Гипстік байламдарды шешудегі мейіркештің іс- әрекетінің алгоритмі. Көрсеткіші: Иммобилизация уақытының өтуі. Құжаттар: · Штилле гипс қайшылары; · Вольф қысқыштары; · Кнор кеңейткіштері; · гипс байламдарын қиюға арналған қайшылар; · тігінші қайшылары, · гипс пышақтары, · гипс аралары. Іс- әрекетінің алгоритмі: 1. Науқасты отырғызып, тыныштандырыныз. 2. орындалатын манипуляцияларды түсіндірініз. 3. қолды немесе аяқты арнайы үстелге қойыныз. 4. Гипсті шешуге гипс қайшыларды, араларды қолданылады Ескертулер: Гипсты қиған кезде абайлап, қолды немесе аяқты қиып алманыз. 5.Қайшының қырларын, максимальды үлкен аумақта ашыныз. 6. Қолдын немесе аяқтын перифериялық бөлігін ұстап тұрып, байламды шешіп алыныз. 7. Байламды шешкен сон қол терісін жылы сумен, сабындап жұмсақ ветошьпен жуу керек. 8. Қолды индевидуальды орамалмен құрғатыныз. 9. Қолды вазелин майымен өнденіз. Ескертулер: балтыр немесе шынтақ маңындағы гипсты гипертоникалық ерітіндімен жібітініз. Иықтың жоғарғы бөліктерін, балтырдың төменгі бөліктерін пневматикалық пластмассалы құрсаулармен иммобилизация жасау. Иықтың жоғарғы бөліктерін, балтырдың төменгі бөліктеріне иммобилизация жасау үшін пластмассалы құрсаулар қолданылады. Пластмассалы құрсау алюмин сымымен бекітілген пластмасса таяқшаларынан тұрады. Құрсау қырларында денемен бекітуге арналған жіп өткізілген. Пластмассалы құрсаулардың 3 типтері бар. І тип- ені -11,5см, ұзындығы- 90,130 см. ІІ тип – ені -10 см, ұзындығы 90,130 см ІІІ тип – ені 8,5 см, ұзындығы 90, 110 см. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Құрсауды дайындау. 2. Науқасты отырғызып, тыныштандыру. 3. орындалатын манипуляцияларды түсіндіру. 4. Қол немесе аяққа физиологиялық ыңғайлы жағдай берініз. 5. Құрсауды сау жақпен дайындап алыныз. 6. Дайын құрсауды жарақаттанған жаққа салыныз. 7. Жіптің шетін құрсау шетімен алып шығып байлау. 8. Құрсауды косынкаға салып, бекітініз. Медициналық пневмотикалық құрсауларды салудағы мейіркештің іс- әрекетінің алгоритмі. Құрсаулар түссіз пластмассалы пленкалардан жасалған және келесі элементтерден тұрады. · екіқабатты герметикалық пленка; · молния- застежка; · камераға ауаны шығару үшін түтікшелі қақпақшалы құрылым МПҚ үш мөлшерлі пакеттерде шығарылады. 1. –иыққа және қол ұшына; 2. – табан мен балтырға; 3. – тізе буынға, жамбасқа аралған. Көрсеткіші: жоғарғы және төменгі бөліктердің сынығы. Құжаттар: · құрсау пакетпен. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Науқасты отырғызып, тыныштандыру, орындалатын манипуляцияны түсіндіру. 2. Науқасқа ынғайлы физиологиялық жағдай беру. 3. Құрсауды пакеттен алып шығу. 4. Молнияны шешу. 5. Құрсауды айналдырып, зақымданған бөліктің астына орналастыру. 6. Застежканы – молнияны салу. 7. Ауа шығаратын құрылымның қақпақшасын ашу. 8. Құрсауды қатайғанша ауызбен желдетініз. 9. Қақпақшаны жабыныз. Ескертпелер: Қысым түскенде камерада 40-45 мм с б. б қатаяды. Бұл транспорттық иммобилизацияға қажет қысым. Құрсау қанайналымды бұзбайды. Тез қойылады. Рентгенологиялық сәулелерді өткізгіштігімен ерекшеленеді. Қабырға сынған кездегі транспорттық иммобилизация кезіндегі мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі Көрсеткіші: Қабырға сынығы. Құжаттар: · лейкопластырь жуан, қайшы. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Науқасты тексеру. 2. Қабырға сынығының бар жоғын тексеру. 3. Науқасты тыныштандыру. 4. Науқасқа жартылай отыру қалпын туғыз. 5. Орындалатын манипуляцияны түсіндірініз. 6. Сынған жерге лейкопластырьдан череп тәрізді байлам салыныз. · Лейкопластырьдан ұзын полоска қиып алыныз; · Ұзын полосканы төс сүйегінен омыртқа жотасына дейін салыныз. · Әрі қарай, келесі лейкопластырьларды алдындағығының жартысына орналастырыныз. 7. Науқасты ауруханаға тасымалданыз. Жабық бас-ми жарақаты кезіндегі мейіркештің іс- әрекетінің алгоритмі. Көрсеткіші: Шайқалу, жаншылу, мидың қысылуы. Құжаттар: · зембіл, лоток, орамал. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Науқасты тексеріп, тыныштандырыныз. 2. орындалатын монипуляцияны түсіндірініз. 3. Науқасты носилкаға арқамен жатқызыныз. 4. Иммобилизациялық воротникті кигізу. 5. Суық суға малынған салфетканы жарақат маңайына салыныз. 6. Науқасты ауруханаға тасымалданыз. Ескертулер: Егер науқас ессіз болса, мүсәтір спиртін иіскетініз. Науқастың есін жию керек. Жамбас сүйегі сынған кездегі мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Көрсеткіші: Жамбас сүйегінің сынығы, жамбас қуысы ағзаларының жарақаты. Құжаттар: · қатты зембіл, 25-30см валик, орамал. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Науқасты тексеру; 2. Сынықтын бар екеніне көз жеткізу; 3. Науқасты тыныштандыру. 4. Орындалатын манипуляцияны түсіндіру. 5. Омыртқа жотасын қозғалтпай, орнынан ауыстыру. 