ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение Как определить диапазон голоса - ваш вокал
Игровые автоматы с быстрым выводом Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими Целительная привычка Как самому избавиться от обидчивости Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам Тренинг уверенности в себе Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком" Натюрморт и его изобразительные возможности Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д. Как научиться брать на себя ответственность Зачем нужны границы в отношениях с детьми? Световозвращающие элементы на детской одежде Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия Как слышать голос Бога Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ) Глава 3. Завет мужчины с женщиной 
Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д. Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу. Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар. | Экзистенциализм философиясы Экзистенциализм немесе ғұмыр кешу философиясы деп аталған ағым ΧΧғасырдың 20жылдарында пайда болып қалыптаса бастады. Көрнекті өкілдері Германияда М.Хайдеггер мен К.Ясперс,Францияда Сартр, А.Камью мен Г.Марсель жатады.Олар бар зейінін ғұмыр кешудің мағынасына, яғни жеке адамның күнәсі мен жауапкершілігіне,шешім қабылдау қабілетіне, адамның ғұмылық мақсаттары мен өмірге деген қатынастарын анықтауға аударды. Адамның ғұмыр кешуі(экзистенция) тұтас болмыс ретінде қарастырылады , оны ешқандай да ғылыми не философиялық жолмен танып білуге болмайтындығы туралы тұжырым жасалады. Экзистенциализмнің идеялық бастау алатын ілімдері дат мистигі Кьеркегордан басталады. Экзистенц.нің негізгі ұғымдарының бірі—қорқыныш. Тіршілік иесі өлімнен де ертеңінен де, келешегінен де қорқады.Шындығында өлімнен қорқуға болмайды, өйткені ол да өмір сияқты табиғи нәрсе, демек оны заңды құбылыс ретінде қабылдау керек. Маңызды категорияларына болмыс пен еркіндік жатады. 59.Буддизм іліміндегі 4 ақиқат және қиналыстан шығу жолдары Буддизмнің өзегін төрт ақиқат туралы ілім құрайды. Олар: 1.Пенденің ғұмыры қасірет шегумен тікелй байланысты: туылу, өлу, кесел, көкейіңдегінің жүзеге аспауы–барлығы да қасіретке жетелейді. 2.Қасірет шегудің себебі–мұқтаждық. Ол қуаныш–қайғы, қасірет шегу арқылы қайта туылуға, қайта түлеуге алып келеді. 3.Қасірет шегуді шектеу мұқтаждықты аластауға байланысты және де бұл іс сегіз жол арқылы жүзеге асырылады:а)дұрыс пайымдау,ә)дұрыс шешім қабылдау,б)дұрыс сөйлеу,в)дұрыс ғұмыр кешу, г)ұмтылыс,д)дұрыс зейін,ж)дұрыс сенім,е)дұрыс шүйілу 4.Нәпсілікке құштарлық та, өзін–өзі азаптау да дұрыс жолдан ауытқушылық Қиналыстан шығудың бес уағызы(панчашила): 1.Тіршілік иелеріне зиян келтірмеу 2.Бөтен меншікке сұқтанбау,қол сұқпау 3.Тиым салынған жыныстық қатынастардан бойды аулақ салу. 4.Қаңқу,өтірік сөздерден тиылу 5.Мас қылатын ішімдіктерден бас тарту 60.Абай философиясындағы әлеуметтік мәселелердің көтерілуі Ұлы ақын,ойшыл–демократ,сазгер Абай Құнанбайұлының қоғам өмірін түсінудегі көзқарасы, идеалистік тұрғыда болды.Ол кезде қазақ халқының әлеуметтік даму деңгейі төмен болуының себебінен қоғамның объективтік заңдылықтарын дәл анықтау өте қиын еді.Қазақ елінде бай, кедей болып бөлінген таптардың арасындағы тартысты Абай айқын көрді. Кедейлердің жоқшылық тұрмысын “Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай”,тағы басқа өлеңдерінде реалистік тұрғыдан суреттейді.Үстем тап өкілдерін: байларды, билерді болыстарды аяусыз шенеді. Халқына байларға сөздерің өтсін десеңіз еңбек етіп, оқу оқы дейді. Бақпен асқан патшадан Мимен асқан қара артық Сақалын сатқан кәріден Еңбегін сатқан бала артық 61.Қазақ фил.ның қалыптасу ж\е даму ерекшелік Қазақ философиясының негізгі мәселелерінің бірі–философияның пайда болу мәселесі. Негізінен бұл мәселе әлемдік философияда талай пікірталас тудырып жүр.Біріншіден, философияның дәл шыққан мерзімін белгілеу өте қиын.Екіншіден,философия деген ұғымның өзіне осы күнге дейінгі дәл де толық анықтама берілген жоқ.Үшіншіден,қазақ философиясы мәселелерінің жазбаша түрде берілген классикалық тұжырымдар мәтіндері жоқтың қасы.Қазақ тарихында философиялық құбылыстарды 3 кезеңге бөліп қарастыруға болады:1.Алғы философия–объективтілік пен субъективтілікті өте нашар ажырататын сана. 2.Философиялық кезең– объективтілік пен субъективтілікті жоғары деңгейде ажырататын сана.3. Теориялық әдістемелік қасиеттермен байытылып,классикалық жүйеге ие болған және әлемдік рухани байлықпен ұштастырылған кезең. Қазақ философиясының басты ерекшелігі: парасаттан бөлінбей дамыған. Парасат философиясы 3 сипат арқылы өз мәнін ашады: 1.Сұңғылалық(интеллектуальный) 2.Кеңпейілділігі 3.Сабырлылығы (толерантность). Парасат философиясын келесідей қарастыруға болады:1.Поэзия(салт-дәстүр,әдет-ғұрып) 2.аңыз-ертегі,мақал -мәтел 3Күй. 62"Индустриалды","информациялық","ашық қоғам" Индустриалдық қоғам ең алдымен корпорациялар мен фирмалар жетекшілігіндегі өнеркәсіпке негізделеді.И.қ-ның негізгі белгілеріне өнеркәсіптің қарышты дамуы, өнеркәсіптің мүлдем жаңа салаларының пайда болуы,ғылым мен техника жетістіктерін кеңінен енгізуі,капитал салымы деңгейі ұлттық кірістің 20%-ына тең дейін жоғарылауы,қала тұрғындарының 60-90%-ға дейін өсуі,квалификациялық еңбек үлесінің артуы жатады.