетін 1% йодонатпен өңдеу (сорғыш әдісімен). 6. Пинцет арқылы жараға залалсыздандырылған салфеткалар салу, бет жағына бинт, немесе қатты шиыршықталған гигроскопиялық мақта. 7. Тану материалды бинт байламмен бекіту. 8. Пациентті ауруханаға тасымалдау қансырауды біржолата тоқтату үшін. 9. Резеңкелі қолғапты шешіп, дез. ертінді ыдысқа салу. Есте сақтау керек: Егерде жеке тану пакетін қолданса, жара бетіне бір жастықшаны оның үстіне екінші жастықшаны орналастырып, бинтпен бекіту. Артериялық қансырауда барынша бүгу әдісті қолданып уақытша қанды тоқтату үшін мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Көрсеткіші: Ширақ және жұмсақ заттар жоқ кезде, артериялық қансырауды тоқтату үшін буында барынша бүгу әдісті қолдану. 1. Бұғана астындағы артериядан қан кеткенде қанды тоқтатуға болады: · бұғананы қабырғаға қысу – ол үшін иықты барынша арт жаққа апарып, байламмен немесе косынкамен шынтақ буында бекіту. 2. Иық артериядан қан кеткенде: · шынтақ буында білек сүйектерін барынша бүгіп, иықты, білектерді ортаңғы бөлікте нақты бекітіп, байламмен немесе косынкамен бекіту. 3. Тақым астындағы артериядан қан кеткенде: · аяқты тізе буында барынша бүгіп, осы жағдайда байламмен немесе косынкамен бекіту. 4. Сан артериядан қан кеткенде: · сан сүйегін шап аймағында барынша бүгіп, байламмен немесе косынкамен бекіту. Есте сақтау керек: Аяқ-қолдардың барынша бүгу жеріне алдын-ала мақтадан, марліден немесе басқа материалдан жасалған пелот орналастыру қажет. Мұрыннан қан кеткенде шұғыл көмек көрсеткен кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Көрсеткіші: Мұрынның кілегей қабатының жарақатында қансырауды тоқтату үшін, мұрын қуысының қабыну ауруларында, геморрагиялық диатезде, жүрек ақауларында, гипертоникалық ауруларда (криздер). Құжаттар: · резеңкелі қолғаптар; · лоток, мұз, дәке, клеенка; · 3% су тегі асқын тотығы флаконы, 3% хлорамин ерітінді; · дез. ерітінді бар ыдыс. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Резеңкелі қолғап кию. 2. Пациентті отырғызып, бас жағын алға еңкейту. 3. Пациентке лоток беру қанды жинау үшін. 4. Пациентті тыныштандыру, ескерту, ауызға жиналған қанды лотокқа түкіріп отыру – бұл қансыраудың көлемін анықтау үшін қажет. 5. Дәкеге мұзды орап мұрынға, кеңсірекке қою. 6. Мұрын қанаттарын мұрынға 3-5 минутқа 2 саусақпен қысу, егерде қан тоқтамаса. 7. Марлілі турундаларды 3% су тегі асқын тотығы ертіндісіне матырып, мұрын ішіне еңгізу. 8. Тоқтамайтын қансырауда, марлілі турундаларды 3% су тегі асқын тотығы ертіндісіне матырып, пинцетпен мұрын ішіне тереңдікке 24-48 сағатқа дейін еңгізу. 9. Мұрынға пращ тәрізді байлам салу. 10. Қанды лотокты дез. ертіндіге 1 сағатқа салып қою. 11. Резеңкелі қолғапты шешіп, дез. ертінді ыдысқа салу. 12. Зембілге салып, пациентті жартылай отырғызып ауруханаға тасымалдау. Есте сақтау керек: Қансырауды біржолата тоқтату үшін, мұрынның алдыңғы тампонадасы, емдік ауруханада артқы тампонадамен өткізіледі. Тістің экстракциясындағы қансырауда мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Көрсеткіші: Тіс экстракциясынан қанды тоқтату. Құжаттар: · резеңкелі қолғаптар; · залалсыздандырылған лоток, пинцет; · бикс тану материалдармен; · 3% су тегі асқын тотығы флаконы; · фурациллин ертіндісі 1:1000; · калий перманганаты; · дез. ерітінді бар ыдыс. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Резеңкелі қолғап кию. 2. Пациентті отырғызып тыныштандыру. 3. Тану материалы бар лоток дайындау, пинцет, ағынды суға лоток дайындау. 