Page Maker 6.51 параметрлерін баптау Page Maker-мен жұмыс жасауды бастамас бұрын, ең алдамен параметрлердің бапталуын жүзеге асыру қажет. Ол үшін Файл→Установки→Основные амалын орындау қажет. Дәл осы амалды Ctrl + K немесе Стрелка құралына екі рет шертіп жылдам орындауға болады, нәтижесінде Установки терезесі пайда болады. Установки сұхбаттық терезесінде талап етілетін өлшем бірліктерін енгізуге болады (өлшемдер жүйесі), олар тік және көлденең сызғыштар (тік сызғыш) үшін әртүрлі болуы мүмкін, сұйық және аспалы жолдардың жарықтануымен белгіленуі, публикацияға орналастырылған растрлық бейнелерді (экрандағы бейнелер) көрсетудің сапасы, сонымен қатар басқару палитрасын (көлденең немесе тік баптау батырмасын немесе негізгі не сандық пернелерін әрбір басқан сайын белгіленген объектінің қандай орын ауыстыру арақашықтығын анықтау керек) және сақтаудың Быстро немесе Скромно тәсілдерін таңдауды баптауға болады. Бірінші тәсілді дискіде бос орын жеткілікті болған жағдайда қолданған жөн. Қосымша батырмасына шерткеннен кейін экран бетіне мәтінді, мәтіндік редактордың параметрлерін, растрлық бейнелердің көлемі мен Post-Script баспаны көрсетуді орындауға болатын Дополнительные настройки сұхбаттық терезесі ашылады. Беттеудің қолайлығы және экрандық мәтін тобында жұмыс жылдамдығын арттыру үшін символдардың минималды өлшемін орнатуға болады, бұл жағдайда символдар - плашкаларға, ал тырнақшалар типографиялық түрге ауысады. Материалдар редакторы тобында ашылатын тізімді пайдалана отырып, мәтіндік режимде қолданылатын қаріпті және оның өлшемін (Кегль тізімі) таңдауға болады. Стильдер атауларын көрсету жалаушасы мәтіндік режимде азат жолдардағы стильдерді, ал ¶ көрсету жалаушасы – басылымы мүмкін емес символдар мен белгілерді көрсетуді іске қосады. Жалаушаның екеуін де қосқан дұрыс. Басылымы мүмкін емес символдар, аты айтып тұрғандай, баспаға шығарылмайды, олар тек беттеушінің жұмысын жеңілдету үшін пайдаланылады. Бейнелерді енгізу өрістерінің тобы көмегімен публикацияға орналастырылатын әрбір бейненің экрандық көшірмесінің ең үлкен өлшемін беруге болады. Егер де публикацияға көрсетілген көлемге қарағанда үлкен көлемдегі бейне орналастырылса, Page Maker оны байланысқан файл түрінде сақтауды ұсынады. Post-Script баспа тобын орнату басылым үшін белгіленген жад көлемін көрсету үшін арналған. Қажет болған жағдайда тек PPD-файлдарын көрсеткен жөн. Бұл баптауларды өзгеріссіз қалдыру дұрыс болып табылады. Page Maker бағдарламасы - Post-Script құрылғыларында баспаға шығару кезінде PPD (Post Script Printer Description) файлдарын қолданады. Әрбір PPD файл Page Maker-бағдарламасына нақты Post Script принтері туралы, соның ішінде оған кірістірілген қаріптер қолданылатын қағаз форматтары, тиімді растрлар мен рұқсат ету мүмкіндігі туралы мәліметті ұсынады. PPD файлында сақталатын ақпараттың негізінде Page Maker баспа үрдісінде нақты қандай Post-Script берілгендерді принтерге жіберу керектігін анықтайды. Мысалы, Page Maker – PPD файлына ауысқан қаріптерді резидентті (яғни, принтердің жадында орналасқан) деп есептеп, принтердің жадына жүктемейді. Сонымен қатар, Page Maker – PPD файлынан берілген принтер интерфейсінің ерекшеліктерін көрсететін арнайы ақпаратты алады, бұл ақпаратпен танысу үшін Файл→Печать амалын таңдап, содан кейін Свойства батырмасына басу керек. Қаріптер батырмасына басқан кезде PANOSE: Замена шрифтов сұхбаттық терезесі ашылады, бұл терезеде қаріптерді орнатудың параметрлерін таңдауға болады. Егер қаріптерді алмастыру рұқсат етілсе (Қаріптерді алмастыруға рұқсат жалаушасы орнатылған), онда жүйеде кездеспейтін қаріптер қолданылған публикацияны ашқан жағдайда жасалған баптауларға сәйкес алмастырылатын болады. CMS параметрлері батырмасына басқан кезде, сол атауға ұқсас сұхбаттық терезесі ашылатын болады, бұл жерде публикация түстерінің баспаға жібергендегі түстермен сәйкестігін баптауға болады. Page Maker-де бұл мәселені шешу үшін Kodak фирмасымен өңделген CMS (Color Matching System) әдісі қолданылады. Page Maker бағдарламасы әр түрлі өндіруші фирмалармен жеткізілетін CMS-ге арналған сәйкес бағдарламалық жабдықты қолдануды жүзеге асырады. Түстерді басқару жүйесі Page Maker бағдарламасын бірлесіп пайдаланғанда шығару құрылғысы әлі анықтай алмаған векторлық және биттік бейнелердегі түстерді өңдеуді жүзеге асыруға болады. CMS - Page Maker бағдарламасы объектісімен тағайындалған түстерді, RGB биттік бейнелердегі түстерді, сонымен қатар EPS файлдарындағы қарапайым түстерді басқаруды қамтамасыз етеді. CMS бағытталған әдісі – енгізу құрылғылары және қондырғылармен бірге жеткізілетін, олардың профильдерімен ұсынылатын түрлі-түсті ақпараттың сапасына негізделген. Бұл ақпарат пен профильдер көмегімен орындалған түрлендірулер басылым сапасын және монитордағы түстердің көріну дәлдігін анықтайды. Негізгі баптаулардан басқа, қажет болған жағдайда қосымша баптауларды орындауға болады. Менюдің Файл→Установки амалы арқылы рұқсат етілуі мүмкін болатын Page Maker-дің қосымша баптауының үш пунктінің біреуін таңдауға болады. HTML-ді бақылау.Page Maker-құжаттарындағы гипербайланыстарға жауап беретін және олардың түрлену әдістерін World Wide Web-те публикациялануы үшін параметрлерді баптауды орындауға мүмкіндік береді. HTML баптаулары сұхбаттық терезесінің жоғарғы бөлігінде екі жалаушаны біріктіретін Гипербайланыстар тобы орналасқан, осы топтың көмегімен Просмотр режимінде байланыстардың көрінетіндігін және гиперсілтемелердің ерекшеленетіндігін анықтауға болады. URL ақпарат тобы Proxy-сервер (егер де байланыстар оның көмегімен жүзеге асырылса), HTML құжаты (үнсіз келісім бойынша) орналастырылатын бумаға сілтейтін жол мен порттың баптауларын қамтиды. Баптаулар Бүкіләлемдік Интернет желісіне қосылудың типіне байланысты болады. Сұхбаттық терезенің төменгі бөлігінде бағдарламаның жолын енгізіп, соның көмегімен HTML құжаттарын (келтірілген мысалда ол Интернет шолушысы Internet Explorer) қарап шығуға болады. Макетті баптау.