МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

Артур Шопенгауэр философиясы.





А.Шопенгауэр (1788-1860). Данцинг қаласында бай саудагердің отбасында дүниеге келеді. Геттинген мен Берлин қалаларында ф/қ білім алады. Негізгі еңбегі «Дүние ерік пен елестету ретінде» деген атпен 1844 ж. Жарық көреді. Берлин университетінде 1819 ж. Оқыған лекциялары ешкімді қызықтырмайды. Сондықтан ол өмір бойы әкесінен қалған капиталдың жылдық пайыздырын жұмсап, өз замандастарынан оқшау да жалғызілікті өмір сүреді. Омірінің соңғы 10 жылында ол даңқтың шапағатына да ие б/ды. Бірақ нағыз атақтылық оған ХХ ғ келеді. Шопенгаэрдің ойынша, Дунинің негізінде өмір сүруге деген бітпейтін іңкәрі бар Әлемдік Ерік жатыр. Сонымен материя, табиғат заты атом, сана, рух, т.с.с бұрынғыфилософтар жатқызған дүниенің негіздерін ысырып тастап, ойшыл «ерік» ұғымын дүниені түсінудегі негізгі категорияға айналдырады. Бұл ұғымның тарихына көз жүгіртсек, көне заманда «сана» мен ерік категориялары әлі бір бірінен бөлініп алынған жоқ-ты.Сонымен Шопенгаурдың ойынша Дүниенің негізінде жатқан Ерік- ол біреу ж/е одан басқа еш нарсе жоқ, бірақ ол өзінің өмірдегі құбылуында шексіз сан алуан болып көрінеді. Ол- өзінің толық еркімен теңелетін бейтұлғалық орасан зор құдіретті күш. Ол бейсаналы болғаннан кейін, өзінің мәңгілік қалыптасу, мақсат- мұратсыз өмірге ынтық болу барысында неше түрлі залымдықты тудыруы мүмкін. Әлемдік еріктің ешқандай себебі, белгілі бір негізгі болмағаннан кейін, ол ешқандай заңдылықтарға бағынбайды. Өзінің өмірде болуға деген іңкәрінің негізінде ол бүкіл дүниені тудырса да, оған ешқандай тәртіп, жоспар сияқты нәрселерді әкеле алмайды., керісінше, ол заттарды бір- бірінен бөліп, қиратып, қарсы қойып оған тағы да қанағаттанбай, өзінің шексіз ізденісін, күресін жалғастыра береді. Ол ызаға толы, не істеу керектігін білмегеннен кейін, өзін- өзі тырнап, жыртып жатқан жануарға ұқсайды. Ш. «өмір шындығын текке шығаратын ж/е адамдардың өмірлік мүдделеріне жат эстетизмді уағыздады. Ол идеалық көркем шығармашылыққа көркемдік түйсіктің мақсатсыздығын, енжар пайымдауын қарсы қойды. Ш- дің филос. Жүйесі буддизімнен алынған «нирвендақтардың»- «өмірге деген ынтаны» жоятын мүлдем енжарлықтың мистикалық мұратымен аяқталады.

35 Ақиқат,тәжірибе теориясы

Ақиқат –танымның негізгі мақсаты.Аристотель сөзінің «Метафизикасында» ақиқатты біздің қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстардың адам санасында бейнелеуі деп түсінді. Ақиқатқа жету субъект пен объект арасындағы өзара байланыс. Ақиқат өзінің мазмұны жағынан объективті. Зерттеліп отырған объект жөніндегі толық емес білімді-салыстырмалы ақиқат, ал толық және дәл білімді-абсолюттік ақиқат деп атайды.Абстрактілі ақиқат жоқ, ақиқат ылғида нақты. Қоғамдық тарихи тәжірибе-ақиқаттың бірден бір жалпы өлшемі. Ғылымның әр түрлі саласында оның көрінуі де әр түрлі. Жалпы алғанда, таным процесі, сол сияқты ақиқат және оның өлшемі,адамның тәжірибиелік қызметін үнемі өзгерісте,қозғалыста деп түсіну керек. Ақиқат теориясы мынандай қаидаларға сүйенеді: 1) ақиқат-әлеуметтік процесс2) объективті ақиқатты мойындау-абсолютті ақиқатты мойындау деген сөз 3) ақиқат барлық жағдайда нақты 4) практика-ақиқаттың жалпы өлшемі 5) ақиқатты тану –қайшылықты, күрделі диалектикалық процесс.



