ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение Как определить диапазон голоса - ваш вокал
Игровые автоматы с быстрым выводом Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими Целительная привычка Как самому избавиться от обидчивости Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам Тренинг уверенности в себе Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком" Натюрморт и его изобразительные возможности Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д. Как научиться брать на себя ответственность Зачем нужны границы в отношениях с детьми? Световозвращающие элементы на детской одежде Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия Как слышать голос Бога Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ) Глава 3. Завет мужчины с женщиной 
Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д. Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу. Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар. | Экзистенциализм фил.сы адам туралы. Экзистенциализм жеке адамдар «басқаларға» (қоғамдық қатынастарға) салыстырмалы түрде тәуелді екенін мойындайды. Жалпы алғанда «басқалардың» адамдарды ажыратып, дау-жанжал тудыратындығына қарамастан олар өзара байланысқа түседі. Бұл байланыс «басқалармен өмір сүру коммуникациясы» деп аталады. Адамдар өзара байланысқа ұмтылу коммуникация алдындағы үреймен, оның мүмкіндігіне шүбаланумен т.б. сөзіз ұласады. Мұндай жағдайда адамдар нағыз «экзистенциалды» еркін тұлға бола алмайды. Еркін тұлға болу үшін, ол қоршаған сыртқы әлемнің және іштегі сыртқы әлемнің әсерінен құтылып, өзіне өзінің мен іс-әрекетінің себептерін айқындауы керек. Басқаша айтқанда, бостандық дегеніміз сырттың әсерінсіз еркін тандау. Бостандықтың тағы бір көрінісі ол – жауапкершілік. Туғаннан еркін болуға жаралған адам, бүкіл әлемнің ауыртпалығын өз мойнына көтереді, ол жалпы әлем үшін де, болмыс тәсілі ретіндегі өз үшін де жауапты.(Стартр). Экзистенциалистер болмысқа қарама-қарсы «иемдену» ұғымын да қарастырды. Ал, адамды меншіктің, заттардың езіп жаншуынан қалай құтқаруға болады? Бұл сұраққа Марсель қарама қайшылықтың қайнар көзі адамның өз табиғатында дей келіп, одан шығу жолы – сүйіспеншілікте, қайырымдылықта, «құрбандықта», иеленуді болмыс деңгейіне көтеретін дінде, өнерде және философияда жатыр деп есептейді. Жалпы адамзат білмегендіктен қорлық көріп отырған жоқ, керісінше, көп білгендіктен қасірет шегіп отыр. Позитивизм философиясы. Негізгі позитивизм-«дұрыс пікір» деп аталатын ұғым болып дүниеге келеді, оның бастамасын салған Огюст Конт (1798-1857) және Джон Стюарт Милль, Герберт Спенсер. Бұл философияның арғы түбі Д-Юм мен И.Кантқа тіреледі. Олардың мақсаты- ғалымдарды толып жатқан алдын ораған бос ойлардан, былайша айтқанда философиядан азат ету. Олардың пікірінше, әрбір ғылым - өз алдына философия. Сол ғылымдарды зерттеу қажет. Былайша айтқанда әрбір ғылымда пайдалы да, пайдасыз да ойлар болады. Мақсат-дейді позитивистер,-солардын тек дұрысын, пайдалысын қабылдап пайдасызынан, күнделікті тіршіліктен тыс ойлардан арылу. Ондағы мақсаты-француз революция-сының теориялық негізі болған. ХVIII ғасырдағы француз философиясынан бас тарту. Олай, болса, позитивизм-идеалистік философия, оның ішінде субъективтік идеализм. Сөйтіп, революция арқылы үстемдікке қолы жеткен буржуазия бұрын материализм, ғылым үшін күрескен болса, енді одан бас тартып, идеализмге біржолата ден қойды. Оның эволюциясы бір ғасыр ішінде үш кезеңнен өтті. Бірінші кезеңі-позитивизм, екіншісі кезеңі-эмпирио-критицизм, үшінші кезеңі-неопозитивизм немесе логикалық позитивизм. Себептері алдымен позитивизмнің пайда болуына кері әсер еткен—Гегель диалектикасының дүниеге келуі. Буржуазия идеологтары содан қауіптенді. Диалектикалық метофизиканы механикалық материализм деп, кемшіліктерін айқын көрсетті. 