МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

СГН медикаментозды терапиясы





Белсенді терапия, өршу үрдісінің жоюға бағытталған:

-иммунодепресанттар (кортикостероидтар- 1 мг/кг мөлшерімен 6-8 ай бойы, кейіннен біртіндеп ұстап тұрушы мөлшерге дейін төмендету – нефротикалық түрі кезінде;

цитостатиктер – гипертоникалық және аралас кезінде, стероидрезистентті түрінде (циклофосфамид 100-200 мг/тәул. 6-8 ай бойы қандағы лейкоциттер, тромбоциттер деңгейін бақылау арқылы);

селективті иммунодепрессанттар (циклоспорин А 150 мг/м, мақсатты деңгей – 80-150 нг/мл, мофетил микофенолат (Селл Септ)- 10 мг/мл, такролимус 0, 15-0,3 мг/кг әрдайым, мақсатты деңгей 8-12 нг/мл);

нефриттің үдемелі түрінде ( креатинин деңгейінің тез жоғарлауында) – ГК және цитостатиктердің үлкен мөлшерін ішке және/немесе пульс түрінде;

жасырын нефрит протеинуриямен 1 г/тәулігіне кезінде АПФ тежегіштері

Симптоматикалық терапия:

- гипотензивті препараттар – АПФ тежегіштері, кальций антагонисттері, ангиотензин II рецепторларының тежегіштері;

- ілмектік диуретиктер (фуросемид, урегит);

- ағзаға белок пен фосфордың түсуін шектеу, бүйрек жеткіліксіздігі үдеуін баяулату мақсатымен.

Диетотерапия. СГН кезіндегі диетотерапия ұзақ уақытқа есептелген, сондықтан оны тағайындағанда аурудың клиникалық түрін, оның ағымын (ремиссия немесе өршу), сатысын (компенсация немесе СБЖ дамыған) есепке алу керек. Латентті және гематуриялық түрлерінде диетадағы шектемелер минимальды болуы керек. Тамақтану физиологиялық қажеттілікке сәйкес – тәулік рационындағы белок құрамы шамамен 1 г/кг массаға, ас тұзын аса шектемеу керек (8-10 г/тәу. дейін), суды қажетінше ішеді. СГН гипертониялық түрімен ауыратын науқастар үшін тәуліктік рационында белок сол құрамда сақталады, ал ас тұзы және сұйықтық қатаң шектеу керек. Тағамдық рационға міндетті түрде С, Р витаминдеріне бай өсімдік өнімдерін қосу керек (лимон, смородина, шиповник тұнбасы), олар қан тамыр қабырғасын қатайтып, өткізгіштігін төмендетеді. Нефротикалық синдромы бар науқастарда айқын және тұрақты ісінуді қайтару үшін ас тұзын (ауыр жағдайда 1-2 г/тәу. дейін) және сұйықтықты (сұйық тамақтарды есепке алып, 600-800 мл/тәу. аспау керек) ұзақ уақытқа және қатаң шектеу керек. Қарбыз, асқабақ, қауын, жүзім, өрік, банан зәр айдағыштық әсер көрсетеді. Тәуліктік рационда белок орташа шамамен 1,5 г/кг массаға болу керек. СГН аралас түрінде диетотерапия ісінуді және гипертензияны есепке алып құрастырылады. Тағамға, егер де асқорту ағзалары жағынан қарсы көрсеткіш болмағанда, аз мөлшерде дәмдеуіш заттар немесе приправалар қосуға болады. СБЖ сатысында белокты (әсіресе жануардың) қатаң шектеу керек (40-25 г дейін).