36 Дін және ғылым

Дін.Марксизмге дейінгі атеистер ─ XVIII ғ. Француз материалистері Гольбах, Гельвеций,Дидро т.б, дін кездейсоқ шықты, бір топ қулардың аңқау, надан адамдарды алдауъшан шықты деп түсіндірді. Сондықтан оны діннің шығуының бірден-бір себебі деп қарау міндетті түрде субъективтік идеализмге әкеліп соғады.Марксистік тарихи материализм діннің шығуын,оның мәні мен қоғамдық рөлін бірден-бір ғылыми түрғыдан түсіндіріп берді. Қоғамдық сананың басқа формалары сияқты діннің де шығу себебін адамдардың материалдық түрмыс жағдайынан іздеу керек. Атап айтқанда, дін адамдардың материалдық өндіріс дәрежесі өте төмен болған алғашқы қауымдық қоғамда шықты: өндіріс қүралдарының өте төмен дәрежеде болуы салдарынан адамдар табиғаттың дүлей күштерінің алдында мүлдем дәрменсіз болды, төуелді болды: жер сілкіну, күн күркіреу мен найзағай, су тасқыны мен дауыл, қақыраған аяз бен аспан айналып жерге түсетін аптап ыстық,қуаңшылық,түрлі ауру-кеселдер және тағы басқа табиғат қүбылыстарының сырын ол кездегі адамдар түсінбеді, оларды табиғатган, адамнан тыс түратын ғаламат күштердің салдары деп білді. Сөйтіп,адамдар оларға өз тарапынан ғаламат қасиеттер беріп,"Қүдайға" айналдырды.Феодалдық қоғамда дін қоғамдық сананың басқа барлық формаларын бағындыратын үстем форма болды. Ғылымды қуғынға салды.Ғылым.Қоғамдық сананың басқа формалары сияқты, ғылым да шындықтың адам санасында бейнеленуі. Ғылымның мәнін тусіну үшін оның шығу себептерін, шындықты бейнелендіру ерекшеліктерін және қоғам дамуындағы ролін білу қажет.Ғылым дегеніміз табиғат және қогам күбылыстары мен процестері жайындағы теория түрінде бір жүйеге келтерілген білімдер.Бірақ ғылым дегеніміз тәжірибеде тексерілген теориялық білім ғана емес. Ол сонымен қатар, жаңа білімдер алуға бағытталған қызметті де, эксперимент жүргізу базасын, түрліше прибор, аспаптар сияқты таным қүралдарын да қам-тиды. Ғылымның ерекшелігі ең алдымен оның пөнімен анықталады. Адамды қоршаған сыртқы дүние — табиғат пен қоғамның, сондай-ақ ойлаудың да объективтік заңдары бар. Ғылымның міндеті осы зандарды танып білу.

37 Ы Алтынсариннің ағартушылық идеясы

Қазақ ағартушылығының көрнекті өкілі педагог –жазушысы Ы Алтынсарин(1841-1889) Ыбырай дүниетанымы қалыптасуына туған ел халық ауыз әдебиеті прогрессивті орыс мәдениеті мен Еуропа ойшылдарының еңбектері өз әсерін тигізді. Уалиханов сияқты Алтынсарин да өз халқының артта қалушылығын жоюдың бірден-бір жолы ағартушылық деп сенді және Қазақстандағы Халық ағарту ісінің ұйымдастырылуы мен дамуына белсене араласты

Ы Алтынсарин арнайы философиялық тақырыпта еңбек жазған, дегенмен ағарту және қоғам мәселелерін талқылауға арналғаншығармаларында дүнеге көзқарастық пікірлер қалыптастырды Ыбарайдың көптеген өлеңдері мен әңгімелері оның қоршаған дүниенің санадан тыс және тәуелсіз өмір сүретіндігін мойындайтынын байқаймыз. Жаз Өзен өлеңдерінде табиғатты өзінше тамашалау ғана емес сонымен бірге оны адам санасынан тыс және тәуелсіз екендігі сезіледі. Бұл – ұлы ағартушының дүние туралы көзқарасының бір жағы екіншіден Ыбырай дүниені жаратушы құдай деп білген. Бұл ойды ол көптеген шығармаларында келтіріп отырады. Мысалы Жаратқан мұнша тасын жаббар құдай!Жаратты неше алуан жұрт бір құдайым! Деген өлең шумақтарында, Мұсылманшылдық тұтқасы ! бүкіл дүниені , жан жануарларды атай келіп Мұның бәрі де жалғыз теңдесі жоқ , ққсасы жоқ бір Құдайдың барлығына , бірлігіне хәм кеміл жаратушы халық – қадір екеніне дәлел болса керек деп тұжырымдайды. Ойды қайырып айтқанда Ыбырай қоршаған дүниенің объективті өмір сүретіндігін мойындайды сонымен бірге дүниені жаратушы Құдай деп біледі Бұдан Алтынсаринның дүниеге көзқарасы деизмге жақын екенін көреміз. Кей зерттеушілер Ыбырайды стихиялық материялист дінге қарсы болған деп айтып жүр. Нақтвы қарасақ Алтынсарин Шоқан сияқты татар және Бұқарадан келген молдалардң уағыздайтын дінің озбыр түріне қарсы болған НИ ИЛьиминскиге 1882 жылы 12 қыркүйекте жазған хатында татар және Бұқара молдадаларынан оқыған жастар өз діні жағынан толық мешеу оның есесіне мұсылман еместің бәріне өшпенділікпен қарайтын болып шығады деп көрсетеді.Мұндай дүмше молдалардың ақыл парасатты тек Мұхаммед дінінен тапқысы келетінін қатты сынайды.

