ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение Как определить диапазон голоса - ваш вокал
Игровые автоматы с быстрым выводом Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими Целительная привычка Как самому избавиться от обидчивости Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам Тренинг уверенности в себе Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком" Натюрморт и его изобразительные возможности Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д. Как научиться брать на себя ответственность Зачем нужны границы в отношениях с детьми? Световозвращающие элементы на детской одежде Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия Как слышать голос Бога Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ) Глава 3. Завет мужчины с женщиной 
Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д. Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу. Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар. | Жіктелуі (Г.Н.Красовский бойынша) 15 страница Қазақстанның жер беті суларының тек 58% ғана республиканың аумағында қалыптасады, қалғандары шекаралас елдердің аумағынан келеді. Қазақстанның жер бедері әр түрлі болуына байланысты, ішкі сулары Республика аумағында біркелкі таралмаған. Шөл және шөлейт аймақтарда көлдер мен өзендер аз, ал далалық және орманды далалық аймақтарда олар едәуір көбірек. Республиканың ішкі сулары төрт типке: көлдер, өзендер, жер асты сулары және мұздарға бөлінеді. Қазақстанның кең аумағында 48 мыңнан астам үлкен және кіші көлдер бар. Кесте Жер шары гидросферасының әр түрлі бөліктеріндегі судың көлемі мен су алмасудың белсенділігі Гидросфераның бөлігі | Судың көлемі, мың км3 | Барлық сулардың жалпы көлеміндегі % | Тұщы сулардың жалпы көлеміндегі % | Шартты түрдегі су алмасу уақытының ұзақтығы | Әлемдік мұхит | | 96,5 | - | 2500 жыл | Жер асты сулары | | 1,7 | 30,9 | 1400-10000 жыл | Мұздар | | 1,7 | 68,7 | 9700 жыл | Көлдер | | 0,013 | 0,26 | 17 жыл | Топырақ ылғалы | 16,5 | 0,001 | 0,05 | 1 жыл | Атмосфера булары | 12,9 | 0,001 | 0,037 | 8 тәулік | Батпақ | 11,5 | 0,0008 | 0,033 | 5 жыл | Бөгендер | | 0,0004 | 0,016 | 0,5 жыл | Өзендер | | 0,0002 | 0,006 | 17 тәулік | Каспий, Арал теңіздері және Балхаш көлі сияқты ірілерінен басқа, ауданы 1 км2 дейінгі көлдер (94%) көбірек кездеседі. Барлық көлдерді ағысы жоқ, тұйық деп айтуға болады. Олар су деңгейінің күрт ауытқуларымен ерекшеленеді. Көпшілік көлдердің суы тұзды, олардың ішінде көбі тұнба тұзды, тұз алу үшін пайдаланылады. Қазақстанда, ауданы 100 км2 асатын, 21 көл бар. Олар республикадағы көлдердің жалпы ауданының 60% құрайды. Қазақстанның көлдерінің географиялық жағынан өз ерекшеліктері бар. Олардың біріншісі – территорияда біркелкі таралмағандығы. Климат жағдайларына байланысты, солтүстіктен оңтүстікке қарай көлдердің саны азаяды. Мысалы, Солтүстік Қазақстанда көлдердің саны 21580 (45%) болса, Орталық және Оңтүстік Қазақстанда - 17550 (36%) көл бар. Алып жатқан ауданы жағынан солтүстіктегі көлдердің үлесі барлық көлдердің 35% болса, ал орталық пен оңтүстіктегі көлдердің үлесі - 10%. Көлдер барлық табиғи аймақтарда кездеседі, бірақ жылу мен ылғалдылықтың қатынасына байланысты, олардың орналасуы, суының мөлшері мен сапасы зоналық заңдылықтарға бағынады. Ылғалдық жоғары аудандарда көлдер саны көбірек болып, олардың суы да тұщы болып келеді. Құрғақ климатты аудандарда көлдер саны аз болып, әдетте, олардың суы да аз, ағыссыз, суы тұзды болады, кейде бұндай көлдер кеуіп те кетеді. Мысалы, орманды-далалы аймақта ауданы 1 км2 артық 740 көл бар, оның ішінде суы тұщы және тұздылау көлдердің саны, суы тұзды көлдерге қарағанда, 6 есе көп. Далалық зонада ауданы осындай көлдердің саны - 1875, олардың ішінде суы тұщылары, тұздыларына қарағанда, 4 есе артық.  