МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

Реография, (тіркеу принциптері)





Реография - ағзалар мен дене бөліктерінің қанға толуына байланысты, оған жоғары жиілікті тоқпен әсер еткенде байқалатын тканьдер кедергісінің тербелісін (өзгерісін) зерттеу әдісі. Кедергінің өзгерістері тканьдердің систола және диастола кезіндегі қанға әр түрлі толуына байланысты болады.

Систолада тканьдердің қанға толуы ұлғаяды да, кедергісі азаяды, ал диастола кезінде - керісінше.

Реография арнаулы аспап - реографтың көмегімен жасалады, оның қисығы (реограмма) ЭКГ-мен қатар тіркеледі. Электродтардың орналасуына байланысты реоэнцефалография, реокардиография, бауыр және аяқ-қол реографиялары деп бөлінеді.

Дененің кез-келген жерінің (жүректен басқа) қалыпты реограммасы сфигмограммаға ұқсас болады (24-сурет).

Калыпты реограмма қисығында систолалық көтерілу "а-b" (анакрота) мен нольдік сызыққа дейін төмендеу "b-с" (катакрота), дикроталық толқын "d"- мен бірге байқалады.

Реограмманың масштабы калибрлеу кезінде стандартты кедергі шамасымен (0.1 Ом) анықталады да, ол Ом/мм-мен белгіленеді. Жазылған реограмманың пішін өзгерісі, толқындар амплитудасы, олардың аумағы, анакрота мен катакрота ұзақтығының ара қатынасы және т. б. бойынша жүрек-тамырлар жүйесінің көптеген әрекеттік көрсеткіштерін сипаттауға болады. Олардың ішінде: пульстік қысымды, көлемдік қан ағысы мен шеткі кедергіні, тамырлардың тонусы мен эластикалық қасиеттерін, миокардтың жиырылу қасиеттерін және т. б. толығынан анықтауға болады.

15.Қанның систолалық және минуттық көлемдерін анықтау

а) Фик әдісі. Әдістің принципі жүректің минуттық көлемін (МК) организмге бір минутта түскен оттегі мен оның артерио-веналық айырмашылығының арақатынасы бойынша анықтау. Ол мына формуламен есептеледі.

П02

МК = ---------- л/мин

(а-в) 02

Мұнда П02 - организмге 1 минутта түскен оттегінің мөлшері

а02 - 1 л артериялық қандағы оттегінің шамасы;

в02 - 1 л веналық қандағы оттегінің шамасы.

Организмге тыныс алғанда кірген оттегінің мөлшері метаболиметр аспабымен анықталады. Оттегінің артерио-веналық айырмашылығын анықтау үшін қанды артериядан немесе оң жүрекшенің (қарыншаның) қуысынан түтікшемен (катетермен) алады. Егер адамның қанына тыныс алғанда 1 минутта 300 мл оттегі кірсе, оның артерио-веналық айырмашылығы (оттегінің тіндермен пайдаланылуы) 1 л қанда 60 мл болады. Сонда 300 мл оттегін сіңіру үшін МК 5 л (300:60 = 5) тең болады.

Минуттық көлемді (МК) жүректің соғу жиілігіне (ЖСЖ) бөліп, жүректің систолалық көлемін (СК) есептеп шығарады.

б) Араластыру әдістері. Бұл әдіс венаға немесе жүрек қуысына егілген әртүрлі индикаторлардың (бояғыштар, радиоактивті изотоптар және т. б. ) қандағы араласуына негізделген.

Бояғыштың белгілі мөлшері (индоцианингрин, Эванс көгі және т. б. ) веналық қан ағысына тез егіледі де, оксигемометр немесе денситометр колданып, қан ағысының артериялық бөліміндегі (сол жақ қарыншаға жақындау жерде) қанның оптикалық тығыздығының өзгерісі (араластыру қисығы) жазылып алынады. Тіркеу кезінде индикатордың концентрациясы белгілі деңгейге дейін алдымен жоғарылап, сонан кейін төмен түсуі байқалады, бірақ оның шамасы бастапқы сызыққа жетпейді, себебі индикатор қан шеңберін қайта айналып шығады (рециркуляция толқыны). Әрі қарай прибор, бастапқы сызыққа қатарлас, көлденең сызық жазады, ол қанның индикатормен толық қаныққандығын көрсетеді (22-сурет).



"Қанығу сызығын" тіркеу кезінде венадан қан алынып, ондағы бояғыш концентрациясы (мг/л) анықталады және "қанығу сызығы" мен бастапқы сызықтың арасындағы 1 мм қашықтықтың бағасы есептеледі (калибрлеу индексі - мг/л*мм). Сонан кейін бояғыштың қан шеңберін бірінші рет айналу кезіндегі араластыру сызығының аумағы (5) анықталады. Бұл аумақты анықтау тәсілдерінің бірі - араластыру сызығы амплитудасының ауытқу жиынтығын (мм) әр секунд сайын есептеу. Осы санды 1 мм-дің бағасына (калибрлеу индексіне) көбейтіп, бояғыштың жиынтық концентрациясының шамасын (5 мг/л) табады. Бұл шаманы тапқаннан соң, мына формуланы қолданып, қанның минуттық көлемін шығарады:

I х 60

МК= --------- = л/мин, мұнда І-енгізілген индикатордың ша масы (мг);

5 S-бояғыштың жиынтық концентрациясы; 60- минутқа айналдыру саны.

Қанның минуттық көлемін араластыру әдісімен анықтау үшін бояыштардан басқа, радиоактивті изотоптар,қанның электрөткізгіштігін өзгертетін, жылы немесе салқын ерітінділер (термодиллюция) пайдалануға болады.

Бұл әдістердің күрделілігіне және қиындығына байланысты клиникалық практикада қанның МК мен СК анықтау үшін (қан тамырларына енгізілмейтін) жанама әдістер қолданылады.

в) Жанама әдістер. Қазіргі кезде қанның МК мен СК анықтау әдістерінің ішіндегі көп таралғаны - тетраполярлы кеуде реографиясы. Бұл әдіс аз күшті және өте жоғары жиілікті тоқтың әсері кезіндегі кеуде қуысы тіндерінің электрлік кедергісін тіркеуге негізделген. Қанның кедергісі, тіндермен салыстырғанда, төмендеу, сондықтан тіндерде қан айналысы жақсарса, оның электрлік кедергісі азаяды. Кеуде қуысының кедергісін тіркегенде, оның аса төмендеуі жүректің систолалық қан көлемін қолқа мен өкпе артериясына айдау кезінде байқалады. Сонда кедергінің азаюы қанның систолалық көлемінің (СҚ) шамасына сәйкес болады.

Формула бойынша табылған СК-ді жүректің жиырылу жиілігіне көбейтіп, қанның минуттық көлемін (МК) есептеп шығарады.

Жүректің МК мен СК анықтаудағы дәлірек жанама әдістерге рентгенокардиография және эхокардиография жатады. Бұл әдістер систола және диастола кезіндегі жүрек қуыстарының көлемі мен пішінінің өзгерістерін өлшеуге негізделген.

Қалыпты жағдайда СК - 60-70 мл, МК - 4-6 л.

16. Веналық қан қысымын анықтау.