Макеттің автоматты түрде бапталуына, орналасуына және мәтіндік объектілер мен бейнелердің масштабталуына жауап беретін параметрлерді бақылауға арналған. Берілген сұхбаттық терезеде анықталатын параметрлер макетке қандай да бір өзгерістер енгізгенде, мысалы қағаздың форматы өзгергенде оның автоматты түрде бапталуы қандай түрде орындалатындығына әсер етеді. Баптау аймағы өрісі белгілі бір облыс шегіндегі объектілердің беттің шекаралары мен бағыттаушы жолақтарымен «байланысқан» болып есептелетін облысты енгізу үшін қызмет етеді. Енгізілген облыс қаншалықты үлкен болса, объектінің беттер шекаралары мен қосымша жолақтармен бірге орын ауыстыру ықтималдығы да соншалықты жоғары болады. Беттердің элементтерін баптау тобында келесі режимдерді енгізуге болады: · Топтардың және импортталған бейнелердің өлшемдерін өзгерту – беттер форматының және бағаналардың енінің өзгеруі кезінде объектілер мен бейнелердің өлшемдері пропорционалды түрде өзгереді; · Объектілерді және қатпарларды бекітуді болдырмау – берілген режимді іске қосқан кезде макеттің корректировкасы бекітілген объектілерге, сонымен қатар бекітілген қатпарларда орналасқан объектілерге әсерін тигізетін болады; · Бағыттауыштар бойынша туралауды болдырмау – макетті баптау кезінде объектілердің тек бағаналар мен өрістер шекаралары бойынша туралау ескеріліп, ал бағыттауыштар бойынша орындалмайды. Қосымша жолақтарды баптау тобында келесі режимдер рұқсат етілген: · Бағыттауыштардың ығысуына рұқсат ету – макеттің автоматты түрде бапталуы үрдісінде егер де оны макеттің өзгертілуі талап етсе, бағыттауыштардың орнын ауыстыруға рұқсат етілген (соның ішінде бекітілгендеріне де рұқсат бар). · Бағаналар мен өрістер шекаралары бойынша туралауды сақтау – егер бағыттауыштар бағаналардың шекаралары мен өрістері бойынша тураланса және жаңа макетте олардың орналасуын сақтау қажет болса, онда жалауша орнатылуы тиіс. Треппинг.Публикациядағы треппинг параметрлерін баптау үшін қызмет етеді. Егер де треппингті автоматты түрде орындау талап етілсе, треппинг параметрлерін баптау сұхбаттық терезесінің жоғарғы сол жақ бөлігінде орналасқан Публикациядағы треппингті орындау жалаушасын белгілеу керек. Треппинг жолағының ені тобы басылым кезіндегі бояумен қамту облысының енін анықтайтын мәндерді енгізуге болатын екі өрістен құралған: · Үнсіз келісім бойынша өріске тұтас қара түстен басқа публикацияда қолданылатын барлық түстер треппингісінің фиксирленген өлшемі жазылады; · Қара түске арналған өріске тұтас қара немесе оның астарындағы түспен тоғысатын түстердің треппингісіне арналған өлшем жазылады. Әдетте бұл мән «үнсіз келісім бойынша» мәнінен 1,5-2 есе асып түседі. Шекті мәндер тобы өрісінде автоматты треппингтің келесі параметрлерін енгізуге болады: · Сезімталдылық - берілген өрістегі мән - түстердің ең кіші әртүрлілік дәрежесін береді, оның негізінде Page Maker бағдарламасы треппингті орындау қажет пе, әлде жоқ па, соны анықтайды. · Орталық жолақ бойынша треппинг – бұл өрістегі мән Page Maker-дің қандай жағдайда стандартты процедураның орнына орталық жолақ бойынша треппингті орындауы керектігін анықтайды. Бұл өлшем анағұрлым ашық түстің бейтарап оптикалық тығыздығының оған іргелес жатқан анағұрлым қара түстің бейтарап оптикалық тығыздығының қатынасы түрінде ұсынылады. Мысалы, егер бұл параметрге үнсіз келісім бойынша орнатылған 70% мәнін сол күйінде қалдырсақ, онда анағұрлым ашық түстің бейтарап тығыздығы, анағұрлым қара түстің бейтарап тығыздығынан 70% -дан кем еместі құрағанда ғана, Page Maker – треппингті орталық жолақ бойынша әрқашан орындайтын болады. · Мәтінді өңдеу - Page Maker бағдарламасы мәтіннің треппингін тек символдардың өлшемі берілген өрісте көрсетілген мәннен асқан жағдайда ғана орындайды. Қара түстің атрибуттары тобы қара түсті басылымды баптау үшін тағайындалған: · Табалдырық – қара компоненттің пайыздық құрамының төменгі шегін анықтайды және сол компоненттен бастап Page Maker – берілген түсті тұтастай қара түс деп қабылдайды. · Авто-қойылым - Page Maker құралдары көмегімен құрылған мәтінге (өрісте қаріптің ең үлкен өлшемі беріледі), жолақтарға және объектілер фонына арналған қойылым баспа режимін таңдауға мүмкіндік беретін жалаушалар тобын құрайды. Егер импортталған объектілердің треппингін орындау қажет болса, онда Импортталған объектілерге треппинг орындау жалаушасын белгілеу керек. 4-дәріс. Жаңа публикацияны құру және оны сақтау Жоспар: 1. Жаңа публикация құру 2. Масштабты басқару 3. Мәтінді публикацияға орналастыру тәсілдері 4. Символдарды форматтау 5. Adobe Photoshop бағдарламасының эффектілерін қолдану Кілттік сөздер:публикация, монтаждық үстел, масштаб Иллюстрациялық материал:Page Maker программасы Жаңа публикацияны құру үшін Файл®Новый (немесе Ctrl + N пернелерінің комбинациясын басу керек) амалын таңдау қажет. Құжат параметрлері сұхбаттық терезесінде қағаздың форматын, беттің орналасу бағытын және макеттің типін таңдауға болады (Екі жақты жалаушаны баспаға беттің екі жағы да жіберілген жағдайда ғана белгілеу керек; айналымды экран бетіне құжаттың айналымын орындағанда ғана белгілеген дұрыс). Егер Екі жақты жалаушасын белгілесек, онда тік орналасқан өрістер Сыртқы және Ішкі деп аталады немесе Сол және Оң болып белгіленуі мүмкін. Бұл жерде публикациядағы беттер санын, бірінші беттің нөмірін және өрістердің өлшемдерін анықтауға болады.  