47) Ибн-Сина фил.дағы құдай эманациясы идеясы. Ибн-Сина (980-1037)дүниетанымының қалыптасуына философ әрі жаратылыстану ғылымдарының озық үлгілі білгірі ретінде араб мұсылман әлемінде танымал болуына Аль-Кинди мен Әл-Фараби философиясының тікелей ықпал тигізгені белгілі. Европалықтарға Авиценна деген атпен белгілі болған ол. Орта Азияда, Бұқара қаласының маңында дүниеге келеді. Иран мемлекетіндегі Исфакан атты қалада философия және медицина саласы бойынша дәріс алып өз білімін жетілдіреді. Ибн-Сина жан-жақты терең білімді, философ, дәрігер, ақын әрі саяси қайраткер болған екен. Ол жүзден аса ғылыми кітаптар жазыпты. Олардың ішінде ең әлемге танымал болған атағын Шығыс пен БАтысқа танытқан «Сауығу кітабы» деп аталатын медицина жайлы жазған кітабы. Ол ғасырлар бойы Шығыс және Батыс дәрігерлері үшін баға жетпес білім көзіне айналған еді. Ибн-Синаның философиялық шығармасы он сегіз бөлімнен тұратын «Сауығу кітабы» логиканы, физиканы, математиканы және философияны қамтыған. Арабтар әлемінде Ибн-Синаның аты құрметпен аталатын еді. Оны біресе «Философтар патшасы» деп атаса, біресе «Дәрігерлер атасы» деп дәріптеген. Философияда Фараби бағытын жалғастырғанымен Ибн-Сина араб перапатетизмнің негізін қалаушы болды. Оның болмыс туралы ілімі материяна мәңгі жаратылыстан тыс құбылыс ретінде қарастырды. Алайда бұл қағида діни көзқарастармен байланыстыруға мәжбүр болған. Мысалы, ол құдайдың бар екендігіне шүбә келтірмейді. Дүние шындықтың мүмкіндігі ғана. Ол уақыттан тысқары құдайдың жағдай туғызуына байланысты шындыққа айналады. Адамның рухын Ибн-Сина дененің бейзаттық формасы ретінде қарастырады. Денелердің қайта тірілуі мүмкін емес дейді Ибн-Сина жалпы ұғымдар (универсалиялар) мәселесің ете қызық түрде шешкен. Оның ілімі бойынша жалпы ұғымдар үш ұдай өмір сүреді.: 1) заттарға дейін, құдүреттің ақыл-ойында; 2) заттың өзінде, себебі ол сол заттың мәні ; 3) заттан кейін адамдардың санасында. Таным теориясында Ибн-Сина Әл-Фарабидің жолын қуып оны одан әрі дамытуға ат салысады. Дегенмен оның кейбір мистикалық тұжырымдарға бай негізгі тәсілдерінің бірі ретінде ол құдай шапағатын мойындап ұсынады. , Ибн-Сина философиясы Аристотельді исламның негізгі қағидаларымен ұштастыра отырып, оларды өзара ынтымақтастырмақ болған ілім. Ол Әл-Фарабиден кейінгі философия тарихында өзіндік із қалдырған араб тілді мұсылман философиясының ең ірі өкілдерінің бірі деп білеміз. 48. Көшпенді мәдениеттің дүниетанымға әсері. Көшпелілірдің отырықшыларға қарағанда ерекшеліктері б/ды. Ал жалпы алғанда, олардың мәдени дәрежесі, өркениеттілігі көп жағынан жоғары б/ды.1) көшпелілерде жазу мәдениетті өте ерте дүниеге келгенмен, кейін түрлі себептерден ол ұмтылып, ауыз әдебиеті кең тарады, осылардың бәрі халықтың өмірін жеңілдетуге, адамгершілік тәрбелеуге қызмет етті. 2) Көшпелілерде қол өнер дамып, халыққа қызмет етті. Соның нәтижесінде қол тоқу, киіз басу, киім-кешек, ер тоқым жасау дамыды. Қол өнерінің ең биік шыңы- қазақтың 4, 6, 8, 10, 12, 16 қанатты киіз үйі мен оның жасауы: кереге, уық, шаңырақ туырлық, есік, бесік т.