4.1.- сүрет. Қазақстан аумағындағы жер бетіндегі суаттар Шөлейт аймақта көлдердің саны 216, олардың ішінде, тұзды көлдерге қарағанда, суы тұщы көлдердің саны 1,3 есе көп. Шөлді аймақта - 142 көл бар, олардың барлығын да суы ащы көлдер деуге болады. Қазақстандағы көлдердің екінші ерекшелігі – олардың пайда болу мерзімдерінің әр түрлілігі. Көлдер түрліше кезеңдерде түзілген. Жазықтық- аласа тау бөлігіндегі көлдердің көпшілігі қазір дамуының соңғы кезеңдерінде. Орманды-далалық және далалық аймақтардағы көлдер біртіндеп бос шөгінділірге толуда, шөп басуда. Шөлейтті және шөлді аймақтардағы көлдер тез сортаңдалады және өздігінен тұнба шөгетін көлдерге айналады. Бұндай көлдердің көпшілігі әр түрлі жойылу кезеңдерінде. Қазақстанның биік таулы аудандарындағы көлдер жас көлдерге жатады. Бұл көлдердің ең көбі теңіз деңгейінен 1400-2800 м биіктікте орналасқан. Көлдердегі судың деңгейі көлге судың түсуіне және жұмсалуына байланысты болады. Су балансының жыл бойында біршама өзгерістерге ұшырап отыратындығына байланысты көлдердегі судың деңгейі де үнемі ауытқып отырады. Көктемге қарай қардың еруі кезінде Қазақстандағы көптеген көлдердегі судың деңгейі біршама көтеріледі. Ал жазда судың деңгейі біртіндеп төмендеп, жауын-шашын кезінде аз уақытқа қайтадан көтеріледі. Кей уақыттарда су деңгейінің күрт ауытқуы салдарынан, суы аз көлдер құрғап та қалады. Қазақстандағы көлдердің суының жалпы көлемі 190 км3. Қазақстандағы көлдер су жиналатын қазан шұңқырлардың шығу тегіне байланысты төмендегідей типтерге бөлінеді. Тектоникалық көлдер, жер қыртысының ішке қарай ойылып, төмен түсуі нәтижесінде түзілген, олар Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда және Сарыарқа өңірінде көбірек кездеседі. Оларға Зайсан, Қарасор, Теңіз-Қорғалжың, Көкшетау көлдерінің топтары, бұрынғы Есік көлі, т.б.жатады. Реликт (ескіден қалған) көлдер, негізінен жазық жерлерге тән, атап айтатын болсақ - Каспий маңындағы ойпатына. Қазақстандағы негізгі ескіден қалған көлдерге Каспий теңізі мен Арал теңізі жатады. Бұл тектоникалық көлдер жер қыртысының иілген жердерінде пайда болған. Олардың шығу тегі ертедегі Тетіс теңізінің геологиялық тарихымен тығыз байланысты. Мезозой эрасының орта кезінде Оңтүстік Европа мен Орта Азия арқылы Тетіс теңізі бассейндерінің жүйесі созылып жатты. Батыста ол Қара теңіз бен Жерорта теңізін қамтыған, Атлант мұхитымен, ал шығыста - Тынық мұхитпен қосылған. Неогенде күрделі тектоникалық қозғалыстар нәтижесінде Тетіс теңізі алдымен Тынық мұхиттан бөлініп, одан соң Атлант мұхитынан да ажырады. Осылайша Тетіс теңізінің қалдықтарынан Каспий және Арал теңізі пайда болған. Каспий теңізі – әлемдегі аса ірі жабық теңіздердің бірі, ол Қазақстанның батыс бөлігін қоршаған (4.2 - сурет).  4.2.-сүрет. Каспий теңізі - әлемдегі ең ірі көл Теңіздің аты «каспий» тайпасының атымен байланысты, бұл тайпа оның жағалауларында ерте заманнан – ақ қоныс тепкен. Теңіз бұдан басқа Гиркан, Хазар, Хвалын сияқты атаулармен де аталған. Каспий теңізі мен оның жағалауларында мекендеген тайпалар туралы ең алғашқы мәліметтер Геродот еңбектерінің өзінде кездеседі. Каспий теңізі солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200 км-ге созылып жатыр, оның орташа ені – 320 км, жағалауларының ұзындығы – 7000 км болады, акваториясы - 371000 кв.