Дегенмен, анағұрлым маңызды параметрлер Құжат параметрлері сұхбаттық терезесінің төменгі бөлігінде шоғырланған. Рұқсат ету өрісінде құжаттың баспаға жіберілетін рұқсат етуін (dpi-де) көрсету қажет. Принтерге арналып оқшаулау публикацияның басылымы орындалатын принтерді көрсету керек. Принтер мен рұқсат етуді құжатпен жұмыс жасаудың басында көрсету қажет, өйткені егер бұл баптауларды кейін өзгертсе, беттеу үрдісі бұзылуы мүмкін. Жұмыс терезесінің орталық бөлігінде берілген форматтың беті орналасады. Беттің көлемінде орналасқан элементтердің барлығы да баспаға жіберіледі және жұмыс бетінің айналасында Монтаждық үстел деп аталатын бос кеңістік бар. Монтаждық үстел үстінде кез келген объектілерді (мәтіндік және графикалық блоктарды) орналастыруға болады, бірақ баспаға оларды жіберу мүмкін емес. Монтаждық үстел үстінде орналасқан барлық элементтер таңдалған бетке қатысты өз алдына тәуелсіз, қол жетімді болады. Беттер бойынша орын ауыстыру үшін нөмірлері бар миниатюралар қызмет етеді. Қажетті бетке ауысу үшін оның миниатюрасына шертсек, жеткілікті. Жаңа құжатты құрғаннан кейін Page Maker-дің жұмыс терезесі суретте көрсетілгендей келесі түрге ие болады:  Беттер арасында ауысу үшін Макет®Переход к странице амалын таңдау керек немесе Ctrl + G пернелерінің комбинациясын басу қажет. Пайда болған сұхбаттық терезеде көшетін беттің нөмірін енгізу талап етіледі. Алдыңғы бетке ауысу үшін Page Up, ал келесі бетке өту үшін - Page Down пернелерін басу қажет. Публикацияның ең бірінші бетіне ауысу үшін Home, ал ең соңғысына өту үшін End пернелерін басу керек. Барлық публикацияны рет-ретімен қарап шығу үшін Shift пернесін басып тұрып, бетке ауысу амалын таңдауға болады. Қарап шығуды тоқтату үшін пернетақтадағы кез келген пернені басу керек немесе тышқанды шерту қажет. Публикациямен жұмыс жасау барысында оны периодты түрде сақтап отыру қажет. Ол жүйелік ауытқу мен желідегі кернеудің төмендеуі әсерінен болатын ақпараттың жойылып кетуінен сақтандыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, күрделі макеттерді өңдеу кезінде беттеушінің қолында публикациялардың бірнеше нұсқалары болуы керек, олардың ішінен анағұрлым келістісін таңдауға болады. Үнсіз келісім бойынша Page Maker бағдарламасы кез келген публикацияға Untitled-1 атын меншіктейді. Публикацияға бірінші рет ат қойып, оны сақтау үшін келесі әрекеттерді орындау керек: - Файл®Сохранить как амалын таңдау қажет немесе Ctrl + S комбинациясына басу керек; - публикация файлын талап етілетін буманың (каталог) ішіне сақтауға болады; - құжатты сақтау сұхбаттық терезесінде файлдың атын енгізіп, Сохранить батырмасына шерту керек. Барлық ашылған публикацияларды сақтау үшін Shift батырмасын басып тұрып, Файл®Сохранить все амалын таңдаған дұрыс. Масштабты басқару Публикацияларды беттеу кезінде құжатты көрсету масштабын өзгерту қажеттілігі жиі туындайды. Page Maker-ді кәсіби түрде қолдану үшін масштабты басқару құралдарын өте жақсы меңгеру қажет, өйткені ол беттеу жылдамдығын арттыруда маңызды роль ойнайды. Осындай жағдайда Page Maker бағдарламасы масштабты басқару үшін кең мүмкіндіктерді ұсынады. Біріншіден, масштабты таңдау үшін жанама менюді қолдануға болады, оны шақыру үшін тышқанның оң жақ батырмасына шертсек жеткілікті. Менюден масштабтың фиксирленген мәндерінің біреуін, соның ішінде Рельный размер (бұл режимде экран бетіндегі бейне өлшемі бойынша басылымдық нұсқаға дәл сәйкес келеді), Целая станица (бұл режимде қағаз беті жұмыс кеңістігінің барлық аумағын алады) және Монтажный стол (бұл режимде тек қағаз беті ғана емес, сонымен қатар монтаждық үстел де толығымен көрсетіледі) режимдерін таңдауға болады немесе Заказной масштаб пунктін таңдап, оның еркін мәнін орнату керек. Екіншіден, Рельный размер және Целая станица режимдері арасында ауысу үшін Shift пернесін басып тұрып, тышқанның оң жақ батырмасын шертуге болады. Шертпе орындалған нүкте публикациялар терезесінің орталығында орналасатын болады. Үшіншіден, масштабты өзгерту үшін құрал-саймандар палитрасында орналасқан масштаб құралын пайдалануға болады. Құрал белгішесіне тышқанмен екі рет шерткенде, Рельный размер масштабын, ал Alt-пернесін басулы күйде ұстап, тышқанмен екі рет шерткенде Целая станица масштабын орнатуға болады. Масштаб құралын таңдаған кезде тышқан көрсеткіші «+» белгісі бар ұлғайтқыш шыны түріне ие болады. Ол құралдың ұлғайту режимінде жұмыс жасайтындығын білдіреді. Егер тышқан көрсеткішін ұлғайтуды талап ететін облыстың орталық бөлігіне орналастырып шертсек, онда масштаб 25%-ға ұлғаяды. Берілген құралдың көмегімен құжаттың бос облысын ұлғайту үшін оны белгілесек болғаны. Масштабты кішірейту үшін Ctrl пернесін басып (бұл жағдайда ұлғайтқыш шынының ішінде « - » белгісі пайда болады), тышқанмен шерту қажет. Ұлғайтудың немесе кішірейтудің мүмкін болатын ең үлкен коэффициетіне жеткенде, ұлғайтқыш шыны бос күйінде қалады. Сонымен қатар, көрсету масштабын ауыстырып-қосу үшін Просмотр менюінің амалдарын қолдануға болады. Және соңғысы, фиксирленген масштаб арасында ауыстырылып-қосылу келесі пернелердің комбинациялары көмегімен жүзеге асады: - Ctrl + «+» - масштабты ұлғайту; - Ctrl + « - » - масштабты кішірейту; - Ctrl + 1 – Нақты масштаб; - Ctrl + 2 – 200% масштабты орнату; - Ctrl + 4 – 400% масштабын таңдау; - Ctrl + 5 – 50% масштабты орнату; - Ctrl + 7– 75% масштабын орнату; - Ctrl + 0 – Бүтін бет; - Ctrl + Shift + 0 – Монтаждық үстел Белсенді публикацияның барлық беттеріне бір ғана масштабты