Ақпаратық қоғамда ұлттық байлықтың өсуі ең алдымен білім мен технология прогресіне тәуелді болады. 63. Табиғат және қоғам.Т. және Қ-ның арасындағы қарым-қатынастың мән-мағынасы, сипаты қандай, адамдар өзін қоршаған табиғи ортамен қалай байланыс жасайды, олардың бұл ортадағы орны қандай, қоғамның өмір сүруінің және дамуының басты шарты қайсы деген сияқты сұрақтардың философиялық ой толғамдар жүйесінде ерекше дүние танымдық маңызы бар.Қ, Т —дамудың жалғасы, ол екеуі тығыз бірлікте болады. Т пен Қ-ды байланыстырып та, жалғастырып та тұратын - материалдық өдіріс процесі, еңбек процесі деп кәміл сеніммен айтуға болады.Қ-дық өмірдің, адамзат тіршілігінің ең әуелгі әрі басты шарты–еңбек.Еңбектің арқасында ғана адамдар жануарлар дүниесінен ажырап шыққанын, адамдық бейнеге ауысып, табиғаттың керемет құдіреті —ақыл-ойға,санаға,тілге ие болғанын жақсы білеміз.Ф.Энгельс:"адамды адам еткен еңбек" деп тұжырымдаған.Ал еңбек дегеніміздің өзі–адамның табиғатқа деген белсенді қарым-қатынасы.Т.пен Қ. арасындағы қарым қатынасты нақты әрі терең түсіну үшін географиялық орта деп аталатын түсінік қолданылады. Бұл ұғымды ғылымға XIX ғ ортасында француз географы әрі социологы Элизе Реклю кіргізген болатын,одан әрі бұл ұғым Г.В. Плеханов еңбектері арқылы ғылыми әдебиеттен орын тепті.Географиялық орта–қоғамдық өмірмен тікелей байланысқа түсіп, қарым қатынас жасайтын табиғат дүниесінің бір бөлігі.Т. пен Қ. өзара тұтастығы, өзара қарым қатынасы туралы айтқанда,тек Г.О туралы түсінікпен ғана шектелу қате болар еді.Адамның,бүкіл қоғамның өмір сүретін табиғи ортасы,әрине көп.Ол биосфера деп аталады.Биосфера–жер шарының тіршілік тараған аймағы.Басқаша айтқанда,биосфера–адамдардың тыныс тіршілігін, өмір сүруін қамтамасыз ететін орта. 64. Жыраулар фило/ң ерекшелігі. Қазақ ақын- жырауларының дүниетанымы, философия/қ даналық ойлары төл философиямыздың қалыптасуына рухани негіз бола алады. Олардың шығармаларына дәстурлі фило/қ тарихи сабақтастық принциптері анық байқалады. Әсіресе, қазақ поэзиясындағы филос/қ бағыттың негізін салушылардың бірі Шалкиіз жырау Тіленшіұлының (1465-1560) шығармашылығы, фило/қ ой кешу, жыр толғау әдістері ерекше. Ел аузынан жазылып алынған тарихи әнгімелерге қарағанда, Шалкиіз Батыс Қазақстанда, Ноғайлының ұлы биі Мұсаның қызынан туыпты. Тіленші- қазақ арасындағы көп шонжарлардың бірі болса керек. Шалкиіз шығармаларының өзіндік ерекшелігі- ондағы ф/қ толғаныстардың молдығы. Көркем шығарма қашан да сол заманның, сол кездің ой- өрісімен салыстырыла бағаланбақ. Шалкиіздің ф/қ ойлары ұзақ толғанып, өз заманын нәзік түсіне білуінің жемісі.Бұл ерекшеліктер жыраудың шалқар даналықтың, терең ақылдың иесі болғандығын көрсетеді. «Тауарих хамсаның» айтуынша Ақтамберді ойраттармен күрес дәуірінде қазақ қолының басында жүрген аруақты ерлердің бірі. Ақтамберді шығармалары дерлік нақыл сөздерге, афоризімдік толғауларға ерекше айқын көрінеді. Ақтамберді шығармалары делік нақыл сөздерге, афаризмдік толғауларға толы келеді. Қазақ халқының болмысы, тіршілік тынысы, ерекшеліктері сол кездегі тарихи оқиғалар оның толғауларынан ерекше айқын көрінеді. Ақтамберді бүкіл ел мүддесін, ру ата намысы емес, исі қазақтың намысын қуады, елді ерлікке, бірлікке шақырады. Дұшпаннан көрген, қорлығым. Сары су болды жүрекке, Он жетіде құрсанып, Қылыш ілдім білекке, Жауға қарай аттандым, Жеткіз деп, құдай тілекке! 65.Болмыс және материя ұғымдары Болмыс категориясы шындықты бейнелейтін негізгі философиялық ұғымдарға жатады.Болмыс ұғымының мағынасы 3даму кезеңінен өтті:1.Мифологиялық тұрғыдан қаралды;2.Натуралистік онтология;3.Болмысты адамның іс әрекетімен таным арқылы байланыстырады.Ең бірінші кезеңде,болмыс құпия ,күштерге толы шындық деп танылып,образдық бейнелеу арқылы түсіндірілді.Натуралистік онтология болмысты заттар мен құбылыстар әлеміне теңестірді.Ең алғашқы болмысты енгізген көне грек ойшылы Парменид:"Болмыс–бар болу,өмір сүру,одан басқа ештеңе жоқ,ал жоқ болу–болмыссыздық."Ол әлемнің болмыс есебінде тұтастығына, тұрақтылығына,мәңгілігіне,ең бастысы бар болуына,өмір сүретіндігіне көңіл бөледі.Гераклит:"Болмыс–үзіліссіз қалыптасу.Үзіліссіз қалыптасу–космос шеңбңерінде төрт стихияның бір бірімен өзара араласуы".Платон:"Болмыс–мәңгілік өмір сүретін,өзгермейтін сана тектес рухани идеялар дүниесі.Ол 3 онтологиялық субстанциядан тұрады:1.Тұтастық,ешқандай белгісі жоқ және бөлінбейді,басы да,аяғы жоқ,қозғалмайды және кеңістіктен тысқары.2.ақыл.3.жан".Ортағасырлық философия бір ақ бомысты мойындайды:"Шынайы болмыс–жаратушы.Ол жоқты бар етіп жасады".Жаңа заман философиясы болмыс мәселесін 2 тұрғыдан түсіндірді:1Субстанционалдық тұрғыдан.2.Кант бастаған субьективтік тұрғыдан.Кант болмысты 2 бөлді:апериорлы,апостериорлы.Болмыстың формалары: әлемдік, табиғи, қоғамдық, адам, заттар, т.б.Материя ұғымы–дүниені адамның санасынан тыс,әрі тәуелсіз объективті шындық деп қарайтын материалистік дүниетанымның түп қазығы, мән мағынасы болып табылатын негізгі ұғым.Бұл ұғым материалистік ағыммен бірге пайда болып,бірге жасасып,тарихи түрде қалыптасқан.Объективті идеалистердің (Платон,Гегель) тұжырымы бойнша,материалдық дүние дегеніміз–бүкіл әлемді ұстап тұрған құдайға тән сипаты бар ақыл ойдың,абсолюттік идеяның нақты көрініс табуы,іс жүзіне асуы.Аристотель:"материя–барлық заттар құралып,жасалып шығатын материал,ол түр арқылы ғана мәнге ие болады" деген. 