4. Пациенттің қолына лоток беру. 5. Ауыз қуысын 3% су тегі асқын тотығы ертіндісімен шаю, содан кейін фурациллин ертіндісімен. 6. Пациентке аузын аш деп айту, қолына лоток беру. 7. Мақтадан тығыз тампон дайындау. 8. Тістің орнына перманганат калийдің кристалигін салып, тығыз тампонмен басу. 9. Пациентке жақ сүйектерін қатты қысып, 20 минут бойы ұстап тұру. 10. Қан тоқтаған соң тістің қуысынан тампонды алып тастау. 11. Қолданған тану материалды 3% хлорамин ертіндісіне 1 сағатқа салып қою. 12. Резеңкелі қолғапты шешіп, дез. ертінді ыдысқа салу. Құлақтан қан кеткенде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Көрсеткіші: Құлақтың жарақатында қансырауды тоқтату үшін. Құжаттар: · резеңкелі қолғаптар; · бикс тану материалымен; · 3% су тегі асқын тотығы флаконы; · дез. ерітінді бар ыдыс. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Резеңкелі қолғап кию. 2. Пациентті отырғызып тыныштандыру. 3. Тану материалы бар лоток дайындау, 3% су тегі асқын тотығы флаконы. 4. Турундаларды 3% су тегі асқын тотығы ертіндісіне матырып, құлақ қуысына тығыздап еңгізу. 5. Пациенттің құлағына асептикалық байлам салу. 6. Пациентті жатқызып ауруханаға тасымалдау. 7. Резеңкелі қолғапты шешіп, дез. ертінді ыдысқа салу. Өкпеден қан кеткенде (қанды қақырық) мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Көрсеткіші: Кеуде қуысының жарақатында (өкпе, бронхтардың жыртылуы), өкпе ауруларынан (туберкулез, ісіктер, абсцесстер) қанды тоқтату үшін. Құжаттар: · резеңкелі қолғаптар; · лоток, мұз; · дез. ертіндісі бар ыдыс. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Резеңкелі қолғап кию. 2. Пациентті жартылай отырғызып тыныштандыру. 3. Пациентке түсіндіру қажет жөтелмеу, терең және ақырын демалу, сөйлемеу. 4. Толық физикалық, психикалық тыныштық сақтау. 5. Мұзбен лотокты дайындау. 6. Әр 15 минут сайын мұз бөліктерін жұтып отыру. 7. Пациентті жартылай отырғызып ауруханаға тасымалдау. 8. Резеңкелі қолғапты шешіп, дез. ертінді ыдысқа салу. Асқазаннан, өңештен қан кеткенде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Көрсеткіші: Асқазан жара ауруында, геморрагиялық гастритте, өңештің көк тамырларының кеңеюінде қанды тоқтату үшін. Құжаттар: · резеңкелі қолғаптар; · мұйық, мұз; · құсық массасын жинайтын ыдыс; · дез. ертіндісі бар ыдыс; · дәрілік заттар: 10% 10 мл хлористі кальций, 12,5% этамзилат 2 мл, 5% аминокапрон қышқылы 100 мл. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Резеңкелі қолғап кию. 2. Пациентті арқасымен жатқызу, тыныштандыру. 3. Толық физикалық, психикалық тыныштық беру. 4. Мұйықты дайындап, мұзға толтыру. 5. Эпигастрий аймағына мұзды мұйықты 15 минут қою. 6. Құсық кезінде пациентке көмек көрсету. 7. Пациентке тамақ, су, дәрілік заттарды ішуге кедергі қою. 8. Көк тамыр ішіне коагулянттар енгізу (10% 10 мл хлористі кальций, 12,5% этамзилат 2 мл, 5% аскорбин қышқылы 100 мл), қажетті жағдайларда жүрек тамыр препараттарын еңгізу. 9. Лотокқа дез. ертіндіге құсық заттарды 1 сағатқа салып қою. 10. Пациентті жартылай отырғызып ауруханаға тасымалдау. 11. Резеңкелі қолғапты шешіп, дез. ертінді ыдысқа салу. Жұмсақ байламдар. Клеолды байламдар салған кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Көрсеткіші: Жарағамикробты түсірмеу үшін. Құжаттар: · клеолды флакон; · бикс тану материалдармен; · 2 пинцет, қайшылар; · резеңкелі қолғаптар, лоток. · дез. ертіндісі бар ыдыс. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Резеңкелі қолғап кию. 2. Пациентті тану столына жатқызып, жара бетін тексеру. 3. Дайындау: залалсыздандырылған лоток, тану материалдар (шариктер, салфеткалар), пинцеттер – 2, қайшылар, клеолды флакон. 4. Залалсыздандырылған пинцет арқылы жараға тану материал салу (жара алдын-ала антисептикалық ертінділермен өңделген). 5. Пинцетпен клеолға матырылған шарикпен теріні сүрту байлам аймағында. 6. Салфетканы ашу. 7. 1-2 минут өткен соң терідегі клеолдың жағдайын тексеру (жағылған теріге қолды тигізген кезде, саусақтың басында клеолдың жіптері пайда болу керек). 8. Ашылған салфеткамен тану материалдарды жабу, оның шеті байламнан 2-3 см шығып тұру керек. 9. Салфетканы тартып, теріге жабыстыру керек. 10. Салфетканың шетінен бос жатқан жандарын қайшымен қию. 11. Резеңкелі қолғапты шешіп, дез. ертінді ыдысқа салу. 12. Саймандарды дез. ертіндіге орналастыру. Жеке тану пакетін салған кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Көрсеткіші: Өтпелі жарақаттар, жаралар, күйіктер, үсіктер. Құжаттар: · жеке тану пакеті; · қайшылар; · резеңкелі қолғаптар; · дез. ерітінді бар ыдыс. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Резеңкелі қолғап кию. 2. Пациентті жатқызу немесе отырғызу, жарақат жерін тексеру. 3. Жара аймағын антисептикпен өңдеу. 4. Жеке тану пакеттің резеңкелі қабатын жырту. 5. Пакетті қағаз қабатымен алу. 6. Конверт ретінде жабылған қағаз қабатты ашу. 7. Оң жақ қолмен бинттің бас жағын ұстау, сол жақ қолмен жеке тану пакеттің жастықшаларын ашу (бинтке бекітілген жағына қолмен ұстауға болады). 8. Жастықшаларды залалсыздандырылған жағымен жара бетіне бір-біріне орналастыру. 9. Жеке тану пакеттің жастықшаларын бинтпен бекіту. 10. Бинтті түйреуішпен немесе байламдармен бекіту. Есте қалдыру: Өтпелі жарақаттарда бір жастықшаны залалсыздандырылған жағымен кірген тесікке, екіншісін бинт бойы жылжытып отырып, шыққан тесікті жабады. «Чепец» тәрізді байламды салған кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Көрсеткіші: Бастың маңдай, шүйде бөлігі жарақаттанған кезде. Құжаттар: · бинт, ені 10 см. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Пациентті бет жағын өзіне қаратып отырғызу, тыныштандыру, өткізілетін манипуляцияны түсіндіру. 2. Бинттен ұзындығы 80 см байлам кесіп алу. 3. Бинттің бөлігін бастың төбе аймағына орналастыру, бинттің шеттерін пациенттің немесе көмекшінің қолына ұстату. 4. Бинттің бас жағын сол жақ қолға алу, бинттің басын – оң жақ қолға. 5. Маңдай, шүйде сүйектен бекітетін тур өткізу. 6. Байламдардың жанына жеткенде, бинтті айналдыра байламдардан өткізіп, шүйде сүйекке апару, сол жақ байламға дейін. 7. Бинтті байламнан өткізіп, маңдай сүйектен, бекітетін турдан кішкене жоғары өткізу. 8. Бастың шашты бөлігін айналдыра отырып толығымен жабу. 9. Байламды екі бекітетін турлармен бітіру, байламның бір жақ шетінде бинтті байлау. 10. Пациент ұстап отырған бинттің шетін иек астынан байлау. «Жүген» тәрізді байламды салған кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Көрсеткіші: Беттің, иектің, бастың маңдай бөлігінің жарақаты. Құжаттар: · бинт, ені 10 см. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Пациентті бет жағын өзіне қаратып отырғызу, тыныштандыру, өткізілетін манипуляцияны түсіндіру. 2. Бинттің бас жағын сол жақ қолға алу, бинттің басын – оң жақ қолға. 3. Бастың маңдай, шүйде бөлігіне бекітетін, циркулярлы тур өткізу. 4. Шүйде сүйектен иекке қарай жалғастыру, әрі қарай шүйде аймаққа барып баста бекіту. 