38 Сцентизм және антисцентизм

ХХ ғасыр – ғылыми техникалық революция дәуірі Осы ғылымдық дамуға байланысты 2 бағыт пайда болды . Біріншісі сцентизм деп атайды(лат ғылым) ол бағыт ғылымға ғылыми тех прогресске сенеді. Ғылым адамға қызмет етеді оның өмірін жеңілдетіп жақсарьады. Бұл бағыт ХХ ғас 2 жартыснда дүниеге келді .Оған көптеген жаңа ғылымдардың жаңа техникалардық технологиялық әдістерін компьютердің т,б. Дүниеге келуі себеп болды. Екіншісі антисцентризм деп аталды.Ол ғылымғы сенбейді.Ғылыми техникалық прогресс адамға тек қиындық әкеліп зиян келтіреді, қоғамды басқарудың тотолитарлық жүйесін туғызды, ал адамдардың сансын ол қыспақта ұстайды ойлау жүйесіне шектеу салады деп есептейді. Техника адамдардың барлық іс қимылын ойын бақылайтын автоматтарды есептегіш машиналарды жасанды интелектіні дүниеге әкеледі. Осылардың бәрі адамды тірі , жанды автоматқа айландырды. Оның ерекшілік қасиеттрін сөндіреді дейді. Бірақ сол ғылыми тех прогресс капитализмге дем беріп оны тез дамытқанын айтпайды. Олардың пікірінше капитализм – мәңгі өлмейтін қоғам. Бұл – мәселенің әлеуметтік жағы. Ал мәселе басқа тұрғыдан келсек бұл екі бағыттың екуі де айтқандары шындыққа жанасады. Мәселе қай жағынан келуде ғана .Сөйтіп ирационализм сайын келгенде мистикаға жоққа сенуг де ғылыми ізденістерге де жеткізеді. Сондықтан оған сыңаржақты қарап жақтауға не даттауға болмайды.

39.Философия және саясат

Саясат дегеніміз таптар, ұлттар және мемлекеттер арасындағы қатынастарды, сондай-ақ таптардың өкімет билігі үшін жүргізетін күресін қамтитын қоғамдық қатынастар саласы.Саяси идеологияның ерекшелігі сол, ол күресуші таптардың негізгі, түпкі мүддесі — экономикалық мүддесін бейнелей отырып, олардың бір-бірімен қатынасын, мемлекетгік өкіметке деген көзқарасын, сол қоғамның сол даму сатысындағы әлеуметтік-саяси қүрылысын, басқа қоғамдар мен мемлекетгерге деген көзқарасын т.б. көрсетеді. Әрбір таптың саяси көзқарасы сол таптың мүдцесінің рухани көрінісі болып табылады. Тапсыз саяси идеология болған емес және болмайды да. Кез келген қанаушы таптың түпкі мақсаты өзі үстемдік жасап отырған кездегі экономикалық базисті сақтап, нығайта беру, демек, қаналушы таптың қарсылығын басып, қанауды күшейте түсу. Үстем таптың саяси санасының мазмүнын анықтайтын, міне, осымақсат. Мәселен, буржуазияның саяси идеологаясына капиталистік қоғамның экономикалық және саяси қатынастарын, буржуазия өкіметін нығайту идеясы тән.Қоғамда таптар жойылса, онда саяси идеология мен қүқық та жойылады. Ол кезде қүқық пен моральдық нормалардың арасында айырмашылық болмай қалады да, қоғамдағы төртіптерді орындау моральдық нормалар мен ережелер арқылы жүзеге асады. Мәселен, алғашқы қауымдық коғамда дәл солай болды.