Комплексті терапияда симптоматикалық және патогенетикалық терапия қолданылады. Гломерулонефриттің бүйректен тыс негізгі көріністерін тез жою мақсатында гипотензивті, зәр айдағыш, жүректік және т. б. дәрілік заттар тағайындалады. ЖГН кезіндегі зәр айдағыш және гипотензивті заттар қолданылады, бірақта СГН кезінде ұзағырақ қолданылады. СГН комплексті терапиясының негізгі звеносы патогенетикалық терапия-глюкокортикостероидтар, иммунодепрессанттар, қабынуға қарсы заттар, антикоагулянттар және антиагреганттар. Патогенетикалық терапияны жүргізу әдісі ЖГН-дей. Патогенетикалық медикаментозды терапия заттары және әдістері ЖГН иммундық генезіне байланысты жүргізіледі. Глюкокортикостероидты гормондарды (преднизолон, метилпреднизолон) қолдануға көрсетішке - нефротикалық синдром, ЖГН баяу ағымы, симтоматикалық терапияның әсері болмағанда. Препараттың әсерінен диурез жоғарлайды, ісіну қайтады, зәр синдромы басылады немесе толық қайтады, қан сарысуының белоктық құрамы жақсарады, гиперхолестеринемия төмендейді. Қарсы көрсеткішке айқын гипертензивті синдром жатады, өйткені олардың АҚ жоғарлататын қабілеті бар. Преднизалонның оптимальдік тәуліктік дозасы - 60-80 мг - 4-6 күн ішінде жетеді, 10-20 мг бастайды, 3-4 апта қолданады, сосын біртіндеп төмендетіп (2,5-5 мг әр 2-3 күнде), алып тастайды. Ем курсы 4-6 апта, қажет болғанда 3-6 ай сайын қайталайды. Антибиотиктер, калий препараттары, антацидтер, анаболикалық гормондар, диетада ас тұзын шектеу фонында, қарсы көрсеткіштері және мүмкін болатын асқынулары бар ма, жоқ па, инфекция ошақтарын санациялағаннан кейін жүргізеді.



Иммунодепрессанттар (имуран (азатиоприн), циклофосфамид, лейкеран) ЖГН стероидқа резистентті түрінде, глюкокортикоидтарды тағайындауға қарсы көрсеткіш болғанда, жанама әсерлер дамығанда қолданылады. Азатиоприн (имуран) 2-3 мг/кг массаға (150-200 мг/тәу.), циклофосфамид - 1,5-2 мг/кг массаға (100-150мг/ тәу.), лейкеран - 0,2 мг/кг массаға бойынша тағайындалады. Ем стационарда 4-8-10 апта бойы, сосын амбулаторияда ұстап тұрушы дозада стационардағыдан 1/2-1/3 құрайтын, 8-12 ай бойы жүргізіледі. Бұл препараттарды тағайындауға артериальды гипертензия қарсы көрсеткіш болып табылмайды. Перифериялық қан жағдайын қатаң бақылап отыру қажет, өйткені ауыр асқынулар дамуы мүмкін: анемия, лейкопения, тромбоцитопения, агранулоцитоз, панцитопения. Циклофосфамид, сонымен қатар азооспермияны, түр тұрақты және ауыр геморрагиялық циститті, алопецияны шақыруы мүмкін. Цитостатиктердің жанама әсерін төмендету үшін оларды стероидты гормондармен (преднизолон - 20-30 мг/тәу.) және лейкопоэзды күшейтетін заттармен (лейкоген, пентоксил) бірге қосарлап тағайындау ұсынылады.

Гломерулонефриттің емінде тікелей (гепарин), сирек тікелей емес (фенилин) әсерлі антикоагулянтарды қолданады. Гепаринді, әсіресе нефротикалық синдромы бар науқастарға қолданады, олар фибриндердің жиналуы шумақшаларда микроциркуляцияны төмендететін қан тамыр ішілік коагуляция жоғарлау патогенезінде үлкен роль атқарады. Гепарин диурезді жоғарлатады , нәтижесінде ісікті синдромының қайтуына көмектеседі. Гепариннің әсерінен протеинурия азаяды немесе толық жойылады, диспротеинемия және гиперхолестеринемия төмендейді. Гепариннің тәуліктік дозасы - 20 дан 40 мың БӘ. Ем курсы - 3 - 10 апта. Препаратты енгізу 2 әдісі бар:1) таңертең 10-15 мың БӘ көктамырға тамшылатып және кешке 10-15 мың БӘ бұлшықетке; 2) бұлшықетке нмесе тер астына (кіндік айналысына) 5-10 мың БӘ әр 4-6 сағат сайын. Емді тромбиндік уақытты бақылаумен жүргізеді, бастапқысымен салыстырғанда екі есеге артуы керек. Антикоагулянтты терапияны жүргізгенде қарсы көрсеткіштерін және жанама әсерлерін ескеру керек, әсіресе геморрагиялық. Бірақта глюкокортико-стероидты гормондармен емдеудің басқа да схемасы бар. Мысалы, үлкен дозалармен ұзақ уақыт емдегенде ауыр жанама әсерлер дамымас үшін үзілетін пролонгирленген ем әдісі, бұл курс аяқталған соң гормональды препараттарды ұстап тұрушы дозада (10-20 мг/тәу. преднизалон) ұзақ уақыт бойы аптасына 3 рет немесе үзіліссіз ем жалғастырылады. Глюкокортикостероидты терапия нефротикалық синдромы бар науқастарға жақсы әсер көрсетеді; латентті түрінде әсері аз, ал гипертониялық және аралас түрлерінде стероидты гормондар тағайындалмайды.