т 3) қазақ арасында алтын, күмістен білезк, сақина, шашбау, сырға, ілмешек, алқа жасайтын зергерлер б/ды. 4) көшпелілер ішінде түрлі емшілер, сынықшылар б/ды.5) көшпелілердің бай, гуманистік әдеп- ғұрпы, салт- санасы, той- томалақтары, сауықтары кең тарады. 6) көшпелілердің әрбір айтылған сөзге мән берген, сыпайы сөйлегенді ұнатқан. Бейпіл сөйлеген, дөрекі мінез көрсеткен адамды көргенсіз деп сөккен, былайша айтқанда, көргені жоқ деген мағынада. 7) қыздардың биязылығын, ұлдардың тілалғыш, үлкенді сыйлайтын әдептілігін қолдаған. Үлкен кісі кез келген жас өспірімнен «кімнің баласысың?» деп сұраған. Оған үлкен мән берген. Бала жақсы әкесі, баласын дұрыс тәрбелемеген деп ұйғарған. Бұл айтылған көшпелі қазақ халқының мәдениеті бай, өркениеті жоғары болғанын байқатады. Қазақтар әйелдерді қыспақта ұстамаған, жиындарға қатыстырған. Өркениет қашанда адамгершілік деген ұғымға жақын келеді. 49) «өмір философиясы» өкілдерінің көзқарасы XIX ғасырдың үшінші ширегінде пайда болған «өмір философиясының» (Ницше, В.Дильтей, А.Бергсон) ықпалымен 20 жылдары М.Шелер (1874-1928ж.) мен О.Шпенглер(1880-1936ж.). негізгі еңбектері: «себептілік және тағдыр», «Европаның құлдырауы» және басқалардың ілімдерінің арқасында қазіргі иррационалдық (ақыл жетпейтін) философиялық ағым пайда болады. Иррационалистердің пікірінше, материя сияқты «қатты денелерге» және дерексіз ұғымдарға сүйенген рационалды (ақыл-ой) таным өзгермелі, нақты, тұрақсыз жеке «өмірді» танып-білудің бірден-бір қайнар көзі – инстинкт, интуиция, сезім. Таным субъектісіне адам жаратылған, одан тыс көптеген заттар әлемі қарсы тұрады. Олардың әрқайсысы өздеріне тән заңдылықтарға ие, ал бұл заңдылықтар олардың өмір сүру және бейнелеу сияқты эмпирикалық заңдылықтарынан жоғары тұрады. Осы тұрғыдан алғанда философия ауқымы жағынан кең мәнділікті ғана қарастыратын өте жоғары сатыда тұратын ғылым (М.Шелер). Қоғамдық процестердің дамуы ирроционалдық «өміретгані», «опат болуды күту» т.с.с. күштермен бағытталады. Мысалы, Батыс мәдениеті өркениеттің белгілі бір сатысында, өзінің жойылуына аяқ басты. Бұл қозғалыс тыныштықсыз, зорлықпен, тасқын сияқты қатты екпінмен, өзінің соңғы сөресіне ойланбастан, мүмкін ойлануға қорқып жақындап келеді.( Ницше) 50.Философия тарихындағы «сана» ұғымы. Ф/я бүкіл тарихында ойлауды тек саналы қызмет деп қарағандықтан, ол туралы көптеген кнцепциялар туды. Олардың көпшілігі күнделікті тәжірибеде тұған сана, саналық хақындағы пікірлерге ғана сүйенеді. Соңғы ғасырларда ғана сананың рефлексикалық табиғаты жөнінде айтыла бастаған. Рефлексика бұрын айтқанымыздай сыртқы дүниеге қатынастың субъектіге қайта оралуы, яғни сыртқы дүние арқылы субъектінің өзінің өзіне қатынасы. Сана да осындай қатынас. Сонда адам сыртқы нәрселер жайында ғана ойланбайды, солармен бірге ж/е соларға байланысты ол өзіне де, өзінің сол қатынасын да көреді, сезінеді, біледі.Сана адам миына байланысты пайды б/ды, ал ми – оның мекені. Сана- адам миы қызметінің жемісі, нәтижесі. Діни – идалистік түсініктер б/ша сана деген қайдағы бір материалдың емес субстанция- «жанның көрінісі, ол (субстанция) жалпы алғанда материяға атап айтқанда, адам миына тәуелсіз дербес өмір сүре алатын өлмейтін, мәңгі нәрсе болып табылады. Түрлі идеалистік көзқарастарға қарама- қарсы материализм сана- адам миының функциясы, оның шындықты белсенді де мақсатты түрде бейнелеуінде деген қағиданы негізге алып келді ж/е негізге ала бермек. Сонымен қатар сана проблемасы материалистік тұрғыдан пайымдаушы философтар мен психологтар үшін де өте қиын проблема б/ды. К.