Саяси идеология мен қүқық қоғамдык, сананың барлық формаларына күшті әсер етеді. Саяси идеология таптардьщ түпкі мақсатынын тікелей керінісі, экономиканың түйдектелген көрінісі болғандықтан, ол қоғамдық сананың барлык формаларын біріктіріп, олардың коғам дамуындағы роліне бағыт береді.

40 Ф Ницше фил.ның ирроционолистік сипаты.

(1844-1900) Шопенгауэердің жігер туралы ілімін ары қарай дамытып өзінің Билікке ұмтылған жігер деген концепциясын құрды. Негізгі еңбектері: Музыка рухынан трагедияның туындау, Билікке ұмтылған жігер, Зара туштра осылай деген т.б. Оның пікірінше өркениет пен мәдениетте құлдырау процессі басталды. Бұған кінәлі тек буржуазиялық қоғам ғана емес жалпы қоғамтану. Ілімінің қоғамда болып жатқан құб дұрыс түсіне алмауы басты себеп тердің бірі. Осы тұрғыда ол өз концепциясының негізі етіп Дарвиннің Өмір дегеніміз күрес заңын алды. Осы идеяны ары дамытып отырып осы деген тұжырым жасады. Осы өмірдің қиыншылықтарына соқпақтарына қарсы тұра алатындай АСА КҮШТІ АДАМ идеясын қалыптастыру керектігін дәлелдеуге тырысты. Тек осындай адамдар ғана өмір сүруге немесе билікке қмтылуға құқылы, сондықтан олар өздерінің жігерін тежейтін қоғамда қалыптасқан моральдық өлшемдерін мойындамай жақсылықтан да жамандықтан да аулық жүреді. Оарды тобырдан ерекшелейтін қасиеттері – алғырлық , жан жақты дамықан әдемілік, өмірлік күш пен жоғары дәрежелі жігерлік. Билікке жету, өз мақсаты мүдделерін жүзеге асыру үшін, олар қоғамдағы кездесетін адамшылдыққа, қиыншылыққа, өзіне бағытталған қастандыққа қарсы өажымас күрес жүргізулері керек. Оның ойынша абсолютті болмыс жоқ. Болмыс дегеніміз – бұрын болған сансыз қайталанған құбылыстарың мәнгілік айналымда болып қалыптасуы. Осы тұрғыдан ол Гегельдің абсолюттік идеясын аза ақыл ойын сынңа алып, адамның иррацональдық қасиеттеріне зор көңіл бөледі. Олар инстинг пен жігер. Осы қасиеттердің ең маңыздысы – жігер. Себебі ол әрі әмбебап жалпылық аболют, әрі барлық денелердің түпнегізі. Демек материалдық денелердің өмір сүруі осы түпнегіз бен абсолют жігердің арқасы. Идеялары кеиінгі кездрі саяси оилар мен практикаға үлкен әсер етті. Мысалы Гитлер Ницшенің ілімін езінің іс әрекеттерінің теориялық негізі деп есептеді.

41.Абайдың “Қара сөздері” еңбегінің мәні.

Қазақ ағартушылығында, қазақ халқының бүкіл ұлағатты мәдениеті тарихында үлкен орын алған ұлы ақын, ойшыл-демократ, сазгер Абай Құнанбайұлы (1845-1904) болды. Абай Құнанбаев өзінің аса дарындылығы, ой-өрісінің тереңдігі, халқына деген қамқорлығымен әлемге танымал болды. Абайдың дүниеге көз қарасы ойы мен қыры мол, күрделі. Оны біржақты бағалау, бір бояумен көрсету мүмкін емес. Дүние туралы пікіріне келетін болсақ,диезмге жақын дедік. 1- ден, сыртқы дүниенің санадан тыс өмір сүретіндігің қуаттайды. Мысалы, 43- қара сөзіңде адам «..көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады», - дейді. Сонымен бірге көптеген өлендеріңде, 38-і сөзіңде жан-жануарларды, адамды, тіпті машина, фабрикаларды алла жаратты деген екен. Өлендері мен қара сөздеріңе зер салып қарасақ, көптеген философиялық мәселелерді қарастырып, өзіңдік ой-пікір, тұжырым жасағанын байқаймыз. Ендеше, философияның негізгі мәселесі Абай шығармалрында кенінен талқыланды деуге болады.

42.Философия және дін.