км; теңіздің ең жоғарғы тереңдігі – 1025 м (оңтүстігінде), теңіздің қазақстандық бөлігі - терең емес, солтүстік жағасындағы тереңдігі, шамамен 15-20 м ғана. Каспийдің Қазақстан аумағындағы ең ірі шығанақтары - Маңғыстау, Қара-Бұғаз-Гол және т.б. Теңіз суының орташа тұздылығы - 12,7 - 12,8%, шығыс жағалауында – 13,2%, Еділ мен Жайық өзендерінің сағаларына жақын аудандарда - 0,1 - 0,2%. Теңіз суының деңгейі кейде 2,5 м дейін жоғары көтеріледі, кейде 2 м дейін төмендейді. Теңіз деңгейінің маусымдағы стандартты ауытқуы 30 см шамасында. Тарихта теңіздің деңгейі VII-ХI ғасырларда ең төменгі көрсеткішке (қазіргі деңгейінен 2-4 м төмен) жеткендігі туралы мәліметтер бар. Арал теңізі немесе ескі аты - Көк теңіз, Орта Азия шөлдерінің орталық бөлігінде орналасқан (4.3 – сурет).  4.3.- сурет. Арал теңізі -XX ғасырдың 50-ші жылдарында Су беті ауданының мөлшері 68700 км2 болады, ол ТМД елдеріндегі теңіздердің ішіндегі ең шағын теңіздердің бірі болып табылады (одан кіші тек Азов теңізі), алайда көлдердің арасында ол Каспий теңізі мен Солтүстік Америкадағы Жоғарғы көлден кейін әлемде үшінші орын алады. Ауданының үлкендігіне қарамастан, Арал теңізі, суы аз теңіздер қатарына жатады. Оның ең жоғары тереңдігі батыс жағалауларының бойымен созылып, 68 м – ге дейін жетеді, бірқатар жерлерде көбінесе 30 м – ден аспайды. Арал теңізі ағысы жоқ су көзі болып табылады. Оған екі өзен - Амудария мен Сырдария құяды. Арал теңізінің қазіргі таңдағы қалыптасып отырған жағдайының түп тамыры ерте кезеңдерден басталады. Бірақ оның осы кездегі аса күрделі жағдайы ХХ ғасырдың 60 –шы жылдарында басталды. Жаңа жерлерді көптеп игеру, суармалы егін шаруашылығының қарқынды дамуы, бұл үшін Орталық Азия территориясында жаппай ирригациялық жүйелердің құрылысы мен тұрмыс пен өндірісте суға деген қажеттіліктің үздіксіз артуы, сол сияқты, бірнеше жыл қатарынан болған құрғақшылық, тарихтағы ең жаһандық экологиялық апаттардың бірі болып саналатын, бір кездері планетадағы ең әсем теңіздердің бірі болған теңіздің құрғап, суының сарқыла бастауына себеп болды. Соңғы елу жылда Арал теңізінің акваториясы 4 еседен аса қысқарып, суының көлемі 10 есе азайып, суы да осынша есе минералданған. (4.4 - сурет). 4.4.-сурет. Арал теңізінің қазіргі кездегі жағдайы Су деңгейінің ғасырлар бойындағы ауытқулары (4.5 – сурет) циклді түрде қайталанып отырады: бір жылдар тобында судың жоғары тұрған деңгейі жылдап судың деңгейнің төмен тұруымен алмасып отырады. Судың ең төменгі деңгейі, Л.С. Бергтің мәліметтері бойынша, 1880 ж. байқалған. Арал теңізінің деңгейінің бірнеше жылдардағы ауытқуы - 326 см. 1993 жылдың мамыр айында Қызылорда қаласында Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кездесуі болды. Бұл кездесуде Арал теңізінің апаттық жағдайына байланысты мәселелерді бірлесіп шешуге арналған Келісімге қол қойылды. Бұл мәселе 2008 ж. маусым айында БҰҰ қоршаған орта жөніндегі Бағдарламасы шеңберінде де қарастырылды. Арал өңіріндегі қалыптасып отырған апаттық жағдайға байланысты туындап отырған проблемаларды халықаралық деңгейде бірлесіп шешуге бағытталған іс шараларды жүзеге асыру жөнінде мәлімдеме жасалды. Осыған байланысты Жапония үкіметі ЕО бірге су проблемаларымен қатар мыңжылдықтағы даму мақсаттарына арналған жоғары деңгейдегі іс шараларды жүзеге асырудың жоспарын жасады.  