66. А.Эйнштейн теориясының ф/қ маңызы. 1905 ж/е 19016 ж Энштейн тұжырымдаған кеңістік пен уақыт/ң физ. Теориясы. Ол Галилей – Ньютонның классикалық салыстырмалы деп аталатын принціпінен келіп шығады. Бұл принціп б/ша мех. Процестер бірі екіншісіне қарағанда түзу сызықты ж/е бірқалыпты қозғалатын инерциалды жүйелерде біртектес жүреді. Оптика мен электродинамиканың дамуы осы принципті жарықтың, яғни электромагниттік толқындардың таралуында қолдануға болатын ж/е абс. Уақыт абс. Бірмезгілділік, сондай- ақ абс. Кеңістік ұғымдарынан бас тарту қортындысына әкелді. Материя қозғалысының ерекшеліктеріне байланысты кеңістік- уақыттық қасиеттерді анықтау абс.кеңістік пен уақыт туралы классикалық физика түсінігі шеңберінің тарлығын ж/е оларды қозғалатын материядан бөліп қарауға болмайтынын көрсетеді. С.т-классикалық механиканы рационалды қорытушы ж/е механика принциптерінің қолдану өрісін денелердің жарық жылдамдығына жақын жылдамдықпен қозғалысына дейін кеңітуші теория ретінде қалыптасты. Ф/ң идеалистік ж/е позитивистік бағыттары С.т – н ғылымынын субъективті сипаты ж/е физ.процестер/ң бақылаушыға байланыстылығын дәлелі ретінде пайдаланғысы келеді. Бірақ с.т н реалдық шындықты бейнелейтін, класикалық механикадан гөрі элекватты. 67. Орыс философиясының тарихы. Мистикалық бағытта ең алдымен В.С. Соловьевті бөліп атуға б/ды. Соловьев (1853-1900) діни орыс философиясының, білімнің біртұтастығы мен бүтіндігі туралы идияның негізін қалаушы, орыстың көрнекті христиандық ф/сы. Соловьев ф/сы діни ф/қ дәстүрдің бүкіл рухы мен кейнін білдіреді. Соловьев адамның діни ж/е әлеуметтік өмірі сұраныстарын біртұтастыққа байланыстыратын бүтіндей дүниетанымдық жүйені қарауға тырысты. С/ң ойы б/ша мұндай дүниетаным негізгі христиандық болып т/ды.С/в тәсілінің ерекшелігі, ол барлық христиандық концессиялары біріктіруді жақтады. Сондықтан оның ілімі тар бағытта емес, концессияларлық сипат алды. С/в ф/ң негізгі идеясы- жалпы тұтастық идеясы. Бұл идеяны дайындауда славянофильдердің соборшылдық идеясына сүйенгенмен, оған жалпы қамтушы, ғарыштық мағына береді. С/те жалпы тұтастық, «құдайдың қасиеті Үштігі барлық құдіретті жаратылыстармен, оның ішінде ең бастысы адам мен байланысты» деген тұжырымнан көріненді. Жалпы тұтастықтың негізгі принципі: «Құдайда барлығы біртұтас». Жалпы тұтастық – бұл ең алдымен жаратушы мен жаратылыс тұтастығы. С/в болмыстың диалектикалық тәсілін қолдады. Оның пікірінше шындықты қатып қалған формасында қарастыруға болмайды. С/в жүйесіндегі бұл мәңгілік идеясы София- даналық алды. София- С/в жүйесіндегі негізгі ұғым. Сон/н оның ілімі софология деп а/ды. С\те адамгершілік ф/сы сүйіспеншілік ф/на көшеді. Жоғарғы сүйіспеншілікпен салыстырғанда барлығы төменгі деңгейде, сондықтан тек сүйіспеншілік қана мәңгілікті қажет етеді. Құдіретті сүйіспеншілік арқылы жеке индив/қ бекітілді. Ресей есімі әлемге танымал болған, орыстың діни ф/сы дамуына өлшеусіз үлес қосқан Н.А. Бердяев (1874-1948) сияқты ұлы ойшылды дүниеге әкелді. Б/в ф/ң мәні – болмыс мәнін субъект, яғни адам арқылы тану. Оның ф/ң бастапқы нүктесі еркіндіктің болмыстан басымдылығы болып т/ды. Онымен бір қатарда шығармашылық, тұлға, рух, Құдай ұғымдары тұрады. Адамдағы болмыс адам арқылы ашылады. Ол Құдай бинесіне ұқсас жаратылған микрокосмос болғандықтан шексіз ж/е шығармашыл жан болып т/ды. Б/ң ойы б/ша қоғамды әлеуметтік қайта құру үшін тех/қ қайта құру емес, рухани жаңғыру қажет. Ресей үшін бұл «орыс идеясын» бекітумен байланысты, оның бұл көзқарасы көбінесе С/в көзқарастармен сәйкес келеді. Орыс идеясының басты қасиеті, Б/в б/ша, бүкіл қоғамның өн бойын қамтитын діни мессиандық болып т/ды. «Орыс идеясының» мәні – құдай патшалығын жерде орнату. Орыс ғылымдарының айтуынша, философ/қ ой кшу үрдістері Ресейде нәсірани діні жайыла бастаған кезенде, яғни ХІ ғасырда қалыптасады. Осы кезенде Киев митрополиті Илларион «Заң ж/е сенім туралы сөз» деген атышулы еңбегін жазып, орыс жерінің ұлылығын, адамдарының құдай нұрымен шапағатқа бөленгендігін дәріптеген. Одан кейінгі аралықта православиелік шіркеудің ықпалындағы Ресейдің әлемдік өркениетке қосар үлесі тарапынан толғаулар ХVII-XVII ғасырларда жалғасты. Олардың мазмұны орыс елінің қайталанбас рухани болмысын, орыс елінің қайыспас батырлығын дәріптеуге саяды. Аталмыш ойлау дәстүрінің екінші телуді жақтайды. Теориялық ж/е қоғамдық саяси тұрғыдан қалыптасқан елеулі бағыттардың бірі- славяншылдық ХІХ ғ/ң 40-60 жылдарында жедел өрістей бастады. Оның өзекті мәселесі орыс халқының ұйысу бірлігі сынды қағидаларға негізделген болатын. Бұл бағыт «Славяншылдық» деген атқа ие б/ды. Мұндай ойсаналық-ф/қ ағымның негізін қалаушылар А.С. Хомяков(1804-1860) пен Ю.Ф. Самарин (1819-1876) дегендер еді. 68.Қозғалыс формалары, «даму» ұғымы. Қозғалыс- материяның аса маңызды атрибуты, өмір сүруінің тәсілі. Қ. Табиғат пен қоғамда болып жататын барлық процесстерді қамтиды. Қ д/з жалпы өзгеріс, материалдық объектілердің әрқалай өзара әсерлесу ж/е олардың қалпының ауысуы. Дүниеде қозғалыссыз материя жоқ, сол секілді Қоз/ң озі материасыз болмайды. Қ/ң матер/ң сапалық жағынан жаңа ж/е неғұрлым күрделі формалары көрініс береді. Қ/ң әр түрлі форма/ң басын қосады. Ол матери/ң өзі сияқты шексіз. Материя Қ-ы әр түрлі өзгерістердің ішкі мазмұнын, нақты сапалық жай-күйлердің себеп салдарын құрайтын әрқилы қайшылықтардың өзара процесі ретінде бой көрсетеді. Қ.