МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

Тахиосциллография (тіркеу принциптері)





Тахиосциллография - бұл манжеттің астында орналасқан тамыр көлемінің өзгеру жылдамдығын тіркейтін әдіс (ал артериалды осциллографияда тамыр көлемінің өзгерісі тіркеледі). Басқаша айтқанда, тахоосциллография - бұл жылдамдық осциллограммасы. Оны дифференциалды манометрді қолданатын механокардиограф көмегімен тіркейді. Әдістің негізі манжетте, мысалы иыққа қойылған, қысым автоматты түрде жоғарылайды. Осы уақыт ішінде тамыр көлемінің өзгеру жылдамдығы және білезік артериясындағы пульс та тіркеледі. Тахоосциллограммада 4 нүктені айқындайды:

1) минимальды қысым - осциллограммадағы диастолалық өзгерістердің пайда болу уақыты (осцилляцияда теріс тісшелер пайда болады).

2) орташа динамикалық қысым - осцилляциядағы жабылу толқындарының пайда болуы (түйінді қалыңдау)

3) шынайы бүйір қысым - осциллограммадағы теріс тербелімдердің максимальды пайда болуы.

4) максимальды систолалық қысым - білезік артериясындағы пульстің жойылу уақыты.

Шынайы бүйір қысым мен максимальды систолалық қысым арасындағы айырмашылық гемодинамикалық соққы шамасын береді.

11. Сфигмография, қисық сызығының анализі.

Сфигмография - пульсті графикалық тіркеу. Бұл әдіс артерия қабырғасының механикалық тербелістерін датчиктер (сыимдық, пьезокристалдық, тензометрлік) қолданып, күшейтілген электрлік тербелістерге айналдырып, электрокардиографпен тіркеуге негізделген.

Орталық пульс - қолқа доғасынан, бұғана асты және үйқы артерияларынан, ал шеткі пульс - сан және басқа артериялардан тіркеледі (20-сурет).

Орталық сфигмограмма тікелей анакроттық өрлеумен басталады (a-b), бұл қанның сол жақ қарыншадан қолқаға айдалуы мен оның қабырғасының созылуына байланысты. Анакротаның ұзақтығы жүрек жиырылуының жылдамдығы мен күшін сипаттайды. "b" нүктесінде қанның жедел айдалуы аяқталады, ал "c" нүктесіне дейін баяу айдалуы жалғасады. Сөйтіп, сфигмограмманың "а"-дан "с" нүктесіне дейінгі аралығы жүректің қанды айдау кезеңін көрсетеді (қарыншалардың механикалық систоласы)."с-і" кертігі (инцизура) айшық тәрізді қақпақшалардың жабылуына байланысты механикалық процестерді бейнелейді, "с"-нүктесі - жабылудың басталуы.

Сфигмограмманың диастолаға сәйкес бөлімі "d" нүктесінен басталады, ол дикроттық толқын деп белгіленеді. Бұл қолқаның жабық қақпақшасына қанның кері соғылуы кезінде қысымның жоғарылауына байланысты. Сфигмограмманың құлдырау бөлігі катакрота деп аталады.

Шеткі сфигмограмма қарапайым пішінді болады. Бұлардың қисығында анакроттық өрлеу (а-b) бірден катакроттық төмендеуге өтеді. Катакрота кезінде дикроттық толқын "d" және оның алдында "е" ойпаты байқалады. Шеткі сфигмограммада "с" нүктесі мен "і" кертігі айқын көрінбейді.



Бұл әдіс бойынша қан айналымының үлкен шеңбері артерияларының әрекеттік жағдайлары туралы көптеген ақпарат алуға болады (пульстік толқынның таралу жылдамдығы, артериялар жүйесінің кедергісі, қанның МК мен СК және т.б.).

12. Флебография, қисық сызығының анализі.

Флебография - веналық пульсті графикалық тіркеу. Бұл әдістің принципі сфигмография әдісіндей. Веналық пульсті тіркеу ФКГ және ЭКГ әдістерімен бірге жүргізіледі.

Қалыпты флебограммада негізгі үш оң -а, с, v және екі теріс х, у толқындарды ажыратады (21-сурет).

Бірінші оң толқын "а" (жүрекшелік) қуыс веналармен қанның келуін тоқтататын оң жақ жүрекшенің жиырылуынан пайда болады.

Екінші "с" толқыны - ұйқы артериясы соғуының v. juqularis-ке әсеріне, сонымен қатар қарынша систоласының бастапқы кезіндегі үш жақтаулы қақпақшаның жабылуымен, оның оң жақ қарыншаға қарай ығысуымен байланысты.

Келесі "с" толқынынан кейін қисықтың төмендеуі х-коллапс деп аталып, ол күре тамырдың босауынан болады. Басқа себебі кеуде қуысынан қанның систолалық көлемінің итерілуіне байланысты, оның ішіндегі қысымның төмендеуі.

Келесі оң "V" толқын - үш жақтаулы қақпақшаның жабылуынан кейінгі оң жақ қарынша мен күре тамырдың қанға толуы. Осы қақпақшалардың ашылуынан оң жүрекше мен венаның қанға толуы төмендейді де, қан қарыншаға қарай ұмтылып, диастолалық коллапс - "у" байқалады.

Флебограмманы талдап оң жақ жүрекше мен қарыншаның жұмысы туралы мәлімет алуға болады.





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.