6. Науқасты абайлап, арқамен зембілге, немесе щитқа жатқызыныз. 7. Тізе буынында аяқты бүгіп, аяқты екі жаққа созу. 8. Бүгілген тізе астына валик салу. 9. Тізені валикпен бекітіп, орамал бөлігімен немесе матамен бекіту. Омыртқаның төс және бел бөлігінің сынығы кезінде транспорттық иммобилизация кезінде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Көрсеткіші: Омыртқа сүйектерінің жарақаттануы. Құжаттар: · қатты зембіл немесе вакуумды, 20-25 см бинт. Ескертулер: Омыртқаның бел немесе төс бөлігінің сынығы кезінде вакумды зембілдер қолданылады. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Науқасты тексеру. 2. Сынықтын бар екеніне көз жеткізу. 3. Науқасты тыныштандыру. 4. Орындалатын манипуляцияны түсіндіру. 5. Науқасты абайлап, зембілге ауыстыру. 6. Зембіл чехолдарын байлау. 7. Арнайы ауа шығаратын пышақ арқылы ауаны шығару. 8. Зембілді екі адам арнайы қолдар арқылы ұстап шығарады. Ескертулер: Егер вакуумды зембіл болмаса, науқасты арнайы қатты зембілде немесе қалқанға салып тасымалдайды. Омыртқа жотасын қозғалтпай, орнынан ауыстыру. Науқасты орнынан ауыстырған кезде төртеулеп орындау керек. Науқас денесін жуан бинтпен кеуде маңайында, жамбас, тізе аймағында бекіту керек. Ескертулер. Егер науқас ессіз болса, ішпен тасымалдау керек. Егер омыртқаның мойын бөлігі сынса, науқасты арқамен, мойын астына валик салып, тасымалдау керек. Жансыздандыру кезіндегі мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Жансыздандыру (анестезия) жергілікті және жалпы болады. Пациентті жергілікті анестезияға дайындау. · Пациентті зерттеу, жансыздандыру өткізетін жерде тері аймақтарын. · Тамыр соғуын, қан қысымын, дене қызуын тексеру. · Аллергиялық аурулар барма екенін зерттеу, әсіресе анестетиктерге аллергия барма екен. · Премедикация алдында қуықты босату. · Премедикация өткізу (0,1% атропин ертіндісін, 1% димедрол ертіндісін 1 мл бұлшық етке, анестезияға 20 минут қалғанда, 1 шприцте). · Жергілікті жансыздандыру біткенше қатаң төсек режимін сақтау. Беткей анестезияны өткізу. Офтальмология, оториноларингология, стоматологияда, бронхоскопия, гастроскопия, цистоскопия, ларингоскопия өткізген кезде қолданады. Анестетиктер: · Кокаин 1%, 2%, 3% - 5 мл; · Дикаин 0,5%, 1% - 5 мл; · Лидокаин 2% - 5 мл; · Хлорэтил 30 мл. Анестетиктің әсерін ұзарту үшін адреналин ертіндісін қосады (анестетик ертіндісінің 1 мл – 0,1% адреналин гидрохлорид ертіндісін 1–2 тамшы. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Теріні, кілегей қабатты тампонмен өңдеу. 2. Пипетка арқылы 3-4 тамшы тамызу. 3. Аэрозольды дененің бетінен 25 см арақашықтықта шашырату. Инфильтрациялық қабатты Вишневский арқылы анестезия өткізген кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Көрсеткіші: Жараға алғашқы хирургиялық өңдеу өткізген кезде, іріңдіктерді тескенде. Анестетиктер: · Новокаин 0,25% - 500 мл; · Новокаин 0,5% - 250 мл. Құжаттар: · Залалсыздандырылған лоток; · Марлілі дәке; · 2 пинцет; · Шприц 20 мл; · Инелер, бұлшық ет иньекциясына арналған; · 1% йодонат; · 70% этил спирті; · Новокаин ертіндісі; · Резенкелі қолғаптар. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Резеңкелі қолғап кию. 2. Теріні 2 рет залалсыздандырылған салфеткамен йодонатпен пинцет арқылы өңдеу, содан кейін спиртпен ортасынан шетіне дейін. 3. Шприцке новокаин ертіндісін алу. 4. Тері ішіне иньекциялық инені енгізу. 5. «Лимон қабыршағы» пайда болғанша новокаинды ақырын жіберу. 6. Инені тері ішіне қабатымен (майлы клетчаткаға, бұлшық етке) терең енгізу, новокаин жіберу. 7. Инені алып, 3-5 минут өткен соң манипуляцияны жүргізу. Футлярлық анестезия өткізген кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Көрсеткіші: Аяқ-қолға операциялар, манипуляциялар жүргізгенде, сүйек сынығында, ұзақ уақыт қысылу синдромында жансыздандыру үшін. Анестетик: · Новокаин 0,25% - 500 мл Құжаттар: · ширақ; · 2 пинцет; · марлілі дәкелер; · шприц 20 мл; · иньекциялық ине бұлшық етке; · 70% этил спирті; · резеңкелі қолғаптар; · новокаин ертіндісі. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Анестезия өткізетін жерден жоғары ширақ салу 2. Ширақтан төмен теріні 2 рет спиртпен өңдеу 3. Шприцке новокаин ертіндісін алу. 4. Ширақтан төмен бұлшық етке терең инені енгізу. 5. Новокаинды ақырын жіберу. 6. Инені бірнеше жерден ірі бұлшық еттің фасциясына еңгізу. 7. Манипуляция біткен соң ширақты біртіндеп босата отырып шешу. 8. Манипуляцияны 1,5 сағат бойы өткізеді. Жота – ми, эпидуральдық немесе перидуральдық анестезия өткізген кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Көрсеткіші: Жамбас, аяқ, ішке операция жасаған кезде. Қарама-қарсы көрсеткіштер: Төмен артериялық қысымда, омыртқа, жұлын ауруларында. Анестетиктер: · Тримекаин 1% - 30 мл; · Дикаин 0,3% - 30 мл; · Совкаин 1% - 1 мл. Құжаттар: · залалсыздандырылған лоток; · марлялы дәкелер; · Бир инесі; · шприц 20 мл; · анестетик; · 5% глюкоза, 0,9% натрий хлорид, кофеин 10% - 1 мл, анальгин 50% - 5 мл (асқынуларда қолданады); · 70% этил спирті. Пациент жағдайы: · пациентті бір жақ қырына жатқызу; · басын ішіне қарай жақындату; · аяқтарын тізе, жамбас буындарда бүгіп, ішіне қарай әкелу, тізесін қолдарымен ұстау. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Пациентті жатқызу. 2. Саймандарды, тану материалды, анестетикті, дәрі-дәрмектерді дайындау. 3. Мейіркеш пациенттің жанында тұрып, қажетті жағдайды сақтап тұруға көмектеседі. 4. Анестезияны дәрігер жүргізеді. 5. Анестетикті еңгізген соң пациенттің басын жоғары орналастыру керек. 6. Демін, қан қысымын, тамыр соғуын қадағалау. Новокаин блокадалар жүргізген кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Көрсеткіші: Ауырсынуды басу үшін, трофикалық бұзылыстарды емдеу үшін, қабырға сынықтарында, қабырға аралық невралгияда. Анестетиктер: · Новокаин 0,25% - 250 мл; · Новокаин 0,5% - 50 мл; · Новокаин 2% - 10 мл. Құжаттар: · залалсыздандырылған лоток; · марляілі дәкелер; · шприц 20 мл; · новокаин; · 2 пинцет; · 70% этил спирті; · резеңкелі қолғаптар; · инелер бұлшық етке арналған. Қабырға аралық блокадағы мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Көрсеткіші: Қабырға сынықтарында, қабырға аралық невралгияда. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Пациентті ыңғайлы жағдайға жатқызу. 2. Резеңкелі қолғаптар кию 3. Теріні 2 рет спиртпен өңдеу. 4. Шприцке новокаин ертіндісін алу. 5. Қабырғаның төменгі шетімен инені енгізу, ине тамырға түскен жоқпа деп тексере отыру. 6. Новокаинды ақырын жіберу. 7. Инені алып, иненің орнын спиртпен өңдеу. 8. Резеңкелі қолғаптарды шешіп, дез. ертіндісі бар ыдысқа орналастыру. 3-5 минут өткен соң жансыздандыру пайда болады. Вишневский бойынша вагосимпатикалық блокада өткізген кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Көрсеткіші: Кеуде жарақаты, торакотомиядан кейін. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Пациентті арқасымен жатқызу. 2. Резеңкелі қолғап кию. 3. Жауырын астына валик салу, басы шалқаю үшін. 4. Блокадаға қарама-қарсы жаққа басын бұру. 5. Блокада жағында, қолын дененің ұзындығы бойынша орналастыру. 6. Төс – бұғана бұлшық ет аймағында теріні 2 рет спиртпен өңдеу. Блокаданы өткізетін дәрігер! Пациентті қадағалау. Егерде блокада дұрыс өткізілсе – блокада өткізілген жақта беті қызарады, көзінің қарашығы кішірейеді. Паранефральдық блокада өткізген кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Көрсеткіші: Бүйрек, бүйрек маңайындағы клетчатканың жарақаты, аурулары. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Пациентті сау жағына жатқызу. 2. Резеңкелі қолғап кию. 3. Бел аймағына валик салу. 4. Сау жағында аяқты тізе, жамбас буында бүгу. 5. Ауырған жағынан аяғын жіберу. 6. Ауырған жағында қолын жоғары орналастыру. 7. 2 рет спиртпен залалсыздандырылған салфеткамен омыртқа-қабырға бұрыш аймағын өңдеу. Блокаданы өткізетін дәрігер! Шәует байламының блокадасындағы мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Көрсеткіші: Бүйрек коликасы, ер адамдардың жыныс ағзалардың жарақаты және аурулары. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Пациентті арқасымен жатқызу. 2. Резеңкелі қолғап кию. 3. Ұма аймағында залалсыздандырылған салфеткамен, спиртпен теріні 2 рет өңдеу. 4. Шприцке 2%-5 мл новокаин ертіндісін алу. 5. Ұма түбіне тері ішіне новокаин енгізу. 6. Инені алып, оның орнын спиртпен өңдеу. 7. Резеңкелі қолғаптарды шешіп, дез. ертіндіге орналастыру. 3-5 минут өткен соң жансыздандыру пайда болады. Жатырдың домалақ байлам блокадасындағы мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Көрсеткіші: Бүйрек ұстамасы, әйел адамдардың жыныс ағзалардың жарақаты және аурулары. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Пациентті арқасымен жатқызу. 2. Резеңкелі қолғап кию. 3. Шап аймағында залалсыздандырылған салфеткамен, спиртпен теріні 2 рет өңдеу. 4. Шприцке 2% - 5 мл новокаин алу. 5. Шап аймағында тері ішіне новокаин енгізу. 6. Инені алып, иненің орнын спиртпен өңдеу. 7. Резеңкелі қолғаптарды шешіп, дез. ертіндіге орналастыру. 3-5 минут өткен соң жансыздандыру пайда болады. Оберст – Лукашевич блокадасын өткізген кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Көрсеткіші: Саусақтарға операция. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Пациентті ыңғайлы жағдайға жатқызу. 2. Резеңкелі қолғап кию. 3. Алақанды залалсыздандырылған салфеткамен, спиртпен 2 рет өңдеу. 4. Саусақтың негізінен залалсыздандырылған бинт орналастыру. 5. Шприцке 2% - 5 мл новокаин алу. 6. Саусақтың ішкі бетінен екі жақтан тері ішіне новокаин еңгізу. 7. 