сондай-ақ материя дамуының барлық формаларын қамтиды. Даму д/з белгілі бір бағыты бар жүйелердің заңды, біртұтас, тұрақты өзгеріске ұшырауы. Бұл бағыт жүйе қозғалысының заңдарынан нақты ж/е сыртқы жағдайлардан туындайтын өзгерістердің әр түрлі ішкі тенденциялар/ң қосындысы б/ша біркелкі қолданылатын болып т/ды. Материяның даму фор/ры жүйенің күрделілік деңгейіне, оған тән қозғалыс форм/на, өзгерістердің жылдамдығы мен қарқынына, олардың сипатына бағытына ж/е т.б байланысты алуан түрлі болып келуі мүмкін. 69. Ф.Энгельс адамның жаратылысы туралы. Э. Фридрих (1820-1895)- Маркспен бірігіп Марксизімнің негізін жасаған ғыл.коммунизм теориясының, диалект, ж/е тарихи материализм философи/ң іргетасын қалаушы. Гегель/р деп аталатын филос.ағымының сол қанатына кіретін Шелингтің діни мистикалық көзқарысына, Гегельдің диалект.қайшылықтарына түпкілікті әсер еткен жағдай Англияда сол кездегі жұмысшы табының өмірі мен тұрмысы болды.1845 ж Э «Англиядағы жұмысшы табының жағдайы» деген еңбек жарыққа шықты. Бұл еңбектерінде ол пролетариаттың «тарихи миссиясын» ғыл.түрде дәлелдей отырып, пролетариатты тек қана қорлық жатқан тап ретінде көрсетеді.Ф/ң қалыптасуымен дамуындағы Э-тің еңбегі өте зор. Оның «Людвиг Фейрбах ж/е классикалық неміс ф/ң ақыры», «Анти-Дюринг» т.б шығармалары маркістік ф/ға қосылған құнды еңбектер болып табылады. Э. ф/ң негізгі мәселесін оның таптық сипатын белгілейді. Таным теориясын дамытудағы ж/е агностцизмді сынауда Э-тің еңбегі өте зор. Ол диалект.логиканың да біраз мәселелерін терең зерттелген. Тарихи материализмнің негізгі мәселелерін дамыта отырып, Э. Тарихты материалистік тұрғыда түсінудегі дөрекілік көзқарасқа қатты соқы берді. Э.дәлелдеріндегі адам өміріндегі экон.ахуал шешуші роль атқарады. Деген түсінік жеке адамның тарихтағы іссін жоққа шығармайды. 70. Шығыс философиясына тән ерекшеліктер. 71 Диалектика заңдылықтар мәні. Диалектика даму процесі туралы жан жақты әрі терең мазмұнды ғылым ретінде негізгі заңдармен бірге категориялар жүйесін де қамтиды. Категориялар заттардың,құбылыстар мен процестердің жалпы әрі маңызды жақтарын, байланыстары мен қатынастарын көрсететін ғылымның негізгі түсініктері болып табылады. Барлық ғылымдар өзіндік категориялар жүйесі арқылы өздері зерттейтін обьектілердің мәндік сипатын, ішкі заңдылықтарын ашып көрсетеді. Басқа ғылымдар секілді философияның да өзіндік ғылыми түсініктері, категориялары бар. Алайда философиялық категориялар қамту ауқымының кездігімен, ең жалпылама байланыстар мен қасиеттерді бейнелеуі арқылы дараланады. Олардың ішінде, әсіресе, диалектиканың өзара қатынастағы жұпталған категорияларының маңызы ерекше. Мұндай категориялар жүйесін диалектиканың негізгі емес заңдары деп те атайды. Себебі , олардың даму процесін қарастыра отырып, диалектиканың негізгі заңдарын толықтыра түседі. Енді категориялар қалай қалыптасады деген сұраққа тоқтала кетейік. Олардың қалыптасуы адамның өзінің пайда болуымен, өсіп өркендеуімен, оның санасының, ойлау жүйесінің жетіліуімен тікелей байланысты. Бұл процестің түбіріне еңбек белгілі. Басқаша айтқанда, категориялардың пайда болып, қалыптасуы еңбектің қоғамдық практиканың нәтижесі. Адамдар практикалық іс әрекет барысында түрлі заттар мен құбылыстарды көзбен көріп, қолмен ұстап дегендей, қыр сырына үңіледі, қасиеттерін, байланыстарын ерекшеліктерін аңғарып, көкейге ұялатады, сөйтіп барып орынды болады. Алайда категориялардың мазмұны адамдардың санасынан, ақылына тәуелді емес. Категориялар объекті түрде өмір сүретін құбылыстардың өзіне тән байланыстар мен қатынастарды бейнелейді. 72.Марксизм фил адамның мәні туралы Ғасыр философиясындағы аса күрделі кезең қазіргі марксизм деп аталатын ленинизмнің дүниеге келуі. Оның себебі бар. Ең алдымен оған объективті жағдай әсер етті. Егер Маркс пен Энгелс капителизмнің монополияға дейінгі кезеңдерінде өмір сүріп, сл кездің проблемаларына жауап іздеген болса, В.И. Ленин капитализмнің империалистік дәуірінде өмір сүрді. Осыған сәйкес Лениннің алдында жаңа проблемалар тұрды. Империализм кезінде капитализм қайшылықтары тереңдей түсті. Бұл қайшылықтар еңбек пен капитал арасында ғана емес, капиталистік елдер арасында да пайда болды. Олай болса, капитализмнің біркелкі дамуы да бұзылды. Ақырында, капитализм шығыс елдеріне, оның ішінде Ресейге де таралды. Оған дейін Реседе түрлі қайшылықтар шиеленісіп жатқан болса, оның үстіне капиталистік қайшылықтар қосылды. Ресей экономикасы алдынғы қатарлы дамыған ел болмаса да, онда революция жасауы әбден мүмкін еді. Ресейдегі буржуазиялық демократиялық револбцияның жетекші күші пролетарият болтыны айқын байқалды. Сондай ақ, ғасырдың аяғы ғасырдың басында жаратылыстану ғылымдарында, әсіресе физикада ірі жаңалықтар ашылды. Оның мәні физика ғылымдары атом сырына, оның қасиетті ішкі дүниесіне үңілді. Осыған сәйкес материя оның жөніндегі бұрынғы ұғым өзгеріске ұшырады. Ол туралы бұрынғы ұғымның таяздығы, кемістігі байқалды. Атомнан электронның бөлініп шығуы атомның ең кішкентай қарапайым бөлшек еместігін, электрон атомнан мың есе кіші және қасиетті одан мүлдем басқа, жарық сәуледей жылдамдықпен қозғалатын аумағы массасы ұдайы өзгеріп отыратынын көрсетті. Бұл материяның бұрын соңғы белгісіз болып келген жаңа қасиеттері еді. 73.Көне үнді фил.