беру үшін Alt пернесін басу керек және Просмотр менюінен немесе Просмотр®Масштаб ішкі менюінен қажетті амалды таңдау қажет. Мәтінді публикацияға орналастыру тәсілдері Кез келген құжатта ақпараттың негізгі тасушысы – мәтін болып табылады. Мәтіннің анағұрлым мәнерлі болуы және оны оқырмандар жақсы қабылдауы үшін дизайнерлер мен беттеушілер оның мәнерлілігін арттыратын әр түрлі әдістер мен тәсілдерді қолданады. Публикациядағы мәтіннің безендірілуіне байланысты, оқырман қауымның оны қабылдауы мен публикацияның қаншалықты сәтті шығатындығын байқауға болады. Мәтінді Page Maker публикациясына қосу үшін бірнеше тәсілдерді қолдануға болады: мәтінді тікелей Page Maker-де теру, алмастыру буфері көмегімен мәтіндік процессордан көшіріп алу немесе мәтіндік файлды импорттау. Осылардың қандай да біреуін таңдау қажеттілігі нақты бір есепке тәуелді, бірақ ең негізгісі – мәтіндік процессор мен редакторлардың біреуінде терілген мәтіндік файлды импорттау болып табылады. Мәтінді мәтіндік редактор режимінде теру.Page Maker-де мәтінді теру мен форматтау үшін екі режимді - беттеу және мәтіндік режимдерін қолдануға болады. Олардың арасында ауысып отыру үшін Редактирование®Текстовый режим®Режим верстки амалын немесе Ctrl+E пернелерінің комбинациясын қолдану керек. Мәтіндік режимде терілетін немесе редактрленетін мәтін арнайы терезеде бірөлшемді, бір ғана гарнитурамен көрсетіледі. Барлық азат жолдар сол жақ жиек арқылы тураланады, ал графикалық объектілер кішігірім қара квадрат түрінде көрсетіледі. Мәтіндік режимде еркін графикалық объектілер мүлдем көрсетілмейді. Мәтіндік редактордың жұмыс терезесінің сол жақ бөлігі мәтінді енгізу өрісінен бөлек орналасқан және ол азат жол ситльдерін көрсету үшін қызмет етеді. Мәтіндік режимде символдардың жазылуы ғана көрсетіледі, сондықтан да бір ғана материалдың өзі беттеу және мәтіндік режимде мүлдем әр түрлі болып шығуы мүмкін. Кірістірілген мәтіндік редактор мәтіннің баспаға жіберілетін түрін көрсетуге мүмкіндігі болмаса да, мәтінге маңызды өзгерістерді енгізуді дәл осы мәтіндік редактор режимінде жүзеге асырған ыңғайлы, өйткені ол мәтіннің безендірілуіне емес, мазмұнына баса назар аударуға мүмкіндік береді. Орфография, іздеу, келесіні іздеу және алмастыру амалдарына тек мәтіндік режимде ғана рұқсат етілген. Алмастыру буферін қолдану.Егер терілген мәтін бар болса, оны алмастыру буферіне көшіріп (ол үшін қажетті фрагментті ерекшелеп, Правка®Копировать амалын орындау керек), Page Maker-ге өтіп, Текст құралын таңдап жұмыс кеңістігінің кез келген жеріне шерту керек, содан кейін барып Редактировать®Вклеить амалы арқылы буферге мәтінді қоюға болады. Осындай тәсіл барлық мәтінді емес, тек оның кейбір фрагменттерін қолданудың қажеттілігі туған жағдайда қолайлы болып табылады. Орналастыру амалын қолдану.Аталған тәсіл Page Maker-ге мәтінді орналастыру кезінде негізгі болып табылады. Бұл мынадай жағдаймен түсіндіріледі, әдетте басылымның баспаға дейінгі дайындық жұмыстарымен бірнеше адам айналысады, олардың әрқайсысы өз қызметтерін орындайды. Мәтін беттеушіге алдын ала теруші адаммен терілген, корректормен тексерілген және басқа да қажетті түзетулермен дайын мәтіндік файл түрінде келеді. Сондықтан да беттеушіге барлық мәтіндік файлды тұтастай публикацияға орналастырған ыңғайлы болып табылады, осыдан кейін барып ол мәтіндік файлды орналастыру ісіне кіріседі. Page Maker бағдарламасы публикацияға басқа бағдарламада құрылған мәтінді импорттауға мүмкіндік береді. Page Maker RTF-пен қоса (Rich Text Format) мәтіндік форматтар мен процессорлардың кең көлемін қолдайды. Әр түрлі типтегі файлдарды импорттау мүмкіндігіне ие болу үшін сәйкес фильтрлерді орнату қажет. Мәтіндік файлдармен алмасудың анағұрлым ыңғайлы форматы болып RTF табылады, өйткені ол TXT форматында кездеспейтін, форматтауды жеке дара символдар дәрежесінде сақтауға мүмкіндік береді. RTF форматы Microsoft Word-тың кез келген нұсқасында редактрлеуге және тікелей Page Maker-ге орналастыру үшін де бірдей жарай береді. Мәтінді Page Maker бағдарламасына импорттағаннан кейін, оны тікелей публикацияда құрылған кез келген басқа мәтін сияқты өңдеуге болады. Импортталған материалдарды өңдеудің басқа да тәсілі бар: мәтіндік құжатты (құжаттың өзі құрылған бағдарламасында) редактрлеуге болады, осыдан кейін барып Page Maker құжатқа енгізілген барлық өзгертулерді автоматты түрде публикацияға көшіреді. Мәтіндік және графикалық файлдарды импорттау мен жаңарту үшін бірнеше тәсілдер бар. Мәтіндік файлды импорттау үшін Файл®Вставить амалын қолданған дұрыс. Вставить сұхбаттық терезесінде кейбір қосымша орнатуларды енгізуге болады. Вставить сұхбаттық терезесіндегі параметрлердің жиынтығы импортталатын объект түрінде болады (мысалы, мәтін, кесте, деректер қоры немесе бейне), сонымен қатар Файл®Вставить амалын таңдаған кезде объект немесе фреймнің ерекшеленгеніне байланысты болады. Рұқсат етілген файлдардың тізімінде Page Maker тани алатын кеңейтілімді барлық файлдардың аттары көрсетіледі. Егер Установить сұхбаттық терезесінде Фильтр параметрлерін көрсету жалаушасы белгіленсе, онда Открыть батырмасына басқаннан кейін қандай да бір фильтрлермен байланысқан импорттың қосымша шарттарын көрсету керек болатын тағы бір сұхбаттық терезе ашылады. Беттеуге арналған мәтіндер көп жағдайда TXT форматында сақталады, сондықтан берілген форматтағы мәтіннің импортталуына аса назар аудару қажет. Мәтіндік файлды Файл®Вставить амалының көмегімен импорттау кезінде Вставить амалының сұхбаттық терезесінде келесі нұсқалар берілуі мүмкін: · Жаңа материал ретінде – мәтінді барлық материалдардан тәуелсіз