3 – 5 минут өткен соң операция жасау, саусақтың негізінен залалсыздандырылған бинтті шешпеу. Жергілікті жансыздандыру өткізген кезде пациент күтімінде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. · Пациентті ыңғайлы жағдайға жатқызу, операцияға байланысты. · Жастықсыз жатқызу – лоқсу болуы мүмкін және жота – ми анестезиядан кейін. · Жағымсыз жағдай жоқ кезде – басына жастық салу. · Пациентті 2 сағат бойы қадағалау: қан қысымын, тамыр соғуын өлшеу, байламды қадағалау. · Жота – ми анестезиядан кейін 2 тәулік бойы төсек режимін сақтау. Жалпы жансыздандыруға пациентті дайындаған кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. · Пациентті зерттеу тыныс жолдардың өткізгіштігін, мойынның, иектің қозғалуын. · Ауыз – қуысына санация өткізу. · Аллергиялық және созылмалы ауруларды анықтау. · Тамыр соғуын, қан қысымын, дене қызуын өлшеу. · Жалпы қан анализдерін, зәрді, электролитті, сулы, қышқыл – сілтілі балансты зерттеу. · Қан тобын, резус – факторды анықтау. · Анестезиолог картасын толтыру. · Тоқ ішекті клизма арқылы кешке жақын, немесе операцияға 2 сағат қалғанда дәрігер нұсқауымен тазалау. · Дәрігер нұсқауы бойынша наркозға 12 сағат қалғанда аштықты, су режимді сақтау. · Операция алдында қуықты босату. · Операцияға 30 минут қалғанда дәрігер нұсқауымен кешкілік және таңертенгі премедикацияны өткізу. · Қатаң төсек режимін сақтау таңертенгі премедикация өткізген соң. Наркотизатор үстелін дайындаған кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. 1. Залалсыздандырылған үстел №1: - 5мл, 10 мл, 20 мл шприцтер - Инелер - Дәрілерді езетін ыдыстар – 4 - Пинцеттер – 4 - Қанды тоқтататын қысқыштар – 2 - Қайшылар – 2 - Тану материалдар (салфеткалар, шариктер) - Корнцанг – 1 2.Залалсыздандырылған үстел №2: - Интубациондық трубкалар - Ларингоскоп - Маскалар - Трубкаларды аппаратпен бекітетін коннекторлар - Ауа түтікше - Ауыз кеңейткіш - Тіл ұстағыш - Зондтар - Мұрын катетерлері 3. Залалсыздандырылмаған үстел: - 1 рет қолданатын система – 2 - 1 рет қолданатын шприц инемен – 5 - Тыныс жолдардан сілекейді сорып алатын катетер – 2 - Термометр – 1 - Фонендоскоп – 1 - Лейкопластырь – 1 - Медикаментоздық заттар (анестетиктер, миорелаксанттар, жүрек, дем аналептиктер, сұйық наркотикалық заттар, атропин, прозерин, спазмолитиктер). Анестезистканың жұмыс кезіндегі іс-әрекеті. 1. Пациентке дәрі препараттарды, сұйықтықтарды енгізу. 2. Интубация кезінде дәрігерге көмектесу. 3. Тамыр соғуын, қан қысымын қадағалау. 4. Көзінің қарашығын, теріні қадағалау. 5. Приборлардың көрсеткішін қадағалау. 6. Қан жоғалтудың мөлшерін жүргізу. 7. Наркоз басында пациенттің асқазанына зонд еңгізу. 8. Тыныс жолдардан электроотсос арқылы сілекейді сорып алу. 9. Наркоз картасын толтыру. 10. Жарылыстың алдын алу үшін ережелердің сақтауын қадағалау. 11. Пациент операциядан толық оянғанша қадағалау. 12. Реанимация бөліміне пациентті тасымалдау. 13. Газдардың берілуін өшіру. 14. Аппаратураның зарарсыздандыруы. Наркоз кезінде жарылыстардың алдын алу шаралары. · Эфирлы немесе циклопропан наркоз қолданғанда, диатермокоагулянттармен қолданбау. · Операция бөлімінде синтетикалы киім, аяқ киім қолданбау. · Аппараттардың бөлшектері антистатикалық материалдан болу керек. · Ашық спиральды жылтқыштармен қолданбау. · Жалаңаш сымдар, сынған розеткалармен қолданбау. · Пациент бетінде, анестезистканың қолында, аппараттардың бөлшектерінде май, крем, ерін бояғыштар болмау керек. · Газ бар баллондардың түсін нақты білу керек: - оттегін – көк түсті, жазулары қара; - азоттың қос тотығы – сұр, жазулары ақ; - циклопропан – қызыл түсті, жазулары қара; - көмір тегі – қара түсті, жазулары ақ; · Операция бөлімінде өрт сөндіргіш болу керек. Жалпы жансыздандырудан кейінгі пациент күтімінің мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. · Пациентті таза, жастықсыз төсекке жатқызу. · Тамыр соғуын, демін, қан қысымын, дене қызуын өлшеу. · Диурезді қадағалау. · Дренаж бойынша шыққан сұйықтықтың мөлшерін, түсін қадағалау. · Пациенттің динамикалық қадағалау қағазын жүргізу. · Операциядан кейінгі жараны қадағалау. · Наркоздан оянған соң, операцияға байланысты пациентке ыңғайлы жағдай беру. Буын шығып кеткен кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Буын шығып кету – буын қалтасының орнынан жылжып кетуі, капсуланың және байлам аппаратының жыртылуы. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Жансыздандыру (50% анальгин - 5 мл бұлшық етке). 2. Аяқ қолға косынкалы байламмен немесе құрсаумен иммобилизация өткізу. 3. Жарақаттанған буынға мұзды мұйық қою. 4. Пациентті зембілге салып ыңғайлы жағдай беру. 5. Жарақат бөліміне тасымалдау. Сүйектердің ашық сынығындағы мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Сүйектердің ашық сынығы – бұл сүйектердің толықтығының бұзылуы, тері және жұмсақ тіндердің жарақаты. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Аяқ қолды киімнен босату. 2. Сынықтан жоғары ширақ арқылы немесе айналмалы ширақ арқылы қанды тоқтату. 3. Жансыздандыру (50% анальгин – 5 мл бұлшық етке, немесе футлярды анестезия 0,25% новокаин – 100-200 мл). 4. Жара аймағын антисептикпен өңдеу (1% йодонат, 70% этил спирті, фурацилин ертіндісі). 5. Жараға асептикалық байлам салу. 6. Аяқты құрсаумен бекіту, ширақ көрініп тұру керек. 7. Сынған жерге мұзды мұйық. 8. Пациентті зембілге арқасымен жатқызу. 9. Жарақат шогының диагностикасына қан қысымын, тамыр соғуын өлшеу. 10. Жарақат бөліміне тасымалдау. 11. Сіреспенің алдын алу шараларын жүргізу. Ұзақ уақыт қысылу синдромындағы мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Ұзақ уақыт қысылу синдромы – бұл патологиялық жағдай, жұмсақ тіндердің ұзақ уақыт қысылу себебінен пайда болатын, жарақат шогына, токсемияға, плазма жоғалтуға әкелетін. Бұл синдром кездеседі жер сілкіністе, жарылыстарда, жол-көлік, теміржол апаттарда. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Қысылған жерден жоғары, аяқ қолды босатқанша ширақ салу. 2. Қысылған заттан аяқты босатқан соң, шетінен бастап ортасына дейін тығыз байлам салу, сосын ширақты босату. 3. Жансыздандыру (2% промедол – 2 мл бұлшықетке). 4. Аяқ қолды құрсаулармен бекіту. 5. Көктамыр ішіне полиглюкин (реополиглюкин – 500 мл, 2 мл кордиамин, 60 мл преднизолон). 6. Аяққа мұзды мұйық қою. 7. Зембілге арқасымен жатқызу. 8. Қан қысымын тамыр соғуын қадағалау. 9. Реанимация бөліміне тасымалдау. 10. Сіреспенің алдын алу шаралары. Аяқ қолдың травмалық үзілуіндегі мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Бұнда өткір қансырау, травмалық шок пайда болады. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Аяқ қолды киімнен босату. 2. Үзілген жерден жоғары ширақты салып, қанды тоқтату. 3. Жансыздандыру 2% промедол – 2 мл бұлшықетке. 4. Жараға асептикалық байлам салу. 5. Аяқ қолды құрсаумен бекіту, ширақ көрініп тұру керек. 6. Байлам үстіне мұзды мұйық қою. 7. Көктамыр ішіне полиглюкин (реополиглюкин – 500 мл, 2 мл кордиамин, 60 мл преднизолон). 8. Зембілге арқасымен жатқызу. 9. Үзілген аяқ қолды үлкен целлофан пакетке салып, мұзды мұйық орналастыру керек. 10. Жарақат шогының диагностикасына қан қысымын, тамыр соғуын өлшеу. 11. Хирургия бөліміне тасымалдау. 12. Сіреспенің алдын алу шараларын жүргізу. Жаралану кезіндегі мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Жара – бұл ашық механикалық жарақат терінің және терең жатқан тіндердің толықтығының бұзылуы. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Жара аймағын киімнен босату. 2. Қансыраудың түріне байланысты қанды тоқтату. 3. Жансыздандыру (анальгин таблеткасы немесе бұлшық етке 50% - 2 мл анальгин). 4. Тері аймағын антисептикпен өңдеу (3% сутегі асқын тотығы, 1% йодонат, фурацилин). 5. Жараға асептикалық байлам. 6. Аяқ қолды құрсаумен немесе косынкалы байламмен бекіту. 7. Жара аймағына мұзды мұйық. 8. Жарақат шогының диагностикасына қан қысымын, тамыр соғуын өлшеу. 9. Жарақат бөліміне тасымалдау. 10. Сіреспенің алдын алу шараларын жүргізу. Күйіктегі мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Күйік – бұл тіндердің жарақаты жоғары температураның, химиялық заттардың, сәуле энергиясынан, электро тоқтың жергілікті әсерінен пайда болған жағдайдың ауырлығы күйіктің аймағына және тереңдігіне байланысты. Термиялық күйіктегі мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Термиялық күйіктер будың, қайнаған сұйық заттардың, оттың, ысыған заттардың әсерінен пайда болады. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Жарақаттайтын фактордың әсерін жою. 2. Зардап шеккен адамды таза ауаға шығару. 3. Күйген жерді киімнен босату (егерде киім шешілмесе жара маңайында қайшымен қию) 4. Жансыздандыру (анальгин таблеткасы немесе бұлшық етке 50% - 2 мл анальгин, 2% промедол – 2 мл бұлшықетке). 5. Жараны суық антисептикпен жуу. 6. Жараға асептикалық байлам салу (фурацилин ертіндісі, анестезин суспензиясы немесе пантенол аэрозольмен өңдеу). 7. Құрсаумен немесе косынкалы байламмен иммобилизация өткізу. 8. Күйген жерге мұзды мұйық қою. 9. Жарақат шогының диагностикасына қан қысымын, тамыр соғуын өлшеу. 10. Жарақат бөліміне тасымалдау, зембілге салу. 11. Күйіктің 2-4 дәрежесінде сіреспенің алдын алу шараларын жүргізу. Химиялық күйіктегі мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Химиялық күйіктер – бұл теріге, кілегей қабатқа қышқылдар (азот, күкірт, тұз, сірке) және сілтілер (калий, натрий, қортылмаған әк), фосфор, ауыр металдың тұздары (азот қышқыл күмісі, цинк хлориді) түскен кезде. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Жарақаттайтын фактордың әсерін жою. 2. Күйген жерді киімнен босату. 