5. Бинтті шүйде сүйекке түсіріп, әрі қарай иекке, бет жаққа бастың маңдай бөлігіне өткізу, әрі қарай шүйде сүйектен бас жаққа бекітетін тур мен бітіру. 6. Бинттің турларын қайталап отырып, иекке бет жаққа қарай апару. 7. Бас жақта бекітетін турлармен байламды бітіру. 8. Бинттің шетін бастың маңдай жағында байлап бітіру. Бір жақ көзге (монокулярлық) байлам салудың мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Көрсеткіші: Операциядан кейінгі кезең, көздің жарақаты. Құжаттар: · бинт, ені 10 см. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Пациентті бет жағын өзіне қаратып отырғызу, тыныштандыру, өткізілетін манипуляцияны түсіндіру. 2. Сол жақ көзді – сол жақтан оңға, оң жақ көзді – оң жақтан солға байлау. 3. Бинттің бас жағын сол жақ қолға алу, бинттің басын – оң жақ қолға. 4. Бинтті бастың маңдай бөлігіне бекіту. 5. Маңдай, шүйде сүйектен бинттің циркулярлы турын бекіту. 6. Шүйде сүйектен бастап құлақ астына бет жақтан жоғары бинттің бөлігін түсіру, осы жолмен ауырған көз жабылады. 7. Маңдай, шүйде аймақта бинтті бекітетін турмен өткізу. 8. Бинттің жолдарын көзге және басқа араластырып отыру керек. 9. Бинттің шетін кесіп, байламды бекіту, түйінмен байлап (жарақаттанған көздің қарама-қарсы жағынан). Екі көзге (бинокулярлық) байлам салғанда мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Көрсеткіші: Операциядан кейінгі кезең. Құжаттар: · бинт, ені 10 см. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Пациентті бет жағын өзіне қаратып отырғызу, тыныштандыру, өткізілетін манипуляцияны түсіндіру. 2. Сол жақ көзді – сол жақтан оңға, оң жақ көзді – оң жақтан солға байлау. 3. Бастың маңдай бөлігіне бинтті орналастыру, сол жақтан оңға қарай байлау. 4. Маңдай, шүйде аймағында бекітетін тур жасау. 5. Шүйде сүйектен құлақ астына бет жақтан жоғары бинттің бөлігін түсіру, осы жолмен сол көз жабылады. 6. Маңдай, шүйде аймағында бекітетін тур жасау. 7. Шүйде сүйектен бастап маңдайға бинтті апарып, оң жақ көз жабылады. 8. Маңдай, шүйде аймағында бекітетін тур жасау. 9. Бинттің шетін кесіп, байламды бекіту, түйінмен байлап, бастың маңдай бөлігінде. Бір жақ құлаққа байлам салғанда мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Көрсеткіші: Операциядан кейінгі жағдай, құлақ аурулары. Құжаттар: · бинт, ені 10 см. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Пациентті бет жағын өзіне қаратып отырғызу, тыныштандыру, өткізілетін манипуляцияны түсіндіру. 2. Сол жақ көзді – сол жақтан оңға, оң жақ көзді – оң жақтан солға байлау. 3. Бастың маңдай бөлігіне бинтті орналастыру. 4. Сол жақ құлақты оң жақтан солға, оң жақ құлақты – сол жақтан оңға. 5. Маңдай, шүйде аймағында 2 бекітетін тур жасау. 6. Бастың маңдай бөлігіне құлақтың жоғарғы бөлігіне бинтті түсіру. 7. Маңдай, шүйде аймағында бекітетін тур жасау. 8. Бинттің шетін кесіп, байламды бекіту, түйінмен байлап, бастың маңдай бөлігінде. Есте қалдыру: Бинттің келесі турлары құлақтың жара аймағында веер ретінде орналаса отырып төмен түсе береді, біртіндеп құлақты жауып. Құлақтың әр туры бас маңайында бекітетін турмен бітіп отырады. Шүйде сүйекке «Крест» тәрізді байлам салу. Мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Көрсеткіші: Операциядан кейінгі кезең, шүйде аймағындағы жарақаттар. Құжаттар: · бинт, ені 10 см. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Пациентті бет жағын өзіне қаратып отырғызу, тыныштандыру, өткізілетін манипуляцияны түсіндіру. 