Маркс «сана өмір сүру тәсіл, ол- білім. Сана бірдеңені қаншалықты білсе, бірдеңе де сана үшін саналық п. б/ды. Марксизмнің айтуы б/ша адам маймылдан жаратылды. Ол 4 формадан тұрады.1) тіл 2) тік жүру 3) ойлау 4)қауым 51.Постпозитивизм философиясының пәні туралы Постпозитивизм философиясы ғылымның дайын шешімдерін, ғылыми мәнді зерттейді. Оның екі бағыты бар: критикалық рационализм және тарихи-социологиялық позитивизм. Критикалық рационализмнің негізін салушы Карл Поппер (1902-1994). «Логика және ғылыми білімнің өсуі». Оның басты мақсаты: ғылыми білімді метафизикалық ғылыми емес білімнен бөлу. Тарихи социологиялық позитивизмнің өкілі Томас Кун (1922). «Ғылыми революцияның құрылысы». Методологияға емес ғылым тарихына жақын. ХХ ғасырда барлық елдерге тән экономикалық, саяси-әлеуметтік, рухани өзгерістерге байланысты қоғамдық өмірдің күрделенуі, ғылыми-техникалық және технологиялық революцияның одан әрі тереңдеп өрістеуі, әмбебаптық проблемалардың шиеленісуі, көптеген социолистік елдерде тоталитарлық режимдардың қалыптасып қирауы, бірінші және екінші соғыстардың салдары, т.б. осылар сияқты маңызды оқиғалар, жалпыадамзаттық өркениеттің, мәдениеттің және адамдар тағдырының бүгінгісі мен болашағы туралы бұрыннан қалыптасқан концепцияларын басқа методологиялық қағидалар негізінде қайта қарап, кей жағдайда түбегейлі өзгерген философиялық ой төңірегінде қалыптасқан жүздеген философиялық ағымдар мен мектептер дүниеге келді. 52.Ш. Уәлихановтың әлеуметтік көзқарастары Қазақ ағартушыларының негізін салушы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1866) – демократиялық ұлттық мәдениетіміздің көрнекті өкілі. Энциклопедист-ғалым, шығыстанушы, саяхатшы, публицист және қоғам қайраткері Шоқан Уәлиханов өз бойында шын мәнінде еуропалық білімділік пен шығыс халықтарының мәдениеті жайлы түсінікті үйлестірді және қысқа ғұмырында мол да жан жақты шығармашылық мұра қалдырды. Уәлиханов шығармашылығын 1) қалыптасу кезеңі (1855-1859 жылдар аралығы) және 2) кемелдену кезеңі (1859-1865) деп екіге бөлуге болады. Петербордан басталатын қызықты да мазмұнды соңғы кезеңі Шоқанның туған жерге қайтып оралғаннан - өмірінің соңына дейінгі жылдарды қамтыды. Омбыда кадет корпусын бітірген Шоқан өзінің 30 жылдық аз өмірінің ішінде этнография, Қазақстан және Орта Азия тарихы мен мәдениеті саласында еңбектер қалдырған ғалым, ағартушы-демократ Шоқан тікелей философиялық мәселелер жөнінде еңбектер жазбаған, алайда, көптеген шығармаларынан философиялық пікірлері мен тұжырымдарын байқауға болады. Ол «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы», «Даладағы мұсылмандық жөнінде», «Тәңір(Құдай)» деген еңбектерінде философияның негізгі мәселесіне қатысты пікірлер айтады. Ең алдымен, Ш. Уәлихановтың сыртқы дүниенің адам санасынан тыс өмір сүретіндігіне шек келтірмейтіндігін айту керек. 53.Адамзат тарихына формациялық ж/е өркениеттік көзқарастар ерекшелігі. 54.Ф.Ницше фил.дағы әлеуметтік мәселелер Шопенгауердің жігер туралы ілімін немістің жігер,, т.б.Ницшенің пікірінше,өркениет пен мәдениетте құлдырау процесі басталды.Бұған кінәлі тек буржуазиялық қоғам ғана емес,жалпы қоғамтану ілімінің қоғамда болып жатқан құбылыстарды дұрыс түсіндіре алмауы деп пайымдады.