Иммунодепрессанттар (цитостатиктер) қазіргі уақытта СГН-тің гематуриялық және латентті түрлерін емдеуде қолданылмайды. СГН-нің нефротикалық, гипертониялық және аралас түрлері кезінде иммунодепрессанттарды жеке қолданғанда әсері болмайды.

Антикоагулянттық және антиагреганттық терапия, жеке немесе глюкокортикоидтармен және цитостатиктермен қосарланған, СГН нефротикалық және аралас түрлерінде, аурудың өршуі кезінде және басқа терапия түрлерінен әсер болмағанда қолданылады. СГН ауыр өршуі, қабыну үрдісінің белсенді активтілігі (жедел нефритикалық синдром), тұрақты нефротикалық синдром кездерінде және патогенетикалық терапияның әсері болмағанда глюкокортикостероидтардың және цитостатиктердің пульс-терапиясы сонымен қатар плазмаферез және гемосорбция қолданылады. Пульс-терапия кортикостероидтардың өте жоғары дозасынын преднизалонның немесе метилпреднизалонның 1000 мг натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісінде көк тамырға тамшылатып (10-20 мин ішінде) 3 күн бойы жүргізіледі.

Плазмаферез, қанды экстракорпоральды тазалау (соның ішінде иммунды комплекстерден) әдісінің бірі, 1 сеанста 1,5-2 л дейін қан плазмасын алып, орнын донорлық жаңа мұздатылған плазма немесе альбуминмен толтыру. Плазмаферезді 3-5 сеанс ғана жүргізеді, аптасына 1-2 рет кезеңдікпен. СГН комплексті терапиясында санаторлы-курорттық ем маңызды. Тер бөлінуін күшейтетін құрғақ және ыстық ауалы климаттық курорттар ағзадан хлоридтердің, азотисттық шлактардың шығуын күшейтеді, бүйректік қан ағыстың және шумақтық фильтрацияның жақсаруына, АҚ төмендеуіне, зәрлік синдромының, әсіресе протеинурияның басылуына әкеледі. Нефрологиялық профильдегі санаторияларға далалық климаттық - Туркменистандағы «Байрам-Али», Узбекистандағы «Ситораи-Махи-Хаса», ал теңіз маңы климаттық курорттарға – Қырымның оңтүстік жағасындағы «Запорожец», «Энергетик», «Киев» жатады.

СГН профилактикасы қазіргі жағдайда оның этиологиясына және жедел және созылмалы стрептококктық инфекция ошақтардың (баспа, созылмалы тонзилит, фарингит және т.б.) өршуін толық емдеуге негізделеді. Ұзақ уақыт бойы салқындаудан, әсіресе ылғалды суықтан, алдында енгізгенде аллергиялық реакция, зәрде патологиялық өзгерістер байқалған сарысуларды, дәрілік препараттарды және вакциналарды қайталап енгізуден сақтану.

Стрептококкты немесе вирусты инфекцияны басынан өткерген, ЖГН дамуына қатер туғызатын басқа да факторлардың әсерлері болған науқастарға 1 ай ішінде 10-14 күн интервалымен 2-3 рет зәрін тексеруге тапсыру ұсынылады..

Олай болса емханалық этапта медикаментозды ем жүргізіледі:

  1. Преднизолонотерапия ұстап тұрушы альтернирлеуші курс біртіндеп мөлшерін төмендетумен (3-6 ай, кейде 12 айға дейін).
  2. Ұстап тұрушы ем циклоспорин А мен преднизолонның үлкен емес мөлшерімен қосарластырып (минимум 1 жыл, 2-5 жылға дейін);
  3. Циклофосфамидпен ұстап тұрушы курс емі (2-3 ай).
  4. Микофенолатпен мофетил (Селл Септ) ұстап тұрушы курс емі (1 жыл және одан көп).
  5. Азатиопринмен ұстап тұрушы курс емі (3-6 ай).
  6. Әрдайым жанама әсерлердің алдын алу және емдеу жүргізіледі (гипокалиемия, остеопороз, инфекция, АҚ жоғарлауы, бүйрек қызметінің нашарлауы).
  7. Нефропротективті терапия: АПФ тежегіштері, БРА, статиндер, эпоэтин препараттарымен анемияны реттеу.