3. Модуль: «Ас қорыту жүйесі»

1. Ас қорыту жүйесінің сөлініс және қимыл-қозғалыс қызметтерін зерттеу әдістері (И.П.Павлов бойынша)

2. Ас қорыту жүйесінің қозғалыс қызметін (моторикасын) зерттеу әдістері.

Оқшауланған ішектің өз-өзінен қозғалуын (автоматиясын) бақылау (Магнус әдісі).

Жұмысты орындау: Наркоз берілген егеуқұйрықтың ішін ашып аш ішегін түгелдей кесіп алады да, оны жылы Рингер-Локк ерітіндісіне (t=38° С) салады. Жылы ерітіндіде ішектің өз-өзінен жиырылуы байқалады. Сонан кейін ішектен 2-2,5 см кесіп алады. Кесіп алған ішектің бір жағын жіппен (лигатурамен) шыны ілгекке байлайды, ал екінші жағын Энгельман рычагына бекітіп, ішекті, ішіне жылы Рингер-Локк ерітіндісі құйылған, шыны ыдысқа орналастырады (37-сурет). Арнаулы түтікшемен жалғасқан баллонды колданып, ерітіндіні оттегімен қанықтырады. Бөліп алынған аш ішектің перистальтикалық қозғалысын бірнеше минут ішінде кимографтың бетіндегі қағазға жазып алады.

б) Ішектің қозғалысына адреналин, ацетилхолин және өттің әсерін бақылау.

Бұл жұмысты орындау үшін аш ішек орналасқан ортаға әрбір затты жекелеп тамызып, ішектің қозғалыс өзгерістерін зерттейді. Әр заттың әсерінен кейін ыдыстағы ерітіндіні жаңартып отыру керек. Кимографтың қағазына жазылған ішектің қозғалыс сызықтарын талдап, қорытынды жасалады.

а) сілекейді алу әдісі (сілікей ағу өзегі фистуласы)

б) қарын сөлін алу әдісі (қарын фистуласы, кіші қарынша әдісі Павлов бойынша, эзофаготомия т.б.)

а) Қарынға фистула қою. Бұл операцияны В. Басовтың (1842) ұсынуы бойынша ас қорыту жүйесінің қызметін созылмалы тәжірибеде зерттеу жұмыстары басталды.

Қарынның үлкен иініне екі жағы сақина тәрізді кеңейтілген фистулалық түтікше енгізіледі. Оның бір соңы қарынның ішкі жақтауына, ал екінші соңы құрсақ терісінің сыртына шығарылып тігіледі (33 - сурет). Бұл әдіс созылмалы тәжірибеде қарын сөлінің әр түрлі жағдайларға байланысты бөлінуін зерттеуге мүмкіндік береді, бірақ мұнда алынған қарын сөлі таза болмай, оның құрамында сілекей мен тамақ аралас болады.

б) Эзофаготомия ("жалған тамақтандыру" тәжірибесі). Қарынның сөлініс қызметінің нервтік реттелу механизмдері өңеші кесілген (эзофаготомия), қарынына фистула қойылған жануарларда, И. П. Павловтың тәжірибесімен дәлелденген (34-сурет). Бұл жағдайда тамақтану кезінде ас қарынға түспейді, себебі ол кесілген өңеш тесігінен сыртқа шығарылады. Сондықтан бұл "жалған тамақтандыру" тәжірибесі деп аталады. Бұл тәжірибе ауыз қуысындағы қабылдағыштардың (рецепторлардың) қарынның сөлініс қызметіне тигізетін рефлекторлық әсерін айқындайды.

в) Кіші (жекеленген) қарынша жасау әдістері.

Созылмалы тәжірибеде жануарлардан таза қарын сөлін алу үшін

бірнеше операциялық әдістер ұсынылған. Бұлардың бәрінде қарынның кіші бөлігін кесіп алып, одан жеке қарынша жасайды. Осындай кіші қарыншаның сөл бөлуін зерттеу арқылы негізгі қарын сөлінісі туралы мағлұмат алуға болады. Қарыннан кіші қарынша жасауды алғашқы рет Р. Гейденгайн (1878) ұсынған, ал осы әдісті И. П. Павлов (1894) қалыпты жағдайға бейімдеп, маңызды өзгеріс енгізді.

Р.Гейденгайн әдісі: Операция наркоз берілген итке жасалады. Иттің құрсақ қуысын тіліп, қарынды шығарады. Оның үлкен иіні маңынан кішкене үш бұрышты тілік кесіп алып, қарынды тігіп қалпына келтіреді. Кесіліп алынған тіліктің жақтауларын тігіп кіші жеке қарынша жасайды. Бұл қарынша негізгі қарынмен тек қана қан тамырлары арқылы байланысады, себебі қарынды кескенде кезбе нервтің де талшықтары кесіледі. Қарыншаның ашық ұшын құрсақ терісінің бетіне шығарып, фистулалық түтікше қойып бекітеді (35-сурет). Осындай операциядан кейін қалпына келген итке тамақ бергенде, қарыншадан сөлдің бөлінуі тек 30-40 минут өткеннен соң байқалады. Сондықтан бұл әдіс бойынша қарынның сөлініс қызметінің гуморальдық кезеңін зерттеуге болады.

И. П. Павлов әдісі: жоғарыда көрсетілгендей, иттің құрсақ қуысын ашып, қарынды шығарады. Сонан кейін қарынның түбіне дейін оның үлкен иінін көлденең тіледі. Кесілген бөлім мен негізгі қарын арасындағы кесілмеген жері (көпірше) арқылы олардың бір бірімен байланысы болады. Осы жердегі кезбе нерві талшықтарының тұтастығы сақталады. Қарынның кесілген түбін тігіп, одан кіші қарынша жасайды. Екеуінің арасындағы көпіршенің кілегейлі қабатын ішіне қарай бүгіп, саңылауды жабады. Кейіннен осы кілегейлі қабаттан жасалған тығын қарындағы тамақ қоймалжыңын қарыншаға өткізбейтін болады (36-сурет). Бұл әдіспен жасалған кіші қарыншаның негізгі қарынмен нервтік және гуморальдық байланыстары толық сақталады. Сондықтан қарыншаның сөл бөлуі негізгі қарынның сөлініс қызметімен бір уақытта байқалады.

в) ішек сөлін алу (12-елі ішектің фистуласы, ұйқы безі ағу өзегі, т.б.)

Жануарлардың ұйқы безінің сөлін алу әдісі.Созылмалы тәжірибеде ұйқы безінің сөлін алу үшін өзегіне фистулалық түтікше қойылады. И. П. Павловтың әдісі бойынша фистула қою үшін 12-елі ішектің ұйқы безінің өзегі ашылатын бөлімін кесіп, оны тері бетіне шығарып бекітеді. Бұл операциядан кейін алынған таза сөлдің, ас қорыту кезеңдеріндегі, құрамының өзгерістерін толығынан анықтауға болады.

2. Клиникалық зерттеу әдістерінің принциптерімен танысу:

А) қарынды зондтау,қарын сөлінің құрамы;

Клиникалық жағдайда адам қарынының сөлініс қызметін зонд енгізу және зондсыз әдістерімен зерттейді. Мұнда қарынның сөл бөлуін қоздыратын заттар пайдаланады: энтеральды тітіркендіргіш ретінде – 7% - 200 мл капуста қайнатпасы, ал параэнтеральды - гистамин (0,01 мг/кг).