Осы тұрғыда,Н. өз концепциясының негізі етіп Дарвиннің ,,Өмір деген күрес,, заңын алды. Бұл идеяны ары қарай дамыта отырып, Н. өмір дегеніміз күрес арқылы билікке ұмтылу деген тұжырым жасады. Оның ойынша өмірдің қиыншылықтарына, соқпақтарына қарсы тұра алатындай «аса күшті адамдар» басқалардың тәрбиесімен немесе өзін-өзі тәрбиелеу арқылы емес, өзінде туғаннан бар өмірлік күштің арқасында қалыптасады. Оларды тобырлардан ерекшелейтін қасиеттер – алғырлық, жан-жақты дамыған әдемілік және билікке ұмтылдыратын өмірлік күш пен жоғары дәрежелі жігер. Осы тұрғыдан Н. «құлдық мораль» негізінде қалыптасқан дінді де, «жалған» моралді уағыздайтын буржуазияны да, барлық игілікті және құндылықтарды құртатын тобырды да сынға алып, жалпы адамзаттың мақсаты, қоғамның ұлы адамдары – «аса күшті адамдарды» дүниеге келтіру болып табылады деген тұжырым жасайды. Н-нің идеялары кейінгі кездері саяси ойлар мен практикаға үлкен әсер етті. 55.Кун-фу-цзы философиясының ерекшеліктері Конфуцзийшылдық-бұл философиялық ағымның пайда болуы және қалыптасуы,осы ағымның негізін қалаушы Кун-Фу-Цзы,оның ізбасарлары Мен-цзы және Сюнь-Цзыдың есімдерімен тығыз байланысты..К-дың негізгі қарастыратын мәселесі-адамдар арасындағы қатынас,тәрбие мәселелері.Соған байланысты ол мынадай ұғымдарға көп көңіл бөледі.Олар:»Тең орта»,»Адамгершілік» және «өзара сүйіспеншілік».Кон-Фу-Цзы философиясының пайымдауынша,осы үш ұғым бірігіп,»Дао»құрайды.Әр адам осы Даоның жолымен өмір сүруі қажет. »Тең орта»-адамдардың сабырсыздық пен сақтықтың арасындағы іс-әрекеті.өмірде мұндай ортаны ұстап,іс-әрекет жасау оңай емес,себебі адам-ң көпшілігі сабырсыздық көрсетсе,бір тобы тым сақ келеді.Ал «адамгершіліктің» негізі –«жень»-ата-анасын құрметтеу және үлкен ағаларын сыйлау.Кімде кім шын жүректен адамгершілікке ұмтылса,ол еш уақытта жамандық жасамайды.Ал өзара сүйіспеншілік арқылы қарым-қатынас,конфуцзишылдық әдептглік туралы ілімнің негізгі өзекті ұғымы..Аталған әдептілік қағидаларын «Текті адамдар» ғана басшылыққа алып,іс-әрекет жасайды.К. философиясының ерекшелігінің бірі- барлық нәрсе өзгерісте болады,уақыт тоқтамай өтіп жатады десе де,қоғамдық өмірге келгенде,ондағы қалыптасқан жағдайлар қаз-қалпында дамуы керек. 56.Қоғамдық сана және формалары Сананың түрлері көп.Ол жеке адамныың санасы және қоғамдық,қарапайым және теориялық,ғылыми және ғылымға қарсы,прогресшіл және кері тартпа сана болып бөлінеді.Қоғамдық сана – көпшіліктің рухани құралына айналған сана,мәселен,қанатты сөздер,мақал-мәтелдер, т.б. Олай болу үшін сана көптеген адамның ойын,мақсатын, мұңын, қуанышын бірдей бейнелейтін болуы керек.Ондай сананы қоғамдық сана дейді. Ғылым мен мәдениет қоғамдық сананың барлық түрлеріне өз әсерін тигізеді,өздері де олардың әсерін қабылдай отырып дамиды.Өйткені қоғамдық сана тқрлерінің бір-біріне әсер етуі – заңды құбылыс.Ғылым қоғамдық сананың барлық түрлеріне әсер етеді.Осыған орай қоғамдық сананың мынадай формалары бар:саяси сана,құқылық сана,моральдік сана, эстетикалық сана,дін және атеистік сана. 57.Ақын – жыраулар фил.дағы “өмір” мәселесі. Қазақ ақын – жырауларының дүниетанымы,философиялық даналық ойлары төл философиямыздың қалыптасуына рухани негіз бола алады. Көптеген ақын – жыраулар өмір туралы өз ойларын айтып кеткен.Соның ішінде Шалкиіз жырау өмір туралы былай деген:Дүниеде тұрақты,мәңгілік ештеңе де жоқ дейді жырау.Өмір қысқа екен,бұл жалған басы жұмыр пенденің бәрінен де өтедіекен,демек,осы аз ғұмырды дүниедегі бар қызықты тегіс көріп думандатып өткізу керек деп,жырау өмір мәселесі жайында философиялық толғаныстар жасайды.Жырау өмірдің бар қызығы,бақыты, қуанышы о дүниеде емес,адамның бар бақыты бұл дүниеде екендігін айтып өтеді. |