өзіндік бір жаңа материал түрінде публикацияға қосады. · Бүтін бір материалдың орнына – ерекшеленген бүкіл материалды жояды; жаңа мәтінді орналастыруды, өлшемдер мен орналастыру бағытын сақтай отырып, мәтіндік объектілерді толтырады. · Бар мәтінге – бар мәтінді жоймай-ақ, қою нүктесіне жаңа мәтінді қосады. · Ерекшеленген мәтіннің орнына (немесе фреймге орналастыру) – ерекшеленген фрагментті (немесе ерекшеленген фреймдегі мәтінді) жояды және оны жаңа мәтінмен алмастырады. · Форматты импорттау – импорттау кезіндегі символдар мен азат жолдар форматын, сонымен қатар стильдер кестесін сақтайды. · Тырнақшаларды өзгерту – жай тырнақашалар мен апострофтарды типографиялық тырнақшалар мен опострофтарға түрлендіруге мүмкіндік береді. Қосарланған дефистер тиремен алмастырылады. · Стильдік белгілеуді оқу – мәтіннің азат жолын оның стильдік белгілеріне сәйкес безендіру. Стильдер Page Maker бағдарламасының публикациясында стильдік белгілеумен бірге мәтінді импорттауды бастағанға дейін анықталуы тиіс. Осылайша, қосымша параметрлерді орнатудың көмегімен Page Maker-де мәтінді импорттау кезінде беттеуге дайын тұрған мәтінді тез арада алуға болады. Мәтіннің компоновкасы және безендірілуі. Кернинг.Page Maker кернингтің бірнеше түрін қолдайды: - Жұптардың автоматты кернингі – қаріпті орнату барысындағы ақпараттың негізінде жасалған белгілі бір символдар жұптары арасындағы арақашықтықты арттырады немесе азайтады. Ол азат жолдың деңгейінде берілуі немесе болмауы да мүмкін, сонымен қатар азат жол стилінің сипаттамасына қосылған болуы мүмкін. - Қолмен орнатылған кернинг – жұп символдардан басталып, бүтін бір материалды қамтиды және мәтіннің кез келген фрагментінде арнайы пернетақталық қысқартулар (0.04 қадамы немесе 0.01 дөңгелек шпация) көмегімен орындалуы мүмкін. Басқару палитрасында кернинтгті редактрлеу құралдары да қарастырылған: бізге 0.1 қадаммен немесе 0.01 дөңгелек шпациямен кернингті орындауға болатын баптаулар батырмасын қолдануға болады, не болмаса кернинг өрісінде 0.001 дөңгелек шпациямен кернингтің дәл сандық мәнін енгізуге болады. - Тапсырысты кернинг – берілген мәтіннің тығыздығы мен нақты символдардың пішінін есепке ала отырып, ерекшеленген мәтіннің барлық символдары арасындағы интервалдардың бірқалыпты бапталуын қамтамасыз етеді. Кернинг – символдардың оң жағындағы кеңістікті өзгертеді. Егер бізге келесі сөзаралық интервалды сақтай отырып, кернингті бүкіл сөзге қолдану қажет болса, онда соңғы символдан басқа символдардың барлығын ерекшелеу керек болады. Кернинг тек әріптер мен тыныс белгілеріне ғана емес, сонымен қатар басқа символдар тәрізді ені әрбір қаріпте анықталатын бос орындарға да қолданылуы мүмкін (Бос орын деп – бос орын пернесін басу арқылы жолда пайда болатын символды айтамыз). Мәтіндік блоктармен жұмыс.Мәтіндік блок, мәтіндік фреймге пернетақтадан енгізілетін мәтін, Clipboard буферінен көшірілген немесе импортталған мәтін жөнінде ұқсас болып келеді. Мәтіндік блоктың шекаралары тек Стрелка құралы көмегімен ерекшеленген жағдайда көрінетін болады. Мәтіндік блоктарды 2 тәсілмен құруға болады: – Мәтін құралын таңдау қажет. Тышқанмен шертіп немесе монтаждық үстел, не болмаса тышқан көрсеткішін бар мәтіндік объектіден тыс бет бойынша орын ауыстыру керек. – Жүктелген мәтіннің экрандағы пиктограммасын ала отырып, бос бағана немесе бетке тышқанмен шерту қажет. Бұл тәсіл арқылы барлық мәтіннің орналасуына қаншалықты қажет болса, соншалықты мәтіндік блоктарды құруға болады. Текст құралының көмегімен мәтіндік блок құру үшін: 1. Құрал – саймандар палитрасынан мәтін құралын таңдау керек. Тышқан – көрсеткішке тән пішімге ие болады; 2. беттің немесе монтаждық үстелдің еркін облысында мәтіндік блокты келесі тәсілдердің көмегімен құруға болады: – Тышқан көрсеткішін таңдап алған нүктеге орналастырып, оған шерту қажет. Осылайша, ені бағананың еніне тең болатын мәтіндік блокты құруға болады. Үнсіз келісім бойынша енгізу нүктесі (жыпылықтайтын көрсеткіш) мәтіндік блоктың сол жақ шекарасында орналасатын болады; – Тышқанның батырмасын басып тұрып, мәтінді орналастыратын тіктөртбұрыш облысты белгілеу үшін тышқан көрсеткішін бет немесе монтаждық үстелдің үсті бойынша орын ауыстыру керек. Осылайша, бағаналардың енінен тәуелсіз, еркін өлшемдегі мәтіндік блокты алуға болады. Енгізу нүктесі (жыпылықтайтын көрсеткіш) тағы да мәтіндік блоктың сол жақ шекарасында орналасады. 3. Кез келген мәтінді енгізу керек. Мәтіндік блоктың мәтіндік фреймнен айырмашылығы – оның шекараларының көрінбейтіндігінде; оларды көру үшін Стрелка құралын таңдап, мәтінге шерту қажет. Символдарды форматтау Трекингті қолдану. Трекинг – мәтіннің жалпы тығыздық дәрежесін анықтайды. Бұл параметрдің көмегімен беттің жалпы түсін оны аздап ақшыл немесе қаралау (нәтижесінде символдар анағұрлым тығыз орналасса, мәтін «қаралау», ал символдардың аз ғана тығыз орналасуы, мәтінді «ақшыл» жасайды), сонымен қатар едәуір үлкен немесе кіші қаріппен терілген (мысалы, тақырыптар немесе сурет асты жазба жолдары) ерекшеленген жолдардағы интервалды өзгертуге мүмкіндік береді. Трекингті баптау мәтінді орналастыру (для вгонки или разгонки) үшін де пайдаланылуы мүмкін. Текст менюіндегі Трекинг амалы экранда трекингтің 6 нұсқасынан тұратын субменюді ашады: - Без трекинга нұсқасы (үнсіз келісім бойынша) - қаріптің дизайнінде бар шығынды әріпаралық және сөзаралық интервалдардың қосымша бапталуын орындамайды дегенді білдіреді. - Нормальный трекинг - әріпаралық интервалдарды оңтайландырады, сонымен қатар үлкен қаріптер үшін әріпаралық интервалдарды сәл кішірейтеді, ал кіші қаріптер үшін үлкейтеді. - Очень жидкий, Жидкий, Плотный және Очень плотный нұсқалары әдетте мәтінде арнайы эффектілерді құру үшін пайдаланылады. Интерлиньяжды орнату.