4.5.- сурет Арал теңізінің деңгейінің ғасыр бойына ауытқуы БҰҰ Бас ассамблеясының «Су тіршілік үшін» атты Халықаралық онжылдықты (2005-2015 жж.) ресми түрде жариялауы, біздің жалпы планетамыздың тұрғындары үшін сумен қамтамасыз ету мәселесінің аса өзекті мәселе екендігін дәлелдейді. Сумен қамтамасыз ету гигиенасы тұрғысынан қарағанда, әрине, ұзындығы 600 км асатын Балқаш көлінің маңызы өте зор. Балқаш көлі теңіз деңгейінен 340 м биіктікте орналасқан. Табиғаттың тартуы деуге болар, көлдің әрі ерекшелігі, әрі жұмбақ бір қасиеті – оның суының екі бөлігінде екі түрлі, бір жағы тұщы болса, екінші жағының суының тұзды болуы. Жіңішке ғана Ұзын Арал бұғазы арқылы көлдің суын екі түрлі бөлікке - батыс бөлігінде суы тұщы және шығыс бөлігінде суы тұзды болып бөлінеді. Көлдің батыс бөлігінің суы көп емес және арнасы кең болып, оның жағалаулары кішігірім шығанақтармен шектеледі. Ал шығыс бөлігі жіңішке, әрі ұзын болып, оның жағалаулары біртегіс болып келеді. Көлдің түбі тегіс, негізінен шөгінді қалдықтар көп, олар суы азайған жерлерде құмдарға ауысады. Көлге барлық өзендер дерлік (Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі) оңтүстіктен құяды. Балқаш көлі бассейнінің негізгі су көзі болып саналатын - Іле өзені. Бұл өзеннің Балқашқа беретін суының мөлшері, көлге құйылатын барлық судың 73% құрайды. Алайда, ХХ ғасырдың 60- шы жылдарынан бастап, яғни сол кездегі Кеңес Одағы құрамындағы мемлекеттерде өнеркәсіп өндірістерінің қарқынды дамуына байланысты, Балқаштың суы біртіндеп тартыла бастады. Бар болғаны, 30-40 жылдың ішінде көлдің ауданы 2000 км2 қысқарды, жағалауы екі метрден аса азайды. Кейбір шығанақтардың орнында сор топырақ пайда болды. Мұздық көлдер, жоғарғы таулы аймақтарда кездеседі, олар ертедегі мұздану аудандарына сәйкес келеді. Бұл көлдерге: Іле Алатауындағы Үлкен Алматы көлі,Жоңғар Алатауының солтүстігінде орналасқан Жасылкөл көлі, т.б. жатады. Таудың биік төбелеріне жақын бөліктерінде кішігірім мұздықтардың және желден мүжілу әсерінен тостағанша тәрізді ойықтар түзіледі. Олар суға толғанда, өте көп ,өлшемі үлкен емес, көлдер пайда болады. Қазақстанның солтүстігінде, борпылдақ тау жыныстарының шөгуі нәтижесінде суффозиондық көлдер пайда болады, оларды «дала тостағаншалары» деп те атайды. Бұнымен қатар, алқаптық-арналық көлдер де кездеседі, олар өзеннің бұрынғы арнасынан бөлініп қалған өзеннің кішігірім бөліктері (4.6.-сурет) болып табылады. Қазақстанның территориясында 85000 аса өзендер мен уақытша түзілген су көздері бар, олардың ішінде көпшілігінің ұзындығы - 100 км дейін, 305 – 500 км дейін, 23 өзеннің ұзындығы 500-1000 км асады. Ертіс – Қазақстандағы ең сулы өзендердің бірі. Оның республика территориясындағы ұзындығы 1700 км (жалпы ұзындығы 4248 км). Көлемі жөнінен Қазақстанда екінші орында - Сырдария өзені, республика территориясындағы ұзындығы 1400 км (жалпы ұзындығы 2219 км).  4.6.- сурет. Алқаптық-арналық көлдер Іле өзені, жоғарыда айтып өткендей, Балқаш көліне құяды. Оның ұзындығы 1001 км, Қазақстанның территориясында - 815 км. Ең үлкен өзендерге Жайық, Есіл, Тобыл, Елек, Шу, Торғай, Сарысу, Талас, Нұра, Ембі, т.