- Карын сөлін зонд арқылы зерттеу. Бұл әдіс негізгі екі кезеңнен тұрады: қарынға зонд енгізу, зонд арқылы әр түрлі заттармен оның сөлініс қызметін қоздыру және қарыннан алынған сұйықтың құрамын зерттеу.

- Бірсәттік әдіс. Жуан зондтың көмегімен қарын ішіндегі сұйықты, таңертең аш қарында және сынамалы асты (35 г қара нан мен 200 мл судан тұратын) жегеннен кейін 1 сағат өткеннен соң, зерттеуге алады. Осылай алынған қарын сұйығының физико-химиялық қасиеттері анықталады. Бұл әдістің кемшілігі, ол сөлініс процесін толық бейнелемейді, себебі қарын ішіндегі сұйықтық оның сөлінісінің тек бір кезеңінде ғана алынады.

- Көпмезгілді үйлестірілген фракциялық әдіс. Бұл әдістің артықшылығы: қарынның сөлініс қызметінің әртүрлі кезеңдерінде таза қарын сөлін алуға болады. Қарынға жіңішке зонд енгізіп, бір сағат бойы оның аш қарындағы бөлетін сөлін жинайды (базальдық сөлініс). Сонан кейін қарын сөлінісін белсендіретін сынама тамақ (капуста қайнатпасы, гистамин, т.б.) береді де, бір сағат бойы тағы да қарын сөлін жинайды. Базальдық және стимуляциядан кейінгі сөлді әрбір 10 минут сайын зонд арқылы сорып алып отырады. Сонымен небәрі 4 порция сөл алынады, бұл қарын сөлінісінің белгілі кезеңіндегі сағаттық мөлшеріне сәйкес болады. Осылай алынған сөлді физико-химиялық зерттеуден өткізеді.

Б) 12-елі ішекті зондтау, сөлінің құрамы;

12-елі ішектің сөлін үш түтікті зондтың көмегімен алады. Бұл зонд бір-бірімен байланысқан, үш жіңішке резинке түтікшелерден тұрады, екеуінің ұштарына резинкеден істелген баллончик байланған. Оларды ауамен толтырғанда, арасындағы ішектің бөлігі, басқа бөлімдеріне қарағанда, оқшауланып қалады. Осы оқшауланған кеңістікте орналасқан үшінші түтікшенің тесігі арқылы ішектің сөлі сорылып алынады (38-сурет).

Мұндай зонд аш ішектің сөлініс, қорыту және сіңіру қызметтерін зерттеуде пайдаланылады. Сонымен қатар, осы зонд арқылы ішектің таза сөлін алып, оның құрамындағы ферменттердің белсенділігін, рН және т. б. көрсеткіштерін анықтауға болады.

Дуоденальдық зондтау. 12-елі ішекке зондты енгізу аш қарында жасалады. Алғашқыда зонд арқылы өтпен боялған ішектің сөлі ағады, оны пробиркаға жинап алады. Өт қабының рефлексін туғызу үшін зонд арқылы ішекке 20 мл 30%-тік күкірт қышқылды магнезий ерітіндісі енгізіледі. Ішектен порциялап алынған сөлдің жалпы көлемі, рН-ы, билирубин, өт қышқылы, холестерин концентрациясы және т. б. элементтері анықталады.

А-порциясы - ашық сары түсті, ішектің сөлімен араласқан өт, меншікті салмағы 1,007-1,015; рН- әлсіз сілтілі, мөлшері 15-20 мл, билирубин шамасы 0,3-0,6 г/л.

В-порциясы - қоюланған жасыл түсті (магнезия жіберілгеннен кейінгі) өт қабындағы өт, мөлшері 40- 60 мл, меншікті салмағы 1,016-1,034; рН- 6,5-7,3; билирубин - 1-2 г/л.

С-порциясы - сары алтын түсті бауырдың өті, меншікті салмағы 1,007-1,010; рН- 7,5-8,2; билирубин - 0,3-0,6 г/л.

Бұл әдіс өт жолдары мен өт қабының және 12-елі ішектің ауруларын анықтауға мүмкіндік береді.

В) өтті зондтау әдісімен зерттеуге алу, өттің үш порциясын жинау (А,В,С);

а) Өт қабына фистула қою. Наркоз берілген итке операция жасалып, өт қабының қабырғасын тесіп, оның ішіне фистулалық түтікше енгізіп жан-жағын тігіспен бекітеді, ал фистуланың екінші соңын құрсақ терісінің сыртына шығарып тігеді.Бұл әдісті өт бөлінуінің динамикасы мен механизмін зерттеуде қолданады. Өттің ішекке бөлінуіне кедергі жасау үшін, фистула қоюмен қатар, жалпы өт өзегін байлайды, сонда барлық бөлінген өт өт қабына жиналады. Осы жиналған өтті фистула арқылы алып зерттеуге болады.

б) Өттің жалпы өзегіне фистула қою. Операция кезінде 12-елі ішектегі өт өзегі ашылатын жерін қиынды түрінде кесіп алады да құрсақ терісінің сыртына шығарып бекітеді. Бұл әдіс өттің ішекке бөліну жағдайы мен механизмін зерттеуге мүмкіндік береді.

Г) өттің құрамы мен қасиеттері

Өт - бауыр клеткаларында (гепатоциттерде) түзілетін және он екі елі ішекке құйылып тұратын сарғыш-қоңыр түсті сұйықтық. Ол ашқарында жалпы өт өзегі арқылы бауырдағы өт қабына, ал тамақ ішкеннен кейін он екі елі ішекке келіп құйылады. Тәулігіне 500-1500 мл өт бөлінеді. Бауыр жасушалары қанмен жанасып, осы қаннан белсенді немесе баяу көптеген заттар шығады – су, глюкоза, креатинин, электролиттер, дәрумендер, гормондар, өт қышқылдары. Гепатоциттерде бір уақытта өт қышқылдары , өт пигменттері түзілуі жүреді.

 

Бауыр өтіндегі құрғақ заттың мөлшері 4%- тей болса, өт қабындағы мөлшері 20%-ке жетеді.

Өттің түсі оның құрамына кіретін пигменттерге байланысты. Шөп қоректі малдың (жануардың) өтінде биливердин пигменті көп, осыған орай өттің түсі де шөп тәрізді жасыл болады. Ал ет қоректі малдың (адамның) өтінде билирубин пигменті көп, сондықтан сарғылт-қызыл түсті болады. Өт құрамындағы пигменттерден нәжісті табиғи түске бояйтын пигмент пайда болады.

Өт құрамында, холестерин, лецитин, өт қышқылдар (таурохол, адамда – гликохол), олардың тұздары және муцин, май қышқылдары, бейтарап майлар, Na, K, Ca, Mg тұздары болады.

Өттің меншікті салмағы 1,008-1,015, ортасы сілтілі (pH7,3-8,0).

Өт құрамында қаннан өткен көптеген ферменттер де бар, бірақ олар өте аз, асқорыту үрдісіне қатыспайды десе де болады. Дегенмен ішекте асқорытуда өттің зор маңызы бар. Тәулігіне 500-1500 мл өт бөлініп шығарылады.