ның даму ерекшеліктері Біздің жыл санауымыздан үш мыңдай жыл бұрын ежелгі үнді жерінде қауымдық қоғам ыдырап, оның орнына құлдық қоғам қалыптаса бастады. Осыған орай ежелгі үнді қоғамы төрт варнаға немесе кастаға бөлінді. Олар брахмандар абыздар, әскербасылар, ауқатты шаруалар және құлдар. Әр варна тұйықталған әлеуметтік топ боладыда, әрқайсысы қоғамда өзіне тиесілі орын алады және өздеріне ғана тән дәстүрлі мамандықтары болады. Мысалы брахмандардың үлесіне ой еңбегі, кшадриларға әскери қызмет, вайшилерге ауылшаруашылық, қолөнер кәсібі, саудагерлік тисе, шудраларға қара жұмыс қана тиді. Ежелгі үнді қоғамының осы даму кезеңіне сай мифологиялық, философиялық көзқарастары да қалыптасты. Олар негізінен үнді мәдениетінің ескерткіші ведаларда жиынтықталған. Ведалар төрт бөлімнен тұрады: Самхит құдайларға арналған гимндер жинағы; Брахман Самхитті түсіндіретін әр түрлі мифологиялық әңгімелер, ритуалдар, т.б; Араньянкта Орман кітабы Брахманға тән ритуалдардың орнына құдайлардың іштей сыйлау құрметтеу, олар туралы ойланып толғану туралы көзқарас; Ведалардың ең соңғы сатысы упанишадта дәстүрлі варналарды бір басты тезисі брахман туралы, ғарыштың негізінле мәңгі мәңгілік брахман жатыр. Ал одан барлық заттар дамып өскен. Олай болса брахман бар әлемнің генетикалық, түпнегіздік бастамасы және олардың соңы. Брахман екі түрлі болады. Біріншісі қозғалмайды, нақты өмір сүреді бірақ жойылып кетуі мүмкін, ал екіншісі жойылмайды, өлмейді, қозғалыста болады және ақиқат. Бірінші брахман көп түрлі болса, екіншісі жалқы. Кейбір жағдайларда брахманмен қатар синоним ретінде атман ұғымы да қарастырылады. Атманның табиғаты бір жағынан дене сияқты болса, екінші жағынан рух сияқты. Рухты атман тіршіліктің негізі; ал екеуі қосылып, барлық денелердің, ішкі бастамасы, негізі және соңы болады. Атман тек бастама ғана емес, ол саналы тіршілік иесі,әлемді жаратушы деп есептеледі. 74.ҚР. дамуындағы стратегиялық бағыттар Бұл тақырыпқа біздің елбасшымыздың жолдауын қарастыруға болады. Осыдан он жыл бұрын жылы Қазақстан халқына жасалған алғашқы Жолдауында Еліміздің жылға дейінгі Дамуының стратегиясы біздің қоғамымыздың келешектегі келбеті мен мемлекетіміздің болашақтағы бітімі баян етіледі. Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Мен өзіміздің әлемдік рейтинг кестесінің жоғарғы бөлігіне іліккен елдер тобының ішінен орын алуымызға мүмкіндік беретін басты жеті жарғы мыналар дейді елбасшы: 1, өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның іргетасы тек қана осы заманғы, басекеге қабілетті және бір ғана шикізат секторының шеңберімен шектеліп қалмайтын ашық нарық экономикасы бола алады. Бұл жекеменшік институты мен келісім шарттық қатынастарды құрметтеу мен қорғауға, қоғамның барлық мүшелерінің бастамашылығы мен іскерлігіне негізделген экономика. 2, біз аға ұрпақты, ана мен баланы, жастарды қамқорлық пен ілтипатқа бөлейтін әлеуметтік бағдарланған қоғам, ел халқының барлық топтары тұрмысының жоғары сапасы мен алдыңғы қатарлы әлеуметтік стандарттарын қамтамасыз ететін қоғам құрудамыз 3 біз еркін, ашық әрі демократиялық қоғам орнатудамыз 4, біз дәйекті түрде саяси тежемелік пен тепе теңдіктің үйлестірілген жүйесіне негізделген құқықтық мемлекет құрып, оны нығайта береміз 5, біз барлық діндердің тең құқылығына кепілдік береміз және Қазақстанда конфессияаралық келісімді қамтамасыз етеміз.Біз исламның,басқа да әлемдік және дәстүрлі діндердің озық үрдістерін құрметтеп әрі дамыта отырып,осы заманғы зайырлы мемлекет орнатамыз 6, біз қазақ халқының саңғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз. Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениетаралық келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз. 7, біз өз елімізді халқаралық қоғамдастықтың толық құқылы және жауапты мүшесі ретінде қарастырамыз, ал мұның өзі біздің аса маңызды басымдықтарымыздың бірі. Қазақстан мұнда геосаяси тұрақтылықты және өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде маңызды міндеттер атқарып отыр. 75.Фил-ның негізгі функциялары. Фил-ның негізгі 4 функ-сы бар. 1.Экспликация-белгілі бір мәдениет н/е адамдардың тарихи-қоғамдық өмірі тұтастай негізге алатын тәжірибе формасы.Көзқарас(ұғымдар арқылы дүниенің қателігін түсіндіреді) ең басты идеяларды анықтайды;оларды мәдениет универсалийлері д.а. 2.Рационалдық фун/сы-теориялық формасы,фил.ойды,пікірді ұғымдық ж/е логикалық формаға келтіру.Келесі функ.-жүйелеу,фил.әр түрлі формадағы адамзат тәжірибесінің нәтижелерін теориялық тұрғыдан тұжырымдайды.4.Сынау-мәдениет дамуындағы қайшылықтар мен адамзат іс-әрекетіндегі пендешіліктерді сынға алу,өмірдің мәнін анықтау,пайымдау барысында қалыптасқан өзімшілдік пиғылдарды әшкерелеу,адам мен табиғат,адам мен адам арасындағы қатынастардағы ақылға сыймайтын ой мен істің табиғатын мазмұнын ашып көрсетеді. Неотомизм философиясы Неотомизм – католик шіркеуінің діни философиясы. Ол негізінен католиктер шоғырланған Италияда, Францияда, Испанияда, Бельгияда, Германияда және кейбір Латын Америкасының елдерінде кеңінен тараған. Негізін салғандар: ХIII ғ. өмір сүрген әулие Августин және Фома Аквинский. Өкілдері: Жан Маритен, Г Марсель, В Соловьев, Н Бердяев т.