3. Күйген жерді суық сумен 20 минут бойы шаю (күйікті күкірт қышқылы қортылмаған әк, фосфор) тамған кезде шаюға болмайды, бұндай жағдайда – фосфорды пинцетпен алып тастау, күкірт қышқылы қортылмаған әкті салфеткамен алып тастау, антисептикке матырылған. 4. Жансыздандыру. 5. Жараға асептикалық байлам салу. 6. Құрсаумен немесе косынкалы байламмен иммобилизация өткізу. 7. Күйген жерге мұзды мұйық қою. 8. Жарақат шогының диагностикасына қан қысымын, тамыр соғуын өлшеу. 9. Жарақат бөліміне тасымалдау, зембілге салу. 10. Күйіктің 2-4 дәрежесінде сіреспенің алдын алу шараларын жүргізу. 12. Құрсаумен немесе косынкалы байламмен иммобилизация өткізу. 13. Күйген жерге мұзды мұйық қою. 14. Жарақат шогының диагностикасына қан қысымын, тамыр соғуын өлшеу. 15. Жарақат бөліміне тасымалдау, зембілге салу. 16. Күйіктің 2-4 дәрежесінде сіреспенің алдын алу шараларын жүргізу. Электрожарақат кезіндегі мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Электрожарақат – бұл электротоқпен немесе атмосфералық тоқпен жарақаттану. Жарақат болуы мүмкін жергілікті (терінің күйігі) немесе жалпы (есінен тану, коллапс, шок, әлсіздік, демнің жүректің тоқтауы) Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Электротоқтың әсерін жою, қауіпсіздік техникасын сақтап отырып. 2. Зардап шеккен адамды арқасымен жатқызу. 3. Зардап шеккен адамды тексеру. 4. Күйген жерге асептикалық байлам салу. 5. Жансыздандыру (50% анальгин – 2-5 мл бұлшық етке). 6. Бұлшық етке 2 мл кордиамин, 5% эфедрин 1 мл тері астына. 7. Демі, жүрегі тоқтаған кезде жасанды дем, жабық массаж. 8. Реанимация бөліміне зембілге салып тасымалдау. Үсік кезіндегі мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Үсік – төменгі температураның әсерінен тіндердің жарақаты. Іс-әрекетінің алгоритмі: І әдіс. 1. Үсіген жерді қолмен ақырын уқалау. 2. Кепкен жылы изоляциялық байлам салу (мақталы – марлілі тампон бет жағынан целлофан, немесе клеёнка оның сыртынан жұмсақ дәке немесе түбіт орамал). 3. Үсіген аяқ қолға иммобилизация өткізу. 4. Тез арада емдік ауруханаға жеткізу. ІІ әдіс. 1. Үсіген жерді қолмен ақырын уқалау. 2. Дененің үсіген бөлігін бөлме температурадағы +180С суға орналастыру, оның температурасын біртіндеп +380С көтеру. Кепкен дәкемен сүрту. 3. Үсіген жерге асептикалық байлам салу. 4. Аяқ қолды құрсаулармен немесе косынкалы байламмен бекіту. 5. Зардап шеккен адамға ыстық шәй, кофе беру. 6. Бұлшық етке 1% дибазол 1 мл, 1% никотин қышқылы 1 мл. 7. Жарақат бөліміне тасымалдау. Бас – ми жарақатындағы шұғыл көмекте мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Бас – ми жарақаттарына жатады: · жабық бас – ми жарақаттары (шайқалу, соғылу және ми затының қысылуы); · төбе сүйектерінің сынығы; · мидың негізінің сынығы; · жақ және иек сүйектерінің сынығы; · иек сүйектерінің шығып кетуі. Жабық бас – ми жарақатындағы мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Зардап шеккен адамды зембілге салу, бас жағын 100-қа көтеру. 2. Бұлшық етке 50% анальгин 2 мл, 1% димедрол 1 мл. 3. Көктамырға 40% глюкоза 20 мл немесе 25% магний сульфаты 10 мл бұлшық етке (қан қысымы төмен болғанда магний сульфатын қолдануға болмайды). 4. Бастың төбе жағына мұзды мұйық асып қою. 5. Ессіз жатқан кезде – тілі артқа кетпеу және құсықпен тұншықпаудың алдын алу үшін (басын бір жаққа бұру, ауыз қуысын тазалау, тілін салфеткамен ұстап сыртқа шығару). 6. Қан қысымын, тамыр соғуын қадағалау. 7. Нейрохирургия бөліміне тасымалдау. Төбе сүйектерінің сынығындағы мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Зардап шеккен адамды зембілге салу, бас жағы көтеріңкі. 2. Бұлшық етке 50% анальгин 2 мл, 1% димедрол 1 мл. 3. Көктамырға 40% глюкоза 20 мл. 4. Қансырауда және жарада – самай артерияны басып немесе самай артерияға қысып тұратын байлам салып қанды тоқтату. 5. Жараға асептикалық байлам салу. 6. Бастың төбе жағына мұзды мұйық асып қою. 7. Қан қысымын, тамыр соғуын қадағалау. 8. Нейрохирургия бөліміне тасымалдау. 9. Жара бар кезде сіреспені алдын алу шаралар жүргізу. Мидың негізі сынған кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Зардап шеккен адамды зембілге салу, бас жағы көтеріңкі. 2. Бұлшық етке 50% анальгин 5 мл. 3. Бұлшық етке 2 мл кордиамин, 5% эфедрин 1 мл тері астына. 4. Көктамырға 40% глюкоза 40 мл. 5. Жара жағдайда – антисептикпен өңдеу, асептикалық байлам салу. 6. Бастың төбе жағына мұзды мұйық асып қою. 7. Басын валикпен бекіту. 8. Шок диагностикасын анықтау үшін қан қысымын, тамыр соғуын қадағалау. 9. Абайлап нейрохирургия бөліміне тасымалдау. Есте қалдыру. Қансырауды және ликвореяны тоқтатпаймыз! Жақ және иек сүйектері сынған кездегі мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Зардап шеккен адамды зембілге салу, басын бір жағына бұрып. 2. Ауыз қуысын тексеріп салфеткамен тазалау. 