Өттің асқорытудағы маңызы:

1. Өт ұйқы безі сөліндегі ферменттердің, әсіресе липаза ферментінің әрекетін күшейтеді.

2. Өт қышқылдары майды ұсақ бөлшектерге бөледі (эмульсияға айналдырады), майды липаза ферментімен жанасу дәрежесін ұлғайтады, сөйтіп майдың ыдырауына бірден-бір қолайлы жағдай туғызады. Липазаның әсерімен май: май қышқылдары және глицеринге дейін ыдырайды.

3. Ыдырау барысында пайда болған бұл екі өнім өтсіз сіңбейді. Май қышқылдары мен глицерин лимфаға өтуі үшін алдымен мицеллаға айналуға тиіс (май қышқылдары, глицерин, өт құрамындағы өт қышқылдары, олардың тұздары бірігіп мицелла құрады). Мицелла эмульсияланған ең ұсақ май тамшыларынан 100 есе ұсақ. Әрбір мицелланың көлденеңі 0,5 мкм. Май ішектің шырышты қабығындағы лимфа тамырларына, көбінесе мицелла күйінде өтеді. Эмульсия күйінде ішекте аз уақыт жатып қалса, май өте ұсақ күйінде де сіңе береді.

4. Өт қарыннан он екі елі ішекке өткен химус құрамындағы HCl-ды бейтараптап , пепсин ферментінің әсерін азайтады да, ұйқы безі сөліндегі күрделі ферменттерді (белоктарды) пепсиннің әсерінен қорғайды.

5. Өт ішектің қимылын күшейтеді.

6. Өт қышқылдары он екі елі ішек бөліп шығарған просекретин гормонын секретинге айналдырады да,ал секретин ұйқы безінің сөл шығару қабілетін күшейтеді.

7. Өт, оның ішіндегі қышқылдары қанға сіңіп, бауырда өт түзілуін, өттің он екі елі ішекке құйылуын тездетеді.

8. Өт майда еритін витаминдердің, холестерин мен Ca2+ иондарының қанға сіңуін жеңілдетеді.Тамақ ішкен соң 7-10 минут бой өт аздап он екі елі ішекке құйылып отырады, одан әрі өт қабының жиырылуы күшейеді де, осы ішекке өтетін өт мөлшері көбейе түседі. Мұнан соң бауырдан шыққан өт өт қабына тоқтамастан он екі елі ішекке барып құйылады. Кейін 3-6 сағат өтісімен ішекке құйылған өт мөлшері азайып, өт негізінен өт қабына жиналатын болады.

9. Өттің бактериоцидтік (бактери өлтіру) қасиеті бар.

 

Д) энтериндік жүйе гормондарының қандағы деңгейін радиоиммундық анықтау әдісі

Е) рентгенография

- Қарын мен ішекті рентген сәулесімен зерттеу.

Қазіргі кезде қарын мен ішектің қозғалыстары туралы түсінікті, сонымен қатар олардың пішіні, тонусы және рельефі жөніндегі мәліметтерді рентгенологиялық әдістер арқылы алуға болады (рентгеноскопия, рентгенография және т.б.). Бұл әдістердің дәрігерлік практикада ас қорыту жүйесінің ауруларын анықтауда маңызы өте зор.

Қарын мен ішекті рентген сәулесімен зерттеуде адамға контрасты затты (күкірт қышқылды барийдің сулы суспензиясын) ішкізеді, ал тоқ ішекті клизма жасап толтырады. Сонда қарын мен ішектердің кілегейлі қабатының рельефі, пішіні және әртүрлі бөлімдерінің қимыл-қозғалысы толық тексеріледі де, дәрігерлік қорытынды жасалады.

- эндоскопия

Ж) электрогастрография

Электрогастрография - қарында пайда болатын электрлік потенциалдарды тіркеу әдісі. Бұл әдіс бойынша адамның құрсақ терісінің бетінде, қарынның үстіңгі жағында орналасқан электрод арқылы оның перистальтикалық ырғағына сәйкес келетін биотоктардың баяу (минутына 2-3 тербеліс) өзгерістерін тіркеуге болады. ЭГГ-ны жазу таңертеңгі астан (150 г ақ нан және бір кесе шай) кейін 20 мин өткеннен соң жасалады.

Жұмысты орындау: Электрогастрографты айнымалы тоқ торабына қосады да 15-20 мин қыздырады. Осы уақыт аралығында зерттелуші адамды дайындайды: оны кушеткаға жатқызып, электродтар қойылатын тері бетін (құрсақ және балтыр терісі) спиртпен сүртеді де, 10% NaСІ ерітіндісімен дымқылданған дәке тампондарын қояды. Белсенді электродты құрсақ терісінің жоғары бөлігінің ортасына, қарынның үстіне орналастырады. Индифферентті электродтар екі аяқтың балтыр терісінің үстіне қойылады (39-сурет).

Тері бетіндегі потенциал айырмашылығы электродтар арқылы тіркеліп, аспапта күшейтіледі (калибрлік сигнал 0,2 мВ - 10 мм қалам қозғалысына сәйкес), лента тартатын механизм іске қосылып, электрогастрограмманы жазу 1-2 сағат арасында жүргізіледі. Жазылып алынған гастрограмманы бағалауда потенциалдардың жиілігіне, ырғағына, амплитудасына көңіл аударылады. Дені сау адамның ас қорыту кезіндегі биопотенциалдарының амплитудасы 0,2 -ден 0,8 мВ дейін болады.

Негізінде үш түрлі электрогастрограмма толқындарын ажыратады:

- нормокинетикалық - амплитудасы 0,2 мВ шамасында;

- гиперкинетикалық - амплитудасы 0,3-0,4 мВ;

- гипокинетикалық - тісшелер амплитудасы 0,2 мВ төмен.

ЭГГ-лық әдіс қарапайым және қолайлы физиологиялық әдістердің бірі болып есептеледі. Ол қарынның ас қорыту кезіндегі перистальтикалық қозғалыс белсенділігін зерттеуге мүмкіндік береді.

3. Ас қорыту жүйесін зондсыз зерттеу әдістері:

А) Сали әдісі (десмоидты сынама);

Аш қарында - жалпы қышқылдығы - 40 ТЕ (ммоль/л), HCl-дың бос түрі - 20 ТE (ммоль/л) дейін болады. Базальдық сөлініс кезінде жалпы қышқылдығы - 40- 60 ТЕ (ммоль/л), бос HCl - 20-40 ТЕ (ммоль/л). Қапуста қайнатпасымен стимуляция жасағаннан кейін қарын сөлінің қышқылдығы базальдық сөлініс жағдайымен бірдей болады. Ал гистаминмен қоздырғанда жалпы қышқылдығы 80-100 ТЕ (ммоль/л), бос HCl - 65-85 ТЕ (ммоль/л) дейін жетеді.

- Қарынның сөлініс қызметін зондсыз зерттеу. Бұл әдіс қарынның сөлінісі туралы жалпы мәлімет береді және басқа әдістерді қолдануға қарсылық болған жағдайларда, сол сияқты жалпылама дәрігерлік тексеру кезінде пайдаланылады.