Философия мен діннің жақындығы сол, ол екеуі дүниеге қарастың қоғамдық – тарихи формалары ретінде дүниені түсіндірудің және адамдардың санасы мен міңез құлқына ықпал жасаудың ұқсас міндеттерін шешеді. Алайда олардың бір-бірінен айырмашылықтары да орасан зор. Мындаған жылдар бойы терең діни сенімдегі адамдардың ішінде философиялық пайымдауы бар адамдардың сны болмашы ғана болды. Философиялық пайымдауға ақыл-ой бостандығы тән. Діни көзқарас үстем болған ол жылдарда өздігінше еркін пайымдау жасауға тек тиісті білімі бар, ақыл-ойы жетік, рухани жағынан табанды адамдар ғана қаблетті болды. Ал адамдардын басым көпшілігінің дүниегекөзқарасы дің мен мешіт, шіркеу тағайындаған түсініктерден, адамгершілік міңез-құлық талаптарынан тыс шыға алмады. Діни соқыр сенімге негізделген, жақсылық пен жамандық құдайдан ғана күтетін ол дүние туралы көзқараспен салыстырғанда, философия бірінші орынға бұл дүниені жіне ондағы адамның орнын білім мен ақыл-ой тұрғысынан түсіндіретін теориялық көзқарасты ұсынды. Сөйтіп, нақты бақылауға, логикалық талдау мен жалпылауға, дәлелдеу арқылы тұжырымдауға негізделген философиялық ой-пікірлер қияли мифологиялық бейнелер мен шындықты бұрмалаушы діни жалған сенімдерді біртіндеп ығыстыра берді.

43.Шәкәрім философиясы.

Абай ілімін одан әрі жалғастырған қазақтың рухани мәдениеті мен менталитетінде өшпес із қалдырған алып тұлғанын бірі – Шәкірім Құдайбердіұлы (1858-1931). Оның шығармашылығының негізгі тақырыбы мораль философиясы мен мәдениет ілімін қамтиды. Шәкәрім Абайдың немере іңісі және ұлы ақынның мұрасына сүйенген. Ол арнайы оқу орнында оқымаса да араб, парсы, орыс, шағатай тілдерін өз бетімен үйреніп, сол тілдердегі шығармалардаң дала ойшылы тұрғысынан ой қорытқан. Абай сияқты Шәкәрім де қазақ елің қалай өркениетті, мәдениетті елдер қатар қатарына қосамын деп талпынады. Оның ойынша, бұл азаматтық өтеуің басты шарты – туған елдің барлық тарихи, мәдени құндылықтарын жоғалтпай, оларды заман талабына сәйкес қолдану. Шәкәрімнің рухани ізднісіне ежелгі сақ-түрік заманнынан қалыптасқан ғарыштық дүниетаным ерекше орын алады. Тәңір, Нұр, Күн, Табиғат – ол үшін қасиетті, киелі ұғымдар.

44.Марксизмнің тарихты матералистік тұрғыдан түсіндіру принциптері.

Маркс пен Энгельс диалектиканы қоғамдық өмірді талдауға, зерттеуге қолданып, сонымен қатар матералистік дүниетанымның дәйектілікпен дамытылған біртұтас жүйесін дүниеге келтірді. Тарихты матералистік тұрғыдан түсіндіру – қоғамдық өмірдегі материалдық, рухани құбылыстарды, олардың жалпы даму заңдылықтарын зерттеудің тәсілі, философиялық негізі болып табылады. Маркске дейінгі материалистер өздерінің теориялық және таптық тар өрістілігінің арқасында материализмді қоғамдық өмірге қолдана алмады. Ал, Маркс пен Энгельс болса материяны белгілі бір түріне телімеді. Материализмді қоғамдық өмірге дәйектілікпен қолдана отырып, қоғамдық болмыстың негізінде матриалдық өндірістің жатқандығын тұжырымдаған еді. Ал оның бейнесі – қоғамдық сана болып табылады. Сөйтіп, қоғам туралы ғылыми-философиялық негізгі мәселесін шешу материализмнің ұғымдарын дайын күйенде қоғамдық дамуға атүсті тели слу болмай шықты. Қорыта айтқанда, тарихты материалистік тұрғыдан түсіну дгеніміз диалектикалық тәсілді қоғамдық өмірді зерттеу ісіне қолданғандықтың нәтижесінде пайда болатын терең әрі жан-жақты ілім. Ол барлық қоғамдық қатынастарды шешуші маңызы бар қатынастар ретінде қарастырады.

 





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.