б. өзендер жатады. Қазақстан өзендері сумен қоректену сипаты бойыша 3 типке бөлінеді: басын еріген қарсуынан алатын, мұздардан алатын және аралас типті. Осыған байланысты, республиканың өзендерінің көпшілігінде су тасқыны көктемде, қар еруі кезінде байқалады, мұздықтардан қоректену үлесі үлкен болған кезде ғана, су тасуы жаз айларында болады. Қазақстан өзендерінің негізгі су көзі мұздықтар болып табылады. Қазақстан тауларында барлығы 2724 мұздық бар екені белгілі болды, олардың мұзға айналған жалпы ауданы - 2033,3 км2. Мұзға айналған барлық ауданының жартысы дерлік Жоңғар Алатауының үлесіне тиеді. Сонымен, жоғарыда аталған су нысандарының барлығы да жер беті су нысандарына (су нысаны – шеғаралары, көлемі және су режимінің ерекшеліктері бар, судың құрлық бетінде жер бедерінің пішінінде және жер қойнауында жиналуы) немесе жер беті суларға жатады. Бұл сулар табиғи сулар болып табылады, өйткені олар табиғи үрдістер нәтижесінде түзілген. Оларға сол сияқты бұғаздар, шығанақтар, теңіздер мен мұхиттардың қойнаулары, батпақтар, бұлақтар, гейзерлер, т.б жатады. Жер асты сулары, олардың жиналған жерінің, таралу, қоректену, қорының қалыптасу жағдайларына, химиялық құрамына, су жиналатын жыныстардың су өткзгіштігіне байланысты жарық арасындағы, жарықаралық - қабаттық және қабаттық болып бөлінеді. Жарық арасындағы жер асты сулары таулы және кішігірім тау жоталы аймақтарда кең таралған. Бұндай сулар 30-50 м тереңдікте орналасып, тұздылығы төмен (0,1-0,5 г/л) болады. Қабат типті сулар жазық территориялардың барлығына, өзен аңғарларына тән. Жер асты суларынан басқа, құрлықтың жоғарғы қабаттарының үлкен кеңістіктерінің астында тағы жер асты мұздары да таралған. Олардың жалпы массасы 500000 км3 шамасында бағаланады. Ресей территориясының жалпы ауданының 47% осындай жер асты мұздары (көпжылдық мәңгі тоң аймағы) алып жатыр. Мәңгілік мұз басқан грунттардың қалындығында мұз өзіне тән цемент тәрізді қызмет атқарып, тау жыныстарындағы жарықтар мен саңылауларды толтырады. Кейбір жерлерде мұздар тұтас қалың қабаттар мен линзалар, мұзды талшықтар мен штоктар (мұздың бұрыс пішінді құрылымын) түзеді. Мұз қабатының қалыңдығы 50 м дейін жетеді. Мәңгілік мұз аймағында ерекше жер асты сулары – криопегтер де кездеседі. Криопегтер деп, концентрациясы жоғары, төмен температурада да сұйық күйінде сақталатын, жер астындағы тұздықтарды айтады. Әдетте, олардың қату температурасы -10ºС төмен болмайды, бірақ сұйық күйіндегі тұздықтар кейбір аймақтарда -36ºС кезінде де табылған. Криопегтер, 200-300 м тереңдікте орналасып және тау жыныстары қабаттарында қозғалу мүмкіншілігі болып, жерге 1 км артық тереңдікке созылған және Сібір платформасының 2/3 бөлігін, Солтүстік мұзды мұхиттың аралдары мен жағалауларын, шельфін қоса, қамтыған, табиғи мұздатқыш түзеді. Жер қойнауында криопегтердің түзілуі, бұл аймақтардағы тұрғындарды сумен қамтамасыз етуде біршама қиындықтар туғызады, мұнай мен газ өндіруді қиындатады: төмен температурада жердің терең қабаттарында мұнай өте тұтқырлы болады, ал газ (метан) сумен мұз тәрізді кристаллогидраттар түзеді. Ғалымдардың болжауы бойынша, бұндай криопегті аймақтар Антарктиданың мұз құрсауының астында да түзілуі мүмкін. Атмосфералық сулар, атмосферадағы су буларының қоюланып, олардың жер бетіне жаңбыр, не қар түрінде түсуінен пайда болады. Олар құрлықтың бетімен аға отырып, жер беті суларын түзеді, ал екінші бір бөлігі топыраққа сіңіп, жер асты суларына қосылады. Елді мекендердегі тұрғындарды сумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру үшін, жер беті сулармен (ашық су