Салидің десмоидтық сынамасы. Мұнда ауызы кетгутпен байланған резинка қапшықты (ішінде 0,15 г метилен көгі бар) тәңертеңгі асқа дейін адамға жұтқызады. Қарын сөлінің құрамындағы тұз қышқылы мен пепсиннің әсерінен қапшықтың бауы еріп, оның ішіндегі бояу қарында сіңеді де, шығатын несептің түсін өзгертеді. Несепті 3, 5 және 20 сағаттан кейін жинайды. Мүнда индикатордың несепте пайда болуы мен оның метилен көгімен түрлі түске үдемелі боялуы (көкшіл, көк және жасыл) анықталады.

Қалыпты көрсеткіштері: несептің бірінші порциясы боялмаған, екіншісі - жасылдау, үшіншісі - үдемелі жасыл немесе көк түсті болады.

Десмоидтық сынама қарын сөлінің құрамындағы HCl концентрациясының азаюын (ахлоргидрия) анықтайтын қарапайым тәсілдердің бірі болып есептеледі. Клиникалық практикада метилен көгінен басқа да бояғыш заттар (гастротест, ацидотест және т.б.) пайдаланылады.

 

Б) ацидотест, гастротест

 

В) сілекей бездерін зерттеу әдістері(эхо-, термо-, радиосиалография)

а) Адамның сілекей бездерінің қызметін зерттеу негіздері.

Сілекей бездерінің сөлін алу. Аралас сілекейді алу үшін ауыз қуысына сорғышты (губка), мақтадан жасалған тампонды салады немесе вакуумды сифон пайдаланады. Кейде шкаласы бар түтікшеге еркін ағатын сілекейді жинайды.

Жеке бездерден сілекей жинау үшін олардың өзектеріне жіңішке полиэтилен түтікше енгізеді. Шықшыт безінен таза сілекей алу екі камералы Лешли-Красногорскийдің капсуласымен жасалады. Мұнда сыртқы камера ұрттың кілегейлі қабатына капсуланың жабысуын қамтамасыз етеді, ал өзек маңында орналасқан ішкі камера бөлінген сілекейді жинайды. Жеке бездерден алынған сөл немесе аралас сілекей сапалық және мөлшерлік қатынаста зерттеледі. Адамда сілекейдің бөлінуі үздіксіз жүреді (шамамен 0,25 мл/мин), ал сөліністі қоздырғанда (стимуляция жасағанда) бөлінетін сілекей мөлшері 2,5 мл/мин дейін жоғарылайды.

Зонд енгізу. Басты сілекей өзектерінің қалыпты өтімдігін зерттеу арнаулы зонд енгізу арқылы жасалады. Бұл әдіс бойынша өзек жолдарының бағытын, тарылған (қысылған) жерін және сілекей тастарының бар болуын анықтауға болады.

Сиалография.Сілекей өзектерін контрасты затпен (иодлипол, урографин және т.б.) толтырып, рентген сәулесімен зерттеу әдісі. Контрасты заттың 1-1,5 мл шприцпен жуан ине немесе канюля арқылы өзек жолдарына енгізіледі. Ол без өзектерінің V-ші реттік тармақталу деңгейіне дейін жетеді. Бұл әдіс бездің өзектері мен паренхимасының дерттік жағдайын анықтауға мүмкіндік береді.

Эхосиалография. Ультрадыбыстық биолокация - түрлі тіндердің ультрадыбысты әр түрлі дәрежеде сіңіруіне негізделген. Тін арқылы ультрадыбыс өткенде, оның әрбір қабаттарында шағылысқан импульс пайда болады, сондықтан осцилографтың экранында зерттеліп отырған ағзаның бейнесі көрінеді (импульстік режимдегі ультрадыбыстар - жиілігі 1,76 мГц, интенсивтігі 0,1-0,2 Вт/см. кв. Эхосиалография әдісі сілекей бездерінің әрбір қабатының көлденең кескінін зерттеуге және оның макроқұрылымы (пішіні, көлемі, тығыздығы) туралы мәлімет алуга мүмкіндік береді.

Термовизиография. Бұл әдіс тіндердің әртүрлі дәрежеде инфрақызыл сәулесін шығаруына негізделген. Тепловизордың экранында мойын мен беттің жылулық картограммасы көрінеді. Бет аймағының температурасы 23- 35° С арасында және одан жоғары, ал сілекей безінің аймағында 31-35° С болады. Бұл әдіс сілекей бездерінің қабыну процестерін анықтауға мүмкіндік береді.

Радиосиалография. Бұл әдіс сілекей бездерінің сөлініс қызметін радиоактивті заттармен зерттеуге негізделген. Мұнда адамның венасына 7-11 МБк 49 Тс 04 пертехнетат егіледі, бұл зат сілекей безінде 20 мин ішінде шоғырланады. Осы кезде радиоактивтілік қисығы жазылады. 30 минуттан кейін адамға 5 г қант беріп, тіркелген сиалограмманың сөлініс бөлігіне көңіл аударады. Шықшыт безіндегі радиоактивтіліктің төмендеуі 5мин арасында 32-36 % болады.

б) Адамның сілекей бездерінің қызметін тәжірибеде зерттеу.

Жұмысты орындау: Бұл тәжірибе адамға жасалады. Алдын ала салмағы өлшенген, дәкеден жасалған бес тампон ақ қағаздың бетіне орналастырылады да, әрқайсысының бастапқы салмақтары жазылады. Зерттелуші адам бірінші тампонды қысқышпен тілінің ортасына салады да, оны 20-30 с өткеннен соң ауызынан шығарып алып, салмағын өлшейді. Тампонның бастапқы салмағы мен әсер етуден кейінгі салмағының айырмашылығы қалыпты жағдайдағы сілекейдің бөлінуін көрсетеді. Осылай басқа тампондарды қолданып, кестеде көрсетілген жағдайлардағы сілекейдің бөлінуін анықтау керек (9- кесте)

9- кесте

Тәжірибе шарты Тампонның бастапқы салмағы (мг) Тампонның әсерден кейінгі салмағы Сілекей мөлшері (мг) Ескерту
1. Сілекейдің бастапқы бөлінуі 2. Тыныс тоқтатқандағы сілекейдің бөлінуі 3. Лимон қышқылының әсері 4. Тағам түрлері мен иісінің әсері 5. Тағам туралы әңгіменің әсері        

 

Тәжірибені жасап болғаннан соң оның нәтижесін салыстырып, қорытынды жасау керек.

4. Модуль: «Сыртқа шығару жүйесі»

1. Бүйрек клиренсін анықтау (бүйректің сүзіліс пен қайта сіңірілу қызметтерін бағалау)

Тазарту коэффициентін (клиренсті) есептеу.

Бүйректің қан плазмасын кейбір заттардан тазарту қабілетін гемо-ренальдық клиренс деп атайды. Кез келген заттың клиренсін (С) анықтау үшін осы заттың плазмадағы (Р), несептегі (U) мөлшерін және белгілі уақыттағы (1 минут) шығарылатын несеп көлемін (V-минуттық диурезді) білу керек.