 

Еңбекке жарамдылық сараптамасы

Уақытша еңбекке жармсыздық уақыты аурудың клиникалық түріне және бүйрек қызметінің жағдайына, аурудың өршуі тәуелді:

1) жасырын түрінің өршуі - уақытша еңбекке жармсыздық уақыты -14-20 күн;

2) әлсіз айқындылықтағы зәр синдромы – 20-25 күн;

3) гломерулонефриттің гипертониялық түрі – 25-30 күн;

4) нефротикалық түрі – 40-45 күн.

Аурудың ақыры қолайсыз болған жағдайда, СБЖ белгілері бар науқастарды мүгедектік топ беру үшін МСЭКке жолдайды.

III топ мүгедектік жыл сайын өршуі болып тұрса қойылады (жылына 1 рет).

II топ мүгедектік – жиі өршулер болғанда (жылына 1 реттен көп), айқын нефротикалық синдром кезінде, ГН гипертониялық, жүрек қантамырлық асқынулары бар болғанда беріледі.

Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарға I топ мүгедектігі беріледі.

Диспансеризациясы

Науқастар өмір бойы бақылауда болады:

Науқастар нефрологтың, ол болмаған жағдайда – учаскеік терапевтің бақылауында болады.

 

Дәрігер-терапевт және нефрологтағы диспасеризацияға жататын науқастарды динамикалық бақылау схемасы

Диффузды гломерулонефрит ( бүйрек жеткіліксіздігі болмағанда) (Д111)

Гипертоникалық түрі:

· Терапевтте жылына 2 рет.

· Нефрологта, акушер-гинекологта, стоматологта, ЛОР-да, окулистте, урологта – жылына 1 рет.

· ЖҚА, ЖЗА – жылына 2 рет. Көрсеткіш бойыша, салыстырмалы тығыздығының 1015-тен кем болуы кезінде – Зимницкий бойынша зәр анализі. Биохимия (жалпы белок, оның фракциялары, холестерин, мочевина, креатинин) – жылына 2 рет, ЭКГ-жылына 2 рет.

· Диета. Созылмалы инфекция ошақтарын санациялау. Режим. Санаторлы-курорттық ем.

· Үрдісті тұрақтандыру. Уақытша еңбекке қабілетсіздікті төмендету.

Нефротикалық түрі:

· Терапевтте жылына 4 рет.

· Нефрологта, акушер-гинекологта, стоматологта, ЛОР-да, окулистте, урологта – жылына 1 рер.

· ЖҚА, ЖЗА – жылына 2 рет. Көрсеткіш бойыша, салыстырмалы тығыздығының 1015-тен кем болуы кезінде – Зимницкий бойынша зәр анализі. Биохимия (жалпы белок, оның фракциялары, холестерин, мочевина, креатинин) – жылына 2 рет, ЭКГ-жылына 1 рет.

· Диета. Созылмалы инфекция ошақтарын санациялау. Режим. Санаторлы-курорттық ем.

· Мүгедектік тобы төмендегенде немесе болмағанда Д11 тобына ауыстыру.

 

Зәр синдромының айқындығы орташа (умеренный) және гематуриялық түрі:

· Терапевтте жылына 2 рет.

· Нефрологта, акушер-гинекологта, стоматологта, ЛОР-да, окулистте, урологта – жылына 1 рет.

· ЖҚА, ЖЗА – жылына 2 рет. Көрсеткіш бойыша, салыстырмалы тығыздығының 1015-тен кем болуы кезінде – Зимницкий бойынша зәр анализі. Биохимия (жалпы белок, оның фракциялары, холестерин, мочевина, креатинин) – жылына 2 рет, ЭКГ-жылына 1 рет. Жасырын гематурияны, лейкоцитурияны анықтау – жылына 2 рет.

· Диета. Созылмалы инфекция ошақтарын санациялау. Режим. Санаторлы-курорттық ем.

Гломерулонефритпен ауырғаннан кейінгі жағдай (ремиссия сатысы) (Д-11)

· Терапевтте жылына 2 рет.

· Нефрологта, стоматологта, ЛОР-да, окулистте –жылына 1 рет. Акушер-гинекологта, урологта – көрсеткіш бойынша.

· Қанның клиникалық және биохимиялық анализі, АҚ бақылау.

· Диета. Созылмалы инфекция ошақтарын санациялау. Режим. Санаторлы-курорттық ем.

· Рецидивтің және уақытша еңбекке қабілетсіздіктің болмауы.

 

 





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.