б. Бұл діни философияның мақсаты – адам жүрегіне жол салу. Неотомистер ғылымды жоққа шығармайды; бірақ оны дінге қарсы қоймайды. Тек ғылымдардың адамзатқа тигізіп отырған кейбір жағымсыз ықпалын сынайды. «Өйткені адамдар жаратушыны ұмытқан. Барлық қатер содан» дейді олар. Неотомизм философиясы екі жұп категорияларға негізделген: потенция (мүмкіндік) және акт (нақты іс), эссенция (мән) және экзистенция (өмір сүру). Неотомизмнің басты мәселесі үшеу – құдай, адам, адамгершілік. Жаратушы жайындағы проблемаға келсек ол былай дейді: а) қозғалысты алсақ, алғашқы күш, бірінші болып қозғалыс берген күш. ойға келеді; ә) қажеттілік пен кездейсоқтықты билейтін - құдай; б) барлық салдардың да сәйкестіктің де себебі - құдай; в) дүниеде бәрі де жарасымды жаралған, оның да себебі – құдай, жамандық пен жақсылықты жасайтын – адамдар. Бірақ құдай жамандық жасағанды жазалайды дейді. Ал, енді солай-ақ болсын делік, сонда барлық табиғи сәйкессіздікті, үйлесімдікті, ассимметрияны жасайтын кім? Өйткені ол табиғатта бар. Бұл сұрауларға неотомизм тоқталмайды. Дегенмен, қоғамдағы түрлі қайшылықтарды шешу басшыларға байланысты. Олар бағынушылардың жағдайын ойлауы керек деген де пікір айтады неотомистер. 77 Диалектикалық категориялар жүйесі Диалектика - даму процесі туралы жан-жанжақты терең мазмұнды ғылым ретінде, барлық заттар мен құбылыстардың өзара байланысты екендігі және олардың үнемі жаңғырып отыратындығы туралы ойлаудың зерттеу тәсілі. Бұл термин гректің «диалогемай» - пікір таластыру - деген сөзінен шыққан. Диалектикалық категориялар жүйесінің қалыптасуы адамның өзінің пайда болуымен, өсіп-өркендеуімен, оның санасының, ойлау жүйесінің жетілуімен тікелей байланысты. Бұл процестің түбінде еңбек белгілі. Басқаша айтқанда, категориялардың пайда болып, қалыптасуы – еңбектің, қоғамдық практиканың нәтижесі. Адамдар практикалық іс-әрекетер барысында түрлі заттар мен құбылыстарды «көзбен көріп, қолмен ұстап» дегендей, қыр-сырына үңіледі, қасиеттерін, байланыстарын, ерекшеліктерін аңғарып, көкейге ұялатады, сөйтіп барып түсініктер, категориялар есебінде түйіндейді. Сондықтан да категорияларды дүниені танып білу барысындағы баспалдақтар десек, әбден орынды болады. Алайда категориялардың мазмұны санасы мен ақылына тәуелді емес. Категориялар объективьті түрде өмір сүретін құбылыстардың өзіне тән байланыстар мен қатынастарды бейнелейді. 78 Шәкәрім философиясдағы «ұждан» ұғымы Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) шығармаларының негігі тақырыбы мораль философиясы мен мәдениет ілімін қамтыды. Батыстағы матерализм жіне идеализм тәрізді екі анықпен Шәкәрім шектелмей, өз жолы – үшінші анықпен ұсынады. Яғни, басты мәселе – ар ілімі, моралдың төңірегінде. Кәдімгі этиканы Шәкәрімнің «Ар ілімі» деп атуында да үлкен мән бар. Себебі оның негізгі категориясы, мәдениеттіліктің тірегі – ождан. Бұл категорияны түсіну үшін Шәкәрімнен үзінді келтірейін: «Әрине, жаның өлген соң тазрып, жоғарылайтынына нанған кісі қуанышта болып, жоғалуына нанған кісі өкініште болып біржола жоғалмады-ау деп өлсе керек... Жанның екі өмірде де азығы – ождан, совесть деумен еш нәрседен кемдік көрмейді» Шәкәрімнің ожданы ежелгі гректегі «каллокагатия», Канттың «кесімді императив» ұғымдарымен аттас. Ождан дегеніміз ынсап, әдәлет, мейірім. Шәкәрім өз халқының жанқияр ұлы ретінде туған мәдениетіне өлшеусіз қызмет етті. 79 Абайдың дінге көзқарасы Абай Құнанбайұлы (1845-1904) – қазақ әдебиетінде сыншыл реализмнің негізін салушы. Ол «ақынның азаматтық парызы шындықты бейнелеуде, қоғамдық кесірді әділет пен ақылдың билігіне жүгіндіруде» деп білді. Дүниетанымдық мәселеде Абай, Алтынсарин секілді деизмге жақын. Құдай - өз заңдары бойынша дамып жататынын өлшемнің алғашқы себепшісі деп түсінді. Абай дін басылары мен діни надандықты, фатализм мен екіжүзділікті атеизм тұрғысынан емес, «нағыз» дін немесе райионалдандырылған дін позициясынан сынады. Дін басыларының насихаттап жүрген соқыр сеніміне Абай ақылмен тануды қарсы қойды. Өз сөзімен айтқанда 13 қара сөзінде «алла табарака уатағаланың щәріксіз, ғайыпсыз, бірлігіне, барлығына,... хақтығына бірлән дәлел жүргізерлік болып, ақылы дәлел испат қыларға керек» Сонымен бірге көптеген өлеңдерінде, отыз сегізінші сөзінде жанөжануарларды, адамды, тіпті машина фабрикаларды алла жаратты деген тұжырым жасайды. «Мен» және «менікі» деген философиялық мәселені қарастырып, өзіндік тұжырымға келеді, яғни дене өлгенімен жан өлмейді. 80 Фил тарихдағы адам, тұлға мемлекет туралы идеялар Философия адамзат дамуының қайнарынан бастау алатын ғылым. Ол біздің заманымызға дейінгі мыңжылдықтың басында дүниеге келді.Сол кезден бастап ол үнемі даму үстінде. Адам баласының қй-өрісі кеңіген сайын философияда тереңдей түсті. Философия – дүниетанымдық, теориялық, методикалық ғылым. Философия бүкіл әлемді, оның ьасты салалары – табиғат, қоғам, адам санасын тұтас құбылыс ретінде алып, оның жалпы заңдылықтарын ашады. Философия адамдарды көкжигі кең, шаңыраіы биік дүниетанымдық көзкарастармен қаруландырып бүкіл болмысқа көзін ашады. Адамдар өздерінің ақыл-ойларының өсу дәрежесіне сәйкес өздерін табиғаттан, қоғамнан ажырата алатын, өздерінің дербес тіршілік иесі екендігін пайымдай алатын, мақсат-мүдделерінің табысқа жету-жетпеуі табиғат күштерін өз қалпында танып біліп іс жүзінде иегеру дәрежесіне тікелей тәуелдің екендігін түсінді. Конфуцийшылдардың мемлекет – үлкен отбасы, оның басшысы – халықтың әкесі десе, ал легистер мемлекет - өз алдына бір машина сияқты құбылыс, билеуші өзін ата-баба аруағына да, халықтан да, аспаннан да жоғары қоятын деспот. Мемлекеттің негізгі мақсаттары: 1. ұскақ патшалықтарды біріктіріп, Аспан асындағы (Қытай) мемлекет құру; 2. осы мемлекетке халықты бағындару. Мемлекеттегі қызмет орындары адамдардың жұмыс істеу қабілетіне қарай бөлінуі тиіс. Конфуцийшылдар мен легистердің арасындағы күрес көп жылдарға созылды. Тіпті қазірдің өзінде де саяси топтардың арасында қарсы шығушылар мен жақтаушылар да кездеселді. 