U

Клиренстің (С) формуласы: С = — х V;

Р

Бүйректің сүзіліс қызметі оның түтікшелерінде қайта сіңірілмейтін және тек қана сүзіліс арқылы шығарылатын заттардың тазарту коэффициенті бойынша анықталады. Осындай заттарға инулин мен креатинин жатады. Инулиннің (фруктозаның полисахариды, молек.салмағы 5000) тазарту коэффициенті сүзіліс мөлшері немесе стандарт ретінде алынады. Оның клиренсі 125 мл/мин/кв. м тең.

Сондықтан, қандай да бір заттың клиренсі осы саннан жоғары болса, онда ол зат қаннан тек шумақтар арқылы сүзіліспен ғана емес, сонымен бірге ол түтікшелерде сөлініс бойынша бөлінеді (мысалы: диодраст).

Ал егер заттың клиренсі 125 мл/мин төмен болса, онда осы заттың едәуір бөлігі капилляр шумақтарындағы сүзілістен кейін түтікшелерде қайтадан сіңіріледі (мысалы глюкоза, оның клиренсі 0 мл/мин).

Практика жүзінде бүйректің сүзіліс - қайта сіңірілу клиренсін есептеп шығару эндогенді креатинин және инулин бойынша жасалады. Креатининнің сүзіліс мөлшерін анықтау формуласы:

Uкр

Скр = ------------------ х V

Ркр

Мұнда Uкр - несептегі мөлшері, Ркр-плазмадағы мөлшері; V - минуттық диурез.

Қалыпты жағдайда креатининнің сүзіліс мөлшері 100 мл/мин (Е. М. Тареев, 1950.).

Бүйрек түтікшелеріндегі креатининнің қайта сіңірілуін анықтау формуласы:

Скр - V

R = ----------------- х 100

Cкр

мұнда Скр-креатининнің клиренсі; V -минуттық диурез.

Қалыпты жағдайда креатининнің қайта сіңірілуі 97-99%- ке тең болады.

Есеп: Креатинин мен инулиннің берілген шамалары бойынша бүйректің сүзіліс және қайта сіңірілу клиренсін анықтау керек:

1. Ркр = 0,002 мг%, Uкр - 0,072 мг%, V - 1,8 мл/мин.

2. Рин - 0,093 мг% , Uин - 3,56 мг% , V - 4,5 мл/мин.

Есептелген көрсеткіштер шамасы қалыпты жағдаймен салыстырылып бағаланады.

2. Бүйректің сөлініс клиренсін анықтау

Түтіктік сөлініс клиренсін анықтау.

Нефрон шумағында белгілі заттар сүзіліп қана қоймайды, бүйрек түтікшелерінде кейбір заттар (диодраст, фенолрот, пенициллин, парааминді гиппур қышқылы (ПАГ) бөлініп сыртқа шығады (секрециялану арқылы). Бұл заттар аралас клиренс тудырады: сүзілу-қайта сіңу, сүзілу-сөлініс. Мұндай клиренстер арқылы бүйрек қызметіне жалпы баға беруге болады, бірақ оның жекелеген қызметін анықтау мүмкін емес.

Қуықты несептен толық босатып, көктамырға 6 мг фенолрот енгізеді. Әр сағат сайын алынған 2 порция несепті бөлек ыдыстарға жинайды. Әр несеп порциясындағы шығарылған фенолроттың мөлшерін анықтайды.

Қалыпты сөлініс кезінде бірінші сағаттағы несеппен 40-60% бояу, ал 2 сағат ішінде фенолроттың 60-80% -ы сыртқа шығарылады. Сөлініс қызметі төмендегенде бояудың шығарылуы нашарлайды және оның көп пайызы екінші порция несеппен шығарылады.

ПАГ пен диодраст көмегімен түтіктік сөліністі анықтау үшін, алдын ала ПАГ пен диодрастың қанда жоғары концентрациясы (15-20 мг%-тен жоғары) қалыптастырылады да, осы заттардың минут ішіндегі жалпы шығарылу көлемі мен шумақтан сүзіліске ұшыраған көлемінің айырмасы алынады. Диодрастың максималды қалыпты көрсеткіші 51,8 ± 8,7 мг/мин. тең.

3. Бүйректің концентрациялау қасиетін бағалау әдістері;

Клиникалық практикада бүйректің су шығару және концентрациялау қызметін зерттеу әдістері кеңінен пайдаланылады.

а) Араластыру сынамасы (сумен сынама жасау). Бұл сынама бойынша организмнен бүйректің шамадан артық суды жедел шығару қабілеті анықталады. Ол үшін адамға, ашқарында, 30-40 мин аралығында 1 л су ішкізеді. Сонан кейінгі 4 сағат бойы әрбір жарты сағат сайын оның несебін жеке порциялап жинайды да, жалпы мөлшерін анықтайды.

Қалыпты жағдайда дені сау адам орташа шамамен 2 сағат ішінде 1 л суды шығарады. Мұндай несептің салыстырмалы тығыздығы (меншікті салмағы) 1,001-1,002 дейін, ал осмолярлық көрсеткіші 58-64 мосмоль/л дейін төмендейді.

Бұл сынамадағы бүйректің суды шығару қабілетінің бұзылуы, оның капилляр шумағындағы сүзіліс процесінің төмендеуімен қатар, ішкі сөлініс қызметінің ауытқуына байланысты, әсіресе альдостерон және диурезге қарсы гормонның (АДГ) деңгейіне.

б) Фодьгард сынамасы (құрғақ тамақтандыру). Бұл әдіс бүйректің концентрациялау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Сыналушы адамға 24 сағат ішінде жануарлар белогімен көбірек толықтырылған, құрғақ (сусыз) тағам ішкізеді де, жеке порциялап жиналған несептің мөлшері мен салыстырмалы тығыздығы анықталады.

Бүйректің қалыпты концентрациялау жағдайында несептің жеке порциялық мөлшері 30-40 мл дейін азаяды, тәулігіне 300- 600 мл несеп шығарылады, салыстырмалы тығыздығы 1,027-1,032 дейін, ал осмолярлық көрсеткіші- 900-1200 мосмоль/л дейін жоғарылайды.

Бүйректің концентрациялау қабілетінің төмендеуі (бұзылуы) оның түтікшелеріндегі патологиялық жағдаймен және басқа да бүйректен тыс түрткілермен байланысты болуы мүмкін.

в) Питуитриндік сынама - концентрациялау сынамасының бір түрі болып саналады.

Адамға, диурезге қарсы белсенді гормон - питуитринді (5,0) егіп, несептің бірнеше сағаттық порцияларын жинайды. Мұндай сынамадан кейін, қалыпты жағдайда, шығарылатын несептің мөлшері азаяды, бірақ оның салыстырмалы тығыздығы 1,024 дейін, осмолярлық көрсеткіші 800-1200 мосмоль/л дейін жоғарылайды.

Сынаманың теріс нәтижесінің де, нефрон түтікшелерінің соңғы бөліміндегі, концентрациялау қызметінің бұзылу процестерін анықтауда маңызы бар.

г) Зимницкий сынамасы. Басқа әдістермен салыстырғанда, бұл сынаманың артықшылығы - адамның үйреншікті тіршілігі мен тамақтану жағдайындағы бүйректің бейімделіс қызметін зерттеуге мүмкіндік береді.