3. Мұрыннан, тіс лункасынан қан аққан кезде тампонада арқылы қанды тоқтату. 4. Жансыздандыру. (Бұлшық етке 50% анальгин 5 мл) 5. Жараға асептикалық байлам салу. 6. Жаққа иммобилизация өткізу – пращ тәрізді байламмен немесе жүген тәрізді немесе арнайы қатты «пращті» бас киімімен. 7. Жақ-бет хирургия бөліміне тасымалдау. 8. Қан қысымын, тамыр соғуын қадағалау. 9. Сіреспенің алдын алу шаралары. Иек шығып кеткен кездегі мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Ауыз қуысын тексеріп салфеткамен өңдеу. 2. Буын аймағында 2% новокаин ертіндісімен жансыздандыру. 3. Иекке пращ тәрізді байлам салу. 4. Жақ-бет хирургия бөліміне тасымалдау, зембілге салып, бір жағына бұрып. Мойын аймағының жарақатында шұғыл көмек көрсеткенде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Мойын жарақаттары (көмекей, тіл астындағы сүйек, кеңірдек, өңеш, мойынның ірі тамырлары) осы жағдайларда жарақат шогы, өткір қансырау, демнің бұзылуы кездеседі. Көмекей шеміршегінің соғылуы. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Жансыздандыру. (50% анальгин 2 мл) 2. Соғылған жерге мұзды мұйық қою. 3. Демін қадағалау. 4. 3-4 дәрежедегі стенозда трахеостомиялық пункция. 5. Жартылай отырғызып, хирургия бөліміне немесе Лор бөліміне тасымалдау. Көмекей шеміршегінің сынуындағы мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Зембілге арқасымен жатқызу. 2. Мұрын қуысынан медициналық резенкелі сорғышпен немесе электроотсос арқылы мұрын қуысынан қанды сорып алу. 3. Сыртқы жараларға асептикалық байлам салу. 4. Жансыздандыру. (50% анальгин 2-5 мл) 5. Мұзды мұйық қою. 6. 3-4 дәрежедегі стенозда трахеостомиялық пункция. 7. Жартылай отырғызып, хирургия бөліміне немесе Лор бөліміне тасымалдау. Кеңірдек жарақатындағы мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Себебі – оқтың немесе пышақ жарақаты. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Зардап шеккен адамды арқасымен жауырын астына валик салып жатқызу. 2. Жара аймағын антисептикпен өңдеу. 3. Жара тесігінен кеңірдектегі медициналық резенкелі сорғышпен немесе электроотсос арқылы қанды сорып алу. 4. Жансыздандыру. (50% анальгин 2-5 мл) 5. Кеңірдекті трахеостомиялық трубка немесе дренажды трубка арқылы кеңейту. 6. Кеңірдекке трахеостомиялық трубка немесе дренаж трубканы еңгізу. 7. Трубка аймағында залалсыздандырылған салфеткаларды орналастыру. 8. Көктамыр ішіне полиглюкин 500 мл, 2 мл кордиамин, 5% 100 мл аминокапрон қышқылы. 9. Зембілге салып арқасымен хирургия бөліміне тасымалдау. 10. Демі қиындағанда – трахеостомиялық трубканы тазалау. 11. Қан қысымын, тамыр соғуын, демін қадағалау. 12. Сіреспенің алдын алу шаралары. Өңеш жарақатындағы мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Себебі – оқтың немесе пышақ жарақаты өңеш аймағында, көбінесе сол жағы жарақаттанғанда. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Зардап шеккен адамды арқасымен жатқызу. 2. Жансыздандыру. (50% анальгин 2-5 мл, 2% 2 мл промедол). 3. Жара аймағын антисептикпен өңдеу. 4. Жараға тампонада өткізу. 5. Жараға қысып тұратын байлам салу. 6. Мұзды мұйық қою. 7. Көктамыр ішіне полиглюкин 500 мл, 2 мл кордиамин. 8. Зембілге салып арқасымен хирургия бөліміне тасымалдау. 9. Қан қысымын, тамыр соғуын, демін қадағалау. 10. Сіреспенің алдын алу шаралары. Мойын тамыр жарақатындағы мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Зардап шеккен адамды арқасымен жатқызу. 2. Ұйқы артерияны омыртқаға саусақпен басып қанды тоқтату. 3. Жансыздандыру. (50% анальгин 2-5 мл, 2% 2 мл промедол). 4. Жара аймағын антисептикпен өңдеу. 5. Жараға тампонада өткізу. 6. Жараға қысып тұратын байлам салу. 7. Мұзды мұйық қою. 8. Көктамыр ішіне полиглюкин 500 мл, 2 мл кордиамин. 9. Зембілге салып арқасымен хирургия бөліміне тасымалдау. 10. Қан қысымын, тамыр соғуын, демін қадағалау. 11. Сіреспенің алдын алу шаралары. Кеңірдекке, көмекейге бөгде зат кезіндегі мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Зардап шеккен адамның жағдайын бағалау. 2. 1-2 дәрежедегі стенозда зардап шеккен адамды басын төмен салбырату керек немесе өзіміздің санға (орындықтың арқасына) басымен төмен орналастыру, зардап шеккен адамның төсі, көмек көрсететін адамның сан аймағында орналасу керек, рефлекторлы демді шығару үшін – жөтелдіру керек, қолмен арқасын ұрғылау керек. 3. Нәтиже жоқ болған кезде – зардап шеккен адамды арт жағынан қолымен қысып, төс аймағында кеудені басу. 4. 3-4 дәрежедегі стенозда зардап шеккен адамды арқасымен жатқызу, жауырын астына валик, Дюфо инесімен трахеостомиялық пункция өткізу. 5. Зембілге салып, жартылай отырғызып ауруханаға тасымалдау. 6. Демін қадағалау. Өңеш күйігіндегі мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Себебі – қышқылдарды немесе сілтілерді қабылдау. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Жансыздандыру. (50% анальгин 2-5 мл, 2% 2 мл промедол). 2. Спазмолитиктер қолдану (0,1% 1 мл атропин, 2% 2 мл папаверин тері астына). 3. Асқазанды өңешті зонд арқылы 10 литр ағынды сумен шаю. 4. Бұлшық етке 2 мл кордиамин, көктамырға 300 мл полиглюкин 2% 30 мл новокаинмен. 5. Көлденең жатқызып зембілмен реанимация бөліміне тасымалдау. 6. Қан қысымын, тамыр соғуын қадағалау. Кеуде жарақатында шұғыл көмек көрсеткендегі мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Кеуде жарақаттары ашық және жабық болады. Жабық жарақаттар ішкі ағзалардың жарақаты және ішкі ағзалардың жарақатсыз түрінде болады. Ашық жарақаттар болуы мүмкін - өтпелі емес ішкі ағзалардың жарақатымен және ішкі ағзалардың жарақатсыз түрінде болады. Кеуде жарақаттарында кездеседі – травмалық шок, өткір қансырау, демнің бұзылуы, жүрек өкпе жетіспеушілігі. Кеуде қуысының соғылуындағы мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Зардап шеккен адамға анальгин 1 таблетка беру. 2. Соғылған жерге мұзды мұйық қою. 3. Жарақат бөліміне жартылай отырғызып тасымалдау. Кеуде қуысының қысылуындағы мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Зардап шеккен адамды қысылудан босату. 2. Бұлшық етке 2% 1 мл промедол, 0,2% 1 мл платифилин, 0,1% 1 мл атропин тері астына. 3. Дем шығарған кезде жұмсақ байлам кеуде қуысына. 4. Оттегін беру. 5. Жартылай отырғызып жарақат бөліміне тасымалдау. 6. Шок диагностикасына немесе өкпе ісінудің алдын алу үшін қан қысымын, тамыр соғуын, демін қадағалау. Қабырға сынықтарындағы мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Қабырға сынықтары болуы мүмкін – жеке, көпше түрінде ішкі ағзалардың жарақатымен немесе ішкі ағзалардың жарақатысыз. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Жансыздандыру 50% 2 мл анальгин немесе 2% новокаин 10 мл жарақаттанған қабырғаның төменгі бөлігімен. 2. Жұмсақ тіндердің жарақатында, жара аймағын антисептикпен өңдеп, залалсыздандырылған салфетка салу. 3. Жарақаттанған жағына жабысқақ черепица тәрізді байлам салу төстен омыртқаға дейін. 4. Сынық аймағына мұзды мұйық қою. 5. Оттегін беру. 6. Жартылай отырғызып жарақат бөліміне тасымалдау. 7. Шок диагностикасына немесе өкпе ісінудің алдын алу үшін қан қысымын, тамыр соғуын, демін қадағалау. 8. Ашық сынықтарда сіреспенің алдын алу шараларын өткізу. Бұғана сынығындағы мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. 50% 2 мл анальгин ертіндісін бұлшық етке жансыздандыру ретінде өткізу. 2. Дезо немесе Дельбе байламын өткізу. 3. Сынған жерге мұзды мұйық қою. 4. Жартылай отырғызып жарақат бөліміне жеткізу. Гемоторакс кезінде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Гемоторакс - өкпе тамырлары немесе кеуде қуысы жарақатының нәтижесінде қансырау болып плевра қуысында қанның жиналуы. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. 50% 2 мл анальгин ертіндісін немесе 2% 1 мл промедол ертіндісін бұлшық етке жансыздандыру ретінде өткізу. 2. Егер жара болса айналасын антисептик ертіндісімен өңдеу. 3. Жараға асептикалық байлам салу. 4. Жара орнына мұзды мұйық салу. 5. Көктамырға 10% кальций хлоридін және кальций глюконат 10 мл жіберу. 6. Зембілге салып, жартылай отырғызып хирургия бөліміне тасымалдау. 7. Өткір қан жоғалту және жарақат шогының диагностикасын өткізу үшін қан қысымын, тамыр соғысын, демін бақылау. 8. Жара болса, сіреспенің алдын алуын шешу. Жабық пневмоторакс кезінде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Жабық пневмоторакс плевра қуысына бір уақытта ауаның жара арқылы шығуынан дамиды. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. 50% 2 мл анальгин ертіндісін немесе 2% 1 мл промедол ертіндісін бұлшық етке жансыздандыру ретінде өткізу. 2. Егер жара болса айналасын антисептик ертіндісімен өңдеу. 3. Жараға асептикалық байлам салу. 4. Жара орнына мұзды мұйық салу. 5. Зембілге салып, жартылай отырғызып хирургия бөліміне тасымалдау. 6. Жара болса, сіреспенің алдын алуын шешу. Ашық пневмоторакс кезінде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі. Ашық пневмоторакс плевра қуысына ауаның жара арқылы демді алғанда және дем шығарғанда оның сыртқа шығуы. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. 50% 2 мл анальгин ертіндісін немесе 2% 1 мл промедол ертіндісін бұлшық етке жансыздандыру ретінде өткізу. 2. Егер жара болса айналасын антисептик ертіндісімен өңдеу. 3. Жараға окклюзиялық байлам салу (жараны тампондағаннан кейін теріні майлы ертіндімен айналасын өңдеп, жеке байлам пакетінен жасалған резиналы тінді стерилді жағымен салу, лейкопластырьмен жабыстыру). 4. Жара орнына мұзды мұйық салу. 5. Оксигенотерапия өткізу. 6. Зембілге салып, жартылай отырғызып хирургия бөліміне тасымалдау. 7. Қан қысымын, тамыр соғысын, демін қадағалау. 8. Сіреспенің алдын алуын шешу. |