Интерлиньяж –мәтін орналасатын кеңістіктің (жолдардың) биіктігін анықтайды. Интерлиньяж кегль тәрізді пункттермен өлшенеді. Оның кегльден басты айырмашылығы – нақты өлшем болып табылатындығында: 12 пункт интерлиньяж әрқашан да 12-ге тең. Page Maker бағдарламасында интерлиньяждың жолдар шеңберінде мәтіннің орналасуын әр түрлі етіп анықтайтын 3 әдіс қолданылады. Интерлиньяжды келесі тәсілдердің біреуі арқылы шақыруға болады: - Егер де Page Maker қаріп кеглі негізінде интерлиньяждың мәнін өз бетінше есептесін десек, онда Текст субменюінен→Интерлиньяж, Авто нұсқасын таңдау қажет болады. Үнсіз келісім бойынша автоинтерлиньяждың мәні кегльдің 120%-ын құрайды; - Текст субменюінен→Интерлиньяж→интерлиньяждың стандартты мәндерінің бірін таңдау керек; - Текст субменюінен→Интерлиньяж→басқа нұсқасын таңдап, қажетті мәнді беруге және қаріп параметрлері сұхбаттық терезесінде немесе басқару палитрасының сәйкес өрісіне еркін мәнді (0.1 пункт дәлдікпен) енгізуге болады. Публикацияларды таратудың электрондық әдістері Интерактивті қарап шығудың анағұрлым кең таралған келесі форматтарына: - Компьютерлік платформаға тәуелсіз құжаттарды басуға және экран бетінде қарап шығуға мүмкіндік беретін PDF (Portable Document Format) форматына; - бүкіләлемдік компьютерлік Интернет (World Wide Web) желісін қолданатын HTML (Hypertext Markup Language) гипермәтінді белгілеу тілінің стандартты кодтарына Page Maker публикациясы беттерінің кез келген диапазонын экспорттауға болады. PDF форматы сонымен қатар HTML тілінің гипербайланыстарын қолдайды (Интернет желісінде орналасқан бір құжаттың бөлігінен «секірмелі» түрде екінші бір құжат бөлігіне немесе басқа ресурсқа ауысу). Page Maker бағдарламасында осындай ауысуларды құруға, өзгертуге және белсенді етуге арналған Гипербайланыстар палитрасы бар. Егер де біз публикацияға QuickTime форматындағы фильм кадрын импорттасақ, онда PDF және HTML форматтарына экспорттау кезінде Page Maker берілген кадрдың орнына фильмнің сәйкес файлына арналған гиперсілтемені орналастырады. Фильмді тышқанның шертуімен ойнату мүмкіндігіне ие болу үшін, бір бумада PDF немесе HTML құжаты бар фильм файлын сақтау керек. 5-дәріс. Электрондық кестелер. Дәрістің мақсаты: электрондық кестенің негізгі ұғымдарымен таныстыру. Жоспар: 1. Кестелік процессордың міндеттері және негізгі функциялары 2. Электрондық кестелердің негізгі ұғымдары 3. ЭК түрлері. 4. MS Excel ЭК 5. Электрондық кестеде деректерді енгізу технологиясы. 6. Формулалар, функциялар. Функция мастері. Электрондық кестелерді пайдаланудың негізгі облысы ақпарат тіктөртбұшты кесте түрінде берілетін адам қызметінің өрісі. Электрондық кестелер жүйелері кестелік ақпаратты құру мен өңдеуге арналған. Олар кестелік формада берілген есептеу нәтижелерін өңдеу кезінде ыңғайлы. Электрондық кесте ұяшықтардан құралатын, әрбіреуі өзінің адресіне ие - тікбұрышты матрица. Ұяшықтың номері қарапайым коориданата тәсілімен анықталады. Мысалы: В3. Ұяшықтар тобы : белгісі арқылы жазылады. Мысалы, В3:В4. Ұяшықтың әрқайсысына сан, формула (арифметикалық өрнектер) немесе текст жазуға болады. Қазіргі уақытты электрондық кестелердің көптеген варианттары белгілі: АБАК, Варитаб-86, Супернан, Multiplan, SuperCаlk, QuattroPro, Excel, Lotus 1-2-3. DOS режимінде жұмыс жасайтын РС-286, 386 типтес компьютерлерге арналған кестелік процессор SC-4 (SuperCаlk) болып табылады. SC-4 диаграммалар мен графиктердің 7 түрімен жұмыс жасауға мүмкіндік жасайды. Әралуан белгілеулер, айнымалылар шкаласын, тақырыптар енгізу мүмкіндігі бар. SC-4 электрондық кестесі жолдар (ROWS) және бағдардан (COLUMNS) құралатын торлардан тұрады. Бағана латын әріптерімен А, АВ және т.б. максимальды ұзындығы 255 Жолдар 1 –ден 9999-ға дейін номерленеді. SC-4 математикалық оператордың 2 түрі орындалады: арифметикалық және қатынас операторы Келесі функцияның түрі бар: арифметикалық, тригонометриялық, логикалық, календарлы, статистикалық, арнайы, қаржылық, индексті «/» символ енгізілгеннен кейін командалар менюі шығады. MS Excel – кесте процессорлар немесе электрондық кесте деп аталатын класқа жататын, Windows ортасында жұмыс істейтін әйгілі пакеттердің бірі болып табылады. Excel электрондық кестесі математикалық амалдармен, күрделі есептеулерге пайдалануға болады. Ол әралуан типтегі диаграммалар құруға (кестелер мәліметтері негізінді), ДҚ құрып, онымен жұмыс жасауға, есептеу экспериментін қоюға мүмкіндік жасайды. Ехсеі терезесінде мынадай объектілер орналасқан: Жоғарғы жол – басқару батырмалары бар терезе тақырыбы. Екінші жол - Ехсеl мәзірі. Үшінші және төртінші жолдар - Стандартты және Форматтау аспаптар тақтасы. Бесінші жол - енгізу мен түзету жолы немесе формулалар жолы. Бесінші және соңғы жолдың арасына электрондық кестенің жұмыс парағы (беті) орналасқан. Жұмыс парағындағы жолдар мен баганалар белгілі бір тәртіппен белгіленеді. Терезенің ең төменгі жолы - қалып-күй (баптау) жоды. Төменгі жолдың сол жақ шетінде Ехсеl жұмыс режимдерінің индикатора (көрсеткіші) орналасқан. Электрондық кестенің жұмыс аймағы жолдар мен баганалардан (тік және жатық жолдар) тұрады. Жолдардың максималдық саны 65536-ке, ал бағаналар саны 256-ға тең. Бағаналар мен жолдардың әрбір қиылысуы мәліметтер енгізуге болатын (текст, сан немесе формула) ұяшықты құрайды. Электрондық кестенің негізгі ұғымдарымен танысайық Жол номері – электрондық кесте қатарды анықтайды. Ол жұмыс алаңының сол жақ шекарасында белгіленген Бағана әріпі- электрондық кесте колонкаларды анықтайды. Әріптер жұмыс алаңының жоғарғы шекарасында орналасады. Бағаналар: А-Х, содан кейін АА-АҒ, содан кейін ВА-ВҒ және т.