2. Сол жақ көзді – сол жақтан оңға, оң жақ көзді – оң жақтан солға байлау. 3. Бастың маңдай бөлігіне бинтті орналастыру, бастың маңдай, шүйде аймағынан (сол жақтан оңға қарай) 2 бекітетін тур өткізу. 4. Бинтті шүйде сүйекке, сосын мойынға, құлақ астына әрі қарай шүйдеге бинтті түсіріп, бекітетін тур өткізу. 5. Бірнеше 8 тәрізді тур өткізу, әр турдың 2/3 бөлігін жауып отырады. 6. Байламды баста бекітетін турмен бітіру. 7. Бинттің шетін кесіп, байламды бекіту, түйінмен байлап, бастың маңдай бөлігінде. Иыққа «Масақ» тәрізді байлам салғанда мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Көрсеткіші: Иық аймағындағы жара, шүйде аймағындағы жарақат. Құжаттар: · бинт, ені 20 см. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Пациентті бет жағын өзіне қаратып отырғызу, тыныштандыру, өткізілетін манипуляцияны түсіндіру. 2. Сол жақ көзді – сол жақтан оңға, оң жақ көзді – оң жақтан солға байлау. 3. Қолын төмен түсіру. 4. Иықтың ортаңғы бөлігіне бинтті орналастыру (оң жақ қолға – сол жақтан оңға, сол жақ қолға – оң жақтан солға). 5. Иық аймағында 2 бекітетін тур. 6. Иықтан кеудеге сау қолтық астына, арқаға, әрі қарай қайтадан иыққа бинтті апару. 7. Әр тур 2/3 бөлігін жауып отыру керек. 8. Бинттердің турын қайталап отыру иықтан иық буынына жылжып отырып, жараның беті жабылғанша. 9. Байламды бекіту, бинттің шетін түйреуішпен түйреу. Шынтақ буынға «Тасбақаның» (кездесетін) байламын салған кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Көрсеткіші: Шынтақ буынның жоғары немесе төмен бөлігінің жарақаты. Құжаттар: · бинт, ені 20 см. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Пациентті бет жағын өзіне қаратып отырғызу, тыныштандыру, өткізілетін манипуляцияны түсіндіру. 2. Қолды шынтақ буында 200-қа бүгу. 3. Бинттің бас жағын сол жақ қолға алу, бинттің басын – оң жақ қолға, сол жақтан оң жаққа қарай бинттеу. 4. Бинтті білектің жоғарғы бөлігіне орналастыру. 5. Білек аймағында 2 бекітетін тур жасау. 6. Шынтақ буынды айналып, иықтың төменгі бөлігіне ауысу. 7. Сегіз тәрізді айналымнан шынтақ буынға дейін біртіндеп жиналу. 8. Шынтақ буынды жабу, байламның бас жағына қарай орналасып. 9. Бинттің шетін кесіп, байламды бекіту, түйінмен байлап. Есте қалдыру. Осындай әдіспен байлам тізе буынына салынады. Білекке байлам салған кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Көрсеткіші: Білек аймағында жарақаттар, күйіктер. Құжаттар: · бинт, ені 10 см. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Пациентті бет жағын өзіне қаратып отырғызу, тыныштандыру, өткізілетін манипуляцияны түсіндіру. 2. Бинттің бас жағын сол жақ қолға алу, бинттің басын – оң жақ қолға, сол жақтан оң жаққа қарай бинттеу. 3. Бинтті білектің төменгі бөлігіне орналастыру. 4. Екі бекітетін тур жасау. 5. Әр келесі тур 1/2 бөлігін жауып отырады (байлам қолды толық жаппаған кезде перегиб жасау керек, әрі қарай спираль тәрізді кете береді). 6. Білектің жоғарғы бөлігінде бинттеуді бітіру. 7. Бинттің шетін кесіп, байламды бекіту, түйінмен байлап. Есте қалдыру. Осындай әдіспен байлам балтыр аймағына салынады. Қолдың бір саусағына байлам салған кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Көрсеткіші: Жарақаттар, күйік. Құжаттар: · бинт, ені 5 см. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Пациентті бет жағын өзіне қаратып отырғызу, жарақаттанған қолдың жағынан білекті столдың үстіне орналастыру, қолдар бос болу керек. 2. Тыныштандыру, өткізілетін манипуляцияны тү |