82 XX ғ қазақ фил.ның даму кезеңдері. Ежелгі заманнан өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан іргелі халықтардың бірі қазақтар ғасырлар бойында жазба мәдениеті болмаса да, ауызша әдіспен өзіне тән бай рухани мұра жасай білді. Ал жазба әдебиет пайда болғаннан кейін бұл мұра өте үлкен қарқынмен дами отырып, әр қилы ерекшеліктерге толы күрделі тарихи жолдардан өтті. Қазақ философиялық ойларының қалыптасу бастаулары хронологиялық және мәндік жаңынан үш кезеңнен тұрады: 1) ру құрылысы үстем болып тұрған уақытты және соған сәйкес келетін алғы философиялық сананы қамтиды; 2) XX ғ. басына дейінгі ойшылдардың, философтардың ілімі, мұрасы мен еңбектері. Негізгі көксеген мақсаттары – әр қилы әлеуметтік топтардың мүделерін жоқтау, жақтау, көздеу немесе жою. 3) XX ғ. басынан қазіргі уақытқа дейінгі қазақ философиясының негізгі принциптері, даму жолдары, жеткен биігі мен алынбай қалған шындары. 84.Неотомизм философиядағы адам мәселесі. Неотомизм-католик шіркеуінің діни философиясы.Негізін салғандар:XIII ғасырда өмір сүрген әулие Августин және Фома Аквинский.Өкілдері:Жан Маритен,Э.Жильсон,Г.Марсель,В.Соловьев,Н.Бердяев,И.Бохенский,т.б. Бұл діни философиның мақсаты-адамдар жүрегіне жол салу.Неотомистер ғылымды жоққа шығармайды,бірақ оны дінге қарсы қоймайды.Тек ғылымдардың адамзатқа тигізіп отырған кейбір жарамсыз ықпалын сынайды.”Өйткені адамдар жаратушы Құдайды ұмытқан.Барық қатер содан”дейді олар.Неотомизм философиясы екі жұп категорияларға негізделген:потенция және акт,эссенция және эккзистенция.Неотомизмнің басты мәселесі үшеу-Құдай,адам,адамгершілік.Жаратушы жайындағы проблемаға келсек,бірінші болып қозғалыс берген күш ойға келеді;а)қозғалысты алсақ,алғашқы күш,бірінші болып қозғалыс берген күш ойға келеді;ә)қажеттілік пен кездейсоқтықты билейтін Құдай; б)барлық салдардың да,сәйкестіктің де –Құдай;в)дүниеде бәрі де жарасымды жаралған,оның себебі-Құдай,ал жамандық пн жақсылықты жасайтын-адамдар.Дегенмен,қоғамдағы түрлі қайшлықтарды шешу басшыларға байланысты.Олар бағынушылардың жағдайын ойлауы керек деген де пікір айтады. 85.Жүсіп Баласағұн философиясындағы бақытты болу Идеясы. Орта ғасырлардағы Шығыс Ренессансы аталған алтын дәуіріз Ж.Баласағұн өмірі мен шығармашылығын түсіну мүмкін емес.Қараханидтер дәуіріндегі мәдени қоғамдық жағдайдың өзгеруі түркі халықтарының арасынан ағартушы ғалымдарды, ойшыл ақындарды шығарды.Жауһари,Фараби,Ибн-Сина, Беруни секілді ойшыл ғұламалардың сан-саналы еңбектері Орта Азиялық Қайта өрлеу дәуірінің асыл маржандары болып саналатын Махмұт Қашқаридың”Түркі тілдерінің сөздігі”,Ж.Баласағұнның “Құтадғу білігі”,”А.Иассауидың ”Диуани Хикметі” сияқты жәдігерлердің пайда болуына белгілі бір дәрежеде ықпал етті.Араб-парсылармен қатар түркі халықтарының өкілдері де Шығыс мәденитінің өркендеуіне өз үлестерін қосты.Өткен замандардың әйгілі мәдени ескерткіштері адамзаттың рухани дүниесінің түзілген мөлдір қабатына жатады.Қазіргі дәуірде адамзат қауымы жылдар бойы жинақталған тәжрибені мүмкіндігінше толық игеруге ұмтылып, оны бөлшектеуге,қиратуға бағытталған күштерге қарсы күрес жүргізуде.Кезінде біздің ата-бабаларымыз да біз секілді “Бақыт деген не?” ”Адамгершілік,адалдық,әділдік,даналық,әділдік, даналық, деген не? ”деген мәңгілік сұрауларға жауап іздеген болатын.Солардың бірі”Құтты білік”поэмасының авторы Ж.Баласағұн еді.Ол-XI ғасырдың аса көрнекті ақыны,есімі бүкіл Шығыс елдеріне мәлім данышпан ойшыл,философ, энциклопедист ғалым,бегілі қоғам қайраткері.Ол-философия, табиғаттану,математика,астрономия,тарих,араб-парсы тіл білімі,т.б.ғылым салаларын жетік меңгерген ғұлама ғалым.Оның есімін әлемге танытқан “Құтты білік” кітабы-сол замандағы ресми әдебиет тілі болып саналған араб тілінде емес,түрік халықтарының тілінде жазылған алғашқы энциклопедиялық еңбек.Сондықтантан да кез келген аймақ өз тарихына үңіліп,ондағы бірші держағдайда ғана халық бақытқа кенеледі.Бектің бақыты-халықтың бақыттылығында.Бақыт жеке басқа тән ұғым емес.Ол-халықтық сипаттық ұғым,өз халқын бақытқа жеткізген билеуші ғана бақытты болмақ. ”Құтты білік” мазмұны осы. Үштік қағида да көп қолданылады. Мемлекеттің, негізгі үш нрседен-халықтың, қазынадан, әскерден тұрады.Халықтың өзі үш буыннан-байлардан, орталардан, кедейлерден тұрады.Бекің мақсаты-кедейлерді ортаға,ортаны байға жеткізу.Күнтуды Елік адамдардың үш түрін қоштап,қолпаштап отыруы тиіс.Олар-алып,жүрегі құрыш, ер кісілер,екінші-елші ғалым,даналар,үшінші-хатшы. 86.