Бұл сынама кезінде тәулік ішінде әрбір 3 сағат сайын адамның несебін жинайды. Сонан кейін әрбір порциядағы несептің мөлшері, салыстырмалы тығыздығы анықталады, күндізгі және түнгі несептің шығарылуы (диурез) бөлек есептеліп шығарылады.

Қалыпты жағдайда осы сынамадан кейінгі несептің порциядағы көлемі 50-300 мл, тығыздығы 1,010-1,025 (ауытқуы 0,007 дейін), осмолярлық деңгейі 600-800 мосмоль/л, ал күндізгі диурез түнгіге қарағанда жоғары болады.

Зимницкий сынамасы бүйректің концентрациялау қабілетін сипаттайды.

4. Диурезді анықтау мақсатымен зертханалық жануарларда жасалынатын тәжірибелер

Несеп шығарылуына қабылданған су мөлшерінің әсері

Бұл жүмыс көрнекті тәжірибе ретінде 4 ақ тышқандарға жасалады. Сулы жүктеме ретінде барлық тышқандардың іш құрсағына 0,3% - 1,5 мл NаСІ егіледі.

Тәжірибедегі екі тышқандарға (20 г дене салмағына) 0,08 мл питуитрин тері астына егіледі, 2 тышқан бақылауда болады. Сонан кейін тышқандарды мақта төселген (салмағы белгілі) шыны ыдыстың астына екеуден отырғызады. Бір сағат өткен соң, төселген мақтаны өлшеп, оның салмағы бойынша несеп шығару мөлшерін (сағаттық диурезін) анықтайды.

Тәжірибенің нәтижесі төменгі кестеге енгізіліп, қорытынды жасалады.

19 - кесте

  Тәжірибенің шарты Мақтаның алғашқы салмағы (г) Мақтанын 1сағ. кейінгі салмағы (г) Несеп мөлшері (мл)
1.Бақылау тышқандары(2) 1,5 мл-0,3% NаСІ      
2. Тәжірибе тышқандары (2) 1,5 мл-0,3% NаСІ+ 0,08 мл питуитрин      

 

Бұл тәжірибедегі питуитриннің несеп түзілуіне қарсы әсерінің механизмін түсіндіру керек.

5. Модуль: «Эндокриндік жүйе»

1. Галли-Манини тәжірибесі

Бұл реакция жүктіліктің ерте кезеңін анықтауға мүмкіндік береді, сондықтан клиникалық маңызы зор.

Жұмысты орындау: Тәжірибені аталық жынысты бақаға жасайды. Ол үшін алдын ала дәрі тамызғышпен бақаның қатпаршақ ішегінің (клоака) сұйығын алып, зат шынысының үстіне тамызады да, микроскоп астында оны қарайды. Қалыпты жағдайда бұл сұйықтықта бірен-саран кілегейлі қабаттың клеткаларынан басқа ешқандай клеткалар көрінбейді. Сонан кейін бақаның лимфа қабына анализге алынған жүкті әйелдің 1-2 мл көлемдегі несебін шприцпен егеді де, оны аздау су құйылган ыдысқа отырғызып қараңғылау жерде ұстайды. Бір сағаттан кейін қайтадан бақаның қатпаршақ ішегінің сұйығын алып, микроскоптың астында зерттейді. Егер зерттеуге алынған расында жүкті әйелдің несебі болса, онда осы сұйықтықтың ішінде көптеген сперматозоидтар көрінеді. Себебі жүкті әйелдің несебінің құрамында хориональды гонадотропин болады. Бұл гормон бақаның аталық жыныс клеткаларының түзілуін (сперматогенезді) күшейтеді.

Тәжірибенің соңында, протокол жазылатын дәптерге микроскоп астындағы өзгерістердің суретін салып, қорытынды жасау керек.

2. Қан мен несеп анализін интерпретациялау гормондар мен глюкозаның мөлшеріне

3. Гипоталамо-гипофизарлық өзара байланыс және олардың гормондарының басқа ішкі сөлініс бездеріне әсері (муляжбен жұмыс істеу)

Қазіргі кезде эндокриндік бездердің секрециялық қызметіне орталық жүйке жүйесінің барлық бөлімдерінің әсері (ми сыңарларының қыртыстары, гипоталамус, лимбия жүйесі т.б. бөлімдері) әр дәрежеде зерттеліп анықталып отыр. Олардың ішінде гипоталамус ерекше орын алады.

Гипофизбен гипоталамустың арасындағы жүйкелік-гуморальдық байланыс екеуінің атқаратын қызметтерінің бір екенін дәлелдейді. Гипоталамустың супраоптикалық және паравентрикулярлық нейрондар аксондары гипофиз аяқшалары арқылы оның артқы бөліміне өтеді. Гипоталамустың аталған ядролары нейросекрециялық қызмет атқарады, яғни олар түрлі нейросекрециялық гормон тәріздес заттар түзеді. Олардың жүйке талшықтары арқылы бөлінетіндігі нейрогистологиялық, физиологиялық және биохимиялық әдістермен дәлелденген. Нейрогипофиздің гормондары белок — нейрофизинмен қосылыста болып, қанға өткенде бұл байланыстан босайды.

Гипоталамустың түзетін заттары гормон емес, прогормон болып саналады. Гипофиздің артқы бөлімінде олар әбден жетіліп гормонға айналады, яғни гипофиздің артқы бөлімі мен гипоталамус біртұтас құрылымдық және әрекеттік құрылым болып саналады. Гипофиздің алдыңғы және ортаңғы бөлімдері гипоталамус пен қантамырлары арқылы, яғни гуморалды жолмен байланысады. Виллизи шеңберінен тарайтын жоғарғы гипофиз артериясы алдымен ілмектер мен түйіндерден тұратын алғашқы капиллярлы торды түзеді. Бұл торға гипоталамустың нейросекрециялық жасушалары келіп, ұштары нейрокапиллярлық түйіспелер түзетін жүйкелік тор жасайды (25-сурет).

Бұл түйіспелер арқылы қанға нейросекрециялық (стимуляторлар) әсеретушілер шығады.

Қанкапиллярлары 10-20-дан қуыс вена тамырларынакүйылады. Олар гипофиз сабағы арқылы оның алдыңғы бөліміне өтіп, екінші капилляр торын құрады. Соның арқасында гуморальдық стимулятор­лар без тіндеріне тікелей эсер етуге мүмкіндік алады.

Гипоталамустың нейросекрециялық жасушаларынан гипофиздің алдыңғы бөліміне босатушы факторлар (ағыл. release — фактор) (кор-тикотропин босатушы, тиротропин босатушы, фолликулотропин бо­сатушы, соматотропин босатушы, лютеотропин) өтеді. Оларсоматотропин, АКТГ, ГТГ, ТТГ т.б. осы сияқты аденогипофиз гормондарының пайда болып бөлінуін қамтамасыз етеді.

Гипоталамус жүйке жүйесінің бөлігі. Мұнда жүйкелік реттеу эндокриндік реттеуге ауысады. Гипоталамус ядроларының нейрондары бөліп шығаратын нейропептидтер либерин және статин деп аталады.