с.с номерленеді Ұяшық – мәліметтерді қамтитын кестенің 1-ші элементті. Әрбір ұяшық бағана әріпі мен жол номерінен тұратын адреске ие. М: В3-бағана В,жол 3 қиылысуы. Ұяшық көрсеткіші –тезектегі ұяшықты анықтайтын –жарық тіктөртбұрыш. Кезектегі ұяшық- көрсеткішпен белгіленеді. Блок – аралас ұяшықтардың тіктөртбұрышты облысы, блок бір немесе бірнеше ұяшықтардан, жолдар, бағаналардан тұруы мүмкін. Блок адресі- : бөлінетін қарама-қарсы бұрыштардың координаты құралады. Excel кітап сияқты беттерден тұрады (16 бет) экранда тек 1 бет –жоғарғы көрініп тұрады. МS Ехсеl -де қолданылатын математикалық формулалар. Ехсеl-де кестенің кез-келген ұяшықтарына мәліметтердің үш типін енгізуге болады: мәтін, сан және формула. Мәтін — кез келген символдар жиынтығы, егер мәтін цифрдан басталатын болса, онда енгізуді " " символынан бастау керек. Электрондык кесте ұяшықтарына сандарды =, +, - таңбаларымен немесе оларсыз да енгізуге болады. Ехсеl-де кез келген арифметикалық өрнек формула түрінде жазылады. Ол ұяшық адрестері мен сандардың, функциялардың арифметикалық амалдар таңбасы арқылы біріктірілген жиынынан тұрады. Формула "=" таңбасынан басталуы керек. Ұяшыққа С1+Ғ5 формуласын енгізу үшін оны =С1+Ғ5 түрінде жазу керек. Бұл дегеніміз С1 ұяшығындағы мәліметтерге Ғ5 ұяшығындағы мәліметгердің қосылғандығын көрсетеді. Нәтиже формула енгізілген ұяшықта алынады. Функциялармен жұмыс Функцияларды кірістіру тәсілдері: · Құрал саймандар тақтасында –fx –белгісі · Вставка/Функция... Функция түрлері: 1) Қаржылық 2) Уақыт және мерзім 3) Математикалық 4) Статитикалық 5) Сілтеме және массивтер 6) ДҚ-мен жұмыс 7) Мәтіндік – жол ұзындығы, ауыстыру (текст арг. санға түр/у) 8) Логикалық –егер, және, немесе, ақиқат, жалған, емес 9) Қасиеттермен мәтіндік текст функциясы реттеу ұяшықтарды: Данные Сортировка Сортировка диапазона диалог терезесі шығады. Прогрессиямен жұмыс : Правка Заполнить Прогрессия командасы шақырылады. Прогрессия диалогты терезесі шығады: Ол келесі бөліктерден тұрады. Расположение Тип Единицы о по строкам арифметика день о по столбцам геомеррия раб.день даты месяц автозаполнение год Сандық форматтарды орнату үшін Формат/Ячейки командасын орындаймыз. Формат ячеек сұхбат терезесі шығады. Ондағы қаттамалар түрлері: Число, Выравневание, Шрифт, Граница, Вид, Защита. Ұяшықтар мен болктардың адрестерін абсолютті, салыстырмалы, және аралас түрде жазуға болады. Адрестер ағымдағы ұяшыққа салыстырмалы күйде берлісе – салыстырмалы адрес деп аталады. В3, А1:А4 Ұяшықтың адресін нақты күйде бергіміз келсе, онда абсолютті түрдегі адресті жазуға тиіспіз $С$2. Аралас - $ символдары өзгермейтін адреске сәйкес бағана әріпінің алдында жазылады. Функциялар у=f(х) түрінде жазылады, мұндағы у - есептелуге тиіс функция мәні, х - аргумент, f- функция. Функция енгізілген ұяшық мысалы ретінде: =А5+sіп(С7) формуласын келтіруге болады. Ехсеl бағдарламасының кейбір фунциялары: - КОРЕНЬ(х) — х санының оң мәнді квадрат түбірін анықтайды, мысалы, Корень(25)=5. - Sin(х) — радианмен берілген х бұрышының синусын анықтайды. Мысалы: sіn(0.883)=0,772646. - МАКС(тізім) — берілген тізім ішінен ең үлкен (максимум) мәнді aнықтайды, мысалы: макс(55,39,50,28,67,43)=67. - СУММ(тізім) — берілген тізімнің (блоктың) сандарының қосындысын анықтайды. Мысалы: СУММ(А1:А300) — А1:А300 блогының 300 ұяшығындағы сандардың қосындысын табады. Жиі пайдаланылатын қосынды табу функциясы үшін аспаптар тақтасында арнайы батырма бар. Салыстырмалы, аралас және абсолютті адрестер. Салыстырмалы адрес - базалық адрестің мәніне қатынасы бойынша айырманы өрнектейтін адрес. Салыстырмалы адрес Ехсеl формулада копданылатын ұяшықтардың ағымдағы ұяшыққа қатысты орналасуын есте ұстайды. Мысалы, егер сіз В4 ұяшығына =В1+В2 формуласын енгізсеңіз, Ехсеl формуланы өзінше былай талдайды: "үш қатар жоғары орналасқан ұяшық мәнін екі катар жоғары орналасқан ұяшық мәніне косу керек". Егер сіз көшіру барысында нақты ұяшыққа немесе аумаққа сілтемені сақтап қалғыңыз келсе абсолютті адрестерді қолдануыңыз қажет. Әрбір ұяшықтың өзгермейтін адресін абсолюттік адрес деп атайды, өзгермейтін абсолют адрес белгісі кестедегі бағана атының немесе жол нөмірінің алдындағы $ таңбасы болып табылады. Мысалы, $В$4 немесе $С$2:$Ғ$48 және сол сияқты. Формуланы көшірген кезде оның кейбір элементтерін салыстырмалы, ал кейбірін абсолютті түрде жазуға болады, мұндай түрде жазылған адрес — аралас түрдегі адрес деп аталады. Ехсеl-де бүкіл жұмыс кітабын, кез келген парақты немесе кейбір ұяшықтарды өзгертуден қорғап қоюға болады. Мәліметтерді қорғау екі бөліктен тұрады: өзгертілуге тиіс ұяшықтардың бұрынғы қорғалу қасиеттері алынады; ағымдағы параққа немесе оның кейбір блоктарына қорғалу қасиеті енгізіледі. Ехсеl-де кестені қағазға шығармас бұрын, алдын-ала оның ойдағыдай болуын тексеретін мүмкіндік бар. Ол үшін Файл=>Қарап шыгу мәзір командасын орындау немесе Стандартты құрал-саймандар тақтасының көру батырмасын басу керек. Алдын ала қарап шығу операциялары келеңсіз жағдайларды болдырмай, уақытты әрі қағазды тиімді пайдалануға мұрсат береді. Сонымен бірге бұл режимде жұмыс атқару үшін: 1. Стандартты аспаптар тақтасының Алдын ала қарап шыгу батырмасы арқылы алдын ала қарап шығу тәртібіне көшеміз. 2. Парақ батырмасын басып, параметрлер терезесінде кестені кағазға көлденең (Альбом түрінде) немесе тік (Кітап түрінде) басатынымызды анықтап аламыз. 