көздері) бірге жер асты сулар да қолданылады. Осы суларға қысқаша санитарлық-гигиеналық сипаттама береміз. Жер беті сулары өздерінің қалыптасу сипатымен ерекшеленеді. Олар негізінен, атмосфералық жауын-шашын суларының есебінен, еріген қар суларынан және аз ғана мөлшерде жер асты суларының қосылуынан түзіледі. Оларға тән ерекшелік - күн сәулесі энергиясының үнемі әсерінде және атмосферамен тікелей жанасуда болатын, су бетінің үлкен болуы. Бұл жағдай суда өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің дамуына қолайлы жағдайлар туғызады. Ашық су көздерінің негізгі ерекшелігі, олардың суының дебиті біршама тұрақты және тұздылық дәрежесі орташа болғандықтан, оларды тек шаруашылық, техникалық мақсаттарға ғана емес, сонымен қатар ауыз су ретінде де пайдалануға болады. Алайда, ашық су көздеріне, әдетте, сыртқы ортадан ластаушы заттар көп түсетіндіктен (шаң, түрлі қалдықтар, топырақ бетінен ағып келетін сулар) көбірек ластанады. Сондықтан, ашық су көздерінің сулары ауыз су үшін тек қана алдын ала арнайы өңделгеннен кейін ғана пайдаланылады (бұл сұрақ кейінірек жеке қарастырылады). Ашық су көздерінен алатын суларға алдын ала өңдеу жүргізуді қажет етендігі, оларды жеке адамдар пайдалануы үшін қиындықтар туғызады. Жер бетілік суаттардың ішінен, сумен қамтамасыз ету үшін, көбінесе өзендердің суы қолданылады. Түрлі өзендердің суы, кейде тіпті бір өзеннің әр түрлі бөліктерінің суының өзі, жыл мезгіліне және жер бетіндегі ағынды сулардың (өндірістік, шаруашылық-тұрмыстық, мал шаруашылық кешендерінен шыққан ағынды сулардың) сипатына байланысты физикалық қасиеттері мен химиялық құрамы және ластану дәрежесі бойынша бір бірінен айырмашылықтары болуы мүмкін. Алайда, өзен суларының өздігінен тазару қабілеті өте жоғары. Өзенге су ағып келіп құйылатын жердің беткі қабаты, осы өзеннің сумен қоректенетін аймағы деп аталады. Кішігірім елді мекендерде, жер асты суын пайдалану мүмкін болмайтын жерлерде, тұрғындарды сумен қамтамасыз ету үшін көлдер мен тоғандар пайдаланылады. Әдетте, олардың ағысы жоқ деп айтуға болады. Бұл суаттардың түбінде суға араласқан заттардың тұнбаға түсуінен біршама шөгінділер түзіледі. Бұл сулардың, ластану деңгейі жоғары және өздігінен тазару қабілеті нашар болғандықтан, шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жарамдылығы аздау. Оларда балдырлар қаулап дамып, судың «гүлдеуі» жиі байқалады, ал бұл құбылыс судың органолептикалық қасиеттерін нашарлатады. Жер беті су көздеріне сондай-ақ жасанды су қоймалары (бөгендер) дажатады. Олар өзендердегі судың ағысын бөгейтін бөгеттер құру арқылы жасалады. Көбінесе, олар бірнеше кешенді мақсатта (өндірістік, энергетикалық, сумен қамтамасыз ету үшін, т.с.с.) қолданылады. Жасанды су қоймаларын өзендерге шектесіп жатқан үлкен аумақтарға су жаю жолымен жасайды. Бұндай су қоймаларындағы судың сапасы, оны құрайтын өзен суы, еріген қар суы және жер асты суларының құрамына байланысты болады. Сонымен бірге, жасанды су қоймасындағы судың сапасына, әсіресе, пайдаланудың бірінші жылдарында оның жататын арнасын (түбін) санитарлық тұрғыдан дайындау да үлкен әсер етеді. Әдетте, жасанды су қоймасы салынатын орын, әсіресе, елді мекендер, зираттар, ауруханалар орналасқан, мал өлігі көмілген жерлер, т.б. территориялар ұқыпты түрде және толық санитарлық өңдеуден өтуі керек. Бұл судың эпидемиялық қауіпсіздігіне және органолептикалық қасиеттерінің жақсы болуына кепілдік береді. |