Соңғы кездегі химиялық зерттеулердің нәтижесінде гипоталамуста полипептидтерден құралған бірсыпыра биологиялық белсенді заттар түзілетіні анықталды. Олардың әрқайсысы гипофиздің алдыңғы және аралық бөлімдерінде белгілі бір гормонның түзілу жылдамдығына әсер етеді. Либерин (лат. liber — бос дегенмағынада) босатушы, күшейтуші, ал статин — тоқтатушы, тежеуші (ағыл. state — тежеу) факторлар. Қазіргі кезде 7 либерин мен 3 статин анықталып отыр.

Либериндер тобына кортиколиберин, тиролиберин, люлиберин,. фоллилиберин, соматолиберин, меланолиберин және пролактолиберин жатады.

Сәйкес үш гормондардың шығуын тежейтін статиндер тобына соматостатин, меланостатин және пролактостатин жатады. Түрлі либе­риндер мен статиндердің сөлініс өздеріне сәйкес қандағы гормондарға байланысты және гормондар реттейтін үрдістердің сипаты мен түріне байланысты.

Орталық жүйке жүйесінің ішкі сөлініс бездерге әсері вегетативтік жүйке жүйесінің талшықтары мен гипоталамус — гипофиз жүйесі арқылы іске асады.

Сонымен бездер мен олар реттеуге қатысатын агзалар қызметі арасында екіжақты — тура және кері байланыс бар. Солардың арқасында реттеуші тек қана реттелетін үрдістерге әсер етіп қоймай, ондагы өзгерістер бездердің қызметіне әсер етеді. Өзіндік реттелуде қантамырларының қабырғасында, тіндерде және гипоталамустың өзінде орналасқан арнайы рецепторлардың маңызы күшті. Гипоталамуста баро-, термо-, хемо-, осмо- және гякжо-рецепторлар орналасатыны анықталды. Олар гомеостаздың түрлі өзгерістерін сезгішкеледі. Тіпті гормондар мөлшерлерінің өзгерістерін сезетін рецепторлары да бар деген болжамдар да кездеседі.

Түрлі рецепторлар мен сөлініс тік жүйкелердің гипоталамуспен байланыстығының барлық бездерде болуы олардың қызметінің рефлексті түрде өзіндік реттелуін қамтамасыз етеді. Мысалы, Na+ мөлшеріның артуы альдостеронның бөлінуін рефлекс арқылы тежейді, сөйтіп артық Na+ несеп құрамында сыртка шығарылады.

Ішкі сөлініс бездердің өзіндік реттелуінің көбінесе ішкі ортаның-гомеостаздың — тұрақтылығын сақтауында маңызы зор. Қандай да болмасын организмдег іөзіндік реттелу жүйке жүйесінің қатысуымен жүреді. Ол өзін-өзі реттеуші жүйелердің қызметін сыртқы ортаның жағдайларына бейімдейді.

Гипоталамус-гипофиз жүйесінде соңғы жылдары нейрондарды реттейтін пептидтер тобы ашылды. Олар эндорфин, энкефалин, нейротензин, Р заты және басқа қосымша гормондық жүйелер.

Қазіргі кезде гастро-интестиналды гормондар (ГИГ) — асқорыту жолының көп гормондар тобы зерттеліп жатыр.

Дегенмен, олардың маңызы, химиялық табиғаты әлі толық анықталмаған.

Ішкі сөлініс бездері арасында гипофиз ерекше орыналады. Гор­мон шығару қызметі гипоталамуспен тығыз байланысты. Гипофизден көптеген шеткі бездердің қызметін өзгертетін бағыттаушы гормондар бөлініп шығады. Гипоталамус жүйке жүйесінің әсерін басқа бездерге гипофиз арқылы таратады.

 

Ішкісөлінісбездерініңгормондары

Бездер Гормондар
Гипоталамус гипофизотроптыгормондар (либерин, статин) жүйкегормондары (вазопрессин, окситоцин)
Гипофиз соматотропин (өсу гормоны)
Аденогипофиз (алдыңғыбөлімі) тиротропин, кортикотропин, лютропин, фоллитропин, липотропин, пролактин
Ортаңғынемесеаралықбөлімі мелотропиндер (интермедии)
Артқыбөлімі (нейрогипофиз) вазопрессин (антидиурездік гормон яғни неси бөлінуіназайтатын гормон), окситоцин (гипоталамустажасалады)
Қалқаншабезі тироксин, трийодтиронин, тиреокальцитонин (қалқансерікбезініңкальцитонингормонынаүқсас)
Қалқансерікбезі папатгормон, кальцитонин
Ұйқыбезіаралшықтары инсулин, глюкогон
Бүйрекүстібезініңқабығы кортикостероидтер, минералокортикоидтер (альдостерон), глюкокортикоидтар (кортизон), андрогендер, эстрогендер
 
Бүйрекүстібезінің милы заты катехоламиндер (адреналин, норадреналин)
 
Аталықұрықбездері андрогендер (тестостерон) андрогендер (тестостерон)
Аналықұрықбездері эстрогендер (эстрон, эстрадиол, прогестерон (сарыденедежасалады)
Айыршабездер тимозинт. б.
Эпифиз мелатонин т. б.
Диффуздықэнтериндікжүйелер паротин, гастрин, энтерогастрин, секретин, панкреозимин, вазобелсендік пептид, бомбезин
Эндокриндікжасушалар ренин — ангиотензивтікжүйе
Бауыржәнебүйрек соматомединдер, эритропоэтиндер
Плацента (бала жолдасы) жатыр эстрогендер, релаксин, прогестерон

4. ІСБ гипо- және гиперфункциясының көріністері экспериментте

Инсулиннің ақ тышқандарға тигізетін әсері.

Инсулин ұйқы безінің эндокриндік бөлімінің (Лангерганс аралшықтарында) В-клеткаларында түзіледі. Адам және омыртқалы жануарлардың организміндегі қан құрамындағы қант (глюкоза) мөлшерін азайтатын жалғыз гормон - инсулин болып саналады. Организмге сырттан көп мөлшерде инсулин енгізілсе, қандағы қант мөлшері 2,250 м/моль-ден төмен болады (гипогликемия). Мұндай жағдайда мидың глюкозамен қамтамасыз етілуі бұзылып, организмде гипогликемиялық талықсу байқалады.

Жұмысты орындау: Тәжірибе алдын ала 24 сағат ішінде аш отырған екі тышқанға жасалады. Әр тышқанның құрсақ терісінің астына 1 мл инсулин егіледі де, оларды жекелеп шыны ыдыстың астына отырғызады. Бақылауда болатын тышқанның құрсағына 1 мл 10%-тік глюкоза ерітіндісі бірден егіледі. Сонан кейін белгілі уақыт ішінде тәжірибедегі тышқандардың күйі мен мінез өзгерістеріне көңіл аударып, бақылау жүргізіледі. Тәжірибедегі тышқанда 40-50 минуттан кейін гипогликемиялық талықсудың белгілері (жүндері тікірейгені, тыныс алуы жиілегені, дене тұлғасы мен қалпы бұзылғаны, құрысуы және т. б. ) байқалады. Қоршаған орта температурасы жоғары болған сайын инсулиннің әсері жедел басталады. Егер еттердің құрысуы 20 с аса ұзақ созылса, бұл жануарлар өліп кетуі мүмкін. Сондықтан дер кезінде тәжірибедегі тышқанның &





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.