3. Параметрлер терезесіндегі Өрістер батырмасын басып, экраннан қағаз шетіндегі сызықпен бөлінген бос орындарды бағдарлаймыз. 4. Принтердің компьютерге қосылып, оның өзінің жеке ток көзіне қосылғанын да қарап шығу керек. 5. Баспа батырмасын басыңыз. МS ЕхсеІ-дің графикалық мүмкіндіктері. Ехсеl-дің ең көзге түсер ерекшеліктерінің бірі - оның сандар қатары мен бағаналардағы ақпараттарды толық, көрнекі түрде кескіндей алатын графиктер мен диаграммаларға айналдыруы болып саналады. Диаграммалар мәліметтерді графикалық түрде кескіндеудің ыңғайлы түрі. Олар берілген сандық шамаларды ұяшықтарды үңіліп қарағаннан гөрі салыстырмалы түрде бағалау мүмкіндігін береді. Диаграммалар бір ұяшықта тұрған қатені де тез көрсете алады. Диаграмманы немесе графикті даярлау үшін Диаграмма шебері пайдаланылады. Ехсеl-дің бұл функциясы бес қадамнан тұрады. 1-қадам. Мұнда ЕхсеІ Диаграмма шеберінің «4-тен 1 қадам» деген сұхбат терезесін шығарады. Осы терезе арқылы Ехсеl тұрғыза алатын диаграмма түрі таңдалады. 2-қадам. Диаграмма шеберінің бұл сұхбат терезесінде диаграмманың мәлімет көздері анықталды. 3-қадам. Диаграмма шеберінің бұл сұхбат терезесінде диаграмма параметрлері таңдалады. 4-қадам. Диаграмма шеберінің бұл сұхбат терезесінде диаграмманың орналастыратын орыны анықталады. Көбінесе ендірілген диаграмманың қажетті мелшерін дәл анықтау қиын, оны тек диаграммаға берілген мәліметтерді көргенде ғана айтуға болады. Сондықтан ендірілген диаграмманың мөлшерін, пропорциясын өзгерте отырып, оны ойдағыдай түзетуге тура келеді. Диаграмма шебері арқылы диаграмма түрін таңдап алғаннан кейін, Ехсеl оның ішіндегісін де өзгертуге мүмкіндік береді. Диаграмманы түзету үшін тышқанды екі рет шерту арқылы ерекшелеп аламыз. Сонда диаграмма айналасында сұр штрихталған жақтаулар пайда болады, Мұнан кейін Диаграмма аспаптар тақтасы көмегімен диаграмма түрін өзгертуге болады: диаграмманың кез-келген жерінде тышқан батырмасын жылдам екі рет шертеміз; экранға диаграмма аспаптар тақтасын шығарамыз, ол үшін: Түр=>Аспаптар тақтасы=>Диаграмма командасын орындаймыз. Диаграмма түрлерінің тізімінен тұратын тақтадан Диаграмма түрі батырмасын шертеміз. МS Ехсеl-ді мәліметтер қоры ретінде пайдалану. МS Ехсеl-дегі кестелер байланысы. Ехсеl-дегі кестені мәліметтер қоры ретінде қарастыруға болады. Кестенің бағандары (А,В,С,D,Е,Ғ т.с.с.) бағандарындағы ақпарат өрістер деп, ал қатардағы (1, 2, 3 т.с.с.) мәліметтер жазбалар деп аталады. Мәліметтер қорының (МҚ) құрылымына төмендегідей талаптар қойылады: МҚ-ның бірінші жолында қайталанбайтын өріс атаулары орналасады; ал қалған қатарлары бос болмауы керек, онда жазбалар мәні орналасу тиісті; бағана бойымен орналасқан мәліметтер бір типті болады. Ол сандар мен мәтіннен тұруы керек. МҚ-дан белгілі критерийі бойынша іздеп табу үшін фильтр колданылады. Оның екі түрі бар: автофильтр және кеңейтілген фильтр. Кестелерден тұратын ЕХСЕL жұмыс кітабында бірнеше кестені бірге пайдаланып, кітаптың бірнеше парағын бір уақытта қатарластыра отырып пайдалануға болады. Экранның төменгі жағында кестелер, яғни парақ жарлықтары көрініп тұрады. Егер бір жарлықта тышқанның сол жақ батырмасын шертсек, көрсетілген парақ екпінделіп, үстіне орын ауыстырады. Жарлықта тышқанның оң жақ батырмасын шерту кестенің орнын ауыстыру, атын өзгерту және оны жою сияқты әрекеттерді орындайтын мәзірді экранға шығарады. Экранның сол жақ теменгі бұрыштарында жарлықтарды ауыстыру батырмасы бар, олар арқылы бір парақтан екінші параққа жылдам ауысуға болады. Ауыстыру батырмасында тұрып, тышқанның оң жақ батырмасын шертсек, онда өзімізге керекті кез келген парақты таңдай алуға мұмкіндік беретін контекстік-тәуелді мәзірді шақыра аламыз. Ехсед-де бір кестеге баска парақтардан немесе басқа кестелерден мәліметтер алып енгізуге болады. Екі парақ арасындагы байланыс олардың біреуіне екіншісінің адресі көрсетілген формула енгізу арқылы орнатылады. Ол үшін жарлықтағы жанама тәуелді мәзірден Жою командасын орындау қажет. Бірнеше жұмыс парақтарын жою үшін оларды Сtrl пернесін басулы күйде ұстап тұрып, алдын ала ерекшелеу керек те, соңынан жою қажет. Екі файл арасындағы байланыс бір файлға екінші файл ұяшығындағы мәліметтерге сілтемесі бар байланыс формуласын енгізу арқылы жүргізіледі. Басқа орыннан мәліметтер алатын файл қабылдауыш файл деп аталады да, мәліметтер беретін файл — жөнелткіш файл деп аталады. Байланыс орнатылысымен Ехсеl жөнелткіш файлдағы ұяшық мәндерін қабылдауыш файлға көшіріп алады да, кабылдауыш файл ұяшықтарындағы мәндер автоматты түрде өзгеріске ұшырайды. 6-дәріс: Кеңселік программалық құралдар. Жоспар: 1. Презентация құрудың жаңа тәсілдері. 2. Power Point құралдарымен презентация ұйымдастыру. 3.Ұйымдастырушы программалар. Кілттік сөздер:презентация, слайд, шаблон, мультимедия. Иллюстрациялық материал: слайд. Соңғы уақытта іс жүргізуде орта және кіші кәсіпорындар мен мекемелерде басқарудың әралуан аспектілерінде пайдалынатын программалар пайда болды. Бұл программалар кеңселік атауға ие болды. Кеңселік программалар құрамына кіретін -презентация өңдеу құралдары (МS Office пакетіндегі Power Pоint типті) -Электронды ұйымдастырушылар -іс-әрекетті жоспарлау құралдары (Lotos Organiser типтегі), құжаттарды сақтау және құжатты коликтивті өңдеу жүйелері (Lotos Notes); -қоймалық және бухгалтерлік есеп жүйелері (1С:Торговля, 1С: Бухгалтерия, 1С: Кәсіпорын); -Кеңестік заңды жүйелер (консультации). Power Point презентация құралы. Сұйық кисталды панельдер мен мультимедиялық проекторлардың пайда болуы компьютерлік дайындыққа өтуге және презентация (иллюстративті материал) көрсетуге мүмкіндік етеді. Power Point программалық жүйесі MS Office |