Ұлттық сана және мәдениет Ұлттық сана дегеніміз әрбір ұлттың өзін—өзі түсінуі, біз осы кімбіз, қашан пайда болдық, тағдырымыз, тіліміз, діліміз(менталитетіміз), мәдениетіміз қандай деген сұрақтарға жауап іздеуі, соны ойлап толғануы. ΧΙΧ ғасырдың аяғында (1886 жылы) жазған өлеңінде, басқа да қара сөздерінде Абай халқымыздың жағымсыз қылықтары мен ескі әдеттеріне ренжіп, бүйте берсек, дүниеде не болып жатқанынан хабарсыз, барлық елдердің артында мақрұм қаламыз дей келіп, оның кемістерін жасырмай бетіне басып, қалың қазақ елінің надандықтан айырылмағанына қынжылып, оның жанына, намысына тиіп, халқымыздың сана—сезімін оятпақ болған еді. Мәдениет—философиялық ой-толғамның аса маңызды, терең теориялық мәнді ұғымдарының бірі. Мәдениет негізі –еңбек. Еңбек неғұрлым күрделі болған сайын, мәдениет те жаңа сипат алып отырады. Адам дамуы мәдениетке байланысты. Тек осы өзара тәуелділікті анықтай алғанда ғана мәдениеттің адамзат тарихында, адам өмірінде алатын орнын түсінуге болады. Мәдениеттің мазмұндылығы рухани арақатынастан айқын көрінеді,өйткені адам санасының мәдени-тарихы түрінің негізі философиялық дүниетаным болып табылады. Философия мәдениетті сипаттайды және оны сын көзбен бағалап мәдениет дамуының методологиялық негізін қамтамасыз етеді. Философия мен мәдениеттің арақатынасы қоғамның рухани өмірінде орын алатын келелі, күрделі құбылыс. 87.Фрейд фил.дағы “сублимация” ұғымы. ХХ ғасырда пайда болған ақылды еместіктің бір өкілі австриялық физио-психолог З.Фрейд. Ол философияда психоанализ (Psyhe-жан, Analycis-шешім) ілімін негізін салды. Ол адам психологиясының үш түпнегізін қарастырады: МЕН(эго), ЖОҒАРЫ МЕН(супер эго), ОЛ(ид). Фрейдтің басты идеясы жеке адамның “психосексуалдық дамуы ” жөнінде. Яғни бұл теория бойынша, бейсаналықтың негізін сексуалдық инстинктер қалайды. Сексуалдық инстинктер жалпы инстинктермен байланысты сублимация (басып жаныштау) және комплекс (жинақ) ұғымдарымен айқындалады. Сублимация дегеніміз – дейді Фрейд, - тежелген “жасынған” сексуалдық инстинктің бейсексуалды ( әдеби шығармашылық, саяси және қоғамдық іс әрекеттер т.б.) іс әрекеттер түріне ауысуы. Қазіргі кезең мен мәдениеттің болашағын болжай отырып, ол неврозды алып тастау үшін мәдени суперэгоның рационалдық парадигмасы арқылы сексуалдық қанағаттану дәрежесін кеңейту қажет деген ұсыныс айтады. Фрейдтің еңбектері:Түс көруді жору(түс–ұғынылмаған құштарлық көрінісі), Күнделік өмірдің психопатологиясы (бейсаналылықтың әр түрлі формаларын талдайды), Психоанализге кіріспе (адам менталдығы топографиясын жасап шығарады), Мәдениетке наразылық (мәдениет пен өркениет мәселелерін сынайды). 88. А.Иассауидің сопылық философиясы Ахмет Иассауи–ΧΙΙ ғасырда көне түркі тілінде жазылған Диуани Хикмет (Даналық кітабы) кітабының авторы.Бұл өмірдің азабын көп көрген Қожа Ахмет аскетизмге бет алып,тағдырға сенуді уағыздайды, содан дүние қызығынан безіп, тәркі дүниеге салынады. О дүниенің мәңгілігін уағыздайды. Мұсылмандық ішінде ұстамдылық және аскетизмді уағыздап,сопылық ілімін ұстанады. Сопылық мұсылман дінінің бір түрі ретінде ведтік үнді философиясының, еуропалық гностицизм, гректік жаңа платонизм, зороастризм, христиандық мистицизм және басқалардың кейбір жақтарын иеленеді. Сопылықта басты қағида — болмыс тұтастығы. Ол үш деңгейде көрінеді:абсолют, аттар және феноменалдық дүние. Иассауидің басты көздеген мақсаты–құдаймен табысу, оның бейнесін көру. Құдайды тану сопылар үшін бүкіл өмірінің мәні болып табылады. Иассауи былай дейді: “Кімде–кім құдайды есіне алса, ол онымен өзінің табысқанын көре алады”.Иассауи суфизмнің ең биік шыңы—оның пайғамбар жасына келгенде, менің пайғамбардан артық өмір сүруім мүмкін емес деп жер астында қазылған жеке бөлмеде қалған өмірін өткізуі еді. Ол “Мұхаммедті жаратылыстан тыс адам ретінде көрсетіп, оны құдай қатарына қосты”. Иассауи іліміндегі адамгершілік ойлары дін арқылы түсіндіріледі. Жақсылық пен жамандық, әділеттік пен әділетсіздік, адамның жақсы және жаман іс–әрекеттері оның құдайға сенуіне байланысты болады. 89.Номинализм және реализм Ортағасырлық теологиялық философияда (схоластикада) екі қарама–қарсы бағыт –номинализм мен реализм ерекшеленеді. Реализмді қолдаушылар жалпы ұғымдар(универсалиялар) адамдардың ақыл–ойы санасынан тыс және тәуелсіз өмір сүреді деп есептейді.Ұғым пайда болды кейін ғана зат жасалды. Демек құдай туралы ой болса, ол бар деген сөз. Көрнекті өкілдері: Ансельм Кентерберейский, Фома Аквинский, Алберт Великий Номинализмді қолдаушылар жалпы ұғымдар адам санасынан тыс өмір сүре алмайды, олар тек заттар мен құбылыстардың аттары ғана дейді. Ұғымдар заттардан кейін пайда болады, заттар тәжірбие кезінде пайда болады.Мысалы: “жалпы адам” өмірде болмайды, өмір сүретін нақтылы тірі адам. Көрнекті өкілдері: Дунс Скот, Уильям Оккам, Росцелин, Пьер Абеляр. 90.Қазақ фил.дағы өмір мен өлім мәселесі VΙΙΙ ғасырда Сыр бойында өмір сүрген Қорқыт Ата өзінің философиялық толғамарында өмір мен өлім мәселесін көтерді. Мәңгі өлмеудің жолын қиялмен іздестіреді. Аңыз бойынша,ол ақ түйеге мініп, дүниенің төрт бұрышын кезеді. Бірақ қайда барса да, алдынан қазылып жатқан көр кездеседі. Кімге ? деген сұрағына Қорқыттың көрі деген жауап алады. Содан, өлімнен қашып құтылуға болмайды деп шешеді. Қорқыт Ата поэма, күйлер шығарып, оны қобызбен орындайтын болады.Оның шығармаларын Қорқыт ата кітабы деп атайды. Сөйтіп Қорқыт ата өз шығармалары арқылы мәңгі өмір сүруге болатынын түйіндейді. ΧVғасырда өмір сүрген Шалкиіз жырау дүниеде тұрақты,мәңгілік ештеңе жоқ дейді.Өмір қысқа екен, бұл жалған басы жұмыр пенденің бәрінен де өтеді екен, демек аз ғұмырды дүниедегі бар қызықты тегіс көріп думандатып өткізу керек дейді. |